Абай мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеялары


Қазақстан Республикасыны Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Жалпы психология
кафедрасының меңгерушісі
Ж. З. Торыбаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Абай мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеялары
5В010300 - «Педагогика-психология» мамандығы
Орындаған: Раматұлла М. Е
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. д., доцент: Атемова Қ. Т.
Түркістан 2014
Қазақстан Республикасыны Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Раматұлла Мадина
Абай мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеялары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010300 - «Педагогика-психология» мамандығы
Түркістан 2014
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның ата заңының 44-бабының 8-тармақшасында «Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту және олардың денсаулығын сақтауға деген Конституцияның кұқығын іске асыру» деген жолдауын жасады [1] . Осы жолдаудың мақсаты жас ұрпақтың толыққанды денсаулығын қалыптастыру болып аныкталды, өйткені жас ұрпақ денінің саулығы болашақ халыктың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста болашақ ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы тәрбиесі жағдайында қолға алынуы тиіс. Өкінішке орай, бүгінгі таңда қоғамдағы экологиялық және табиғат апаттары адам денсаулығына өз әсерін тигізуде. Сонымен қатар, техниканың дамуы да өз кезегінде өркениеттіліктің бір көрсеткіші ретінде қажет болғанымен, екінші жағынан ағзаның ластануы мен адам денсаулығының төмендеуіне өз ықпалын тигізеді. Атап айтқанда, бүгінгі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буын денсаулығының бұзылуына алып келуде. Қазақстан Республикасының өзінде, тіпті әлемдік деңгейде денсаулықты сақтау адамзат қоғамының алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасы дүние жүзі бойынша өз-өзіне қол жұмсау бойынша 2-орында тұрады екен. Ол әсіресе, 18-22 жас аралығындағы қыз балалар арасында көп орын алатынын статистикалық мәліметтер дәлелдейді [2] . Сонымен қатар, әлеуметтік ортаның ықпалын бала қойғанда тәрбиені мақсатты түрде ұйымдастыратын әлеуметтік институттардың бірі мектептің өзінде бала денсаулығын сақтау қиынға түсіп отыр. Оған дәлел, ең көп стресс алатындар мектеп жасындағы балалар екендігі анықталған. Мысалы, мектепке келген 1-сынып оқушылары арасында 25-30 % әртүрлі аурулармен келсе, 11-сыныпты бітіретін оқушылардың 80 %-ы денсаулығын бұзып, әртүрлі диагноздармен мектеп қабырғасынан шығады екен [3] . Бұдан шығатын қорытынды, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас және оқу еңбегінің мөлшерден тыс көптігі бала денсаулығының бұзылуына алып келетіндігін көрсетеді.
Болашақ халықтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, одан соң білім нәрімен сусындататын мектепке және қоршаған ортаға байланысты. Бүгінгі таңда денсаулығы мықты, рухы биік жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулы-қарарларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті дене тәрбиесімен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған»- делінген [4] . Қазақстан Республикасының Конституциясында «Неке және отбасы туралы» заңында «Білім туралы» заңында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, тәлім-тәрбие тұжырымдамасында да салауатты өмір суруге ерекше басымдық беріледі. Осы басымдықтарды жүзеге асыруда елімізде «Отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде[5] . 1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілесе, Қазақстанда 2006 жыл Отбасы жылы болып жарияланды.
Қазіргі таңда бала денсаулығын сақтау, қалыптастыру жолдары педагогикалық мәселе болып отыр. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі сол, білім мен салауатты өмір сүру кезеңі қолма-қол өмірге енгізуді қажет етеді. Балаларды білімді, жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, рухани жағынан дамыған етіп тәрбиелеу баланың бойында денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы білім қалыптастыру болып табылады.
Отбасында ата-ана өзінің баласының қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмірлік тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескеріледі. Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі т. б. отбасы тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыр.
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің өзі салауаттылықты насихаттаудың бірден-бір үлгісі болған. «Арақ ішу -айып, мас болу - қылмыс», «Арақ - арыңа нұқсан, темекі - тегіңе нұқсан» деп ұрпағын зиянды әдеттерден қорғаштап, «Бір кесе қымыздың екі кесе желігі бар», «Артық ішкен ас - арам» деп әр астың өз қалпы бар екенін ескерген. Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу, сонымен қатар, баланы бесікке салу, сүндетке отырғызу, жеті атаға дейін қыз алыспау және т. б. игі іс-әрекеттер дана халқымыздың салауаттылығын көрсетеді[6] .
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Жүсіп Баласағұн шығармаларында[7, 8, 9], хандық дәуірдегі ақын-жыраулар мұраларында, қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы[10, 11], қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев және т. б. мұраларынан елеулі орын алған[12, 13, 14] . Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты мәселелер, соның ішінде отбасында баланы жан-жақты тәрбиелеу мәселесіне қатысты Г. А. Уманов, Ж. Қоянбаев, С. Ғаббасов, Х. Арғынбаев, К. А. Оразбекова т. б. еңбектерінде қарастырылады[15, 16, 17, 18, 19] .
Бүгінде мектеп оқушыларының салауаттылығын қалыптастыру мәселелерінің Қазақстандық мектептегі оқыту процесі негізінде қарастырып зерттеп жүрген көптеген ғалымдар өз көзқарастарын ұсынып жүр. Олар: Д. Ф. Акбердиева, Ж. З. Торыбаева, С. Н. Сүлейменова және т. б[20, 21, 22] .
Көптеген қазақ ғалымдарының еңбектеріне талдау жасау жасөспірімдердің денсаулығын сақтауда мектеп қабырғасында, отбасы тәрбиесінде бірқатар кемшіліктердің бар екенін айқындауға мүмкіндік жасады. Бұл бүгінгі таңда үлкен мәселе деп білеміз. Сонымен қатар қоғамның болашақ ұрпақтың салауаттылығын қажетсінуі мен оны іске асырудағы сәтсіздіктер арасында, отбасы тәрбиесі жағдайында балалар бойында салауаттылықты қалыптастырудың мүмкіндігі мен оны іске асырудағы ата-ананың дайындығының жеткіліксіздігі арасындағы қарама-кайшылық байқалады. Бұл қарама-қайшылықтың шешімін табу бізге диплом жұмысының тақырыбын «Отбасындағы салт-дәстүрлер негізінде салауаттылықты қалыптастыру» деп алуға мүмкіндік берді.
Зерттеудің нысаны - Отбасы тәрбиесі жағдайында балалар бойында салауаттылықты қалыптастыру.
Зерттеудің пәні - отбасындағы салт-дәстүрлер негізінде салауаттылықты қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу мақсаты - отбасындағы салт-дәстүрлер негізінде салауаттылықты қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- «Салауаттылық», «Салауатты өмір салты» ұғымдарының мәнін ашу, оны отбасы тәрбиесіндегі салт-дәстүрлер негізінде қалыптастыру бойынша теориялық материалдар жинақтау;
- Отбасындағы салт-дәстүрлердің салауаттылықты қалыптастыру мүмкіндіктерін айқындау;
- Салацаттылықты қалыптастыруда мектептің тәрбиелік ынтымақстастығының формалары мен әдіс-тәсілдерін көрсету;
- отбасындағы салт-дәстүрлер негізінде салауатты өмір салтының қалыптастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар беру.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының қазіргі кездегі көкейкестілігі, қарама-қайшылығы, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдістері мен зерттеу базасы анықталған.
1 ОТБАСЫНДАҒЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР НЕГІЗІНДЕ САЛАУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бүгінгі күнгі тәрбие институттарында салауаттылықты
қалыптастырудың теориялық мәселелері
"Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау жүйесінің реформасы, меніңше, төрт стратегиялық бағытты шешуге бағытталуы керек.
Бірінші. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу қажет. Мұның бәрі мектептерге ғана қатысты мәселе емес. Бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігерімен біз бұл мәселені шеше аламыз.
Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қорғаныс министрліктері бірлесіп, әскер қатарына шақыруға дейінгі жастарды сауықтыру және нәрлендіру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
Екінші - медицина қызметкерлерінің алдында халықты қол жетерлік және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету міндеті тұр.
Үшінші - Қазақстанда медицина ғылымын дамыту.
Төртінші - ауылдағы денсаулық сақтауды көтеру. Салауатты өмір салты - әрбір жеке адамның өнімді еңбек етіп, тұрмыс құруы, бос уақытында дем ала білуі, қысқасы адамның күнделікті дұрыс қалыптасқан өмір тіршілігі.
Еліміздің кез-келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі, білімді, салауатты болуы міндетті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының мәліметтері бойынша жасөспірімдердің 40%-дан астамы темекі тартады, 39%-ға дейінгілері ішімдік пайдаланады, 17%-ға дейінгілері есірткілік заттардың дәмін татады, 41%-ға дейінгілері жыныстық қатынасқа ерте тәуелді. Осыған байланысты жіңішке аурулар, соның ішінде СПИД саны он есе өсті. Кәмелетке толмағандар арасында туу және түсік жасату саны жоғары деңгейде (жылына 9 мыңнан астам түсік) қалып келеді.
Жалпы денсаулық дегеніміз не? Денсаулық сақтау ұйымының анықтауынша, "денсаулық - адамның өзгеріп отыратын ортада өзіндік биоәлеуметтік қызметтерін артығымен, бірақ ауырмай кемтарлық пен ауруды болдырмай орындай білуі. Физикалық, психикалық, адамгершілік денсаулығы болады. "
Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер нашарлап, туу, халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткіге құмарлық және уытты заттарға әуестік адамгершілікке жат мінез-кұлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен таралуда.
Соңғы жылдары Қазақстанда спирттік ішімдік ішудің негізінде қалыптасқан аурулар көбейіп кеткен, сол себепті мемлекеттерде спирттік ішімдіктерді қолдану өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жыл сайын спирттік ішімдік ішушілер саны, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында көп. Ерте жастан спирттік ішімдікке әуестену ағзаны тез улап, спиртті ішімдікке тәуелді етеді, психикалық және физикалық денсаулықты бұзады.
Халқымызда "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген нақыл бар. Ал ауырмаудың қандай жолдары бар? Оның ең басты жолы-салауатты өмір салтын ұстану болмақ. ДДСҰ мәлімдегендей денсаулықтың 49-50%-ы өмір сүру салтына байланысты екені көп жайды аңғартады.
Салауатты өмір салтын ұстану қазір қай кезден де қажеттірек екендігі талас туғызбайды.
Жас ұрпақтың жан мен тән салауаттылығын дәріптейтін қолжазбалармен танысып, өздігінен дербес білім алу барысында адам денсаулығына зиянды нәрселермен қатар жағымды әсер беретін, салауаттылықты күшейтетін біліммен қаруландыру. Бұл күндері тәлім-тәрбие саласында дамыта оқыту мәселесі үлкен жолға қойылып отыр. Оның негізгі белгілері: өз бетімен білім алуға жағдайлар туғызу мұғалімге тікелей бағынышты болмай өз ақыл-ой механизімін жетілдіріп, дербес білім алу.
Жер бетіндегі ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі қай халықтың болса да болашағы дәл бүгінгі жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Себебі ұрпақ жалғасы тек дені сау ұрпақта болмақ.
Қазіргі кездегі қоғамдағы және отбасындағы қалыптасқан жағдай салауатты өмір салтын қалыптастыруға тиісті мөлшерде әсер ете алмай отыр. Бұның ең негізгі бір себебі: барлығымыздың тіршілікте денсаулықты бірінші орынға қоя білмегендігіміз. Қазіргі кездегі мектептің алдында қойылып отырған мақсаттың ең негізгісі - білімді, дені сау жеке тұлға тәрбиелеу. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін әр адам өзінің денсаулығын сақтай білуге үйренуі қажет. Ол үшін алдымен жастарға білім қажет. Онда: денсаулық, оны сақтау, дұрыс тамақтану, оның жолдары, жағымсыз әдеттердің (арақ, темекі, есірткі) ағзаға зияны туралы мәліметтер болуы шарт.
Екіншіден, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу үшін білім қажет. Онда: жолдастарына, олардың жағымсыз ықпалдарына қарсы тұра білу, мұғалімдермен пікір таластыру, өз ойын дәлелдей алу, денсаулығын сақтау үшін өзі жеке шешім қабылдай алуы.
Үшіншіден, жастар өзінің ортасында басқаларды бағалауға және өзін басқаға бағалатуға үйрету.
Ақпарат беттерінде шығып жүрген ғылыми зерттеу институттарының мәліметтеріне сүйенсек, 1-сыныпқа келген оқушылардың 30%-нда әртүрлі ауытқулар бар болса, ал, 10-11 сынып оқушыларында 80-85%-ға дейін жететіндігін көрсеткен.
Білім беру жүйесінің салауатты өмір сүруге тәрбиелеу жұмысы жеткіліксіз екендігі біздің ойымызша, өз кезегінде педагогтардың салауатты өмірге жете мән бермегендігі себепті болып отыр.
Оқушы жастардың өз денсаулығына жеке басының ірі ісі ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық игілік ретінде салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл шараны бірден - бір іске асыратын мектеп мұғалімі болғандықтан, жоғарғы оқу орындарының қабырғасынан білім алып бару керек. Ол үшін салауатты өмір сүру курсын тек педагогикалық оқу орындарында ғана емес, республика көлемінде барлық жоғарғы және орта арнаулы курс ретінде оқыту керек.
Салауаттылық - халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі. Ісі өнімді, сөзі мәнді, мінезі салмақты адамды халық салауатты адам дейді. Салауатты кісі болу үшін, ақыл-ойдан ауытқымай, ұнамсыз іс-әрекеттерден аулақ болып, адамгершілік қасиеттерді бұзбай жүру керек. Есті кетіріп, есірік тугызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалпымен ішу, сөзді ретімен, қисынды сөйлеу т. б. игі іс-әрекеттер салауаттылықты көрсетеді. «Арақ - арыңа нүқсан, темекі - тегіңе нұқсан» деп, халық есірікке, ессіздікке қарсы күрес жүргізіп отырады. Өмірдің өзі салауатсыздықтың кесір екенін көрсетуде[23] .
Әлемдегі барша адам баласы тәрбие-тәлімнің ұлағаттылығын бірдей қабылдағанмен, оның жол-жобасын, мазмұн-мағынасын әр халық өзінше тұжырымдаған.
Халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері сол халықтың ой-тілегімен ұштасып келгендіктен озық үлгілерінің мәңгі сақталып, үнемі жетілдіріліп, тәрбие тэжірибесінің ұрпақтарға жалғасып отырылуына өткен ғасырлардағы ойшылдар әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ибн-Сина, Омар Хайям, классик педагогтер Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, орыс ағартушылары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Л. Н. Толстой, қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, қазақ зиялылары М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов және т. б. ерекше мән берген.
Біздің диплом жұмысымыздағы басты ұғымдардың бірі - отбасы. Сондықтан бұл ұғымның мәніне жан-жақты түсіндірме беріп кетейік.
Философиялық тұрғыда «отбасы» - қоғамның ажырамас кұрамды бөлігі, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым деп берілсе, әлеуметтану ғылымында «отбасы некеге және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ» деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, моральдық, жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынасында болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгеріп, жекелей дербестікте болады деп көрсетеді.
Ал, педагогикалық-психологиялық тұрғыда отбасы - ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «отбасы» сөзіне «неке мен қандас туыстыққа негізделген шағын топ» деп анықтама берілген. Оның мүшелері тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы - қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі бір дәрежедегі сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын кұқыктық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Сонымен қатар, отбасы - адамдардың яғни неке жүзінде қосылған еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да бірге тұратын жақын адамдардың қарым-қатынастык, бірлестік формасы [24] .
Салауатты өмір салты - қазіргі қоғамымызда көп қолданылып «салауатты өмір салты» ұғымының ғылыми тұрғыда анықталған анықтамасы жоқ. Бірақ көптеген ғалымдар оған өз түсіндірмелерін жасаған. Ресейлік ғалым Ю. П. Лисицын «салауатты өмір салтын адамдардың өз денсаулығын сақтау және жақсарту бағытындағы белсенді іс-әрекеті» деп анықтама берсе, Е. И. Торохова «ұзақ өмір сүруге, әлеуметтік қызметтерді толық жүзеге асыруға, ағзаны нығайтуға ықпал ететін өмірлік әрекеттің тәсілі, түрі» деп қарастырған [25] .
... жалғасыҰлттық мұрамыздың даму тарихына шолу жасасақ, сонау Орхон-Енисей жазуынан басталып Қорқыт ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Иассауи, Ахмет Жугенеки, Сайф Сарай, Қыдырғали Қасымұлы Жалайыри, Хайдар Дулати т. б. сияқты орта ғасыр ойшылдарының шығармаларында, Асанқайғы бастаған ХV-ХVШ ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлімгерлік ой-пікірлерде, сондай-ақ XIX ғасырдың II жартысындағы қоғам қайраткерлері Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсаринның, А. Құнанбаевтың, одан бертін келе ортамызға XX ғасырдың I ширегіндегі қайта оралған қазақтың ұлы зиялылары Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Н. Құлжанова, Х. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов және т. б. педагогикалық шығармаларында жалғасын табуда.
Бұлардың бәрі салауаттылық өмір салты, нашақорлық, маскүнемдік деп ашып көрсетпегенімен, оларды болдырмаудың жолдарын, парасаттылыққа тәрбиелеудің қағидаларын, адамгершіліктің басты белгілерін өз шығармаларына арқау еткен. Олар өздерінің көзқарасында, шығармаларында салауатты өмірді алдын-ала жастар өміріне орнықтыру мақсатын көздеген. Ауырып-сауығудың жолын іздегенше, ауырмайтын жол ізде дегендей, біздің ғұламаларымыз дұрыс берілмеген тәрбиенің зардабын алдын-ала болжаған, соны болдырмаудың жолын қарастырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етіп қалдырып отырған [26] . Бұл жайындағы ойлар сонау шығыс ғұламаларының еңбектерінен бастау алады.
Қазақ халқының ұлттық психологиясына тән - адамзат үшін денсаулықтың ең қымбат байлық екендігі туралы түсінік әл-Фараби көзқарастарынан да айқын байқалады. Бұл нақ бүгінгі еліміздің жас ұрпақ тәрбиесіндегі басты міндетімізбен астасып, сабақтасып жатыр. Мұндай ойлармен ғұлама ғалым «Тәні саудың - жаны сау» деген мақалдың мәнін ұқтырғандай. Өйткені, мінез-құлықты жетілдіруді әл-Фараби денені жетілдірумен ұқсатады. Дененің жетілуі денсаулыққа тіреледі. Егер денің сау болса, онда оны табуға көмектесу керек. Деннің саламаттылығы өмір қажеттерінді белгілі бір шараларды сақтауға байланысты. Рухани саламаттылық ретінді жақсы мінез-кұлық та шаманы талап етеді. Жаман мінез- кұлықты әл-Фараби рухани кесел деп сипаттайды [27] .
Осы тақырыпты сөз еткенде шығыстың тағы бір ұлы ғалымы ойға оралады. Ол - Әбу Әли Ибн-Сина, Орта Азиядан шыққан осынау ұлы ғалым әл-Фарабидың тікелей шәкірті. Ибн-Сина шығармаларында әр адам өзінің денсаулығын сактау үшін не істеу керек, нені білу керек, оның жолдары қандай деген мәселелерді қарастыра отырып, әсіресе адамның тамақтану тәртібіне баса көңіл бөліп, өзінің ой-нұсқауларын былай тұжырымдайды:
Өте қажет алдымен шынықтыру денені,
Ереже тұт осыны, сонда ісің өнеді.
Шынықтырсаң денені күннен-күнге біртіндеп,
Тазарады сонда тән, айтам әркім білсін деп.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz