Чехияның мемлекеті мен құқығы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Чехияның мемлекеті мен құқығы

Чехияның мемлекеті мен құқығының тарихының кезеңдері:

1 кезең - ертефеодалдық мемлекет (ІХ-ХІ ғ. ғ. ) ;

2 кезең - феодалдық-ыдыраушылық мемлекет (ХІ-ХІІІ ғ. ғ. ) :

3 кезең - сословиелік-өкілдік монархия (ХІҮ-ХУІ ғ. ғ. ) ;

4 кезең - Чехия Австрияның билігінде (1627 жылдан бастап) .

а) Ертефеодалдық мемлекет

Чех мемлекетінің пайда болуына IX ғасырдың басында Ұлы морав мемлекетінің құрылуы әсер етті, бұл мемлекет 906 жылға дейін өмір сүрді. Оның құрамына Моравия, сонымен қатар, словак, лужиц тайпалары өмір сүрген аумақтар және Силезия аймағы кірді. Ұлы морав мемлекеті ертефеодалдық сипатты иеленді. Мұнда қуатты князьдық мұрагерлік билік орнықты. IX ғасырдың соңында Ұлы морав мемлекетінің әлсіреуі байкалады, бұл әлсіреу феодалдардың өзара кақтығыстарының нәтижесінде жылдамдай түсті. 906 жылы бұл мемлекетті словак жерлерін жаулап алған венгрлер құлатып, өздеріне бағындырды. Ұлы морав мемлекетінің құрамынан екі чех княздықтары бөлініп шықты: оның біріншісінің басында Пржемысловичтер тегінен шыққан князьдар тұрды, орталығы Прагада болды, екіншісінін басында Славниктер тегінен шыкқан князьдар тұрды, орталығы Либицада болды. Осы екі княздықтардың арасындағы билік үшін күрестің нэтижесінде Пржемысловичтер тегі жеңіп, барлык чех жерлері прагалық князьдардың қол астына біріктірілді.

Қоғамдық құрылым. Феодалдар табы рулық-тайпалық ақсүйектерден, княздық дружинниктерден және байыған қауым мүшелерінен құралды. Феодалдар шаруалардың жерлерін тартып алып, оларды өздеріне тәуелді адамдарға айналдырды. Құлдық әлі де сақталып қалды.

Мемлекеттік құрылым. Чех ертефеодалдық мемлекетінің басында князь тұрды, оның қолында заң шығару, әкімшілік, сот және әскери биліктері жинақталды. Басқарудың орталық және жергілікті аппараттары да князьға бағынды.

Барлық ағымдағы істерді князь Кеңестің - Раданың көмегімен шешетін, Раданың құрамына мыналар енді: сарай жупаны - патша сарайын басқарушы, коморник - жоғарғы қазына басқарушы мен сарай судьясы. Мемлекеттегі барлық маңызды мәселелерді Сейм - діни және ақсүйек феодалдардың съезді шешетін.

Жергілікті басқару. Мемлекеттің аумағы аумақтық бірліктер - жупаларға бөлінген болатын, олардың басында князьдың өкілдері - жупандар тұрды.

ә) Феодалдық-ыдыраушылық мемлекет

Қоғамдық құрылым. Феодалдар табы екі сословиеден құралды: ақсүйек және діни феодалдардан. Ақсүйек феодалдар, өз кезегінде, екі топқа бөлінді: жоғарғы топ - пандар - ірі жер иеленушілер, олар вельможалар және барондар деп аталды; төменгі топ - владыкалар - дружинниктер мен рыцарьлардан қалыптасқан феодалдар. Феодалдық-тәуелді шаруалар да бірнеше топқа бөлінді: дедичтер - мұрагерлікке берілетін жерлері - дединалары бар жеке тәуелді шаруалар, және госталар - алымды төлей алмағаны үшін жеке тәуелділікке мойын ұсынған еркін шаруалар.

Мемлекеттік құрылым. Чехиядағы феодалдық ыдыраушылықтың өзіндік ерекшеліктері болған. Біріншіден, мемлекеттің аумағының негізгі бөлігі бөлініп, ыдырамады, осыған сәйкес князь бірқатар билігін сақтап қалды, бұл XII ғасырдың соңы - ХІІ ғасырдың басында I Пржемыслдың Чехияның мемлекеттік біртұтастығын қалпыка келтіруіне алып келді. Екіншіден, Чехня Қасиетті Рим империясының герман халқының құрамына енді, осыған сәйкес, таққа отырған чех князьдарын герман императоры тағайындауы тиіс болатын. 1158 жылы чех князы II Владислав императордан мұрагерлік патша титулын алды, сөйтіп, Чехия патшалыққа айналды.

Орталық басқаруда біршама өзгерістер орын алды: жоғарғы лауазымды тұлға - жупанның орнына бірнеше сарай лауазымдары пайда болды: сарай канцлері, сарай судьясы, сарай коморнигі, стольник, чашник және жоғарғы ловчий. Сеймнің рөлі өсті, оның келісімінсіз князь жаңа заңдар шығара алмайтын және мемлекеттің аумағынан тыс әскери жорықтарға қатыса алмайтын.

Жергілікті басқаруда да бірқатар өзгерістер орын алды. Краев, краин, волость және жупа деп аталатын ірі облыстар пайда болды. Әрбір облыстың орталығы болып қала табылды, оны князьдың өкілі - каштелян басқаратын. Каштеляндардың жанынан бірнеше жаңа лауазымдар пайда болды: облыстық судья, князь салықтарын жинаушы, князь иеліктерін басқарушы (владырь), ловчий (князь аңшылығын басқарушы) және орманшы.

Сот. XII ғасырда II Пржемысл Оттокар патша тұсында сот реформасы жүргізілді, оның мәні мынада еді: жоғарғы сот инстанциясы ретінде Жергілікті сот бекітілді, бұл мәртебені прагалық облыстық сот иеленді, ол прагалық бургграфтан, прагалық коморниктен, прагалық судья мен хатшыдан тұрды. Жергілікті жерлерде қылмыстық істер бойынша сотты поправецтер, ал азаматтық істер бойынша сот әділдігін крайлық судьялар жүзеге асырды.

б) Сословиелік-өкілдік монархия

Қоғамдық құрылым. Келесі сословиелер толығымен қалыптасты: пандар мен владыкалардан құралған ақсүйек феодалдардың сословиесі, дін қызметкерлерінің сословиесі және қалалықтар сословиесі. Ал шаруалардың басым көпшілік бөлігі феодалдық-тәуелді шаруаларға айналды.

Мемлекеттік құрылым. Бұл кезеңде Чехия формальды түрде Қасиетті Рим империясының герман халкының құрамында кала берді, ал іс жүзінде ол дербес мемлекет болатын, оған келесі жағдай әсер етті: 1347 жылы чех патшасы, Люксембургтар тегінің өкілі I Карлды Қасиетті Рим империясының герман халқының императоры ретінде I V Карл деген атпен сайлады. 1356 жылғы Алтын Буллаға сәйкес чех патшасы империяның бірінші курфюрсты ретінде танылды және мемлекет ішінде де, сыртында да мемлекеттік егемендікті толығымен иеленді. Династияның тоқталуы жағдайында жаңа патшаны тек Чехсеймы ғана сайлай алатын.

Чех сеймы мемлекеттің жоғарғы өкілдік органы болып табылды және үш сословиеден құралды: өздері сеймге тікелей қатысатын пан сословиесі және сеймге сайланбалы өкілдері арқылы қатысатын владыкалар және қалалықтар сословиесі. Пан билігінің органы болып бірқатар жоғарғы лауазымды тұлғалардан құралған Рада табылды.

Жергілікті басқару. Жергілікті жерлердегі патша әкімшілігінің өкілдері болып патша тағайындайтын крайылық гетмандар табылды, олардың қолында әскери және полициялық билік болатын.

в) Чехия Австрияның билігінде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Чехия мемлекетінің туризмы
ХІ-ХV ғасырлардағы Чехия
Чехиядағы туризм дамуы
XVII ғасырдың I- жартысындағы еуропадағы халықаралық жағдай және отызжылдық соғыс
Чехословакия мен Чехия
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал
Емдік туризмнің қалыптасуы мен дамуы
Диспозитивтік қағиданың соттың бірінші инстанциясында көрініс табуы
Халықаралық студенттер күні
Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz