Аутэкология


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекеленген тірі ағзаны - жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді.

Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз жерде пайда болған, яғни оған мұраға өткен табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді.

Қоршаған ортаға бұл ағзаны қоршап жатқан оның күйі мен тіршілік тікелей не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады.

Экологиялық фактор дегеніміз - ағза бейімделушілік рекциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы.

Экологиялық факторлардың жіктелуі

Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Экологиялық факторлар жеке дара ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінеді. Олар: абиотикалық, биотикалық жйне антропогендік факторлар.

Абиотикалық немесе бейбиотикалық факторларға айналадағы ортаның, яғни өлі табиғаттың жеке құрамды бөліктері жатады. Оған белгілі бір аймақта тіршілік ететін барлық ағзалар тобына әсер ететін климаттық факторлар: ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысым, ауаның құрамы мен эдафикалық факторлар немес топырақ әсерлері жатады.

Эдафикалық факторларға топырақтың химиялық құрамы, физикалық және механикалық ерекшеліктері, жер бедерінің әсері, оның кеңдігі, тарлығы т. б. жатады.

Гидрологиялық факторларға судың әсерлері, оның құрамы, тұнықтығы, оған күн сәулесінің түсуі, түсінің өзгеруі, ластануы т. б. жатады.

Абиотикалық факторлардың әсері белгілі бір аймақта тірі ағзалар түрлері мен популяцияларының өсіп-өнуіне немесе азайып, тіпті жоғалып кетуіне себеп болады.

Биотикалық факторларға ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Оған ағзалардың өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық және тоғышарлық тіршілікке байланысты, жыртқышпен жемтігі т. б. байланыстар жағдайлары жатады.

Антропогендік факторларға адамның іс-әрекетінің тікелей ағзаларға және айналадағы жағдайларға әсері жатады. Антропогендік факторларды биотикалық факторлар қатарынан оқшаулап алып қаралуы, адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға әсер етуіне байланысты. В. И. Вернадский антропогендік фактор әсері ірі геологиялық өзгерістермен тең, тіпті онан да күштілігін атап көрсеткен. Әрбір ағзаға бір мезгілде осы факторлар жиынтығы ықпалын тигізеді. Сондықтан бұл жағдайлардың ерекше ауытқуы сол ағзаның тарихи дәуірлерде қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізді. Соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылып экологиялық зардапқа ұшырайды. Экологиялық факторлар ағзалар үшін белгілі бір мөлшерде ғана қолайлы болып келеді. Ағзалардың тіршілік жағдайына қолайлы әсерлдер жиынтығын оптимум факторлар деп атайды. Әр түр үшін белгілі бір факторлардың қолайлы мәні түрліше болады. Бір түрге қолайлы әсер, екінші түрге керісінше зиянды болуы мүмкін. Сондықтан да қазіргі кездегі жер бітіндегі барлық ағзалар бөлігі бір заңдылықтар бойынша, яғни экологиялық факторларға байланысты таралған. Экологиялық факторлардың әсері күшейіп немесе кеміп ктеуі, ағзалар тіршілігінің белсенділігін төмендетеді. Сондықтан экологиялық факторларға өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Экологиялық факторларға тірі ағзалардың қайтарған жауап реакциясы «оптимуму ережесі» деп аталады. Тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен олрадың төзімділігі, экологиялық сатының ең төменгі бөлігіне байланысты екенін 1840 жылы неміс химигі Ю. Либих көрсетіп ол «минимум» заңдылығын тұжырымдады.

Минимум заңдылығы бойынша өсімдіктердің өнімділігі, топырақ құрамындағы ең аз мөлшердегі химиялық элементке байланысты болады. Химиялық элементтің мөлшерін көбейту арқылы, өсімдік өнімділігін жоғарылатуға болады. Бұл өнімділікті көбейту белгілі бір мөлшерге жеткенше тоқтайды. Себеб, енді басқа химиялық элемент ең аз мөлшерде болады.

Қазіргі кезде «минимум заңдылығы» басқаша «шектеуші факторлар заңдылығы»деп айтылып жүр. Бұл заңдылықты 1905 жылы Ф. Блегман тұжырымдап, шектеуші фактор әсері қолйлы факторлар жиынтығынан асып кететіндігін көрсетеді. Экологиялық факторлардың ең жоғарғы мөлшерін максимум шегі деп атайды. Ал максимум және минимум шектерінен шығып кеткен факторлар, ағзалар үшін шектеуші фактор болып саналады. Орта жағдайының шектеуші факторлары кез келген түрдің географиялық таралу аймағына тікелей әсер теді. Мысалы, көптеген өсімдіктер мен жануарлардың таралуына ылғал жетіспеуі шектеуші фактор болса, керісінше сол түрлердің солтүстікке таралуына жылу жетіспеуі шектеуші фактор болып саналады.

Өсімдіктер мен жануарларға әсер ететін экологиялық факторлардың максимум және минимум мөлшері арасы төзімділік немесе толерантты аймағы дап аталады. Бұл аймақтың ортаңғы бөлігі оптимум немесе қолайлы аймақ, ол екі шеті пессимум немесе қолайсыз аймақ болып саналады. Пессимум аймақтары ағзалар үшін қолайсыз, барынша қиыншылқты болғанмен олар онда өмір сүре алады. Ал ағзалардың өмір сүре алмайтын, төзе алмайтын экологиялық факторларды летальды немесе өлтіргіш факторлар деп атайды. Көптеген ағзалар +80 0 С және -80 0 С төмен температурралар өлтіргіш факторға жатады. Дегенмен кейбір миуроорганизмдер +100 0 С температурада өмір сүре алады.

Оптимум аймақтарында өсімдік, жануар түрлері көптеп кездеседі. Бұл аймақтарға Батыс Еуропа, Американың көптеген жерлері, Кавказ, Тьнь-Шань тауларының бөктері т. б. жерлер жатады. Пессимум аймақтарында Арктика, Антрактида, Тундра, тау шыңдары және шөлейт жерлер жатады. Бұл аймақтарда өсімдік түрлері өз өсуіне байланысты жануарларда сирек кездеседі. Дегенмен көптеген ағзаларға пессимум аймақ болатын жерлер кейбір түрлерге оптимум шыңдары, жартастар, оптимум аймақ болса бауырымен жорғалаушылар үшін құрғақшылық, ыстық, шөл оптимум аймақ болып саналады.

Американ экологы Ю. Одум толерант заңдылығын толықтырды:

1. Әрбір ағза белгілі бір экологиялық факторларға жоғарғы толерантты, ал екінші бір экологиялық факторларға төменгі толерантты болады.

2. Барлық экологиялық факторларға толерантты ағзалардың географиялық таралу шектігі кең болады.

3. Белгілі бір экологиялық факторға толеранттығы төмендеуі ағзаның басқа факторларға да төзімділігін бәсеңдетеді.

4. Көптеген экологиялық факторлар ағзалардың көбею т. б. тіршілгінің маңызды кезеңдерінде шектеуші фактор болып саналады. Сондықтан өсімдік тұқымына, жануарлар ұрығы мен жұмыртқасына, жәндіктер дернәсіліне және жас ағзаға төзімділік аймағы еректеріне қарағанда тар болып келеді.

Экологияда химиядағы сияқты ағзалардың экологиялық валенттілігі деген ұғым кездеседі. Бұл ұғым ағзалардың экологиялық факторлардың өзгерісіне төзе алатын икемділік қасиетін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Дара организмдер экологиясы - аутэкология
Аутэкология. Организм және қоршаған орта
Дара организмдер экологиясы
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология пәнінен кейс
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz