Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру – ұстаздық шеберлікті арттырудың алғышарты


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның

күрделі және қызықты, шымшытырығы мол

руханижан дүниесіне үңіле білу. Ал,

педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер

- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.

В. А. Сухамлинский

XXІ ғасырда Қазақстанда білім беру жүйесіне үлкен серпіліс жасалынды. Жаңа мыңжылдық білім беру үдерісін мүмкіндігінше кеңірек қарауды талап етеді. Әр адамды жаңа әлемде іс-істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған «білім берудің төрт тағаны».

Жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті әлемдік білім кеңістігінде білім беруді жүзеге асыру үшін қоғамға білімді, іскер, жаңашыл ұстаз қажет.

Бұл жөнінде 2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы Н. Назарбаев «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөніннен әрдайым саналыа келетін біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс - бұл уақыт талабы» деп атап көрсеткендей, әрбір оқушының жеке, дербес қабілеттерін ашуға, шыңдауға толықтай жағдай жасап, оларды білімді өз бетінше іздеп табуға, шығармашылыққа үйрететін ізденімпаз, шебер мұғалім даярлау қоғамлау қоғамның қазіргі сұранысынан туындап отыр.

Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жататыны белгілі жайт. Олай болатыны - қоғамның әлеуметтік-экономикалық сұранысына сай өскелең ұрпақты өмірге бейімделудің жаңа талаптары туындап отырады.

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - тез өзгермелі жаңа әлемде бәсекеге төтеп бере алатындай білім беруді мақсат тұтатын жаңа білім мазмұнына сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны меңгерген жаңашыл ұстаздарды даярлау .

Жаңа ғасырда жаңашыл ұстазға қойылатын талап та жоғары болары даусыз. Сондықтан «Жаңа тұрпатты мұғалім кім?», «Жаңа тұрпатты мұғалімге қойылатын педагогикалық талаптар қандай болмақшы?» деген сұрақтарға толықтай жауап беру үшін «ұстаздық шеберлік» ұғымын кең мағынада ашуға тура келеді.

Осындай үлкен мақсатты жүзеге асыру үшін « Ұстаздық шеберлік» оқу-әдістемелік құралын көпшілік назарына ұсынып отырмыз.

Оқу құралында «ұстаздық шеберлік», «педагогикалық этика» сияқты мұғалімнің педагогикалық сапаларының мәні ашылып, оларға жаңа сипат берілді.

Оқу құралында педагогтың кәсіби өсу жолдары сараланып, инновациялық «с-шаралардың үлгі-жоспарлары берілді.

Оқу құралы педагогикалық жоғары орны білімгерлеріне, магистранттарына, оқытушыларына, жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне, мектеп басшыларына арналады.

І ТАРАУ. ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. 1 Педагогтың жеке тұлғасы

А. Байтұрсынов 1914 жылы «Қазақ» газетінде «Мектеп керегі» мақаласында: « . . . ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім.

Екінші-оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс етілмейді, һәм құралдар қандай болса, істелген іс те сондай болмақшы.

Үшінші - мектепке керекгі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі балаларға керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы» деп мектепке қажетті құралдарды атап өтті.

Ұстаз қандай болуы керек? Деген сұраққа Спандияр Көбеев төмендегідей пікір білдірген.

Біріншіден, мұғалім теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы керек.

Екіншіден, өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы мамандықтың жетіле беру жолында арымай-талмай еңбек етіп, талмай ізденіп, педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет.

Үшіншіден, өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сонымен бірге ғылымның әр саласынан көп хабары бар, жан-жақты біліммен қаруланған, іскер болуы қажет.

Төртіншіден, мұғалім өзінің әрбір оқушының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, балаларды, өз оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін шебер болуы қажет.

Бесіншіден, өз оқушыларымен тығыз байланыста, олармен дос, олардың қойған тілектеріне көңіл қойғыш, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-мұқтажына ұдайы көңіл бөліп отыратын қамқор болуға тиіс.

Алтыншыдан, өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын орындатқанда, оны жақсылап ұғындыру арқылы, барлық істегі саналылығы мен ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілігі арқылы орындалып отыратын болуы қажет.

Жетіншіден, оқытушы керек болған жағдайда, жаза тарттыра отырып, бұл шараны балалардың, оқушының тәртіпті болуын, жақсы тәлім-тәрбиелі және саналы болуын көздеп жүргізілетін адам болуы қажет.

Ұлы шығыс философы Әл-Фараби «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділеттерді сүйіп, жақындарына да жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». (Көбесов А. Әл-Фарабидің педагогикалық мұралары. Алматы: Мектеп, 1989, 49-бет)

Ұстаздық шеберлік:

  • Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
  • Мұғалімнің өз пәнін жетік білуі, ойын оқушыларға жете түсіндіре алуы, оқушылардың алдына үнемі жан-жақты дайындықпен келуі.
  • Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгеру.
  • Әр сабақты түсінікті де қызықты етіп өткізуі.

Педагогика теориясын қаншама жетік білгенімен, педагогтың әдептің қыр-сырын меңгермейінше ұстаздық шеберлікке қол жету мүмкін емес.

Көрнекі ғалым К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтсақ, ұстаздық шеберлік:

-тек қана мұғалімнің жан-жақты және әдістемелік салауаттылығын ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға сіңіруі;

- балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуында тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.

Мұғалімге қойылатын талаптар

С. Б. Елканов мұғалімге қойылатын талаптардың 3 тобын бөліп көрсетеді:

-Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілікті сезімі.

- Кәсіптік мамандыққа даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылыми игеруі, пәнді оқыту әдістемесін, психологияны, педагогиканы меңгеруі.

-Педагогикалық технологияны игеруі.

Ұстаздық шеберлік компоненттері:

-Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі.

-Мұғалімнің мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі.

-Кәсіптік көрегендігі.

-Педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі.

- Ұйымдастырушылық шеберлігі.

- Оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс әрі уақыттылы қабылдай алуы.

-Ұстаздық сенімталдылығы, үлкен жүректілігі.

-Педагогикалық техника.

В. А. Сухомлинский бойынша, мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Ал педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.

Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, балаларға шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді. Әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана оларды ғылымға ынталандыруға, еңбекке баулуға, адамгершілік негіздерін сіңіруге, иландыруға болады. Сонымен қатар мұғалімді адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның алғашқы әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбан деп айтады.

Кәсіби іс-әрекеттің кез-келген саласы сияқты педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі - мұғалім. Мұғалімнің құралдары («еңбек құралдары») - оның білімі, іскерлігі, тұлғалық сапасы, Н. Д. Хмель «Жалпы орта білім беретін мектептердегі педагогикалық үдеріс» еңбегінде былай деп жазды:» . . . мектептің педагогикалық оқу-тәрбие үрдісінде іс-әрекет субъектісі мұғалым мен оқушылар; мұғалім іс-әрекетінің нысаны - оқушы емес, педагогикалық үдеріс (Хмель Н. Д Педагогический процесс в общеобразовательной школе, - Алма-Ата: Мектеп, 1984. - 134с. )

А. И. Щербаков пен А. В. Мудрик «педагогикалық іс-әрекет» ұғымына төмендегіше анықтама береді: «Педагогикалық іс-әрекет - бұл кәсіби мақсаты өскелең ұрапқты тәрбиелеу болып табылатын қоғамның ересек мүшелерінің іс-әрекеті» (Щербаков А. И., Мудрик А. В. Психология учителя// Возрастная и педагогическая психология: Учебник для студенов пед. инс-тов / Под ред. А. В. Петровского. - М. : Просвещение, 1979. - 288 с. ) .

Педагогикалық іс-әрекет кәсіби-педагогикалық іс-әрекет болуы үшін қажетті белгіні Н. В. Кузьмина төмендегіше сипаттайды.

«Педагогтың кәсібилігі негізінен мынадан байқалады: ол қалай оқыту және қалай тәрбиелеу, оқушы бір күйден екінші күйге қалай шешуге және мейлінше тез, үнемді жолдармен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға болатындығын біледі . . . педагог білімдерінің жүйесі оқушылар білімдерінің жүйесін анықтайды» (Кузьмина Н. ВСпособность, одаренность, талант учителя. - Л. :ЛГУ, 1985. - 32 с. ) .

Н. В. Кузьмина мұғалім білімдерінің педагогикалық құрылымынан үш компонентті ажыратады:

-Ғылыми және кәсіби білімнің жүйесі. Бұл жүйенің маңызды компоненттерінің бірі - мұғалім оқытатын пәнін терең білуі;

-Оқушылардың психикалық үдерістерін және олардың білімін қабылдау, игеру ерекшеліктерін қамтитын психологиялық білімдері;

-Оқушылардың білімдерінің сапасын анықтау, білімдердегі кемшіліктерді байқау іскерліктерін қамтитын педагогикалық білімдер мен іскерліктер, сондай-ақ, оқушы оқу жұмысында игеруі тиіс оның білімдері мен іскерліктерінің жүйесін алдын-ала жобалауды, ертерек қарастыру іскерліктерін және бұл білімдер мен іскерліктердің іс-әрекеттің қандай түрлерінде қалыптасуы мүмкін екендігін анықтауды қамтитын педагогикалық білімдер мен іскерліктер.

Білім - субъектіге белгілі бір дәрежеде болашақты көре білуге мүмкіндік беретін объективтік дүниенің ойдағы бейнесі.

Іскерлік - субъектінің білімдері мен дағдылары арқылы іс-әрекетті мақсатқа сай реттеу үшін қажетті психологиялық және практикалық әрекеттердің күрделі жүйесін игеруі.

Жалпы педагогикалық іскерліктерге төмендегілер тән: ұдай өзгеріп тұратын жағдайларда мақсаққа бағыттаушылық, жылжымалық, икемділік, жоғары дәрежедегі дербестік, шығармашылық сипат. Мұғалім іс-әрекетіндегі іскерліктердің шығармашылық сипаты педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа, ұжымды жолдарын іздестіруде байқалады.

Н. В. Кузьмина педагогикалық іс-әрекетті басқа адамның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған мәселелердің сансыз қатарын шешуді: мұғалім шеберлігімен, шығармашылығының мәні педагогикалық мәселелердің жаңа шешімін іздеуде және ол педагогикалық іс-әрекеттің мына салаларымен байланысты: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық және коммуникативтік.

Мұғалімнің конструктивтік іс-әрекеті - оқу-тәрбие материалын іріктеп алумен, композициялаумен, жобалаумен байланысты іс-әрекет. Мұғалімнің бұл іс-әрекеті төмендегілерді жобалауды қамтиды: болашақ іс-әрекетінің (сабақтардың, сыныптан тыс шаралардың) мазмұны; өз әрекеттерінің жүйесі мен тізбегі; оқушылар әрекеттерінің жүйесі мен тізбегі.

Ұйымдастырушылық іс -әрекеті бір мезгілде мұғалім жобаларын практикада жүзеге асыру және әлдеқайда нақты жобалудың шарты болып табылады. Мұғалімнің бұл іс-әрекетін ұйымдастыру (баяндау, тапсырмалар жүйесі) ; өз мінез-құлқын ұйымдастыру (іс-әрекеттің нақты жағдайларындағы педагогикалық әрекеттер) ; балалар іс-әрекетін ұйымдастыру (ұжымдық, топтық және жекеше) .

Коммуникативтік іс -әрекет мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының саласын қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет өзінің табиғаты бойынша оқушылар мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті. Оның табыстылығы олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың қалай қалыптасқандығына байланысты.

Гностикалық іс-әрекет мұғалімнің төмендегілерді зерделеуін қамтиды: өз іс-әрекетінің объектісі; яғни оқушылар көмегімен бұл іс-әрекет жүзеге асатын мазмұн, құралдар, нысандар мен әдістер; өз тұлғасын саналы жетілдіру мақсатында өз іс-әрекетінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

М. Левитан бойынша мұғалімнің тұлғалық сапалары:

-өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білім;

-өз білімін оқушыларға жете жеткізе білу;

-талап қойғыштық;

-оқушыны өз пәніне қызықтыра білу;

-педагогикалық әдеп;

-қызықты сабақ ұйымдастыра білу;

-мамандығына деген сүйіспеншілік;

-балаларды түсіне білу;

-әдептілік;

-өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс;

-ұстамдылық;

-еңбексүйгіштік;

-жұғыстылық;

-сабырлылық;

-артистік қабілеттілік;

-адал ниеттілік;

-сезімталдылық;

-заманауи техникалық оқу құралдарын пайдалана білуі;

-әзіл-оспақты түсіне және қолдана білуі;

-жалпы эрудициялық;

-сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білу;

-оқушылардың болашағына сенуі.

Педагогикалық әдебиеттерге жүргізген талдауымыз көрсеткендей, мұғалімге қажетті қабілеттер:

Дидактикалық қабілет. Оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу, олардың білім дәрежесін, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамыту.

Академиялық қабілет. Мұғалім қабілетінің пән саласына ( математика, физика, биологния, әдебиет және т. б. ) сәйкестігі. Мұндай мұғалім өз пәнін өскелең өмір талабына сай біледі, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Перцептивті қабілет. Оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушыларда ауық-ауық болатын психологиялық жағдайды ( ренжу, қобалжу, және т. б. ) бірден байқайды.

Экспрессивті (сөйлеу) қабілеті. Тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу.

Ұйымдастырушылық қабілет. Оқушылар ұжымында дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білу: белсенділермен, ата-анамен жұмыс жасай білуі.

Коммуникативті қабілет. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогтың әдептілікті дамыту.

Конструктивті қабілет. Оқу және тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының формалары мен әдістерінің мазмұнын анықтау, терең ойлап, педагогтық тапқырлықты дамыту.

Қолданбалы қабілет. Мұғалім өз мамандығына тікелей қатысы жоқ іс-әрекет түрі - спорт, шахмат ойындарымен, көркемөнер, бейнелеу өнері туындыларымен айналысып, оқушыларды қызықтыра білуі.

Ғалым Э. А. Урунбасарованың зерттеуіне сүйене отырып, 1, 2, 3-суреттерде мұғалімнің тұлғалық сапалары ашылды.

1. 2 Педагогтың кәсіби құзыреттілігі

Егер бәрі ойласа, онда ешкім де ешнәрсе ойламайды.

У. Липпман.

Білім берудің басты құндылығы - білім емес, іс-әрекет.

Г. Спенсер .

Құзыреттілік - субъектінің қойылған мақсатқа жету үшін оның ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдаланатын білім берудің нәтижесі.

Білім - адамның меңгерген ақпараты.

Біліктілік - адамның алған білімі мен өмірлік тәжірибесіне сәйкес теориялық және практикалық іс-әрекетке даярлығы.

Дағды - жетілген біліктілік, адамның іс-әрекетті жылдам жасауы.

А. В. Хуторский жалпы білім берудегі 6 құзыреттілікті атайды:

-жалпы мәдениет;

-оқу-танымдық;

-ақпараттық;

-коммуникативтік;

-әлеуметтік-еңбектік;

-тұлғалық өзін-өзі жетілдіру (Хуторский А. В. Общепредметные содержания образовательных стандартов. - М., 2002) .

Коммуникативтік құзыреттілік:

-коммуникативті аймақтағы (қажетті тілдерді игеру, педагогика және психология, мәдениеттану, логика, риторика, тіл мәдениеті аймағында білім және т. б. ) білім;

-коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттілік: іскерлік байланысы анық және тез орнату, инициатива білдіру, тұлғаның ерекшелігіне байланысты психологиялық әсер ету, бірлескен әрекетке белсенді өзара әрекетке түсуі) ;

-эмпатияға қабілеттілік (жаны ашу, өзгені түсіну, сөзбен психотерапия жасау) ;

-өзін бақылауға қажеттілік: өз мінез-құлқын және серіктесінің қылығын реттей білу, дау-жанжал жағдайында жауап берудің өнімді тәсілдерін табу, қолайлы психологиялық ахуал туғызу, субъекаралық қатынастың дамуын болжау.

4-суретте құзыреттілік ұғымының мәні ашылды.

-Инновациялық технологияны меңгеруі;

-Педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;

-шығармашылық шеберлігі;

-ізденушілік іс-әрекеті.

Т. Н. Лобанова қазіргі маманның төмендегідей негізгі құзыреттілік сапасын ұсынады:

-Жүйелі ойлау, үрдістердің дамуын көру;

-Талдаушылық қабілеттілік;

-Инновациялық;

-Икемділік;

-Жүйелі дамуға бағдарлану;

-Ұйымдастырушылық қабілеттілік;

-Уақытты басқару білігі;

-Топта жұмыс жасау;

-Қарым-қатынастық іскерлік, біліктілік;

-Келіссөздерді жүргізе білу;

-Оқушыға бағдарлану. (Лобанова Т. Н. Пострение модели ключевых компетенций // Справочник по управлению персоналом. -2002. -№11) .

Педагогтың құзыреттілігі:

-Құндылық-бағдарлы құзыреттілік;

-Мәдени танымдық;

-Оқу танымдық;

-Коммуникативтік;

-Ақпараттық-технологиялық;

-Әлеуметтік еңбек;

-Тұлғалық өзін-өзі дамыту.

Құзыреттіліктің ерекшеліктері:

1) Бір емес бірнеше міндеттерді шешеді.

2) Білімнен айырмашылығы - жаңа білім ақпарат түрінде емес, іс-әрекет түрінде беріледі.

3) Бліктіліктен айырмашылығы - теориялық және практикалық іс-әрекетке даярлық автоматты түрде емес, басқа құзыреттілікпен интеграцияланған түрде білінеді.

4) Дағдыдан айырмашылығы - іс-әрекет саналы түрде жүреді.

6-суретте мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің мәні ашылды.

Біліктілік, ұстаздық шеберлік ұғымдарымен бірлікте қарастырады:

1) тұлғалық - адамгершілік бағдар;

2) педагогикалық шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда жүйелі іс-әрекет жасау;

3) заманауи технологияны меңгеру.

Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің, құзыреттіліктің бұл құрылымдық компоненті тағы 3 компонентпен толықтырылады:

1) Тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәрбиесін қорытып, басқаларға бере білу білігі;

2) Тәжірибенің үнемі толығып отыруы жағдайында педагогтың қажетті сапасы ретінде оның кәсібіндегі жаңа ізденушілік ахуалды туғызу білігі;

3) Кәсіби білікті мұғалім рефлекцияға (өз ісіне талдау жасай алу), яғни ойлаудың ерекше тәсіліне қабілетті.

Ғалым В. А Сластенин педагогтың құзыреттілігін 4 топқа біріктіреді: оқу үрдісін және басқа мұғалімнің іс-әрекетін талдау және өзін-өзі талдауды жүзеге асыру білігі, сол сияқты педагогикалық мақсаттың және келесі кешенін анықтау білігі.

1) Жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби сапалары:

-адамгершілік бағыттылық; адамдарға деген сүйіспеншілігі, балаларға деген махаббаты;

-педагогикалық бағыттылық;

- педагогикалық мәдениет;

- педагогикалық ізет;

- еңбексүйгіштік және жұмысқа деген қабілеттілік;

-әлеуметтік белсенділік;

-жоғары интеллектуалдық деңгей;

-құнды бағдар;

-бәсекеге қабілеттілік;

-практикалық дайындығы;

-технологиялылығы;

-үздіксіз өзіндік білімін жетілдіру қажеттілігі.

2) Іргелі білімдер:

-педагогикалық, психологиялық білімдерін ұдайы жетілдіріп отыру;

-жаңа педагогикалық технологиялар бойынша білімі.

3) Әдістемелік іскерліктер:

-аналитикалық;

-болжамдық;

-ақпараттық;

-жобалық;

-рефлексивтік;

-дамытушылық;

-ұйымдастырушылық;

-қарым-қатынас өнері;

-перцептивтік;

-бағдарлық;

-зерттеушілік.

Құзыреттілік:

-іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғарғы деңгейі;

-түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі;

-кәсіптік педагогикалық қасиетке жаңаша көзқарас;

-инновациялық технологияны меңгеруі;

-кәсіптік, шығармашылық шеберлігі.

Қабілеттілік:

-дидактикалық;

-танымдық;

-конструктивтік - ұйымдастырушылық;

-коммуникативтік;

-креативтік;

-өзін-өзі дамытуға қабілеті.

Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының алмасу қарқыны білімнің қоғамдағы орны мен рөлінің де үнемі ауысуына ықпалын тигізері даусыз. ЮНЕСКО XXI ғасырдағы білім сапасы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын төрт түрлі мәселеге ерекше көңіл бөледі. Олар бірлікте өмір сүруге үйрену, білімді меңгеру, еңбек етуге үйрену, өмір сүруге үйрену болып табылады. Бұларға нақты тоқталатын болсақ, біріншіден, әр мемлекет, әр халық басқа мемлекеттер мен халықтардың, олардың тарихы, дәстүрлері мен ойлау жүйесі туралы білімдерді дамыта отырып, олармен бірлікте өмір сүруге үйренуі қажет. Екіншіден, білімге деген талғамды қалыптастыратын, сондай-ақ ғұмыр бойы (шын үйренудің негізі болып саналатын үздіксіз білім жүйесіне қол жеткізу жалпы мәдени деңгейдің көрсеткіші іспеттес), сондықтан ең әуелі білімді меңгеруді үйрену қажет. Үшіншіден, еңбек етуге үйрену үшін әркімнің өз мамандығын жетілдіру қажет, яғни өзгермелі өмірдегі күтпеген кездейсоқ жағдайлардан жол тауып шығуға мүміндік беретін, қажетті біліктілікті меңгеруі керек. Төртіншіден, XXI ғасыр өмір сүруге үйренуді, яғни ұжымдық жобаларды жүзеге асыру ауқымында жеке жауапкершілікті күшейтумен үндесетін өзіндік қабілеттерді дамытуды талап етеді. Демек, оқыту үрдісінде алынатын білімді терең меңгеруге, оны белсенді қолдануға айрықша назар аударылуы тиіс.

Ежелгі грек философы мен педагогикасын зерттеген ғалым Г. Е. Жураковский XX ғасырда пифагорлықтардың философиялық жүйесі бойынша білімнің құдыреттілігін мойындай отырып, «сабақта табысқа жету» принципінің қажеттілігін атап көрсетті:

-сөйлеушіні соңына дейін тыңдау;

-кез келген жағдайда өзін-өзі ұстай алу;

-әрқашан да тәртіп сақтау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
12 жылдық мектепке көшу бағытындағы мұғалімнің инновациялык даярлығын қалыптастыру
Педагогикалық психология
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тәрбие процесін ұйымдастырушылардың педагогикалық статустары мен функциялары
Педагогикалық шеберлік түсінігі туралы
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру
Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz