Түркістан қаласының рухани-мәдени және экономикалық орталық ретіндегі қалыптасуы


Түркістан қаласының рухани-мәдени және экономикалық орталық ретіндегі қалыптасуы
Қазақстан тәуелсіз ел болғанынан бері ғана оның өткен тарихына сын көзбен қарау мүмкіндігіне ие болдық. Бұл еліміздің тарих ғылымының жаңа тыныс алуына жол ашты. Қазақстан тарихының өзіне ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі - қалалар тарихы.
Бірнеше ғасырлық тарихы бар түбі бір түркі халықтарының рухани, мәдени, ғылыми және экономикалық сауда орталығы ретінде Түркістанның орны ерекше. Түркістан ќаласының XV - XVII ғасырлардағы тарихына ќатысты ќолда бар санаулы деректердің өзі, бұл ќаланың Ќазаќ хандығында ерекше орны барын, шын мәнінде астаналыќ дәрежеде болғанын көрсетіп тұр. Мұны сол кезде де, көрші елдер өкілдері мойындаған. 1734 жылы 11 шілдедегі Орынбор экспедициясының бастығы И. Кириллов сыртќы істер коллегиясына жазған хатында аныќ көрсетеді: «Туркестан, где была их старинная столица».
Қазақтың бір топ саяси және діни, рухани, заңғар, алып тұлғаларының денесі осы Түркістан топырағында байыз тапқан. Сондықтан да, мәселені тақырыптық жағынан кеңірек зерттеу үшін, Түркістан қаласының тарихына тереңдеп үңілу қажет. Бұл - Тәукеден бастап қазақтың талай-талай хандарының ту тіккен бас қаласы.
Түркістан қаласының рухани орталыққа айналуында зор рөл атқарған Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымы мен оның кесенесінің маңызы айқындалады. Қазақ мемлекетінің орнығуына байланысты Иассауи кешені өзінің әу бастағы міндет-мақсатын анағұрлым кеңейтті. Иассауи кешені ірге көтерген кезден бастап мұнда елге елеулі, халыққа қалаулы хан-сұлтандар, би-батырлар жерленіп, қазақ халқының киелі қорымына (пантеон) айналды.
Тарихи ұлы Жібек жолының бойында әулиелі Түркістан - қазақ мемлекетінің тұңғыш астанасы Оңтүстік өңірде ол - өзге де маңызы зор, ғұмыр жасы одан да ұзак қалалар бола тұра (Отырар, Сауран, Тараз, Испиджаб т. б. ) өзіндік ерекшелігі мол кала.
Түркістан өлкесінің атауы ғасырлар бойы түрік тайпалары мен халықтарының көшпелі өмір кешуіне ғана емес, көбіне-көп саяси жағдайларға байланысты да - өзгеріп отырған. Мысалы ІХ-Х ғ. ғ. жазба деректерде Түркістан қаласы мен ауданы орналасқан жерде Шауғар атты орталық қаласы бар аймақ болғандығы белгілі. Шауғар ҮІ-ХІ ғ. ғ. аралығында бұл өлкенің басты қаласы болып есептеледі.
ХП ғасырда Шауғардың кезеңінде Иассының маңызы күрт көтеріледі. Иассы жер өңдеу аймағындағы неғүрлым ең ірі елді мекен болғандыктан экономикадық орталық та осында қоныс аударады. Иассы Шауғар өлкесінің орталығына айналады. ХҮІ ғасыр соңында қала түпкілікті Түркістан атауына ие болып бізге дейін осы атаумен аталды.
Иассы Қаратаудың оңтүстік бөктерінен 30 км жерде, Сырдария өзенінен шығысқа қарай 35км қашықтықтағы тегіс жерде орналасқан. Қала ХҮ-ХҮІ ғасырларда Қазақ хандығының қол астына сирек қарады. ХҮІІ ғасырдан бастап қала Қазақ хандығының астанасына айналады да, онда бүкіл Сырдария өңіріндегі негізгі мәдени және саяси өмір шоғырландырылады.
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан бұл қала аймақтағы ірі сауда орталығы болды. К. А. Пищулина қалада Дешті Қыпшақ, Ферғана және Қытай саудагерлерінің жолы да түйіскендей келе қала базарларында Дешті Қыпшақтардың мал айдап келіп өздеріне қажетті заттарға айырбастаған дейді. Қала сонымен бірге ауқымды егіншілік өңірдің орталығы болғандықтан өздерінен артылған егіншілік, бау-бақша өнімдерін басқа да жерлерге шығарып отырады.
Қаланың маңызы мұнымен ғана шектелмейді. Қазақ хандығы құрылғанға дейін Иассы қаласы Түркістан аймағының және оған іргелес орналасқан Дешті Қыпшақтың діни өмірінде зор рөл атқарады. Мұнда Орта Азиялық көшпелілер мен Орта Азияның отырықшы мұсылмандарының қасиетті адамның бірі - Қожа Ахмет жерленген. Осыны ескере отырып және жергілікті тұрғындар мен Дешті Қыпшақтың көшпелілеріне арқа сүйеу үшін Ақсақ Темір ХІҮ ғасыр соңында Қожа Ахмет Яссауиге арнап мавзолей салдыртады.
«Қасиетті жер саналған Иассыда ХҮ-ХҮІІ ғасырларда Дешті Қыпшақ хандары мен олардың семья мүшелері жерленеді. 1485 жылы Әбілхайыр ханның әйелі, Ұлықбек мырзаның қызы Рабиға-Сұлтан-Бегім, 1524 жылы Сүйініш Қожа хан денелері осында қойылады.
XII ғасырдың басынан Иассы да Шауғар басынан өткерген тарихи оқиғаларды бастан кешті. Шауғардан Иассыға экономикалык орталық, қана көшіп койған жоқ, қасиетті орынға айналуы да катар жүріп жатты. Иассының көлемі де өсе түсті және бірте-бірте аймақтың астанасына айналады. Осы кезден бастап Иассының аты жазба деректерде жиі кездесе бастайды, тек ХVI ғасырдан бастап қала Түркістан деген атаққа ие болады. ХҮІ-ХҮІI ғасырлар Түркістанның, нағыз гүлденген кезеңі болды. Қала Оңтүстік Қазақстанның аса ірі орталығына айналды. ХҮІ ғасырдың соңында Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасында саяси карым-қатынас орнайды. ХҮІІ ғасырда Қазак хандығы мен Ресей арасында елшілік катынасы күшейе түсті . Орыс елшіліктері қазақ хандығының астанасы Түркістанға келіп түсетін.
1819-1864 жылы Түркістан Қокан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған [1] .
Түркістан қаласының негізгі тұрғындары болып сауда адамдары, қолөнершілер және егіншілер саналды. Қалалықтар басқа да Қоқан қалалары халқы сияқты айырбасқа негізделген, ішкі саудамен және қолөнерімен кең түрде айналысты. Қолөнер кәсіпшілігі ұсақ шеберханалардан тұратын, олар жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін ғана өңдеумен айналысты және бұл тұрғын халықтың сұранысын толық қанағаттандыра алған жоқ. Сыртқы сауда тиісті дәрежесінде дамыды деуге болады. Қоқан хандығы, сыртқы сауда рыногында Батыс Монғолиямен, Шығыс Түркістанмен, Бұхарамен, Хиуамен және Ресеймен тығыз байланыс орнатты.
Түркістан каласының өзінде Қокан билігінің соңғы жылдарында 391 дүкен болса, оның 140-ы керуен сарайларының маңында орналаскан. 1863 жылы бұл каладан Бухара саудагерлерінің өзі ғана 240 мың сомның малдарын сатып алған [2] .
ХІХ ғасырдың ортасындағы Түркістан өңірінің тарихы бүкіл оңтүстік қазақтарының тарихымен тығыз байланыста болды. Қала халқының санында, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуында ірі өзгерістер орын алды. Түркістан қаласының аумағы кеңейе бастады, бекініс маңында жаңа көшелер пайда болып, оның құрылысы мен тұрмыстық жағдайы «ескі» қаладан мүлдем өзгеше еді. Қала - шахристан, бекініс, және қала шеті етіп бөлінді. Қала ұзындығы 3 км дуалмен қоршалған, 12 мұнара, 5 қақпа болған. Барлық көшелер беініске алып келетін. Үйлерде жылыту пештері болмады. Қаланы суару үшін Сыр бойынан су алынып, 12 арық жүйесі арқылы қалаға тартылған. Ауыз су тек құдықтардан алынған.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарынын басында Ресей Қазақстанның оңтүстігіне шабуылын қайта жалғастырып, оны Қокан хандыгының қолынан түгелдей тартып алудың идеологиялық дайындығын жасауды аяқтады.
1864 жылы қалада 5 мыңдай тұрғыны болды, 22 су диірмені, 2 медресе, базар, 21 тері илейтін зауыт, 15 ұстахана, 5 зергерлік орын, 6 тігінхана, 18 наубайхана, 8 шаштараз болған [3] .
Түркістан 1872 жылдан уездік қала аталды. Қала уездік қалаға айналғаннан бастап, тұрғындар саны көбейіп, капитализм ене бастайды. 1871 ж. Түркістан қ. 1 медресе - 35 оқушы, 14 мектеп - 250 ұл және 32 қыз оқушылары болды. Жалпы 1854 ж. қала тұрғындар саны - 5000, ал тұрғын үй құрылымы 1200 үйден құралды десек, 1878 ж. Түркістан уезінде - 1495 үй, 13152 адам тұрды [4] . Қалада 1878 ж. қоғамдық және өкімет үйлерінің жалпы саны - 7 болды. Қала бюджетінде 2000 руб көлемінде Ташкент қаласындағы Мемлекеттік банкіге салынып, кіріс - 5904 руб құраса, шығын - 5600 руб құрады [5] .
1873 ж. қалада халықтық мектеп ашылды. 1879 ж. екі жылдық қалалық училище болып өзгертілді. Онда жергілікті халықтың балалары оқыды. 1884-1886 ж. ж. ересектер үшін кешкі оқу курстары қызмет етті. Кейін екі жылдан соң білім алушылардың саны аз болғандықтан жабылды. 1887-1890 ж. ж. түстент кейінгі ауысымда қыз балалар білім алды [6] .
1878 ж. ішімдік орындарынан Түркістанда 1 шарап көтерме қоймасы және 8 «ренсковые погреба» деп аталатын 8 қойма жұмыс істеген. 1879 ж. осыған қоса 1 қонақ үй ашылды [7] . Қала құрылыс нысандарын жөндеу үшін арнайы қаражат бөлінгенімен өте аз болды. Соның салдарынан көп үйлер жарамсыз жағдайға келіп ұшырады. Жөндеу жұмыстарына 1880 ж. 1411 сом жұмсалды, оның ішінде түрменің жөндеуіне - 133 сом, түрме бастығының пәтеріне - 70 сом, дәрігер мен аптека, аурухана жөндеу жұмыстарына - 35-40 сом [8] .
1887 ж. қала Шымкент уезінің құрамына енеді. Түркістан қалалық бюджетіне негізгі кіріс қала тұрғындарының мүлкінен, саудадан түсетін қаржы көздерінен құрылды. Қаланың әлеуметтік қажеттілігі ескерілмей, кіріс сома негізінен полиция, түрме, әскери казармаларды қамтамасыз етуге жұмсалды. Қалада канализациялар болған жоқ, көшелер лас, базар антисанитарлық күйде болып, медицина қызметіне өте аз қаражат бөлініп тұрды. 1882 ж. қалада бір ғана аурухана жұмыс істеді. 1888 ж. Түркістан қаласы медицина саласына 3890 сом жұмсалды. Сырдария облыстық әскери губернатордың мәлімдемесі бойынша жылыту және жарықтандыру жұмыстарына 119, 47 сом жұмсалса, көпірлерді, көшелерді, жолдарды жөндеу үшін жоспарланған 200 сомның орнына 150 сомы ғана пайдаланды [9] .
1890-1916 ж. ж. Түркістан қаласының жағдайына Орынбор-Ташкент теміржол салынуы халық санының өсуімен, орыс шаруаларының жаппай қоңыс аударуымен, жергілікті тұрғындардың отырықшылыққа көшуімен сипатталады. ХХ ғ. басында Түркістан 1400 га -дай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41мешіт. 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 ж. 15236 адам болды. Өнеркәсіп және саудап орындарынан 1912 жылы 4 мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, 5 кірпіш зауыттары, 15 су диірмені жұмыс істеді [10] .
XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында орын алған, жәрмеңкелер санының артуы және олардың айналымының жылдам қарқынмен өсуіне қарамастан жәрмеңкелік сауда, ірі бөлшек саудасымен айналысатын дүкендер, көтерме қоймалар және т. б. өсіп келе жатқан ішкі және сыртқы рыноктың талаптарына жауап беретін сауда орындары түріндегі тұрақты сауда түріне жол берді. Сондай-ақ, Түркістан қаласында осындай сауда үйлерінің бірі «Ю. Давыдов и Ко» болды. «Еврейская торговая фирма имеет очень большое отделение в г. Туркестан, где имется склады мануфактуры и других товаров. Так как за наличный расчет подобный товар продать нельзя поэтому единственным способом сбыта является отпуск таких товаров степнякам кочевникам в кредит на сроки или до урожая зерновых посевов или же до осеннего и весеннего сезона стрижки баранов [11, 84] . Осындай коммерциялық әркет арқылы бұл аталған фирма бүкіл қала мен оның маңындағы тұрғындарын өзіне тәуелді етіп қойды: « . . . весь Туркестанский участок и нет почти юрты, которая не была бы в неоплатных долгах от этой фирмы» [11, 84] . Тауарларды қарызға беру, көпестер үшін өте тиімді болды. Тұрақты сауда нүктелердің тағы бір түрі - жайма базарлар мен ашық алаңда орналасқан базарлар болды. Түркістан уезінде 1885 ж. - 6 болды. Түркістан қаласында генерал-губернатор К. Кауфманның 1879 ж. рұқсаты бойынша әр жұма сайын базар күні болып белгіленді [12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz