Құм төбелер мен әндететін құмдар жайында

1 Шөл тынысы
2 Күңіренген тастар
3 Әнші құм
4 Құм таудың жұмбақтары
Парсы патшасы Камбистің қалың қолы ілби басып, әрең келе жатады. Төңіректе көз жететін жердің бәрі өркеш-өркеш құм екен. Бұдан басқа ештеңе аңғарылмайды. Біздің заманымыздан бұрынғы 525 жылы Египетті жаулап алып, парсылардың тақсыры бұл елдің абыздарымен ортақ тіл табыса алмайды. Амон пір ғибадатханасының діндарлары бұған өлер кезің тақау деген тақуалық айтады. Сонда Камбис бұлардың сазайын тарттырмақ болады. 50 мың әскері бар қалың қол жорыққа шығады. Патша жауынгерлері Ливия шөлінен өтуге тиіс болады. Жеті күннен кейін парсылар көкорай шалғынды, құрақты Харга көліне келіп жетеді. Ал онан соң... бұлар із-түзсіз жоғалып кетеді.
Ежелгі грек тарихшысы Геродот бұл оқиғаны әңгімелей келіп, былай деп жазады: "Камбис әскерлері алай-түлей құмды бораннан шыға алмаса керек".
Шәл далада соғатын құмды борандар жайында баяндалған жазбалар аз емес. Қай шөлді болса да автомобиль жолдары ерсілі-қарсылы кесіп өтіп жатқан, үстінен барлық бағытта әуе жолдары өтетін біздің заманымызда саяхатшылардың ұлы керуен жолдарында опат болу қаупі жоқтың қасы. Бірақ бұрынғы замандарда не болды екен десеңші...
Алай-түлей боран соқпастан бірлі-жарым сағат бұрын жарқырап тұрған күн өзінен-өзі күңгірттенеді де, әлденемен бүркелгендей болады. Сонау көкжиектен алақандай қара бұлт шығады. Ол көгілдір аспанды бірте-бірте бүркемелеп, тез ұлғая бастайды. Сәлден соң-ақ ыстық жел соғып, бет қаратпайды. Соның ізінше күн батқандай болады. Ыстық құм тиген жерін күйдіріп, тірі жан біткеннің бәрін осқылап екілене соғып тұрады. Шаңқай түсте күн көзі көрінбей, алай-түлей болып жатады. Желдің ысқырығы мен күңірене соққан үні басқа дыбыстардың бәрін өшіреді.
"Адамдар мен жануарлардың тынысы бірден тарыла бастады. Ауа жетпеуге айнадды. Төменнен жоғары қарай үйіріле соққан қызыл күрең кұйын барлық ауаны аспанға алып кеткен сияқты. Көкжиек түгіл қасындағыны көруден қалдың. Жүрегің соғып, бас айнала бастады. Тандай мен кеңсірік әбден құрғап, ауызға құм толды. Менің бағдарлауымша, енді бір сағаттың шамасында осы құмда тұншығып өлетін сияқтымыз". Өткен ғасырда саяхат жасаған орыс жиһанкезі А.В. Елисеев Солтүстік Африка шөлін осылай суреттейді.
Бұл арада құмды борандар самум деп аталады. Ол жайында ел аузында талай қайғылы аңыздар бар. Самум деген сөздің өзі улы, у тілді деген мағына береді. Бұл тегіннен болмаса керек. Мұндай борандарда бүтіндей бір керуендер шынымен-ақ жоқ болып кете берген. Меселен, 1805 жылы самум соққанда 2 мың адам мен 1800 түйені құм басып қалған. Бұл жайлы көптеген авторлар жазып қалдырған. Бір кезде Камбис армиясының түбіне жеткен де осындай боран болуы әбден ықтимал.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰМ ТӨБЕЛЕР МЕН
ӘНДЕТЕТІН ҚҰМДАР ЖАЙЫНДА

Шөл тынысы

Табиғаттың дүлей күштерін көрген адамдардың қайсыбіреулері сол оқиғаларды әсірелеп те айтатын кездері болады. Алайда самумның аса қатерлі құбылыс екенінде дау жоқ. Құмның мейлінше ұсақ, майда ұнтақтары желмен ұшып, адамның құлағына, көзіне, кеңсірігіне, өкпесіне тығылады. Мұнымен бірге соққан ыстық ауа адамның денесін қыздырған үстіне қыздыра береді. Мұндайда тірі жан бір тамшы суға зар болады. Өлімнен құтылудың бірден-бір жолы жер бауырлап жата қалу және басты киіммен орау болса керек деген ой әркімге-ақ келеді. Тынысы тарылған жөне көп реттерде 50°С-тан артық ыстықтан әбден титықтаған жандардың есінен адасып, талып қалатын кездері жиі кездеседі.
Орталық Азияны зерттеуші венгр саяхатшысы А.Вамберидің жол-жазбаларынан мынадай үзіндіні оқуға болады: "Таңертең біз "Адамқырылған" деп аталатын стансаға келіп тоқтадық. Жан-жағымызға көз салуымыз-ақ мұң екен, стансаға бұл атаудың текке берілмегенін аңғардық Көз жететін жердің бәрінде теңіздей толқыған құм жатыр. Одан басқа ештеңе көзге түспейді. Желдің әсерінен кұмның бетінен терең жарықшақтар, ойлауыттар, орлар көрінеді. Кей жерлер теңіз бетіне ұқсайды, теп-тегіс беткейде сусыған құм судың сыбдыры тәрізді. Ұшқан құс, жортқан аң көрінбейді. Тіпті ыстықта шырылдап жүретін шегіртке, ирелендеген күрт та жоқ. Күнге күйіп, ағарандап жатқан сүйек көрінеді, бұдан басқа тіршілік нышанын аңғару мүмкін емес. Бұл жолмен келе жатқандар аяқ алысын жеңілдету үшін әр жерде жатқан сүйектерді сүрлеуге әкеліп тастайды...
Ми қайнаған ыстыққа қарамастан біз күн-түн демей, қатарынан 5 — 6 сағаттан жүріп отыруға мәжбүр болдық. Асығу керек еді: құмнан неғұрлым тез шықсақ, теббад (құм ескен боран) соғу қаупінен соғұрлым оңай құтылатын ретіміз бар. Бұл алапатқа қайтсек те ұрынбауымыз керек. Ол соқты дегенше біз осы төбе-төбе құмнан шыға алмай, соның астында қалдық дей бер...
Енді бір төбеге жақындай бергенімізде керуенбасы мен жол көрсетушілер анадай алыстан шаңды бұлт келе жатқанын нұсқап көрсетті. Олар бізге аяқты ширақ басып, жүрісті тездету керек деп ескертті. Түйеміз өзімізден әлдеқайда шапшаң болып шықты. Олар теббадтың жақындап келе жатқанын бізден бұрын сезіп, жан ұшырды. Бұл жануарлар шөгісімен біз де солардың тасасына тығылдық. Жел гуілдей соғып, коп кешікпей біздің үстімізден құм жүріп етті. Денеме алғаш тиген құм маған отты жаңбыр жауып тұрғандай болып сезілді..."
Саяхатшылардың бұл үрейлі сапары Бұхара мен Хиуа арасында болған екен.
Шөлде ұйтқыған құмды борандардың көбі жоғарыдан соққан циклоңдардан пайда болады. Сонау биікте гулеген жел үрлегенде құмды да ұшыра жөнеледі. Бұл циклондық боран деп аталады. Оның басқа да бір себебі болады: шөл далада күн ысығанда атмосфералық қысым төмендейтін жыл мезгілдері орнығады. Әбден қызған құм жер бетіндегі ауаны барынша ысытады. Осының салдарынан ол жоғары қарай ұмтылып, оның орнын суық ауа алуға тырысады. Бұл ауаның шапшаңдығы әдетте желдің жылдамдығынан да күшті болады. Бұдан барып жергілікті шағын циклондар пайда болады. Олар құмды боранға ұласады.
Памир тауларында мейлінше қатты соғатын ерекше ауа толқындары бар екені аңғарылды. Бұлардың себебі — жер бетіңдегі топырақты таулы аймақтың жарқыраған күн сәулесі мейлінше қатты қыздырса, ауаның жоғарғы қабаттары өте салқын болады. Міне, осы екі түрлі температураның арасындағы күрт айырмашылық асқан зор күші бар ерекше соғатын ауа толқындарын туғызады. Мұндағы желдің соғуы, әсіресе, түскі уақытта мейлінше күшті болады, кейде ол қара дауылға, құм үйіретін борандарға айналады. Ал кешке қарай бұл құбылыс әлсіреп басылады.
Памирдің кейбір аудандарында бұл желдің барынша қатты соғатыны соншалық, тіпті онда қазіргі күннің өзінде керуендердің апатқа ұшырайтын жағдайлары кездеседі.
Бұл мандағы алқаптардың бірі Тажал дала деп аталады. Бұл тегіннен болмаса керек. Төңіректе өлген хайуандардың шашылып жаткан сүйектерін көресің.
Кең-байтақ шөлдерде адамның үрейін ұшыратын тағы бір құбылыс — құм үйірген құйындар. Кейде бұлар орасан зор аймақты қамтиды.
Ыстық құм ауаны 50 және одан да жоғары °С-қа дейін қыздырады. Мұндай ауа қайтсе де жоғары шығуға ұмтылады. Бейне бір серіппенің бойымен ұшқандай ол жел тұрғызып, құмды ұшыра жөнеледі. Әлден соң құм бұлтка ай-налғандай болады. Жер бетінде шыр көбелек айналған бейне бір құмды діңгек қалықтап тұрады. Жолында кездескеннің бәрін құртып, күйын алға ұмтылады, оған үсті-үстіне құм қосылып, барған сайын биіктей береді. Кейде бұл сияқты құйындар бірінен соң бірі соғып өтеді. Мұндай жел ысқыра соғып, бүкіл шөлді басына көтереді; құм айдаған құйындар біріне-бірі соқтығып күйреп жатса, ізінше басқа құйындар пайда болады.
Солтүстік Американың шөл далаларында да құм айдаған қатерлі құйындар соғады. Майн Рид өзінің "Бассыз салт атты" деген романында бұл құбылысты былайша суреттейді: "Сонау алыстағы ну орманның солтүстік жағынан кенеттен бірнеше діңгек пайда бола қалды. Олардың саны оншақты болса керек... Осы орасан зор қап-қара діңгектер қалтқыдай қалқып тұрып алды. Кейде олар өрт шалған жер бетімен сырғанап, мұз айдыныңда коньки тепкен алыптарша қимылдайды. Енді бірде әлгі бағаналар бір -біріне қарап бас изегендей болады. Техас тоғайларында о дүниеден қайта оралып, жер-дүниені жын ойнағына айналдырып жүрген ежелгі дәулер осылар болар дейсің".

Күңіренген тастар
Біздің планетамыздың беті қатып қалған, ешбір өзгермейтін нәрсе емес. Жер бейнесі баяу болса да өзгеріп, әрқилы өзгерістерге ұшырап жатады. Егер біздің қолымызда қиялшыл жазушылар айтып кеткен "уақыт машинасы" болса, ол "қазіргі ғасырды" "өткен ғасырмен" салыстыруға мүмкіндік берсе, бүтіндей бір геологиялық дәуірлерді аралап көрер болсақ, онда біздің таңдануымызға, бәлкім, шек болмас та еді.
Швейцариялық бір ғалым Альпі тауларында моллюскілердің ашылып қалған қабықтарын көріп, мынадай қорытындыға келген: бұл моллюскілер осы арада 100 млн. жылдай бұрын тіршілік еткен болса керек. Бұдан шығатын қорытынды: ол кезде Альпінің төңірегі толқыған теңіз болған да, Альпінің өзі сол теңіздегі арал болған. Қызылқұм шөлінде жақында КСРО ғалымдары тас болып қатып қалған ағаштардың діңгектерін тапты. Олар да бұл манда сол заманда, яғни бұдан 100 млн. жылдай бұрын шөл емес, жағасында ит тұмсығы өтпес ну орман, жайқалған теңіз болған деген шешімге келді.
КСРО геологтарының тапқан бұл жаңалығы аса ғажайып оқиғаны аңғаруға мүмкіндік берді. Тас болып қатып қалған жаңағы ағаштар шөл даладағы кешкі самалда жел тұра бастасымен-ақ үн шығарады екен. Соңда мұның өзі бейне бір сиқырлы аспаппен бір ойыншы күй тартқанға ұқсайды. Алғашқыда жұмбақ болып көрінген бұл сырнайшының сыры кейіннен ашылды. Байқай келсек, ол жел екен: тас болып қатып қалған ағаштардың жарықшақтарынан өтіп, бос қалған өзегіне енеді де, әрқилы үн шығарады.
Халықтардың тарихында "тіл қататын", "ән салатын", "ыңырситын" тастар жайында көптеген қызықты аңыздар кездеседі.
Ориноко өзені жағалауын мекендейтін оңтүстік америкалық үндістер, мәселен, дүние салған адамдардың жаны кеудесінен ұшып барып, биік жартастарға паналайды екен деп сеніп келген. Жұрт солардың ауық-ауық ыңқылын тау жақтан естидіміс. Атақты неміс ғалымы әрі саяхатшы А.Гумбольдт осы манда болып, жаңағы жартастарды зерттейді. Үздіксіз жел соққаннан пайда болған терең жарықшақтарды ғалым бірден аңғарады. Олардың ішкі жақ қабырғалары жұқа слюда жапырақтарымен көмкерілген. Жел соққанда "ыңқылдайтын" осы жапырақтар болып шықты. Үндістер мұны өлген адамдардың денесінен шығып, сол араға тұрақтаған жандары деп есептеп келген. Жартастар әдетте түнде "күңіренеді". Өйткені түнгі салқын түсе келе, ауа суынады, ал жартастарда күндізден бері сақталған жылы ауа терең жарықшақтардан жоғары шығып, суық ауаға қарай ұмтылады. Осы жолда ол жаңағы слюда жапырақтарын тербеп, үн шығарады.
Югославияда Куршумлия маңындағы бір жер көпке дейін сайтан ордасы деп есептеліп келген. Жел мен дымқыл ауаның әсерінен пайда болған неше түрлі бейнедегі тас мүсіндер түн баласы әрқилы үн шығарып, жоққа сенетін адамдарды үрейлендіреді екен. Бұлар үнді сайтандар шығарады, олардың ойнағы түнде болады деп ойлаған.
Таң ата келе, күн шығар шақта Египетте ежелгі Карнак ғибадатханасының қалдықтары — тас бағаналардан әлденендей бір үн естіледі. Француз ғалымдары бұған ден қойып, бағаналардың қуысы бар тастардан салынғанын анықтады. Күн жылуымен қызған тастардың арасындағы жіктері күндіз біршама үлкейетін болса керек (жылудан болатын бұл сияқты үлкею құбылысын қазіргі күнде әрбір мектеп оқушысы біледі). Бұл кезде ауа діңгектердің жарықшақтарынан бөгетсіз өтеді де, ешбір дыбыс шықпайды.
Таңғы самал түнде біршама суынған тас діңгектің жарықшақтарына суық ауа енгізеді. Бұл ретте ол күндізгідей бөгетсіз өтпей, сығылып енеді. Сол себепті де адамның ыңқылына ұқсас дыбыс шығады.
Осыдан 4 мыңдай жыл бұрын Египет перғауыны III Аменхотеп өзінің әкесі Аммонның құрметіне тастан қашап орасан зор 2 мүсін жасауға жарлық етеді. Бұлар 2 мың жыддай уақыт тұрады, ешқандай үн шығармайды. Алайда бірде жер сілкініп, мүсіндердің бірі екіге жарылып түседі. Содан бері одан "дыбыс шығатын" болады.
Ұлы ғаламат жайындағы аңыздар бүкіл көне дүниеге түгел тарайды. Таң ата шығып келе жатқан күннің сәулесі қираған мүсінді қыздыра бастасымен-ақ, одан ыңыранған ұзақ және аянышты үн естіледі екен. Бұл оның Күн піріне өзінің тағдыры жайында шағым айтқаны дескен жұрт. Бұрын болып көрмеген бұл ғаламатты көп адамның өз көзімен көргісі келеді. Тағзым етіп келгендер бұған барынша қайран қалып, жалбарынады да, әркім өз ойын тасқа қашап жазып кетеді.
Римдік Аррий деген біреу тас мүсіннің етегіне былай деп қашап жазады: "0, құдыретті құдай! Мен бұл ғажапты қалайша өз көзіммен көріп тұрмын десеңші. Бұл барып тұрған пір, аспан тұрғындарының бірі болса керек; ол мына мүсіннің ішіне еніп алған да, халыққа өз үнін, өз мұңын естіртіп тұр. Бұған жиналған жанда сан жоқ, леклегімен келіп жатады. Мұндай ғаламат жер басып жүрген адамзат баласының ешқайсысының қолынан келмесе керек, мұндай үн жерден шықпайды".
Табиғаттың сансыз көп құбылыстары мүлде түсініксіз және ақылға қонымсыз болып келген ол замандарда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының геоэкологиялық жағдайы
Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының жер бедері
Қызылорда облысының территориясы
Қызылорда облысының физикалық-географиялық орнына сипаттама беру
Құм туралы
Оңтүстік Балқаш маңы аумағының шөлдену мәселелері
Желдердің геологиялық әрекеттері
Шардара ауданының табиғат жағдайлары
Пәндер