ХIХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлар



1. ″ Зар заман″ мектебiнiң өкiлдерi қоғамдағы қайшылық.тар мен ңдiлетсiздiк туралы.
2. Шоқан Уәлихановтың саяси.құқықтық көзқарасы.
3. Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой.пi.кiрлерi
XIX ға-сырдың 60-жылдарына қарай бүкiл қазақ жерi Ресейге қосылды. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығына капиталистiк қатынастардың енуi Қазақстанның саяси-әлеуметтiк және эконо-мика-лық-мңдени өмiрiне едңуiр ықпал еттi. 1822 жылғы ″ Сiбiр қыр-ғыздарының жарғысы″ экономикалық-әкімшiлiк мңселелердi ғана қамтып қоймай, сонымен бiрге саяси өзгерiстердi де қам-тыды. Ресей саяси-құқықтық ойының көрнектi қайраткерi, Ба-тыс Сiбiр губернаторы М. М. Сперанский дайындаған Жарғы бойынша қазақ даласындағы хандық билiк жойылып, басқа-рудың жаңа әкімшiлiк түрi — округтiк жүйе енгiзiлдi. Барлығы 8 округ құрылды. Оларды округтық приказдар аға сұлтан мен ресейлiк екi кеңесшi, болысты — болыс сұлтаны, ал ауылды — ауыл старшыны басқарды.
Кiшi Жүз бен Орта Жүзде патша өкiметi билiгiнiң күшеюi бұрынғы сот жүргiзу тәртiбiнен де айқын көрiндi. Мемлекетке опасыздық жасау, кiсi өлтiру, барымта алу сияқты iстердi пат-шаның әскери соты қарады, ал билердiң қарауына ұсақ-түйек iстер ғана қалдырылды. Жаңадан енгiзiлген әкімшiлiк шаралар патша өкiметiнiң отаршылдық белсендiлiгiн арттырып, отарлаудың қазақ даласына тереңдей енуiне мүмкiндiк бердi. Әкім-шiлiк құрылымы қазақтардың дәстүрлi көшiп қонатын аудандарын тартылтты, құнарлы жерлерге казактар жаппай қоныстана бастады және олар патша өкiметiнiң қазақ жерлерiн отарлаудағы әскери күш тiрегi қызметiн де атқарды.
Қазақстан жер көлемi жағынан, халқының саны жағынан және бағалы шикiзат көзi жөнiнен де Ресейдiң ең үлкен отары болғандықтан, патша өкiметi бұл аймақта ерекше белсендiлiк танытты.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ХIХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлар
16.1. ″ Зар заман″ мектебiнiң өкiлдерi қоғамдағы қайшылық-тар мен ңдiлетсiздiк туралы.
16.2. Шоқан Уәлихановтың саяси-құқықтық көзқарасы.
16.3. Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пi-кiрлерi.
16.1. Ресейдiң отарлық жаулап алуы нәтижесiнде XIX ға-сырдың 60-жылдарына қарай бүкiл қазақ жерi Ресейге қосылды. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығына капиталистiк қатынастардың енуi Қазақстанның саяси-әлеуметтiк және эконо-мика-лық-мңдени өмiрiне едңуiр ықпал еттi. 1822 жылғы ″ Сiбiр қыр-ғыздарының жарғысы″ экономикалық-әкімшiлiк мңселелердi ғана қамтып қоймай, сонымен бiрге саяси өзгерiстердi де қам-тыды. Ресей саяси-құқықтық ойының көрнектi қайраткерi, Ба-тыс Сiбiр губернаторы М. М. Сперанский дайындаған Жарғы бойынша қазақ даласындағы хандық билiк жойылып, басқа-рудың жаңа әкімшiлiк түрi -- округтiк жүйе енгiзiлдi. Барлығы 8 округ құрылды. Оларды округтық приказдар аға сұлтан мен ресейлiк екi кеңесшi, болысты -- болыс сұлтаны, ал ауылды -- ауыл старшыны басқарды.
Кiшi Жүз бен Орта Жүзде патша өкiметi билiгiнiң күшеюi бұрынғы сот жүргiзу тәртiбiнен де айқын көрiндi. Мемлекетке опасыздық жасау, кiсi өлтiру, барымта алу сияқты iстердi пат-шаның әскери соты қарады, ал билердiң қарауына ұсақ-түйек iстер ғана қалдырылды. Жаңадан енгiзiлген әкімшiлiк шаралар патша өкiметiнiң отаршылдық белсендiлiгiн арттырып, отарлаудың қазақ даласына тереңдей енуiне мүмкiндiк бердi. Әкім-шiлiк құрылымы қазақтардың дәстүрлi көшiп қонатын аудандарын тартылтты, құнарлы жерлерге казактар жаппай қоныстана бастады және олар патша өкiметiнiң қазақ жерлерiн отарлаудағы әскери күш тiрегi қызметiн де атқарды.
Қазақстан жер көлемi жағынан, халқының саны жағынан және бағалы шикiзат көзi жөнiнен де Ресейдiң ең үлкен отары болғандықтан, патша өкiметi бұл аймақта ерекше белсендiлiк танытты.
Капиталистiк қатынастар қазақ жерiне кеулей ене бас-тады, бұл процестi отаршыл әкімшiлiк те үнемi қолдап отырды. Бүкiл ресейлiк рыноктың шеткерi аймақтарды қамти нығаюы да қоғамдық еңбектiң бөлiнуiн тереңдете түстi. Сауда мен ақшаның қазақ даласына тосын жаңалық болып көрiнгенiн Шортанбай ақын:
Сауып iшер сүтi жоқ,
Мiнiп көрер күшi жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Жеткiзе алмай онысын,
Қалтыраған жан шықты, -- деп суреттейдi.
Қазақ ңдебиетiндегi батырлық рух XVIII ғасырда жоңғарлармен қарсы күресте, XIX ғасырда ұлт-азаттық күресте (Махамбет, Нысанбай) қайта көтерiлгенiмен, Қазақстанның Ресей құрамына өтуi нәтижесiнде зар-заман кезеңi басталады.
Қазақ жерiне қол салған патша өкiметi халықты жарылқау үшiн келмеген-дi. Жерiнен айырылған халық ңдет-ғұрып мен қазақы мiнезiнен де айрыла бастады. Патша өкiметi енгiзген жаңа әкімшiлiк шаралар қазақ болмысына тңн емес-тiн. Ұрлық, өсек, талас-тартыс, алауыздық, арызқойлық -- қазақ қоғамының осы кезеңдегi жемiсi болды. Осы кезде өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының бiр тобы қоғамда болып жатқан келеңсiзқұбылыстарды аяусыз сынға алды. Олар Қазақстанның Ресейге қосылуы мен капиталистiк қатынастардың енуiн керi кеткендiк деп есептедi, өткен өмiрдi аңсады, болашақ туралы өз болжамдары мен пiкiрлерiн бiлдiрдi.
Қоғамда болып жатқан өзгерiстерге өзiндiк көзқараста бол-ған және оны сол бағытта жырлаған ақындарды М. Әуезов ″ Зар заман″ жыршылары деп атаған болатын және ңдебиет тарихында да олар осылай аталды. Тарих ғылымының докторы М. Қой-гелдиев отаршылдық бұғауына мықтап байланған халықтың мұң-мұқтажы мен қайғы-қасiретiн жырлаушыларды ″ Зар заман″ мектебiнiң ойшылдары деп атады. Қазақ халқының тәуелсiз-дiктен толық айрылып, қазақ жерiнiң нағыз тонауға түскен -- отарлау саясатының ең күшейген кезеңiн зар заман мектебiнiң ақындары торығу, сары уайымға салыну сарынымен жырлады.
Еркiндiк пен бостандықтың, дәстүр пен европалық метро-полиядан енген жаңа тәртiптердiң шегiне жете шиеленiсуi Шор-танбай, Дулат және Мұрат сияқты ″ зар заман″ ағымы ақындарының шығармалары арқылы пайымдалады. Олар XIX ғасырдағы қазақ өмiрiне тңн барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтiк үйлесiмдiлiк уақыты ретiнде өткен дәуiрдi идеяландыра отырып, бүгiнгi заманның келешегiнен де үмiтiн үзiп, түңiледi. Қазақтар ата-бабадан қалған рухани құндылықтарын ұмы-тып, елдiң iшiн ңдiлетсiздiк, арамдық, өтiрiк, өсек-аяң, ақымақтық, ата сөзiн тыңдамаушылық жайлап кеттi, тiптi мал да жайлап айдауға көнбей қойды.
Көңiл жұбататын ешнәрсе таппаған зар заман ақындарының кеудесiн кернеген мұң, зар, шер әбден күнаға батқан ″ замандастарының құлағына″ жете қоймайды.
″ Зар заман″ мектебiнiң көрнектi тұлғаларының бiрi -- Дулат Бабатайұлы (1802 -- 1874). ″
Қазаққа″ деген толғауында ол қазақ халқының Абылай хан заманынан кейiнгi Ресей бұғауына
қалай түскендiгi мен болашақты дұрыс болжай алмағандығына өкiнiш бiлдiредi.
Күн батысқа көз салмай,
Күн шығысты еске алмай,
Бiздi алатын жау жоқ деп,
Бiзден мықты дңу жоқ деп,
Алды-артыңды байқамай,
Болашақты болжамай,
Ақбөкендей алданып,
Ортасына кңпiрдiң
Аңдамай келiп түскенсiң!...
Ендi келiп қамалдың
Орыс салған қу тамға..., -- деп жырлаған ақын, қазақ хал-қының бодандыққа түсуiне олардың
өзiн кiнңлайды. Орыс за-ңын қуаттап, елдi жас балаша жуатпақ болған билердi, шен-шек-пенге
қызыққан бектердi жерден алып жерге сала мiнейдi. Орыс сыйына сатылған ел жақсыларына орыс
өкiметi сендердi ңлi-ақ ″ сырғалыңды күң қылып, күнiңдi тұман түн қылып, шабақтай жемге
қақалтып, көмейiңе салар қармақты″ деп ескертедi.
Мойындарына жезден қарғы тағынған би, старшындардың орысқа жағымды болуы бүкiл елге түскен қасiрет екенiн түсiн-ген ақын:
″ Сауыр емес, шап болды,
Заманға сай адамды
Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды...
Ағайын араз болған соң
Ел екiге жарылды -
деп ағайын арасындағы көре алмаушылық пен алауыздық себептерiнiң қайдан шыққанын
ұғындыруға тырысады.
Мемлекеттiң бүтiндiгi мен күштiлiгi ел билеген хандардың көрегендiгi мен ақылдылығына
тiкелей байланысты екендiгiн Дулат Абылай ханның ″ қазаққа ағарып атқан таң болған″ дңуiрiн-
дегi ″ толағай болған жылғадан, сарқырап тұрып су аққанын″ , ″ елi еркiн″ , ″ қара суы май
болғанын″ , ″ шалшық суы көл болып″ , әр рудың ″ құрамалы ел болғандығымен″ салыстыра
отырып дңлел-дейдi.
Қара халықты бастайтын билер бен бектердiң, батырлар мен сұлтандардың қоғамдағы орнын
жоғары бағалаған ақын олардың өз мiндеттерiн тура атқармағандығынан елге келетiн қиыншы-
лықтың өте ауыр болатынына қынжылады. ″ Елдi тура жолға салмаған″ , оның ″ ыстығына
күйiп″ , ″ суығына тоңбаған″ билер мен бектердi, ″ түн ұйқысын төрт бөлiп″ , ″ толғаулы найза
қолға алмаған″ батырларды, ″ нашарға жәрдем бермеген″ , ″ кем-кетiктi көрмеген байларды″ ,
сынаған Дулат ″ күш кеткен соң қолыңнан″ зарлаудың да, сарнаудың да пайдасыз екендiгiн
айтады.
Езгiге түскен елде ″ ата тiлiн бала алмады″ , ″ қызы шешеге назар салмады″ , ″ мңстек озып бңйге
алды″ , ″ үлкеннiң тiлiн кiшi алмай, елдегi жақсы бұзылды″ . Заманына қарай бұзылған адам-
шылық қасиеттерден жұрдай болған ел iшiндегi пысықайлар мен сөз тасушыларды,
жағымпаздарды сынаған ақын ″ елдiң қамын жейтұғын, мынауың терiс дейтұғын″ ел ағаларының
шықпаға-нына қынжылыс бiлдiредi.
Дулат қоғамдағы келеңсiз құбылыстарды тiзбектеп сары уай-ымға ғана берiлiп қоймайды, ол
елдiң ертеңiне, болашағына, бұ-рынғы несiбелi, берекелi өмiрдiң қайта келетiнiне сенедi. Ел
бастар ерлердiң халқы үшiн күресiне қолдау көрсету қажеттiгiн айтады. ″ Толқынды теңiз
заманынан өту үшiн сенiмдi кеме ке-ректiгiн″ ұғындырған ақын:
″ Елiң үшiн еңбек қыл,
Отыра берме бекерге
Көмбеге таяп қалғанда,
Жүйрiкке керек көтерме″ , -- дейдi. Шер мен мұңға, үмiт пен сенiмге толы өлеңдер жазған,
халық мүддесiн қорғап, оның мұ-ңын жоқтаған, жарқын болашаққа сенген Дулат ақынды қазақ
халқы қасиет тұтып, ңулие санаған, өсиетiнен үлгi алған..
″ Зар заман″ мектебiнiң аса iрi өкiлдерiнiң бiрi -- Шортанбай Қанайұлы (1818 -- 1881) ″ Зар заман″ атауы да ақынның сол дңуiр халiн жырлаған өлеңдерiнiң бiрiнiң атынан алынған.
Ақынның туған жерi Түркiстан маңындағы Қарнақ ауылы болғандығы оның өлеңдерiнде
айтылады. Бiрақ консерватор ақын өмiрiнiң көп уақытын Қарқаралы өңiрiнде өткiзедi. Өзiнiң
атамекенiне жас кезiнен кейiн бармағанға ұқсайды. Бұл туралы ақын өлер алдындағы қоштасуда
былай дейдi:
Қызмет етпей мен өттiм,
Ата бiрлңн анама.
Қарнақтағы сңлем, айт
Үш қайтара бабама.
Ақындық өмiрiн алғашқы кезде Жамантай төренiң, кейiн-нен Жанқұты бидiң қолында өткiзген
ол патша өкiметiнiң отар-лау саясатының қазақ халқының болмыс тiршiлiгiне керi ңсер еткенiн,
көптеген қайшылықтарды алып келгенiн, заманның азғанын, ңдет-ғұрыптың тозғанын, ел-жұртта
береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етiп алады. Қазақ халқының дәстүрлi
шаруашылығы мен тұрмыс салтына едңуiр ықпал еткен капиталистiк қатынастарды қабылдамаған
ақын халық өмiрiнде болып жатқан өзгерiстерге сын көзбен қарады.
Шортанбай адамдардың әлеуметтiк топқа бөлiнуi олардың шыққан тегiне сңйкес болу керек деп
есептедi. Бұл сңйкестiлiк-тiң бұзылуын жаман нышан деп ырымдаған ол:
Ңуелгi қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды.
Ңуелгi барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды.
Жөн бiлмеген жамандар,
Ел билеген бек болды.
Көтере алмай билiгiн,
Ұласқан жаман кек болды, --
деп әлеуметтiк өмiрдегi өзгерiстердi керi кеткендiкке санады. Адамдардың малды-малсыз, дiндi-
дiнсiз және иманды-имансыз болып жаратылуы құдайдың ңмiрiмен болғандығын айтқан
Шортанбай, оған қарсы шығудың күнң екендiгiн ескертедi және:
Бiр алладан басқаның,
Көп-тi қылған айыбы
Кесапаттың кесiрi
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын, -- деп оның басқаға кесiрi тимеуiн тiлейдi. Заманның бұзылғанына
наразы болған ақын ″ ңуелгi заманның″ ендi қайта келмейтiндiгiне ″ құдасы жоқ құлдың, қо-нысы жоқ байдың″ азатынына, ″ байдың тiлiн жарлы алмай, хан-ның тiлiн қара алмай″ , ″ өздерi де
жөнiн бiле алмайтынына″ қын-жылыс бiлдiредi. ″ Заман оңалар едi, бiрақ оған өзiң ңуелден бас
бiлдiрдiң ″ деп осы жағдайға душар еткендерге ренiшiн айтады.
Елде ұрлық пен парақорлықтың, өсек пен жалақорлықтың көбеюiн, ұлы атасын сыйламаған,
атасы батасын бермеген әлеуметтiк құбылысты заманақырға теңеген Шортанбай оның себебiн
патша өкiметiнiң отарлау саясатынан iздейдi.
Орыс -- бүркiт, бiз -- түлкi,
Аламын деп талпынды.
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды...
Атасы ұлға нанбайды,
Көңiлiне қуаныш қылмайды.
Патшадан кеттi ғаделет,
Ақырзаман таянды, --
деп бодандықтың ауыр зардабын күйiне жырлайды.
Көшпелi тұрмысқа бейiмделген қазақ тұрмыс-салтындағы өзгерiстердiң адамдардың мiнезiне де
ықпал еткенi ақиқат едi. Қазақ қоғамындағы өзiне тңн адамгершiлiк ережелерiнiң бұзылу-ын
ақырзаманның жақындауы деп түсiндiрген Шортанбай ұл мен қыздың ата-ана тiлiн алмауы,
олардың орыс киiмiн киюi, жақсы ңдептiң қалмауы жесiр ңйел мен жетiм баланың көбеюiне
себепкер болғандығын айтады.
Бұл асылық, асқан заманда,
Ұл туады атаменен егесiп,
Қыз туады анаменен теңесiп,
Баласы кеттi тыюдан...
Адал зада баланы,
Таба алмассың рудан, --
деп жырлаған ақын ″ сиыр деген малдың пұл болатынын″ , ″ ңйелдiң би болатынын″ болжайды.
Шортанбай ″ ақырзаманды″ бүкiл адамзат ұрпағының жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша, ″
ақырзаман″ бұрынғы ңдет-ғұрыптың бұзылуы, адамдар арасын-дағы сыйластық пен
бауырмалдықтың азаюы, әркiмнiң өз басын күйттеуi, қазақ халқының өз еркiндiгiнен
айырылуы, орысқа бодан болуы. Хандық билiктi аңсаған ақын ″ жандарал ұлығың, майыр (майор-
авт.) сыйынғаның болды″ , ″ кңпiрдi пiрiңдей, тiл-мңшты жеңгеңдей, дуанды үйiңдей көрдiң″ ,
ендi сенi күтiп ″ абақ-ты тұр қасыңда, қазылған қара көрiңдей″ деп сақтандырады.
Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшелiк-терiнiң екiншi халыққа күшпен енгiзiлуiнiң қаншалықты қатерлi екендiгiн түсiндiредi. Ғасырлар бойы қалыптасқан билiктiң,
ңдет-ғұрыптың кенеттен өзгерiске ұшырауын ол халықтың адамгер-шiлiк нормаларын бұзатын
құбылыс ретiнде бағалады. Патша-лық Ресейдiң отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағ-
дайдан шығудың жолдарын iздеп арпалысты.
Зар заман ақындарының XIX ғасырдың екiншi жартысын-дағы танымал өкiлдерiнiң бiрi --
Мұрат Мөңкеұлы (1843 -- 1906) қазiргi Атырау облысында туып өскен. Оның зар заман мекте-
бiнiң басқа ақындардан ерекшелiгi сары уайымға салына бермей, патша өкiметiнiң отаршылдық
езгiсiне қарсы күресуге шақы-рады. Заманның азуы мен тозуын табиғаттан көрмейдi, ″ ай тууы-
нан, күн шығуынан жаңылмайды, бұның бәрi адамнан″ деп есептейдi. Патшалық Ресейдiң
жаулаушылық саясатының аста-рында не жатқанын ұғындырған Мұрат ақын:
Едiлдi тартып алғаны -
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны -
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны -
Ойдағысы болғаны.
Мал мен басты есептеп,
Баланың санын алғаны -
Аңғарсаңыз, жiгiттер,
Замананы тағы да,
Бiр қырсықтың шалғаны, --
деп отаршыл өкiметтiң құлашты ңлi де кеңге сермейтiндiгiн ескертедi. Отарлық езгiмен бiрге
келген орыстандыру саясаты-ның халықты адамгершiлiк қасиеттерден жұрдай еткендiгiне
налыған ақын ″ қоңсыдан туып би болған″ , ″ қара кiсi хан бол-ған″ , ″ асылзада баласының құл
болып″ , ″ асылсыз баласының ақшасына сүйенiп пұл болғанын″ батыл сынайды. Оның пiкiрiн-
ше, халықты тектi тұқымнан шыққандар ғана басқаруы тиiс, ″ құлдан туған төренi, ақсүйектiң
ұлы деп″ , оған ел тiзгiнiн ұста-ту ″ адыра қалғыр заманның белгiсi″ . ″ Дiнi басқалардың ел биле-
уiн″ бар пңленiң бастауы деп есептеген Мұрат ақын бекерден-бекер жылай бермей ″ кейiнгi туған
бала үшiн″ , кейiнгi ұрпақтың ″ сауабы үшiн″ , ″ күндердiң күнi болғанда, обалы маған″ болмас
үшiн ″ дулығалы қара нарларды″ атқа қонуға шақырады.
″ Зар заман″ мектебiнiң жыршылары өз дңуiрiнiң жоғын жоқ-таған, халықтың тiлеуiн тiлеген,
оның iргесiнiң шайқалмай, ата-бабалар дәстүрiнiң сақталуын, тәуелсiздiктiң уыстан шықпауын
жақтаған адал ұлдары едi. Олар үшiн ең алдымен елдiң тәуел-сiздiгi, ел дәстүрi, ңдет-ғұрып ″
Қасым хан салған қасқа жолы″ , Абылай хан салған елдiң бiрлiгi мен ынтымағы қымбат болатын.
Консерватор ақындар күштi де, ңдiл хан билiгiн құп көрдi. Олар өз шығармаларында өткен
дңуiрдi аңсады, өз Жңнiбектi, Қасым ханды, Тәуке ханды, Абылайды, Кенесарыны еске алды,
олардың ел бiрлiгiн нығайтудағы еңбектерiн атады. Замананың бұзылуын ел билеудiң бұрынғы
дәстүрлерiнiң жойылуынан деп бiлдi, сондықтан ел арасындағы келеңсiз құбылыстар тамырын тереңге жайды деп түсiндiрдi. Олар патшалық отаршылдық сая-сатты сынаумен қатар, болашақта
жарқын өмiрдiң қайта орнай-тынына сендi.
″ Зар заман″ ақындарының уақыт тығырын дұрыс түсiнгенi және оны ңдiл бағалағаны өзiнiң
тарихи маңызы мен өзектiлiгiн жоғалтқан жоқ. Бiрақ олар дәстүрлi құндылықтарды қорғаға-
нымен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен, олар
патшалық отаршылдық сая-сатты сынаумен қатар, болашақта жарқын өмiрдiң қайта орнай-
тынына сендi.

Патшалық Ресейдiң қазақ жерiн толық жаулап алуы-ның аяқталуы мен отаршылдық езгiнiң күшейе түскен дңуiрiнде өмiр сүрген қазақтың ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов -- осы кезеңдегi қоғамдық ойдың дамуына зор үлес қосқан ойшылдардың бiрi. Ресейдегi және Европаның басқа да елдерiн-дегi саяси-әлеуметтiк өзгерiстермен жақсы таныс болған Шоқан қазақ жерiндегi патша өкiметi жүргiзiп отырған отарлық сая-саттың мүмкiн болар зардаптары туралы өзiнiң ұсыныстары мен пiкiрiн батыл бiлдiрдi. Ол қоғамда жүргiзiлiп жатқан өзгерiстер адам мүддесiне сңйкес келуi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Саясаттану ғылым және оқу пәні
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Қазақстанда саяси ойдың қалыптасуы мен дамуы
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Мұсылман ағартушылығының мәнін ашу және хіх ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының даму жағдайы мен барысы
Саясат тарихы жайлы мәлімет
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
Саяси ілімдер мен бағыттар
Пәндер