Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы



Мазмұны

Кіріспе

І тарау.
Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы.

ІІ тарау.
1. Әйел организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
2. Аборттар және олардың зиянды әсерлері.
3. Контрацепция .
4. Жыныс жолымен таралатын аурулар.

ІІІ тарау
1. СПИД індетінің пайда болуы және таралуы.
2. Эпидемиологиялық АИТВ індетін бақылауды ұйымдастыру.
3. СПИД індетін емдеу мәселелері туралы
4. Індеттің жұғу жолдары мен белгілері.
5. СПИД.ке карсы емге ұсыныстар

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.

Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі - тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады.
Етеккір кезінде сыртқы жыныс ағзаларын таза ұстағанның маңызы зор. Бұл үшін оларды леген үстінде таза жылы (ыстық емес) сумен алдынан артқа қарай жұмсақ иіс сабын қолданып жууы керек. Жуынуды тәулігіне 2 реттен кем емес өткізу керек. Осы кезде Күнделікті душ қабылдаған дұрыс. Ваннада, теңіз, өзендерде жуынуға болмайды, өйткені менструация ауру тудырғыш микробтарға жол ашады да жыныс ағзаларының қабынуын тудырады. Моншадан, әсіресе булы моншадан алшақ жүрген жөн, өйткені жоғары температура қан бөлінуін күшейтеді.
Етеккір келген кезінде арнайы салмалар қолдану қажет. Менструация кезінде тағамға ащы тамақтар қолданбау керек, өйткені олар қан ағуын күшейтеді.
Етеккір кезінде жазды күндері – тығыз жататын ішкі киім, қысты күндері –жылы трико, рейтуз және жылы аяқ киім киген жөн.
« Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік (әйелдік) ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Мәселен тым алшаң адым, не теңселіп жүру нәзіктік түсінікке жат белгі. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.
Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады.
Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет. Әдемілікті бәрінен көре білу керек – қоршаған ортадан, мәдениеттен, адам денесі гармониясынан. Жақсы киіне білу қажетті талаптарды, жағдайларды талап етеді. Ең бастысы алған зат бағасы, не оның сәнділігі емес. Моданы қолдау қажет, бірақ оны қумау керек. Егерде бірде біреудегі сәнді киім жақсы көрінсе, оның сізде де жақсы көрінуі мүмкін бола бермейді. Бұл жағдайларда сәнді киімнің өзі дөрекі көрініп, ол сіздің парықсыз және әдепсіз екендігіңізді баяндайды.
Косметика- қыз баланың сыртқы бейнесінің маңызды құрамды бөлігі. Өкініштісі, ол қыз бала бейнесін әсемдеуден гөрі, дөрекілейді.
Аса боялған ерін ерсі көрінеді, аса пудраланған бет көркі келіспейді.Аса ғаламат шаш түстері, тушты ұлпалы кірпік бейнелері әсер бермейді. Жаныңызда ұстайтын жайт, ол ең әдемі жеріңіз –бұл сіздің бетіңіз, оны танымды ете білу қажет, яғни көлеңкемелермен көріктілеу қылу, оңдылығын көрсету, гармониялық емес жерін жасыру үшін тек Кустодиев, Матисс не Пикассо сияқты бояулы сурет салудың қажеті жоқ.
Косметика бойынша ұсыныстар өте көп, және өзін сыйлайтын қыз бала косметика өнімдерін дұрыс пайдалана (әрине өз танымы бойынша) білу керек.
Тағы бір жайтта айта кету маңызды шығар. Көбі махаббат белгісін көрсету үшін қызмет етеді: әсерлі көзқарас, қол алу, сүю. Алайда, махаббат дәлелін тек физикалық жақындық деп сезінетін және бірнеше кездесуден соң қыз балаларды жақындыққа тартатын жасөспірімдер бар. Көбінесе мұндай жағдайларда үлкен махаббаттың орнына терең жүрек шайқалуы байқалады. Әсіресе, егер жас қыз жеңілтектікпен жыныстық жақындыққа өз таңдасына сеніп, келіссе, ал оның қызға ешқандай махаббат сезімі болмаса, жас шақта бұндай қарым-қатынастар қауіпті, өйткені қыздар еш дайындықсыз не өзін, не баласын қамтамасыз ете алмайтын ана болуы мүмкін. Организмде де тым ерте жүктілікке жақсы реакция бермейді.
Жүктілікке жасанды түрде үзу қажеттілігі тууы әбден мүмкін. Ал біріншілікті жүктілікті, әсіресе осындай ерте жаста үзу кейіннен ұрпақсыздыққа әкелуі ықтимал. Бұл сирек жағдай емес: біріншілей үзілген жүктіліктің 16 пайызы дәл осылай аяқталады. Көптеген жасөспірімдер жас қызбен жақындыққа түсіп, өз құмарлықтарын ғана қандырады. Көбіне қажеттіліктері әрдайым сексуалды емес, мансапқұмарлық болып табылады. Бұдан кейін жасөспірім өзінің жеңісімен сирек емес жағдай.
Өздеріңізді сақтаңыздар, сізден ешқайда қашпайтын жайды тым ерте тануға асфықпвңыз. Өзіңізге сыйластықпен қарaңыз. Өз роліңізді, өз қажеттілігіңізді есте сақтаңыз. Адамзат ұрnағын сақтап қалу, бағасыз тұқымдық материалды сақтап қалу- сіздің қолыңызда.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. М.К. Сапарбеков, И.Х. Шуратов, Т.Е.Чакликов «эпидемиология и профилактика ВИЧ-инфекции в Казахстане» А лматы 2000г.
2. Е.И.Змушко, Е.С.Белозеров, Ю.А.Митан «Клиническая иммунология» Санк-петербург 2001г. стр.346-543.
3. Ю.Б.Исхаки, М.А.Гаффарова «Лекции по иммунологии и аллергологии» Душанбе 1996г. стр.68-72.
4. Е.И:Долгих «СПИД и подросток» Учебное пособие. Павлодар 1999г.
5. Қарақұлов И; Қалжеков Т « Бәрі СПИД жайында» Алматы 1989 ж.
6. Г. Лолора-младшего, Т.Фишер, Д.Адельман «Клиническая иммунология и аллергологии» - перевод с англиского. Москва 2000г. стр.582-607.
7. Д.Ж. Жұмағалиев « Жастар және СПИД немесе оның індеті туралы» Шымкент 2002 жыл.6-42бет.
8. Л.З. Тель, Е.Д.Даленов «Валеология» (екі кітап) 1-кітап Астана 2002ж.204-240 бет.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І тарау.
Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы.

ІІ тарау.
1. Әйел организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
2. Аборттар және олардың зиянды әсерлері.
3. Контрацепция .
4. Жыныс жолымен таралатын аурулар.

ІІІ тарау
1. СПИД індетінің пайда болуы және таралуы.
2. Эпидемиологиялық АИТВ індетін бақылауды ұйымдастыру.
3. СПИД індетін емдеу мәселелері туралы
4. Індеттің жұғу жолдары мен белгілері.
5. СПИД-ке карсы емге ұсыныстар

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.

Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі - тазалық, ол туралы
бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам
жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы
жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен
етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін
сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан,
спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы
өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін.
Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын
ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр
физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын
және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған
жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру
жиілігімен анықтауға болады.
Етеккір кезінде сыртқы жыныс ағзаларын таза ұстағанның маңызы зор.
Бұл үшін оларды леген үстінде таза жылы (ыстық емес) сумен алдынан артқа
қарай жұмсақ иіс сабын қолданып жууы керек. Жуынуды тәулігіне 2 реттен
кем емес өткізу керек. Осы кезде Күнделікті душ қабылдаған дұрыс. Ваннада,
теңіз, өзендерде жуынуға болмайды, өйткені менструация ауру тудырғыш
микробтарға жол ашады да жыныс ағзаларының қабынуын тудырады. Моншадан,
әсіресе булы моншадан алшақ жүрген жөн, өйткені жоғары температура қан
бөлінуін күшейтеді.
Етеккір келген кезінде арнайы салмалар қолдану қажет. Менструация
кезінде тағамға ащы тамақтар қолданбау керек, өйткені олар қан ағуын
күшейтеді.
Етеккір кезінде жазды күндері – тығыз жататын ішкі киім, қысты күндері
–жылы трико, рейтуз және жылы аяқ киім киген жөн.
Нәзіктік түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де
кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік (әйелдік) ол тек сыртқы физикалық
пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Мәселен тым алшаң
адым, не теңселіп жүру нәзіктік түсінікке жат белгі. Грациялық – бұл
алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не
жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.
Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда
көргенсіздік болып табылады.
Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы
тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет. Әдемілікті бәрінен көре білу керек
– қоршаған ортадан, мәдениеттен, адам денесі гармониясынан. Жақсы киіне
білу қажетті талаптарды, жағдайларды талап етеді. Ең бастысы алған зат
бағасы, не оның сәнділігі емес. Моданы қолдау қажет, бірақ оны қумау
керек. Егерде бірде біреудегі сәнді киім жақсы көрінсе, оның сізде де
жақсы көрінуі мүмкін бола бермейді. Бұл жағдайларда сәнді киімнің өзі
дөрекі көрініп, ол сіздің парықсыз және әдепсіз екендігіңізді баяндайды.
Косметика- қыз баланың сыртқы бейнесінің маңызды құрамды бөлігі.
Өкініштісі, ол қыз бала бейнесін әсемдеуден гөрі, дөрекілейді.
Аса боялған ерін ерсі көрінеді, аса пудраланған бет көркі келіспейді.Аса
ғаламат шаш түстері, тушты ұлпалы кірпік бейнелері әсер бермейді.
Жаныңызда ұстайтын жайт, ол ең әдемі жеріңіз –бұл сіздің бетіңіз, оны
танымды ете білу қажет, яғни көлеңкемелермен көріктілеу қылу, оңдылығын
көрсету, гармониялық емес жерін жасыру үшін тек Кустодиев, Матисс не
Пикассо сияқты бояулы сурет салудың қажеті жоқ.
Косметика бойынша ұсыныстар өте көп, және өзін сыйлайтын қыз бала
косметика өнімдерін дұрыс пайдалана (әрине өз танымы бойынша) білу керек.
Тағы бір жайтта айта кету маңызды шығар. Көбі махаббат белгісін
көрсету үшін қызмет етеді: әсерлі көзқарас, қол алу, сүю. Алайда, махаббат
дәлелін тек физикалық жақындық деп сезінетін және бірнеше кездесуден соң
қыз балаларды жақындыққа тартатын жасөспірімдер бар. Көбінесе мұндай
жағдайларда үлкен махаббаттың орнына терең жүрек шайқалуы байқалады.
Әсіресе, егер жас қыз жеңілтектікпен жыныстық жақындыққа өз таңдасына
сеніп, келіссе, ал оның қызға ешқандай махаббат сезімі болмаса, жас шақта
бұндай қарым-қатынастар қауіпті, өйткені қыздар еш дайындықсыз не өзін, не
баласын қамтамасыз ете алмайтын ана болуы мүмкін. Организмде де тым ерте
жүктілікке жақсы реакция бермейді.
Жүктілікке жасанды түрде үзу қажеттілігі тууы әбден мүмкін. Ал
біріншілікті жүктілікті, әсіресе осындай ерте жаста үзу кейіннен
ұрпақсыздыққа әкелуі ықтимал. Бұл сирек жағдай емес: біріншілей үзілген
жүктіліктің 16 пайызы дәл осылай аяқталады. Көптеген жасөспірімдер жас
қызбен жақындыққа түсіп, өз құмарлықтарын ғана қандырады. Көбіне
қажеттіліктері әрдайым сексуалды емес, мансапқұмарлық болып табылады.
Бұдан кейін жасөспірім өзінің жеңісімен сирек емес жағдай.
Өздеріңізді сақтаңыздар, сізден ешқайда қашпайтын жайды тым ерте
тануға асфықпвңыз. Өзіңізге сыйластықпен қарaңыз. Өз роліңізді, өз
қажеттілігіңізді есте сақтаңыз. Адамзат ұрnағын сақтап қалу, бағасыз
тұқымдық материалды сақтап қалу- сіздің қолыңызда.

Әйел организмінің анатомиялық , физиологиялық және
функционалдық ерекшеліктері.

Жыныс ағзалары өзара байланысты - өсіп өрбу (репродуктивтік),
эндокринді және сексуалдық қызметтер атқарады. Жыныстық белгілерді
біріншілікті және екіншілікті , ал жыныс ағзаларын ішкі және сыртқы деп
бөлу қабылданған.
Біріншілікті жыныс белгілері эмбрионалды кезенде қалыптасады және
бірден туылысымен анықталады. Оларға әйелдерде: жыныс еріншелері, жатыр,
қынап пен аналық жыныс бездері жатады.
Өсіп даму кезінде екіншілікті жыныс белгілері байқалады: қолтық пен
мүше үстінің түктенуі. Әйел балаларда сүт бездері ұлғаяды, мүше үстері
түктенеді.
Әйелдердің ішкі жыныс ағзаларына: жатыр, жатыр түктері мен аналық
жыныс бездері жатады. Әйелдердің сыртқы ағзалары –клитор (шошақай), жыныс
еріндері, кынап жатады.
Аналық бездер, жатыр түтігі, жатыр және қынап жамбас қуысына
орналасып, аналық жыныс жүйесін құрайды.
Аналық бездерінде көпіршіктер шоғыры – фолликулдар болады. Аналық
жыныс клеткалар – жұмыртқа клеткалар дамиды. Жаңа туған қыздың Аналық
безінде 400 мыңдай жетілмеген жыныс клеткасы болады, олардың 350-500-дейі
ғана пісіп жетіледі. Әрбір аналық без жатыр түтігіне ұласатын түкті
ворнкаға батып тұрады. Жатыр түтігі жатырға ашылады. Жатыр – кілегейлі
қабықшамен астарланған, іші қуыс бұлшықетті мүше. Жатырдың төменгі ұшы –
мойны қынапқа ашылады. Қынаптың аузы тері қатпарлары – жыныс ернеуінің
аралығында болады. Жас қыз қынабының аузын дәнекер тіканьді жарғақ –қыздық
жауып тұрады. Үрпі жолының тесігі қынап аузымен қатар орналасады.
Толысқан организмдегі аналық бездердің бірінде ай сайын гипофиз
горионының әсерімен болашақ жұмыртқа клеткасы бар бір фолликул
жетіледі.Сперматозоидтың ядросындағыдай, әрбір жұмыртқа клеткасының
ядросында да хромасомалар – ата-аналардың тұқым қуалайтын белгілерін
жүргізушілер болады. Бірақ мұның адам денесіндегі басқа клеткалардан
өзгешелігі сол, жыныс клеткаларының ядроларында 46 емес, 23 хромосома
болады.Жетілген фолликул аналық бездің бетінен томпайып көріне бастайды,
сыртқы қабырғасы жұқарады; екінші аптаның аяғында көпіршік жарылады да,
жұмыртқа клеткасы фолликулдан сыртқа шығады. Бұл процесс овуляция деп
аталады. Жетілмеген жұмыртқа клеткасы түкті воронка арқылы жатыр түтігіне
түседі де, сол жерде пісіп жетіледі. Жұмыртқа клеткасы 7 күнде жатыр
түтігін бойлап, жатырға жетеді.
Жарылған фолликул қуысы бірте-бірте май тәрізді сары түсті заты бар
клеткаға толып, ішкі секрецияның уақытша безі сары денеге айналады.
Фолликулдар мен сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене
гормоны келесі фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де жатырдың кілегейлі
қабықшасы ұрық қабылдауға даяр болады. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса,
онда сары дене овуляциядан кейінгі 13-14- күні гормон бөліп шығаруын
тоқтатады. Өзгеріс болған жағдайда жатырдың кілегейлі қабықшасы бұзылады.
Кілегейлі қабықшаның түйірлері қанмен бірге қынапқа ағып шығады. Бұл
етеккір кезеңі 3 күннен 5 күнге дейін созылады. Осыдан кейін жатырдың
кілегейлі қабықшасы қалпына келеді. Овуляция айына 1 рет қана
болатындықтан, етеккір циклі де 118 ай сайын қайталанады. Ол 20-30 күнге,
көбіне 28 күнге созылады. Осы кезең ішінде фолликулдар пісіп жетіледі,
овуляция процесі өтеді, сары дене гормон түзеді және оны бөліп шығаруын
тоқтатады.
Жыныс қызметінің биологиялық дамуы. Жыныстық жетілу эндокрин және
нерв жүйелерімен байланысты.Жыныстық жетілу қыз балаларда ер балалардан
гөрі ертерек 9-12 жаста басталады.Қыз балалар толығымен 16 жасқа қарй
жетіледі. Жыныс қызметінің тоқтауы әйелдерде едәуір ерте 40-50 жасқа таман
басталады, ал ерлерде бұл көрініс 65-70 жаста байқалады. Сонымен
әйелдерде репродуктивті жас шамасы 16-45 жас шамасында болып, 30 жылға
созылады.
Алайда, биологиялық өз дегенімен ер не әйел қылмайды. Биологиялық
сипаттамалар психологиялық жыныспен толығулары қажет, бұл психосексуалды
даму процесінде байқалады.
Адамның жыныс мүшесінің дамуы негізгі биологиялық және әлеуиеттік
иаңызды кезеңдерден өтеді.
Биологиялық жыныс былай құралады:
1. Генетикалық жыныс – ұрпақтан -ұрпаққа жұмыртқа жасушасы арқылы
беріледі.
2. Гонадалық жыныс – генетикалық негізде қалыптасып, ер немесе әйел
жынысына сай ішкі секреция бездерінің қалыптасуымен байқалады.
3. Гормоналды немесе морфологиялық жыныс – бездер гормондарды секреттей
бастағанда гонадалық жыныс негізінде қалыптасады, олардың әсерінен
біріншілікті – аталық немесе аналық жыныс жүйелері қалыптасады.
4. Акушерлік жыныс – сәби туылғанда анықталады.
5. Пубертатты жыныс- жыныс бездерінің функциясының күшеюімен анықталады
және екіншілікті жыныс бездері қалыптасады.
Биологиялық сипаттама, психосексуалдық даму барысында пайда болатын
психологиялық жыныс толықтырылуы тиіс.
Психосексуалды даму. Жыныстық жетілу процесі кезінде дене мен жыныс
мүшелерінің өзгеріске ұшырауымен қатар, адамның жыныстық мінезінің
психологиялық жақтары да дамиды. Бұған енетіндер:
1. Жыныс идентификация (айырымдық)
2. Жыныс стереотиптер.
3. Жыныстық мінез құлық.
4. Психосексуалдық бейімделу.
ЖЫНЫСТЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ. Кішкентай баланың өзіндік ең алғаш жете
сезінері – жынысы. Алайда біріншілікті жыныстық идентификациялау толығымен
3 жаста қалыптасады. Ол өзіндік сана-сезімнің негізі болып табылады.
ЖЫНЫСТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР. 6-7жасқа тамн балада оның жынысына сай мінес
–құлық түрі қалыптасады. Бұны қыз балалар (қуыршақ, көйлек, ыдыс, отбасы
т.б.) ойнағанды ұнататындарын сезуге болады. Көбінесе ата-аналары жыныстық
стереотиптер бекуін қолпаштап, ынталайды. Көбіне сен қыз емессің бе,
қыздар төбелесе ме? деген сөздерді естуге болады.
ЖЫНЫСТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ- бұл мәнісінде жыныстық стереотиптер жалғасуы мен
дамуы. Егер бұрын стереотиптер сыртқы сипатта болса, енді, 10-12 жаста
олар саналы жыныстық мінезге ауысады. Балалар толығымен ерлер мен әйелдер
құрылысын, олардың ұрпақ жалғатыруындағы ролін біледі. бұрынғы сыртқы
өзгерістердің үлкен мәнді екендігі мәлімделеді.
Психосексуалды бейімделу. Бұл кең сезімді, әрі ең әлеуметке
негізделген кезеңдердің бірі. Осы кезде жыныстық роль қалыптасадыда, барша
өмірі жалғасады. Бұл жыныстық жетілу уақытында өтеді. Сыртқы жыныстық
белгілер сексуалды –эротикалық белгілерге алмасады. Ең жоғары деңгейдегі
сана-сезім қалыптасады.Егер психосексуалды бейімделу ерте кезеңдерден
жыныстық рольге сәйкес болса, бұл адамның дұрыс, жан-жақты дамуының
белгісі.
Қыз бала мен қыздың жыныстық жетілуі. Қыз баланың жыныстық
жетілуінің бірінші белгілері 8-9 жастан басталады. Жыныстық жетілудің
кезеңінде екі сатыны айырады: 13-14 жасқа дейінгі препубертатты
(сексуалдыққа дейінгі), және пубертатты -16018 жасқа дейінгі. Бұл сатылар
тек қана жасаралық шекаралар емес, ол оның жетілуінің нақты өзгерістерінің
кезеңдері.
Бірінші сатыда бой өсуі тезделеді, дене салмағы ұлғаяды. Бой өсуінің
шегі 11 жаста басым болады, ол негізінен аяқтарының ұзаруы есебінен өседі.
Ал, 14 жастан соң бой өсуі, дене өсуі есебінен болады.
Дене салмағы бірте-бірте 14 жасқа дейін ұлғаяды. Сүт бездері 9-10
жаста ұлғая бастайды. Осы кезде оның пішіні, жамбас сүйектері белсенді
түрде өсіп, сандары дөңгелектенеді.
10-11 жаста емшек үрпісі өсуі басталып, жыныс мүшесі үстіне түк
өседі. 11-12 жаста ішкі және сыртқы жыныс ағзалары өзгереді. 12-13 жаста
емшек үрпілері қоңыр түстенеді, сүт бездері дөңгелектенеді. Осы кезеңге
қарай бірінші етеккірлер (менструация) байқалады. 16-17 жастағы қыздарда
әдетте, қаңқа өсуі аяқталады.
Етеккірлер(менструациялар). Етеккірлер не айлықтар –жыныстық
жетілудің негізгі кезеңдерінің дұрыс өткендігінің басты белгісі.
Етеккір –сыртқы жыныс ағзаларынан сатылы түрде қанды бөлінулердің
пайда болуы. Бұл айлық жыныс клеткаларының жетіліп, оның жыныс бездерімн
шығуымен, сонымен қатар жатырдың кілегейлі қабығының сатылы түрде өсіп,
пісіп- жетіліп, сылынуымен тығыз байланысты.
Ұрықтанған жыныс клеткасы жатыр қуысынан шыққан кезде оның
қабырғасына бекуі (имплантация) тиіс. Жатыр қабырғасы бұл үшін дайын болуы
керек. Егер босаған жыныс клеткасы ұрықтанбаса, имплантацияланбайды, ал
имплантациялануға дайын кілегейлі қабат біраз уақыттан соң сылына
бастайды. Осы кезең орта есеппен 28 күнге созылады. Алайда кему не ұзару
ауытқулары болуы да мүмкін. Кезекті етеккір пайда болуымен қатар кезекті
әйелдік айналым да басталады. Ол –организмнің басты эндокрин безі
–гипофизбен қадағаланады. Гипофиз екі негізгі жыныс гормонын бөледі.
Олардың біріншісі фолликулынталандырушы гормон (ФЫГ)аналық жыныс безінде
фолликул дамуын қамтиды.Ол өз алдына эстрогендер жатырдың кілегейлі
қабатын өсіреді. Фолликул жарылған кезде жыныс клеткасы босайды- бұл
овуляция сәті. Бөлініп жарылған фолликул кейіннен сары дене – уақытша
эндокрин безіне айналады. сары дене гипофиздің екінші гормоны –
лютейндеуші гормон (ЛГ) әсерінен дами бастайды. Егер жыныс клеткасы
ұрықтанса, онда сары дене өсе түсіп прогестерон гормонын бөледі. Ол гормон
жүктілікті сақтайтын гормон болып табылады. алайда, егер ұрықтану мен
имплантациялану байқалмаса, гипофиз қауырт түрде ФЫГ мен ЛГ бөлінуін
азайтады, ал бұл сары дененің кері дамуына әкеліп соғады, яғни жатырдың
үстіңгі кілегейлі қабық қабаты семеді (атрофия). Сөйтіп бәрі қайтадан
басталады.
Ұрықтану (жүкті болу) овуляциядан кейін 2-3 күн ішінде болуы мүмкін.
Овуляция сәтін дене температурасы арқылы анықтауға болады: ол шамамен бір
градусқа ауытқиды.

Аборттар және оның зиянды әсерлері.

Түсік не жүктілікті жасанды жолмен үзу – қарапайым операция емес, ол
күрделі хирургиялық араласу, оның ауыр асқынулары брлуы мүмкін. түсіктің
кері әсерлері жақын күндері ғана емес, бірнеше айлардан да соң байқалуы
мүмкін.
Жатырдың ұрық жұмыртқасын алып тастау үшін, оның мойынының каналын
кеңейтуге тура келеді. Ал бұл ауыртпалықтар тудырады, ол әсіресе бұрын
тумаған әйелдерге ауыр тиеді.
Түсік операциясы кезінде көбінесе жатыр мойнында жарықшақтар мен
жарылулар пайда болады. Олар арқылы ұдайы жыныс жолдарында болатын
микробтар жеңіл өте алады. Тусіктен кейін жайылыңқы қанталаған жара
түріндегі жатырдың ішкі беткейінде инфекция қақпасы болып табылады.
Жатырда пайда болатын қан ұйындылары микробтар , соның ішінде ауру
тудырғыштары үшін жақсы қоректік орта. Сондықтан жатырдың, жатыр
түтіктерінің, аналық жыныс бездерінің қабынуларына шалдығуы қауіпі зор
екені түсінікті, тіптен қан зақымдалуы сепсис те болуы мүмкін. бұл аурулар
көптеген зардаптар тудырады, сонымен қатар толық қайтымсыз ұрпақсыздыққа,
тіпті әйел өліміне әкеледі. Дәрігерлер қаншалықты тәлімді,
мамандандырылған болса да, ол ешқашан ұрық жұмыртқасының толығымен қырылып
алынғанына кепілдік бере алмайды. Өйткені барша операция тек қол
сезімімен, көрмей жасалынады. Егер жұмыртқаның азғантай бөлігінің өзі
жатырда қалып қойса, әйел өміріне қауіпті, көп мөлшерде қан ағуы
байқалады. Бұндай жағдайларда қайта қыруға кіріседі, ал кей жағдайларда –
толығымен алып тастауға тура келеді. Ал бұл қайтымсыз ұрпақсыздыққа
ұшырау.
Сонымен қатар түсік әйел ағзасының қайта қырылуын, бейімделуін
дөрекі түрде үзеді. Соның нәтижесі психологиялық және эмоционалды
бұзылулар, сонымен қатар бедеулік, ұрпақсыздық, семіру, сексуалдық
бұзылыстар, жыныстық сезім жоғалады. Махаббатпен сүйікті адамының жақсы
көру сезімдері жойылады. Осы барлық айтылған асқынулар бірінші жүктілікті
үзгенде байқалуы әбден мүмкін. Сондықтан, жағдайды жан-жақты ойлап,
бағалап, сараптап алған жөн. Бұның бағасы өте жоғары: болашақ ана бола
алмау немесе өмірін қию.
Әлемде жасөспірім қыздар арасында бұл көкейкесті мәселе болып
табылады. Жыл сайын 40 мыңнан астам жас 17- дегі түсік жасайды, ал 15-ке
дейінгілердің 3 мыңы жүктілікті үзеді. Түсіктен кейінгі өлімге ұшырау
деңгейі де жоғары, ол батыс елдерімен салыстырғанда 8 есе көп шаманы
көрсетеді.
Қазақстан Республикасының түсік жағдайы өте төмен. Түсік
қазірдің өзінде туылу деңгейін реттейтін негізгі әдіс болып табылуда.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтері бойынша репродуктивтік
жас шамасындағы 1000 әйелге шаққандағы түсіктер саны Батыс Еуропа,
Ұлыбритания, АҚШ елдері көрсеткіштерінен 5-10 есе көп.
Қазақстан жастары арасындағы түсік мәселесі қандай? А. Акановтың
деректері бойынша 1999 жылы 18- ге дейінгі қыздар арасында 9177 түсік
тіркелген. Олардың 177- сі 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздарға келеді.
Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі қыздардың 53 пайызы түсік қайта
жасалынған. 29 түсік қылмысты болған (түсік жасауға рұқсаты жоқ тұлғалар
жасаған). Жастар арасындағы 410 түсік асқыныс алған, және 1 жағдайда қыз
бала болған. Жаңа мыңжылдықты қарсы алған көрсеткішіміз осындай, ол
оптимизмді қоса алмайтыны көрініп тұр.
Түсіктер алғашқы ғасырларда белгілі болған. Бірақ халық санын
реттеуші ретінде қолданылмаған.
Ортаңғы ғасырларда шіреулерде жасанды түсік жасауға тыйым
жасалынған. Өйткені бұл адам өлтіру кінәсімен тең келді. Уақыт өтіп жатты,
жүктілікті жасанды үзу практикаға қайтадан кірді және әйелдің тілегі
немесе ерлі-зайыптылардың шешімі маңызды болды.
Кенеттен төбесі жасыл түскендей өткізілген физиологиялық
эксперименттік нәтижесі әлемге жайылды. Адамның эмбрионы адамға тән барлық
сезімдерді және анасының сезімдерін сезуге қабілетті болып шықты.
Датчиктер мен приборлар түсікті жүргізу кезіндегі ұрықтың қозғалыс
белсенділігін және эмоционалды күйін тіркеп отырды. Бұл кезде ұрық
аурудан және үрейден бүрісіп қалып, қорқыныштан айқайлаған сияқты болған.
Ол өлуді қаламаған, бірақ өзінің өмірін сақтауға әлсіз. Ол өлуі керек деп
әйелдің өзі шешті.

Контрацепция.

Контрацепция жаратылымға қарсы уақытша түрде спериматозоид пен аналық
жыныс клеткасы кездесу мүмкіндігін, яғни ұрықтануды болдырмауға
бағытталған әдіс.
Тұрақты ұрықты болдырмау әдісімен (стерилизиция) салыстырғанда
контрацепцияны еш қосымша әдістерсіз тыюға болады. Содан кейін ұрықтану
да, қалыпты жүктілік пен туылу да бола береді.
Контрацепция үш үлкен топқа бөлінеді:
1. Контрацепцияның табиғи әдістері. Олар мүмкін делінген ұрықтану
мерзімдерін есепке алу және осы күндері жыныстық қатынастарды болдырмауға
негізделген.
2. Механикалық әдіс, олар қолданылатын ерлер презервативтері, әйелдер
қалпақшалары немесе жатыріші спиралдары.
3. Гормоналды контрацепция немесе пилюлялар мен таблеткалар (түймедақтар).
Осы әдістердің қайсысы ең жақсы? Әрқайсысының өз артықшылығы мен
кемшіліктері болады. Мәселен , табиғида еш асқыну байқалмайды.Алайда ол
сондай сенімді емес, өйткені сперматозоидтар әйелдің жыныс жолында ұзақ
уақыт өмір сүре алады. Механикалық әдістерді қолданғанда мүмкін деген
жүктіліктен берік қорғаныс туады, алайда жыныс сезімталдығы ептеп азаяды.
Гормоналды заттар да берік қорғаныс тудырады, бірақ кейбір
әйелдерде пилюля не таблеткалар аллергия туғызуы мүмкін, ал бұл өте
қауіпті.
Контрацепцияның сенімді түрін таңдау үшін дәрігер –маманмен
кеңескен жөн.
Егер дәрігермен кеңесу мүмкін болмаса, ерлер презервативін
қолданған жөн, оларға қазір еш тапшылығы жоқ. Пезервативтердің тағы бір
артықшылығы олар жыныстық жолмен таралатын аурулардың алдын алуда маңызы
зор.
Контрацепция уақытша түрде ұрықтануды болдырмайтын әдістердің бірі болып
табылады.

Жыныс жолымен таралатын аурулар.

Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады?
Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста
жұғатын аурулар сексуальды қатынастар арқылы беріледі.
Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз.
Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттйтын
ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа
адамдар денсаулығын ойлап жүрсе бұл аурулар болмас еді.
Соз ( гонорея) – жыныстық жолмен берілетін, сексуальді контакті
арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріндеуімен
және ауру тудыратын микроорганизмдер – гонококктың болуымен сипатталады.
Гонореяның еркектер мен әйелдерге біршама айырмашылықтары бар.
Еркек гонореясы. Еркектерде ол жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея
( 2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп
бөлінеді. Аурудың байқалуы 3- тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда
болады).
Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын
кілегейлі бөліністер байқалады (жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен соң ауру
құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен
ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің бөлінеді:
лайланады, сары түсті және көп бөлінеді. Несеп шығарушыға ауыру пайда
болады. Содан басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып ,
психо- эмоционалды стрессті қалыптастырады.
Егер бұл жағдай медициналық көмекке назар аудармаса, онда қуыққа
инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы
күшейеді.
Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея
созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріндік қауыз
бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарп, аурудың күйі
біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура,
бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек
ұрықсыздықпен аяқталады.
Қуық алды бездің зақымдануы жоғары температурамен және шап ауруымен
сипатталады. Импотенцияның дамуы да ықтимал.
Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық
жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде,әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін,
басқа іш киімнен. жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Әйелдерде созылмалы және
латентті гонорея әлсіз ағады. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері
байқалмай, сөйтіп олар жұқтырудың негізгі көзі болады. Жыныстық
мүшелерінің құрылысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер
гонореясының ағымы да әр түрлі.
Несепағар өзегінің зақымдануы әйелдере еркектердікі сияқты өтеді.
Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі, несепағар өзегінің қысқалығымен
байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады, кілегей, кейіннен
ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісінуі
пайда болады.
Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың
кілегей қабығы жұмсарып іріндеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру
сезімі байқалады.
Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің
төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның
бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті,
біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның
өтуіне жол ашады; екіншіден-егер әйел жүкті болса ,жатырындағы ұрық
зақымдалып, оның дамуы нашарлайды.
Тағы бір жағдай, жеткіліксіз емделсе,жұмыртқаның зақымдануына, ал бұл
келешек ұрықсыздыққа әкеледі. Егер құрсақ қуысы зақымданса, онда қатерлі
ауру құрсақ пердесінің қабынуына немесе перитонитке әкеледі. Ал бұл,
күрделі хирургиялықауру.
Гонореяда иммунитет болмайды, сондықтан тез қайтарылып жұғу пайда
болуы мүмкін. Гонорея жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ созылмалы
кезінде де жұғуы мүмкін.
Мерез (сифилис) – жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру
өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. сифилисті микроорганизм –
бозарған спирохета тудырады.
Жұқтыру көзі –кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері
бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына
созылуы мүмкін.
Ауру 4 кезеңге бөлінеді:
1. Инкубациялық кезеңде белгісі болмайды. Бұл 20-40 күнге созылып және
жыныс мүшелерінің кілегей қабығында қатты шанкрдың болуымен
сипатталады.
2. Сифилистің біріншілік кезеңі. Бұл 6-7 аптаға созылады, қатты
шанкрдың шығуынан бастап, дененің барлық жері бөрткенге дейін. Қатты шанкр
– инфекцияның енген жерінде пайда болған кішірек жара. Еркектерде қатты
шанкр кейде жыныс мүшесінң басында байқалады. Ал, әйелдерде- жыныс
еріндерінде, жатырдың мойнында. Шанкр біреу болады, оның размері үлкен
емес, ұсақ монета сияқты, дөңгелек, қатты созылмалы, жалпақ табақша
тәрізді және сұйық бөлініп тұрады. Әдетте ол аурусыз. Қатты шанкраның
пайда болуынан бастап лимфатикалық түйіндері үлкейеді.
3. Сифилистің екінші кезеңі. Бұл 3-4 жылға созылуы мүмкін. Дененің
бар жерінің бөртуімен басталады. Бөртпесі кіші көлемді қызғылт дақ тәрізді
болады. Бұл кезеңде ішкі мүшелер де зақымдала бастайды.Аурулардың бәрі
инфекцияның көзі ретінде қауіпті. Сифилистің үшінші кезеңі. Бұл ішкі
мүшелердің қатты бұзылуымен белгіленеді. Бұл жұққаннан кейінгі 3-4 жылдан
кейін емделмесе, ұзаққа созылатын және өлімнің себебі болатын кезең.
Сифилистің бұл кезеңінде адамның сырт пішіні бұзылып мүгедек болады.Жүйке
жүйесі азап шегіп, ісік тәрізді құрылымдар (гумма) пайда болып, лезде
психикасы бұзылады.
Сифилис –қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Ешқандай
жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті.
Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер
микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні штопырға ұқсас бұралып
келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын
жұқтырады.Дене қызарады, жара пайда болып кейіннен іріңдейді. Біраз уақыт
өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), дененің кез келген жері бөртіп,
қызарып кетеді. Бөрткені ауырайды, не қышымайды. Жалпы адамды
мазаламайды.Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен
салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ
қырылдап қалады, адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл
белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына
төтенше құбылыстар туғызуы сөзсіз.
Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей
саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айырылып кетуі, тіршілік
дуниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданатын
дәрінің бірі антибиотик – пенициллин. Ол төмендегі сатыдағы
саңырауқұлақтардан өндіріледі. Сифилис жүкті анадан туылатын балаға жұғуы
сөзсіз. Ол ауру болып туылады. сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.
Гениталдық герпес. Жыныс мүшелеріне шығатын ұшық сияқты вирустан
болатын ауру. Әдетте адамның бетінде сулы көпіршік қалпында байқалады.
Гениталды герпес жыныс қатынасы мен адам ағзасына жұғады. Кейіннен үлкен
айық-айық жараға айналып кетеді де, қатты ауырып , нерв жүйесін тежеп
жібереді. Адам өте ашушаң болады. Гениталды герпес алғашқы кезде түсі
қызыл, бөртпе ретінде пайда болады. Кейін үлкен іріңді жараға айналып
кетеді. Өте қиын емделетін аурулардың бірі. Гениталды герпес тұқым
қуалайтын дерттердің қатарына жатады. Өйткені ол анадан балаға
таратылатынын дәрігерлер анықтаған. Гениталды герпестен туындайтын
қорытынды: бала соқыр болып туылуы мүмкін, керең болуы да сөзсіз, өлі
болып туылуы да ғажап емес.
Герпестен туындайтын күйзеліс, психологиялық азап, бас ауыру, адам
шаршап шалдығып кетеді.
Хламидия. Ең бір жедел түрде дамитын жыныс ауруларының бірі. Оны табу,
анықтау оңай шаруа емес. Өте қауіпті дерт. Өте кең тараған сырқат. Оны
емдеу де оңай емес. Дегенмен, емдесе тез арада адам бұл аурудан айығып
кетеді. Емдеу үшін көбінесе антибиотиктерді қолданады.
Жыныс мүшелерінің гениталды сүйелдері (полип). Жанға онша азап
келтірмейтін дерт. Дегенмен, аурудың қайсысы ағзаға жақсы дейсің. Негізі,
гениталды сүйелдің болмағаны дұрыс. Рухани таза болсаң денең де таза
болады. Гениталды сүйел папиллом деп аталатын вирус арқылы дамиды.
Гениталды сүйелді дәрігерлер тез арада жойып жіберіп, адам ағзасын
сұйықтырып жіберіп отырады. Сүйел арнайы ерітінділермен сұйық азот
ерітінділерін жағып күйдіріп жібереді. Ауруды үдетіп жіберуге жол бермеу
керек.
Вагинит. Бұл дертті микробтар туғызады. Жазылатын ауру, емдеуге
болады. Ауруды жасыруға болмайды. ауруын жасырған өледі дейді қазақ.
Қазіргі кездегі медицина күшті дамыған. Көптеген ауруларды бірден жазып
жіберіді. Тек білімді дәрігерлердің қолына түсуге тырысу керек.
Егер бір жағдайларда жыныс жолымен жұғатын аурулар байқалса, бірден
анонимді профилактикалық пунктке бару керек. Жыныс мүшелердің гигиенасы
сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жжу керек.
Ешқашан басқаның сүлгісін, ішкі киімін, жөкесін қолданбау керек.

СПИД індетінің пайда болуы мен таралуы.

СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет тапшылығы туғызатын вирусты
(АИТВ-1) 1981 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал,
кейін америкалық ғалым Р. Галло вирустфң барлық қасиеттерін жан-жақты
тексеріп жариялады. 1985-1986 жылдары маймылдардан АИТВ-1-ге ұқсас АИТВ-2
табылған, ол АИТВ-1- ден кейбір генетикалық белгілері өзгешелеу және адам
үшін маңызы онша жоғары емес, бірақ американдық ғалымдардың айтуынша бұл
вирусты (АИТВ-1 және АИТВ-2) бір адамнан табуға болады.
Вирустың шығу тегін ғалымдар әр түрлі жорамалдап тексеруге тырысуда.
Сондықтан тұжырым да, ойлар да әртүрлі. Париждегі Л. Пастер атындағы
институттың ғалымдары өздері жүргізген зерттеулердің арқасында мынадай
тұжырымға тоқталады. СПИД вирусы өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңына
дейін дүниеде болған емес және ол табиғи өзгерістерге түскен басқа
вирустарға да жатпайды. Мысалы Англияның вирусолог докторы Х. Сили
спид вирусы бактериологиялық қару жасаумен айналысып жатқан
лабораториялардың бірінде жасалған - деген батыл тұжырым айтты. Көптеген
ғалымдардың айтуынша, СПИДвирусы АҚШ-тың өзінде жасалынған. Бұдан басқа
вирустардың маймылдарда табылуына байланысты, вирус адамның эволюциялық
өсіп-өну кезеңінің жемісі деген тұжырым бар. Бұл ойды Африка ғалымдары
қолдап отыр және олар бұл ауруды 1650 жылдары пайда болған деп батыл
айтуда. Жас жеткіншек! Бізді ойландыратыны ауру қайдан пайда болғандығы
емес, оның өмірімізге өте қауіптілігі екендігі болып отыр. Сол үшін оның
таралуын талдап, қаншалықты қауіптілігінің маңыздылығын анықтайық.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесі бойынша СПИД
ауруының таралуы әр елде әр түрлі және аурудың саны туралы толық мәлімет
беру мүмкін еместігін айтқан. Осыған қарамастан олардың мәліметі бойынша
мынадай (Кесте 1) кестеге назар салсақ 1981 жылы Дүние жүзінде 366 ауру
тіркелсе, ал, 1985 жылы 12512 ауру тіркелген. 1990 жылы ауру саны
111012 жеткен, оның Америкада 53672, Африкада 42771, Европада 13374,
Азияда 378 адам ауру жұқтырған. Ал, 1997 жылы олардың жалпы саны 30,6
млн. жеткен. 1999 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызыны дейін Дүниежүзінде
СПИД жұқтырғандар саны 33,4 млнионға жеткен, оның 32,2 млн. ересектер
және 1,2 млн. балалар болып отыр. Ал, Қазақстанда олардың саны 2000-нан
асты және оның көбі Қарағанды, Алматы және Оңтүстік Қазақстан
облыстарында болып отыр.
Қорыта айтқанда, ғалымдарды ойландырып отырған нәрсе, бұл аурудың
күннен күнге еселеп қанат жаюы, дүние жүзінде күніне 7000 адамның
өлетіндігі, ал күніне 16000 жастың осы ауруды жұқтыратындығы, бұдан
басқа бұл науқасқа қазіргі таңда еш емнің толық жоқтығы, тек уақытша
көмек беретін дәрі-дәрмектің бары және бар болса да өте қымбаттығы.

1-кесте.
Жылдар Барлығы
Америка Африка Европа Океания Азия
1981 350 ? 15 ? 1 366
1982 1042 3 68 1 1 1115
1983 3162 14 211 6 8 3401
1984 6161 82 562 45 4 6854
1985 10815 184 1361 123 29 12512
1986 14741 3051 2388 239 53 20472
1987 20687 5359 4169 328 128 30671
1988 38765 12212 8109 438 61 59585
1989 40816 17343 11693 562 209 70623
1990 53672 42771 13371 820 378 111012
1991 319969 198892 64934 3784 1945 589524
1992 414983 255042 86202 4595 3981 764803
1993 503864 330248 103857 5402 11100 954471
1994 525682 347713 128886 5735 17057 1025073
1995 699662 442735 154103 6680 28630 1331810
1996 749800 553291 179339 7596 53974 1544000
1997 839169 613544 198140 13900 72185 1736938
Барлығы 4243340 2822484 957408 50254 189744 8263230

Эпидемиологиялық АИТВ індетін бақылауды ұйымдастыру

Қазіргі таңда СПИД ауруына емнің әлі детолық жоқтығы және оның барлық
елге жарылған бомбадай таралуы ғалымдар алдына үлкен міндеттер жүктеуде.
Міне, сондықтан СПИД эпидемнологиясын, және оняң сол ортадағы қалай
таралғандығын қандай ерекшеліктері барын оқып зерттеу өте маңызды.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының СПИД-ке қарсы 1993-1996
жылдардағы Арнайы кеңейтілген бағдарламасында Орталық және Шығыс Европада,
Осыған қоса ТМД елдерінде тез рада эпидемиологиялық бақылау жүйесінде
АИТВ індетін жетілдіру ескертілген. Бұл туралы Покровскийдің еңбектерңнде
де атап көрсетіліп, жеке эпидемиологиялық бақылау қағидаларын енгізген.
Қазақстан Республикасында 1990-1997 жылдар аралығында Республикалық СПИД-
ке қарсы және алдын алу Орталығымен эпидемиология, Зерттеу институтымен
бірге эпидемиологиялық бақылау жүйесінің негізгі ұйыидастыру жолдарын
жасаған. Бұл дегеніміз- қанша адам АИТВ-мен ауыратынын анықтап, оларды
тізімге (есепке) алу, бұдан басқа ақуіпті топтарды анықтау. Міне
эпидемиологиялық жағдайда сол ортаны ескере отырып, оған баға беру,
лабораториялық тексеру жолында анықтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу туралы ақпарат
Таңбалы қапсырма
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері
Түркі халықтарындағы әйел болмысының тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі күнгі қыз бала тәрбиесінде қолдану
Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері
Жыныстық жетілу
Пәндер