Фразеология. Фразеологиялық оралым



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1.Тұрақты тіркестер. Фразеология
2. Фразеологиялық оралым
3. Идиома
4. Фраза
5. Мақал.мәтелдер

ІІІ Қорытынды
Тіл – адамдардың өзара түсінісу, қатынас құралы болуымен қатар, ол – адамның рухани өмірінің, қоғам мен табиғат құбылыстарының бірден бір көрсеткіші. Ұлт пен адамның, ұлт пен қоғамның, табиғаттың арасындағы тікелей байланыс халықтың танымынан, білімдер жүйесінен көрініс табады. Ал тіліміздегі теңеу құбылысы – осы танымның нәтижесі. Қазақ тіліндегі теңеулер ұлттық үрдістің күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан бұл дәстүрден басталуы да, қалыптасып, кең тарау уәждері де тарихта белгілі этномәдени көне құбылыстарға жатады.
Ғасырлар бойы қалыптасып, тіл қорының қат-қабат қойнауларында сақталып келе жатқан, үнемі дамып, жаңаланып, толығып отыратын тілдік бірліктердің бірі – қазақ теңеулері. Ойымызды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын жеткізуде өзінің бейнелілігін, экспрессивті-эмоционалды бояуымен көзге түсетін теңеулердің маңызы ерекше құнды. Теңеу модельдерінің табиғаты бұрыннан зерттеліп келе жатса да, олардың этнос болмысын, оның көркемдік, бейнелі дүниетанымдық мәні мен тілдегі қызметін терең де жан-жақты қарастыру антропоцентризмнің өзекті мәселелеріне жатады. Өйткені мыңдаған теңеу модельдерінің уәжі мен нысаны, сайып келгенде, халықтық дүниетанымға, ұлттық менталитетке және оның құндылығын айқындау принципіне тікелей байланысты.
Бұл тіркестердің қай-қайсысын алсаң да, олардың мазмұнында халықтың тарихы, мәдениеті, оның өмір сүру салты, ассоциациялық ой-қиялы жатыр. Тілімізде мыңдап саналатын бұл тіркестер тақырыбы, мағынасы, құрамы мен құрылымы, уәждік негізі және көркемдік ерекшеліктері жағынан сан алуан. Теңеудің басты ерекшелігі қандай затты, құбылысты болсын, я қандай затпен, құбылыспен болсын салыстырса да, айналып келіп, адамның іс-әрекетін, сын-сымбатын, қалып-күйін т.б. қасиеттерін сипаттауға бағышталады.
Теңеу тіркестерін зерттеу – бұл өз ұлтыңның тұрмыс-тіршілігін, оның болмысын, табиғатын танып білу.
1. «Қазақ тілі» Ш.К.Бектұров, «Атамұра» баспасы, Алматы 2006
2. «Қазіргі қазақ тілі» І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев «Мектеп» баспасы, Алматы 1997
3. «Қазақ тілі» Қ.Қадырқұлов, Н.Ботантаева, Алматы 2004
4. «Қазіргі қазақ тілі» Жүнісова М. «Шұғыла» баспасы, Алматы 2008

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1.Тұрақты тіркестер. Фразеология
2. Фразеологиялық оралым
3. Идиома
4. Фраза
5. Мақал-мәтелдер

ІІІ Қорытынды

Кіріспе.
Тіл – адамдардың өзара түсінісу, қатынас құралы болуымен қатар, ол –
адамның рухани өмірінің, қоғам мен табиғат құбылыстарының бірден бір
көрсеткіші. Ұлт пен адамның, ұлт пен қоғамның, табиғаттың арасындағы
тікелей байланыс халықтың танымынан, білімдер жүйесінен көрініс табады. Ал
тіліміздегі теңеу құбылысы – осы танымның нәтижесі. Қазақ тіліндегі
теңеулер ұлттық үрдістің күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан бұл
дәстүрден басталуы да, қалыптасып, кең тарау уәждері де тарихта белгілі
этномәдени көне құбылыстарға жатады.
Ғасырлар бойы қалыптасып, тіл қорының қат-қабат қойнауларында
сақталып келе жатқан, үнемі дамып, жаңаланып, толығып отыратын тілдік
бірліктердің бірі – қазақ теңеулері. Ойымызды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын
жеткізуде өзінің бейнелілігін, экспрессивті-эмоционалды бояуымен көзге
түсетін теңеулердің маңызы ерекше құнды. Теңеу модельдерінің табиғаты
бұрыннан зерттеліп келе жатса да, олардың этнос болмысын, оның көркемдік,
бейнелі дүниетанымдық мәні мен тілдегі қызметін терең де жан-жақты
қарастыру антропоцентризмнің өзекті мәселелеріне жатады. Өйткені мыңдаған
теңеу модельдерінің уәжі мен нысаны, сайып келгенде, халықтық дүниетанымға,
ұлттық менталитетке және оның құндылығын айқындау принципіне тікелей
байланысты.
Бұл тіркестердің қай-қайсысын алсаң да, олардың мазмұнында халықтың
тарихы, мәдениеті, оның өмір сүру салты, ассоциациялық ой-қиялы жатыр.
Тілімізде мыңдап саналатын бұл тіркестер тақырыбы, мағынасы, құрамы мен
құрылымы, уәждік негізі және көркемдік ерекшеліктері жағынан сан алуан.
Теңеудің басты ерекшелігі қандай затты, құбылысты болсын, я қандай затпен,
құбылыспен болсын салыстырса да, айналып келіп, адамның іс-әрекетін, сын-
сымбатын, қалып-күйін т.б. қасиеттерін сипаттауға бағышталады.
Теңеу тіркестерін зерттеу – бұл өз ұлтыңның тұрмыс-тіршілігін, оның
болмысын, табиғатын танып білу. Теңеу тіркестерінің тілдік болмысын тану ол
сол халықтың тарихымен тығыз байланыста зерттеу болып табылады. Сондай-ақ,
-дай, -дей, -тай, -тей қосымшалары арқылы жасалған теңеулерге, оларға негіз
болып тұрған тіліміздегі әртүрлі атауларға этнотанымдық сипаттама беру
арқылы өткен замандағы қазақ халқының тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, салт-
санасынан, шаруашылық дәстүрінен мол мағлұматтар алуға болады.
Сонымен қатар, кез келген тұрақты теңеулердің жасалуында белгілі бір
қалыптасқан жүйелі логикалық ой болады. Теңеу тіркестері фразеологиялық
тіркестермен бір қатарда көркем сөз қорынан ерекше орын алады.

Тұрақты тіркестер. Фразеология.

Тілімізде ойды бейнелеп, әсерлеп айту үшін қолданылатын арнайы сөз
тіркестері бар. Ондай тіркестердің құрамындағы сөздердің орын тәртібі
берік, тұрақта болады, орнын ауыстыруға болмайды. Сондықтан оларды
тұрақты сөз тіркестер немесе фразеологизмдер деп атайды. Сонымен бірге
тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздер мағынасымен тіукелей
байланысты бола бермейді. Осы қасиеттері арқылы тұрақты не фразеологиялық
тіркестер еркін сөз тіркестерінен ажыратылады. Тіл арқылы қатынас
жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады.
Тіркес екі түрлі болады.
1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен
алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына
үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат
жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі
деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын
сөздердің мағыналарымен байланысты болады.
2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға
болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой
аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған
аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің
орнына- түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп
өзгертіп айтуға көнбейді.
Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой
аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға
отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша —
лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан
мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның
құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді.
Мысалы: қабыргаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен
көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді.
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстырып көрейік.

Сөз тіркесі тұрақты тіркес
.   Таза   дәптер,   таза   тайга таңба басқандай (анық),
киім, әдемі дәптер, әдемі киім, біреудің    ала    жібін    аттамау
  (ұрламау),
2.  Әдепті оқушы,  әдепті кісі,   жүрек   жұтқан   (батыр),  
баланың ісі, улкеннің ісі. қоян жүрек  (қорқак,),  
таяқ   тастам (жақын),
тіс жармау (ундемеу).

Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем
ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу
азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты
тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық
қызмет атқарады.
Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып
бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданы-латын
тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде
фразеология, фразеологизм деп те аталады.
Сонымен, бірнеше сөзден құралып, бір ғана ұғымды біру
үшін қалыптасып, тұрақтанған тіркесті тұрақты тіркес деп атайды.

Фразеологиялық оралым.
Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен
құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік философиялық
оралым деп аталады.
Фразеологиялық оралым тілде басқа бірліктермен, атап айтқанда, бір
жағынан сөзбен, екінші жағынан, еркін сөз тіркесімен шектесіп жатады.
Фразеологиялық оралымға тән басты белгі – оның даяр қалпында жұмсалу
белгісі. Фразеологиялық оралымдар қарым-қатынас үдерісінде, сөйлеу кезінде
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизмдердің мағыналық категориялары
Фразеология
Фразеологиялық оралым және оның түрлері
Фразеология. Фразеологизмдерді аудару
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ
Ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі идиомаларды аударудың ерекшеліктері
М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші кітабындағы фразеологизмдер
Қазақ тілі мен əдебиеті
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі
Пәндер