Әбілқайыр хан (1693 - 1748)
1 Кіші жүз ханы
2 Әбілқайыр хан
3 Әбілқайырдың Ресейден көмек сұрауы
4 Абылай есімінің Ресей мұрағатында алғаш көрініс табуы
5 Абылай есімі бүгінде тарихи әдебиеттерде

Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады». Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады.
Әбілқайыр хан
(1693 - 1748)
Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы
халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып
сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII
ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан
болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл
соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам,
Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті.
Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен
әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы
Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас
жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және
білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда
билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас
қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін
1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша
түйіндейді: Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі
сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ
тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан
болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды
алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз
қолымен тұтқынға алғаннан кейін... Кіші орда оны хан сайлады. Әскербасы
Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары
деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді
марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл
шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында
болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты
талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге
болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық
Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік
шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды
тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті
кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы
кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау
төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат
ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды
Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге
келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.
Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады.
Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт
жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген
Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан
сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 жылдың күзінде елші жібереді. 1731 жылы
Ресей қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742
ж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына
өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын
тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ
жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ
арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді,
хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды
көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да
ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей
отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің
саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып
алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның,
кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес
саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары
отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр
түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан
Серенмен (пэренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы
әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 жылы Хиуаны басып
алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып,
тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің қадірлі билерімен, белгілі
батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен
жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың
бір әйелі Қарашаш - Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның
саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор
бекінісін салуды өзі ұсынды. 1737-38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық
езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын
шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен
атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі - Орта жүздің сұлтаны Барақ
Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып,
оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ
Әбілқайырды орысшылдығы үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп
қарақшылық іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа
құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара хан моласы
аталды.
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН
ӘБІЛҚАЙЫР, Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 — 12.08.1748) —
хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы
сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды
ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен
Кіші жүздің ханы болды (1710— 12.08.1748). 1715ж. Тәукен хан өлгеннен
кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ
мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ
қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716 — 18 ж. Ресей
империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М.П. Гагаринге,
Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты.
1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан
кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі
тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында
казақ жасақтарының қолбасшысы болып сайлаңды. Бүланты өз-нің жағасындағы
(1728), Аңырақайдағы (1729 -30) жоңгарларды талқандаған соғыстарда
қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас
қолбасшышылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын
үйлестіруде көп жұмыс атқарды. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының
алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта, Ресей империясына арқа
сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағүлов Сейітқүл мен Көштаев Құтлымбет
бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей Сыртқы істер министрлігі
коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді (1731).
(қ.Құндағұлұлы елшіліг, Құтлымбет елшілігі) Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің
қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 ж. қзанда Ресей
империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антгы
1738,1740,1742 ж. қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның
қарамағына өткен башқүрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына
шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол
астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя
әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын
біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес,
мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге
халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да теренде жатты.
Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы
мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсіңді. Ханның өз ұлы
Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей өкімдерімен тартысы,
императрицалар Анна Иоанавнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына
мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел
тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық
көріністеріне карсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды
үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен
(Цэренмен) астартын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын
Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уакыт
осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мөжбүр
болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі

бір әйелі Қарашаш — Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның

бекінісін салуды өзі ұсынды (1735). 1737 - 38 жылғы башқұрт халқының
отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-
қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып
кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің
сүлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр мен ен далада
кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан.
Бірақ Барақ Әбілқайырды "орысшылдығы" үшін емес, өзінің жеке басының
мүдделерін көздеп "қарақшылық" іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға
өзенінің Ұлқүяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін
бұл ара Хан моласы аталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.
Қазақ тарихындағы күрделі тұлғалардың бірі — Кіші жүз ханы Әбілқайыр.
Бүгінге дейін оның қоғамдық-саяси қызметі, тарихи портреті сан мәрте
талқыланып, сан қырынан зерттеліп, ой елегінен өткізілгенімен нақты бағасын
ала алмай келеді.
Кеше ғана қазақты жоңғар жұтуға шақ қалғанда үш жүздің ығайы мен сығайын,
хандары мен сұлтандарын, батырлары мен билерін мойындатып бас қолбасшы
сайланып, жауын талқандап, кейін қашырған, еліміздің батысы мен
солтүстігіндегі қалмақ пен казак орыстан, оңтүстігіндегі Бұхара, Хиуа,
түркімен, қарақалпақтан еш тайсалмаған, көршілес башқұрт елінің хан тағына
шақырылған жалғыз қазақ – Әбілқайыр тарихы осыншама неге 300 жылға жуық
мерзім бойы пікірталас нысанына ұласып келеді?
XVІІІ ғасырдағы зерттеушілер П.И.Рычков, ХІХ ғасырдағы ғалымдар А.И.Левшин,
Л.Мейер, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов, ХХ ғасырдағы кеңестік тарихшылар
А.Ф.Рязанов, М.П.Вяткин, Н.Г.Аполлова, П.Е.Матвиевский, Е.Бекмаханов,
В.Я.Басин, А.Сабырханов, қазақстандық И.В.Ерофеева, К.Л.Есмағамбетов,
Ж.Жақсығалиев, Ж.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев... Міне, осылай Әбілқайырды
зерттеушілер тізімі жалғаса береді.
Қазақ тарихында бір тарихи тұлғаға осынша қалам тартқандар болған емес.
Соған қарамастан соңғы жылдары Әбілқайырмен тұстас, тағдырлас ағалы-інілі
буындар — Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Бөкенбай, Бөгенбай, Қабанбай,
Наурызбай, Райымбек батырлар, Жәнібек тархан, Абылай хан аттары жиі-жиі
аталып, тәуелсіз еліміздің тарихына қосқан үлестері айшықталып, ұрпаққа
үлгі ретінде насихатталып жатқан тұста олардың қатарынан оның көрінбей,
шетқақпай қалуы неліктен?
Қарама-қайшылыққа толы Әбілқайыр заманын біржақты бағалау сонау XVІІІ
ғасырдың өзінде-ақ басталған. Оның негізін ресми орыс әкімшілігінің
шенеунігі И.И.Неплюев қалаған болатын. Оның пікірі барлық орыс
зерттеушілері мен тарихшылары еңбектерінде еш талдаусыз-ақ пайдаланылып,
Әбілқайырдың орыс отарлауына қарсылығы “оның бас хандыққа таласуы” және
қазақтар арасындағы араздықты басты ұйымдастырушы ретінде қарастырылды.
Мәселен, Әбілқайырмен замандас, 1734 жылдан Орынбор экспедициясында қызмет
еткен П.И.Рычков өзінің “Топография Оренбургской губернии” еңбегінде
қазақтарға жоңғарлар мен башқұрттардың қысымы күшейіп тұрған кездің өзінде-
ақ қазақ билеушілері арасындағы “ақылдысы, әрі тез шешім қабылдайтын адам –
Әбілқайыр”, екендігі мойындалғанымен, Ресейге қарсы түрлі әрекеттерге
барып, халықты оған қарсы қоя білді және оның жоспарлары мен жауыздық
әрекеттері “Орта жүз билеушілерін де ренжітті” деп түйінделген. Ал, Орынбор
губернаторы И.И.Неплюев болса, ашықтан-ашық өзінің осы өлкедегі қазақтар
бағытындағы саясатына қарсы шыққан Әбілқайырды 1742 жылы 27 қыркүйекте
Ресейдің Сыртқы істер коллегиясына жолдаған хабарламасында “Әбілқайыр
ханның адалдығына келер болсақ, бізде баласының (Қожахмет.– Ә.М.) аманатта
болғанына қарамастан, оған еш сенуге болмайды, ол алдаушы және тәкаппар
адам” деп жеткізсе, келесі бір құжатта қазақ ханын Ресейге “ұлы қастық
ойластырушы” дейді. (Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках. Сборник
документов и материалов. А, 196. С. 254, 393).
Осыдан бастап Әбілқайыр қазақтарды Ресейге, оған бас июге бастаушы ғана
емес, сонымен бірге орыс патшасының Кіші жүздегі отарлау саясатына қарулы
жасақпен қарсы тұрушы, кей жағдайда Еділ бойына, Башқұрт еліне дейін барып
орыс империясының бодандары қалмақ, казак орыстар мен башқұрттарға
шапқыншылықтар жасаушы деген екіұшты пікірлер зерттеулерге енеді. Сонымен
бірге орыс әкімшілігі қазақтар арасына от жағып, біріне сый-сыяпатты үйіп-
төгіп, екіншілеріне қырғи қабақ танытады. Мұндай жымысқы саясат орыс
әкімшілігі өкілдерінің Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Барақ сияқты билеушілер
жөнінде жазған хаттарынан айқын көрінеді. 1748 жылғы тамыздағы Әбілқайыр
өліміне дейін И.И.Неплюев оған қарсы Барақты, ол арқылы Батыр сұлтандарды
шебер пайдаланды. Губернатордың: “Әбілқайыр, Барақ тектері Кіші, Орта
жүздер халықтарын тепе-теңдікте ұстау үшін ғана емес, сонымен бірге
“жабайы” халықтарды жуасыту үшін де аса қажет”, деген ойлары іс жүзіне
асырылып, өз нәтижелерін беріп жатты. Осы сарындас хаттардағы пікірлер
бүгінге дейін сан ұрпақтың санасына сіңіріліп келеді.
Ондағы тұжырымдарды өзге деректермен жоққа шығару – қиынның-қиыны. Ал, енді
қазақ хандары, сұлтандары, батыр-билері жазды делінген, астына мөрлері
соғылған келесі бір хаттардың тобын талдасақ, оларда қазақтардың Ресей
патшасынан “көмек”, “ақыл-кеңес” сұрап өтініш білдіргені мөлдірете
көрсетіледі. Үнемі “аса мәртебелі” деп орыс кеңсесі талабымен жазылған
хаттардың басым бөлігін дайындаған татар молдалары мен оны аударған орыс
тілмәштары екенін көпшілік оқырман біле білмейді. Бірақ бізге жеткен мұндай
хаттардың мәтіндері сол кезде-ақ орыс әкімшілігі ыңғайына орай өзгертілгені
құпия емес.
Мәселен, Әбілқайырдың 1746 жылы Орынбордан келген аудармашы А.Бекметевті
тұтқынға алып, өз әрекетін “ішкі құпияны хабарламас үшін” деп түсіндіргені
тілмәштардың барлық мәліметін қатаң сыни көзқарастан өткізуге жетелейді.
Екінші бір мысал – Сырым батырдың 1792 жылғы 25 мамырдағы А.А.Пеутлингке
жазған хаты. Оны оқып, танысқан генерал-губернатор “ешқандай түсініксіз”,
“дөрекі”, “Ресей басшыларына қалыптасқан құрмет жоқ”, “патшаға
бағынбайтындар жазған”, “хатқа жауап бермей, кері қайтару қажет” деген
шешімге келіп, хаттың түпнұсқасын Сырымның өзіне жіберген (ОрОММ 5 қ., 1т.,
44 іс, 111-116 пп.). Мұнан шығатын түйін біреу-ақ: орыс мұрағаттарына қазақ
халқының мүддесін білдіретін құжаттар жолатылмады.
Шындығын айтуға тиіспіз, кешегі кеңестік тарих ғылымы қазақ тарихын
негізінен орыс деректеріне арқа сүйеп жазды. Деректердегі Ресейге қарсы
әрекеттер, мәліметтер үнемі біржақты қарастырылып, отарлыққа қарсы күрестің
түп тамыры хан-сұлтандардың әрекеттерінен, қазақтардың өзара күресінен,
әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығынан іздестірілді. Ұлт-азаттық
күрестердің аясы әдейі тарылды.
Осындай жағдайда Әбілқайырдың қоғамдық-саяси қызметі толыққанды жазылуы да
мүмкін емес еді. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі Ресей мұрағаты
деректерін қазақ шежірелері, фольклоры материалдарымен салыстыра
пайдалануға жол ашты. Бұған қосымша қытай деректері мен шетел авторлары
еңбектерінің қолға тиюі тарих ғылымын құнды мағлұматтармен байытты. Бұл
жағдай Әбілқайыр хан туралы соны тұжырымдар жасауға негіз қалап отыр.
Біріншіден, Әбілқайыр хан өмірі мен қызметі — халқымыздың тарихының күрделі
кезеңінде өрбіген құрамдас бір бөлігі. XVІІІ ғасырдың басындағы қазақ
жағдайын Бөгенбай батыр Ақшаұлы 1748 жылдың 20 маусымында А.Тевкелевке
толық анықтап береді. Оның суреттеуінше: біріншіден, жоңғар қалмақтарынан;
екіншіден, Еділ қалмақтарынан; үшіншіден, башқұрттардан; төртіншіден, Сібір
бағытындағы полковниктер Л.Парфениев, Ф.Матигоров басқаратын казак орыстар;
бесіншіден, Жайық казак-орыстарының жойқын шабуылына тап болған (КРО.
С.385).
Ал Әбілқайырдың өзі “Жылдар бойы қонтайшымен соғысып келемін, оған әлім
жетер емес... Оның үстіне Еділ қалмақтары, башқұрттар, Бұхара, Хиуамен
соғыса бастадық. Төрт жағымыздан бірдей жау қоршауында қалдық”, дейді.
(Красный архив. 1936. №578) С. 197). Мұндай жағдайды А.И.Левшин де өзіне:
“Неге өзге жүздерге қарағанда Кіші жүз қазақтары мазасыз?” деген сұрақты
қоя отырып, оның себебін мұндағы географиялық орналасудан іздейді. “Кіші
жүздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұрақтаған казак орыстар,
қалмақтар, башқұрттар, хиуалықтар олармен жаулықта, тек шығыста ғана
бауырлары — орта жүз қазақтары тұрады”, деген қорытындыға келеді.
Г.Гельмгольт, Джорд Тоул, Уолф Шьербранд сияқты шетелдік зерттеушілер
Әбілқайыр мен Бөгенбайдың пікірлеріне тоқталып, ұлы далаға қарсы қалмақ,
казак орыс, башқұрттардың әрекеттерінің агрессиялық саясаты жатқандығын
айғақтайды (Есмағамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. А, 1992. С. 94-
95).
Жоғарыдағы келтірілген деректерге назар аударсақ, сол тұстағы қазақтың
басты жауы Ресей болғандығына көз жеткіземіз. Бүгінде қалмақтар,
башқұрттар, казак орыстар Ресейдің көздеген жоспарын жүзеге асырушылар
ғана, Жоңғарияны да қаруландырып, Қытаймен екі ортадағы плацдарм ретінде
пайдаланған Ресей саясаткерлері болғаны жиі жазылып жүр. Олай болса, XVІІІ
ғасырдың басындағы шиеленісті жағдайды Ресей қолдан жасады. Ерте ме, кеш пе
қазақ тағдыры орыс патшасының қитұрқы жоспары арқылы шешілетін еді. Түркі
тілдес бауырлар — ноғай, татар, башқұртқа кигізілген қамыт қазақтарды да
күтіп тұрды.
Оның хабаршысы Кіші жүз руларына жойқын әскери шабуылдар мен тонаушылық
салдарынан солтүстік-батыстағы жайылымдардың тарылуымен байқалды. Оған
қабаттаса жоңғар жасақтары қазақтарды шығыстан батысқа, оңтүстікке ығыстыра
бастады. Оңтүстікте парсы шахына сенген Хиуа, Бұхара хандықтары қазақтардың
тығырыққа тірелген жағдайын өз мүддесіне пайдаланып қалуға ұмтылады. Қазақ
тағдырының сын сағаты соқты. Тарих лабиринтінен шығудың жолы іздестіріле
бастады.
Екінші тағылым, қазақтардың орыс “бодандығын” ерікті түрде қабылдады деген
тұжырымның орнығуына байланысты. Мұрағат құжаттарындағы “бодандық” туралы
әңгіме басында башқұрт Алдарбай жүреді. 1730 жылғы орыс патшасына жазылған
хаттар мен одан шыққан жазбаларда қазақтың басты жауы ретінде башқұрттар
аталып, солармен келісу үшін “бодандық” мәселесі сөз болған. 1730 жылы
қазан айында Санкт-Петербургке Әбілқайыр хан атынан келді делінген елшілер
Сейітқұл Қойдағұлов, Құтлымбет Қоштаевтың айтуымен толтырылған жазбаға
сенсек, “қазақ қалмақ, жоңғар қонтайшысымен бейбіт келісімге келеді де, тек
башқұрттар ғана патшаның бұйрығынсыз келісімге” көнбейді. Мұндай мазмұндағы
әңгімені М.Тевкелев қазақ даласына барып келгеннен кейін 1733 жылы 14
қаңтарда патша үкіметіне жеткізеді (КРО. С. 37, 49). Сонда Әбілқайыр ханды
“бодандыққа” мәжбүрлеген Алдарбай мен башқұрттар ма? Алдарбай Есекеевтің
өзі патша қолынан 1734 жылы қазақтарды келісімге әкелгені үшін тархан
атағын алғанымен, 1740 жылы Ресейге қарсы башқұрттар көтерілісіне
қатысқанына байланысты дарға асылады.
Сонымен Әбілқайыр хан башқұрттар қаупінен сақтану үшін Ресейге бас иді
дегенге кім нанады? Сол мақсатта “орыс бодандығын” қабылдады дегенді қалай
түсінеміз? Ұлан-байтақ даланы билеп-төстеген, өмір бойы еркіндікті биік
тұтқан көшпелі бабамыз бір күнде “бодандықты” қабылдады, оған басты кінәлі
Әбілқайыр дегеніміз ақиқатқа жата ма? Өкінішке қарай, бұған да жауапты
Ресей мұрағаттарынан іздейміз. Ондағы барлық құжатта “бодандық” жөніндегі
келісім тайға таңба басқандай етіп көрсетіледі. Орыс мұрағатындағы
М.Тевкелевтің жазбасында Әбілқайыр ханның “бодандықты” жалғыз өзі өзге хан-
сұлтандардың келісімінсіз қабылдағандығы, оның жанында табын Бөкенбай, тама
Есет батырлар болғандығы, старшындар мен қазақтардың көпшілігінің
“бодандыққа” өшпенділігі ашық жазылған. Қазақтар тіпті М.Тевкелевтің өзін
бірнеше рет өлтіруге әрекет жасаған.
Ел игілері М.Тевкелевке Әбілқайырдың Ресеймен мұндай келісіміне Халық
Кеңесі рұқсат етпегендігін жариялаған. Орыс елшісінің сөзіне сенсек, қазақ
даласында 2 жылдай жүріп, түнделетіп, жанына Әбілқайырдың баласы Ерәлі
сұлтанды, Нияз сұлтанды ертіп орыс патшасымен кездестіруге уәде беріп
аттанады. Сонымен, Ата Заңды, яғни Халық Кеңесінің шешімінсіз саяси
келісімінің жүзеге аспайтындығын жақсы білетін Әбілқайыр шынымен
“бодандықты” көздеді ме, әлде тарихи құжат арқылы оқырман қауымды арнайы
адастырған орыс саясаты ма? Біздіңше, әскери одақ, тиімді келісім, бейбіт
көршілік іздеген Әбілқайырдың түсіне кірмеген “бодандықты” тықпалауды
тоқтататын мезгіл жетті. Ол ешкімге, соның ішінде қазаққа енді пайда
әкелмейді. Қазақтың Ресейге бодандығы қанды күрестің жеңілісі ретінде ХІХ
ғасырдың екінші жартысында жүзеге асты. Бірақ ол да толыққанды болды деу
қиын.
1731 жылы 19 ақпанда Әбілқайыр орыс “бодандығын” қабылдады делінген патша
грамотасының нақты мәтініне де, рухына да қазақ ханының кейінгі уақыттағы
барлық іс-әрекеті, саясаты қайшы келеді.
Оған төмендегі дәлелдемелерді келтіруге болады. Біріншіден, қазақтар орыс
бодандары қалмақ, башқұрттар секілді алым-салық төлемеді. Ресей оны талап
ете де алмады. Екіншіден, Әбілқайыр хан тірісінде хандықтың ішкі, сыртқы
саясатына Ресейдің ықпалы жүрмеді. Үшіншіден, қазақтың ішкі басқару
жүйесіне орыс өкіметі араласа алмады. Төртіншіден, Кіші жүз қазақтары
солтүстіктегі, батыстағы жайылымдар үшін қалмақ, башқұрт, орыс казактарымен
күресті тоқтатпады. Ол арада Ресейдің оларды өзара айдап салуға айласы
жеткенімен, қазақ қолдарын Саратовқа дейін тоқтата алмады. Мәселен,
қазақтар 1737 жылы 2 ай бойына Ресейге “адал” башқұрттарды шауып, өзіне
бағындыруға ұмтылса, 1739 жылы қыркүйек айында Мәскеу жолындағы керуендерді
талқандады.
Содан қазақтардан қорғану үшін Орынбор комиссиясының басшысы В.А.Урусов
Самара мен Орынбор аралығына 2 зеңбірек пен қарулы жасақ шығарды (ОрОММ.
2қ., 1т., 6 іс, 35-36 пп). 1746-1747 жылы Әбілқайыр ханның өзі қол бастап
Ресейдің ішкі губернияларына шабуыл жасады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz