Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарусыздандыру және ядролық қару - жарақты таратпау саласындағы халықаралық құқықтық негіздері



КІРІСПЕ
1 Қарусыздандыру
2 Халықаралық қауіпсіздік
3 Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органдары мен мамандандырылған мекемелері қарусыздану өрісіндегі қызметі
Қазіргі таңдағы қалыптасқан тенденциялардың бірі жаһандау болып табылады. Неміс профессоры Дельбруктың айтуынша, «Жаһандану-бұл, жалпы құндылықтар үшін нарықтың, құқықтың және саясаттың ұлттандыруға кері процесс». «Жаһандану сонымен қатар, бұл мәдени прцесс» [1, б. 8], деп санай-ды ЮНЕСКО Хатшысы. Жаһандану процесі ядорлық қарусыздану, қауіпсіздік пен экологиялық мәселелерді де айналып өтпеді.
XX ғасырдың ортасында әлемде халықаралық қауіпсіздік жағдайдың шиеленісуі, бұл халықаралық жария құқығында қазіргі таңдағы ең маңызды ғылымына айналды.
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда ядролық қару-жарақ ең қауіпті қарудың бірі болып келеді. Себебі, бұл қару – адамды бір неше секунд ішінде қырып-жоятын және осы қарудан қалатын химиялық заттардың әсерінен (салдарынан) болашақ ұрпақты, табиғатты, яғни бүкіл әлемді бірте-бірте өзгертіп, мутация процесіне түсіп, дүниені төңкеріп жоятын әзәзілдік қаруы.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылы Жапонияға (Хиросима және Нагасаки қаласына) тасталған екі атомды бомбалар бірнеше секунд ішінде 200 мың адамды қырылып қалдырды. Хиросима қаласығың өзінде 70000 ғимараттар толығымен қиратылып, 55000 толығымен жанып кеткен. Тірі қалған адамдар арасында радиоактивті сәулеледіруге тап болды, нәтижесінде оларда рак, сәулелі ауруларына тап болды, әр түрлі аурулар таратыла басталды [2, б.8-10].
Осы көрсетілген мысал тек біреуі ғана, ал әлемде ондай жарылыс саны көп болған еді. Қазақстан Республикасының өзінде (сол кезде КСРО аумағында) шамамен 500 ядролық сынақ өткізілген.
Соғыстан кейін, екі полярлық саясаты, әлемді екі қомақты державалар басқарған. Олар: АҚШ пен КСРО, осы мемлекеттер арасында ядролық қаруды иелену сайысы басталып, саяси жарыс жүргізіліп, өзге мемлекеттерді өз қатарына қосып, нәтижесінде жер бетінде қырғи-қабақ соғысы жүргізілген. Кейін қос поярлық саясаты да дамып, мемлекеттер арасында қару арқылы өз беделдігін көрсететін стратегисы жүргізіле басталды. Осылайша, мемлекеттер өз күштерін көрсету үшін өздерінің территориясын аямай полигонға айналдырып, сынақ жүргізілетін болды.
Ресми мәліметтер бойынша, жер планетасында 2053 ядролық жарылыстар төтеп беріпті. Бұл арада рекорд американдықтар еншісінде- Невада полигонында, Бикини атолында, Аляскада (3 жарылыс), Нью-Мексикада (3 жарылыс), Миссисипиде (2 жарылыс), және Колорадода (2 жарылыс) осы кезеңде 1030 атом және сутегі бомбалары жарылды. Кеңес Одағында Семей полигонында, Жаңа Жер аралында, Украинада (2 жарылыс), Өзбекстанда (2 жарылыс) және Түркіменстанда (1 жарылыс)- 716 жарылыс жасалды.
1. БҰҰ-ғы мыңжылдық саммиті. Международная жизнь. 2000ж., № 10. 344 бет.
2. Морохов И. Д. Хиросима. Москва- 1979г., 348 с.
3. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. –Алматы: Атамұра, 2003. – 256 бет.
4. Арыстанбекова А.Х. Проблемы разоружения и международой безопас-ности,
Алматы, 2008. – 140 бет.
5. МАГАТЭ: «Фукусима» АЭС-індегідей апат Чернобыльден бері болмаған.
ЭБАҚ: Азаттық радиосы, 18.03.2011ж., сайт:
http://www.azattyq.org/archive/news/20110318/330/330.html?id=2342143
6. Совет Татамбаев. Атом империясының радиоактивті мұрасы немесе радиациялық экология, – Алматы «Қайнар» баспасы. 2008.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің шетелдерге сапарлары, кезде-сулері, сөйлеген сөздері мен сұхбаттары // Вестник Дипломатии 2 (24)2010, Қазақстан Республикасы СІМ басылымы. Алматы, 99 бет.
8. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бөлімдер.
Алматы: «HAS» баспа компаниясы, 2003 – 384 бет.
9. Тоқаев Қ. Белсау. Алматы. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2008. - 552 бет
10. Назарбаев. Н. А. Стратегия трансформаций и возраждение Европейской
цивилизации. –с.424
11. Пан Ги Мунның Қазақстанға сапары - еліміздің БҰҰ-мен ынтымақтас-
тығына қуаттты серпін берер маңызды тарихи оқиға - Н.Назарбаев. Новости
Казахстана. Агентство Казинформ, 07.04.2010 г.
сайт: http://thenews.kz/2010/04/07/313777.html
12. Проект Правительства Республики Казахстана и Программы развития
ООН «Казахстан – инициатива развития рынка ветреной энергии».

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қолжазба құқығында

ШАРИПОВА ДИАНА МУКАРАМОВНА

Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарусыздандыру және ядролық
қару - жарақты таратпау саласындағы халықаралық құқықтық негіздері

6N0302 – Халықаралық құқық

мамандығы бойынша

магистрлік диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы
Астана 2011 ж.
Жұмыс Қазақ Гуманитарлық – Заң Университетінің
Халықаралық құқық кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекші:
з.ғ.к., аға оқытушы
Сарсенова С.Н.

Ресми оппонент:
_______________

Қорғау Қазақ Гуманитарлық – Заң Университетінде мемлекеттік
аттестациялық комиссияның отырысында ____ _____________ 2011 ж. сағат
______ өтеді. Мекен – жайы: 010000, Астана қаласы, Қорғалжын тасжолы, 8.
(_____ ауд.)

Автореферат 2011 жылдың ____ _____________ айында таратылды.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты.
Қазіргі таңдағы қалыптасқан тенденциялардың бірі жаһандау болып
табылады. Неміс профессоры Дельбруктың айтуынша, Жаһандану-бұл, жалпы
құндылықтар үшін нарықтың, құқықтың және саясаттың ұлттандыруға кері
процесс. Жаһандану сонымен қатар, бұл мәдени прцесс [1, б. 8], деп санай-
ды ЮНЕСКО Хатшысы. Жаһандану процесі ядорлық қарусыздану, қауіпсіздік пен
экологиялық мәселелерді де айналып өтпеді.
XX ғасырдың ортасында әлемде халықаралық қауіпсіздік жағдайдың
шиеленісуі, бұл халықаралық жария құқығында қазіргі таңдағы ең маңызды
ғылымына айналды.
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда ядролық қару-жарақ ең қауіпті
қарудың бірі болып келеді. Себебі, бұл қару – адамды бір неше секунд ішінде
қырып-жоятын және осы қарудан қалатын химиялық заттардың әсерінен
(салдарынан) болашақ ұрпақты, табиғатты, яғни бүкіл әлемді бірте-бірте
өзгертіп, мутация процесіне түсіп, дүниені төңкеріп жоятын әзәзілдік қаруы.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылы Жапонияға (Хиросима және
Нагасаки қаласына) тасталған екі атомды бомбалар бірнеше секунд ішінде
200 мың адамды қырылып қалдырды. Хиросима қаласығың өзінде 70000 ғимараттар
толығымен қиратылып, 55000 толығымен жанып кеткен. Тірі қалған адамдар
арасында радиоактивті сәулеледіруге тап болды, нәтижесінде оларда рак,
сәулелі ауруларына тап болды, әр түрлі аурулар таратыла басталды [2, б.8-
10].
Осы көрсетілген мысал тек біреуі ғана, ал әлемде ондай жарылыс саны көп
болған еді. Қазақстан Республикасының өзінде (сол кезде КСРО аумағында)
шамамен 500 ядролық сынақ өткізілген.
Соғыстан кейін, екі полярлық саясаты, әлемді екі қомақты державалар
басқарған. Олар: АҚШ пен КСРО, осы мемлекеттер арасында ядролық қаруды
иелену сайысы басталып, саяси жарыс жүргізіліп, өзге мемлекеттерді өз
қатарына қосып, нәтижесінде жер бетінде қырғи-қабақ соғысы жүргізілген.
Кейін қос поярлық саясаты да дамып, мемлекеттер арасында қару арқылы өз
беделдігін көрсететін стратегисы жүргізіле басталды. Осылайша, мемлекеттер
өз күштерін көрсету үшін өздерінің территориясын аямай полигонға
айналдырып, сынақ жүргізілетін болды.
Ресми мәліметтер бойынша, жер планетасында 2053 ядролық жарылыстар
төтеп беріпті. Бұл арада рекорд американдықтар еншісінде- Невада
полигонында, Бикини атолында, Аляскада (3 жарылыс), Нью-Мексикада (3
жарылыс), Миссисипиде (2 жарылыс), және Колорадода (2 жарылыс) осы кезеңде
1030 атом және сутегі бомбалары жарылды. Кеңес Одағында Семей полигонында,
Жаңа Жер аралында, Украинада (2 жарылыс), Өзбекстанда (2 жарылыс) және
Түркіменстанда (1 жарылыс)- 716 жарылыс жасалды. Француз Алжирінде,
Муруроа, Фангатауфа атолдарында, Рождество аралында (30 жарылыс) және
Полинезияның басқа аралдарында 210 жарылыс. Лобнор көлі маңындағы полигонда
– 45 жарылыс. Ақыр аяғында Ұлыбритания Канберрамен, Вашингтонмен келісе
отырып, Австралия аумағында 12 және Невадада 44 ядролық және термоядролық
жарылыс жасады. Кейін, үндістандық Покхаран – 6 жарылыс (1974 жылды
қосқанда), пәкістандық Чагай- Хиллзде – 7 ядролық жарылыс сынақтар
өткізілген [3, б.172].
Қауіпсіздік, соның ішінде қарусыздану мәселелерді шешуге Біріккен
Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) атқаратын ролін ерекше атап өткен орынды. БҰҰ-ның
Жарғысы қарусыздану жөніндегі шаралар жүргізу үшін қажетті заңдылық база
орын алады. БҰҰ Жарғысының тиісті ережелерін үдемелі дамытуға маңызды
шешімдер қабылдайтын басты органы - Бас Ассамблея. Жалпылама және толық
қарусыздану идеясы БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 ж. 20 қарашасындағы 1378
(XIV) қарарында бекітілген. Содан кейін, қарусыздану мәселелері туралы
қарарлар БҰҰ Бас Ассамблеясының барлық сессияларында қабылданатын
шешімдердің құрамдас бөлігіне айналды.
1968 жылғы Ядролық қаруды таратпау туралы шарты (ЯҚТШ) қарусыздану
саласындағы базалық нормативтік құжат болып келеді. Шарттың мүше
қатысушылары 190 мемлекеттер, ЯҚТШ-тан тыс Үндістан, Пәкістан, Израиль
мемлекеттер болып келеді. Солтүстік Корея бұл шарттан шығатының мәлімдеген
болатын. Осы мемлекеттермен қоса халықаралық бейбітшілікке Иран, Израиль
және мемлекеттік субьектісі болмайтындар (террористтер және экстремисттер)
да халықаралық қауіпсіздікке қауіп-қатерді болашақта төндіре алады.
БҰҰ Жарңысының V-VII бөлімдеріне сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық
қауіпсіздік пен қарусыздану саясатын орнату үшін халықаралық қақтығысқа,
келіспеушілікке әкелетін кез келген дауды немесе оқиғаны тергеп зерттеу
жүргізеді, сонымен қатар әлемге қауіп төндіретін қауіп-қатердің немесе
агрессиялық актiнің болу жолдарын анықтау бойынша жоспарларды әзірлеу және
де қажетті шаралар бойынша ұсыныстарды жасайды және де ұйымның мүшелерін
агрессияны тоқтатылу немесе ескерту үшiн экономикалық санкция мен басқа да
шараларды, күш қолданбай-ақ жазалауды жүзеге асыруына шақыра алады (бұл
шаралар экономикалық қатынастарды толық немесе жартылай үзiлiс, темiр жол,
теңiздегi, әуе, пошталық, телеграф, радио немесе қатынастың басқа
құралдары, сонымен бiрге дипломаттық қатынастардың үзiлуi қоса алады);
Осы шараларды ядролық қару-жарақты пайдалану, оны өндіру мен оның
объектілерін таратуына байланысты Қауіпсіздік Кеңес іс жүзінде Иран,
Солтүстік Корея, Ирак пен Израиль, Ливия және басқа да мемлекеттердің
қарулану саясатына қарсы пайдаланған болатын.
МАГАТЭ бас директоры М. Эль-Барадеи айтқан болатын осы соңғы 10
жылдарда әр түрлі мемлекеттерде 650 ядролық материалдарды контробандалық
әрекеттер болғаны туралы Агентсттігінде осы мәліметтер бекітілді. The
Times мәліметтері бойынша, 2002 жылдан бастап Еуропада радиоактивті
материалдар контрабандасы екі есе өсіп, 300-ге жеткен болатын [4, б. 65].
Жалпы терроризммен күресуге байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі 2004
жылы сәуірде 1540 резолюциясын қабылдады.
13 сәуір 2005 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядорлық терроризм актілерімен
күресу туралы Халықаралық Конвенциясын (2005 International Convention for
the Suppression of Acts of Nuclear Terrotism) консенсус арқылы қабылдады.
Халықаралық қауіпсіздікке, бейбітшілікке қауіп-қатер төндіретін тағы
бір факторы – электроэнергия станция мен ғылыми зерттеулерде қолданылатын,
яғни әскери емес атомды, раиациялық объектілер мен материалдарды
қолданылған кезде қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамаудан немесе төтенше
жағдайдан апаттың болуы мәселесі қарастырылды.
Есімізге алатын болсақ, 1986 жылдың 26 сәуiрiнде Чернобыль атом электр
станциясында төртiншi энергия блоктiң қиратуы Украинаның (сол кездес
Украина ССР-құрамында болған) аумағында болған. Бұл қирау жарылғыш сипатқа
ие болды, реактор толық қиратқан, және қоршаған ортаға радиоактивтi
заттардың үлкен саны шығарылған. Ядролық энергетика тарихында бұл апат
Экономикалық залал бойынша және жәбiрленушi адамдардың зардаптарынан ең
iрi ретінде бағаланады. Негізінен сарапшылардың зерттеуі бойынша, осы
Чернобль АЭС апаттының болу негізгі себебі – жұмысшылар қауіпсіздік
ережелер мен эксплуатациялық регламенттердiң дұрыс сақтап орындамауы болып
келген.
Ядролық материалдардың радиоактивті элементтері қоршаған отраға таралуы
нәтижесінде көмірқышқыл газ бен басқа да зиянды химиялық заттарды бөліп,
озон қабаттарды жұқаратын, зор тесіктерді пайда болуына әкеледі.
Атмосфераға көмірқышқыл газдарды, радиоактивті химиялық қалдықтардың шығуы
жер бетінде жойқын дауыл соғуына, жылуына, жер сілкінісіне, өртіне, өзен
көлдер, теңіз мұхиттар өз деңгейінен шығуына, топан су қаптауына әкеледі.
Табиғи апаттардың құдіретін бүкіл дүниежүзі халықтары 2004 жылдың 26
желтоқсанда Үнді мұхитында болған жер сілкінуі нәтижесінде Индонезия және
басқа да елдердің жағалауына жойқын цунами толқындары баса-көктеп көргенін,
немесе 2005 жылдың тамызында Мексика шығанағынан келген Катрина дауылы
АҚШ-тағы Жаңа Орлеан қаласын түгелімен және де жағада орналасқан бірнеше
штаттарының жағалауын суға батырып жіберген. Сонымен қатар, 2010 жылы
қаңтардың 12-де Гаити республикасында қатты жер сілкінісі болып, 250 мың
адам қаза тапқан. 2010 жылдың қарашаның 4-де Таиланд су тасқынынан жүзден
астам адам қаза тапты. Климаттың өзгеруіне байланысты, жер бетінде осындай
қауіпті оқиғалар болып жатыр. Жақында ең қауіпті, ұмытуға келмейтін
оқиғалардың бірі Жапониядағы апаты. Жапонияда 11 наурызда магнитудасы 9,0
баллдық жер сілкінісі болып, нәтижесінде биіктігі он метрден асатын
цунамиге әкеліп соқтырды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 10 мыңнан аса адам
қаза тауып, 17,7 мың адам хабар ошарсыз кеткен. Жапондық Фукусима-1 АЭС-
те жер сілкінісінен кейін салқындату жүйесінің істен шығуына байланысты
төтенше жағдай режимі орнатылған. Оқиғалардың нәтижесінде АЭС бірнеше
радиация жіберу тіркелді.
Халықаралыққ атом энергетикасы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) Жапонияның
Фукусима aтом электр станциясындағыдай апат 1986 жылы Чернобыльдегі
жағдайдан бері болмаған деген баға берді [5].
АЭС салған кезде кез келген мемлекет Чернобыль АЭС және Жапониядағы
Фукусима АЭС-тегі апатты ескере отырып қауіпсіздік талаптарына сай келетін
атом электр станцияларды салуы керек. Сонымен қатар, барлық адамзат өз ой
өрісінің, білім мен ғылымның барлық күш-қуатын атом энергиясының
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, не энергия көздерінің басқа қауіпсіз жаңа
түрлерін іздеуі керек. Себебі, XXI ғасырдың басында дүние жүзінде 460-қа
жуық ядролық реакторлар жұмыс істейді. Ядролық энергетикамен 31 мемлекет
түпкілікті айналысатыны анық, егер осы мемлекеттердің АЭС-тері қауіпсіздік
стандартқа сәйкес болмаса, онда біздің жеріміз үлкен апатқа ие болады.
Қазіргі кезде атом энергиясымен келешекте сайысқа түсе алатын бірден-
бір көз – жаңғыртылатын энергия көздерi, яғни табиғи жаратылыс процестерi
есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi: күн сәулесiнiң, желдің
энергиясы, қуаты отыз бес мегаватқа дейiнгi қондырғыларға арналған
гидродинамикалық су энергиясы, геотермальдық энергиясы, сондай-ақ бастапқы
энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр
және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық
қалдықтардан алынатын өзге де отындар болуы әбден мүмкін. Бұл
құрылыстардың, әрине пайдасы мол, апат кезінде еш бір қауіп төндірмейтін
және де қоршаған ортаға еш біз зиян әкелмейтін құрылыс. Экологиялық жағынан
таза энергетикалық ресурстар – күн, жел, жер асты жылы сулардың, жер жылуы
энергиясының, судың, толқынның қозғалыстағы ағындары энергиясының көздерi
болып табылады. Соның ішінде, жел энергетикасы – анағұрлым серпінді дамитын
коммерциялық түрі болып келеді.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, жаһандық жылынудың алдын алу үшін ауаға
таратылатын газдардың қалдықтарын 2020 жылға дейін 30-50 пайызға, ал 2050
жылға дейін 60-80 пайызға қысқарту керек екен. Осы себептен 32 жыл өмірі
бар Халықаралық энергетика жөніндегі агенттік көптеген мемлекеттерді атом
энергетикасының жаңа қауіпсіз құрылысын немесе жаңа электр станциялардың
түрлерін дамытуына шақыруға мәжбүр болып отыр [6, б. 131].
2010 жылы 10-13 сәуірде АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өткен Ядролық
қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев қатысып, оның барысындағы пікірталас аясында сөз сөйледі.
Қазақстан Президенті ядролық қауіп-қатерді азайтуға бағытталған бірқатар
ұсыныстар енгізді [7].
Осылайша, ядролық қарусыздану мәселесі халықаралық қауіпсіздік
саласындағы негізгі мәселелердің бірі болып келеді. Халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікті толығымен орнату үшін халықаралық қауымдастықтар ядролық
қаруды қолдануын, өндіруін және сынауын шектеу немесе тоқтату, сондай-ақ
оның барлық қорын жою арқылы ядролық қаруға толық тыйым салуға қол жеткізуі
керек.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы, осы диссертациялық жұмыс Біріккен Ұлттар
Ұйымының қарусыздану саласындағы мәселелері реттеудегі механизмін, оның
ролін қарастыру, сонымен қатар қазіргі кездегі жер бетінде ядролық қару-
жарақтың әсерінен пайда болған өзекті мәселелердің (Иран, Солтүстік Корея,
Үндістан, Ресей, АҚШ, Жапония, Пәкістан және т.б. мемлекеттердің қарулану
саясатын; экологиялық катоклизмалар: ядролық сынақтан немесе жарылыстан
кейін радиоактивті заттар бөлінуі, сонымен қатар ядролық элементтерді
бейбіт мақсатта атом электр станциясын (АЭС) пайдаланумен қоса жұмыс атқару
кезде өз жүйесінен шығып кетуі кездегі апаттан туындататың салдарын арылу
мәселелердің) шешу жолдарын жетілдіру б.т. Халықаралық тұрғыдан реттелетін
қарусыздану және эколого-құқықтық нормаларын, қарусыздану және эқологиялық
мәселелері реттеудің халықаралық механизмдерін және Қазақстан
Республикасындағы қарусыздану мәселелері реттеудегі Біріккен Ұлттар
Ұйымының ролін арттыру жолдарын қарастыруға бағытталған зетрттеу жұмысы
болып табылады.
Жұмыс объектісі: қарусыздану және ядролық қару-жарақты таратпау
саласындағы мемлекеттер және Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп,
ынтымақтастық жолымен жүргізілетін шаралар, қарым-қатынастардың құқықтық
негіздері б.т.
Зерттеу пәні: магистрлік диссертация жұмыстың мақсатына жету үшін
ядролық қарусыздану саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында қабылданылған
халықаралық конвенциялармен қоса басқа да актілер, сонымен қатар ұйымның
ядролық қарусыздану саласындағы мәселелерді реттеу әдістері мен
тәжірибесінің ерекшеліктері, және де арнайы мамандандырылған мекемелерінің
қызмет тәжірибесі қарастырылып зерттеледі. Қарусыздану мәселелерді шешудегі
мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымымен арақатынастарын және Қазақстан
Республикасындағы қарусыздану саясатын зерттелінді.
Зерттеудің мақстаы мен міндеттері: Халықаралық қауіпсіздікті орнатуда
қарусыздану мен ядролық қару-жарақтың таралуын тоқтатуына қатысты теориялық
зерттеудің басты мақсаты болып, жалпы ядролық қару-жарақтың түсінігін, оның
шығу тегі мен түрлерін және оның тәжірибеде қолдану кезіндегі салдарымен
қоса құқықтық теориялық негіздерін саралау арқылы бұл қарудың қолдануы
қылмыстық құбылыстың мәнін ашып көрсету болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер белгіленеді:
- Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында қарусыздану мәселесі реттеудің
халықаралық құқықтық негізін зерттеу, Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану
мәселелерді реттеу саясатының ерекшеліктерін айқындау;
- Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында қабылданған қарусыздану және жаппай
қырып-жоятын қаруларына тыйым салу саласындағы халықаралық актілерінің
(конвенция, декларация, хаттамалар және т.б.) негізгі ережелерін зерттеу.
Қарусыздану процесін тездету үшін халықаралық шарттардың кемшіліктерін
анықтау және олардың жетілдіру жолдарын табу;
- Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның мамандандырылған мекемелері
қауіпсіздік орнатудағы қызметін қарастыру, олардың функциясын қуаттайтын
шараларды құрастыру;
- Халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіретін мемлекеттердің (Иран,
Солтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Ресей, Израиль, Үндістан, Пәкістан), басқа да
субъектілердің (мемлекеттік емес, яғни, терроршылардың) ядролық саясатын
қарастыру, осы қару- жарақты иелену, пайдалану себептерін анықтау және де
іс жүзінде бұл қаруларды пайдалануға жол бермейтін ұсыныстарды анықтап
көрсету;
- Біріккен Ұлттар Ұйымның Қазақстан Республикасындағы және басқа да
мемлекеттердегі (Иран, Солтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Үндістан, Пәкістан және
Ресей) қауіпсіздік, қарусыздану мәселелерді реттеудегі қызметін, құқықтық
ерекшеліктер мен саясатын зерттеу.
- Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасы жаппай қырып-жоятын
қару-жарақтарға тыйым салудағы біріккен саясатын зерттеп қарастыру;
- Жер бетінде қауіпсіздік жағдайын орнатуды жетілдіру тәжірибелік
нұсқаулар дайындау, Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану мәселесін
реттеудегі ролін арттырудың нұсқауларын дайындау болып табылады.
Магистрлік диссертация жұмыстың зерттеудің әдістемелік және теориялық
негізі халықаралық қауіпсіздікті орнатудың жалпыға танымал халықаралық
қағидалар, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздік орнатудағы
ядролық қарусыздану саласындағы қызмет тәжірибесі болып табылады.
Магистрлік диссертация жұмыс жасау барысында жалпыға танымал әдістер, атап
айтсам, құқықтық институттар мен нормативтік-құқықтық актілер зерттелгенде
пайдаланылған салыстырмалы- құқықтық талдау және логикалық әдістер,
ядролық қарусыздану аясында құқық жасау мен құқық қолдану мәселелері
жинақталады, сонымен қатар, диссертация жұмысында жүйелеу және тарихи
әдістер қолданылды.
Жүргізілген зерттеу қортындыларына сәйкес қорғауға келесі ережелер
ұсынылады:
1. Ядролық қару-жарақ аса қауіпті қарудың бірі, оның тәжірбиеде
пайдалануы қоғамға ешбір жетістік пен пйдасын әкелмейді. Тәжірибедегі
мәліметтерге сүйенсек ядролық қарудың салдары қоршаған ортаға, әлемге қауіп
төндіретін зиянды қару;
2. Ядролық қарусыздану оны таратпау мәселесін шешу үшін тек жекелеген
мемлекеттердің ішкі проблемасы ретінде қарастырылмауы тиіс, оған әлемнің
барлық мемлекеттері бірлесе атсалысып халықаралық қауіпсіздікті орнатуда
үнемі халықаралық ұйымдар ынтымақтастық жасап отыру қажет;
3. Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында қарусыздану және ядролық қару-жарақты
таратпау мәселелерді реттеуде көптеген халықаралық-құқықтық шешімдер,
конвенциялар, хаттамаларды, қарарлар қабылдап, оларды қолданып, қоршаған
ортаны қорғауға қатысты шараларды жүргізуде;
4. Біріккен Ұлттар Ұйымы қарусыздану және ядролық қару-жарақты таратпау
саясатын басты органдары және өзінің мамандандырылған МАГАТЭ, ЮНЕП, ВОЗ,
ЮНЕСКО, ЮНИДИР, ФАО және т.б. органдары арқылы жүзеге асырауы;
5. Ядролық қару-жарақ пен материалдардың халықаралық қауіпсіздікке
тигізетін әсерлерін алдын алу үшін мемлекеттер арасында және әмбебап ұйым –
БҰҰ арасында үзілмейтін қарым-қатынасты орнатып және әр мемлекет өз
ядролық саясатын жаңартқан кезде немесе қандай да өзгеріс енгізген кезде
өзге мемлекеттерге және БҰҰ-на хабарлауы тиіс;
6. Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздану саясатты, халықаралық
бейбітшілікті қолдауы тек өз елінің игілігіне ғана емес, сондай-ақ
халықаралық қауіпсіздікті орнатуына және нығайтуына бағытталғандығы;
7. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату үшін халықаралық
қауымдастықтар, мемлекеттер өз мұратымен, ниетімен ядролық қаруды
пайдалануын, өндіруін және сынауын шектеу немесе тыйым салуына, сондай-ақ
оның барлық қорын жоюына бірігіп күш салуы керек. Тек, әр мемлекеттің
ынтасымен және де ынтымақтастық жолымен халықаралық өзекті мәселелерді
шешуге болады, тек осы жолмен ғана біз бейбітшілікке қол жеткізе аламыз;
8. Ғаламдық мәселені шешу үшін ғаламдық қадам жасаумыз керекпіз. Тек
халықаралық ынтымақтастық жолымен ғана, әмбебаптық ұйымның көмегімен ғана
ядролық қарусыздану мәселелерді шеше аламыз. Сондықтан, барлық елдер
қазіргі кезден бастап әмбебаптық ұйымды – Біріккен Ұлттар Ұйымын қолдау
керек.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы оның тақырыбымен
анықталған. Бұл жұмыста көрсетілген қорытындыладың, ұсыныстар мен
нұсқаулардың теориялық және тәжірибелік маңыздылығын Біріккен Ұлттар
Ұйымның ядролық қарусыздану саласындағы қызметін және басқару, бақылау
жүйесін анықтап білу үшін және де қарусыздану саласындағы мемлекеттердің
саясатын танып білуге, сонымен қатар, ядролық қару-жарақтың қоршаған ортаға
тигізетін әсерін аңғару үшін, осы қаруларды шектеуге, жоюға көрсетілген
ұсыныстарды пайдалана отырып ұйымдастырушылық құқықтық шаралар жүйесін
жетілдіруде қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің апробациясы: Диссертациялық жұмысында көрсетілген
негізгі теориялық әдістемелік және тәжірибелік ережелер, қорытындылар мен
ұсыныстар № 2 (38) 2010 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетінің ғылыми-
теориялық және ақпараттық практикалық Қазақстандық халықаралық құқық
журналында Қазақстан Республикасы ядролық қарусыздану саясатымен болашаққа
ұмтылуы тақырыбымен мақала және де №4 (49) 2010 жылы Қазақ Гуманитарлық
Заң Университетінің ғылыми-ақпараттық Құқық және Мемлекет журналында
Ядролық қарусыздандыруды қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер тақырыбымен
мақала басылып шықты.
Магистрлік диссертация жұмыстың құрлымы мен көлемі: Кіріспе, I, II және
III тараудан, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тараулардың құрлымы: бірінші тарау 2 бөлімнен, екінші тарау 3 бөлімнен және
үшінші тарау 2 бөлімнен тұрады. Диссертациялық дұмыстың жалпы көлемі 94
бет.

Бірінші тарау
Диссертациялық жұмыстың бірінші тарауы Қарусыздандыру және халықаралық
қауіпсіздік екі бөлімді қамтиды.
Бірінші бөлімде, алдымен адамзат тарихы - соғыстар тарихына толғаны
туралы, тіпті өркениет тарихын да біз мемлекеттер жүргізген толып жатқан
соғыстар, оларды не үстем болуға, не құрып кетуге алып барған соғыстар және
де бұл соғыстар ешбір жетістікке әкелмейтіні туралы парықтай аламыз.
Соғыстардың нәтижесінде қару-жарақтың жаңа түрлері, соның ішінде ең
қауіптісі ядролық қару-жарақтың пайда болудың жолдары қарастырылды.
Өркениет дамуымен оқ-дәрі қару-жарақ түрлері дамып, басып алу нысаны
күрделеніп, нәтижесінде дұшпанды құртып жіберумен қатар, сол мемлекеттің
жерін жоюға, өмір сүру мүмкін емес жерге айналдыруға тырысатын болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қару-жарақтардың жаңа түрлері
пайда болып, адал жекпе-жекке күресу қағидасы да ұмытылды. Оның орнына
дұшпанды аямай, тез жоюға әкелетін оқ-дәрілі қарулар пайдалануы тиімді
болатының көптеген мемлекеттердің саясаткерлері мойындаған болатын. Осының
нәтижесінде, бірінші дүниежүзілік соғыста 10 миллион адам қаза болатын.
Осы соғыстан кейін көптеген мемлекеттердің ғалымдары жаңа қуатты қару
түрлерін ойластыруға көп күш жұмсаған болатын. Нәтижесінде, физика курсында
атом ядросы және элементар бөлшектер деген сөздер пайда болды.
Диссертациялық жұмыста ядролық қарқу-жарақтың пайда болуына және оның
жаңа түрлеріп дамуына байланысты ядролық физикадағы ғалымдардың еңбектеріне
қысқаша шолу жасалған, онда физика ғылымының дамуына зор үлесік қосқан
Антуан Анри Беккерель, Пьер мен Мария Кюри, Эрнест Резерфорд, Нильс Бор,
Ида Ноддак, Лео Сциллард, Отто Ган және Фриц Штрассман, Лиза Метинер сияқты
атақты ғалымдардың ұлы жаңалықтар ашылу арқасында уран, радий, торий және
плутония химиялық элеметтері анықталған және осы элементтердің атомдары
бөлінгенде немесе реакцияға түскен кезде көп мөлшерде энергия шығаратыны
туралы ақпараттар жиналып, кейін бұл заттар ядролық қару-жарақтың негізгі
элеметтеріне айналатыны туралы баяндалған.
Сонымен қатар, тарихи оқиға – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына
байланысты мемлекет арасында ең қауіпті қаруды атомды бомбаларды құру
сайысы, осы соғыстан кейін мемлекеттердің әскери лексиконынан жаулап алу
ұғымы шығып қалып, оның синонимі жаппай қырып-жою деген ұғым пайда болуы
туралы, яғни биполярлық саясаты туралы сипатталған.
Екінші бөлімде қарусызданудың мәні мен мақсатын қарастыруына
бағытталған. Ол үшін ядролық қарудан пайда болатын жарылыстардың түрлері
және қарудың қауіп төндіру факторлары зерттелді. Сонымен бірге,
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, қарусыздану мәселелері бойынша ғалымдар
мен саясаткерлердің бірқатар еңбектері мен қоса жүргізілген шаралары
қарастырылып өтілді.
Биполярлық саясат кездегі екі қомақты державалардың қарулану сайыстың
нәтижесінде туындаған қауіп - қатер және олардың салдарна айрықша назар
аударылған. Себебі осы сайыстың нәтижесңнде қару-жарақтың жаңа түрлері мен
олардың жетілдіру жолдары ізделінді.
Поярлық сайыс соғысы жүргізілген кезде АҚШ 1945 жылы 3 қарашада
Пентагондға №329 баяндама түскен болатын, бұл құжатта КСРО жеріне атомды
соққы беру үшін ең манызды жиырма территориялар тандалған болатын. АҚШ-та
соғыс жүргізу жоспары дайындалған. Бұл жоспар бойынша “Троян” 1949 жылы
14 шілде айында КСРО-ның 70 қалалары атомды бомбардировкаға ұшырауына
бағытталған. Бірақ, бұл әскери істер 1957 жылдың 1 қаңтарына көшірілген
және де НАТО-ның барлық мемлекет мүшелері қатысуы соғыс жүзеге асырылуға
дайындалған болатын. Ал, КСРО - өз кезегінде ядролық қару-жарақтың жаңа
түрлерін табу үшін арнайы зерттемелер жасап, сынақтар арқылы өз күштерін
көрсеткен. Сутегілі бомбаларының қуаты мен ядролық қаруды сынақтан өткізу
саны ұдайы өсе берді. Семей ядролық полигондағы сынақтардың жалпы саны 456
ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың  116-сы ашық болды,
яғни жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалды.
Қазақ ғаламдарының есебі бойынша, Семей полигонында әуәде және жер
бетінде сынақтан өткізілген ядролық зардаптардың жалпы қуаты 1945 жылғы
Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды [3, б.
48-49]. Осы мағлұматқа сәйкес ядролық қару-жарақтың жер бетіне қоқан-лоққы
әкелетін әзәзіл қаруы болатына көз жеткізе аламыз.
Магистрлік диссертациялық зерттеуіне сәйкес халықаралық қауіпсіздікті
орнату оңай бола алмас, оны орнату үшін саны көп мемлекеттер бірігіп, осы
халықаралық мәселемен күресу керек, тек осындай жағдайда ғана біз нәтижеге
жете аламыз. Сондықтан, халықаралық қауіпсіздік орнату үшім мемлекеттер
бірігу керек, Халықаралық қауіпсіздікті тек халықаралық ынтымақтастық
арқылы және бұл қатынастарды орнатуы мен бақылауына халықаралық ұйымның
атқаратын қызметі зор.
Қарусыздану мәні – осы мемлекеттердің тікелей қаруларын тастап шығуын
білдірмейді. Мемлекеттер қарусыздану саласында халықаралық шарттар жасауға
ұмтылулары тиіс және өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындауы
керек. Сөйтіп, қарусыздану қағидасының мазмұнына сәйкес: біріншіден,
қарусыздану саласында іс-тәжірибелік шаралар жасау; екіншіден, қарусыздану
мақсатына жету; үшіншіден, қарусыздану саласында әрекет ететін шарттар
талабын орындау керек.
Ядролық қарусыздану - ядролық қару-жарақтың қоймаларын, оның
сақтаушылар және жеткiзу құралдарын, сонымен бiрге өндiрiстердің санын
қысқарту мен жою процесі. Ядролық қарусыздану жақтаушылардың пiкiрiнше
ядролық қарусыздану саясаты соғыстың пайда болуын мүмкiншiлiгін азайтуға
мүмкiндiк бередi.
Қарусызданудың мақсаты: халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті
сақтау; қоршаған ортаны сақтап қорғау; мемлекеттер арасында халықаралық
сенімді, достық байланыстарды нығайту; халықаралық мәселелерді шешу үшін
халықаралық ынтымақтастық; халықаралық дауларды немесе оқиғаларды бейбіт
құралдар арқылы шешу, соғысты болдырмау;

Екінші тарау
Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарусыздануды және ядролық қару-
жарақты таратпауды қамтамасыз етуші негізгі орган үш бөлімнен құрылған.
Бірінші бөлімде қарусыздану саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының
функциясы мен қағидалары қарастырылуына бағытталған, ол үшін ұйымның
құқықтық негіздері зерттелді. БҰҰ Жарғысы және ядролық қарусыздану қару-
жарақты таратпау саласына негізделген халықаралық құқықтық актілер, шарттар
зерттелді.
Халықаралық қауіпсіздік оның ішінде қарусыздану мәселелері Біріккен
Ұлттар Ұйымының отырыстарында тұрақты қарастырылатын мәселелердің бірі
болып келеді.
БҰҰ-ның ядролық қарусыздану және бұл қару-жарақты таратпау саласындағы
құқықтық негіздерін анықтау үшін БҰҰ-ның Жарғысы мен ұйымның тұсында
қабылданған бірнеше халықаралық шарттарына зор ықыласпен зерттелінді.
Ұйымның құқықтық негіздері анықтауда БҰҰ Жарғысы басты орын алады.
Себебі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікті орнату, соның ішінде қарусыздану саласында басты қызметі
Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңес органына жүктелген, осыған сәйкес
диссертациялық жұмыста бұл органдарының қызметіне, тәжірибедегі әрекеттерін
қарастыруына ерекше көңіл бөлінді.
Негізінен, ядролық қарусыздану саласында ең басты халықаралық шарт
және соның негізінде таратпау режимі орнатыла басталған шарт –Көпшілікке
Таратпау туралы атымен таныс Ядролық қаруды таратпау туралы шарты (ЯҚТШ)
болып келеді.
БҰҰ мен мемлекеттер ядролық қарусыздану оны таратпау саясатын толық
орнату үшін осы шарттың реттеушілік кемшіліктерді жетілдіру жолдарын іздеуі
тиіс. ЯҚТШ-тың қандай кемшіліктері бар екенін көз жеткізу үшін оның
тәжірбиеде, іс-жүзіндегі атқаратын қызметі қарастырылды.
Негізінен әлемде бейбітшілік орнату үшін әр бір мемлекет қарусыз
мәселесіне көңіл аударуы керек. Бейбіт өмір – достық қарым-қатынас
орнатуымен басталады, егер мемлекеттер арасында достық, ытымақтастық
қатынастары орнатылса, қару-жарақтардың пайдалану сесебі де керек болмайды.
Қарусыздану проблемасының басты ерекшелігі- халықаралық құқықта
қарусыздану қағидасының қалыптасуы.
Екінші бөлімде Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органдары мен
мамандандырылған мекемелері қарусыздану өрісіндегі қызметі қарастырылғын.
БҰҰ қарусыздану және ядролық қару-жарақты таратпау саласындағы
атқаратын қызметін бас органдары мен көмекші, мамандандырылған органдар
жүзеге асырайды.
Қарусыздандуру мәселелерін шешу Бас Ассамблеяға екі көмекші органдар
қызмет атқарады: Бірінші комитет және Қарусыздандыр комиссиясының қызметі
зерттелді.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негіздері анықтау үшін
БҰҰ Жарғысының тиісті тараулары қарастырылды. Бұл БҰҰ Жарғысының V тарауына
сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін басты
жауапкершілік жүктелген тұрақты әрекет ететін орган болып табылады.
Қауіпсіздік Кеңесі дауласушы тараптарға олардың дауларын бейбіт
құралдарымен шешуді талап ете алады. Кеңестің құзыретіне мыналар кіреді:
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мәселелерін қарастыру;
дауларды бейбіт жолмен шешу; мәжбүрлеу шараларын қабылдау; БҰҰ-ға қабылдау,
шығару жөнінде кепілдеме хат беру; халықаралық Сот мүшелерін сайлау; Бас
Хатшыны тағайындау туралы қарар т.б. [8, б. 109].
Бейбітшілік қауіп төнген жағдайда Қауіпсіздік Кеңесі мынадай іс-
шараларды ұсына алады: дипломатиялық қатынастарды үзу, экономикалық
байланыстарды тоқтату (экономикалық санкция, іс жүзінде жиі қолданылады),
әуә, теміржол, пошта және телеграф байланыстарын тоқтату, порттарын қоршау
және т.б. Осы шараларды ядролық қару-жарақты пайдалану, оны өндіру мен оның
объектілерін таратуына байланысты Қауіпсіздік Кеңес іс жүзінде Иран,
Солтүстік Корея, Ирак пен Израиль, Ливия және басқа да мемлекеттердің
қарулану саясатына қарсы бір қатар қарарларды қабылдаған болатын.
БҰҰ халықаралық қауіпсізікті қолдап, қарусыздану мен ядролық-жарақты
таратпау саясатын келесі көмекші органдар арқылы жүзеге асырайды: БҰҰ-ның
қоршаған ортаны қорғау (ЮНЕП); білім, ғылым және мәдениет мәселелері
жөніндегі бүкіләлемдік ұйым (ЮНЕСКО); бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымы
(ВОЗ); химиялық қаруларға тыйым салу жөніндегі ұйым; қарусыздану мәселесін
зерттеу жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Институты (ЮНИДИР); БҰҰ
ауылшаруашылық және сауда-саттық ұйымы (ФАО); БҰҰ бүкіләлемдік
метеорологиялық ұйым (ВМО); БҰҰ-ның миналарды зиянсыздандыру жөніндегі
ұйымының; Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттігі (МАГАТЭ -
International Atomic Energy Agency, IAEA) және т.б. ұйымдардың атқаратын
функциялары зерттелңп, олардың кемшіліктерін анықтап жетілдіру жолдары
жүргізілген.
Көріп отырғанымыздай, ядролық қарусыздану мәселесі ғаламдық
проблемалардың бірі болып келеді, себебі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ядролық қарусызданудың маңызын
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану іс - шараларына қатысуы
Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының әскери доктринасы
Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік
Пәндер