Дүниежүзілік социологияның дамуындағы классикалық кезең


Дүниежүзілік социологияның дамуындағы классикалық кезең.
Социологияның ерекшелігін түсіну үшін оның XIX ғасырдың алғашқы жартысында нақты тарихи жағдайда, Франция мен Англияда капитализм тұрақты орнаған кезде және қоғам туралы білім алмаған “үшінші” топтың (сословиенің) пісіп жетілген кезде пайда болғанын ескеру қажет. Социологияның жеке ғылым ретінде тууы психологияның, антропологияның, құқықтың жеке салаларының және т. б. -ның дамуымен байланысты болды. Социологияның қалыптасуына ағылшын және неміс нұсқаларындағы немістің классикалық философиясы, саяси экономикасы, сондай-ақ қоғамды қайта құруда жаратылыстануға ұқсас құрылған, обьективті және нақты жаңа әлеуметтік ғылым жетекші роль атқаратындықтан, Сен-Симон мен Фурьернің социалистік теориясы әсер етті.
Социология Еуропа елдерінде бір кезде туған жоқ. Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық, рухани күйінде бір ғасырлардағы АҚШ-тағы сияқты әлеуметтік идеяларды сырттан қабылдауға немесе “өзіндік” әлеуметтік ойларын дамытуға дайын болуы керек еді. Сондықтан социологияның қалыптасуына қоғамдық-ғылыми дәстүрлер, нақты елдердегі рухани әрекет ерекшеліктері, мәселені қою тәсілі мен мәдени құндылықтар сипаты маңызды роль атқарады. Сондықтан да неміс социологиясы, американдық социология мектебі, француз социологиясының дәстүрлері туралы айтылады.
Француз философы-Огюст Конт
Сен-Симонның шәкірті және алғашқы кезде оның ізбасары болған Огюст Конт (1798-1857) - социологияның негізін салушы француз философы. Ол социологияға атау беріп, оның ғылым ретіндегі негізгі методологиялық принциптерін, жаратылыстанудағы ғылыми әлеуметтік білімді біріктіретін біртұтас ғылым ретіндегі тұжырымдамасын жасады. Бұл бірліктегі алғашқы орынды Конт жаратылыстану методологиясына, алдымен физика мен биологияға берді.
Эмпиризм, верификация (кейінгі латын. Verification-мақұлдама, дәлелдеме), физикализм сияқты социологияның маңызды принциптерін негіздеуде Конттың еңбегі зор. Эмпиризм принципі әлеуметтік тәжірибе мен оның ерекшеліктері туралы мәселе қозғады. Ол “ эмпиризм әлем туралы шын ғылымның бірден-бір көзі тәжірибе болып саналады. Позитивизмнің зерттейтіні -трансцендентальды тұрмыс не заттың алдамшы мәні емес, тек қана фактілер . . . физикализм - . . . жетілген түсініктің бәрін физика жасаған, сондықтан барлық ғылыми мәнді физикаға әкеліп тіреуге болады және солай ету керек”, -деп түсіндіреді. Бұдан байқағанымыздай, Конт социологияны жаратылыстану ғылымдарының, әсіресе физиканың үлгісімен зерттеу керек деп бағамдаған.
Сонымен бірге ғалым табиғаттың жекелеген құбылыстарын зерттейтін жаратылыстану ғылымынан айырмашылығы социология қоғамды түгелдей, қоғамдық жүйені, әлеуметтік құбылыстарды қоғамдық өмірмен байланыста зерттеу керектігін атап көрсетеді.
Конт бойынша, жаңа әлеуметтік ғылым қоғамды статистика және динамика тұрғысынан зерттеуі керек. Статикада қоғам “тәртіп ” және “ прогресс ” заңына бағынады. Әлеуметтік статикада зерттелетін құбылыстар жиынтығы көп қатпарлы организм тәрізді. Әлеуметтік статиканың міндеті -отбасы, адам және ол әрекет ететін өмір сүру жағдайы.
Әлеуметтік динамика қоғам дамуындағы қозғаушы күштің не екендігін түсіндірі керек. Конттың баяндауында мұндай кұштерге мыналар жатады: экономикалық табиғи жағдайлар, климат, географиялық орта, сол сияқты көзқарастар, идеялар, ойлау, адамдардың санасы. Әлеуметтік динамиканы Конт “үш кезең заңы” атты заңмен сипаттайды, ол қоғамдық және ғылыми сана тарихындағы қозғалысқа ұқсас. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады: теологиялық, метафизикалық және позитивті. Қоғамды бұлай үшке бөлуде өлшем ретінде не алынды? Өлшем үстемдік етуші идеялар болды.
Теологиялық кезең деп Конт діни идеялар үстемдік еткен XVII-XVIII ғасырларға дейінгі қоғам дамуындағы белгілі бір кезеңді алады. Ол кезде идеялық сипаттағы үстемдік етуші негізгі күш -дін болды. Бұл кезеңде адамның ақыл-ойы құбылыс себептерінің не бастамасын, не ақырын табуға ұмтылды. Адам ақыл -ойы абсолютті білімге ұмтылады. Бұл кезең өз уақыты үшін қажет болды, өйткені ол адамның әлеуметтік тұрғыда дамуы мен ақыл-ой күшінің өсуіне алдын ала қамтамасыз етті.
Екінші кезең - метафизикалық кезең. Қоғамда бейнеленген абстракциялар мен метафизикалық тұжырымдамалар үстемдік алды, Конт оған революциялық теориялар мен материалистік философияны жатқызды. Бұл тұжырымдамаларды сынай отырып, ол марксизм қағидаларына, әсересе оның таптық күрес жайлы іліміне келіспейтіндігін білдірді. Бұл кезеңде “бақылаудың орнына дәлелдеуге тым ұмтылшылықтан” ақылмен көру бөлігі өте зор. Оның ойынша, метафизикалық ойлау өз табиғаты бойынша сындарлы, қиратқыш болып саналады. Оның шаралары қазіргі кезеңде де көп мөлшерде сақталған.
Үшінші кезең - позитивті кезең . Конт қоғамға тек позитивті ғылым ғана дамитын кезең қажет деп есептеді. Бұл діни және философиялық мәндер жүйесіндегі алыпсатарлыққа тыйым салады. Бұл кезеңде жаратылыстану ғылымдары үстемдік етіп , эмпиризм, позитивизм, физикализм принциптері негізіндегі қоғамды зерттейтін социология дамуы керек.
Позитивті кезеңде, Конттың пікірінше, қиялды байқауға үнемі бағындырып тұрар заң әрекет етеді. Бұл кезеңде ақыл ақырғы себептер мен мәнді (абстракцияны) анықтаудың мүмкін еместігін мойындап, оның орнына заңдарға, яғни бақылаудағы құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға қарапайым зерттеу жүргізуге тырысады. Бұл заңдарды білу олардың әрекеттерін ескеру және болжау жасау үшін қажет. Нағыз ғылым, - дейді Конт, - байқау мен болжау жасауды үйлестіреді, өйткені олар “барлық жағынан жағымды ғылымның басты” ерекшелігін құрайды.
Қоғамды құратын басты элемент - отбасы, -деп есептейді Конт. Ол отбасын ең кіші қоғам деп атады, отбасы - индивид бойұсыну мен басқаруды үйренетін әлеуметтік өмір мектебі, - дейді ол.
Марксизм бағыты, Карл Маркс.
XIX ғасырдағы социологиядағы маңызды бағыттардың бірі марксизм болды, оның негізін Карл Маркс (1818-1883) қалады.
К. Маркс адамзат тарихын тауар өндірісі қалай жүзеге асырылғанына байланысты кезеңдерге бөлуге болады деп есептеледі. Өндіріс тәсілі әр формацияның экономикалық сипатын анықтайды. Өндіріс жүйесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар Маркс тұжырымдамасында қоғамдық процестерді түсіндіруде шешуші роль атқарады. Экономикалық ұйымдасудың кез келген типінде өндіріс құралдарына ие болатын және өзіне жұмыс істейтіндердің тағдырын шешетін үстем тап болады.
Экономикалық принцип бойынша қоғамды таптарға бөлу -Маркс теориясының методологиялық негізі. Ол адамзаттың дамуы-бір қоғамдық экономикалық формациядан екінші прогрессивті түріне өтіп отыратын, обьективті және заңды табиғи-тарихи процесс. Марксизмде төмендегідей қоғамдық-экономикалық формациялар көрсетіледі: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік.
Марксизм іліміне сәйкес қоғамдық-экономикалық формациялар, негізінен, өндіріс тәсіліне сүйенетін экономикалық факторлардың әсерінен жүреді. Бұл процестің материалдық алғашқы шарты: ескірген экономикалық қатынастар мен қоғамның өндірістік күшінің прогрессивті дамуы арасында сәйкессіздік болып, оның тереңдей, асқына түсуі болып саналады. Бұл күш бұрынғы өндірістік қатынастар шеңберіне сыймай, дамуы бәсеңдейді; нәтижесінде өндіріс тәсілінің дамуында құлдырау болады. Ескі өндірістік қатынастарды қоғамдық өндірісті көтеретін және осыған байланысты қоғам дамуының өзге мәселелерін шешетін жаңасымен алмастыру қажеттілігі туады.
К. Маркс негізгі таптар буржуазия және пролетариат болып бөлінеді деп есептеді. Буржуазияның ішінде меншік иелері болады, олар әлеуметтік иерархиядағы жағдайына байланысты өндірістің (фабрика, жердің) маңызды құралдарының иелерінен ерекшеленеді. Маркс люмпенпролетариат деп аталатын, қоғамнан шетке шыққан адамдардың болатынын айтты. Оның әлеуметтік құрылым теориясында пролетариаттың өзін пайдаланушыларға қарсы революциялық көтерілісін “басатындарға”, яғни орта таптың орны мен роліне көңіл бөлінеді.
Маркстың еңбегі- қосымша құн теориясын жасауында. Маркс капитализмнің дамуына қарай буржуазияны байи, пролетариатты кедейлене түседі деп есептеді. Олардың арасында шиеленіс күшейе түседі де, жұмысшылар революция жасап, өз диктатурасын орнатады. Әділетсіз қоғамдық құрылыс ретінде капитализм құрып, бүкіл әлемдік деңгейде социализмге өту басталады.
К. Маркстің ғылыми болжамы жүзеге аспады: капитализм күткен нәтижені бермеді. Пролетариаттың ішінде айтарлықтай сатыға бөліну орын алды. Экономикада қызмет көрсету аясы кеңіді: бұл саланың адамдары жалдамалы жұмысшы бола отырып өздерін жұмысшы таппен теңестірмеді. Қазіргі батыс социологтары дене жұмысымен айналыспайтын (“ақ жағалылар”) жұмысшылар-хатшыдан инженерге дейін капиталистермен одақтас болуға мүдделі болды. Қожайындары олардың саяси қолдау көрсеткені үшін дене еңбнгімен айналысатындарға қарағанда неғұрлым көтеріңкі жалақы төлейді. Оның үстіне, үкімет пен жұмыс берушілер саяси қысымның әсері мен ұжымдық келісімшарт жүйесіне орай, жұмысшылардың мұқтаждықтары мен талаптарына көп көңіл бөле бастады.
Қаналушылар табының идеологиясына айналған марксизм қазіргі өркениеттің қалыптасуна едәуір үлес қосты, мұнда пролетариат шетке шығарылмайды, ал оның ұзаққа созылған таптық күресі біртіңдеп әлеуметтік серіктестікке ауысады.
Батыстық социологияда нөмір бірінші тұлға Эмиль Дюркгейм.
Бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін батыстық социологияда нөмірі бірінші тұлға Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болды. Э. Дюркгейм қоғамды функционалистер үрдісімен зерттеуді жалғастырды (еске саламыз: қоғам-белгілі бір қызмет түрін ғана орындайтын өзара байланысты бөлімдердің жиынтығы) . Э. Дюркгейм барлық адами түсініктер мінез-құлық үлгісінде құрылады: жалпы қабылдау, жалпы бағалау, жалпы сезімдер мен әрекеттер. Ол мұның бәрі ұжымдық сана деп есептеді. Бұдан шығатын қорытындысы: қоғам -адамнан биік тұратын моральдік шынайылық, тұтастық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz