Қарақалпақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы


Қарақалпақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы , Қарақалпақстан - 1932 ж. 20 наурызда құрылған. [1] 1936 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Өзбек СССР-інің құрамына кірді. Өзбек ССР-інің солтүстік-батыс бөлігіне орналасқан. Жері 165, 6 мың км² (Өзбекстан жерінің 37%-ы) . Халқы 744 мың. Әкімшілігі жағынан 12 ауданға бөлінеді; 8 қаласы, 9 қ. т. поселкесі бар. Астанасы - Нүкіс қаласы.
Табиғаты[өңдеу]
Қарақалпақстан Қызылқұмның солтүстік-батыс бөлігінде Үстірттің оңтүстік-шығыс жағы мен Амударияның сағасын ала жайласқан. Арал теңізінің оңтүстік бөлігі Қарақалпал территориясында. Жері негізінен жазық; тек оңтүстік-шығыс жағы ғана дөңестеу, Амударияның сағасы батпақты, көлді, тоғайлы-бұталы келеді. Пайдалы қазындылары: ас және глаубер тұздары, құрылыс материалдары.
Тарихы[өңдеу]
Қарақалпақ жерін адам баласы неолит дәуірінде (б. з. б. 4 мың жылдықтың аяғы - 2 мың жылдықтың басы) мекендей бастаған. [2] Б. з. б. 2-мың жылдықтың аяғында мұнда суармалы егіншілік пайда болады. Қой Қырылған Қала діни құрылыстарын қазғанда Өзбекстан жеріндегі ең ертедегі жазба ескерткіштер табылды (б. з. б. 4 ғ. ) . Топырақ Қала сарайы (3ғ. - 4ғасырдың басы) - кейінгі антика дәуірінің үздік ескерткіші. Қарақалпақ халқының этногенезі Сырдарияның сағасы мен Арал жағалауы даласын мекендеген тайпаларға тығыз байланысты. Қарақалпақтардың көпшілігі 17 ғасырда және 18 ғасырдың орта кезінде Сырдарияның ортаңғы ағысы мен сағасындағы алапты мекендеген. Олар жартылай көшпелі болған, мал шаруашылығын, егіншілікті, балық аулауды кәсіп еткен. Елдің билігі ру басы феодалдардың, ислам діні басшыларының қолында болды. Қарақалпақтар қазақтың Кіші жүз хандарына тәуелді болды. Көрші тайпалардың тынымсыз шабуылына ұшыраған қарақалпақтар 1742 ж. Орынбор мен Петербургке өз өкілдерін жіберіп, Орыс мемлекетінің қарамағына кіруді өтінді. Орыс үкіметі олардың тілегін қабыл алды. Сол үшін 1743 ж. қазақ ханы Әбілхайыр қарақалпаққа жорық жасады. Осының нәтижесінде қарақалпақтардың көпшілігі 18 ғасырдың 2-жартысына таман Сырдарияны тастап, оның батыс атырауына құятын Жаңа дария бойына қарай ойысты. 18 ғасырдың аяғында Хиуа хандарының жорықтары күшейді. Олар 1811 ж. Қарақалпақтарды жаулап алып, Амударияның сағасына көшірумен тынды. Қарақалпақтар аз уақыттың ішінде Хиуа хандығында бірнеше егіншілік аудандарын жасады.
Денсаулық сақтау ісі[өңдеу]
1913 ж. 21 төсектік 2 аурухана, 3 фельдшерлік пункт, 3 дәрігер, 3 фельдшер болған. Олар негізінен әскери бөлімшелерді қамтыды. 1972 ж. республикада 7, 6 мың төсектік (1000 адамға 10 төсек) 96 аурухана, 138 амбулатория мен поликлинника, 67 әйелдер және балалар консультациясы, 351 фельдшерлік пункт болды. 1, 2 мың дәрігер (607 адамға 1 дәрігер), 5 мың орта білімді медициналық қызметкерлері жұмыс істеді. Республикада безгекке қарсы жүргізілген шаралар нәтижесінде бұл ауру толығымен дерлік жойылған. Өкпе ауруы туберкулезін емдейтін 4 санаторий және Арал теңізі жағасында (Мойнақ қаласында) демалыс үйі бар.
Халық ағарту және мәдени ағарту мекемелері[өңдеу]
1914/15 оқу жылында Қарақалпақтарда 200 оқушысы бар 4 жалпы білім беретін мектеп болды. 1971/72 оқу жылында 729 жалпы білім беретін мектептерде 200 мыңнан астам оқушысы, 16 арнаулы оқу орындары 10 мыңға жуық оқушысы, Нүкістегі педагогика институтында 5 мыңнан астам студент оқыды. 1971 ж, мектепке дейінгі мекемелерде 15 мыңдай балалар тәрбиеленді. 1972 ж. 1 қаңтарда Қарақалпақтарда 405 кітапхана (2 млн данаға жуық кітап, журналдар), 236 клубтық мекемелер мен 279 киноқондырғы, Тарих-өлкетану және өнер музейі болды. [3]
Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы[өңдеу]
Қарақалпақта 16 газет, 4 журнал басылымдары шығады (1971) . Республика газеттері: қарақалпақ тілінде «Совет Қарақалпақстаны» (1924 жылдан), «Жас Ленинші» (1931 жылдан), «Жеткіншек» (1932 жылдан), орыс тілінде «Советская Каракалпакия» (1919 жылдан) . Әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналы - «Эмудэрья» (1932 жылдан) . Республика радиохабары мен телевизиясы хабарды қарақалпақ, өзбек, түрікмен және орыс тілдерінде 2 радио және телепрограммалар бойынша жүргізеді. Мәскеу, Ташкент телепрограммалары қабылдайды. Телеорталық - Нүкіс қаласында.
Архитектурасы мен бейнелеу өнері[өңдеу]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz