Қарақат


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1c/Ribes_rubrum2005-07-17.JPG/300px-Ribes_rubrum2005-07-17.JPG

http://bits.wikimedia.org/skins-1.18/common/images/magnify-clip.png Қарақат ( Rіbes) - тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін 11 түрі бар. Биіктігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3 - 5 қалақшасы болады. Гүлі ұсақ, екі үйлі, көбінесе қос жынысты кейде дара жынысты. Маусым - шілде айларында гүлдеп, шілде - тамызда жемісі піседі. Жемісі - жидек. Жеміс шоғында 2 - 18 түйір жеміс болады. Жеміс құрамында 12 - 20% құрғақ зат, 78 - 83% су, 5 - 10% қант, 2 - 4% түрлі қышқылдар, витаминдер (В 1 , С, Р), сондай-ақ пектин, илік заттар, минералды тұздар бар. Қара қарақатты халық медицинасында кеңінен қолданады. Жидегі тәбет ашады, тер шығаратын және несеп жүргізетін қасиеті бар. Жидегі организмде витамин жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы. Қызыл және жабайы қарақат тек жемісін жинау үшін емес, будандастыру арқылы жаңа сорттар шығару үшін де пайдаланылады. Жидек ретінде қара, қызыл және ақ қарақат көп өсіріледі. Негізгі зиянкестері: бүршік кенесі, өрмекші кенесі, жылтыр көбелектер ; ауруы : ақұнтақ кеселі .

Қарақат (қой қарақат, аю қарақат деп екі түрге бөлінеді) барлық жерде кездеседі деуге болады. Қолдан өсірілетін қарақат сорттары осы жабайы қарақаттай шығарылған. Республикада - Жалпы сырт қыратында, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Жоңғар Алатаулары мен Мұғаджар төңірегінде өседі. Көбінесе орманды дала, өзен-көл жағалаулары мен тау беткейлерінде, ылғалды жерлердің көбінде тамыр жайып, жемістене береді. Қарақаттың биіктігі 100-150 см, бұтақтары тік. Өркендері көктемде бозғылт, күзде қоңыр түске енеді. Жапырақтарының ені 10-12 см, оның үстіңгі беті жылтыр да, астыңғы беті түкті келеді. Гүл шотыры шашақты, бір шоғырла 5-10 гүлден. Күлте жапырағы қызғылт. Жидек пішіні шар тәріздес, түсі қара, хош иісті. Қарақат әр түрлі витаминдерге бай. Оны кейде витаминдердің табиғи және комплексті қоспасы деп те атайды. Жидегінің құрамында 7-11% қант (4% органикалық қышқыл), 0, 68-1, 02% пектиндік заттар, кальций тұзы, темір, фосфор бар. С витамині-300-400 мг %, Р витамині -500, А провитамині -0, 7, В витамині -0, 06 мг % Қарақат құрамындағы С витаминінің мөлшері бүлдіргеннен 5, таңқурай, қарлыған (тұшала) және цитрустік дақылдардан (мандарин, лимон, апельсин) - 7-8, алма мен ал мұрттан -10-12, шие мен еректен -20-40, жүзімнен -100 есе көп. Қарақатты өңдегеннің өзінде оның құрамындағы С витамині сол күйінде (80-90%) сақталады деуге болады. Мысалы, қайнатпа мен компот даярлағанда С витамині 42 - 100%, жартылай мұздатылғанда 40-70% сақталады. Ұрығында 16, 5 процентке дейін май болады. Оны жас күйінде кептіріп те, консервілеп те тамаққа пайдалынады. Жидегінен қайнатпа, қақ (пастила), конфет, мармелад, кисель, ликер және салқын су сындар даярланып, шырын алынады. Бүршігі мен жапырағы кондитер және витамин өндірістерінде кеңінен қолданылады. Қарақат халық медицинасында кеңінен қолданылған. [2]

Кубарчатка қарақатты - Қазақстанда Алтай тауындағы Нарым жотасында , Жоңғар Алатауында өсетін аласа бұта өсімдігі. Өркендері тік. Жапырақ ені 10 см, жапырақ сыртын тегіс жауып тұратын иіс бездерінен хош иіс тарайды. Гүл реңі ақшыл сары. Жидегі шар тәріздес, иісі жағымды. Тау қаражаты - Қазақстанда Тобыл - Есіл бойында, Көкшетау мен Қазақтың қатпарлы тауының шығысында, Тарбағатай , Алтай , Сауыр , Жоңғар Алатауында өседі, биіктігі 1, 5-2 м. Гүлі ұсақ, жасыл-сары. Жидегі шар пішіндес, қызыл.

Янчевекий қарақаты - Қазақстанда Іле , Күнгей , Теріскей , Кетім , Қырғыз Алатауында , Тянь-Шаньның батысында өседі, биіктігі 100-150 см. Ол көбінесе тау беткейлеріндегі тас арасында, орманды белдеуле және тау өзендері аңғарында кездеседі. Жемісі қара түсті, ірі, шар пішіндес, гүлі қоңыр қызыл. Янчевский қарақаты жабайы қарақаттардың ең жақсысы. Өйткені жидегі ірі, дәмді, химиялық құрамы жағынан қарақатпен бірдей.

Тасқарақат (Мейер қарақаты) . Оны көбінесе Янчевский қарақаты өскен жерлерден кездестіруге болады. Жемісті көп береді. Дәмі тіл қуырарлық қышқылтым. Өркені бозғылт сұр, қоңыр сұр. Гүл түсі қоңыр қызыл. Жидегі қара, қара көк.

Хош иісті қарақат - Алтайда өсетін 30-70 сантиметрлік аласа бұта. Тау беткейіндегі таста, мұз көшкіні жүрген жерлерде өседі. Гүлі ақ. Жидегі бозғылт қызыл, хош иісті.

Биік қарақат -2-3 метрлік өсімдік. Жапырағының ұзындығы 3-6 см, түсі қоңыр-жасыл, жылтыр. Өркен қабығы қызғылт - қоңыр. Жидегі қара қоңыр. Жидегі тамаққа пайдаланылады. Шырын алынып, бояуға қосылады. Мәдени сортын шығаруда селекционерлер біршама жұмыстар атқаруда.

Қоңыр-қызыл тау қарақаты мен әртүрлі түкті қарақат та республика территориясының Шығыс аймағында кездеседі. Біріншісі 1 -1, 5 м, екіншісі 30-70 см келетін аласа бұта өсімдіктері. Жергілікті жерлерде тәтті шырын алуға кеңінен пайдаланылады.

Қарақаттай жасалған қайнатпа

Қарақаттай жасалған қайнатпа -құнды диеталық және емдік тағам. Піскен жидектерін жапырағынан тазалап, суық суға шайып, қағазға не таза матаға жайып кептіреді, одан кейін кастрюльге салып ағаш қасықпен (темір қасықпен емес) жақсылап жаншиды немесе елеуіші тот баспайтын арнаулы үккіш машннада үгеді. Алынған массаны құмшекермен (қара қарақаттың 1 өлшем бөлігіне - құмшекердің 11Б - 2 өлшемі келетіндей) мұқият араластырып, дереу таза құрғақ банкіге салады да, бетіне қалыңдығы 1-1, 5 см құмшекер себеді. Аузы пергамент немесе қақпақпен жабылған батсайы құрғақ салқын жерге қояды. Осы тәсілмен даярланған қайнатпа жаңа жеміс піскенше витаминін бойында сақтайды. Мұндай қайнатпаны шаймен ішіп, кисель, самса, басқа да тәтті нан тағамдарын жасарда қосуға болады.

Жеміс-жидек соусы

Қарақаттан жасалған 2 ас қасық қайнатпаны не джемді 1/2 шай қасық қышаға араластырып, оған 1 ас қасық портвейн, лимон және апельсин шырынын қосып (дәмі татығанша), елеуіштен үгіп өткізеді. Лимон немесе апельсин қабығын жұқалап кесіп (жарты ас қасық), қайнаған суға жидітеді. Ұсақтал кесілген жарты шалқан пиязды қайнаған су құйып жидітіп алған соң, осының бәрін салқындатып және соус араластырып бұлғайды. Бұрыш қосуға (дәмі татығанша) болады. Одан кейін қуырылған үйрек, қаз еті мен басқа да жабайы құс еттерімен бірге столға қояды.

Қарақат киселі

2 стақан тазартылған және жуылған жемісті жаншыл, оған 1 стақан қайнатылған суық су құйған соң елеуіштен өткізеді немесе дәкеге салып шырынын қосып шығарады. Сығындының үстіне 3 стакан су құйып, 5 минут қайнатады да сүзіп алады. Алынған қайнатпаға құмшекер (1, 5 стакан) салып, қайта қайнатады да, үстіне суық суға араластырылған картоп ұнын еселеп. Осының бәрін араластыра отырып қайнағанға дейін отта ұстайды.

Қарақаттың шырынын алу

Жаңа жиналған жидектерді тазалап, ептеп салқын сумен жуып, шөлмекке салады. Оған құмшекер салып (1 кг жидекке 1, 5-2 кг құмшекер), шөлмекті шайқап тағы да құмшекер қосып, таза мақталы дәкеге орап, шөлмек аузын тығындайды да, жарық түспейтін салқын жерге қояды (қараңғы жерде витамині жақсы сақталады) . Егер шырын аши бастаса тағы да қант салу керек. Осы әдіспен даярланған қарақат шырынында барлық витаминдер мен басқа да заттар өз қалпында бұзылмай сақталады. Шырынды керек уақытында ішіп, жидегін кисель, компот жасауға пайдалануға болады.

Қарақат жидегін консервілеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қара қарақат жемістерінің химиялық қасиеттерін зерттеу
ҚАРА ҚАРАҚАТ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жидекті дақылдар
Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Алматы облысының табиғи климат жағдайы
Қазақстан өңірінде жабайы түрінде кездесетін таңқурай мен қара қарақаттың in vitro жағдайындағы өсу ерекшеліктері
Клондық микрокөбейту әдістері
Гүлді өсімдіктердің аурулары жайлы
Жидек дақылдарының аурулары
Питомник орналастыратын ауданның табиғи жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz