СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
1 Қазіргі таңда экологиялық дағдарыс басталды
2 СМОГ. үлкен өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда ауаның жоғары деңгейде ластануы
3 Жылулық эффект
4 Озон қабатының бұзылуы
5 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР, ОЛАРДЫҢ
6 ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ. ШЕКТЕУШІ ФАКТОРЛАР
7 АДАМНЫҢ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ЖАЛПЫ
8 ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ
9 БЕЙІМДЕЛУ ФАКТОРЛАРЫ
10 БЕЙІМДЕЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
11 БЕЙІМДЕЛУ ҮРДІСІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
12 БЕЙІМДЕЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ
13 ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРА ӘСЕРІНЕ БЕЙІМДЕЛУ
14 ӘРТҮРЛІ ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІК РЕЖІМІНЕ ОРГАНИЗМНІҢ БЕЙІМДЕЛУІ
15 ГИПОКСИЯҒА БЕЙІМДЕЛУ
16 БЕЙІМДЕЛУДІ БАСҚАРУ

Адамзат қоғамының пайда болуының алғашқы кезеңінде адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланып, аңшылықпен айналысты. Адамдар табиғатқа тәуелді болды, бұл тәуелділікті жоғары деңгейде сезінді. Адамдарды табиғат биледі.
Қазіргі таңда экологиялық дағдарыс басталды. Бұл дағдарыс адамдардың қатысуымен туындады. Әрине мұндай жағдай бір жылда, болмаса он жылда пайда болған жоқ. Адамдар әрқашанда қоршаған ортаға өздерінің әсерін тигізетін. Бірақ, қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары өте шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны жоғарлауда. Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына ұтымды пайдалану, бұзылған табиғи ортаны қалпына келтіріп отыру, ауаға, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы және абройлы міндеті болып саналады.
Ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде адамдар табиғатпен ара қатынас жасау үшін жаңа білім, жаңа әдіс, жаңа құралмен қаруланып қойған жоқ, қоршаған ортаны сақтаудың, қалпына келтірудің, байлықтарын ұтымды пайдаланудың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да үйренді.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАР
ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Адамзат қоғамының пайда болуының алғашқы кезеңінде адамдар
табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланып, аңшылықпен айналысты. Адамдар
табиғатқа тәуелді болды, бұл тәуелділікті жоғары деңгейде сезінді.
Адамдарды табиғат биледі.
Қазіргі таңда экологиялық дағдарыс басталды. Бұл дағдарыс
адамдардың қатысуымен туындады. Әрине мұндай жағдай бір жылда,
болмаса он жылда пайда болған жоқ. Адамдар әрқашанда қоршаған
ортаға өздерінің әсерін тигізетін. Бірақ, қазіргі кезеңде адамдар
мен табиғат арақатынастары өте шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі
халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті
дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан
табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған
ортаға тигізетін зияны жоғарлауда. Өнеркәсібі дамыған бірқатар
елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, адамдардың денсаулығына
кесірін тигізе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына ұтымды пайдалану, бұзылған
табиғи ортаны қалпына келтіріп отыру, ауаға, суға, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы
және абройлы міндеті болып саналады.
Ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде адамдар табиғатпен ара
қатынас жасау үшін жаңа білім, жаңа әдіс, жаңа құралмен қаруланып
қойған жоқ, қоршаған ортаны сақтаудың, қалпына келтірудің,
байлықтарын ұтымды пайдаланудың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да
үйренді.
Қазіргі таңда ғылыми-техникалық жетістіктер қоршаған ортаны
сақтауға, оның бүлінбеуін, ластанбауын қамтамасыз етуге толық
мүмкіншілік береді.
Үнемі табиғаттың жағдайын нашарлатып, байлықтарын шашып-төгіп
пайдалануға болмайды. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелерін
ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін
де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор. Биосфераның тепе-теңдігін
бұзған әрбір антропогенді құбылыс, басқа келеңсіз құбылыстардың пайда
боуына мүмкіндік туғызады. Қоршаған ортаның ластану мөлшері биосфераның
төзімділік шегінен асып кетіп отыр. Сондықтан, табиғат өз заңдарына
бағынбаған адамзатты өз қыспағына алуда.
Қазіргі таңда адамдардың организміне келешекте кері әсерін тигізетін
негізгі мәселелердің бірі атмосфера ауасында жоғары концентрациялы улы
қоспалардың түзілуі (СМОГ, қышқылдық жауындар) және жылулану эффектісі мен
озон қабатының бұзылуы.
СМОГ- үлкен өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда ауаның жоғары
деңгейде ластануы.
СМОГ – тың екі түрін ажыратады:
1. Атмосферада өнеркәсіптердің газдық қалдықтары мен түтінінен
тұратын қою тұманның түзілуі.
2. Фотохимиялық СМОГ. Өнеркәсіптердің газдық қалдықтары күннің
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен фотохимиялық реакцияларға түсіп,
тұмансыз газ қоспаларының өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда тұтылып
тұруы. Фотохимиялық СМОГ өте улы болып келеді. Оның құрамында ПАН
(пероксиацилнитрат), Н2О2 альдегидтер және басқа химиялық элементтер 25-40%
құрайды да, О3 60-75% құрайды. Фотохимиялық СМОГ ең алғаш рет Лос-
Анджелесте 1940 жылы байқалған, қазіргі таңда өнеркәсіпті қалаларда әлсін-
әлсін байқалып тұрады.
Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. Қышқылдық
жауын деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ оқымыстысы Роберт Ангус
Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт (Н2SО4) пен
азоттың (НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни
атмосферадағы бұл заттардың өзгерісі, химиялық реакциялары күкірт қышқылы
мен азот қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар бұлттарға сіңеді, ауа
құрамында болады. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі.
Жалпы қышқылдық жауындар табиғатта жанартаулардың атылуына байланысты
өздігінен түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл сайын күкірттің
қосындылары 92-112 млн. тн, азот қосындылары 51- 61 млн. тонна түседі.
Күкірт қосындыларының 59-69 % , азот қосындыларының 37% антропогенді
факторлардың нәтижесі болып табылады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей
немесе жанама әсер етеді. Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен
өсімдіктер мен ағаштар құрайды. Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың
топырағы ластанады. Қышқылдық заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян
келтіреді. Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SО2 концентрация деңгейі
1мгм куб. жететін болса, тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап,
тыныс алу жүйесі ауратын егде тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді.
Жанама әсері - топырақ пен судың РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық
элементтер су мен топыраққа түсіп, олардың РН көрсеткішінің төмендеуіне
әкеледі. Ал бұл аллюминий және марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр
металлдардың ерігіштігін жоғарылатады. Олар өсімдік және жануарлар
организмінде жинақталып, тамақ арқылы адам организміне түсіп көптеген
аурулар тудырады. Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші РН
өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды. Олар РН 6,5 болған кезде
өле бастаса, РН 4,5 тең болған кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер
ғана тірі қалады.
Қышқыл жаңбырлардың зардабын тартқан кейбір мемлекеттер бұл мәселенің
шешуін іздестіріп, белгілі бір шаралар қолдануда. Мәселен, қышқыл
жаңбырлардың зардабын катты тартқан Швеция көміp мен мұнай жағуды шектеді.
Бұл елде құрамында күкіpті жоқ жанармайлар ғана пайдаланылады. Кенді
балқытқанда және отынның қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін зиянды заттар
түгелдей дерлік сүзіледі. Швеция үкіметі күкіpт шығарындыларын шектеу
туралы келісімге қол қойды. Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге керсетті.
Жылулық эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы космос пен жер
арасындағы сәулелі жылу алмасуына әсерін тигізеді. Жылу алмасуының
нәтижесінде биосфераның температурасы белгілі бір деңгейде болады. Орташа
шамамен +150С. Биосфераның температуралық жағдайын ұстап тұруда күн
радиациясының маңызы өте зор. Биосфераның температура деңгейі 99,8% күн
радиациясына, 0,18% табиғи көздер жылуына, 0,02% антропогендік көздер
жылуына тәуелді. Жердің жылулық тепе-теңдігінің бұзылуы ақырғы он жылдықта
антропогендік факторлардың әсері нәтижесінде туындап отыр. Көптеген газдар
күн радиациясын кедергісіз өткізеді. Бірақ көмір қышқыл газы, метан, озон,
су буы атмосфераның төменгі қабатында жинақталып, 0,38...0,77 мкм болатын
күн сәулелерін жерге қарай кедергісіз өткізіп, ал жерден шағылысып космосқа
шығатын 0,77-340 мкм ұзындықтағы инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. Соған
байланысты бұл газдардың концентрациясы және қоспалары атмосферада жоғары
болған сайын жерден космосқа соншалықты аз жылу бөлінеді. Сәйкесінше ол
жылу мөлшері биосферада қалып климаттың жылулануына әкеледі. Бұл үрдісте
негізгі рольді СО2 атқарады. Яғни биосфера газдарының жылулық
эффектілігін туындатуына қатысуының пайыздық көрсеткіші мынадай: СО2-50%,
СН4-20%, фреон -15%, N2О-10%, О-5%. Атмосферадағы көмірқышқыл газы
концентрациясының пайыздық көрсеткіші 1900 жылы- 0,029% , 1990 жылы-
0,036% , 2000 жылы- 0,038% болса 2030 жылы- 0,045-0,06% , 2050 жылы - 0,07-
0,075% болады деп болжануда. Егер бұл болжам дұрыс болса Қазақстан мен
Орта Азия елдерінде қаңтар айының орташа температурасы 6-15оС- қа
жоғарылап, қыста түсетін қар мен жауын 20-30 пайызға кемиді.
Біздің онсыз да қуаң климатымыз күрт өзгеріп, ауа райы тіпті
қолайсыз болуы мүмкін.
2005 жылға дейін жер шарының орташа температурасы 1,5-4,5 көтерілуі
мүмкін. Мұндай температураның көтерілуі поляр мұздықтарының біртіндеп
еруіне әкеледі. Ал бұл дүниежүзілік мұхит деңгейінің 0,5-1,5 метрге
көтерілуіне себепкер болады. 2100 жылы 5 млн км2 құрғақ аймақтар судың
астында қалады деп болжам айтылуда. Бұл барлық құрлықтың 3%, құнарлы жердің
- 30 % құрайды. 1982-1988 жылдар аралығында жер серігі арқылы жүргізілген
зерттеулер дүниежүзілік мұхиттың әр жыл сайын 0,1оС жылынатынын
анықтаған.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногенді ластануы озон
қабатына да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0,29 мкм
болатын және одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің түсуіне
әкеп соғады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте
қауіпті: өсімдіктер өледі (ең бірінші дәнді дақылдылар), онкологиялық және
көз ауруларының деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі заттарға
хлор мен азот қосындылары жатады. Хлордың бір молекуласы 105 озон
молекуласын, ал азот оксидінің 1 молекуласы озонның 10 молекуласын бұзады.
Бұл заттардың қосындыларының атмосфераға түсетін негізгі көздері: ұшақтар
(әскери ұшақтар). Олардың шығару газдарының 0,1% азот оксидтері (NO, NO2)
құрайды; ракеталар; жанартаулық газдар; фреон қолданатын өнеркәсіптер; атом
жарылыстары. Бір Шаттл ракетасының космосқа ұшырылуы озоның 0,3 %
(100000000т озон) бұзылуымен ұштасады. Бұл жағдайда түзілетін озон
қабатындағы тесік ұзақ мерзім бітпейді. 1973 жылы озон қабатының техноген
факторларының әсерінен 1% бұзылса, 2050 жылы озон қабатының 10% бұзылады
деген болжам айтылуда.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ. ШЕКТЕУШІ ФАКТОРЛАР
Экологиялық факторлар - тірі организмге олардың жеке дамуының бір
ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын ортаның кез-
келген әрі қарай бөлшектенбейтін бөлшегі. Экологиялық факторларды үш топқа
бөледі: абиотикалық - өлі табиғат факторлары; биотикалық – особь пен
популяция және табиғи бірліктер популяциясы арасындағы өзара қатынас;
антропогенді – адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерінің жиынтығы.
Экологиялық факторлардың әрқайсысының өзінше маңызы бар. Мысалға, жылудың
кемшілігін мол жарықпен, ал организмге қажетті минералдық элементтерді
сумен алмастыруға болмайды. Организмнің тіршілік етуіне неғұрлым қолайлы
қарқынды факторды - тиімді (оптималды) деп атайды. Организмнің тіршілік
етуіне мүмкіндік жоқ шекараны – шыдау шегінің төменгі және жоғарғы деңгейі
деп атайды. Егер де қайсыбір фактордың мәні шыдау шегінен шығып кетсе онда
ол – шектеуші фактор деп аталады. Қоршаған ортаның қолайлы немесе
қолайсыз жағдайларын тексергенде алдымен организмдердің өмір
сүруіне аса қажетті факторларға көңіл аударған жөн.
Адамдардың ортаға жасайтын әсерін, пайда - зиянын анықтағанда ең
басты шектеуші факторларды іріктеп алып, жеке организмге, бір
түрлі организмдер тобына, бірге өмір сүретін әр түрлі организмдер
тобына жасайтын ықпалын білу маңызды.
Шектеуші факторлар физикалық, химиялық және биологиялық
сипатта болады. Мысалы, бірге өмір сүретін организмдер тобының
арақатынасы биологиялық сипатта болса, организмдердің жылы мен
суыққа, құрғақшылық пен жауынға әсерлестігі физикалық сипатта,
қоршаған ортада көмір қышқыл газының көбеюі - химиялық сипатта
болады.
Табиғаттың көптеген шектеуші факторларының ішінен климатқа
жататындарын бөліп алып қараған дұрыс, себебі олардың адам
өміріне, шаруашылық жүргізуге жасайтын әсері өте үлкен. Мысалы,
адамдардың солтүстіктің кейбір жерлеріне қоныс тебуіне жылудың
жетіспеушілігі шектеуші фактор болса, керісінше кейбір оңтүстік аймақтарда
су тапшылығы мен температураның өте жоғарлығы шектеуші фактор болып
табылады. Себебі, адам организмдерінің бейімделу мүмкіндіктері де шектеулі.
Бірақ, қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде бұл шектеуші
факторлары бар аймақта да тірішілікке қажетті жағдайларды адам қолымен
жасап қою мүмкіндігі бар. Табиғаттың шектеуші факторлары адамдардың
қолайлы өмір сүруі үшін керекті жағдайларды жасауына әкеледі.
Климаттың шектеуші фактор болатыны ондағы өзгерістер мен
құбылыстар адамдардың еркімен жүрмейді, тек табиғат заңдарына ғана
бағынады. Сондықтан, қандай да болмасын өндрісті ұйымдастырғанда,
өмір сүруге қолайлы жағдай жасағанда сол жердің климат
ерекшеліктерін ескеріп, олардың пайдалы жағын пайдаланып, зиянды
жағын азайту бағытында қызмет істеу қажет. Организмнің сол жердің
климаттық шектеуші факторларына бейімделуін ескеру керек. Климаттың
шектеуші факторларына ауаның температурасы, күн сәулесі, жылу,
ағын су, жел және атмосфералық қысым жатады. Климаттағы өзгерістер
мен құбылыстар табиғи жолмен және антропогенді факторлар
нәтижесінде де болып жатады.
Табиғи жолмен болатын өзгерістер милиондаған жылдар бойы
жүріп келеді. Жер шарының әр түпкірінен табылған ауа райы
туралы деректерді салыстырғанда бірнеше миллион жыл бұрын
климаттың басқаша болғаны, содан бері айтарлықтай өзгергені мәлім
болды.
Адамдардың іс-әрекетіне байланысты болатын өзгерістер
ормандарды кесіп, жерді игеріп, қала мен су қоймаларын сала бастаған
кезден жүріп келеді.
Шаруашылық жұмыстарымен айналысқанда биосфераның өсу заңдарын
ескеріп отыру, болашақта болатын пайда-зиянды анықтап алған дұрыс.
Мысалы су электр станциялары құрлысын бастамас бұрын өзеннің
ағысы мен жауын шашын мөлшері бұрынғы қалыпта сақталама, болмаса
азайып кетеме, су астында қалатын құнарлы топырақпен кесілген
орманның орнын су электр станциясы беретін пайда толтырама, әлде
зиян әкелеме, сол сияқты мәселенің тағы басқа жақтарын есептеп
білуі керек.
АДАМНЫҢ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ
Біздің планетамыздың тарихында адамның қоршаған ортамен әрекетінің
нәтижесінде көптеген Жер планетасының кейпін өзгерткен үрдістер болып
жатыр. Адам бір жағынан тарих нәтижесі, ал екінші жағынан оның жасаушысы,
тудырушысы. Жүз ғасыр бойы қалыптасқан адам организмнің физиологиялық
қасиеттеріне ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны және тіршілік жағдайы т.
б. көп жағдайда сәйкес келмейді. Бұл тұрғыда Ф.Энгельстің табиғатты
жеңген жеңісіміз үшін масаттанбауымыз қажет, себебі әр осындай жеңіс үшін
табиғат кек алады,- деген пікірі еске түседі. Жаңа табиғи және өндіріс
жағдайында адамның бейімділігін қысқаша белгілі бір экологиялық ортада
организмнің тұрақты тіршілігі үшін қажет әлумет-биологиялық қасиеттері мен
ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Жеке тұлғаның немесе
популяцияның бейімделу мүмкіндіктері тіршілік әрекеттің нақты жағдайларында
айқындалады. Тірі жүйенің бейімделу қасиеті жеке бас денсаулығының бірлігі
болып табылады. Адамның бейімделу қасиеттері мен қорлары белгілі бір ретпен
көрініс береді және олар уақытпен шектеледі. Белгілі бір табиғи немесе
жасанды тіршілік ортасында организмнің бейімделу мүмкіндіктерінің қорын
терең зерттеуге болады.
Серотинина Н.Н., Агаджанян Н.А. еңбектерінде ішкі организмнің
тұрақтылығының бұзылуына қауіп төнген кезде тұтас организмнің реакцияларын
сипаттайтын эксперементтік мәлімдемелер кездеседі. Г.Селье Адаптациондық
синдром туралы ілімінде бейімделуді үш кезеңге ажыратады. З.И.Барбашова
бойынша бейімделудің кезеңдері келесідей сипаталады: 1 кезең – авариалық
кезең сыртқы әсерлерге жауап ретінде организм өзінің қорғаныш күштерін
жинақтауы; 2 кезең – тұрақты өтпелі бейімділік кезең. Қоршаған орта
жағдайларына организмнің негізгі қызметтік жүйелерінің бейімделе бастауы.
3 кезең – тұрақты бейімделу немесе резистенттілік кезең. Экстремальды
фактордың ұзақ уақыт әсерінен организм, сол фактордың әсерінен туындаған
қызметтік бұзылу - ығысуларды толығымен қайта қалпына келтіре алмаудан
әлсіреп, титықтайды.
Белгiлi бір қоршаған ортаның шектеуші әсерiне организм жаттығады,
сол әсерге толығымен бейiмделуге тырысады. Егер шектеуші фактор көрсеткіші
тіршілік үрдісіне сай келмесе организм өзiнiң тiршiлiгiн жоғалтады. Мысалы:
адамның 4000 метр биiктiктегi тау аймақтарында құнды өмiр сүрiп, жұмыс
iстеуi мүмкiн емес.
Биология ғылымында бейiмделу (адаптация) үрдісі – организмнің
құрылысы мен қызметтерінің тіршілік ету жағдайларына бейімделуін білдіреді.
Бейiмделу үрдісі нәтижесінде, белгілі бір тіршілік ортасына тірі
организмді өмір сүруге ыңғайлайтын тиімді белгілер мен қасиеттер
қалыптасады. Бейiмделу тірі организмдер эволюциясымен тығыз байланысты және
белгілі бір климатта организмнің өмір сүруін түсіндіреді. Тұрақты
бейімделген организм ретінде өзгерген тіршілік жағдайына жеңіл бейімделіп,
сол ортаның тіршілігіне бейімделген ұрпақ беретін организмдерді
қарастырады. Физиологиялық тұрғыдан бейiмделу (адаптация) ретiнде
жасушалар, ағзалар, жүйелер мен организм деңгейiнде жүретiн белгiлi бiр
физиологиялық реакциялармен қамтамассыз етiлген туа және жүре бiткен барлық
бейiмделу әрекеттерiнiң түрлерiн қарастырады. Көптеген әдебиеттерде
бейiмделу деп жеке тұлғаның тiршiлiкке бейiмделу үрдiстерi мен
құбылыстарын және тұтас популяцияның тiршiлiк әрекеттерi барысында пайда
болған өзгерiстердi де атайды.
БЕЙІМДЕЛУ ФАКТОРЛАРЫ
Бейiмделу мәселесiне жаңа көзқарастармен келген Ганс Селье, әсерлерi
бейiмделуге әкелетiн факторларды стресс факторлар немесе экстремальды
факторлар деп атаған. Бейімдеу факторлардың жіктелуі 3 кестеде берілген.
Адам екi түрлi факторға бейiмделедi.
Ол: табиғи, әлеуметтiк факторлар.
Эволюциялық даму барысында тірі организмдер табиғи
тітіркендіргіштердің алуан түріне бейімделді. Бейімделу механизмдерін
туындататын табиғи факторлар біреу емес бірнешеу, кешенді сипатта болады.
Мысалы, барлық тірі организмдер эволюция барысында ең бірінші Жердің
тіршілік жағдайларына бейімделді: жердегі қысымға, температура деңгейіне,
атмосфераның газдық құрамына т.б. Жануарлар жыл мезгілдерінің ауысуына
бейімделді. Оған олар алдын ала бейімделе бастайды. Бұл алдын-ала бейімделу
эволюцияның жетістіктерінің ең бір маңыздысы болып табылады. Табиғи
факторлар жануарлар мен бірге адам организіміне де әсерін тигізеді. Адам
организімінде де бейімделу жүрді. Адамдар қоршаған ортаға, оның
ерекшеліктеріне бейімделіп немесе үйреніп қана қоймай, оны
өзгертуге, өздеріне қолайлы жасауға ұмтылады. Яғни, көптеген қорғаныш
заттарын: киім, үй, т.б. қолдану арқылы адам өзінің тіршілік ортасына
бейімделуіне өзі көмектеседі. Бұл организмнің белгілі бір жүйелеріне
бейімделу барысында әсер күшін әлсіретеді, бірақ бұның кері әсері - табиғи
факторларға организмнің бейімделу мүмкіндігін төмендетуі.
Табиғатта болып жататын өзгерістер мен құблыстар адам өміріне,
денсаулығына қандай әсер ететінін, оларға адамның үйрену,
бейімделу және көндігу мүмкіншіліктері ғылым назарынан тыс қалған
немесе өте аз зерттелген мәселелер. Табиғаттың адамдарға ықпалы
жөнінде біртұтас жүйелі мағлұматтар болмағандықтан, бірен-саран
бытыраңқы зерттеулерге сүйеніп қоршаған ортаны қолайлы немесе
қолайсыз деп баға беру қиын. Ыстық пен суық, желмен желсіз, жаңбыр
мен ашық күндер сияқты көпшілікке белгілі табиғат құблыстарынан басқа
біз білмейтін немесе ескермейтін факторлар да бар. Оларды білмей,
зерттемей тұрып қоршаған ортаға берілген баға негізсіз болуы
мүмкін.
Мысалы, күн бетінде дақ көбейіп, күшті жарылыстар болғанда
жер бетіне түсетін күн сәулесі де өсіп, климатта, биосферада,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде ерекше өзгерістер болып
жатады. Күн бетінде дақ азайып, жарылыстар кемігенде күн
сәулесінің қуаты бұрынғы қалпына түседі. Кейбір шетелдік
ғалымдардың айтуына қарағанда күнде дақ көп кезде туған
адамдардың қанында липидтер жоғары, дақ аз кезде туылғандарда
төмен болатын көрінеді. Дақ көбейгенде жүрек және қан тамырлары
аурулары да көбейеді.
Академик В.Казначеевтің байқауы бойынша сәбилер ананың
құрсағындағы кезінен бастап өздері тұрған электромагнитті ортаға
бейімделеді. Жастары 50-ден асқан адамдарға тұрған жерлерін жиі
өзгертуге, жазық жерден таулы аудандарға, оңтүстіктен солтүстікке
көше беруді дәрігерлер дұрыс көрмейді. Олар жаңа жерге көпке
дейін үйрене алмай, кейбіреулері кері қайтуға мәжбүр болады.
Табиғат жағдайлары неғұрлым қолайсыз болған сайын адамдардың ауру-
сырқаудан қорғану мүмкіншілігі азая береді де, ортаны қолайлы
ету үшін көп күш пен қаражат керек болады.
Табиғи факторларға бейімделумен қатар адам үшін оның еңбектік іс-
әрекетіне байланысты әлеуметтік факторларға да бейімделуінің маңызы зор.
Әсер ететін әлеуметтік факторлардың саны цивилизацияның өсуіне байланысты
артуда. Адамзат баласының тіршілік ортасын кеңейтуіне байланысты мүлде жаңа
жағдайлар мен әсерлер пайда болды. Мәселен, ғарышқа ұшу бұрын әсер етпеген
жаңа бір факторлардың кешенін туындатты. Оның ішіндегі салмақсыздық адам
бейімделмеген жаңа әсер. Салмақсыздық гиподинамиямен, тіршілік тәртібінің
өзгеруімен шектеседі. Адамдар жердің тереңіне бойлап, жоғарғы қысымға,
ылғалдылыққы т.б. әсерлерге ұшырайды. Ыстық цехтарда, суық климаттық
жағдайда еңбек ету шектік температураға бейімделу кеңістігін кеңейтуді
талап етеді. ¤зінің еңбек әрекеті барысында адам шуға, жарық көзінің
өзгерісіне бейімделуіне тура келді. Сондықтан, адамдардың табиғи
факторлармен қоса әлеуметтік орта туындататын факторларға бейімделуінің де
денсаулық үшін зор маңызы бар.
Сурет 1 - Бейімдеу факторлардың жіктелуі (классификациясы)
БЕЙІМДЕЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Тұқым қуалау, өзгергiштiк, табиғи сұрыпталудың негiзiнде қазiргi
жануарлардың түрлері пайда болған. Бұл генотиптiк бейiмделу болып табылады.
Белгiлi бiр организмнiң қоршаған тiршiлiк ортасымен байланысынан және
сол ортада тiршiлiктi қамтамасыз етуге байланысты туындаған құрылымдық
морфо-функционалдық өзгерiстермен негізделген бейiмделу түрi – жеке
тұлғалық (индивидумдық) немесе фенотиптiк бейiмделу болып табылады. Жеке
тұлғаның бейiмделу үрдiсiнде адам есте сақтау және дағды қорын жинайды.
Естік бейімделудің биологиялық зор маңызы бар. Түрдiң сақталуының тиiмдi
бiр шарты фенотиптiк бейiмделудiң тұқымқуаламауы. Фенотиптiк бейiмделудiң
негiзгi звеносы және механизмi: организмнiң өмiрлiк маңызды
құрылымдарындағы қызмет пен генетикалық аппараттың өзара байланыстылығы.
Дене бiтiмдiк күштерге немесе денеге түсетін жүктемеге бейiмделу тек
дене бiтiмдiк жұмысқа қабiлеттi арттырып қана қоймайды, сонымен қатар,
организмнiң гипоксияға (оттектің жетіспеушілігі) тұрақтылығын жоғарылатып,
атеросклероз, гипертония, қант ауруының өрбуiн тежейдi.
Тiрi организмдерде 3 түрлi мiнез-құлықтың (іс-әрекеттің)
бейiмделушiлiк типтерін ажыратады: жағымсыз әсерлерден қашу; жағымсыз
әсерлермен бiрге өмiр сүру, бағыну; арнайы бейiмделу реакциясының өрбуiне
байланысты жағымсыз әсерлерге белсендi қарсы тұру.
Г. Селье пассивтi бағыну түрiн синтаксистiк, белсендi қарсы тұруды
кататаксистiк деп атаған. Қыстың суығы түскенде біз (қарапайым
организмдерден адамға дейін) аталып µткен бейімделудің барлық типтерін
бақылай аламыз. Кейбір жануарлар жылы індеріне тығылып суықтан сақтанады
немесе жылы аймақтарға қоныс аударады. Тірі органзмдердің пойкилотермді деп
аталатын үлкен тобы дене температурасын тµмендетіп, жылы мезгіл келгенге
дейін ұйқы күйіне (гипобиоз) түседі, ал келесі жануарлардың гомойтермді
тобы (сонымен қатар адамдар да) жылуды µндіру мен бµлу қызметтеріне µзгеріс
кірдіре отырып, қоршаған ортаның тµмен температурасында да µз денесінің
тұрақты температурасын сақтайды.
Белсенді бейімделудің биологиялық мәні µзгеріп отыратын сыртқы орта
жағдайларында тіршілік етуге мүмкіндік беретін гомеостазды белгілеу және
оны ұстау болып табылады.
Сыртқы ортаның белгілі бір елеулі компоненттері µзгергенде организм
µзінің кейбір қызметтерінің константталарын µзгертуге мәжбүр болады. Яғни,
қоршаған ортаның нақты бір жағдайына, әсеріне адекватты гомеостаздың қайта
құрылуы жүреді. Ал бұл бейімделудің негізі болып табылады. Органимдегі зат
алмасу үрдістері де тіршілік жағдайына бейімделеді бірақ, бұл салыстырмалы
баяу жүреді. Сыртқы орта факторлардың µзгерісіне бірінші болып қан айналу
және тыныс алу қызметтері жауап береді. Бейімделу үрдісінде ерекше орынды
нерв жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі алады.
БЕЙІМДЕЛУ ҮРДІСІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бейiмделу үрдiсiнің кезеңдік µрбуін алғаш рет сипаттаған Г. Селье
болды. Бейiмделу үрдiсiнің кезеңдік ағымын қарастырайық.
Бірінші кезең – авариялық кезең. Бұл кезең физиологиялық және
патогендiк факторлардың (немесе қаршаған орта жағдайларының өзгеруiнiң)
әсерiнің алғашқы кезiнде дамиды. Мұнда iшкi жүйелердiң жұмысы өзгередi,
әсiресе қан айналым, тыныс алу. Бейімделу реакцияларына ортаңғы нерв
жүйесi, гармоналды факторлар (негiзiнен бүйрек үстi безiнiң ми қабатының
(катехоламиндер) гармондары) қатысады. Ал бұл симпатикалық жүйенiң
тонусының жоғарылауымен шектеседі. Симпатико – адреналин жүйесiнiң
белсендiлiгiнiң артуы нәтижесiнде вегетативтiк қызметтер катаболизмдiк
сипат алады. Организмдi жуық арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз
ететiн өзгерiстер туындайды. Авариялық кезеңде вегетативтiк жүйенiң
белсендiлiгiнiң жоғарылауы тәртiпсiз жүредi және әртүрлi жүйенiң қызметiнiң
көрсеткiшiнiң өзгеруi өзiн өзi ақтамайтындай жоғары болады. Қызметтердiң
нерв жүйесiмен, гуморальдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz