Саентология біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету



Кіріспе

І. Саентологияның негізінің қалыптасуы
1.1. Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдардың пайда болуы мен ерекшеліктері
1.2. Л. Р. Хаббард және саентология ағымы

ІІ. Саентологияның пайда болуы мен негізгі ерекшеліктері
2.1. Саентологияның пайда болуы мен негізінің қалыптасуы
2.2. Саентология ағымының негізгі ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Курстық жұмыстың өзектілігі: Дәстүрлі емес діни қозғалыстар Батыс қоғамында пайда болған және пайда болуда. Бұлардың шығуының өзі күрделі әрі басты екі факторға байланысты: бірінші материялдық, екіншісі рухани. Біздің елімізде бұған материалдық, рухани және бірге діни (ақпараттық) факторлар әсер етуде.
Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болған тақырыптардың бірі- дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Олардың ерекшеліктері, түпкі мақсаттары, қоғамға зияны және миссионерлік іс-әрекеттері жұмысымыздың арқауы болып отыр. Солардың бірі саентология ағымы. Мен қазіргі қоғамдағы кең жайылып отқан саентология ағымын курстық жұмысыма тақырып етіп алдым.
Саентология елімізге тәуелсіздік алғаннан кейін келген. Ал, жаппай миссионерлік әрекеттерін 1994-1996 жылдардан басталады. Содан бері соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда осы діни секталарға жарты миллионнан аса Отандасымыз кіріп кеткен. Саентологияның Қазақстандағы миссионерлік әрекеттері күннен-күнге күшейуде. Бұған басты себеп біздің «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңы және елімідегі дәстүрлі діндердің қорғансыздықтары мен селқостықтары.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі бұл- саентологияның қызметтерін заңды түрде ретке келтіру керек. Себебі олардың әрекеттері қоғамда негативті пікірлер мен көзқарастар туғызып, миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп, халқымыздың болашағына қауіпті болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Саентология біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету. Қоғамдағы басқа діндерге деген көзқарасы мен қатынастарын жан- жақты түсіндіріп беру.
1. Заң газеті. 30.05. 2006. №96. 2- бет
2. www.egemen.kz. Н. Байтенова. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
3. Аллен Апвард «Новый мир» (Allen Upward, «The New World»), 1910 год
4. Серік СЕКСЕНҰЛЫ, САЕНТОЛОГИЯНЫҢ САНДЫРАҒЫ
5. azattyq.org
6. Ж.ӘБДІРАМАНОВ Мемлекет тұтастығына дәстүрлі емес діни ұйымдардың кері әсері
7. Sektoved.ru,
8. Нағима Байтенова. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
9. Талғат Ғалымжан, Самсаған секталар мен сансыраған саналар…
10. Құралай Рахымбай, Бүлінген Батыстың бүлдіргісі де қауіпті…
11. http://www.sarap.kz/ Ақпарат көзі: http://nurastana.kz/?p=781#more-781
12. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Шіркеу атын жамылған миссонерлер
13. Ескендір ТАСБОЛАТ, «Ислам және өркениет»
14. Ершат АҒЫБАЙҰЛЫ, Секталардан сақтанайық
15. Мұхтар Мұхаммеджан, Сандырақтаған саентологтар
16. Мұрат Телібеков, ТУРА ЖОЛДАН ТАЙДЫРҒАН СЕКТА

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

І. Саентологияның негізінің қалыптасуы
1.1. Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдардың пайда болуы мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-9
1.2. Л. Р. Хаббард және саентология
ағымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .10-15

ІІ. Саентологияның пайда болуы мен негізгі ерекшеліктері
2.1. Саентологияның пайда болуы мен негізінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-19
2.2. Саентология ағымының негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...20-22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3-24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Дәстүрлі емес діни қозғалыстар Батыс
қоғамында пайда болған және пайда болуда. Бұлардың шығуының өзі күрделі
әрі басты екі факторға байланысты: бірінші материялдық, екіншісі рухани.
Біздің елімізде бұған материалдық, рухани және бірге діни (ақпараттық)
факторлар әсер етуде.
Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болған тақырыптардың бірі-
дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Олардың ерекшеліктері, түпкі мақсаттары,
қоғамға зияны және миссионерлік іс-әрекеттері жұмысымыздың арқауы болып
отыр. Солардың бірі саентология ағымы. Мен қазіргі қоғамдағы кең жайылып
отқан саентология ағымын курстық жұмысыма тақырып етіп алдым.
Саентология елімізге тәуелсіздік алғаннан кейін келген. Ал, жаппай
миссионерлік әрекеттерін 1994-1996 жылдардан басталады. Содан бері соңғы
статистикалық мәліметтерге қарағанда осы діни секталарға жарты миллионнан
аса Отандасымыз кіріп кеткен. Саентологияның Қазақстандағы миссионерлік
әрекеттері күннен-күнге күшейуде. Бұған басты себеп біздің Діни сенім
бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңы және елімідегі дәстүрлі
діндердің қорғансыздықтары мен селқостықтары.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі бұл- саентологияның
қызметтерін заңды түрде ретке келтіру керек. Себебі олардың әрекеттері
қоғамда негативті пікірлер мен көзқарастар туғызып, миссионерлік
әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп, халқымыздың болашағына қауіпті болып
отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Саентология біздің елімізге
келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен
арақатынастарын ашып көрсету. Қоғамдағы басқа діндерге деген көзқарасы мен
қатынастарын жан- жақты түсіндіріп беру. Мен курсық жұмысымның мазмұнын ашу
мақсатында өз алдыма мынандай міндеттер қойдым:
1. Жалпы дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттардың пайда
болуы мен Қазақстанға келуі.
2. Саентология ағымының пайда болуы мен сенім негіздерінің
ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, негізгі
бөлімді құрайтын екі тараудан, қорытынды бөлімі мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, жалпы көлемі 25 беттен құралған.

І. Саентологияның негізінің қалыптасуы
1.1. Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдардың пайда болуы мен ерекшеліктері.
Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болған тақырыптардың бірі-
дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Бүгінгі таңда республикамызда тіркелген
1001 конфессиялар мен діни бірлестіктердің жартысынан көбін осы дәстүрлі
емес діни қозғалыстар құрайды . Дәстүрлі емес діни қозғалыстар Батыс
қоғамында пайда болған және пайда болуда. Бұлардың шығуының өзі күрделі
әрі басты екі факторға байланысты: бірінші материялдық, екіншісі рухани.
Біздің елімізде бұған материалдық, рухани және бірге діни (ақпараттық)
факторлар әсер етуде.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың елімізге тәуелсіздік алғаннан кейін
келген. Ал, жаппай миссионерлік әрекеттерін 1994-1996 жылдардан басталады.
Содан бері соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда осы діни секталарға
жарты миллионнан аса Отандасымыз кіріп кеткен. Бұл дәстүрлі емес діни
қозғалыстардың Қазақстандағы миссионерлік әрекеттері күннен-күнге күшейуде.
Бұған басты себеп біздің Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
туралы заңы және елімідегі дәстүрлі діндердің қорғансыздықтары мен
селқостықтары.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі бұл- дәстүрлі емес
діни қозғалыстардың қызметтерін заңды түрде ретке келтіру керек. Себебі
олардың әрекеттері қоғамда негативті пікірлер мен көзқарастар туғызып,
миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп, халқымыздың болашағына
қауіпті болып отыр.
Дін (араб. دﻴﻥ, лат.religio- құрметті, діншілдік, тақуалық)- адам
пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір
сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана- сезімінен тысқары тылсым
дүниеге қатынасы. Адамзат танымының дүие мен жаратылысқа деген көзқарасын
айқындайтын мифология, философия және ғылымның ерекше өзіндік бір тұрпаты.
Адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт,
ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс[1].
Дәстүрлі діндерден ХІХ- ХХ ғасырларда екінші дүние жүзілік соғыстан
кейін Батыс қоғамында көптеген өз алдына дербес жаңа діни қозғалыстар
пайда бола бастады, олардың нақты санын анықтау мүмкін емес, себебі олар
күннен- күнге көбеюде. Әлемде жүз алпыс миллионнан астам адам өздерін осы
діни қозғалыстардың мүшесіміз деп санайды. Дәстүрлі емес жаңа діни
қозғалыстар туралы ғылымда қалыптасқан ортақ бір атауы жоқ, діни- танымдық
журналдарда, газеттер мен басқада бұқаралық ақпарат құралдарында және
дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде: тоталитарлық секталар, іріткі салушы
топтар, дәстүрлі емес діни ғұрыптар, жаңа діни қозғалыстар- деген
әртүрлі тіркестермен беріліп жүр. Қазіргі қоғамда бұл құбылысты діни
секта деген жалпылама атау берілуде. Бұл зерттеуде дәстүрлі ұлттық
құндылықтар мен діни көзқарастар тұрғысында қарастырылады. Діни секта
термині дінтануда дәстүрлі емес діни қозғалыстар,- деп әлеуметтік
мағынада қолданылса, ал құқықтануда бұл термин діни ұйым, діни бірлестік,
қонфессия, деноминация ретінде қабылданады. Заңнамада секта термині
қолданылмайды. Енді біз діни сектаға қатысты әлеуметтік және құқықтық
тұрғыдағы көзқарастарға тоқталып өтейік:
Секта сөзі (лат. secta- ой жүйесі, ілім, бағыт,)- қайсібір діннің өз
ішінде оппозициялық топ. Шіркеуде болып жатқан түрлі жағдайға көңілі
толмай, әдетте ерекше деп танылған, кейде шектелуге, тұйықтыққа, негізгі
діни бағыттан қол үзушілікке бастайтын топ. Секта ежелгі гректерде де
αίςεσις- ілім, бағыт, мектеп ұғымын білдірсе, этимологиялық мағынасы
латынның sequi яғни, артынан еру, бағыну деген сөзінен шыққан. Соңғы
кезде Батыс дінтанушы ғалымдары алғашқы екі ұғымды (жалған ілім,
күпірлік) синоним ретінде қолданып жүр .Секта сөзі В.И. Дальдің
терминологиялық сөздігінде, секта- жеке қауымдастық, дәстүрлі және әлемдік
діндерден бөлініп шыққан діни ілім. Д.Н. Ушаков құрастырған сөздікте:
1.Дәстүрлі діндерден өз дербестігін алған діни ілім немесе түрлі әлеуметтік
топтардан құралған ұйым; 2.Біз және басқалар деп қоғамнан бөлектеніп,
өздерінше тұйық өмір сүрушілер. Құқықтану да секталардың қоғамдағы
әрекеттеріне қарай деструктивті немесе тоталитарлы секта деген терминдік
атау берілген. Деструктивті секта- дәстүрлі діндерден бөлінген оларды дін
ретінде мойындамайтын, жеке көзқарастарымен діни догматикаларын
қалыптастырған, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы және қоғамдық құрылыстарға
кері әсерін тигізуші тар шеңберлі көзқарастағы адамдардан құралған топ.
Тоталитарлы секта- басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық
әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі
манипулияциялық амалдармен жаншып, тоталитарлық жолмен бағындыруға
тырысады[2].
Қорыта айтқанда дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар
қоғамдық, ғаламдық деңгейдегі саяси, әлеуметтік, демографиялық, діни алпы
мәдени факторлардың себебінен пайда болған және пайда болуда. Батыс
қоғамында оның адамдар арасында жаппай тарап өріс алуына тек рухани фактор
әсер етуде, себебі ондағы шіркеу заман талабына сай адамдардың рухани
сұранысына жауап бере алмай отыр.Соңғы кездерде дәстүрлі емес діни
қозғалыстарға көптеген классификациялар беріліп жүрседе, жіктелуі туралы
ғылымда ортақ жүйе қалыптаспаған, оның себебі мәселенің күрделілігінде.
Кейбір дінтанушы ғалымдар немесе зерттеушілер бір діни сектаны белгілі бір
топқа жатқызса, екінші бір зерттеушілер оны басқаша жіктейді. Дінтану
ғылымында діни секталарды генетикалық шығу тегіне, дүниетанымдық
негіздеріне қарай шартты түрде топтастыру қалыптасқан. Заманауи тәртіпке
қатысты дәстүрлі емес діни қозғалыстар үш топқа бөлінеді: дүниеге
төзімділікпен қарайтын яғни, дүниелік заңдармен саяси- әлеуметтік
қағидалардан тыс олардың үстінде тұратын кемел қоғам құру идеясын
қолдамайтын діни секталар. Бұл топқа тантралық бағыттағы діни және
дүниетанымдық ілімдер жатады. дүниені жоққа шығаратын дәстүрлі емес діни
ағымдарда негізгі мәселе дуалистік ілімдерінде немесе әлемде өзара күресуші
бітіспейтін ізгілік пен зұлымдық секілді екі күш бар, мәңгілік ізгілік
орнайды деген эсхотоллогиялық сенім. Мәселен бұған армагедон идеясына
байланысты Иегова куәгерлерін және жалған христиандық (псевдохристианство)
бағыттағы Виссарион шіркеулерін жатқызуға болады. дүниені түзетуші діни
секталар дүниені мүлдем жоққа шығармай, ондағы зұлымдық пен күресуге күш
салады. Адамның интелектуалдық қабылетін арттырудың әдіс- тәсілдерін
ұсынады. Бұл топқа Саентология шіркеуімен Бірігу шіркеулері жатады.
Генетикалық принцптері бойынша діни секталарды заманауи
дінтанушылар мен әлеуметтанушы ғалымдар: А. Баркер, Э. Бенса, Ч .Глока, М.
Йингер, В. Уильсон, М. Элида және т.б. еңбектерінде: Дәстүрлі емес діни
қозғалыстардың пайда болуы ерте замандағы өркениеттерден бастау алған.
Поленезияда, Солтүстік Америка үндістерінде, Африка құрылығымен Малайзияда
бұдан жүздеген жылдар бұрын мәдениеттердің өзара қақтығысынан, қалыптасқан
өмір сүру нормативтерінің бұзылуы және сана- сезімнің езілуі слдарының
сондай- ақ миссионерлік прозелитизм салдарынан пайда болған[3].
Осы дәстүрлі емес діни қозғалыстардың генетикалық принцптеріне қарай
классификациялануы туралы ғалымдар жан- жақты пікір ұсынады. Мысалы
психолог Маргарет Тэлор Сингер: неохристиандық діни топтар; шығыстық және
үнділік діни топтар; оккульттік, магиялық және сайтанға табынушылар тобы;
спиритуалдық топтар; шығыстық мистикалық- философиялық бағыттағы Дзендік
топтар; нәсілшілдік топтар; психологиялық немесе психотерапевтік топтар;
саяси топтар; діни- психологиялық топтар.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар өзіндік ерекшеліктерге ие. Оған кірген
адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып, адам отбасында ата-анасы,
бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап дәлелдеумен
әуреге түседі, эгоизмге бой алдырып, тіпті кейбір діни секта мүшелері жеке
мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншікке қосады, жеке өмірден бас тартып
коммуналарға (ұжымдық, қауымдық, отбасылық өмір) барып тұрады. Бұл дәстүрлі
отбасылық өмірді өзгерту. Мемлекет заңдарын сыйламау, қоғамдық әдеп
қағидалары мен ұлттық дәстүрге немқұрайлық, жеккөрушілік, жоққа шығару, өз
сенімдерін абсолютті ақиқат ретінде дәріптеу және ол ойларын жасыру,
ғылымнан тыс танымдарға жүгіну, адам санасын бақылаудың түрлі әдіс-
тәсілдерін (адамға зиянды) қолдану, қоғамнан біз және басқалар немесе
өткен өмірдің бәрі жалған күнәһарлық, бұдан кейінгі өміріміз ақиқат- деп
оқшаулану діни секталарға тән ортақ ерекшеліктер[4].
Сонымен дәстүрлі емес діни қозғалыстарға тән ортақ ерекшеліктерді
атап көрсетсек: харизматикалық көсемдік- сектаның негізін салушы жоғарғы
құдіреттен немесе тылсымнан келген күш иесі, онда құдайлық немесе ерекше
даналық бар, сондықтан оның билігіне мүлтіксіз мойынсыну керек;
сенімдерінің абсолютті ақиқатығына беріктік, басқа сенімдерге деген
төзімсіздік, ұлттық құндылықтарды ескермеу, жеккөрушілік; сыртқы
көріністік: барлық сенім және ғұрыптық ерекшеліктер ізгі мақсаттар үшін;
құпиялық- түпкі мақсаттары мен іс-әрекеттерінің салдарын жасыру, ішкі өз
мүшелеріне және сыртқа арналған екі мақсаттағы доктриналардың болуы, секта
мүшелерінің басқа ақпарат алуына мүмкіншілік бермей шектеуде ұстау;
дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарынының мәтінін өз сенімдеріне сәйкес
өзгеше түсіндіру; секта мүшелерінде жаңа өзіндік менталитет қалыптастыру
үшін, адам санасын бақылаудың түрлі әдіс

1.2. Л. Р. Хаббард және саентология ағымы.

Алдымен саентология деген қандай ұйым деген сұраққа жауап бермес
бұрын, осы ілімнің әкесі де шешесі Лафайет Рон Хаббард жөнінде сөз
қозғасақ. 1911 жылы АҚШ-тың Небраска штатында туған Л.Р.Хаббард мектеп
қабырғасында пайғамбарлық қасиеттерін танытпаған. Партаның соңында
сөлпиіп отырып, үш те болса күш деп көптің бірі болған бала университетте
де жарытып оқымаса керек. Ақыр аяғы бір дипломға да қолы жетпеген Рон өз
бетінше ақша табудың түрлі жоспарларын жүзеге асыра бастайды. Алайда оп-
оңай олжаға кенелтеді деген жобалары құрдымға кеткен соң, ол ғылыми-қияли
жанрдағы кітап жазуға кіріседі. Рон Хаббард өз өмірінде 500-ден астам шимай-
шатпақ жазып үлгерсе, оның Өлім карнавалы, Адам өлтіргіштер патшасы
секілді кітаптарының аттары-ақ Ронның адами көзқарасын бағалауға мүмкіндік
береді. Ал саентология саласында ол ақырғы үрім-бұтағына дейін жетерлік
мұра қалдырған. Айталық, бұл мұра - 3000 лекция, 84 фильм, 3
энциклопедиялық сериядан және 40 миллионнан астам сөзді құрайды. Осы жерде
Рон Хаббардтың әскер қатарында болған кезінде контр-адмирал Брайсеттің оның
қызметке сәйкессіздігі жайында жазған рапортын еске алып өтуге болар. Мұнда
...Бұл офицер қалып­тасқан жағдайды бақылау, көшбасшылық және біріккен
қимылдарға икемділік секілді қасиеттерден мүлдем ада. Ол өз қадамдарының
қандай сал­дары болуы мүмкін екендігі жайында еш ойланбайды делінген.
Әскери диагноздың тура екеніне оның замандастары кейіннен көз жеткізді.
Дианетика мен саентологияны ойлап шығарғаннан кейін де оның жаны еш
тыныштамады. Әлемнің біраз елдері оның келуіне тыйым салса, өз Отаны - АҚШ-
та салық органдарының қудалауынан бой тасалаумен болды. Оған көзі тірісінде-
ақ патологиялық суайт, өтірікші, бопсалау­шы деген айыптар тағылып, талай
мәрте сотқа шақырылған болатын. Осындай ит тіршілік кешкен Рон Хаббард 1986
жылдың қаңтарында көз жұмды. Оның 1938 жылы өзінің сол кездегі әйелі
Маргаретке: Мен өз атымды тарихқа қалдырамын деп үміттенемін. Және жер
бетіндегі барлық кітап жойылып кетсе де, атым аңызға айналатындай күшпен
қалдыруым керек, - деп айтқаны шынға айналды. Атың шықпаса, жер өртенің
керін келтіріп, Хаббард өзінің өтірігінің арқасында әлемдегі жағымсыз болса
да, жұрт танитын тұлғалардың біріне айналды[5].
1950 жыл. Гипноз техникасы мен Фрейдтің психоанализі бойынша кейінірек
бас тартқан ескі тәсілдерін қосып, әлгі суайтымыз өткен ғасырдың ең өтімді
тауары - Дианетиканы жазып шықты. Осы жылдан бастап саентологтардың жыл
санауы да өзгерді. Қазір (2009 жыл) оларда Эй-Дидан кейінгі 59 жыл (Эй-Ди
- дианетикадан кейін). Бұл мезетте біраз кітап жазып, қолы жаттығып қалған
Рон Хаббард енді ақша табудың оңай жолы - дін ойлап табу деген ұйғарымға
келген-ді. Осылайша, тек Фрейд­ті тонап қоймай, Корзибский, Отто Ранк,
Нандор Фодор және Дж.Седжер секілді ғұламалардың еңбегінен ұрлап-жырлаған
туындысы шығар-шықпастан талай сыншылардың, ғалымдардың қарсылығына
ұшырады. Бұл кітапты оқып отырып, әлемдегі дін мен философияның ұлы
ұстаздары уақыттарын бекерге зая еткен секілді болып қалады. Адамның бұл
өмірдегі басты міндеті - тірі қалу деген тұжырымдамасы арқылы-ақ оның
ойының орашолақтығы, өзін-өзі сақтау үндеуіне барлық этикалық құндылықтарды
бағындырған жабайы биологизмнен ары аса алмағаны көрініп тұр. Дианетика
ағылшынның Лондонс Ивнинг Стандарт газетінің 1999 жылғы рейтінгісі
бойынша өткен ғасырдың ең нашар жазылған 11 кітабының көшбасшысы екен. Ал
енді саентологияға келсек, бұл сөз лaтынның scio (білу) және гректің logos
(ғылым атауы) сөздерінен құралған. Былайша, Сaентология білім жайындағы
білім деген мағына береді. Саентология дианетиканың одан әрі дамуы
барысында 1952 жылы пайда болды. Осылайша, дін құрсам, діттеген мақсатыма
жетемін деген Хаббард саентологияны жалпақ жұртқа жария етті. Ақиқатында,
саентология арбаушы тәсілдер арқылы сізге эйфория (жан рахаты) сезімін
беретін сеанстар негізінде жұмыс жүргізеді. Саентология атышулы Алистер
Кроули бастаған сатанистер сектасының белді мүшесі болған. 1950 жылы
Дианетика: рух саулығы жайлы заманауи iлiм атты кiтап шығарды.
Саентология діни ағымы осы еңбектен бастау алады.Сектанттардан оларға
қарсы бүкіләлемдік қастандық ұйымдастырылғаны, өзінің таңдаулы екендігі,
сынға қарсы бірден жаугершілік көзқарас танытуды және ұйымға шексіз адалдық
талап етіледі. Олардың айтуынша, ақиқат соларда, қалған адамдар адасып
жүр. Хаббард ізін қуғандардың жымысқы саясаты әлемдік билікті басып алу
және жаһандағы барлық діндерді, ағымдарды түп-тамырымен жою арқылы
саентология үлгісі бойынша қайта құру болып табылады[6]. Саентологияға
сенсек, бұл ілімнің емдемейтін ауруы, жазбайтын кеселі жоқ. Адамның ақылын
толыстырып, кез келген қабілетін арттыруға септесіп, толық рухани бостандық
пен бақытқа жол ашатын көрінеді. Тіпті депрессия, стресс дегендерің былай
тұрсын, наша мен алкоголь­дік тәуелділіктен де алып шығады. Саентологияны
қанша жерден ғылыми дін дегенімен, көптеген елдерде жүргізілген
сараптамалар Хаббард әдістемесінің адам ағзасына және оның психикасына
қиратушы әсері бар екенін дәлелдеді. Саентологиядан іздегенін табамын деген
талай сектант айықпас жүйке ауруына шалдығып, кейбіреуі өз-өзіне қол
жұмсауға шейін барғаны деректерден белгілі. Сөйткен саентологиямыз -
бүгінде қыруар қаржыны жамбасына басқан, әр елде мығым тіректері бар мықты
халықаралық ұйымға айналды. Ордалы жыланның бас отауы - халықаралық
Саентология шіркеуі Лос-Анджелес қаласында орналасқан. Саентологтардың
қазіргі көсемі Дэвид Мискевидж сырттай қатал көрінгенімен, тықыр етсе,
көрпе астына тығылардай қорқақ әрі секемшіл көрінеді. Қашанда суы бар
стаканын пластик қақпақпен жауып жүретін Дэвид жау деп санайтын адамдарының
суреттерін 45-iнші калибрлі пистолетпен атуды жақсы көреді. Осы орайда
Хаббардтың сатанистермен байланысын айта кеткеніміз жөн болар. Рон Хаббард
Саентологияның қалыптастырмастан бұрын сатанизмнің негізін қалаған
американдық Антона Шандора Ла Вей деген философтың шәкірті болған.
Сатантзмге қысқаша тоқтала кетсек.
ОЙЫҢА НЕ КЕЛСЕ, СОНЫ IСТЕ!
Бұл – шайтанға табынушылар-дың басты ұраны. Осындай идеямен аталмыш
сектаның негізін қалаған американдық Антона Шандора Ла Вей деген философ.
Ол, адамдардың ерекше мінездері мен қасиеттерін және зерттеп жүргендердің
басын қосып, 1950 жылы Орден Трапезоида деген ұйым құрады. Бұл ұйымның
басты мүшелері магиямен айналысатындар және адами құндылықтарды жоққа
шығарушылар еді. Өз жақтастарының көптігіне көзі жеткен ол 1966 жылы
Шайтан шіркеуінің негізін салды. Ал, 1969 жылы Шайтан Інжілі (Қара
Інжіл деп те аталады) деген кітап жазды[7]. Ол өз кітабында былай деп
жазды: Біздің барлығымыздың бойымызда шайтан бар. Оны біз дер кезінде
сезініп, тануымыз керек. Барлық ісімізде шайтани бастау болса, біздің
құдіреттілігіміз де осында. Оның бар екенін мақтан тұтуымыз қажет!
Шіркеулерде магиялық жоралғылар арқылы шайтанды шақырамыз. Ла Вейдің осы
сөздерінен-ақ көп нәрсені ұғынуға болады емес пе? Демек, бүкіл шайтани
амалдарды олар жан-тәнімен жақтайды. Шайтанның сарбаздарына адами
құндылықтардың бес тиындық та құны жоқ. Кісі өлтіру, жезөкшелікпен
айналысу, көгілдір болу, ата-анасын сыйламау және оларды қарттар үйіне
өткізіп жіберу сияқты т.б. әрекеттердің олар үшін еш оғаштығы жоқ. Бір
сөзбен айтқанда, олардың ұстанымы – Аллаһ тағала тыйған нәрселердің
ешқайсысынан тыйылмай, харамға бой алдыру. Қабір азабы, жәннат деген
атымен жоқ. Сондықтан, мына өмірдегі рахаттардан ақымақтар ғана бас
тартады. Біз, негізі американдық өмір сүру салтын уағыздап отырмыз. Тек, әр
нәрсені өз атымен атауға олардың дәттері жетпейді,– дейді шайтанның жолына
шақыратындардың басты идеологы. Оларды Қалай танимыз? Ла Вейдің кітабын оқи
отырып, Шайтанға табынушылар кімдер? деген сұраққа былай жауап беруге
болады: Олар барлық діндерге қарсы. Жалпы, адами құндылықтарды мойындамайды
әрі жоққа шығарады. Олар кез-келген ақпаратты, немесе мәліметтерді иеленуге
құмар. Бірақ, барлығын ақиқат деп танымайды. Әлемнің қалай жаратылғанын да,
өлгеннен кейін қайда баратыны жөнінде, тіпті ол туралы ойланудың өзін артық
санайды. Көбінесе мұндай сұрақтарға білмеймін деп жауап береді. Қандай
бір Құдіреттің (Аллаһ тағаланы меңзеп тұрған болу керек. Құдай сақтасын!)
алдында бас имейміз, не үшін біреуге құлшылық жасауымыз керек?– дейді.
Құдайдың алдында өздерінің әлсіз екендіктерін мойындамайды. Оларда
мейірімділік немесе зұлымдық деген түсінік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвентизмнің негізінің қалыптасуы
Қазақстандағы миссионерлік әрекеттер
САЕНТОЛОГИЯ ШІРКЕУІ ДОКТРИНАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну
Қазақстандағы миссионерлік әрекет
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Пәндер