МЕМЛЕКЕТТІК МЕНЕДЖМЕНТ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

МЕМЛЕКЕТТІК МЕНЕДЖМЕНТ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Кіріспе (7 бет )

І тарау

Менеджмент және менеджменттің ұлттық ерекшеліктері

1. 1. Менеджмент ғылымы және оның даму кезеңдері, бағыттары

1. 2. Батыс және шығыс менеджментінің ерекшеліктері

1. 3. Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және қазақ халқының басқару тарихындағы менеджменттің үздік үлгілері

ІІ тарау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік менеджменті және басқарудағы ақпараттық саясат

2. 1. Мемлекеттік менеджмент және Қазақстан Републикасының мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері (Қазақстан Республикасының мемлекет құрылымы және мемлекеттік менеджменті)

2. 2. Ақпараттық қоғам қалыптастырудағы Әкімшілік реформалаудың коммуникациялық тәсілдері (Әкімшілік реформалау - ақпараттық қоғам құрудың негізі ретінде)

2. 3. Қазіргі Қазақстан Республикасының мемлекеттік менеджменттің даму бағыттары мен перспективасы

Қорытынды (7 бет)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Тақырыпты зерттеу деңгейі

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздемесі . Диплом жұмысында мемлекеттік менеджмент мәселесіне ғылыми көзқарас белгілі шетелдік және отындық ғалымдардың еңбектерін, зерттеу, сараптау, өзгеріс енгізу негізінде құрылды. Зерделеу және сараптау авторлардың зерттеу бағыттарын біріктіретін бірнеше жолдарды анықтауға көмектесті. Бірінші бағытқа мемлекеттік басқарудың теориясы мен методологиясын қалыптастырудағы зерттеу жұмыстарын жатқызамыз. Екінші бағытқа мемлекеттік сектор мен тиімді мемлекеттік басқарудың тәртіптерінің жиынтығын барабар көрсететуге құрылған авторлардың зерттеулерін біріктіреді. Үшінші бағытқа қолданбалы сипаттағы жұмыстарды, төртіншіге - аймақтық маңызы, бесіншіге - ғаламдық мәнін, ал алтыншыға - индустиалды-инновациялық дамуды ғылыммен қамтамасыз етудегі еңбектерді қарастырамыз.

Бұл көпсалалы мәселеге қатысты бірнеше сауалдар туындап, өз жауабын толыққанды тапқан жоқ десе болады. Сол себепті теориялық, методологиялық зерттеулерді шығармышылық тұрғыдан түйсіну маңызды болып отыр. Мемлекеттік сектордың қазіргі заман талаптарына сәйкес басқару тәсілі және формасын, негіздерінің сәйкестік деңгейін анықтау. Басқару шешімдерін жасау мақсатында мемлекеттік секторды жүйелеу және теориялық, методологиялық қырларын терең анықтап алу қажеттігі байқала бастады. Қойылған мәселені шешуде ғылыми тәсіл қолдану жаңа заманға лайық қызмет ететін мемлекеттік басқару органдарының мемлекет саясатын жүргізуде ғылыми негіздемесі болмайтын тиімсіз араласу шараларын азайтады.

Жоғарыда айтылғандар тақырыпты таңдауға, мақсатын қоюға, сондай-ақ негізгі зерттеу тапсырмасын анықтауға көмектесті.

Зерттеудің мақсаты. «Менеджмент» сөзі біздің тілдік қорымызға енгеніне біраз болды және әртүрлі ақпарат көздерінде менеджмент синонимі ретінде басқару, басшылық сөздерін пайдаланады. Қалай болғанда қазіргі заманда жаңа заманға лайық терминдерді пайдалану көптеп кездесуде және ол заңдылық десе болады. Бұл екі терминнің тең мағынада қолданылуы қажет пе жоқ па, міне бұл да зерттеу жұмысымның арқауы болып отыр. Соны анықтау мақсатында бірнеше шетелдік авторлардың анықтамасына тоқталып, ара-жігін ашуды көздедім. Менеджменттің әр салада қандай мағынада қолданылатына және оның балама синонимдерімен салыстыру барысында «менеджмент» сөзінің түпкі мағынасы бір, тек нарық замамына бейімделген қоғамда оның көптеп көрініс тауып отырғанына көзімңздң жеткізуге болады. Сондай-ақ «мемлекеттік менеджмент» «мемлекеттік бақарудың» қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің тәжірибесінде және тілдік қорында тең мағынада қолданылып отырғандығын байқауға болады.

Зерттеудің міндеттері

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

Зерттеудің әдіс-тәсілдері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

І ТАРАУ

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Менеджмент ұғымы және оның даму кезеңдері мен бағыттары

Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға «менеджмент», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашан дәл бере бермейді.

«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Қай саланың болсын өзінің басқарушылық тарихы болады. Көпжылдық тарихы бар батыс елдері қалыптасқан тұрақты менеджменттің арқасында даму көшінің басында келеді. Жалпы «менеджмент» сөзінің анықтамасына келетін болсақ, «менеджмент» ағылшын сөзі латынның «манус» - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы деген мағынаны білдіреді. 1

Профессор Л. И. Евенкомның айтуынша «менеджмент» - бұл еңбекті, ақылды, басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, қойылған мақсатқа жету іскерлігі. Менеджмент - орыс тіліндегі «басқару, меңгеру, ұйымдастыру» деген мағыналас сөздерді білдіреді.

Менджмент - бұл сондай-ақ кез-келген саланың жұмысын үйлестіру мен өз міндетін жүзеге асыруға көмекші ілім болып табылады. Ал осы саланың маманы менеджер - шаруашылықта, әсірісе нарықтық өндірісте белгілі бір мақсатпен және ерекше құрылыммен жұмыс істейді. Ол адамдардың белгілі бір дәрежесі, әлеуметтік топ, олар басқару бойынша жұмысты жүзеге асурышылар немесе атқарушылар болып табылады.

Нарықтық экономикада өндірістің дамып, көркеюінде және ірі табысқа жетуінде менеджер мен маркетологтардың рөлі ерекше. Олардың қызметі: адамдармен қарым-қатынас, билік және басқару өнері, шеберліктің ерекше түрі, басқару органы. Маман кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойластырады, қызметкерлерге нақты міндеттер жүкетей отырып, оны жүзеге асыруға қамтамасыз етеді.

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

1. Адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, үлгісі;

2. Билік және басқару өнері;

3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі.

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді бірдіреді. 2

Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірі бойынша менеджмент - іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесек, Дракердің түсіндіруінше - жоғарыда айтылған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі практикаға жақындау. 3 Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсілі. Мұндай топтың мысалына үкіметті, алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады». 4

«Менеджмент» ағылшын сөзінен алғанда латынның «манус» - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы деген мағынаны білдіреді. 5

Профессор Л. И. Евенконың айтуынша «менеджмент» - еңбекті, ақылды, басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, қойыылған мақсатқа жету іскерлігі.

Мененджмент - орыс тіліндегі «басқару, меңгеру, ұйымдастыру» деген мағыналас сөздерге жақынырақ болып келеді.

Менеджмент - бұл сондай-ақ, Адам баласының білім саласы, өз міндетін жүзеге асыруға көмекші ілім болып табылады. Менеджмент - менеджер деп қолданып жатады. Ол адамдардың белгілі бір дәрежесі, әлеуметтік топ, басқару бойынша жұмысты жүзеге асырушы немесе атқарушы.

Басқырудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негізгі сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

Мемлекеттік менеджмент . Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

Әскери менеджмент . Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент . Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс әркетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

Бизнес менеджмент . Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

Мемлекеттік мекемедегі менеджмент . Бизнес менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік әскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой пікірлер де ықпал етеді. 6

Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез құлқы туралы «негізгі алынатын түсініктерге» сүйенеді.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвицияның пікірінше, басқару процесі өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.

Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.

Менеджмент нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. 7

Көрнекті американ экономисі В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жанжақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай ісәркетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар8.

Жеке кәсіпорын, өзінің праволық формаларына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу немесе рынок арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру.

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық.

Қай саланың болсын өзінің басқарушылық тарихы болады. Көпжылдық тарихы бар батыс елдері қалыптасқан тұрақты менеджменттің арқасында даму көшінің басында келеді. Жалпы «менеджмент» сөзінің анықтамасына келетін болсақ, «менеджмент» ағылшын сөзі латынның «манус» - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы деген мағынаны білдіреді.

Профессор Л. И. Евенкомның айтуынша «менеджмент» - бұл еңбекті, ақылды, басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, қойылған мақсатқа жету іскерлігі. Менеджмент - орыс тіліндегі «басқару, меңгеру, ұйымдастыру» деген мағыналас сөздерді білдіреді.

Менджмент - бұл сондай-ақ кез-келген саланың жұмысын үйлестіру мен өз міндетін жүзеге асыруға көмекші ілім болып табылады. Ал осы саланың маманы менеджер - шаруашылықта, әсірісе нарықтық өндірісте белгілі бір мақсатпен және ерекше құрылыммен жұмыс істейді. Ол адамдардың белгілі бір дәрежесі, әлеуметтік топ, олар басқару бойынша жұмысты жүзеге асурышылар немесе атқарушылар болып табылады.

Нарықтық экономикада өндірістің дамып, көркеюінде және ірі табысқа жетуінде менеджер мен маркетологтардың рөлі ерекше. Олардың қызметі: адамдармен қарым-қатынас, билік және басқару өнері, шеберліктің ерекше түрі, басқару органы. Маман кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойластырады, қызметкерлерге нақты міндеттер жүкетей отырып, оны жүзеге асыруға қамтамасыз етеді.

Басқару дегеніміз ұйымның алға қойған мақсатын қалыптастырып, оған жету үшін қажетті жоспарлау және бақылау процесі.

Менеджмент ғылымы біздің елімізде қоғамды және экономиканы басқару тетігі ретінде қолданыла бастағанына көп болған жоқ. Дегенмен, ілгері жылжыған уақыт талабы менеджмент өрісін кеңейтуді талап етуде. Оның мына төмендегідей бірнеше себептері бар. Біріншіден, еліміз бастан кешіріп жатқан қазіргі кезең қоғамдық өмірдің барлык салаларындағы серпіліспен және сапалық өзгерістермен ерекшеленеді. Экономиканы әртараптандыру, жаңарту және қоғамды демократияландыру үдерісі саяси, экономикалық, әлеуметтік институттардың түгелге жуығын қамтып отыр. Шаруашылық жүргізудің әкімшіл-әміршіл жүйесінің көбесі сөгіліп, бір орталықтан қатаң жоспарлау және өндірістік қызметтің негізгі түрлерін басыбайлы иелену арқылы монополияландыру өткен күннің еншісіне айналды, экономикалық қатынастарда ілкімділік бой көрсете бастады. Жалпы мемлекеттендіруден азаматтық қоғамның институттары мен қарым-қатынастарына көшу Қазақстандағы жаңа нарықтық жүйе үшін нақты да объективті ақиқат болып табылады. Бұрынғы экономикалық қатынастардың, институционалдық құрылымның жойылуы, жаңаларының пайда болуы экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы сияқты құбылыспен қатарласа өрбуде. Жекелеген елдердегі, оның ішінде Қазақстандағы, экономикалық реформалар нарыққа көшудіц ғаламдық белгілері мен заңдылықтарына бағына отырып, ұлттық сипат алуда, ортақ менталитет, шаруашылық жүргізу мәдениеті және бір аумақтағы тұрақты экономикалық байланыстарды біріктіретін ұлттық мүдделерді білдіруде. Олардың өзіндік ұйысуының, өмір сүріп, дамуындағы жоғары формасы ұлттық мемлекет болып отыр. Экономиканың жаңғыртылуы, нарыққа, нарықтық қатынастарға көшудің проблемалары экономикалық реформаның жалпылама емес, ұлттық-мемлекеттік факторларынан көрініс табуда. Экономикалық трансформацияның қолда бар мүмкіндіктер, ұлттық-мемлекеттік ерекшеліктер арқылы айқындалатын өзіндік стратегиясын жасау идеясын Президент Н. Назарбаев «XXI ғасыр табалдырығында» атты еңбегінде ұсынып, жан-жақты негіздеді. Бұл идея нарықтық қатынастардың нақты ұлттық бағдарламаларын жасау барысында одан әрі дамытылып, толықтырылатыны күмәнсіз. 9

Екіншіден, біздін еліміздегі, сондай-ақ өзге постсоциалистік мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық процестер ортақ нысана - нарыққа бағытталған. Өндірістің негізгі факторларын капиталдандыру негізінде нарыққа, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау, атап айтқанда, мемлекет және жеке адам меншіктерінің астасуы бұлардың өзара байланыс жасау, атап айтқанда мемлекеттің, корпорациялардың және рыноктың өз мүдделерін жүзеге асыру механизмін талап етеді. Бұл құбылыс әлемдік даму ерекшеліктерінен бастау алып отыр: өркениетті дүние жаңа әлеуметтік құрылысқа қадам жасауда, индустриялық қоғамнан постиндустриялық қоғамға көшу жүзеге асуда. Дамыған елдерде классикалық капитализмнен ерекшеленетін аралас өркениет қалыптасып келеді. Ол бұрынғы таптық-антагонистік қайшылықтарды жеңуге, формациядан тыс процестерді, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық ілгерілеушіліктің тарихи дамудың қазіргі кезеңіне тән жалпы тенденцияларын алға ұластыруға бағытталып отыр. Сондықтан да тоталитарлық-мемлекеттік жүйеден нарықтық жүйеге көшудің жаңа парадигмасын жасау осы аталған тәжірибені пайдаланбайынша, сондай-ақ ғылыми тұжырымдамаларды зерттеп, зерделемейінше шешіле қоймайтын түйін болып табылады.

Үшіншіден, реформаның алғашқы кезеңінің қорытындылары нарыққа көшу қысқа мерзімді қимыл емес, бүкіл әлеуметтік-әкономикалық жүйені қайта құрудың кезең-кезеңдік, ұзақ та күрделі процесі болып табылатынын көрсетіп отыр. Соңғы жылдардың тәжірибесі шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне көшу Қазақстанның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, нарықтық тетіктерді іс жүзінде пайдаланбайынша мүмкін еместігін көрсетті. Мұның, ең алдымен, рыноктық қызметке қатысты шаруашылық проблемаларды шешуге кешенді көзқарасты камтамасыз ететін менеджментке және маркетингке тікелей катысы бар.

Төртіншіден, нарықтық экономиканың еліміздегі алғашқы қадамдары жаңа шаруашылық қатынастарды дамытуға бағытталған заңдар мен қаулылар топтамаларын қабылдаудан басталды. Шетел инвестицияларына жол ашатын тетіктер жасалып, жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Көнтеген шетелдік каржы-несие мекемелері, ірі фирмалар Қазақстанды өз өнімдерін өткізетін рынокқа айналдырумен қатар біріккен кәсіпорындар ашуды да қолға алуда. Осы өндіріс орындарының, сондай-ақ кейбір отандық ошақтардың тауарлары ТМД елдеріне, ішінара «алыс шетелге» жөнелтілуде. Тікелей алыс-берістің арқасында сыртқы рынокқа шығу шаруашылық кызметтік құрылымы мен түрлерін ғана емес, қызметкерлердің ойлау жүйесін де өзгертті. Еркін бәсекенің пайда болуы мемлекеттік мекемелеріміз бен кәсіпорындарымызды, соның ішінде БАҚ-ты нарық жағдайында өнім өткізудің әлемдік тәжірибеде сыннан өткен менеджменті сияқты тиімді әдісімен қарулануға мәжбүр етуде.

Осыған байланысты қоғамда жүріп жатқан акпараттық процестерді басқару мәселесі, яғни ақпараттық менеджментті қолдану күн тәртібіне енуге тиіс. Менеджмент ғылымы ұйым, жүйе, басқару сияқты негіз қалайтын ұғымдардан тұрады. Ұйым, біздің мысалымызда бұқаралық ақпарат құралдары -ол белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін өз қызметін саналы түрде үйлестіріп отыратын адамдар тобы. Кез-келген ұйымның мақсаты - нәтижеге жету үшін ресурстарды қайта өндеу болып табылады. Ұйым қолданатын негізгі ресурстар -адамдар (адам ресурсы), капитал (ақша ресурсы), материалдық технология және ақпарат. Аталғандардың төртеуі физикалық ресурстарға, ал бесіншісі - тұжырымдамалық ресурсқа жатады. Бұл ресурстардың бәрін басқаруға болады.

Сонымен, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылығы ғана емес. тақырыптық блоктарды жүргізуші журналистер де менеджерлер сапына кіреді. Ұйым - менеджерлердің негізгі әлемі және ол менеджментттің өмір сүруінің алғышарты болып табылады. Ақпараттық менеджменттің кажеттілігі компьютерлік мүмкіндіктің кеңеюіне байланысты барабар тұрғыда өсуде. Ұйымның ең көрнекті мінездемесіне тік және көлденеңге бөлінетін еңбек бөлінісі жатады. Менеджерлер барлық деңгейлерге және барлық функционалдық жүйелерге қатысады. Олардың өз тапсырмалары мен рөлдерін қалай орындайтыны компьютерлік ақпараттар жүйесінің көмегімен шеше алу қабілетіне байланысты.

Басқару дегеніміз - ұйымның (біз қарастырып отырған бұқаралық акпарат құралдарының) алға қойған мақсатқа басқа адамдар арқылы жету үшін жүргізетін жоспарлау, ұйымдастыру, түрлендіру және бақылау үдерістері. Бүгінгі таңда басқарудың тәжірибесі мен теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосатын басқару мектептері процестік, жүйелік және ситуациялық деп аталатын төрт негізгі тұрғыдан қарастырылады. Басқарудың әртүрлі мектептері бар. Олар: ғылыми басқару, әкімшілік басқару мектебі, адамдық қарым-қатынас мектебі немесе мінез-құлық ғылымы, сонымен қатар басқару ғылымы немесе сандық тәсілдер мектебі. Басқару процестік тұрғыдан бір-бірімен өзара тығыз байланысты басқару функцияларының үзілмес сериясы ретінде қарастырылады. Жүйелік тұрғыда басшылар ұйымды әр түрлі мақсаттарға өзгермелі сыртқы орта жағдайына орай ыңғайланған технология, тапсырмалар, құрылым, адамдар сияқты өзара байланысты элементтер ретінде қарастыру керек екендігін айқындайтын болады.

Басқарудың әр түрлі әдістерінің қолайлылығы ахуалдармен айқындалады. Нақты жағдайда оған сәйкес келетін әдіс өте тиімді болып табылады. Жүйелік қарастыруға басқару ғылымының дамуындағы қазіргі кезге сәйкес тоқталайық. Жүйе дегеніміз - әрқайсысы бүтіндік сипаттамасына өзіндік үлес қосатын және өзара байланысты айнымалылардан құралған белгілі бір тұтастық болып табылады. Егер олардың біреуі жоқ болса немесе дұрыс жұмыс атқармайтын болса, онда барлық жүйе дұрыс жұмыс істемейтін болады.

1. 2. Батыс және шығыс менеджментінің ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Медициналық білім берудің қазіргі жағдайы және даму болашағы
Қалаларда маркетингтік стратегияны қалыптастыру сипаттамасы
АҚ "Сүт" кәсіпорнында сапа менеджмент жүйесін енгізу. Зертхана меңгерушісінің қызметі
Туристік қызметті басқарудың шетел тәжірибесі
Өнімнің сапа менеджменті
Өндірістік тәжірибенің өту орны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТТІ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Импорттағы өнім сапасын көтерудегі аккредиттеудің рөлі. Аккредиттеу облысындағы халықаралық тәжірибе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz