Cөз әдебі


CӨЗ ӘДЕБІ
Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, Сөз әдебі
Материал ки юі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы ы тәжірибе алмасады. Ал олар адамдардың өзін-өзі ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім қарым-қатынас моральдық нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді. Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т. б. сөздер тілге сыпайылық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін көрсетіп тұрады. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей сияқты қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның «сізң бен «сенің сөзін орынды қолдануы да әдеп сақтауға жатады. Жылы, жағымды сөздер адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуде интонация, дауыс ырғағы да зор роль атқарады. Айтылатын сөз немесе сөйлем интонация арқылы да әр түрге өзгереді. Мысалы интонация арқылы сөзді немесе сөйлемді мәнерлі, жұмсақ әрі көркем етіп жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жағымды әсер береді. Сөйлемде басқа тілдің сөздерін араластырып, тілді шұбарламай таза сөйлеу де адам өресінің деңгейін көрсетеді.
Қазақ әдеби тілінің тарихы Қазақ әдеби тілінің тарихы , әдеби тілдің қапыптасып, дамуы алдымен қоғамдық ой-сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе көркем әдебиеттің кең өріс апуына тікелей байланысты. Өйткені, көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтай отыра жалпыға ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің негізгі тірегі қызметін атқарады. Сондықтан әдеби тілдің қалыптасу тарихын қазақтың тел көркем әдебиетінің бастапқы көрініс беруінен іздеу қажет. Алайда қазақ филологиясында қазақтың профессионал көркем әдебиетінің тарихы женінде әр кез әр қилы пікір айтылды. Кейбір еңбектерде қазақ әдебиетінің апғашқы нұсқаларын V-VIII ғасырдан іздеу бағыты байқалады. Әрине, қазақ халқы өз алдына XV ғасырдың орта тұсында отау тіккенімен, оның құрамына енген ру, тайплық одақтардың (үйсін, қаңлы, дулат, қыпшақ, арғын, найман, алшын т. б. ) тарихы тым әріде. Түркі халықтарының орхон-енисей, талас жазбалары (V-VIII ғасыр), ерте ортағасырлық "Құтадгу білік" (XI ғасыр), кейінгі ортағасырлық "Мұхаббатнама" (XIV ғасыр) тәрізді әдеби жәдігерліктері болған. Ерте кездердегі жазба әдеби тіл мен халық тілінің өзара байланысын көрсететін М. Қашқаридың "Диван лүғат ит-түрік" (XI ғасыр), "Кодекс Куманикус" (XIII ғасыр), "Оғызнама" (XIV ғасыр) сияқты ескерткіштері де бар. Бұл аталған мұраларға өзге де түркі халықтары тәрізді қазақ халқының құрамына енген ру, тайпапардың да қатысы болғандығы даусыз. Сондықтан аталған көне түркі, орта түркі дәуірлеріне қатысты жазба үлгілердің қазақ тілі тарихын зерттеуде, қазақ тілінің ертедегі жайкүйін сипаттауда, сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі керкемдік ой-тәжірибенің бастау жолдарын анықтауда маңызы айрықша. Осы тұрғыдан алғанда оларды қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне қатысы бар үлгілер деуге болады. Бірақ бұларды халықтық негіздегі әдеби тілде жасалған тел тума деп тануға болмайды. Қазақ халқының ез алдына дербес отау тігіп, халық болып қалыптаса бастаған кезі XV ғасыр десек, оның арғы-бергі кезеңдерінде қазақ халқында жазу-сызу немесе сауатты адамдар болмады деудің қисыны келмейді. Сол кездегі шағатай аталған немесе ортаазиялық түркі тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтуде үлкен роль атқарғаны белгілі. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын. Осы атапған ортаазиялық түркі әдеби тіліне тән жазба үлгілердің ішінде дәуірі жағынан да, тілдік ерекшеліктері жағынан да қазақ тіліне жақыны - Қадырғали Жалайыридың "Жамиғат тауариғы" (XVI ғасыр) мен Әбілғазы Баһадүрдың "Түрік шежіресі" (XVII ғасыр) . Ал бұдан кейінгі кезеңдердегі қазақ хандарымен сұлтандарының сырт елдермен, өзара жазысқан қатынас қағаздары мен хаттарында (XVIII ғасыр) қазақ тілінің элементтерін қолдану тұрақты сипат ала бастады. Қазақ қауымында қодданылған жазба әдеби тіл көптеген зерттеулерде кітаби тіл, ап кейбір зерттеулерде (Б. Әбілқасымов) ескі қазақ әдеби тілі деп аталады. Атапған тіл бергі дәуірге жақындаған сайын бірте-бірте қазақыланып, XIX ғасырдың аяғына таман жаппы халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті. Халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тіліміздің публицистика, іс қағаздары тәрізді стильдік тармақтары алғашқы кезде (XIX ғасырдың екінші жартысы) көне жазба тілдің лексика-грамматика тұлғалары мен синтаксистік құрылымдарын едәуір пайдаланды. Сондай-ақ мұсылманша оқыған кейбір арқындар да өз шығармаларында жалпы халықтық лексикалық қорды пайдапана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты. Бірақ бұл процесс үзаққа созылмады. Қазан төңкерісінен кейін жалпы халықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл элементтерін бірте-бірте мүлдем ығыстарып шығарды.
1930-50 жылы қазақ әдебиетінің тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастапады деген көзқарас қалыптасып, одан кейінгі жылдары әдебиет тарихын XVIII ғасырдың екінші жартысынан, яғни Бұхар шығармаларынан бастау идеясы басым болды. Ал 1960-80 жылы XV-XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихта аты мәлім ақын-жыраулардың мұралары жинақтапып, жарияланып, жүйелі зерттеу объектісіне айналғаннан кейін, қазақ әдебиеттану ғылымында XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындар творчествосы бірбірімен сабақтасып жатқан, желісі үзілмеген профессионал әдебиет деген дұрыс тұжырым қапыптасты. Әдеби тіл тарихын зерттеушілер тарапынан да XV-XVIII ғасыр ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алды. Қазіргі, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы XV ғасырдан басталады деген нақты пікір қалыптасты. Ол кезде (XV ғасыр) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Қазақ әдеби тілінің әуелде бастау алған негізгі қайнар көздері жалпы халықтық тіл мен аса бай фольклор тілі болды. Әдеби тілдің жаппы халық тілі негізінде дамуында поэзия тіл үлгілерінің ролі ерекше. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті екілдері жыраулар мен ақындар халық тіліндегі тілдік жүйелерді, сөз асылдарын өз шығармапарына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдеби тіл нормаларын қалыптастыра түсті. XV-XVIII ғасырда ауыз әдеби тілінің құрылымдық жүйесінде тағы бір стильдің ауызша түрі қызмет өткендігі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз толғауларында мақал-мәтел, қаннатты сөз орамдары мен фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармапарындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншлықты дәрежеде игеруі, оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін әдеби тіл мүдесіне жарату тәрізді жайттар тірек болады. Осы тұрғыдан апғанда, қазақ әдеби тілінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырып жүрміз.
XV-XVII ғасырдың aрaсынқамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез, Доспамбет, Жиембет т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер сөзі осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексика-грамматикалы ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мәселен, Шәлгездегі "сындырау арқа" , "сырт соқпақ" , "түнде жүріп түлкі өтер" сияқты сөз тіркестері мен сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балапап" тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы "Буыршынның бұта шайнар ауызы, бидайдықтың кел жайқаған жалғызы" сынды теңеу образдар уақыт өзгерісіне төтеп беріп, бізге дейін жөткен. Сол сияқты астана, жұрт, аруұл, қом су, алаңжұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі. XV-XVII ғасырдағы ауызша әдеби тілдің лексик. құрамы негізінен жалпыхалықтық тілдің есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғандығын байқаймыз, бірақ олардың саны әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда тым аз. Сол тустағы грамматика норманың мысалы ретінде шығыс септігінің дың/дің түрінде келуін ("Бұл Бұзылдін қайтпассың") ілік септігінің ьш/ім тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы ғай-гей формасында ( "қалға қабылан жау тигей ме?" ) берілуін, екінші жақ буйрық райдың ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады.
Әдебитілдің XVIII-ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі үлгілеріне Бұхар, Тәттіғара жыраулардың шығармалары жатады. Әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс салт тақырыптарына байланысты лексик. топтар актив жұмсалады. Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар (Бұхар) ; Көз болып қой бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың (Шал) т. т. Жыраулар туындыларының негізі ақыл-өсиет айту, адамзат, қоғам туралы толғану болғандықтан, әділдік, адамдық, жарлылық тәрізді дерексіз ұғымды білдіретін атаулар мен араб, парсы сөздері бұл кезеңде молырақ кездеседі. XVIII ғасыр және оған дейінгі дәуірлерге жыраулық дәстүр басым болса, ендігі жерде ақындар әлеуметтік үнге ие бола бастайды, олардың тақырыбы қуаныш, реніш мүң-мұқтаж, арман-тілек, өз ортасы, айналадағы табиғат көріністері болды. Бұл кезеңде бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып ерісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау epic алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы және орыс тілдерінен алынды.
XIX ғасырдың екінші жaртысы. Бұл дәуірде қазақтың жазба әдеби тілі халықтың мәдени өмірінде кең қолданыс тапты. Әдеби тілдің нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалардың түрлері кебейді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілері өзінің мазмұны жағынан азаматтық, діни функциясы жағынан көркем әдебиет және оқубілімге, іс қағаздарына қатысты әдебиет болып түрлене түсті. Әдеби тіл функциянальдық стильдерге тарамдала бастады. XIX ғасырдың екінші жартысы қазақтың ұлттық әдеби тілі үшін күрес кезеңі болды. Яғни, ұлттық әдеби тіліміздің (көне жазба әдеби тілі негізінде ме, әлде жалпы халықтық ауыз әдеби тілі негізінде ме деген) даму бағытын айқындау қажет болады. Міне, осы кезеңде қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев жалпы халықтық тіл негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын арттырды. Сөйітіп, Ыбырай мен Абай халықтық тілдің тұрақты әрі ортақ белгілерін өздерінің көркем туындыларында молынан пайдаланды. Ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапа дамуына жол сапды. Ыбырай Алтынсарин жалпыхалықтық тіл мен ауызша қызмет өткен төл әдеби тілдің нормаларын арқау ете отырып, проза жанрының, ғылыми стильдің, ап Абай өз қара-сөздері мен поэзиясында публицистика мен көркем әдебиет стилінің негізін салды. Сейтіп, олар әдеби тілдің жанр жағынан түрлене тусуіне зор үлес қосты.
Қазан теңкерісінен кейінгі кезең. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналды. Қоғамдық емірдің барлық саласында дерлік қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының тұрақ, талуы, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдына (жиналыста, радио мен теледидар алдында, сахнада т. б. ) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматика жазылып, емле ережелері белгіленді, орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Сөйтіп, әдеби тіл нормапарының тұрақталуына саналы түрде арапасу жан-жақты сипат алды. Соңғы кезеңдегі әдеби тіліміздің даму қарқыны біркелкі емес, сондықтан оны да бірнеше белестерге бөліп қарауға болады. [1]
Сәлемдесу ережелері
Есіне салу үшін ғана айтамын, кішкентайлар үлкендерге сәлем береді. Дегенмен, тәрбиелі адам ешқашан онымен амандасқанды күтпейді, ол өзін асып түсіп, оны өзі жасайды. Если те, с кем ты хочешь поздороваться, далеко от тебя - на другом конце зала, например, - не маши руками и не оглушай всех своими криками. Егер сенің сәлемдесетіндерің, сенен алыс болса - залдың басқа шетінде, мысалы -қолыңмен бұлғама және басқаларды өзінің айқайлауымен құлақтарын бекітіп тастама. Өз достарыммен көзбен кездесіп, оларға жарқын жүзбен басыңды изе. Сол жеткілікті. «Мен кімді көріп тұрмын», «Әйтеуір келдің бе, а?», «сен қайда жоғалдың» - деген мынадай типтегі айқайлы және қатты лептер сәлемдесу деп айта алмайсын. Егер бір адам күні бойы саған қайта қайта кездесе берсе, көрген сайын амандаса бар, бірақ әртүрлі қалыпта - бас изе, жимыю, қолды жаймен серме, (түскі ас кезіндегі кездесуде) дәмді ас ішу тілектермен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz