Жамбыл облысының әкімі Б. Б. Жексембиннің облыс тұрғындары алдындағы «2007 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жамбыл облысының әкімі Б. Б. Жексембиннің облыс тұрғындары алдындағы «2007 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі

Өткен жылы облыстың атқарушы органдарының қызметі облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға бағытталды.

Алдыңғы жылдардағыдай, 2007 жылы экономиканың барлық салаларында өсім қарқыны сақталды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығында өндіріс көлемдерінің өсіміне қол жеткізіліп, негізгі капиталға инвестициялар артты, құрылыс, білім беру және әлеуметтік саланы қаржыландыру өсіп, атқарылған жұмыстардың арқасында жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейі төмендеді.

Өнеркәсіп

Өткен жыл ішінде облыс кәсіпорындары 98, 5 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2006 жылға қарағанда 9 пайызға артық. Химия, металлургия өнеркәсібіндегі және дайын металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықтар өндірудегі өсім есебінен өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемдері артты (103, 8 пайыз) .

Электр энергиясы, газ және су өндірісі мен оларды тарату көлемдері айтарлықтай ұлғайды (142, 9 пайыз) .

2007 жылы химия өнімдері, құрылыс индустриясы кәсіпорындары, мұнай өнімдері (бензин, дистиллаттар, дизельдік отын), шұжық және сүт өнімдерінің өндірісі, көмір, табиғи газ, газдық конденсат, барит кенін және концентраттар өндіру артты.

Облыстың өнеркәсіп саласында үлкен өзгерістер болды. Біріншіден, химия өндірісімен айналысатын «Казфосфат» ЖШС-нен шетелдік қожайындар кетіп, ол отандық кәсіпкерлердің иелігіне өтті, екіншіден, өнеркәсіпте жаңа металлургиялық сала өндірісіне жол ашылды, ол - темір қорыту-балқыту саласы.

Облыста индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру бойынша мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізілуде. Оның екінші кезеңін іске асыру мақсатында 2006-2008 жылдарға арналған облыстық индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бекітілді, оның шеңберінде 8323 жаңа жұмыс орындарын аша отырып, 246, 8 млрд. теңгенің 25 инновациялық жобасы жүзеге асырылуда. (Бірінші кезең 2004-2006 жылдар) .

Өткен жылы осы бағдарлама шеңберінде 1, 2 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылып, 319 жұмыс орны ашылды.

«Концерн Азия Казахстан» ЖШС-де құны 175 млн. теңге тұратын «Көкөніс және жемістерді тереңдете қайта өңдеу зауытының құрылысы» жобасы іске асырылды. Өткен жылы 26, 9 млн. теңгеге өнім (томат пастасы және табиғи шырындар) өндірілді. Келешекте кәсіпорын өнімнің оннан астам түрін шығаратын болады.

«БМ» ЖШС-де отынның экологиялық қауіпсіз түрі - биоэтанол өндірісі бойынша құны 60, 0 млн. теңге болатын жоба іске асырылды.

«Меркі ет» ЖШС-де консервіленген ет өнімдерін даярлау, қайта өңдеу және өткеру жобасы іске асырылды. Кәсіпорын өткен жылдың маусым айында іске қосылды. Осы уақыт ішінде ол 39, 7 млн. теңгенің өнімін өндірді.

Өз қаржылары және облыстың инновациялық қорының қаржылары есебінен «Қордай нан» шаруа қожалығында құны 62, 5 млн. теңге тұратын құрамында йоды бар композиттік ұн өндірісі бойынша жоба іске асырылды. Бұл өндіріс облыс тұрғындарын құрамында микроэлементтер - йод пен темір бар жоғары сапалы және экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өткен жылдың қараша айында Мойынқұм ауданындағы «Шығыс кен басқармасы» ЖШС-де қуаты 300 мың тоннаға дейінгі барит кенін қайта өңдеу және бариттік концентрат алу фабрикасы іске қосылды. Бұл кәсіпорынға өткен жылы 639, 6 млн. теңгенің немесе 2006 жылмен салыстырғанда 1, 7 есе артық өнім өндіруге мүмкіндік берді. 131, 9 мың тонна кен және бариттік концентрат өндірілді.

2007 жылдан «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-де құны 133, 8 млн. теңге тұратын қуаты жылына 18 мың тонналық электр кальцийленген антрацит және құны 187, 5 млн. теңге тұратын қуаты жылына 12 мың тонналық ерітілген болат өнімін өндіру бойынша екі инвестициялық жоба іске асырылуда.

Бұдан басқа, өткен жылы бірқатар инновациялық жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

Қордай ауданындағы «Бриг Компания» ЖШС-де құны 50, 0 млн. теңге тұратын «Етті тереңдете қайта өңдеу және шұжық өнімдерін шығару цехының құрылысы» жобасы іске асырылуда. Кәсіпорынның қуаты жылына 100, 0 тоннаны құрайды.

«SNS» НТПЦ» ЖШС-де «POLYALPAN» жылу оқшаулағыш қасбеттік панельдер өндірісі бойынша құны 705, 2 млн. теңге болатын өндірістік қуаты жылына 500 мың шаршыметрді құрайтын зауыт құрылысы жүргізілуде.

«Қосалқы бөлшектер» АҚ-да құны 2, 6 млрд. теңге және өндірістік қуаты жылына 60 мың тонна болатын болаттың сапалы маркаларынан прокаттық өнімдер шығаратын электрометаллургия зауыты құрылысының жобасы іске асырылуда, мұнда 600 жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын экспортқа бейімделген өнім шығаратын болады.

Қордай ауданында «МВТ» ЖШС-де құны 768, 0 млн. теңгелік «Активтік әк тас шығаратын зауыт құрылысы» жобасы іске асырылуда, мұнда 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

Талас ауданында («Юг-Цемент» және «ССТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері) және Мойынқұм ауданында («Мыңарал Цемент Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) екі цемент зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру басталды.

Стратегияны іске асыруға жергілікті инновациялық әлеуетті тарту және жандандыру мақсатында облыста инновациялық жобалардың бірыңғай мәліметтер базасы қалыптастырылған. Оларды іске асыру және өндіріске ендіру үшін облыстық бюджет қаржылары есебінен «Жамбыл облысының инновациялық қоры» құрылған.

2007 жылы қорға облыстық бюджеттен 60, 0 млн. теңге бөлініп, оның есебінен бірқатар инновациялық жобалар қаржыландырылды:

- «НИИ инновации и реинженеринга» ЖШС-де 6, 5 млн. теңгеге химиялық өндірістер қалдықтарын қайта пайдаға асыра отырып, жаңа тыңайтқыш - аммофосогипс мелиорантын алу әдісін игеру;

- «Қордай нан» шаруа қожалығында 21, 0 млн. теңгеге құрамында йод және темір бар композиттік ұн өндіру;

- «Тараз Инком» ЖШС-де 5, 7 млн. теңгеге ыстыққа төзімді балшық және құрғақ құрылыс қоспасын өндіру;

- «Алатау групп» жеке кәсіпорнында 8, 3 млн. теңгеге полистиролбетон өндірісінің технологиясын ендіру;

- «Дадабаев» жеке кәсіпорнында 12 млн. теңгеге қасбеттік құмды материалдар және алеврит өндіру.

Өткен жылдың аяғында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесінде 2012 жылға дейінгі даму перспективасымен 2008-2010 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы қабылданды, осы бағдарламаға сәйкес өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 1, 7 есе артады. Ал, бұл өз кезегіне қарай электр энергиясы тапшылығының туындауына әсер етеді. Сондықтан басымды бағыттардың бірі энергетика саласын дамыту болып табылады.

Атап айтқанда, «Алтын алмас Энерго» ЖШС Тайланд компаниясымен бірлесе отырып қуаты 50 МВт жылу электр станциясы құрылысын жоспарлап отыр (4-ші қазандық базасында) . Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2008 жылдың сәуір айында басталады.

Жақын арада Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына енуі жоспарлануда. Бұл үшін отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін, өнімнің қауіпсіздігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында кәсіпорындарда ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы сапа менеджменті және экология менеджменті жүйелерін ендіру қажет.

Осыған байланысты ИСО халықаралық стандарттарына жедел көшу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, оған сәйкес 2009 жылға дейін облыстың 113 кәсіпорыны мен ұйымында сапа жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Оны жүзеге асыру шеңберінде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның сапасын халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында кәсіпорындардың қатысуымен жыл сайын аймақтық байқаулар өткізілуде.

2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға халықаралық сапа менеджменті жүйесі 49, оның ішінде 2007 жылы 25 кәсіпорындар мен ұйымдарда енгізілді.

Көлік және байланыс

Атқарушы органдар қызметінің басымды бағыттарының бірі - көлік пен байланысты дамыту болып табылады.

Облыстың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 4942, 3 шақырымды құрайды (олардың 847 шақырымы - республикалық мәндегі, 2147, 1 шақырымы - облыстық мәндегі, 1948, 2 шақырымы - аудандық мәндегі жолдар) .

2007 жылы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарына 577, 1 млн. теңге бюджеттік қаржылар бөлініп, 2 мың шақырымнан астам автожолдарға күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 28, 8 шақырымды құрайтын «Қаракемер-Қарасай батыр» автомобиль жолының құрылысы аяқталды.

Облыс халқын тасымалдаумен 30 автотасымалдаушы айналысады, олар 245 бағыт бойынша қызмет көрсетуде. Бұл бағыттарда 1898 автобус жұмыс істейді. 2007 жылы 17 қалалық, қала маңы және қалааралық жаңа бағыттар ашылды. Автобустардың ескірген паркін жаңарту мақсатында автотасымалдаушылар өткен жылы 376, 6 млн. теңгеге 211 автобус сатып алды.

2006-2008 жылдарға арналған телекоммуникация саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халыққа телефон байланысы қызметін көрсету жақсаруда. Өткен жыл ішінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 15 мың телефон орнатты, бұл олардың тығыздығын 100 адамға шаққанда 11, 8-ден 13, 1-ге дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде облыстың барлық елді мекендері телефондандырылған.

Тұрғын үй құрылысы.

Облыста тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 420 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға енгізу көзделген (оның ішінде: 24, 3 мың шаршыметр коммуналдық, 64, 2 мың шаршыметр кредиттік қайтарым негізінде және 331, 5 мың шаршыметр басқа көздер есебінен), оған республикалық бюджеттен 3, 2 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде: 2004 жылы - 745, 8 млн. теңге, 2005 жылы - 1435, 8 млн. теңге, 2006 жылы - 747, 5 млн. теңге, 2007 жылы - 310, 0 млн. теңге) .

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғалы бері жалпы ауданы 599, 6 мың шаршыметр тұрғын үй енгізілді (жеке секторды қоспағанда), бұл бағдарламада көзделгеннен 42, 8 пайызға артық (23 үй, 945 пәтер), (оның ішінде: 32, 1 мың шаршыметр коммуналдық немесе 132, 1 пайыз (345 пәтер), 68, 5 мың шаршыметр кредиттік қайтарым негізінде немесе 106, 7 пайыз (600 пәтер), 499, 0 мың шаршыметр басқа көздер есебінен немесе 150, 0 пайыз.

2007 жылы 5, 6 млрд. теңгеге 221, 1 мың шаршыметр тұрғын үй енгізілді, бұл 2006 жылға қарағанда 1, 6 пайызға артық (оның ішінде: 11, 0 мың шаршыметр коммуналдық немесе 103 пайыз, 18, 2 мың шаршыметр кредиттік қайтарым негізінде немесе 74 пайыз, 191, 9 мың шаршыметр басқа көздер есебінен немесе 105 пайыз) .

2007 жылы Тараз, Жаңатас қалаларындағы және Мойынқұм ауданындағы коммуналдық тұрғын үй құрылысына және оларды жаңартуға облыстық бюджеттен бөлінген 134, 7 млн. теңге игерілді.

Жылдан жылға жеке тұрғын үй құрылысының көлемдері артуда. Өткен жылы 183, 3 мың шаршыметр тұрғын үй енгізілді, ал 2006 жылы 175, 7 мың шаршыметр енгізілген. (2005 жылы - 121, 0 мың шаршыметр) .

2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасын орындау мақсатында жеке тұрғын үй құрылысының қарқыны айтарлықтай өсіп, осыған байланысты жеке тұрғын үй салуға жер телімдеріне сұраныс ұлғаяды.

Алайда, 2008 жылдың 1 қаңтарына жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін алуға түскен 51155 арыздың тек 14801-і немесе 28, 9 пайызы ғана қанағаттандырылған.

Жер қатынастары саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін сату бойынша аукциондар облыста тұрақты өткізіліп тұрады.

2007 жылы осындай аукциондарда жалпы сомасы 21, 5 млн. теңгеге ауданы 3, 2 гектар 34 жер телімі сатылды, бұл 2006 жылға қарағанда 4, 9 пайызға артық. 2008 жылдың 1 қаңтарына барлық жер телімдері үшін төлемдер түсті және оларға құрылыс салу басталды.

Қалған 36354 арыз бос жер массивтері болмағандықтан арнайы есепке қойылды. Қанағаттандырылмаған арыздардың басым көпшілігі - 32707 (90, 0 пайыз) Тараз қаласының, 2231-і (6 пайыз) - Шу ауданының, 1148 (3, 2 пайыз) - Қордай ауданының үлесінде.

Тараз қаласының тұрғындарын жер телімдерімен қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығының шекарасын қала маңындағы екі ауданның (Байзақ және Жамбыл) жерлері есебінен 5953, 8 гектарға кеңейту жөнінде шаралар қабылдануда, бас жоспарды әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. (Осы мақсаттар үшін 2007 жылы облыстық бюджеттен 62, 9 млн. теңге бөлініп, игерілді (мердігерлік ұйым - «Урбостиль» ЖШС жобалау-қала құрылысы фирмасы (Алматы қ. ) .

Бұл ретте жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған жер телімдерін қажетті инженерлік инфрақұрылымы: жолдар, сумен, электрмен жабдықтау желілері, телефон байланысы бар дайындалған массивтерден бөлу көзделіп отырғанын ескеру қажет.

Ауыл шаруашылығы

Экономиканың аграрлық секторында да ауыл шаруашылығы өндірісі көлемдерінің оңды ұлғаю үрдісі сақталған. 2007 жылы барлығы 48 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, бұл 2006 жылдың деңгейіне 104, 7 пайызды құрайды.

2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың Тұжырымдамасын іске асырудың 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шараларының облыстық бағдарламасын іске асыру үшін екі жыл ішінде республикалық және облыстық бюджеттерден 6, 2 млрд. теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде 2007 жылы - 3, 3 млрд. теңге, олардан 731, 2 млн. теңге ауыл шаруашылығы өндірісін қолдауға бағытталды.

(Олардан көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын жүргізуге арналған тауарлық-материалдық құндылықтарды субсидиялауға 395 млн. теңге, суды жеткізу бойынша қызметтер құнын субсидиялауға - 23 млн. теңге, мал шаруашылығын қолдауға - 233, 9 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға - 38, 6 млн. теңге, басқа мақсаттарға - 40, 7 млн. теңге) .

Облыс халқын белгіленген стандарттарға сай азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында барлық санаттағы шаруашылық субъектілерінің мүмкіндіктері мен резервтерін қолдана отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруды негізге алып және аймақтық мамандандыру жоспарына сәйкес облыста дәндік жүгері, майлы дақылдар, жеміс-жидек және жемдік азық сияқы рентабельділігі жоғары және сұранысқа ие дақылдарға басымдықтар берілген.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 513, 5 мың гектар жерге орналастырылды, бұл оның алдыңғы жылға қарағанда 800 гектарға артық.

2006 жылмен салыстырғанда майлы дақылдарды себу алқабы 34, 0 пайызға, дәндік жүгері - 9, 8, картоп және көкөніс - 5, 5 пайызға ұлғайтылды. Өткен жылы сондай-ақ жалпы астық жинау көлемі артты: масақты дақылдар - 13, 6 пайызға, дәндік жүгері - 14, 4, майлы дақылдар - 9, 2, картоп - 6, 2, көкөніс - 5, 6 пайызға.

Қазіргі кезде облыста үш шаруашылық-оригинатор, 10 элиталық тұқым шаруашылығы және 21 репродуктивтік шаруашылық жұмыс істейді. Олар 2007 жылы 1149 тонна астық дақылдарының элиталық тұқымдарын, картопты - 195 тонна, көп жылдық шөптерді - 6 тонна өндіріп, сатты, бұл жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің сұрыпты жаңартуды жүргізу үшін жоғары репродукциялы тұқымдарға сұранысын толық қамтамасыз етеді.

Облыста еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын және тиімді қазіргі заманғы технологияларды енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.

Суды үнемдейтін технологиялар, атап айтқанда, күздік бидайды өсіру кезінде жүйелік суғару (Байзақ, Жамбыл және Меркі аудандары) енгізілуде, бұл осы технологияларды тиімді қолданып отырған шаруашылықтарға гектарынан 35-47 центнерден өнім алуға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде облыста жеті машина-технологиялық станция тиімді жұмыс істеуде, 2007 жылы олар 50 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл 2006 жылға қарағанда 7, 1 млн. теңгеге артық.

Өткен жыл ішінде лизинг бойынша 427 млн. теңгеге 122 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы бірлігі сатып алынды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 30 бірлікке (49 млн. теңгеге) артық.

Мал шаруашылығы саласындағы жағдай тұрақтанды және мал басының жыл сайынғы ұлғаюы, мал өнімі өндірісінің өсуі үрдісі сақталуда.

Соңғы жылдары мал шаруашылығы саласын тиімді дамыту үшін орта және ірі тауарлы өнім өндірісі бар мамандандырылған шаруашылықтарды құру жөнінде айтарлықтай шаралар қабылдануда.

Қазіргі кезде облыста 43 орта және ірі тауар өндірушілер бар, олардың қолында облыс малының жалпы санының 6, 5 пайызы шоғырланған. Олардың 21-і асыл тұқымды мал шаруашылықтары болып табылады, олар республикалық бюджеттен 43, 6 млн. теңге сомасында субсидиялар алды. Бұдан басқа, субъектілер санатынан тәуелсіз малды бордақылау үшін бөлінетін азықтық жемді арзандатуға 28, 4 млн. теңге сомасында субсидиялар төленді.

Халықтың өнімділігі төмен және тексіз малымен тұқым асылдандыру жұмысын жетілдіру үшін сиырлар мен құнажындарды қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу бойынша шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда облыс бойынша осындай 204 пункт жұмыс істейді.

Өткен жылы сарыптан (бруцеллез) сауықтыру бойынша 15 ауылдық округте қажетті ветеринарлық-профилактикалық жұмыстар жүргізілді, 248, 5 мың бас қой екі рет тексеруден өткізіліп, 2, 4 мың бас ауру қой анықталып, жойылды. Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін республикалық бюджеттен барлығы 102 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Ауыл шаруашылығын дамытудың басымды бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу болып табылады. Облыста 2007 жылы құрамында 9740 адам жұмыс істейтін 433 кәсіпорын, желілер, цехтар мен шағын зауыттар қайта өңдеумен айналысты. 2006 жылмен салыстырғанда цехтар саны 16 бірлікке (3, 8 %), жұмыс істейтіндер саны 130 адамға (1, 3 %) артты.

2007 жыл ішінде олар 27, 6 млрд. теңгенің әр түрлі өнімін шығарған, бұл 2006 жылғыдан 1, 7 пайызға артық (28, 6 млрд. теңге) .

(Мысалы, 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда қант - 7, 7, нан - 2, 2, ет - 8, 5, сарымай - 15, 9, шұжық өнімдері 9, 8 пайызға артық өндірілген) .

Осыған қарамастан ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі әлі де болса төмен күйінде қалуда. Атап айтқанда, облыста қайта өңделген өнім түрлері бойынша: ет - 12 пайыз, сүт - 24, бидай - 75 және майлы дақылдар - 26 пайызды құрайды.

Облыс халқының азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуіне қазіргі кезде облыстың агроөнеркәсіп кешенінде 2010 жылға дейін іске асырылып жатқан жалпы сомасы 41, 1 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба ықпал ететін болады.

Облыста бұл бағытта «Меркі ет» ЖШС, «Концерн Азия Казахстан» ЖШС, «Қордай нан» ШҚ, «Бриг Компания» ЖШС, «БМ» ЖШС және «Қазақ ет компаниясы АӨК» ЖШС табысты жұмыс істеуде.

Облыста нарықтық экономика жағдайында мамандандырылған ұйымдардың бірқатар филиалдары мен өкілдіктері табысты жұмыс істеуде («Аграрлық кредиттік корпорация», «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры», «Казагрофинанс», ауылдық кредиттік серіктестіктер және басқалар), олар 2007 жылы ауылдық тауар өндірушілерге 1, 3 млрд. теңгеге жуық кредиттер берді.

Өткен жылы екінші деңгейдегі банктер агроөнеркәсіп кешенінің шағын және орта бизнес объектілеріне 414, 8 млн. теңге несие берді. Бұдан басқа инвестициялар саласына 1, 4 млрд. теңге көлемінде өз қаржылары салынды, бұл 2006 жылғыдан 178, 8 млн. теңгеге артық.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұтыну рыногындағы бағаларды тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысын іске асыру, сондай-ақ Тараз қаласының тұрғындарын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың 8 қыркүйегінен бастап ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізілуде. Өткен жылы барлығы 30 жәрмеңке өткізіліп, 195, 6 млн. теңгенің өнімі сатылды (оның ішінде 88 млн. 528 мың теңгеге - ет өнімдері, 9 млн. 226 мың теңгеге - сүт өнімдері, 38 млн. 878 мың теңгеге - көкөніс-жеміс, 24 млн. 367 мың теңгеге - жемдік азық, 13 млн. теңгеге- ұн және 21 млн. 573 мың теңгеге - басқа өнімдер) .

Азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Күн сайын азық-түлік өнімдеріне бағалардың мониторингі бойынша жұмыс жүргізілуде.

Салықтар және бюджет.

2007 жылы бюджетке 29, 5 млрд. теңге сомасында немесе болжамға 102, 9 пайыз мөлшерінде салықтар мен басқа міндетті төлемдер жиналды, бұл 2006 жылғыдан 3, 6 млрд. теңгеге артық. (Республикалық бюджетке 12, 8 млрд. теңге түсті немесе 2006 жылдың деңгейіне 106, 2 пайыз, жергілікті бюджетке - 16, 7 млрд. теңге (120, 6%) .

Мемлекеттік бюджетке түсімдердің өсімі жеке табыс салығы, әлеуметтік салық бойынша түсімдердің, азаматтарға пәтерлер мен жер телімдерін сатуынан түскен түсімдердің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Облыс бюджеті 2007 жылы 53, 4 млрд. теңгеге немесе 100, 6 пайызға орындалып, ал 2006 жылдың деңгейіне 132, 5 пайызды құрады. Соңғы екі жыл ішінде облыс бюджетінің кіріс бөлігі 1, 7 есе, ал өз кірістері - 1, 5 есе өсті. Бюджет қаржылары шығыстарының басты басымдықтары әлеуметтік шығыстар болып табылады, олар 2006 жылмен салыстырғанда 37 пайызға өсті, оның ішінде білім беру саласында - 40 пайызға, денсаулық сақтау саласында - 30 пайызға.

Халықты әлеуметтік қорғау.

Облыс экономикасының оңды даму динамикасы әлеуметтік салаға да оң әсерін тигізуде. Елбасы қойған міндеттерге сәйкес халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде халықтың жан басына шаққандағы нақты ақшалай кірістері 6 пайызға өсіп, 14262 теңгені құрады, орташа айлық жалақы - 25, 5 пайызға (35854 теңге), нақтылы қолға тиетін айлық жалақы - 7-8 пайызға өсті.

Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық пен кедейшілікті төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Есепті жыл ішінде қайта құрылған және қалпына келтірілген жұмыс орындарына 6, 1 мың адам жұмысқа орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3, 9 мың жұмыссыз, маусымдық жұмыстарға - 15 мыңдай адам тартылды.

Уәкілетті органдардың жолдамасымен 750 жұмыссыз жаңа мамандықтарға оқытылды, бұған жергілікті бюджеттерден 10, 8 млн. теңге жұмсалды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2007 жылы 32, 2 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді, жұмыссыздық деңгейі 2007 жылдың ІІІ тоқсанында 7, 4 пайызды құрап, 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1, 5 пайыздық пунктке қысқарды. Кедейшілік деңгейінен төмен тұратын азаматтардың саны 44, 1 мыңнан 26, 7 мың адамға дейін төмендеп, олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 2, 6 пайызды құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗІНДЕ
Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)
Қоғамға қажетті сала тынысы
Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау
Солтүстік Қазақстан облысы
Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздері
«НҰРЛЫ КӨШ» – «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеу
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz