Фонема жайлы түсінік


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
«Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасы
Тақырыбы: Фонема жайлы түсінік
Қабылдаған: аға оқ. Божбанбаева З.
Орындаған: Мавленова М.
Тобы: ПМД-111о
Түркістан 2013
Фонема жайлы түсінік
Фонема (гр. phonema- мағына үстейтін дербес дыбыс) -сөздің мағынасы мен тұлғасын түрлендіре алатын тіл дыбыстары. Мысалы: «ал», «ол», «ұл», «іл» сөздеріндегі «а», «о», «ұ», «і» дауысты фонемалар болса, «ат», «ас», «ақ», «аң» сөздеріндегі «т», «с», «қ», «ң» - дауыссыз фонемалар. Фонемаларды бір-бірімен алмастырғанда, сөздің мағынасы өзгеріп шыға келеді. Фонеманың акустикалық (дыбыстық) белгілері олардың сөздегі орнына, көрші дыбыстардың әсеріне, сөйлеудің қарқынына т. б. фонетикалық шарттарға байланысты түрлі-түрлі болады. Мысалы, қазақ тіліндегі «т» фонемасы «тыс», «тіс», «түс» сөздерінің құрамында жуан, жіңішке және еріндік болып үш түрлі дыбысталады. Осылайша бір фонеманың түрлі-түрлі дыбысталуын оның варианттары дейді.
«Фонематикалық қабылдау», «фонематикалық есту» терминдерінің мағынасы ұқсас ұғымдар фонематикалық есту-фонеманы тануды және ажыратуды қамтамасыз ететін нәзік есту жүйесі. Фонематикалық қабылдау-сөздің құрылымындағы дыбыстарды ажыратуға бағытталған ойлау әрекеті.
Фонематикалық қабылдауын тексерудің алдында баланың физикалық есту нәтижесімен танысу қажет. Көптеген зерттеулерде екі жастағы есту қабілетінің аздаған бұзылуының өзі дыбысты анық айтуына және ажыратуына әсер ететіні анықталған. Естудің қалыпты дамуы фонематикалық қабылдаудың дамуының басты шарты болып табылады. Физикалық естуі қалыпты балалардың арасында ұқсас дыбыстарды ажырату қиыншылықтары жиі кездеседі.
Тілдегі сөздер бір-бірінен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес , тоз бен тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін олардың мағынасы мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларын да, морфемаларды да ажыратады. Мысалы, біл деген сөздің біле, біліп, білсе және т. б. формаларының әр басқа формалар екендігі олардың мағыналары мен дыбысталуындағы айырмашылықтар арқылы белгілі бола алады. Бұл мысалдардан тіл дыбыстарының сөз құрамында келіп, бір-бірінен сөздерді ғана емес, сонымен бірге, сөздің формаларын және морфемаларды ажырататындығын көреміз.
Сөйлеу баланың жалпы психофизикалық даму үрдісінде қалыптасады. Дені сау балада 1 жастан 5 жасқа дейінгі кезеңде біртіндеп фонематикалық қабылдау, сөйлеудің лексико-грамматикалық жағы қалыптасады, нормативті дыбыс айту дамиды. Бала сөйлеу дамуының ең алғашқы сатыларында вокализация, күмбірлеу түоіндегі дыбыстық реакцияларды меңгереді. Дыбыстар баланың күмбірлеуінің дамуы үрдісінде өзінің туған тілінің дыбыстарына жақындайды. бала бір жасына қарай көптеген сөздердің мағынасын түсінеді және бірінші сөздерді айта бастайды. Бір жарым жасқа дейін балада біртіндеп крделене түсетін қарапайым фраза (2-3 сөзден тұратын) пайда бола бастайды. Баланың өз сөйлеуі фонологиялық, морфологиялық және синтаксистік жағынан әдетте үш жасқа қарай дұрыстала бастайды. Күнделікті сөйлеудің негізгі лексико-грамматикалық құрылымдары қалыптасқан болады. бұл кезде бала көмкерілген фразалық сөйлеуді меңгеруге көшеді. Бес жасқа қарай сөйлеудің жеткілікті бірқалыпты айтуын қамтамасыз ететін фонация, демалу және артикуляция арасындағы координациялық механизмдер дамиды. Алты -жеті жасқа қарай балада дыбыстық анализ бен синтез қабілеттері қалыптаса бастайды. Сөйлеудің қалыпты дамуы жаңа сатыға - жазу мен жазбаша сөйлеуге өтуге мүмкіндік береді. Қалыпты сөйлеудің қалыптасу шарттарына ОЖЖнің сау болуы, көру мен естудің қалыпты болуы және үлкендердің баламен белсенді сөйлесуі жеткілікті деңгейде болуы жатады.
Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема - сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.
Фонема дегеніміз - тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін өзгертіп, морфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады. Фонема да - тілдің материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пән емес, тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі түрлі жағы (аспектісі) . Сонымен фонема деген ұғым сөз мағынасын, сөздің жігін және морфемаларды ажырататын дыбыстар деген ұғыммен байланыстырылады.
Фонема дегеннің ұғымы мен тіл дыбыстары дегеннің ұғымы әр уақытта бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге, екі дыбыстан да (мысалы, жоғарыда аталған дифтонгта) құралуы мүмкін. Керісінше, кейде екі фонема бір дыбыс түрінде айтылады. Мысалы, орыс тіліндегі
детский
деген сөзде
т
мен
с
фонемасы бір ғана
ц
дыбысы түрінде айтылады.
Дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті, мағына ажыратушы қызметі (мысалы, орыс тілінде) тек жуан дауыссыздар мен жіңішке дауыссыздаға ғана байланысты емес, сонымен бірге, дауыссыздардың қатаң, ұяң түрлеріне де байланысты. Мысалы, орыс тіліндегі кость (сүйек) - гость (қонақ), қазақ тіліндегі күл - гүл, тән - дән, қас - қаз деген сөздердің мағыналары бірінде қатаң, екіншісінде, ұяң дауыссыздың келуі арқылы өзара бір-бірінен ажыратылады.
Мағына ажыратушылық қызметіне қарап, фонемалардың өзара ұқсастығы мен жақындығы жоқ екен деп түсінуге болмайды. Бір-біріне қарама-қарсы дыбыстардың топтарының өзі де, мысалы, п - б, т - д фонемалары, ажыратушылық (различительные) қызметімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге, өзара ұқсастық жақтарымен де сипатталады. Жұп-жұбымен қосақталып келген бұл фонемалардың алдыңғы сыңарлары қатаң дауыссыздар да, соңғы сыңарлары ұяң дауыссыздар. Бұл олардың айырым жақтары. Жұбымен қосарланып келген п - б фонемаларының екеуі де ерін дыбыстары болса, т - д фонемаларының екеуі де тіс дауыссыздары, екеуі бірдей шұғыл дауыссыздар (эксплозив) тобына енді. Бұл - олардың ұқсас және жақын жақтары.
Тіл дамуы да өз кезегінде кеш дамиды, затты қабылдау және затпен іс-әрекет жасау, үлкендермен қарым-қатынас жасау, тіл шыққанға дейінгі қарым-қатынас құралы. Артикуляция аппараттарының толық жетілмеуі және фонематикалық қабылдаудың жетілмеуі байқалады, соның нәтижесінде ақыл-ойы кем балаларда өз кезегінде лепет қана емес, гуление де болмайды. Бұлар рефлексті процестер, дені сау балада бұл процестер өмірінің алғашқы ойларында пайда болады, негізінен үлкендердің әсеріне де, қоршаған орта жағдайында да қарамайды, бұл тікелей орталық нерв жүйесінің жағдайымен байланысты.
Фонематикалық қабылдауын тексеру мақсатында қолданылатын әдіс-тәслдер:
- қарапайым фразаларды естіп тануға, ажыратуға, салыстыруға;
- сөз қатарынан белгілі бір дыбысты, буынды ажыратуға, табуға;
- буын қатарын есте сақтауға, дыбыстарды есте сақтауға бағытталған тәсілдер қолданылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz