Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік



Кіріспе
1Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
1.1 Түркістан легионының құрылуы
1.2 Легионшылардың соғыс қимылдарына қатысуы
2 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Түркістан легионы
2.1 Батыс зерттеушілерінің Түркістан легионына көзқарастары
2.2 Түркістан легиондарының аянышты тағдыры
2.3 Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер және сілтемелер тізімі
Қосымша(Сүреттер)
Диплом жұмысының өзектілігі:Түркістан легионы туралы не білеміз? Біреулер үшін олар батырлар, ал біреулер үшін олар Отан сатқындары, жаулар. Қалай болғанда да олар болды, тарихта қалады.Түркістан легионы 1941 жылдың аяғында Мұстафа Шоқайдың өлімінен кейін 1942-де Вели Каййум хан тарапынан құрылған екен. Тұтқындағы түркістандықтарды құтқарып қалудың басқа амалы болмаған сияқты ол кезде. Бір жағынан жан сақтап қалу, бір жағынан 30-шы жылдардағы аштықты, 37-дегі қызыл қырғынды көрген бұл адамдар орыстарға қарсы соғысудан қашпаған сияқты. Түркістан легионы оқиғасын да еске алған жөн. Соғыстың бастапқы кезеңінде жүздеген мың, тіпті миллиондаған кеңес әскерлері фашистерге тұтқынға түсті. Олардың арасында көптеген түркі халықтарының өкілдері де болды. Қолға түскен түркі жауынгерлерінің 80%-ы фашистік лагерьлерде адам шыдамайтын жағдайларда қаза тапты. Гитлершілдер аман қалған әскери тұтқындардан Кеңес Армиясына қарсы күреске шығатын әскери бөлімшелер жасақтауға әрекеттенді. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өкілдерінен бірнеше батальоннан тұратын Түркістан легионы құрылды. Алайда фашистер оларды шайқастарға пайдалана алмады. Қолына қару алған көптеген легионерлер майдан шебінен өтіп Кеңес Армиясының қатарына қайта қосылды, ал олардың бір бөлігі партизандарға кетіп қалды. «Түркістан легионы» күрделі, қайшылыққа толы жолдан өтті. Нәтижесінде легион таратылды. Бұл оқиға байыпты зерттеуді және әділ бағасын беруді талап етеді.Түркістан легионы. Аңыз ба? Ақиқат па? Бұл туралы тың зерттеулер тарихтан тамыр тартқалы да біршама уақыт болды. Мұстафа Шоқай. Түркішілдік. Түркістан легионы. Зерттеушілердің зейінін өзіне аударған үштік. Біз тарихшы емеспіз. Зерттеуші, ғалым да емен. Бірақ тұма тарихқа қатысты жайттарға құлағымыз түрік жүретіні рас. Қарағандыда Түркістан легионында болған қария барлығын естігенде, сол ақсақалмен сұхбаттасып, көзімізбен көргіміз келгені де рас. Шын мәнінде бұл не легион? Діттегені не? Басында кім отырды? Мұстафа Шоқай ма? Басқа ма?
Қазақстанның орталық, солтүстік және оңтүстік - шығыс аудандары – Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «индустриялық облыстарының» құрамына кіруге тиіс болды. Бұл жерлерге фашистік Германияға қызмет ету үшін украиндар, белорустар мен поляктарды, венгрлер мен Шығыс Еуропаның басқа да халықтарын қоныстандыру жоспарланды. Кейінірек қауырт соғыс жоспарларының күйреуіне байланысты фашистер өз жоспарын қайта қарап, КСРО - ның орыс емес халықтарына өзін - өзі басқаруға уәде беруіне тура келді. Сөйтіп фашистер бұл халықтарды Мәскеуге қарсы күресте пайдаланбақшы болды.
1. Садыкова Бахыт, Түркістан легионы: Жазылмайтын жан жарасы Түркістан 1998. № 2
2. Сайран Абдулла Хамза, Менің Мұстафа Шоқайды білетіндерім Жас Түркістан №3. 2000.
3.Гүлжауһар Көкебаева,Мұстафа Шоқай және Түркістандық соғыс тұтқындары Қазақ тарихы.1997. № 2 Наурыз.
4.Әбжами Байшуақұлы, Түркістан легионы туралы шындық Қазақ әдебиеті. 1997.
5.Kara Abdulvahap,Cengiz Dağcı ve II.Dünya Savaşı Hatıraları, Tarihin En Çileli Savaşçıları:Türkistan Lejyonerleri İstanbul 2002
6.Özcan Kemal,Dr.Baymirza Hayit’in Türkistan Araştırmaları ve Milli Mücadeledeki Rölü’Turan Kültür Vakfı İstanbul 1996
7.Dağcı Cengiz, Korkunç Yıllar, Ötüken Neşriyat,İstanbul, 2000
8.Kara Abdulvahap, Türkistan Ateşi:Mustafa Çokay’ın Hayatı ve Mücadelesi, İstanbul 2002
9. Қуанұлы А Тауқымет Тарткан Тағдырлар Шұғыла 2014 № 3
10. Нуржанова А.М Түркістан Легионы Және Мұстафа Шоқайдың Оған Қатысы Туралы Республикалық Ғылыми-Тәжірибелік Конференцияның
Материалдар Жинағы 23 Сәуір Алматы 2013
11. Жакаеев Марат Саяси Қуғын-Сүргін Құрбандарын Ақтау-Ұрпақ Алдындағы Борышымыз Айқын 2013 №96
12. Қаражан К.С. Қазақстан Тарихы Лекциялар Курсы Алматы 2009
13. Andican Ahat Cedidizm’den Bağımsızlığa Hariçte Türkistan Mücadelesi Emre Yayınları İstanbul 2003
14.Кежеғұлова М.Д. Бітіруші жұмыс Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі Шымкент 2006
15 Қара Әбдiуақап Түркістан Легионының Ақиқаты Түркістан 2011
16. Самаликова Жанылсын Шахидоллаевна Ұлы отан соғысы және Түркістан легионерлері Ақтөбе 2013
17. Такенов Ә. Койгельдиев М Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай. Естеліктер. Ыстамбұл, 1997
18. Шоқай Мұстафа. Таңдамалы – Алматы: Қайнар 1999
19.Гүлжауһар Көкебаева, Шығыс легиондары һәм Мұстафа Шоқай http://abai.kz/node/3715 25.02.2014
20.Әбдiуақап Қара. Тұтқындықтан құтылу және Түркістан легионы http://archive.turkystan.kz/page.php?page_id=52&id=6752 05.04.2014
21.Түркістан легионы http://www.almaty.tv/kz/programms/ly-dala-rkeniet/t-rk-stan-legiony.html 16.01.2014
22.Әбдiуақап Қара. Түркiстан легионының ақиқаты
http://archive.turkystan.kz/page.php?page_id=39&id=6918 06.02.2014
23.Сейдулла Садықов Мұстафа Шоқай кім еді? http://www.qasym.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1555:2013-08-21-03-34-41&catid=23:2012-12-04-01-30-47&Itemid=33 05.03.2014
24.Әбдiуақап Қара Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы http://www.qazaquni.kz/8881.html 07.01.2014
25.Әбдiуақап Қара Түркістандық тұтқындардың кейінгі тағдыры http://alashainasy.kz/tul/37278/ 10.04.2014
26.Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері http://kitaptar.com/node/1244 05.04.2014
27.Аққали Ахмет «Сен оны ұмытпауға тиіссің!» http://egemen.kz/03/23/528/ 04 04 2014
28.Abdulvahap Kara. Тurkistan lejyonu gerceklerini haykiran yazar Сengiz Dagci. http://www.turkmeclisi.org/?Sayfa=Temel-Bilgiler&Git=Bilgi-Goster&Baslik=turkistan-lejyonu-gerceklerini-haykiran-yazar-cengiz-dagci&Bil=790 01,10,2013
29.http://www.minber.kz/2012/05/кеңестік-идеология-және-Мұстафа Шоқай 16.03.2014
30. http://kerekinfo.kz/blog/unknown/5082.html 05.04.2014
31. http://www.turkalemiyiz.com/asil/turkistan.asp?id=364 01,11,2013 14:07
32. http://wowturkey.com/forum/viewtopic.php?t=114526 18.04.2014
33.Abdulvahap Kara. Türkistan Lejyonerleri ve Mustafa Çokay Biyografi Analiz Dergisi Eylül 2003

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
1.1 Түркістан легионының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Легионшылардың соғыс қимылдарына қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Түркістан легионы
2.1 Батыс зерттеушілерінің Түркістан легионына көзқарастары ... ... ... ... 22
2.2 Түркістан легиондарының аянышты тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.3 Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Пайдаланған әдебиеттер және сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 62
Қосымша(Сүреттер) ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі:Түркістан легионы туралы не білеміз? Біреулер үшін олар батырлар, ал біреулер үшін олар Отан сатқындары, жаулар. Қалай болғанда да олар болды, тарихта қалады.Түркістан легионы 1941 жылдың аяғында Мұстафа Шоқайдың өлімінен кейін 1942-де Вели Каййум хан тарапынан құрылған екен. Тұтқындағы түркістандықтарды құтқарып қалудың басқа амалы болмаған сияқты ол кезде. Бір жағынан жан сақтап қалу, бір жағынан 30-шы жылдардағы аштықты, 37-дегі қызыл қырғынды көрген бұл адамдар орыстарға қарсы соғысудан қашпаған сияқты. Түркістан легионы оқиғасын да еске алған жөн. Соғыстың бастапқы кезеңінде жүздеген мың, тіпті миллиондаған кеңес әскерлері фашистерге тұтқынға түсті. Олардың арасында көптеген түркі халықтарының өкілдері де болды. Қолға түскен түркі жауынгерлерінің 80%-ы фашистік лагерьлерде адам шыдамайтын жағдайларда қаза тапты. Гитлершілдер аман қалған әскери тұтқындардан Кеңес Армиясына қарсы күреске шығатын әскери бөлімшелер жасақтауға әрекеттенді. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өкілдерінен бірнеше батальоннан тұратын Түркістан легионы құрылды. Алайда фашистер оларды шайқастарға пайдалана алмады. Қолына қару алған көптеген легионерлер майдан шебінен өтіп Кеңес Армиясының қатарына қайта қосылды, ал олардың бір бөлігі партизандарға кетіп қалды. Түркістан легионы күрделі, қайшылыққа толы жолдан өтті. Нәтижесінде легион таратылды. Бұл оқиға байыпты зерттеуді және әділ бағасын беруді талап етеді.Түркістан легионы. Аңыз ба? Ақиқат па? Бұл туралы тың зерттеулер тарихтан тамыр тартқалы да біршама уақыт болды. Мұстафа Шоқай. Түркішілдік. Түркістан легионы. Зерттеушілердің зейінін өзіне аударған үштік. Біз тарихшы емеспіз. Зерттеуші, ғалым да емен. Бірақ тұма тарихқа қатысты жайттарға құлағымыз түрік жүретіні рас. Қарағандыда Түркістан легионында болған қария барлығын естігенде, сол ақсақалмен сұхбаттасып, көзімізбен көргіміз келгені де рас. Шын мәнінде бұл не легион? Діттегені не? Басында кім отырды? Мұстафа Шоқай ма? Басқа ма?
Қазақстанның орталық, солтүстік және оңтүстік - шығыс аудандары - Қарағанды, Новосібір және Кузнецк индустриялық облыстарының құрамына кіруге тиіс болды. Бұл жерлерге фашистік Германияға қызмет ету үшін украиндар, белорустар мен поляктарды, венгрлер мен Шығыс Еуропаның басқа да халықтарын қоныстандыру жоспарланды. Кейінірек қауырт соғыс жоспарларының күйреуіне байланысты фашистер өз жоспарын қайта қарап, КСРО - ның орыс емес халықтарына өзін - өзі басқаруға уәде беруіне тура келді. Сөйтіп фашистер бұл халықтарды Мәскеуге қарсы күресте пайдаланбақшы болды.
Осы тұста оқулыққа енбей қалған Түркістан легионы мен Түркістан полкінің, Мұстафа Шоқайдың жасырын тағдыры тарих бетіне шығады. Соғыс басталған сәттегі сәтсіздікке байланысты шындық ақырына дейін толық айтылған жоқ. Мәселен, соғыс басталған 4 айдың ішінде 4 миллионға жуық адам (анығы - 3 миллион 900 мың), ал бір жылдан соң тағы бір миллион, жалпы соғыс барысында 5, 5 миллион кеңес жауынгерлері тұтқынға түсіп, немістерді осынша адамды не істерін білмей қалғаны туралы дерек көздері әдейі тасада қалдырылып келді. 1941 жылы Үшінші рейхтың шығыс министрі Альфред Розенберг Түркістан мұсылмандарын Кеңес өкіметінен азат ету комитетін құруды ұсынды. Бұл идия Герман армиясының басшыларының жоспарларына сай келіп, бірден қолдау табады да, 1941 жылы күзде төрт ротадан тұратын Түркістан полкі құрылады. Фашистер оған жетекші ретінде мұсылмандарға дінімен де, ділімімен де жақын қазақ Мұстафа Шоқай мен өзбек Вали Каюм ханды тағайындайды. 1942 жылы осындай барлығы 24 батальон жасақталады. Бұдан бөлек, 1944 жылы Жаңа Түркістан СС дивизиясы және Шығыс мұсылман СС полкі құрылды.
Түркістан лигионы бірінші рет 1942 жылы Астрахань бағытындағы соғысқа жіберілді. Көпшілігі Паулюстің армиясында болды. Гитлершілердің ойынша, олар ары қарай Қазақстанға көктей өтуі керек еді. Түркістан легионында Біртұтас Түркістан журналы, Ұлт әдебиеті, Жаңа Түркістан газеті шығып тұрды. Ұлы Отан соғысы жылдарында фашистердің арнайы барлау қызметтерінің Орталық Азия елдеріне парашют арқылы агенттер мен терроршылар тастағаны және олардың тылда жасаған ойрандары туралы кеңестік тарих жұмған аузын ашпай келді. Фашистердің Цеппелин атты деверсиялық барлау органының 1942 - 1944 жылдары Қазақстанға да әуеден тек қазақтардан құралған бірнеше агенттік топтар түсіргенінен хабарсыз болып келдік. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағат - деректеріне сүйенсек, Қызыл Армияның бұрынғы аға лейтенанты, 35 жастағы қазақ Әлихан Ағаев бастаған 18 жау десантының парашютпен солтүстік Қазақстанға түсірілген құпиясын білген республиканың мемлекеттік қауіпсіздік органы қызметкерлері тарапынан жерімізге ішкірлей енген жау десанттарын қырағылықпен аңду бастады.
Кеңес адамдарының бір бөлігінің неміс-фашист басқыншыларымен ынтымақтасуы (коллаброционизм) мәселесі аз зерттеліп отыр. Неміс құрамаларының қатарында өз Отанына қарсы соғысқан КСРО азаматтарының саны бір миллионнан асты. Олардың арасында негізсіз қудаланып, Кеңес өкіметіне наразы болған адамдар да бар. Осындай фактор көптеген кеңес жауынгерлерінің тұтқынға түсуі және соғыс аяқталған соң Отанына қайтпай қалуына себепші болды.Поляк жеріндегі Легеново қаласында 1942 жылдарда қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік және басқа да шығыстық ұлт өкілдерінен құралған әскери тұтқындар болған. Тақырыпты тарқатқан зерттеушілердің толғамды талдауларына жүгінейік. Шығыс легиондары туралы ереженің толық қабылдануына орай Польша территориясында 1942 жылдың жазы мен күзінде олардың құрылуы негізінен аяқталды.Түркістан легионы. Немістердің ұйғаруынша бұған өзбектер, қазақтар, түрікмендер, дүнгендер, тәжіктер, қырғыздар, белуждар, ирандар, қашқарлықтар, шұнғандар, тараншылар, құрамалар және шығыс татарлары енді. Сонымен қатар кавказ-мұсылман, солтүстік кавказдық, грузин, армян, еділ-татар легиондары құрылғандығы да айтылады. Ал енді Түркістан легионының басында кім отырды? Соған келейік. Тарихи деректер ол уақытта Мұстафа Шоқайдың өмірде болмағандығын көрсетеді. Тәуекел ақсақал да Түркістан легионындағы бір топ легионерлерді әдейілеп, неміс елінің кереметтігін паш ету үшін Германияға экскурсияға апарғанда Вали Каюмханмен кездескендіктерін кітабында баяндайды. Неміс оккупанттары әскери тұтқындарды Кеңес Одағына қарсы пайдалануды көздеді.Қолдарына қару беріп, майданға шығаруға ниеттенді. Ал Мұстафа Шоқай түркістандық батальонды әскери қимылдарға қолдануға қарсылық танытқан Каюм хан керісінше.
Шоқайды ұлттық қаһарман тұлғалар арасында көтеру Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан мемлекетінің саясатына қайшы екен. Неге? Өйткені Шоқай түркі халықтарының тәуелсіздігі үшін күрескен екен!Оның ішінде Қазақстан тәуелсіздігі жоқ па? Бар және бүгін Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігінде Шоқайдың сол арманына жетіп отыр. Сол үшін де орысша айтқанда "герой" болуға лайықты болып отыр.Соңсоң Қазақстан Президенті Назарбаевтың саясаттарының оған қайшы екенін алға тартады. Керісінше, Елбасының саясаттары Шоқайдың пікірлерімен сабақтасады. Шоқайдың "бір тұтас Түркістан" идеясын Президент 2005 жылы "Орталық Азия Одағы" деп ресми түрде жариялады. Оның үстіне Назарбаев бұгінгі таңда түркі елдер ішінде түркі халықтарының ынтымақтастығына ең көп еңбек сіңірген мемлекет қайраткері болып отыр. Сондықтан Түркия президенті Назарбаевты "Түркі елдерінің лидері" деп жоғары бағалап отыр. Міне осы үшін де, сонау 1930- жылдары көрегендікпен ойлар тастағаны үшін Шоқай ұлы тұлға болуға әбден лайық. Соңғы кезде бұл тақырыпта әр түрлі кітаптар, баспасөз беттерінде мақалалар жарық көрді. Кеңес өкіметі кезінде жазылған еңбектер коммунистік идеология тұрғысынан Мұстафа Шоқайды Түркістан легионының белсенді ұйымдастырушысы, сатқын санайтын пікірлер қалыптасты. 1990 жылдың көктемінде М.Шоқай жайында алғаш рет ой тастағаны, оның өмірі мен қызметін оқырмандарға кеңірек таныту мақсаты мен саяси портретін жасаған жазушы, тарихшы Бейбіт Қойшыбаев еді. Содан бері салиқалы ғылыми еңбектерде (Ә.Әлімжанов, Ә.Тәшенов, М.Қойгелдиев, А.Нүсіпхан, О.Сәрсенбай, Т.Садықова, шетелдік Хасен Оралтай мен Әбдулақап Қара жұмыстары)
М.Шоқайдың легионды ұйымдастырушы, сатқын санайтын пікірлер дәлелсіз, негізсіз қауесет екендігін дәлелденді. Олай деуге қандай негіз бар еді. Мұстафа Шоқай большевиктік Кеңес өкіметін қаны қарая жек көрсе де, Еліңді жау шапса қосыла шаптың деңгейіне дейін төмендегендігі күмән келтірмейді. Біріншіден, М.Шоқай тәжірибелі саясаткер ретінде фашизм идеясының сықпытып білмеуі мүмкін емес еді. Екіншіден, ол идеяны жоқтауға М.Шоқайдың білім деңгейі мен мәдени өрісі ешқашанда жол бермес еді.
М.Шоқай концлагерді аралап, жерлестерінің алдында сөйлеген сөзінде Біртұтас Түркістандық халықтың ұлдарын тікенек темір артындағы азаптан құтқарып біздің болашақ Отанымыз Түркістанды көркейтуге қажет мамандықтар алу үшін әр түрлі арнайы жұмыстарға орналастыруды өзінің басты парызы санайтынын айтқан. М.Шоқай неміс әскерінің лагерлеріндегі соғыс тұтқындарына көрсетіп отырған айуандық азаптарын әшкерелеп, фашистік германия көсемдеріне баян-хатта жолдаған сол хатында ол немістердің мұндай қылықтарымен өздерін озық ұл деп санауға хақылары жоқ екенін батыл мәлімдеген. Сондықтан да, оның көзін жоюға үшінші рейхтің де, Кеңес басшыларының да мүдделі болғаны күдік туғызбайды. Қасиетті де, қасіретті де Мұстафа Шоқайды сатқын санаушылар әлі де көрініс беріп қояды.
Сондықтан, зерттеушілер соңғы кезде пайда болған құжаттарды толық пайдаланып, Түркістан легионының құрылу себептерін, адамдарының қилы тағдырын көрсете отырып, олардың алып империялары соғысы мен текетіресінің құрбаны ретінде жапа шекенін түсіндіру қажет.
Диплом жұмысының тарихнамасымен зерттеу деңгейі: Түркістан легионы тарихы туралы көптеген зерттеулер жүргізіліп бірқатар еңбектер жарық көрді. Кеңкестік кезеңде 1970 жылдары Х.Әміровтың "Легионның күйреуі" оның алдында шыққан С. Шәкібаевтың "Үлкен Түркістанның күйреуі" зерттеулерінің ерекшелігі бұрынғы коммунистік идеология тұрғысыныан емес, екінші бір жағына ауытқушылық тұрғысынан жазылған. Бұл жөнінде Туркиядағы әріптестер де зерттеулер жариялап жүр. Солардың бірі Әбдіуақап Қараның жазбаларында шығыс министірі Розенберг бұйрықтарымен М. Шоқайдың легионшылармен қарым - қатынастарын көрсетеді.
Амантай Какен "Түркістан легионы " еңбегінде немістер түрік тектес және басқа халықтар есебінен шығыс легиондарын құруын, солардың бірі Түркістан легионы құрылымының қалай өмірге келгені оның себеп салдары сол әскери құрамда болған боздақтардың қилы тағдыры туралы мәліметтер береді. 1998 жылы "Түркістан" № 21, 22 санында Бакыт Садыкованы "Түркістан легионы: Жазылмайтын жарасы" атты мақаласында Гитлердің түріктік легиондарды құру туралы анықтама береді.С. Шәкебаевтың "Үлкен Түркістанның күйреуі" екі томдық кітабында неміс авторының кітабы - рейх мұрағаттарынан алынған.Деректі мәліметтермен екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың куәліктеріне сүйене отырып объективті түрде жазылған ғылыми зерттеу жұмысы. Екінші кітапқа келсек автор тарихи деректерге сүйене отырып жазған болғанымен, большевиктік идиологияның саясатына икемделіп.Серік Шәкібаевтың Шоқай туралы жазған "Үлкен Түркістанның күйреуі" атты повесі жарық көрді. Деректі повесть екені алға тартылған бұл шығарма Шоқайды шен-шекпен үшін елін нацисттерге сатқан опасыз ретінде көрсетуге бағытталды. Кеңес дәуірінде Шоқай туралы тиым салынбаған дара басылым болып табылатын және 1972 жылы "Падение большого Туркестана" деген атпен орыс тіліне, 1976 жылы "Чоң Туркестанның қирашы" деген атпен қырғыз тіліне де аударылған бұл повесть Шоқайдың нацисттердің түрмесінен Фашистік Германияның Шығыс министрі Альфред Розенбергке хат жазуымен басталады.Соғыс мүгедегі, зейнеткер, тарих ғылымдарының кандидаты Әбжәми Байшуақұлы Түркістан легионы туралы шындық деген мақаласында: Власов бөлімшелерінің үлгісімен құрылған Түркістан легионы құрамының басым бөлігі сатқындар емес, алдауға түскендер немесе лажсыздан неміс формасын киіп, қолайлы жағдайда өз елінің әскеріне қосылуды арман еткендер деп жазды.
Осы орайда бізге Шыңғыс Дагшының еңбектері баға жетпес материялдар ұсынды. Өйткені, Қырымда туылған автор, әлі соғыс аяқталмай жатып басынан кешкендерді роман ретінде жаза бастады. Оның 1944 жылы Берлинде жаза бастаған екі томдық романы 1953 жылы Лондонда аяқталды. Ол 1956 жылы Стамбулда "Қорқынышты Жылдар" және "Отанын Жоғалтқан Адам" деген аттармен жарық көрді. Кейін осы орайда үшінші романы болған "Біз Бірге Өттік Осы Жолды" жазды. Дағшы Жұртын жоғалтқан жан романында осындай адамгершілікке жат қылықтар үшін қатты өкінетінін Садық Тұранның аузынан тілге тиек етіп, мәңгілік асыл мұратымыз - аяулы Түркістанымызға жету жолында өте жаман істерге де бардық қой деп жазады.
Диплом жұмысының мақсаты мен басты міндеттері: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік Германияның шығыс легиондары оның ішінде "Түркістан легионын" құрудың басты себептерін мақсатын ашып көрсету және тұтқындар есебінен легиондар құру, легионшылардың қилы тағдырын құжаттар негізінде көрсету, шетелдерде қоныстануындағы қиындықтар мен "соғыстан кейінгі соғыстың" яғни коммунистік идиологияның ықпалынан қайта қысым көруінің басты себептерін ашу. Күрделі тарихи кезеңнің оқиғаларын қазіргі заман талаптары тұрғысынан жаңа методологиялық әдіс арқылы объективті және субъективті пікірлердің факторларын толық ашып көрсету. Мұстафа Шоқайды Түркістан легионын құрушы деген пантүріктік және пантуранистік көзқарастардың дәлелсіз ешбір құжаттарға сай келмейтінін ашып көрсету.Осы мақсаттарды іске асыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды.
- Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы фашистік германияның түрлі шығыстық легиондарды құру себептерін анықтау.
- Легионерлердің соғыс қимылдары мен екі державаның арасындағы саяси байланыстарды талдау.
- Легионерлердің соғыстан кейінгі тағдырына қорытынды жасау.
- Осы кездегі М.Шоқайдың қоғамдық -саяси қызметін айқындау,
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: Жұмыстын хронологиялық шеңбері екінші дүниежүзілік соғыстын бастаумен яғни 1941 жылынан бастап, Түркістан легионын күйреуіне дейін 1945 жылдары аралығыңды қамтыды.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспе,екі бөлімден, қорытынды, қосымша бөлімі, сілтемелер және пайдаланған әдебиеттер тізіміңден құрылған.

1 Екінші Дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
0.1 Түркістан легионының құрылуы

II Дүниежүзілік соғыстың алғашқы ай - ла - рында жүз мыңдаған кеңес әскері не - міс - терге тұтқынға түсті. Олардың ара - сын - да өз - бек, қырғыз, тәжік сияқты Орта Азия ха - лықтары өкілдерімен қатар, қазақ - тар да аз бол - ған жоқ. III рейхтің окку - па - ция - лан - ған ай - мақ - - тар басқармасы бойынша министрі А.Розен - берг Түркістан мұсыл - ман - да - рын кеңес - тер билігінен құтқару жолын - дағы күрес деген сылтаумен сол тұт - қын - дардан әскери бөлім - ше - лер құруды ұсы - нады және бұл жоғары жақтан қолдау табады. Сөйтіп, 1941 жылдың күзінде Түр - кістан полкы құрылады.[1]
Міне, осы кезде тұтқындарды жаңа жасақтың құрамына көптеп тарту үшін күшті үгіт-насихат жүргізетін көрнекті қайраткерлер, көсемдер қажет болады.Түркістан халықтарының тәуелсіздігі жолындағы күресін Еуропада жалғас - тырып жүрген Мұстафа Шоқайдың бұл мақсат үшін таптырмас тұлға екендігін біл - ген фашистер дереу оны осы жұмысқа тартады. Көмекшілікке өзбек Уәли Каюм бекітіледі.[2]
Осылайша, олардың конц - лагерь - лерді аралап, тұтқындар алдында сөз сөйлеуі басталады. Алайда лагерь - лерден көрген жағдайлары Мұстафаны қатты түршіктірді. Өйткені тұтқындар қиын жағдайда, өлімші хал кешіп жүрген болатын. Азық-түлік, сусын және баспана тапшылығы ең жоғары деңгейде еді. Бұл аз болғандай, неміс әскерлерінің әсіре нәсілшілдіктен туындаған қан-құйлы зұлымдығы да бастан асатын. Шоқайтанушы ғалым Әбдіуақап Қараның сөзімен айтсақ, олар әсіресе татарлар мен түркістандық тұтқындарды қит етсе атып тастаудан тайынбайтын.Бұл жағдайларға куә болудың Мұстафаға ауыр тигені соншалық, ол мұны көргенше, өліп кеткенді артық санады. Осылайша, лагерьлердегі алғашқы күннен-ақ Мұс - тафа Шоқай ұлтшылдармен бірге кеңес - терге қарсы Түркістанның саяси құқық - тары үшін күресудің мағынасыз және тіпті зиянды екендігін аңғарды. Соған қа - рамастан, өзі де тұтқын сипатында бол - ғандықтан, тұтқын комиссиясындағы қызметін жалғастыруға мәжбүр болды. Бірақ өз қалауынан тыс атқарған бұл қызметіндегі басты мақсаты неміс әскерінің Кеңестер Одағына қарсы жүргізіп жатқан соғысында жеңіп шығуын қамтамасыз ету емес, тұтқындардың ауыр жағдайын біршама болса да жақсарту болды. Ол бүкіл жұмыс уақытын, тіпті өмірінің қалған бөлігін осы мақсатқа арнады.Тұтқындар лагерьлерінде болған кездерінде ол көптеген мұсылман тұт - қын - ның нақақтан-нақақ атылып тас - талуына кедергі болды. Алайда оның қолында тұтқындардың ауыр жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретіндей ешқандай билік болмады. Дегенмен де немістердің бас - шылық орындарына хат жіберіп, осын - дай адам төзгісіз жағдайдың жақсартылуын сұраудан танған жоқ. Тағы бір үлкен ұстанымы ол Түрікстан легионының соғысқа қатыстырылуына қарсы болды. Егер де жазықсыз күйе жағушылар айтқандай, Мұстафа Шоқай немістермен сөзі жарасқан адам болса, қазасының өзі соншалықты құпияға толы болмас еді.
1941 жылы 6 қазанда Вермахт Жоғарғы қолбасшылығы 18-армияның құрамында казак (Кубань, Терек, Дон казактары) жүздігін құру туралы бұйрық шығарды. Басқа легиондар туралы бұйрық кешірек шықты. Жалпы алғанда, Германиядағы кеңестік соғыс тұтқындарынан мынадай әскери бөлімдер құрылды: Орыс азаттық армиясы, Ерікті казак дивизиясы, Украин көтерілісшілерінің армиясы, Украин ұлттық армиясы, Белорус өлкелік қорғанысы, Кавказ батальоны, Грузин легионы, Армян легионы, Әзірбайжан легионы, Түркістан легионы, Еділ-татар легионы, Қалмақ атты әскер эскадроны. Батыс зерттеушілерінің мәліметтері бойынша, осы әскери бөлімдерге кірген тұтқындар саны 700 мыңнан 1 миллионға дейін жеткен.[3]
Сонымен қатар тұтқындардан құрылған бөлімдердің барлығы бірдей әскери бөлімдер емес, олардың ішінде жұмысшы бөлімдері де бар. Соғыс жылдарындағы құжаттарда әскери бөлімдерге кіргендерді шығыс еріктілері (Ostfreiwillige), ал жұмысшы бөлімдеріне кіргендерді ерікті көмекшілер (Hilfswillige) деп атаған.[4]
Құжаттарда соңғысы қысқаша хиви деген атауға ие болған, хивилерді майданға апармаған, оларды қосалқы жұмыстарға пайдаланған. Неміс зерттеушісі Г.Тессин 1943 жылы тікелей соғыс мақсатына пайдалану үшін құрылған шығыс легиондарының 60 бөлімі, 8 казак батальоны, 1 артиллерия бөлімі, 78 компания (топ), 5 батарея болған деген мәлімет береді. Кеңестік шығыс халықтарының өкілдерінен құрылған бөлімдер, жалпы алғанда, Шығыс легиондары деген атауға ие болды. Түркістан легионы да осы топқа енгізілді. 1941 жылы 15 қарашада 444-күзет дивизиясының қатарында Түркістан полкі құрылды. Төрт ротадан тұратын бұл полк 1942 жылдың қысында тек маңызды объектілерді күзету үшін пайдаланылды.
Түркістан легионы деген атаумен жеке бөлімдер құру 1942 жылдың ақпанында басталды. Польшада сол айда Түркістан легионының үйрету-жаттығу лагері құрылды да, түркістандық соғыс тұтқындарын легионға кіруге жаппай үгіттеу жұмысы жүргізілді.Жергілікті зерттеушілер Түркістан легионының құрамында 180 мыңнан 250 мыңға дейін адам болған деп жүр. Бұл неміс тарихшыларының еңбектерінен алынған. Менің тапқан құжаттарыма қарағанда, олардың бәрі бірдей түркістандықтар болмаған. Легиондағы жеке батальондардың ұлттық құрамын қарадым. Бұл батальондардың құрамында қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжіктен басқа грузин, орыс, украин, кавказдық т.б. халықтардың өкілдері де болған.[5]
Легиондарға кіруге тұтқындарды итермелеген негізгі себеп - олардың жағдайының аса ауыр болуы, аштық, жазалау, Кеңес өкіметінің оларды сатқын деген айып тағуы, тірі қалуға жанталасу, ата-бабаларының дінін, салт-дәстүрін сыйламаған большевиктерге деген реніш тағы сол сияқты түрлі-түрлі жағдайлар. Мысалы, Чештохау лагерінде 1941 жылдың күзінде 32 мың түркістандық тұтқын болған, аштықтан, азаптан, аурудан қырылуы нәтижесінде 1942 жылдың көктемінде олардың 262-сі ғана тірі қалған. Легионға кіретін еріктілердің тізімін жасауға келгендер лагерьден осы 262 адамды ғана тапқан, құр сүлдері қалған, аштық пен аурудан азап көрген осы 262 адам тірі қалу үшін түгелдей легионға жазылған.[6]
Сондықтан легионерлердің барлығын сатқын деу - тым қарабайыр түсінік. Түркістан легионы деген мәселе қазір бізде тым біржақты қаралып жүр. Біреулер оны міндетті түрде ақтайды, екіншілері жамандайды.
Кеңес одағына өз үстемдігін орнатып, бас салуға фашистік рейх мұхит дайындалды. Большевизмнен ұлтшыл социалистік Германияның ең басты дипломатиясы сонау отызыншы жылдардың аяқ шетінен бастап ақ болашақ қарсылаасы жөнінде деректер жинай бастады. Сол себепті пактуранизм мен пантюркизмге қызығушылық таныту кездейсоқтық еместін, өйткені рейх большевиктерге уқарсы күресте КСРО ға саны көп түрлі халықтар өкілдерін қатыстыруды көздеген болатын. Бұған қоса "Түркі картасын" жобалап, германия Туркияға қысым көрсетуді де ойластырған сыңайлы.
1941 жылы көктемде Германия сыртқы істер минстірлігі жанынан Ресей мәселесіне қатысты істер жөніндегі комитет құрылды. Ол совет Герман басшыларымен шығыс министр восына өзгертііледі. Оны Альферд Розенберг басқарады. Қызметкерлер арасында белгілі лингивист профессор, КСРО- ғы түркі халықтары жөніндегі маман Герхард фон Менде бар еді. Осылайшы, Совет -герман соғысы қарсаңында түркі халықтары мен пантюркизм жөніндегі ақпараттарды жинау дипломатиялық каналдар арқылы (баяндамалар мен Германияның Туркия мен КСРО- ғы елшілігінің хабарламалары) және Фон Менде тәрізді?ғалымдар мен түрік -татар эмигранттарының көсемдерін осы іске тарту арқылы екі бағытта жүргізілді.
Осы орайда Мұстафа Шоқайдың зайыбы Мария Горина Шоқайдың естеліктеріндегі Германияның совет одағына тұтқиылдан соғыс ашу күні яғни, 22 маусымда М.Шоқайдың тұтқындалып, басқа да "кепілдікке алған құрметті зиялылармен" компьень қорғанына қамалғандығы туралы жазбаларының астарында жатқан саяси іс -әрекеттің мәні түсінікті болатындай. Дегенмен неміс рейхіне қолдау көрсету мәселесі жөніндегі пікірлердің бір орынға тоғыспай, екі айрылғанын атап өткен жөн тәрізді.
М.Шоқай Мехмет Элин Ресульзаде, Гаяд Исаки, Ахмед - Зеки Велиди, Рашид Ризмати, Абдул -Гани Усман, Джафар Сейд Ахмед тәрізді "Прометей" лигасына біріккен басқа да, түркі халықтары ұлтының қозғалысының көрнекті қайраткерлерімен бірге Рейхтың сыртқы істер министрлігінің "қара тізіміне " енгізіледі. Бірақ большевиктік идиологияға қаншама қаны қарайған өшпенділігі болғанымен, бұлар Гитлердің диктаторлық тәртібін қолдауға мүлде құлықты еместін.[7]
Бұдан әрі қарай өткен оқиғалар ужелісі төмендегідей 1941 жылы 25 шілдеше Германияның түркиядағы елшісі Франц Фон Папен өз елінің сыртқы істер министірлігінің назарын немістердің КСРО -ға қарсы соғыстағы жетістіктері автоматты түрде Пантурандық қозғалыстың кең қанат жайып, қарқын алуына жағдай жасайтындығына аударады.
Осы жылдың бесінші наурызында ол алдыңғы материалдарға қосымша Туркиядан сыртқа істер министлігіне пантюркизм мен оның көсемдері туралы анықтама құжаттарын жібереді. Сана саналық көп адамадар тізімінің ішінде Нури патша есімі де аталады. Германия сыртқы істер министірлігіне Нури патша тұлғасы қызығушылық туғызып, қыркүйек айында, дәлірек айтсақ 11, 18, 25 күндері сыртқы істер министірлігінің мемлекеттік хатшысы эрнест Вермани онымен тиянақты түрде келіссөз жүргізеді. И. Гилязов атап өткендей, Герман дипломатиясының шылығының ең үлкен қателігі. Туркиядағы пактюрдық қозғалыстың күш қуаты жөніндегі бағалауда ол тек нури патша тәрізді жекеленген саясаткерлер пікірене ғана арқа сүйеген еді. Түрік тілді және ислам дініндегі әскери тұтқындарды бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бері өмір сүріп отырған Вюнсдорфтағы лагерь үлгісіндегі жеке лагерьлерге бөлек орналастыру керек, бұл орындалса пан турандық көрсетуші әскери құрылымдар ретінде пайдалану мүмкіндігін қарауға ұсынатын болады. Германия жаулап алған территорияларда түрік және мұсылман халықтарын басқару түріктердің өздерінің құзырына беріліп, сегіз парақтан тұратын сұхбатты толық жазбасында Нури патшалық паунтурандық идеялар мен пікірлердің маңызын жан жақты баяндап түрік үкіметінің КСРО мен Германияға қатысты ұстанып отырған сыртқы саяси бағыты туралы айтқан пайымдаулары да бар.
1941жылы қазан айында елші Фон Поленнің қолдау және дәнекерлік көрсетуімен екі түрін генералы қырым жарты аралы ауданындағы совет -герман майдан даласына баруға әрекет жасайды. Бұлар Туркия әскери академиясының бастығы Ал -фуад эрден мен бұл кезде зейнеткер Хосию Эмир Менде еді. Олардың осы сапары , Герхард Фон Менде пікірінше, легионды құруға итермелеген соңғы іс -әрекет болғандай. Ал, түрік зерттеушісі Зехра Ондер шығыс легионын құру идеясының авторы Нури - патша екендігін көрсетеді.[8]
1941 жылы желтоқсан айында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеясын қолдайтындығы туралы есептік -анықтамалық құжат жолдайды. Гитлер бұл идеяны толық қуаттайды.
1942 жылы қаңтарда сыртқы істер министірі Иоахим Фон Риббентрон пантурализмді белсенді түрде қолдау туралы нұсқау береді міне, сол кезден бастап қана вермахт легион құру туралы жоспарды тікелей іске асыру жоспарларына кірісе бастайды. Шығыс легиондарын әскери тұтқындардан ғана емес орыс, украин, кавказ және түрік татарлардан шыққан ұлт өкілдерінен де құрылды. Легионның алуғашқы құрылымдары жаулап алынған Польша территориясында құрылды әрі оың штаб пәтері де сонда орналасады. 1942 жылы наурызда бұл құрылым жаулап алынған КСРО -ның территориялық аймақтарында да пайда бола бастады.[9]
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер түрік тектес және басқа халықтар есебінен түрлі шығыс легиондарын құрды. Соның бірі - "Түркістан легионы". Легион қашан және қандай жағдайда деген сауалға жауап беруге ынта көрсеткен авторлардың ойы әр түрлі. Мысалы Ә. Байшуақұлы "1941 жылдың күзінде Гитлер Шығыс Пруссияға келген кезінде генерал Эркилеттің ұсынысын мақұлдап сол жылы 30 қарашады Түркістан легионын құруға шешім қабылдады Оны жалақтау 162- ші жаяу әскер дивизиясына тапсырылды".[10]
Ал тарихшы ғалым Белан мынадай деректер келтіреді. 1941 жылы 18 шілдеде түрік бас штабы академиясының бастығы А.Ф. Эрден неміс елшісі папенмен сөйлескенде кавказда "жергілікті халықтардың федерациясын", ал, каспийден шығысқа қарай "Тәуелсіз тұран" мемлекеттін құру туралы идеяны ұсынады. Берлиундегі түрік елшісі гереде осы пікірді сол қалпында сыртқы істер министірінің шенеунігі Вайцзеккерге жеткізген. 1941 жылдың қыркүйек айында пантүріктік бірден - бір идеолог нури -патша Папен арқылы рейх басшыларына ирандық Әзербайжан, Орта Азия, Қазақстан, Башқұртстан, Дағыстан, Қырым түбегін қамтитын советтік республикалар есебінен мұсылман пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың қажеттігін айтқан.[11]
Осы мәселені зерттеп жүрген ғалым Бақыт Садықовтың еңбегінде, 1941 жылдың желтоқсан айының басында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеясын қолдайтындығы туралы естелік анықтама құжат дайындайды (жолдайды) Фюрер идеяны толық қуаттайды. Осыған орай 1942 жылдың қаңтарында сыртқы істер министірі Иоахим фон Риббентроп пантуранизмді белсенді түрде қолдау жөнінде нұсқау береді. Міне, сол кезден бастап қана Бермахт легион құру туралы мәселені тікелей іске асыру жоспарын қолға алу керек.[12]
Бұл мәселе жөнінде орысша, немісше жарық көрген көптеген материалдарды сараптай келіп Искандер Гилязов 1941 жылдың күзінде Германияның әскери және саяси басшылығы КСРО ның шығыс халықтарымен жұмысты өз түсінігімен жүргізсе кейінрек, қарашаның орта кезінде бұл ұмтылыс ресми директиваға ұласты: Гитлер Түрік легионын құруды қолдайды. Бұл шешім негізінде кейін Польша жерінде Түркстан, армиян, грузин және кавказ мұсылман, (кейінрек Әзербайжан және солтүстік кавказ болып бөлінеді) төрт легионды құру туралы 1941 жылы 22 желтоқсанда ОКВ - ң бұйрығы шығады. Шығыс министрлігінің комиссиясы Еділ бойы және жайық жағалауының халықтарын басқа әскери тұтқындардан баста бөлсе де Еділ -татар легионын құру жөніндегі бұйрыққа 1942 жылы 15 тамызда ғана қол қояды.
Енді мемлекет қауіпсіздігі органдарындағы қылмыстық іске тағы да оралайық. Мұнда 1942 жылы эрнекке, кейін генерал -майор Хайгендорф басқарған "Түркістан легионы " құрылды делінген. Штаб бастығы болып неміс армиясының офицері Робель тағайындалады. Батальон командирлері қызметіне де тек неміс офицерлері бекітіледі. Орта және кіші командирлік қызметтерге өзге ұлт өкілдерін қоюға рұқсат етіледі. Аталған қызметке Қызыл Армиядағы атақ - дәрежесіне қарамай тек "лайықтыларды" ғана бекіту қатаң ескертілді.
"Түркістан ұлттық кеңесі " президенттің орынбасары Баймырза һайт былай дейді: "Тұтқындарды өз мемлекетіне қарсы қою халықаралық қағидаларға қайшы" болатын.[13] Сондықтан да бұл тұтқындардан бұл қадамға өз еркімен бағындыратын айғақтайтын қолы қойылған екі нұсқа қағаз алынатын. Осы құжаттың бір нұсқасы Женеваға жіберілетін. Екіншісін өз еркімен Түркістан құрамасында кеңестерге қарсы соғысуға дайынмын деп ант ішемін деп көрсетіледі және онда Түркітан легионы немістердің ұйғаруынша бұған қазақтар, өзбектер, түркмендер, тәжіктер, қырғыздар, ирандар, дүнгендер, қарақалпақтар және шығыс татарлары енді.
Түркістан легионын құру дәуірін 3 кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең - Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауына дейінгі Кеңес республикалары халықтарының идеялық-әлеуметтік татулығының дәрежесі, соның ішінде РСФСР-ға тең келетін алғашқы ұлттық республикалардың арасындағы қатынас айқындалған уақытта аяқталды. Осы мақсатта неміс басшылығының назары кеңестік түріктерге қатысты үш мәселеге ауды:
- жалпы түріктік идея қаншалықты күшінде;
- нантуранизмдік идеяның таралу дәрежесі;
- исламның әсер ету ауқымы.
Екінші кезең КСРО-ның бөлшектену жағдайының жеңілісіне қатысты, онда КСРО-дан Түркіменияның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстан мен Қазақстанның бөлініп шығуын қарастыру қажет болды. Бұл жағдайда аталған республикалар өздеріне ұсынылған ұсыныстардан бас тартар еді. Сондай-ақ, осы республикалардың әрқайсысы өзін-өзі басқарудың жеке құрылымына ұмтылады. Дамудың мұндай жағдайында Үндістан, Ауғанстан, Иран мемлекеттері тарапындағы ағылшындардың КСРО-ға көмек көрсетеміз деген сылтаумен келіп, қауіп төндіруі мүмкін еді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін Вели Каюм аталған республикаларды Германияның өз қамқорлығына алуын және олардың саяси құрылуын, атап айтқанда Түркістан Кеңесінің (гремиумының) тезірек құрылуын қарастыруды ұсынды, ол қажет болған жағдайда Түркістанға шұғыл аударылуы мүмкін болар еді. Бұл Кеңес әскери тұтқындар мен эмигранттардың қатысуымен КСРО-ның берілген нүктесіне өз іс-шараларын алдын-ала жоспарлауы тиіс болды.
Үшінші кезең - жасалған ғылыми-практикалық талдауға сүйене отырып шешім қабылдауға қатысты болды.
1941 жылғы тамыздың аяғында Шығыс министрлігінің арнайы комиссиясы өз жұмысын бастады, ол түрік әскери тұтқындарын (Поволжье, Орта Азия, Кавказ халықтарының өкілдерін) басқалардан бөлді. Іріктелген әскери тұтқындар Польшаның, Прибалтиканың, Белоруссия мен Украинаның оккупацияланған жерлеріндегі арнайы лагерлерге орналастырылды. Әскери қалыптастыру бойынша алғашқы эксперименттердің бірі түрік мұсылман халықтарына жасалды, олар немістердің пікірі бойынша кеңестік билікке қарсы еді. ОКН (Oberkommando des Heeres -құрлықтағы әскерлердің Жоғарғы командованиесі) 1941 жылы 15 қарашада Оңтүстік армияның әрбір дивизия тобын түркістандық және кавказдық әскери тұтқындардан құруға бұйрық береді, олар кейінірек Запорожье түбіндегі 444-ші дивизияға, Түркістан полкіне біріктірілді. Полктың базасында 444-ші түрік батальоны құрылды. Полк қорғаушы қызметте пайдаланылды. Алайда, бұл полк та, сол кезеңде майор Андрас Майер-Мадердің қол астындағы 450-ші түркістан жаяу әскер батальоны мен Теодор Оберлендердің қол астындағы Бергман (Горец) батальоны да 1942 жылдың басында құрылған Шығыс легионы құрамына енген жоқ және олар жеке-жеке әрекет етті.[14]
Польша территориясында Легиондарды құру 1942 жылғы жаз-күз айларында аяқталды.Осы кезеңде, дәлірек айтқанда 1942 жылдың қаңтар айында өзбек эмигранты Вели Каюмды Шығыс министрлігі Түркістан Ұлттық Комитетінің президенті етіп тағайындайды, және оны қалыптастыруға белсене кіріседі. Неміс зерттеушісі Патрик фон цур Мюленнің мәліметтері бойынша, Түркістан легионының қатарында 110-нан 180 мыңға дейін түркістандықтар болды. Бұл сан Түркістан Ұлттық Комитетінің құрамында әскери министр болған Баймырза Хаит көрсеткен 181 402 түркістандыққа жуықтайды.[15]
1944 жылғы 1 қаңтарда легионға жаңа қызметтер енгізумен және кейбір бұрынғы қызметтерді жоюмен байланысты құрылымдық өзгерістер жасалды (170). Арбайтсгемайншафт Түркістан Интитуты (Arbeitsgemeinschaft Turkestan) құрылды, ол Түркістан Ұлттық Комитеті мен Түркістан легионын бақылаушы орган болды. Аталған институтты құрғанға дейін оның қызметін РСХА-дағы Ваннзеес институты мен рейхтің басқа ведомствалары атқарды. Осылайша, құрылымдық кешен қалыптасты, оған төмендегілер енгізілді:
Арбайтсгемайншафт Түркістан - Түркістан Ұлттық Комитеті - Түркістан легионы құрылымдық кешені барлық түркістан легионерлерінің қызметін тотальдық бақылаумен қамтамасыз ету үшін ойластырылды. Арбайтсгемайншафт Түркістан бақылаушы орган ретінде Түркістан Ұлттық Комитеті арқылы әрекет етті. Түркістан Ұлттық Комитетіне уақытша түркістан үкіметінің рөлі тапсырылды, ал Түркістан легионына - Түркістанның болашақ армиясының рөлі тапсырылды.
Түркістан легионын құрылу жөнінде Мәскеудегі бұрынғы одақтық қорғаныс министірлігінің және бас штабының архивтерінде де ешқандай мағлұматтар кезікпеді. Мұстафа Шоқайдың түркістан легионын өз белсендігімен "ұйымдастырғаны" жөнінде неміс, ағылшын, американ құжаттары да табылған жоқ. Олай болса, М. Шоқай осы уақытқа дейін Түркістан легионының белсенді ретінде айтылған пікірі негізсіз, дәлелсіз. Ол туралы Әбдуақап қара, Стамбулдағы Милар Сенан университеттің докторы шоқайтанушы былай дейді. "Шоқайдың түркістан легионына қатысы жоқ, ол тіпті оған қарсы болған адам түркістан легионы 1942 ж наурызда құрылған болатын. Мұстафа болса 1941 жылы 27 желтоқсанда дүние салған болатын. Тек оны легион жұмысына тартқысы келгендер болды. Оның дәлелі мынау. М. Шоқай қайтыс болар алдында тұтқын лагерін аралаған кезде, нацистік Алмания басшылығына түркістандық жастарды соғыс шептеріне жіберудің орнына, оқуға жіберілуі көбірек тиімді болатын. Мұстафа өзі соғысқа қарсы жан еді. Ол сонымен қатар Гитлерге де оның наистік партиясымен фашистік идиологияға да қарсы болған адам. Оны Мұстафаның соғыс қарсаңында "Прометей" журналында жарық көрген мақалаларынан оны байқауға болады. Ол тұтқын лагерлерін аралап жүрген кездің өзінде, егер нацистер кеңес одағын жеңіп, Орталық Азияны қолға түсіретін болса, он большевиктерден де әрмен талан - таражға салатынын біліп жүргені байқалады ".[16]
Ол түркістан легионы жобасынан бас тартып Парижге қайтар алдында, Берлинде дүние салды. Қорыта айтқанда, М. Шоқай түркістан легионы жобамен келіспей, нацистерге көмек беруден бас тартқаны үшін құрбан болды. Алайда ең өкініштісі осының бәріне қарамастан, кеңестік үгіт - насихат құралдары, оның фашистермен істскен сатқын ретінде көрсетуге тырысып жала жабумен болды емес пе?
Ұлы түрік ғалымы Абдуақап Қараның мұндай қорытындыға неге келгенін сөз етсек, бұған негізгі арқау болған түркістан легионында қызмет атқарып, артынан толық ақталған белгілі ақын Хамза Абдуллиннің "Мұстафамен Мағжан -тұран елінің дарындылары " еңбегінде Мұстафа Шоқайды Шығыс министірі Розенбергтің бұйрығымен Уәли Қаған у беріп өлтірді деген құпия тарады.
Легион байрағының үстіңгі жағы қызыл, асты жасыл түсті матадан жасалды, онда ақ түсті садақ пен оның жебесі, ал ту сабының төменгі жерінде жарты ай мен жұлдыз бейнеленді.
Ерікті құраманы азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз ету неміс әскерінің нормасына сай белгіленді. Мысалы, Польшада (легионның құрылған жері) әрбір он күнде ақшалай үлес рота командиріне - 72, взвод командирі мен оның көмекшісіне - 45, бөлімше командиріне - 42, оның көмекшісіне - 36, легионерге - 15 бзлотых еріліп тұрды.
Күнделікті алатын азық-түлік мөлшері мынандай: 400 гр. нан (соғыс жағдайында 600 гр), бір литр тары немесе ет (өте сирек) сорпасы, 20-35 гр. шұжық, 20-25 гр. сары май, 3 сигарет. Кейде 50-100 гр. коньяк, әрбір үш күн сайын 5 конфегг берілетін.[17]
Легионерлер бір-бірімен өзара тек ана тілінде түсінісетін, ал орысша сөйлесуге тиым салынды. Бұйрық тек немісше айтылады.
Легион командирлерінің, "ТҰК" басшылығының және діни қызметкерлердің қатысуымен өткізілетін салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі "Құран Кәрім" алдындағы екі қылыш айқастырылған күйдегі Түркістан байрағы астында берілетін. Оның мазмұны мынандай: "Герман әскеріне қызметке кірген мен қолымдағы қаруыммен қасық қаным қалғанша большевиктермен және Қызыл Армиямен күресемін. Егер бұл антты бұзсам, мен Алла және герман командоваииесі алдында жауап беремін". Бұдан соң ол қолын кеудесіне ұстап, даусын қаттырақ шығарып, үш рет "олла-білля" ("Алланың атымен ант етемін") деп қайталайтын. Міне, осыдан кейін легионерге тиісті киім-кешегі берілетін.
Әскери бөлімшелер қалай жарақтанды десек, батальондардың бір-бірінен айырмашылығы болмаған. Олардың әрқайсысы 3 атқыш, 1 қару-жарақ ротасы және штаб ротасы бар яғни әрқайсысы шамамен 170-190 адамнан тұратын 5 ротадан тұрды. Әрбір атқыш ротасында 4 атқыштар зводы, танкігс қарсы қарулы топ, сонымен бірге 3 елу метрлік миномет бол-ды. Ауыр кару-жарақ (пулемет-миномет), штаб роталарын сөз етсек, олар тиісінше былай жарақтанды: "Максим" жүйесіндегі 10-12 станкілік пулемет пен 4-82 миллиметрлік миномет; 45 миллиметрлік 3-4 зеңбірек, 50 миллиметрлік миномет, байланыс взводы және сапер взводы. Мұнымен қатар әрбір батальонға радиостанция, 2-3 жүк машинасы, ал кейбіреулеріне бронемашина берілді.[18]
Міне, осылай жарақтанған еріктілер әскери қимыл-әрекетке қатыспады десек, шындықтан алшақтап кеткен болар едік. Бірақ совет әскерлерімен болған қиян-кескі күрестс "Түркістан легионы" керемет бір шешуші күш бола қойған жоқ, әрине. Қайта, керісінше, олардың пайдасынан зияны көп болғандай. Мысалы, NN1, 3, 4, 6, 8 батальондар ретін тауып, Қызыл Армия жағына шықты, кейбіреулері қару-жарағын тастап, соғыс алаңынан қашып кеткен. Донбасс аймағында болған N5 батальон қорғаныстың екінші шебін салуға пайдаланылды; траншея қазып, сым қоршаулар жасады, екі арадағы соғыста түгелдей қырылды. Ал Варшава түбіндегі N 9 батальон темір жол торабын күзетті, тікелей әскери операцияларға қатысқан жоқ.
Фактілер көрсетіп отырғанындай, легионерлердің көпшілігі жат жұртқа қызмет көрсетуге онша ынта-ықыласы бола қойған жоқ. Шамалы мүмкіндік болса Қызыл Армия жағына өтіп, елге қалай да қайтуды қарастырғандар аз емес.1944 жылдың тамыз айында Батыс Украинада Түркістан легионының" қолында қару-жарағы бар 100-ден астам әскери қызметші бөлімшені тастайды да өздерін партизанбыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты
Екінші дүниежүзілік соғыс
Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер
Гитлердің ұстанған сыртқы саясаты
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Германиядағы мен Италиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы
Фашизмнің саяси тәжірибесі және оны бағалау
ИТАЛИЯ 1918-1945 жылдары
Франция ХХ ғасыр табалдырығында
Пәндер