Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы
№ 1. Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы
№ 2. ХҮІІІ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан
Лекция №3 ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей. Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы.
Лекция 4. ХҮІІІ ғ. Қазақ қоғамы: экономикасы мен әлеуметтік дамуы.
Лекция 5. ХҮІІІ ғ. 50.ші жж. . ХІХ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси үрдістер. Абылай ханның сыртқы саясаты
Лекция 6. Абылай ханның ішкі саясаты
Лекция 7. ХҮІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басындағы отаршылдыққа қарсы күрес
Лекция № 8 ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Лекция 9. Қазақстанға Ресей әкімшілік.саяси жүйесінің енгізілуі
Лекция 10. Қазақстанның оңтүстігіндегі Орта Азия хандарының саясаты
Лекция 11. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы ұлт.азаттық қозғалысы
Лекция 12. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт.азаттық қозғалысы
Лекция 13. Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы
15. Қазақстанға қоныс аудару саясаты және оның салдары.

Жүйелі және тарихи-салыстырмалы талдау, хронологиялық және проблемалық көзқарастар арқылы қорланған тарихи білімдердерді жүйелендіру, жаңа концептуалды ережелерді теоретикалық дәлелдеу, шындық және тарих тұрғысынан қарастыру әдістерін қолдана отырып Қазақстан тарих ғылымының жаңа және қазіргі замандағы даму тарихын - тарихи білімдердің қалыптасқандығын, ұлттық тарих мектебінің пайда болғандығы мен дамуын қарастыруды мақсат еткен зерттеу мәселелері "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасы" бағдарламасының шеңберінде жүргізілді (1996-1998 жж.). Жұмысты орындаушылар құрамы төмендегідей болып бекітілді: Қозыбаев М.Қ. - жетекші, Төлепбаев Б.А. - бас ғылыми қызметкер, Романов Ю.И. - жетекші ғылыми қызметкер, Ерофеева И.В. - аға ғылыми қызметкер, Мәжитов С.Ф. - аға ғылыми қызметкер, Асанова С.А. - ғылыми қызметкер, Дулатова Д.И. - т.ғ.д., ҚазҰМУ, Гуревич Л.Я. - т.ғ.д., ҚазМАУ, Қозыбаев І.М. - т.ғ.д., ҚазМАУ, Бисенбаев А.К. - т.ғ.к., Президент Аппараты, Кожкенов С.А. - т.ғ.к., Президент Аппараты, Мұхаметқанұлы Н. - т.ғ.к., докторант, Жоламанова А.А. - кіші ғылыми қызметкер, Нұрмағамбетова Р.Қ. - Институт ғылыми хатшысы.
Бөлімнің 1996-1998 жылдары жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстан тарих ғылымының көптеген түбегейлі мәселелері бойынша жаңа концептуалды пайымдаулар жасалынды. Орындалған зерттеулер мазмұны: ХХ ғ. басына дейінгі Қазақстан тарихы және ХХ ғ. басы-90-шы жж. дейінгі Қазақстан тарихнамасын қамтыды. Осы уақытқа дейін танымдық мәдениет пен оның жалпығылыми немесе тәжірибелік мәдениетпен байланысының ғылыми жағының мәні жөніндегі мәселе қарастырылған емес-тін. Осыған орай ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы П.С. Паллас, И.П. Фалька, А.И. Левшин сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі қазақ халқы туралы тарихи білімдері мен П.И. Рычков, И.Г. Андреев, т.б. өлкетанушы тарихнамашылардың зерттеулері дерек көздері ретінде қарастырылады.
Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері құнды әрі негізгі болып табылады. Өйткені XVIII ғасырда Қазақ хандығының тарихи серіктестікте негізгі рольді Ресей империясы алады.
XVIII ғасырдағы негізгі деректер орыс патша үкіметінің шенеунектерімен қазақ аймағындағы патша үкіметімен бетінде жатқан қызығушылықтарын жасыру үшін қарастырлған іс жүргізу құжаттамалары, ресми құжаттар алғашында келеді. Бірінші жоспарға елшілік кітаптары, мақтау қағаздары және жолдау, «баспа тізімдері», әскерилердің есептері, хаттар және тағы басқа дипломатиялық және іс жүргізу құжаттары шығады. Кейін патшалық шенеунектерінің, дипломаттарының, өкілдерінің журналдары және қызметтік хаттары іске қосылады. Қазақстанның зерттеуінің екінші жартысынан бастап, қазақ халқы туралы білімдерді толықтыру үшін бағыт жиелендірген және жүйелендірген бола бастайды.

1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 118-128-бб.
2. Қазақстан тарихы. ІІІ том. 150-169- бб.
3. Кайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казахстана. (Учебное пособие) Алматы, 1992.
4. Аманжолов К. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы І том. Алматы, «Білім» 2004.
5. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. ІІІ кітап. Алматы «Білім» 1999.

1. Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы курсы.
2. Жаңа заман тарихынының деректері және олардың ерекшеліктері.
3. Қазақстанның жаңа заман тарихының тарихнамасы. И..В. Ерофееваның
зерттеулері
Жүйелі және тарихи-салыстырмалы талдау, хронологиялық және
проблемалық көзқарастар арқылы қорланған тарихи білімдердерді
жүйелендіру, жаңа концептуалды ережелерді теоретикалық дәлелдеу,
шындық және тарих тұрғысынан қарастыру әдістерін қолдана отырып
Қазақстан тарих ғылымының жаңа және қазіргі замандағы даму тарихын -
тарихи білімдердің қалыптасқандығын, ұлттық тарих мектебінің пайда
болғандығы мен дамуын қарастыруды мақсат еткен зерттеу мәселелері
"Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасы" бағдарламасының
шеңберінде жүргізілді (1996-1998 жж.). Жұмысты орындаушылар құрамы
төмендегідей болып бекітілді: Қозыбаев М.Қ. - жетекші, Төлепбаев Б.А.
- бас ғылыми қызметкер, Романов Ю.И. - жетекші ғылыми қызметкер,
Ерофеева И.В. - аға ғылыми қызметкер, Мәжитов С.Ф. - аға ғылыми
қызметкер, Асанова С.А. - ғылыми қызметкер, Дулатова Д.И. - т.ғ.д.,
ҚазҰМУ, Гуревич Л.Я. - т.ғ.д., ҚазМАУ, Қозыбаев І.М. - т.ғ.д., ҚазМАУ,
Бисенбаев А.К. - т.ғ.к., Президент Аппараты, Кожкенов С.А. - т.ғ.к.,
Президент Аппараты, Мұхаметқанұлы Н. - т.ғ.к., докторант, Жоламанова
А.А. - кіші ғылыми қызметкер, Нұрмағамбетова Р.Қ. - Институт ғылыми
хатшысы.
Бөлімнің 1996-1998 жылдары жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде
Қазақстан тарих ғылымының көптеген түбегейлі мәселелері бойынша жаңа
концептуалды пайымдаулар жасалынды. Орындалған зерттеулер мазмұны: ХХ
ғ. басына дейінгі Қазақстан тарихы және ХХ ғ. басы-90-шы жж. дейінгі
Қазақстан тарихнамасын қамтыды. Осы уақытқа дейін танымдық мәдениет
пен оның жалпығылыми немесе тәжірибелік мәдениетпен байланысының
ғылыми жағының мәні жөніндегі мәселе қарастырылған емес-тін. Осыған
орай ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы П.С. Паллас, И.П. Фалька, А.И.
Левшин сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі қазақ халқы туралы тарихи
білімдері мен П.И. Рычков, И.Г. Андреев, т.б. өлкетанушы
тарихнамашылардың зерттеулері дерек көздері ретінде қарастырылады.
Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері құнды әрі негізгі болып
табылады. Өйткені XVIII ғасырда Қазақ хандығының тарихи серіктестікте
негізгі рольді Ресей империясы алады.
XVIII ғасырдағы негізгі деректер орыс патша үкіметінің шенеунектерімен
қазақ аймағындағы патша үкіметімен бетінде жатқан қызығушылықтарын
жасыру үшін қарастырлған іс жүргізу құжаттамалары, ресми құжаттар
алғашында келеді. Бірінші жоспарға елшілік кітаптары, мақтау қағаздары
және жолдау, баспа тізімдері, әскерилердің есептері, хаттар және
тағы басқа дипломатиялық және іс жүргізу құжаттары шығады. Кейін
патшалық шенеунектерінің, дипломаттарының, өкілдерінің журналдары және
қызметтік хаттары іске қосылады. Қазақстанның зерттеуінің екінші
жартысынан бастап, қазақ халқы туралы білімдерді толықтыру үшін бағыт
жиелендірген және жүйелендірген бола бастайды.
Өзектілігі. Берілген тақырыптың өзектілігі, негізінен Қазақстан
тарихы жайлы қалдырылған орыс деректерін тек бүгінгі күнде,
тәуелсіздік алғаннан кейін толық, бет пердесін ашуымызға болатыны
болып табылады. Өйткені, кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан жайлы
шынайы тарихын зертттеуге жол берілмеді. Ол негізінен о замандағы
ғалым мен зерттеушілердің бұрыстығын жазғанын көрсеткені болып
табылады. Қазақстан жайлы негізгі ресми зерттеулер XVIII ғ. Ресей
патшалық үкіметі зерттеген әр түрлі экспедиция құжаттары арқылы көруге
болады. XVIII ғасырдағы Қазақстан жайлы орыс деректерін ала отырып,
сол замандағы орыс зерттеушілердің және ғылымдардың шындықты жасырып,
патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатын қазақтардың тек
пайдасына шешілгенін айтады. Әрине, бұл құжаттарды кеңес тарихшылары
өзінің идеология тұрғысынан сипаттаған. Осыны тек субъективті жағынан
ғана емес, сонымен қатар қалдырған фактілер арқылы білуге болады.
Жоғарыда аталғандарын, қорыта келгенде Қазақстан тарихы жайлы шынайы
тарихын білу және патша үкіметінің отарлау саясатының бейбітшілік
жолмен емес, жаулап алушылық саясатқа жүгінгенін ашуын өзекті мәселе
болып табылады. Сондықтан да осы қарастырылып жақтан мәселе
астырлығында орыс деректерінің тек қана дұрыстығын ғана емес, сонымен
қатар бұрыстығын көрсетуі болып табылады.
Соған қоса айтқандарымызды тек құр сөздерімен бекітпей, осы мәселе
көптеген қазақ ғалымдарының еңбектерінде де қарастырылып жатқанын
көруге болады. Мысалға, С.Д.Асфендияровтың Прошлое Казахстана в
источниках и материалах еңбегінде осы мәселенің талқығандығын
көруімізге болады. Тарихшы өз туындысында тікелей орыс деректерін
келтіреді
Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих
және этнология институты құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып
табылады.
Бөлім құрылған алғашқы жылдары Қазақстанның жаңа кезеңі тарихының
мәселелерімен М.П. Вяткин, А.М. Панкратова, Б.С. Сүлейменов, Н.Г.
Аполлова, Х. Айдарова, П.Г. Галузо, Е.Д. Ділмұхамедов, Ф. Маликов,
Е.Б. Бекмаханов, В.Ф. Шахматов, Т.Ж. Шойынбаев және басқа да ірі
ғалымдар айналысты.
Бөлім жұмыс істеген уақыттарда мұнда М.Х. Асылбеков, Т. Елеуов, И.В.
Ерофеева, Т.П. Волкова, А. Сабырханов, В.З. Галиев, Е.Ж. Уәлиханов,
С.Ф. Мажитов т.б. сияқты белгілі қазақстандық ғалымдар қызмет етті
және қызмет етуде.
Бөлім Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша бірқатар құжаттар
жинақтары мен көптеген монографиялар шығаруға қатысты.
ХХ ғ. 90-жж. жаңа заман бөлімінің тарихшылары XVII-XVIII ғғ. қазақ
халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі (1635-1758) тақырыбы
бойынша зерттеу жұмысын орындады. Тақырып жетекшілері В.З. Галиев және
Е.Ж. Валиханов.
Республика тәуелсіздік алғаннан кейін Отан тарихын көлемді түрде
қайта бағамдау Қазақстанның жаңа кезең тарихын да кеңінен қамтыды, бұл
2000 ж. шыққан Қазақстан тарихының 3-томында анық байқалды. Жаңа
деңгейде, қазақстандық қоғамның басым негіздері көзқарасымен бөлім
қызметкерлері жаңа фактологиялық материалдарды анықтап, концептуальды-
теориялық түрде қорытындылар, қазіргі күннің басты құндылықтарымен
қатысты тарихи үрдістер мен құбылыстарға талдаулар жасады.
2002 ж. наурыз айынан бастап жаңа заман тарихы бөлімі ұжымының
жұмысына т.ғ.д., профессор М.Қ. Қойгелдиев белсенді ат салысып,
бірқатар өзекті бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарына басшылық етті.
Мұндай бағыттағы зерттеулердің бірі Азаттық қозғалыстағы түркі-
мұсылман халықтарының бірігуі (ХІХ-ХХ ғ. алғашқы ширегі) атты тақырып
болды. Тақырып бойынша жұмыс жасау барысында түркі бірлігі мен
мұсылман әлемінің ғылыми тарихи негіздемесі жасалды.
2003 ж. жаңа заман бөлімі қызметкерлері Қазақ мемлекеттілігін қайта
қалпына келтіруге бағытталған Кенесары Қасымов қозғалысы атты
тақырыпты орындады. Тақырыпты орындағандар В.З. Галиев, С.Ф. Мажитов
және Р.Е. Оразов.
Ұзақ жылдар тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Ж. Уәлиханов Кіші
Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар секциясының жетекшісі болып
қызмет атқарды. 2005 ж. жаз-күз айларында Кенесары Қасымұлының
жерленген жерін және соңғы шайқасқан жерлерін анықтау экспедициясының
жетекшісі болып, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
2009-2011 жж. бөлім қызметкерлері ЕЖ. Уәлихановтың басшылығымен ХІХ-
ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріндегі қазақ және
орыс зиялыларының өзара байланыстары: мәселелер, ізденістер, шешімдер
атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізді. Бұл тақырыпта бірнеше
монографиялық зерттеулер мен ондаған жарияланымдар жарық көрді.
Бөлімнің бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор В.З. Галиев маңызды
жұмыстар жүргізуде. Бірқатар жылдар бойы ол бірнеше өзекті зерттеу
тақырыптарына басшылық жасады. Қазіргі уақытта В.З. Галиев ұлт-азаттық
қозғалыстар, XVIII–ХХ ғ. басындағы жер қатынастары саласында, сонымен
бірге библиография мен кітапханатану саласында да зерттеу жұмыстарын
жалғастыруда, ғылыми-зерттеу бағыты бойынша ҚР БҒМ ҒК Орталық ғылыми
кітапханасы және ҚР Ұлттық кітапханасымен (Алматы қ.) белсенді түрде
әріптестік қатынастарда.
Бөлім қызметкерлері белсенді түрде республикалық және шетел
басылымдарында мақалалар жариялайды, теле және радиохабарларға
қатысады, әртүрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмыстарына сарапшы
ретінде шақырылады, конференцияларда баяндамалар жасайды. Бөлім
қызметкерлері әртүрлі ЖОО-да оқу-педагогикалық қызметтер атқарады,
Қазақстан тарихы бойынша дәрістер, арнайы курстар оқиды.
Қазіргі таңда Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімін БҒҚ, тарих
ғылымдарының докторы, доцент, Халықаралық аграрлық білім беру
академиясының академигі Галина Николаевна Ксенжик басқарады. Бөлімде 7
қызметкер еңбек етеді: Ресей жаратылыстану ғылымдарының академигі,
БҒҚ, т.ғ.д., профессор С.Ф. Мажитов, БҒҚ, т.ғ.д., профессор В.З.
Галиев, АҒҚ, т.ғ.к. А.Л. Кривков, АҒҚ, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов,
қызметкерлер – ҒҚ Р.Е. Оразов, КҒҚ М.Р. Сатенова және КҒҚ Н.Ы.
Жетпісбай.
Қазіргі кезеңде бөлім қызметкерлері төмендегі гранттық тақырыптар
бойынша жұмыс істейді:
1. Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрес тарихи және әлеуметтік
саяси феномен ретінде (XVIII–ХХ ғ. басы).
2. Қазақстанның төңкеріске дейінгі жер қатынастары: (тарихы,
теориясы, практикасы).
Ғылым қазынасы бағдарламалық-мақсаттық жобасы бойынша бөлім
қызметкерлері Қазақстан тарихы көптомдығын даярлау жұмыстарына, атап
айтқанда басылымның екі кітаптан тұратын 5 томын даярлауды
жоспарлауда:
9 кітап тақырыбы: Қазақстан отарлық үрдістер кезеңінде – жетекшісі
бөлім меңгерушісі Г.Н. Ксенжик. 10 кітап тақырыбы: XVIII-ХІХ ғғ.
Қазақстандағы наразылық қозғалыстар мен азаттық күрестер
№ 2. ХҮІІІ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан
1. Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы
2. Қазақ жоңғар қатынастары
3. Жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтардың топтасуы
4. Ақтабан шұбырынды,
5. Қарақұм съезі Қалмақ қырылған, Аңрақай шайқастары
XVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан
қазақ халқы жерінің жағрафиялық жағдайына қарай үш жүзге бөлініп өмір
сүрді. Оның әрбір Жүзінің өзі Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен
мемлекеттерді сыйдырарлық көлемдегі жерлерді жайлады. Қазіргі Маңғыстау,
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кіші жүз,
Орталық Қазақстанға жататын облыстарда мекендеген Орта жүз, елдің оңтүстік
және оңтүстік-шығысын қоныс еткен Ұлы жүздің әрқайсысының өз хандары болды.
Кіші жүзде - Әбілхайыр, Орта жүзде — Сәмеке Шахмұхамбет, Ұлы жүзде —
Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Бұл
хандардың ақылшысы болған, Үш жүздің басын біріктіріп, даулы істеріне билік
айтып, береке бастаушы болған Кіші жүздегі Әлім руынан шыққан Әйтеке биді,
Орта жүздің биі арғын, Қаракесек руынан шыкқан Қаз дауысты Қазыбек биді,
Ұлы жүздің биі үйсін Жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле биді, Үлкен
Орданың сарай ақыны Бұқар жырауды бүкіл қазақ жұрты, алты алаштың адамдары
жақсы білді.
Үш жүздің билеушілері әдетте бас қосып, оқтын - оқтын мәслихат-мәжіліс
өткізетін. Ондай мәжілістер Сайрам маңындағы тауларда, Мәртөбе жотасында
өтетін. Оларда қыстау жағдайы, қауіп - қатерден сақтану мен қауіпсіздік
мәселесі талқыланатын. Бірақ, қазақ жерінде біртұтас бір иелікке бағынған,
басқару жүйесі орталықтанған ірі мемлекеттің жоқтығы ылғи да сезіліп тұрды.
Мұны қазақ жеріне ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас,
жерлері шектесіп жатқан елдердің билеушілері пайдаланып қалуға тырысты.
Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдап-қолпаштауымен Еділ өзенінің
бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүздің халқына тынымсыз шабуыл жасады.
Қазақ жеріне солтүстіктен Сібір казактары килікті. Орта Азиядағы Бұқара мен
Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Оларға қазақ жасақтары
табандылықпен тойтарыс беріп отырды. Осылардың бәрінен де асып түскен,
қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау - жоңғарлар
еді.
XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы
әскери қақтығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы
ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасырдың аяқ
шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық бірлестіктен құралды. Олар:
Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің
жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының
төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағындағы шоростар еді.
Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін ірі
қақтығыстар XV ғасырдың өзінде басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында
ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге
бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар
хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың
басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII
ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының
пайдасына өзгере бастады. Қазақ - жоңғар қатынастары, әсіресе, Батур-
қоңтайшы 1634-1654 ж.ж. билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан
кейін болған жоңғар хандары Сенге, Ғалдан Оңтүстік Қазақстанды, маңызды
сауда жолдары өтетін және сауда орталықтары болған қалаларды өздеріне
қаратып алуға тырысты.
1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста
қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты
болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері
үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл
қаласына айдалады, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан
Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста
ол қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында
болған ол қалмақтарды темір балқытып зеңбірек жасауға, оның оғын
дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп құюға үйретеді. Сонымен бірге,
қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей қалмақтарға Сібір
бойындағы бекіністерден зеңбірек берген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек
атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға
қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтар жағы олардан кауіп күтпей, ішкі
талас - тартыспен жүрген болатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың
шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.
Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі жағдай
жөнінде толық мағлұмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жеріне
басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Көп олжа алып, кері оралған олар 1717
жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап
жеңді. Келесі жылы жоңғарлардың әскері тағы да қанды жорыққа аттанып Бөген,
Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақтарды қырғынға ұшыратты.
1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет қаратпай басып алуға әбден
бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толық
қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуна Дабо деген қалмақ баһадүрін
тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық
екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп,
Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт — қазақтарға ес жиғызбай
соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру
үшін әскерлер жеті шоғырға бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі
Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі
қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле
өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс
жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге
шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек
кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті.
Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады.
Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жүздің, Жетісудың халқына түсті. Ешбір
бөгетсіз, қарсылықсыз, жолындағының бәрін жайпап келе жатқан зұлым жау
араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті. Малын,
қонысын тастап, бала-шағасынан, туысқандарынан айырылып босқан халық беті
ауған жаққа қашып-пысуға мәжбүр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары
Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға
ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Мұхаметжан
Тынышбаевтың айтуынша, Орта Азияда осындай екі көл болған. Оның біріншісі -
Сырдың сол жақ бетінде, Бетпақдала каналы екіге бөлінетін жерде, екіншісі
-Ташкенттен 90 шақырым жерде, ол да Сыр бойында. Халық осылардың
алғашқысына барып паналаған. Бұл кезеңді қазақ "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама" деп атады. Яғни, қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге
жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Сол сұлағаннан талай
қазақ жан тәслім қылып, басын қайта көтермеген. Осы ауыр жылдарда шыққан
қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны сияқты "Елім-ай" әнін білмейтін, оны
айтқанда тебіреніп, қатігездіктің құрбаны болған боздақтарын еске түсіріп,
бүгінге дейін көзіне жас алмайтын қазақтың кәрі-жасы кемде-кем. Мұнан үш
жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына
түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші іспеттес. Қазақты бірлікке,
елдікке, ерлікке үндейтін бұл өленді білу, ұмытпау жастар үшін бүгінгі
таңда да тарихты білу болып табылады.
Ақтабан шұбырындыда ауа көшкен жұрт көптеген қалалар мен елді
мекендердегі отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесінде
Самарқанд, Бұқар, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қаңырап қалды. Сол жылдарда
Хиуа маңыңдағы мекендер мен егіндік жерлер иесізденіп, қаланың өзінде қырық
шақты ғана отбасы қалған.
Жаппай босу, аштық, елді, жерді сағыну қазақтардың қайрат-жігерін
ұштады, оларды ортақ жауға ұйымдасып қарсы шығуға жұмылдырды. 1726 ж.
Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, билері жиын
өткізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және
Бөгенбай батыр сайланды. 1727 жылы халықтың қаһарлы қарсылығының алғы
шебінде болып, қалмақ әскерлерімен үш жылдай ұрыс жүргізген Әбілхайыр
бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және
оның жиені ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Санрық
батыр Ырғыз уезінің оңтүстік-шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында
"Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ
әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айырылды. Қазақтар жағы
өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат-жігерінің
жемісін көріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ арасына ілезде тарап кетті.
Алты алаштың рухын көтеріп, оларды күреске шабыттандырған бұл жеңіске қол
жеткен жер кейін "Қалмақ қырылған" деп аталды.
1729 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың
арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты
Наурызбай, Жәнібек, Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған
қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы
берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып,
жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн
даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. Сөйтіп,
Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері
Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болып,
осыған байланысты қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалар орын алды.
Қазақтың үш жүзінің басын қосып, біртұтас тәуелсіз мемлекеттігін
қалыптастыруға тиісті Үлкен орданың басында отырған Болат хан жігерсіз жан
еді. Мұны қазақтың хандары, ел билеушілері түсінді. Бірақ ашық айтқан жоқ.
Егер Болат хан алай-бұлай болып кетіп, Үлкен Орданың билігі өзіме тисе,
қазақ хандығын көгертер едім деп жүрген аға хандықтан бірінші үміткер Болат
ханның інісі, Ортажүздің ханы Сәмеке Шахмұхамбет болды. Сәмеке ақылсыз
адам емес еді. Бірақ оған аға хандық бұйырмады. Үлкен Орданың иелігіне
екінші үміткер — Кіші жүздің ханы Әбілхайыр. Кіші жүзден аға хан сайлау
дәстүрде болмағанмен, айдынның жайылма суындай қаптап келе жатқан қалмақ
әскерлеріне Бұлан өзенінің маңында бірінші рет бас көтертпей соққы беріп
тоқтатқан, Аңырақай түбіндегі тамаша жеңістің дем берушісі болған, үш жүз
әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланып, өзінің ұйымдастырушылық дарын -
қабілеті, жеке басының ерлігі мен алты алашқа аты шыққан, оның үстіне
тәжірбиесі мол, егде тартқан Әбілхайырдың аға хандықтан үміт етуіне негіз
бар еді. Үлкен Орда иелігі оған да бұйырмады. Аға хан болып көпшілік билер
қолдамаса да Болаттың үшінші ұлы Әбіл-мәмбет сайланды. Тарихшылардың
долбарлауы бойынша мұндай таңдау жасалғанына наразы болған Әбілхайыр майдан
шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықты өзіне тимегеніне риза
болмаған Сәмеке де Әбілхайырдан кейін әскерін алып, Шудың бойымен
Бетпақдалаға қарай бет түзеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері
мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақтың Ресеймен
бірігуі іске асқанша қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге
мәжбүр болды. Бұл арада айта кететін жай: Әбілхайыр мен Сәмеке майдан
шебінен өздеріне аға хандық тимегендіктен пендешілік жасап, ренжіп кетіп
қалды ма, жоқ әлде басқа себеп болды ма? — бұл жөнінде құжатталып қалған
ешбір дерек жоқ. Бұл тарихшылардың долбар болжамы ғана. Әбілхайырдың елге
қарай кері бұрылуына Батыстағы қалмақтар мен башқұрттардың Кіші жүз жеріне
шабуылын үдетуіне байланысты болуы да мүмкін.
Осы бір қиын-қыстау тұста әрбір жүздің ішінде феодалдық бытыраңқылық
күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөлінуін
тоқтатпады. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз
алдына ел биледі, сол сияқты Орта жүзде Күшік және Барақ сұлтандардың да өз
иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұқара мен Хиуамен қатынастары да
шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойында қалмақтар мен
башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды.
Сондықтан Кіші жүздің батыс шекарасында тыныштық пен бейбітшілік орнатуды
Әбілхайыр хан өзінің басты міндеті деп санады. Сонымен бірге қазақ
қауымының ортақ жауы - жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртібінен түскен
жоқ.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ,
қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз
жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы кақтығыстарға
байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғар басқыншылары оған құлақ аспады.
Олар қазақ қоныстары мен орыс қамал-бекіністеріне шектес жатқан жерлерде 20
мың әскер ұстап, қазақтарды мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақ халқының
тек өзінің күшіне ғана сену керек екеніне, үш жүздің басын қосып,
жоңғарлардың феодалдық әскер күшіне соққы беру арқылы ғана өз жерін жаудан
босатуға болатынына көзі жетті. Осы идеяны орнықтыруға Абылайхан зор еңбек
сіңірді.
1711 жылы "қан ішер" Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында
қазақ тарихында үлкен орын алған бала дүниеге келген, оның азан шақырып
қойған аты - Әбілмансұр болатын. Қалмақтар Түркістанды алып, Уәли ханды
өлтіріп, оның 13 жасар ұлы Әбілмансұрды тұтқындағы басқа адамдармен бірге
Хиуа базарына апарып құлдыққа сатпақшы болды. Осы жерде ол тұтқыннан қашып
елге келіп, ауқатты адамдардың малын бағуға жалданды. Үйсін Төле бидің
түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Ұйпа-тұйпа болып
жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атаған. 1731 жылы Сабалақ ауыл
адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, өзінің асқан ерлігі,
батылдығымен көзге түседі.
Осы ұрыста "Абылай, Абылай!" — деп ұрандап, жігіттерге жігер беріп,
жаудың тобына ұмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе-
жекте өлтіреді. Атой салып шайқасқа үш рет кірген ол ұрыста жауды
талқандап, жеңіске жетуге үлкен еңбек сіңіреді.
Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін
түсінеді. Риза болған ол оған "Абылай" деп ат беріп, хандық тағын ұсынады.
Абылай есімін алған Сабалақ хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет қайтыс
болғанға дейін сұлтан дәрежесінде бас ақылшы, кеңесшісі болады.
1741 жылы жазда Ұлытаудың маңында аң аулап жүргенде қапыда қалмақтарға
қолға түскен Абылайдан жоңғарлардың ұлы қонтайшысы Қалдан-Серен: "Менің
ұлымды өлтірген сен бе?" — дегенде, ол: "Сенің баланды өлтірген мен емес,
халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана", -деп жауап берген.
Жоңғар мемлекетінің ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның
мирасқорларының арасында хан тағы үшін талас, кескілескен тартыс басталады.
Осы орайда көрші жатқан Цинь империясы жоңғарларға қарсы қайта-қайта соғыс
ашып, жоңғар мемлекетін әлсіретеді. Міне, осы аласапыран, жанталас уақытты
ұтымды пайдаланған Абылай қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту
мақсатымен Телікөлдің маңына үш жүздің әскери жасақтарын жиып, Түркістан
мен Сыр бойындағы қалаларды азат ету жорығына аттанады. Бұл үш жүздің басы
қосылған алғашқы жорығы еді. Осы жорықта ерен ерлігі, тамаша батырлығымен
көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүздің батыры
Бұғыбай, Уақ руының батыры Баян, т.б. өз есімдерін өшпес даңққа бөледі.
Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын
Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Оған атақты Үмбетей жырау қосылды.
Бөгенбай басқарған 10 мың әскер қолы Түркістанның Солтүстік жағына, Созақ
бекінісіне барып бекінуге тиісті болды.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Ол Сыдарияның төменгі сағасына
қарай бет түзеді. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Үшінші, негізгі қолды
Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатынасқандар Шиелі, Жаңақорған бойымен
Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топқа қазақтың аты шулы
батырлары Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ, Жәпек, т.б.
кірді. Бұқар жырау науқастанып келе алмағандықтан топқа 17 жасар Көтеш
ақын қосылды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз
әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарсы бағыттады. Жоңғар
әскерлерінің қаруы - мылтық, найза, қылыш болды және түйе үстіне орнатқан
15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақ, кейбіреулері
найзамен қаруланған болатын.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп,
Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға
тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына
қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың
әскерін топтастырды. Абылай өзінің Сағымбай, Қанай, Жанұзақ сияқты сенімді
батырларымен және 17 жастағы ұлы Жанаймен әскердің дәл ортасында жүрді.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті
жаудан тазартып, Түркістанға таяп барды. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ
пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне тақау барды. Жәнібек
батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы
сағасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға
мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Қазақ хандығы
қарамағына өтті. Түркістан қаласы туралы мәселе кейінірек шешілетін болды.
Абылай бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп
есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.
Қазақ жерін қалмақтардан біржолата тазарту мақсатымен Абылай және
қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлары
қазақ жасақтарының басын қосып, 1750 жылдардың орта шенінде жоңғар қақпасы
маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап, ес жидырмай талқандап
түбегейлі жеңіске қол жеткізді. Сөйтіп, қалмақтардың бір ғасырдан астам
уақытқа созылған басқыншылық, зорлық-зомбылық соғысы осымен аяқталды.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен болатын.
Мұны қытай империясы ұтымды пайдаланып, жоңғар жерін басып алуға кірісті.
Осыдан кейін көп кешікпей Жоңғар мемлекеті 1758 жылы біржолата құлады.
1758 жылы Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін
басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесіп жатты.
Қытайлар көрші жатқан қазақ елдеріне тынымсыз шабуыл жасады. Абылай
басқарған қазақ жасақтары қытай әскерлеріне бірнеше рет соққы беріп,
олардың ішке қарай жылжуына мүмкіндік бермеді. Қытай әскерлерінің басып алу
қаупінен сескенген Әбілмәмбет Үлкен Орданы Іле өзенінің бойынан басқа жаққа
көшіруге мәжбүр болды.
Бір айтып кететін жай, Ресей патшалығы өзінің қол астындағы қазақтарға
қытайлар шабуыл жасап жатқанда елшілік жолмен наразылық білдіруден басқа
көмек көрсетпеді. Ол наразылыққа құлақ асқан Цинь империясы болған жоқ.
Абылай ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге
болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, Цинь Қазақстанның
әкімдерімен елшілік қатынас орнату мақсатында Пекинге адамдар жіберді.
Сөйтіп, ол Цинь империясымен сауда, экономикалық байланыс орнатудың амалын
істеді. Ол Ресеймен қарым-қатынасты да ұлғайтты. Абылай хан қазақ жерін,
қазақ халқын көршілес күшті елдердің Ресейдің, жоңғарлардың, қытайдың
қаупінен қорғап қалуға үлкен еңбек сіңірді. Батырлығы, ұйымдастыру
шеберлігі, саясатшылығы арқасында қазақ халқының елдігін сақтау үшін көп
жұмыс тындырды.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет
Иассауидың мешітінде билер мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ жылқы
сойып, ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін
қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.
Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М. Л. Воронцовтың жарлығымен
Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жердегі Жаңғызтауда ағаш үй салынды.
Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болып, Түркістан
қаласында жерленді. Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы
Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ
жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек
сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із
қалдырды.
Лекция №3 ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей. Қазақстанды Ресейге
қосып алудың басталуы.
1. І Петрдің қазақ жеріне қарсы бағытталған агрессиялық саясатының негізі
2. Әскери бекініс жүйесінің салынуы
3. Әбілхайыр және оның жақтастарының Ресей бодандығын қабылдауы
4. Орта жүздің Ресей бодандығын қабылдауы
ХҮІ ғасырда Қазақ хандығы күрделі этникалық-мемлекеттік организм
болды, оның ішкі өмірінде аймақаралық әлеуметтік-экономикалық және мәдени
байланыстардың нығаю процесі жүріп жатты. Сонымен қатар жер аумағы
кеңейтіліп, шектес халықтармен және мемлекеттермен сауда және сыртқы саяси
байланыстар жандандырыла түсті.
Қазақ хандығының сол кезеңдегі Орыс мемлекетімен байланыстары тұрақты
болған жоқ, оның үстіне деректермен қамтамасыз етудің нашарлығы байсалды
саяси бағалау жасауға мүмкіндік бермейді. Қазақ хандығының Орыс
мемлекетімен алғашқы байланыстары, сірә, ХҮ ғасырдың аяғында ақ жасалған
болса керек. Екі мемлекет арасындағы сауда және дипломатиялық байланыстар
ХҮІ орнатылды. Орыс мемлекетінің Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси
жағдаймен мұқият танысуы алдында өзара қарым-қатынастың негізі қаланды.
Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы туралы орыс деректерінде азын-аулақ
мәліметтер жинақтала түсті. Соның бірі Данила Губиннің өз патшасына
берген мағлұматы. Онда 1534 жылы оның қазақтардың ноғайларға қарсы соғыс
бастамақшы болып отырғаны хабарланады. 1535 жылғы келесі мағлұматында ол
былай деп хабарлаған: Ал қазақтар, патша ағзам, едәуір күшті деседі және
патша ағзам, Ташкентті шапты деседі және Ташкент ханзадалары олармен екі
рет шайқасып, қазақтар оларды жеңіп шықты деседі.
ХҮІ ғасырдың орта шеніне қарай Орталық Азия даласының кең байтақ
аумағында және оған жапсарлас жатқан аудандарда буырқанған этникалық және
саяси оқиғалар болып, олар Орталық Азия, Еділ бойы мен Орал өңірі
халықтарының белгілі бір шегінде этникалық саяси шекаралардың қалыптасуына
шешуші ықпал жасады. Әрбір халықтың этникалық әлеуметтік жағынан
қалыптасуы өзіндік даму жолымен жүреді, бұл орайда аумақтық шекаралар да,
этникалық айырмашылықтар да тым бұлынғыр болуы да мүмкін. Көшпелі өмір
және тұтас рулардың мыңдаған шақырымға жаппай көшуі орын алып отырған
жағдайда жекелеген провинциялардың томаға─тұйықтығы мен айқын аңғарылатын
этнографиялық айрмашылықты көзге елестету мүмкін емес. Мәселен, 1557 жылы
Исмаил Ноғайлы ІҮ Иванға өз жиендерінің қазақ патшасына қосылып жүргенін
және олар кейіннен өз ұлыстарына иеленушілер ретінде қайтып оралып,
Исмайлға жанама бағынғанымен, кейбір ноғай ордаларының қазақтар болып
қалғанын хабарлаған. Бұл орайда кейіннен орыс деректемелерінде астарлап
болса да, Қазақ хандығының толық тәуелсіз және қуатты мемлекет екені
айтылады.
ІҮ Иванға Семен Мальцевтің хабарында Хақназар ханның тұсінда Қазақ
хандығының қысқа мерзімді өрлеу мен орталық хан билігінің күшеюі көрініс
тапқан, ол Ақназар патшаның және Шығай ханзада мен Шелым ханзаданың, ал
олармен бірге 20 ханзаданың Ноғайға келгені және шайқас болғаны туралы
жазған.
1573 жылы Қазақ хандығына ТретьякЧебуков бастаған орыс елшіліг
жіберілді, соның нәтижесінде Строгановтар өздеріне Тобыл, Ертіс және Обь
бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне, сондай ақ баж төлемей, соның
ішінде қазақтармен де сауда жүргізуге грамота алды, ал ...оларға сол жаңа
жерлерге қазақ ордаларында да, өзге жерлердің де жылқы және алуан түрлі
товарлармен сауда жасайтын адамдары келіп тұрады, олар Москваға келмейді
және оларда әр алуан товарлармен сада баж салынбай жүргізілді.
Москва мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы алғашқы саяси
байланыстар жекелеген кезеңдерде өздерінің сыртқы саяси міндеттерін шешу
үшін одақтастар іздестіру ретінде де атап өтілді. Екі жақ Көшімді Мальцев
пен Чебуков арқылы өздерінің саяси өрісіне тартуға ұмтылған кезде Хақназар
мен ІҮ Иванның Көшім хан жөніндегі байланысы осындай болған еді.
Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің арасындағы сыртқы саяси
байланыстары Тәуекел хандық құрған кезеңде одан әрі дамыды. Сауда
байланыстары мен екі мемлекет беделінің өсуі ХҮІ ғасырдың аяғында
неғұрлым тығыз деңгейде келіссөз жүргізуге мүмкіндік берді. Бұған мынадай
жағдайлар себепші болды. Тәуекел ханның жиені Ораз- Мұхаммед сұлтанды
Тобыл воеводасы Данила Чулков тұтқынға алып, Москваға кепіл етіп
жібереді, онда ол өзінің қадір қасиетімен терең құрметке бөленді, ал орыс
патшаның күш құдыреті және Ораз Мұхамедке ізгі көзқарасы тұтқынды
беделді қызметкерге айналдырды. Ораз Мұхаммедтің өзі орыс патшасына
көрнекті әскербасы ретінде қызмет етіп қалды. 446 бет
Лекция 4. ХҮІІІ ғ. Қазақ қоғамы: экономикасы мен әлеуметтік дамуы.
1. Қазақ шаруашылығы.
2. Әлеуметтік ұйымдасу.
3. Қазақтардағы әлеуметтік жіктелу.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамының шаруашылық
қызметін бір мағынада бағалау мүмкін емес. Экономикалық кәсіптердің сипатын
қатаң бір формуламен және белгілі бір типологиялық шеңбермен байланыстыруға
болмайды. Онда елеулі өзгерістер боланына қарамастан, дегенмен оның түрлері
сан алуан болды. ХҮІІІ ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы экономиканың жай
күйін сиппаттайтын материалдар соның алдындағы дәуірлердің деректерімен
салыстырған кезде шаруашылықтың дамуы көп жағынан физикалық факторларға да,
саяси факторларға да тәуелді болғанын көрсетеді.
Қазақтар шаруашылығының даму сарыны айырбас саудаға негізделді.
ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде қазақтардың оңтүстіктегі қысқы қыстаулардан
солтүстік жаққа (Сарыарқа аумағына) ауысуына байланысты сауда Ресей
шекарасына қайта бағдарланды.
Сонымен бірге аумақтық байланыстар баяу дамиды. Аумақтық байланыстар
құрылымының ең айқын белгілері : қысқы тұрақты тұрғын үйлер мен шаруашылық
құрылыстардың жаппай салынуы, жер пайдаланудың түрлі нысандарының дамуы,
пішен шабу мен егіншіліктің таралуы, рыноктық орталықтармен жақындасу болып
табылады. Жаңа құбылыстар экономикалық өмірде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап
орныға бастады. ХҮІІІ ғасырдың бүкіл бойында және ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында қазақ қоғамы материалдық өндірісінің негізі бұрынғысынша
көшпелі мал шаруашылығы болып қала береді.
Көшпелі тұрмыс салтының өкілдері бола отырып, қазақтар сонымен бірге
егіншілік және қолөнершілік кәсіптерін тоқтатқан жоқ. Қалалар мен
егіншілік жазиралар әлбетте, Қазақ хандығының экономикалық жүйесіне
ХҮІІІ ғасырдың басында енді. Қала айырбас пен қолөнер орталығы болды.
Деректемелерге қарағанда, ХҮІІІ ғасырдың басында қазақтардың көшпелі мал
шаруашылығы егіншілікті және қалалы орталықтармен тығыз байланысты
болған. Қазақ хандығын узақ уақыт тіршілік еткізген ең қуатты экономикалық
әулетті қалыптастырған да, қолөнер мен керуен саудасының тұрақты дамуына
жәрдемдескен де осы құбылыс болатын.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақтар арасында егіншілік едәуір
дамыды.
Қазақстанның оңтүстігінде де, солтүстік округтердің аумағында да
егіншілік суармалы сипатта болды. Кіші жүздің оңтүстік аудандары
қазақтардың арық арқылы суарылатын дәстүрлі егіншілігін А.И.Левшин мен Я.П.
Гавердовский ХІХ ғасырдың басында ақ сипаттап берген.
Кейбір жерлерде қазақ егіншілері мен диқандары өте жоғары өнім
жинаған, мәселен, Ш.Уәлихановтың айтуынша, қазақ диқан еңбекқор және
ыждағатты болған жағдайда, ол ыстыққа қарамастан, егіннің түсімі қырық есе
деп сеніммен үміттенеді (қыруар өнім). Зерттеуші Броневский де өзінің
бастаулары бойынша қазақ егіншілігі Орта Азиямен және Қашғариямен
байланысты деп санаған, Ташкенттіктердің ықпалында бола жүріп, қайсақтар
олардан диқаншылықты, өздері үшін пайдалы және бейбіт кәсіпшілікті
үйренбей тұра алмады.
Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларындағы шаруашылық қызметінің басқа
нысандарынан, негізінен алғанда, бос уақытты өткізуге байланысты және
кәсіби аң аулау ісімен, солтүстік аудандарда орыс казактарының ықпалымен
пайда болған балық аулау мен аң аулауды, оңтүстіктегі Орта Азия халқымен
өте тығыз қатынастардың нәтижесінде бақша өсіруді, сондай ақ қолөнерді
атап өту керек. Сонымен бірге Қазақстанның оңтүстігінде қалалық орталықтар
қолөнердің көптеген түрлерінде елеулі жетістікке жетіп, өндірістік қызмет
саласы ретінде қалыптасты. Тоқымашылық, ұсталық іс, зергерлік өнер және
қолөнердің басқа да көптеген түрлері ішкі рыноктың қажеттерін ғана
қанағаттандырып қойған жоқ, сонымен қатар сыртқы сауданың кірісті саласына
айналды.
Қоғамдық еңбек бөлінісі мен қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық
жіктелу барысы қоғамдық міндеттерді жүзеге асырудағы одан әрі
мамандандыруды туғызды және соның салдары ретінде номадтардың әлеуметтік
қатынастары құрылымында ерекше институттардың қалыптасу үрдісіне әкеп
соқты. Бұл орайда қазақ қоғамының әлеуметтік экономикалық құрылымы мен
әлеуметтік топтарға бөлінуі сәйкес келмеді, ал кейде бір біріне қайшы
келіп отырды. Адамның әлеуметтік мәртебесі әс те барлық уақытта бірдей
оның экономикалық әл ауқатымен анықталған емес, ал соңғысы, өз кезегінде,
барлық уақытта бірдей оның биік мәртебесіне тәуелді бола бермейді. Қазақ
қоғамның әлеуметтік бөлінуіне тән ерекшелік индивидтердің ақсүйек және
қарасүйек дейтіндерге саралануы болды. Бірінші әлеуметтік топ оның
әлеуметтік оқшаулығы және қоғамдық қатынастар құрылымындағы мәнінің зор
болуы себепті сырттан ешкімді өткізбейтін индивидтердің мәртебесі жабық
корпорациясы болды. Оған аристократиялық екі сословие ─ төрелер мен
қожалар жатты.
Ақсүйектерден ақсүйектерден айырмашылығы қарасүйектердің
сословиелік корпорациялық топтарының мәртебесі ашық болды, оған жеке
қасиеттері мен мүліктік жағдайына қарай тез келген индивид қол жеткізе
алатын. Оларға билер, тархандар, батырлар, ақсақалдар санаттары жатты.
Алайда қазақ халқының еркін қауымдастар деп анықталатын көпшілік бөлігі
сословиелік белгілері бойынша сараланған емес, қазақтардың үстем табынан
оның айырмашылығы осы болатын.
Көшпелі қоғамның пұрсатты қаймағы, ақсүйектердің негізі болған
төрелердің (сұлтандардың) аристократиялық сословиесінен құралды. Ол
Шыңғысхан ұрпақтары тармақтарының біріне жататын және жүздердің
генеалогиялық құрылымына қарағана кірмейтін адамдар тобын біріктірді.
Қазақ төрелері (сұлтандарды) өз тегін, аймақ көшпелілердің дәстүрлі
түсініктеріне қарағанда, Шыңғыс ұрпақтарының үлкен тармағынан Жошы
ұрпақтарынан таратады, мұны кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заманның
генеалогиялық деректемелері, сондай ақ қазіргі шығыстанушылардың
зерттеулері растап берді. Төрелердің атақты тегі қазақ социумының ішінде
ғана емес, сонымен қатар Еуразияның көршілес жартылай көшпелі және
отырықшылық егіншілік өңірлерінде, Башқұртстан аумағы мен Орта Азия
хандықтарында мойындалды, олар ХҮІІІ ғасырда солардағы хан тағына талай
рет шақырылды.
Төрелер сословиесі қазақтардың әлеуметтік, саяси және әскери өмірінде
зор рөл атқарды. Қазақтардың мемлекеттік құрылымындағы биліктің жоғарғы
құрылымдары, яғни көшпелі қоғамның саяси жүйесіндегі орталық буын болған
хандар солардың арасынан сайланды. Туу құқығы бойынша төре-сұлтандар
сословиесіне жату индивидтің іс жүзінде үстем тапқа жататындығын білдірді
және оның қоғамдық қатнастарды іс жүзінде үстем тапқа жататындығын білдірді
және оның қоғамдық қатынастарды регламенттеу мен реттеуді жүзеге асырудағы
басым құқығын алдын-ала анықтап берді.
Қазақтардың қоғамдық өміріндегі төрелердің пұрсаттылықтары көшпелі
халықтың құқықтық дәстүрлері саласына ғана емес, сонымен қатар даланың жөн-
жосық тәртібі саласына да таралды. Көптеген көзбен көргендердің, қазақ
халқының дағдылы құқығы мен тұрмысын белгілердің айтуына қарағанда,
сұлтандармен әңгімелескен кезде қатардағы қазақтар оларды есімімен атай
алмады, оның орнына тақсыр деген сөзді қолдануға тиіс болды.
Амандасқанда, қоштасқанда, алғыс айтқанда екі қолын кеудесіне немесе оң
қолын оң тізесіне қойып, Алдияр! деуге тиіс еді.
Руаралық және жүзаралық дауларды шешуге қабілетті бар билер қарсы
күресуші тараптардың ымыраға келуіне қол жеткізе отырып, әдетте
көшпелілер арасында едәуір бедел алып, қазақ қоғамының әлеуметтік саяси
өмірінде едәуір ықпалға ие болды. Мұның бәрі Қазыбек, Төле, Әйтеке, Есет
және тағы басқалары сияқты құдыретті билердің жоғарғы билікке зор ықпал
жасауына мүмкіндік берді; олардың көңіл күйімен, пікірлерімен және
шешімдерімен тіпті ең беделді қазақ хандары (Тәуке, Әбілқайыр, Абылай)
санасып отырды.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысы кезеңінде қазақ қоғамында әскер
басылары батырлардың әлеуметтік тобының маңызы мен саяси ықпалы зор болды.
Батыр, багадур, баһадур деген түрік монғол сөзі бастапқыда
шайқас алдында жауды жекпе жекке шақыратын ержүректі білдірген. Осы
транскрипциясында ол ХІҮ ғасырдың өзінде ақ орыс тіліне еніп, оңтүстік
славяндардың кітаби тіліндегі батыл, яғни жаугер деген неғұрлым
ертедегі, автохондық терминді ығыстырып шығарған. Бұл терминнің богатырь
деген орысша калькасымен қатар ХҮ ғасырдың аяғы ХҮІ ғасырдың алғашқы үштен
бірінде Мәскеу мемлекетінде жат жерлік ержүрек жауынгерлерді атау үшін
енді түркі тілінің өзіндегі батыр термині қолданылған, мұны Московия
туралы жазбалардың белгілі авторы, бұл атауды орыс адамдарынан алғаш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz