Қаржының басқару ұғымы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қаржыны басқару ұғымы

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе.

Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық зандардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы зандардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

Қаржыны басқару бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру жөне дамыту мақсаты мен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржы механизмі арқылы оның әдістерінің, тұтқаларының, ынталандырмаларының және санкцияларының көмегімен жүзеге асырылады.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның берікгігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады. Сөйтіп, қаржыны басқару бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

  • басқарудағы демократизм; қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас) ; басқарудың ғылымилығы; орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік; басқарудағы жауапкершілік; шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы; басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы) .

Қаржыны басқарудың екі қырын ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет, бұл басқару шешімдерін әзірлегенде экономикалық заңдардың талаптары, экономикалық талдау нәтижелері, экономикалық-математикалық әдістер және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйелері ескеріледі, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері ұтымды үйлеседі деген сөз. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспектипалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.

Қаржы қатынастарыныа әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы әдістер мен нысандарды (функционалдық элементтерді) бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақьптылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орынадауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашьшықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасыңда қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т. б.

Ұйымдастыру басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

Қаржылық реттеу бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік қорлар, жоспардан тысқар ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметгердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.

Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен зандылығын тексеру жөне қамтамасыз ету жөніңдегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқыңдауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіңдегідей басқарудың объекгілері мен субъектілері бөлінеді. О бъектілер ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлерін атауға болады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылдар субъектілер болып табылады.

Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрілктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады.

Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ақша қатынасы
Мемлекеттің қаржысы
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Қаржы, қаржы шаруашылығы және қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы
Қаржы, каржы шаруашылыгы және каржы жүйесі жайлы
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
Қазақстанның қаржы жүйесі
Қаржының функциялары және рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz