Сабақ кезінде математикалық түсініктерді дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сабақ кезінде математикалық түсініктерді дамыту.

Баланың жеке басының қалыптасуы және оның ақыл - ойының өсуі әр түрлі әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Бала өмірінің бірінші күнінен бастап, өзінің дамуына ықпал жасайтын және онымен эмоциялық қатынаста болаты адамдардың қоршауында болады. Сондай-ақ баланы қасиеттері мен сапалары әр түрлі көптеген заттар қоршап тұрады. Бөбектің өзін қоршаған ортаментанысуы және қабылдаған объектілеріне талдау жасауы үшін айтарлықтай үлкен мүмкіндіктері болатынын зерттеулер көрсетті. Бұл үнемі өзгеріп отыратын әрекет компоненттеріне оның бейімделуін қамтамасыз етеді.

Әр түрлі өнімсіз және өнімді әрекеттер процесінде сәби жастағы балаларда өздерін қоршған әлем жөнінде: заттар әлемінің әр түрлі белгілері мен қасиеттері - түсі, формасы, шамасы, заттардың кеңістіктегі орналасуы, олардың саны туралы, сондай-ақ адамдардың қарым-қатынастары жөнінде түсініктер қалыптаса бастады. Элементар математикалық түсініктер мен алғашқы ұғымдардың қалыптасуына негіз болатын сенсорлық тәжірибе біртіндеп жинала береді.

Мынадай сұрақ туады: баланың өздігінен дамуына жағдай жасаған жөн бе немесе олардың қоршаған әлемді танып білу процесіне басшылық жасап отыру қажет пе?

Оқыту мен дамыту проблемасы көптеген елдерде әлі күнге дейін шешілмей келеді. Бұл проблема бойынша психологтардың ХҮІІІ Халықаралық конгресінде (1966) жарыс сөздің өте қызу өткені кездейсоқ емес. Мұның себебі неде?

Буржуазиялық педагогика жақын жылдарға дейін баланың ішкі себептері арқылы даму позтциясы жағында болды. Әдетте, балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктері нақты анықталды және осыған сәйкес мектеп программалары жасалды. Алайда ғылым мен техниканың қарқындап өсуі бұл програмалардың шектеулігін және жетілдірілмегендігін ашып берді. Мектепте білім беру дәрежесін көтеру, демек түрлі жас кезеңіндегі балалардың мүмкіндіктерін де қайта қарау қажет болды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы буржуазиялық педагогикалық әрқашан да ішкі себептермен пайда болған процесс ретіне қарастырылды және бұл жастағы балалар үшін қатаң бағдарламаның қажеттігі теріске шығарылды. Ал мұндай көзқарастар қоғам талаптарына қарама-қайшы келді, сондықтан көптеген елдерде ең алдымен білім мазмұны бойынша кең эксперименттердің нәтижесінде ғалымдар бір ауыздан, мектеп жасына дейінгі балаларды да қоса алғанда, балалардың танымдық мүмкіндіктері бұрынғы ойлағандағыдан гөрі едәуір кең деген қорытындыға келді.

Енді бұл мүмкіндіктерді қалай барынша орынды пайдалануға болады деген жаңа мәселе туды. Оқыту мен даму проблемасын жаңаша қарастыру қажет болды.

Совет психологиясы мен педагогикасы маркстік - лениндік ілімге сүйене отырып, дамуды адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеру процесі ретінде қарастырылады.

Адам баласы жасап шығарған білімдерді игеру барлық психикалық функцияларды қайта құруға мүмкіндік береді, баланы дамудың жаңа сатысына көтереді. Бұдан оқыту дамудың алдында жүруге тиіс деген қорытынды шығады. Оқытуда бала әрқашан нені істей алуға қабілетті болса, соған ғана емес, бала үлкендердің көмегіне, олардың басшылығына сүйенеді.

Белгілі совет психологы Л. С. Выготский әрқашан «ең жақын даму аймағына» қарап бағдарлану керек деп атап көрсетті. Ол былай деп жазды: « . . . біз тек бүгінгі күнге дейін аяқталған даму процесін ғана, оның аяқталған циклдарын ғана, пісіп-жетілудің атқарылған процестері ғана емес, сонымен бірге қазір қалыптасу жағдайында тұрған енді-енді пісіп-жетіле, дами бастаған процестерді де есепке алуымыз мүмкін».

Оқыту осы арқылы дамуды бастайды, дамудың қайнар көзі болып табылады.

Кеңес психологтары мен педагогтарының бұл көзқарасы басқа бағытар өкілдерінің көзқарасына, мысалы, оқыту мен дамуды бір деп қарайтын американ психологы Э. Торндайктің және осы екі процесті айырып алатын, оқыту спонданты даму барысында ықпал етпейді деп есептейтін швейцариялық психолог Ж. Пиаженің көзқарастарына қарсы тұрады.

Оқыту мен дамуды неге бірдей деуге болмайды? Бұлай істеу теріс болатыны мынадан: өзара байланысты осы процестердің әрқайсысының өзіндік заңдылықтары бар. «Оқу процесінің бұл сыртқы заңдары дамудың оқытумен өмірге келетін процестері құрылымының ішкі заңдарымен мүлде сай келеді деп ұйғару өте үлкен қателік болар еді, - деп жазды Л. С. Выготский. алғашқы танысу мен білімге ие болудың арасында бірталай уақыт өтеді. «Бала нақты пәе бойынша ең алдымен белгілі дағларға ие болады, ал оларды практикада өз бетімен және саналы түрде қолдана білуге кейінірек дағдыланады». Білімсіздіктен білімге өту кезеңінде ішкі психикалық процесс жүзеге асады, яғни даму жүреді.

Бірақ ғылым мен техниканың тез өсуі педагогиканың алдына тағы бір проблема қойды: мектеп программасы ғылымның шапшаң дамуынан қалып қоймауға тиіс - олар соншалықты тез қайта құрыла алмайды. Сондықтан оқушылар оқу процесінде де, мектепті бітіргеннен кейін де өз бетімен білім ала білуге үйренуі тиіс. Олар ғылым мен техниканың дамуын үнемі қадағалап отыруға үйренуі керек. Демек, оқыту процесінде балаға ерте жастан бастап тек дайын білімді ғана беріп қоймай, оның ақыл-ой қабілетін де дамытып отырудың маңызы зор. Осыдан талдау, синтездеу, салыстыру, абстракциялау, жалпылау, жіктеу, сериялау және т. б. сияқты ойлау оперияцияларын қалыптастыруға, сондай-ақ танымдық ынтаны бақылауды, сөзді дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың дамып келе жатқан методтарын пайдалану қажеттігі жөнінде қорытынды келіп шығады.

Алайда ойлау білім алу негізінде ғана жемісті өсіп-жетілетінін ұмытуға болмайды. Көрнекті совет психологтарының бірі П. П. Блонский былай деп жазды: « . . . Егер де соңғылары болмаса, онда ойлаудың дамуы үшін негіз де жоқ және ең соңғысы да қажетті мөлшерде пісіп-жетіле алмайды».

Дайын білімді бала терең ой жүгіртпей-ақ еске сақтау арқылы меңгеріп алатыны белгілі. Міне, сондықтан да совет педагогикасы мен психологиясында оларды жете түсініп меңгеру қажет екендігі атап көрсетілген.

Тек есте сақтау арқылы үстірт меңгерілген білім өмірде де пайдаланылмайды. Білімді текесте сақтау арқылы ғана меңгерген оқушы жауап беруге әрқашан әзір болады, себебі ол береін жауабына күмәнданбайды. Әдетте мұндай оқушы жауап берген кезде кемшілігі байқадса, қатты таңданатын болады. Егер оқушы білімді түсініп меңгерсе, ол жауап берер алдында қайтаратын жауаптарын өзі тексеруден өткізіп алады. Осы мәселе бойынша П. П. Блонский былай деп жазды: «Тексерсіз меңгеру - сананың жай есепсіз жасаған жұмысы; өзін-өзі тексеруден өткізіп меңгеру-ойлаудың бақылауында жұмыс істеген сана».

Демек, оқыту процесінде дамуға басшылық жасай отырып, оқушылардың назарын мңгерілетін материалдың тек мазмұнына ғана емес, орындалу әдістеріне де аудару қажет.

Педагогтың міндеті - балалар әрекетін ұйымдастыру, өйткені бала тек әрекет үстінде ғана жетіледі. Баланың алдына қандай да бір міндет қойылса, онда сол міндетті шешуге талпыныс пайда болады. Бірақ ол мұны әрекеттің, мінез-құлық пен ойлаудың жаңа әдістерін меңгергенде ғана іске асыра алады. Сондықтан қажеттілік пен мүмкіндіктің арасында, белгілі мен белгісіздің арасында қарама-қайшылық кездеседі. Бұл қарама-қайшылық дамудың қозғаушы күші болып табылады.

Сонымен, педагогтың бағыттаған әрекеті арқылы оқыту баланың психикалық жағынан өсуіне әсер етеді.

Соңғы он жылдықтарда баланың ақыл-ойының даму проблемасына көптеген зерттеулер арналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде ойын технологиясының мазмұны, міндеттері және ерекшеліктері
Қарапайым түсініктер. Сандар номенклатурасы
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балабақшада қарапайым математика сабақтарын өткізу технологиялары
Баланың шығармашылық зияткерлігін дамыту
Бірінші сыныпта қарапайым түсініктерді оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz