Әмір-Темір және оның дәуірі


ЖОСПАР
Кіріспе
1 тарау Әмір-Темір және оның дәуірі
1. 1. Әмір-Темірдің жастық шағы
1. 2. Әмір-Темірдің саяси билік кезеңі және жорықтары
2 тарау Орталық Азия тарихындағы Әмір-Темірдің ролі мен орны
2. 1. Әмір-Темір ірі мемлекет қайраткері
2. 2. Орталық Азия тарихындағы Әмір-Темірдің орны мен ролі
3 тарау Темірдің дара тұлғасы
3. 1. Әмір-Темір мемлекет және қоғам қайраткері
3. 2. Әмір-Темір дара тұлға
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әмір-Темірдің өмірі мен қызметі туралы жазбаша және көптеген заттай деректерде мол. Жазбаша деректер негізінен екі жақты болып келеді, біріншіден, Темірдің тірі кезіндегі немесе ол қайтыс болғаннан кейінгі қызметі туралы шығармалар, ал екінші жағынан мемуарлар оны көрген адамдардың жазып қалдырған жазбалары. Деректер арасында ерекше маңыздылардың қатарына эпиграфиялық ескеркіштер құрлыстар мен өнертуындыларындағы жазбалар. Темірдің атымен тікелей байланысты жазулар. Әмір-Темір туралы жазылған деректердің көпшілігі сол адам туралы тек қана жақсы істерін көрсетуге арналған жақсы істерді ғана баяндайтын шығармалар қатарына жатады. Әмір-Темір туралы тарихнамалық шығармаларға көз жүгірте отырып оның өз жорықтары кезінде арнайы жеке секретарьларды /добиран-и хас/ және осыған көзі ашық адамдарды /фадилан-и аср/ ұстағандығын көрсетеді. Өзінің жорықтарын жазып отыруы үшін көбіне ұйғыр немесе парсы оқымыстыларын ұстағына көрінеді. Темірдің патшалығымен аяқшегінде оқыған даберлермен қаламынан шыққан шығармалар пайда болған. Соның ішінде ең ірісі жай күнделіктен шығармаға дейін көтерілген «Үнді еліне жорық күнделігі /дневник индийского похода/» Гияс аддин Алидин1. Гияс аддин Алидин шығармасы В. В. Бортольд зерттеуі бойынша 12 наурыз 1403 жылға дейін жазылған. Онда себебі Темірдің немересі Мұхаммед Сұлтанды тірі кезінде сипаттай отырып және Темір таяу уақытта Египет пен Сирияны жаулап алуы мүмкін деген. Гияс аддин Алидин күнделігі біздің Темірдің өмірі мен қызметі туралы нақты деректер береді және оның толық саяси портретін жасауға мүмкіндік береді. Осы шығармалардың ішінде бізге келіп жеткен ең алғашқы еңбек «Зафар-Нама» /Книга побед/ Низам ад-дин Шамидің еңбегі. Ол бойынша Темірдің өмірбаяны бойынша біз ол өз кезіндегі алдыңғы Азиядағы мұсылман елдерінің тарихын жақсы білген оқыған-тоқығаны көп адам ретінде суреттеледі. Темір өз қол астындағы үйде немесе жорық кезінде өзіне қажетті еңбектерді оқытатын жеке оқытушылар чтецтерді ұстаған. Әмір-Темір түрік, парсы, тәжік тілдерін жақсы білген және өте қарапайым, түсінікті тілмен жазылған кітаптарды жақсы көрген. Нияз ад-дин Шами шығармасы бізге келіп жеткен алғашқы еңбектердің бірі.
Әмір-Темір туралы екінші ірі еңбектің қатарына Шефер ад-дин Али Иезди еңбегі «Зафар - Нама» /Книга побед/. Шираф ад-дин Али Иезди шығармасы Темір қайтыс болған соң жазылған 828 жылы /1424-1425 жж/ жазылып біткен. Әмір-Темір туралы жазбаша деректер қатарына дүниежүзілік тарих туралы еңбектер жазған ХҮ ғ. атақты тарихшыларының еңбегі де жатады: Хафиз Абру, Абд ар-Реззак Самарканди және Мирхонда. Хафизи Абру өз шығармасында Низам ад-диннің шығармасын және түрік тілінде жазылған аты белгісіз еңбектегі Темір туралы деректерді қолданған. Сонымен қатар Темірдің сарайлық қызметіне қатысы жоқ өз ойларын толық еркін жаза білген авторлардың да еңбегі бар. Осы деректер қатарына жататын ірі еңбек Темір туралы ірі тарихи еңбек араб тілінде құрастырылған. Ибн Арабшахтың «Аджим Ал-макдур фи наваип ал-Тимур» /Чудеса предопределения в событиях жизни Тимура/ Ибн Арабшах шығу тегі жағынан араб, Дамаскіде туған, 1388 ж. 12 жасында Темірге тұтқынға түсіп содан Самарқандқа әкетеді. Өзінің көргенімен басынан кешкенін барлығын ол жазып отырған. Темірге ол өзінің жеккөрінішті көзқарасын жасырмайды. Темірдің жорықтарына оның басып алушылық және тонаушылық саясатына қарсы бола отырып, ол оның талантын, ақылдылығын, әскер ұйымдастырушылық қабілетіне таң қала отырып суреттейді. Ибн Арабшахтың кітабы негізгі деректер ретінде жеке адамның бақылауының нәтижесімен оның естелігі ретінде есептеледі, яғни ол қазіргі Темір туралы әңгімелер мен оның жорығына қатысқан адамдардың, оның патшалығы кезінде өмір сүрген іс-әрекетіне куә болған адамдардың еңбектерінің қатарына жататаны дерек. Ибн-Арабшах білімді адам болған, тұтқында бола отырып ол өте көп саяхат шеккен, Хорезмде, Астраханда, Сарайда, Крымда болған, парсы, моңғол тілін үйренген, ал Адрианапольге, отанына келген соң түрік тілін үйренген. Ол өзі болған жерлердің тарихын оқып, жазып отырған.
Темір тарихы туралы ірі деректердің қатарына Әмір-Темірдің сарайын жіберілген кастилия королі Генрих Шелшісі Рки Гонзалесде Клавихо жазбалары жатады. Елшілік Испаниядан 1403 жылы шығып, ал қайта 1406 жылы оралған. Самарқандта елшілік 1404 ж көбін өткізеді. Клавико Темірмен бірнеше рет кездеседі, оның серіктерімен әңгімелеседі, өзімен көп сөйлескен, Самарқандта және Темір мемлекетінің басқа да көптеген қалаларында болады. Бүкіл көргендері мен естігендерін ол күнделік ретінде жазып отырады. Осы екі автордың шығармалары, Темірді өз көздерімен көрген адамдардың еңбегі ретінде оның жас шағы мен балалық шағы туралы құнды дерекке жатады. Ол жеке авторлардың еңбегі.
Әмір-Темірдің жастық шағы туралы деректер қатарына жататын орыс жылнамалары. ХҮ-ХҮІ ғғ. русь жылнамалық тарихнамасы ХІҮ-ХҮ ғғ. Алтын Ордадағы оқиғаларға, Орта Азиядағы саси өмірге, яғни ХІҮ-ХҮ ғғ. патша Темірдің іс-әрекетіне толы болды, сол арқылы Таяу Шығыс туралы тарихи географиялық ойларын білімін толықтырды2.
Әмір-Темір кезіндегі тарихи кезең туралы саяси және мәдени ескерткіштер қатарына, материалдық мәдениеттің нақты ескерткіші ретінде рөлі зор тимурлық архитектура. Темір дәуіріне жататын құрылыстар, мешіттер, мавзолейлар, сарайлар, кесенелер /қалалық және қаласыртындағы сарайлар/ - Самаркандтағы, Шахрисябэедегі!, Түркістандағы және тағы басқа жердегі ірі құрылыстар құрылыстар салудағы жоғары шеберлікті, құрылысты әшекейлеу кезіндегі шеберлікпен нақтылы /қиылған, ойылған, жазылған мозаикалық өрнектеулер/, ол безендірудің мәнін, оның Мавераннахр және Темір бағындырған басқа мемлекеттердің мәдени мұрасынан көрініс берері сөзсіз, ол сол елдерден Орта Азияға әсересе Самарқандқа көптеген шеберлерді әкелген. Әртүрлі суретшілер мен түрлі саладағы ғалымдар өте көп әкелінген. Бұл құрлыстарда әсіресе ерекшелігі ондағы көптеген құран сөздері мен күнделікті өмірге байланысты жазбалардың көптігі. Екіншісінен біз құрылыстан салынған уақытты, шебердің атымен кімнің салдырғаны туралы жазабалар белгілі бір композициялық шеберлікпен берілген. Осы жазбалар арқылы біз Тимурдың - Әмір-Темірдің үкіметінің маңызы, оның атағын біле аламыз да сақталған, көбісі арзитектурамен байланысты, мысалы, қиылған ағаш есіктер, қола шырақдаңдар, мешіттегі ішкі қабырғалардағы жазбалар, мавзолейдегі ішкі қабырғалардағы жазулар т. б. Осы барлық өнер туындыларының ескерткіштері біріншіден тұрғылықты жерлердегі салт-дәстүрді бейнелесе, екіншіден, көрші елдермен болған мәдени және саяси байланыстарды көрсетеді. Ерекше көңіл беретін естеліктер қоладан жасалған заттардағы жазулар ол заттарда Тесмір сырттан әкелген шеберлердің аттары мен өз белгілері ойылып жазылған. Ол олардың еңбегін көрсетеді. Әр шебердің өзіне тән белгісі болғандығын көрсетеді.
ХІҮ ғ. 70 жылдарындағы Темірдің құрылыстарында сырттан әкелінген шетжерлік шеберлер қызмет істеген. Көбіне Ургенч, Исфаган, Тебрриз, Шираз, Бұхара мен Қашқадария жерінен келген шеберлер болды. Әртүрлі мозайкалар алғашында Иран мен Азербайджанда белгілі болды. Орта Азияда ола алғашында Хорезмде, ал сосын Мавераннахр қалаларында пайда болды. Оның ескерткіштері қатарына Тюрабек Ханым мавзолейі Куня Ургенчтегі, Шахризябзейдегі Ақ Сарайда, Самарқандтағы Темір және тимуриттер кезіндегі ескерткіштердегі әртүрлі мозайкалар жатады3. ХІҮ-ХҮ ғғ. қабырғаларға салынған суреттердің ең жоғарғы өз даму шағына жеткен кезеңі Орта Азиядағы көркем сурет өнерінің мәдениеттегі даму шегі. Сюжеттік бейнедеу өнері Самарқандтағы Темірдің атақты сарайларының барлығында безендіруде қолданылды. Қазіргі зерттеушілердің айтуы бойынша сол кездегі қабырғалардағы суреттеп бейнелеу шығыс билеушісінің және оның сарайының өмірінің негізін суреттеген. Ол жерде оның Ирандағы, Дешті-Қыпшақ жеріндегі, Индиядағы шайқастары суреттелген, елшіліктерді, ғалымдарды, билеушілерді қабылдау кезі, әртүрлі мерекелік кештері. Сонымен қатар Темірдің және оның семья мүшелерінің портреттері және оның қоршаған ортаның бейнелері көрсетіле отырып соның ішінде осының барлығының билеушісі Әмірдің бейнесі ерекше суреттелген. Оның ортадағы беделі, оның сол қоғамдағы ерекше рөлін, орнын нақты көрсете нақты көрсетуге тырысқан суреттер.
Темір және Темір ұрпақтары дәуіріне жататын қабырғадағы суреттер /ХІҮ-ХҮ ғғ/ сол кездегі өмірді бейнелеуде атақты ХҮІ ғ. жататын «Больших французских хроник» тен /ірі француз хроникасынан кем болмады. Бірақ көркемдеуі жағынан әртүрлі болды. Тимуриттер өнері бейнелеуі Орталық Шығыс елдерінің ғасырлар бойғы салт-санасына тікелей байланыста болды. Жекелеген жерлерде ғана жаңалықтарды енгізді. Темірде жұмыс істейтін суретшілер Ренессанс өнерімен Византиямен, Франциямен, Англиямен жасалған сауданың нәтижесінде білді, бірақ Батыстың өнері олардың санасымен сезімі арқылы өтіп ал еңбектеріне із қалдырмады. Самарқандтағы қабырғадағы жазулар және оның архитектуралық ескерткіштері иран және басқа да шеберлердің қатысымен жасалды. ХІҮ-ХҮ ғғ. қабырғадағы жазуларға Орта Азиялық миниатюра көп әсер етті. Темір және оның ұрпақтары кезінде Самарқанд шеберлері оған жергілікті халықтың өмірінен көрініс беріп отырды4.
Табиғатты суреттеу Самарқандта тек қана ХІҮ ғ 80 жылдарында пайда болды. Темірдің көптеген жорықтары мен ондағы шетжерлік шеберлердің көптеп келуінен кейін, оған көп әсер еткен Қытайдың декоративтік өнер туындылары, сол жерлерден әкелінген шеберлер болды.
Өнер туындыларының келуі көптеген туындыларда саясатпен байланыста болмайды. Моңғолдардың үстемдігі кезінде Қиыр Шығыс өнерінің әсері Орталық Азия сурет өнерінде көрінбейді. ХІҮ ғ. аяғында, Темір армиясы Қытайға шабуылға даярланып жатқан кезде бұл жерде Қытайдың ақ-көк фарфорына деген қызығушылық күшейді «Кобальт» деген. Ол оның ұрпақтары кезінде Қытаймен саяси және сауда қатынасы орнаған кезде де күшейді. Фарфорлық керамика ескеркіштері Темірдің дәуірінде Самарқандта, Ахсыкентте, Мервте, Нисада, Хазараспада және басқа да көптеген қалаларда кездеседі. Темір дәуірінде және одан соң көк-ақ түспен қатар ашық көк түске қарадан безендіру салынған керамикалардағы бейнелер көптеп кездеседі.
Моңғол дәуірінене кейінгі кезде /ХІҮ-ХҮ ғғ/ - металдарды өнерде пайдалану, көркемдеу жекелеген жерлерде пайда болса, темір және оның ұрпақтары кезінде Ортағасырлық Шығысқа тән құбылыс ретінде барлық жерлерде пайдланыла бастайды. Көркемдеуге қолданылатын металдар әуелі тек мавераннахрда қолданылса кейін Темір басып алынған жерлерден келген иран және азербайджан шеберлері оның заказдарын орындай бастады. Ясса-Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіндегі қоладан жасалған утварь жатады. Көптеген шеберлер Темірдің басып алынған жерлерінен келгендіктен өнер туындыларында олардың өз жерлеріндегі өнерді басқа елге апаруы заңды болды. Сондықтан да ХІҮ-ХҮ ғғ. өнер туындыларында әр елдің өнер мектебінің аз болса да әсері болған, ол Темір архитектуралық құрлысындағы өнер туындыларындағы әсемдіктен, ашық түстерден, сұлулықтан көрініс алған. Ол ескерткіштер темір кезінде жататын заттай деректердің маңызын мағнасы мен көркемдігін, мәдение дамуын көрсететін шындық.
Түрлі-түсті маталарды шығары Ортағасырлық шығыста ХІҮ-ХҮ ғғ. таралды, әсіресе Темір және оның ұрпақтары дәуірінде. Мавераннахрға әкелінген матаның әртүрін шығарушы шеберлер бұл жерде оның әрі дамуы үшін мүмкіндік алды, оның техникалық және көркемдік жағын әрі дамытты. басып алынған жерлерден қажетті жұмыс күші мен шикізаттар әкелініп, мүмкіндік жасалды, дамытылды.
1 тарау. Әмір-Темір және оның дәуірі
1. 1. Әмір Темірдің жастық шағы
Темір Сябзада, кешке таяу жерде Трнасоксания қаласының жерінде 7 май 1336 жылы туған. Ол туған қолында жұмылған қолындаға қанмен туған, осындай жағдайды Шыңғысханғада байланысты айтқан5. Оның әкесі Әмір Тарағай Жағатай облысының 21-ханы Қазанға тәуелді ұсақ княздардың бірі болған. бала кезінде Темір өзі сияқты вольмож балаларының арасында тәрбие алып өседі. Ол жас кезінен бастап-ақ билік, басып алушылық, соғыс істері туралы айтқан, сол кезе оның бет пішіні өзгеріп өз жасына сай емес дауыс ырғағымен сөйлеген, ойнаған кездерінде ол жолдастарына әсер еткен, соғыс ойындарын жасы көрген, достарына бұйыра, қарамағындағы тәуелді адамдар ретінде сөйлеген. Ойындары үнемі шайқаста тұрған. Жас кезінен Темір атты жақсы көрген, ол атты жасы отырған, садақтан жақсы атқан. Өз достары арасында беделді болған, ерте кезден бастап көсем-бастаушылық дарыны болған. Темірдің жас кезінен ақ барлас руынан шыққан өзі секілді достары оған келіп оның нөкері болуға ниет өткен. Темірде, оның әкесі секілді жас кезінде тек үш-төрт нөкер болған.
Клавихо: «Ол өзінің төрт немесе бес нөкерімен бірген көршілерден бір күн қойын, екінші күні сиырларын алып кетіп отырған» - дейді6. Біртіндеп жас Темір өзінің аз ғана атты әскерін құрады, жақсы қаруланған, феодалдық анархия кезінде көршілерінің жерінені тамақты пайда үшін, немесе копестердің керуендерін тонау үшін құрылған.
Жеке басының батылдығы, қолының ашықтығы, адам таңдай білу қасиеті және өзіне көмекшілерді таңдаудағы шеберлігі, ерекше көрініп тұратын басқарушылық және көсем болуға лайық қасиеті оны Қашқадарья даласындағы барластар арасынан өз ортасынан ерекшелеп тұрды. «Бірде түрде Темір қой отарына барымтаға барады, сол кезде сеистандықтар келіп қалып оның артынан қуа отырып оның көптеген адамдарын өлтіреді, ал оны аттан құлатады, сөйтіп оның оң жақ аяғынан жаралайды, сонан ол ақсақ болып қалады, оң қолындағы екі кіші саусағынан да айырылады. Сол кезден бастап Темірді Тимурлен, яғни Темір ақсақ, ал Европалық атау бойынша Тамерлан деп атай бастайды7. Ол жасы өскен сайын күшейіп, шымырланып ауыр істермен айналыса бастайды: бірде қылышпен айналысса, енді бірде атпен жабайы аңдарға аңшылық құрды. 12 жасқа келгенде ол әскери қызметке енеді, ал тарихта ол тек қана 25 жасында белгілі болды. Жас кезінен түрік және тәжік тілдерін біле отырып ол жапс кезінен тек қана көшпелі өмірді ғана емес, отырықшылық егіншілікпен айналысатын ортамен де байланыста болды. Ол қала өмірімен де жақсы тныс болды, оған себеп Шахрисябзеге көп бауырының арқасында, ол кезде оның билігі барлас бегі Хаджи Барлас қолында болды. Ол кезде мұсылмандар ортасында рухани өмірде мұсылман шейхтері ерекше орын алды. шахрисябзэде сол кезде шейх Шемс ад-дин Фахури ерекшеленеді. Шемс ад-дин темірдің әкесі тарағайдың рухани ұстазы болды, ал Тарағай шейхтің баласынан деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат етті. темір ешқашан діни жағынан ерекшеленбеді, ол өзінің көптеген жетістіктерінен шейх Шемс ад-дин Кулалдын дұғасынан деп түсінді.
Моңғол ханы Тоқлұғ Темір 1360 ж. Мавераннахрге келгенде оған қарсы тұрып, билік үшін таласушылардың бірорталыққа біріктіретін билеуші болмады. Толұқ Темір Қашқадарьяға дейін барды, ол жерге дейін ешқандай ірі қарсылыққа кездеспеді. Қашқадарьядағы Хаджа Барла Хаджи Барласты Қашқадарьядағы ешқандай қарсылық көрсете алмады.
1361 жылы Тоқлұғ Темір Мавреннахрға шабуылын қайта бастады. Осы бай елді өзіне толық бағындыру үшін. Бұл жолыда ол жолында ешқандай қарсылыққа кездеспеді. Хаджа Барлас монголдармен кездесуден қорқып Хорасанға қашып кетеді. Осы күндері Темір саяси аренаға шықты. Ол қазір Тоқлұғ Темірмен араздасу ешнәрсе бейрмейтінін түсініп онымен қазір қызметтес болғанын жөндігін түсінді. Тоқлұғ Темір оның ұсынысын қабылдай отырып үйіне қайтар кезде Қашақадарьядағы вилайкеттің билеушісі етіп тағайындайды. Сөйтіп Темір 25 жасында азғана, бірақ бай шуменнің басшысы болады, қашқан Хаджи Барластың орнына 1361 жылы Темір Қазағанның немересі Эмир Хусейнмен жақындасады. Бірақ Темір монғол ханында қызметте көп болмайды. Тоқлұғ Темір өзінің ұлы Ильяс Ходжаны Мавреннахр билеушісі етіп жіберген кезде Темір оған қызмет етуден бас тартып одан байланысын үзіп өз алдына билік етіп кетеді. Бұл жағдай Темірді Хусейннің жақтауынан нәтижесінде болды деген көзқарастар бар. 1361-1365 жж. екі эмир арасындағы қарым-қатынас ұлғайды. Олардың арасындавғы одақтастық туысқандық қатынаспен ұштасты. Хусейннің апасы Улджай Туркан-ага Темірдің сүйікті әйеліне айналады. Осы жылдары екі эмир Мавреннахрдағы ірі күшке айналды. Бірақ олар өздерінің одағын жеке бастарынан мүддесі үшін пайдаланды, көбінесе байлықтың молаюы үшін басып алу, жаулау, тартып алу саясаттарын жүргізді,
Токлуг-Темір қайтыс болған соң Мавреннахрдан қуылған Ильяс Ходжа қайтадан Мавреннахрға шабуыл жасауға даярланды. Хусейннің мен Темір армия жинақталды. Тарихта «грязевой битвы» /Балшықты урыс/ деген атпен енген бұл шайқас Чиназ мен Ташкент арасында болды. Ұрыс кезінде қатты жауын болып жабысқақ балшық болып тайғақтан аттар құлады. Темір мен Хусейн жеңіліп екі эмирде ұрыс алаңын тастап қалған әскермен Самарқандқа, сосын оңтүстікке Амударияға қарай түсіп Балх облысының жеріне келіп тығылды, екі билеушінің мұндай әрекет жаудың Самарқандқа жолын ашып берді. Самарқанд ол кезде не қорғаныс қабырғасы, не цитаделі жоқ жаудан қорғанатын жері жоқ қала болды. Хусейн онда не гарнизон, не әскери басқарушылық қалдырмады. Ежелгі қаща тұрғындары басқарусыз, қорғансыз қалып, жеңімпаз Ильяс Ходжаның тонауына қалдырды. Қалада осы кезде азғана сербедарлар тобы болды. Бұл дәуірде Солтүстік Шығыс Иран жерінде сербедарлық өте кең тараған еді, ал көбінесе Хорасан мен Мавреннахрда. Бұл сол кезде өз алдына ерекше мақсат, туған жерін моңғолдар езгісінен босатуды мақсат еткен ағым болды. Сербарлар қаладағы демократиялық топтардың қолдануына ие болды, әсерісе қолөнершілер мен оқушы жастар, дүкен қызметкерлер, ала қала сыртында шаруалар және орта жер иелері қолданды. Тек қана феодалдық аристократия, мұсылман дін иелері ғана және ірі көпестер моңғолдардың тіртібін жақтап, сербедарлыққа қарсы болды. Бірақ феодалдық аристократия ішінде әсіресе жас оқыған жастар арасында сербедарларды қолдады. Сербедар ілінетін ағаш, яғни моңғолдардың алдына арқанды төсегенде, оданда ағашқа асылып өлгеніміз артық деді8. Сербедарлар ішінде сол жаққанатты ағым болды. Олар қаладағы және селодағы бұхара халықтың жағдайының түзетуді, жеңілдетуді армандады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz