Тұз қышқылының тұздары



ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТҰЗДАРЫ
ХЛОРДЫҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
а) Оксидтері
б) Қышқылдары және тұздары
в) Химиялық әдіс
г) Электрохимиялық әдіс
Тұз қышқылының тұздарын хлоридтер деп атайды. Олардың көбісі суда жақсы ериді. Ерімейтіндер: AgCl, CuCl, AuCl, TIC1, РЬС12.
Фторидтер тәрізді хлоридтердің де табиғаты топтар және периодтар бойынша алғанда белгілі бір заңдылықпен өзгереді. Мысалы, III периодтың элементтері түзетін хлоридтерді алайық:
NaCl MgCl2 АІСІз SiCl4 PCI5 (SCU)
Тбалқу 800 714 193 - 70 159 (бірден булану)
табиғаты негіздік амфотерлі қышқылдық
Бұл қатардағы хлоридтердің химиялық байланысы алғашқыда иондық болса, соңында коваленттікке айналады. Ионды хлоридтердің бастылары сілтілік, сілтілік-жер (Li мен Be басқасы) металдары жәуе лантаноидтердің көбісі түзетін тұздар — қатты кристалдар, өзіндік жоғары балқу температуралары бар. Қовалентті хлоридтерді бейметалдар береді, олар газдар, сұйықтықтар не оңай балқитын қатты заттар.
Бұларды табиғи тұздар және жасанды тұздар деп екі топқа бөлуге де болады.
Табиғи тұздардың бастылары — ac тұзы (галит) NaCl, сильвин KC1, магний хлориді MgCb, сильвинит NaCl-KСl және карналит KCl-MgCl2*6H 2O сияқты қос тұздар және т. б. Бұл табиғи тұздар жаратылыста үш түрде: суларда (бұлақ өзен, кел, теңіз т. б.) еріген күйде, ащы (тұзды) көлдерде шөгінді әрі сөлінде еріген күйде және жер қабатында қазба қатты түз түрінде кездеседі. Бұлардың ішінде ең көбі, әрі көп қолданылатыны ас тұзы.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТҰЗДАРЫ
Тұз қышқылының тұздарын хлоридтер деп атайды. Олардың көбісі суда
жақсы ериді. Ерімейтіндер: AgCl, CuCl, AuCl, TIC1, РЬС12.
Фторидтер тәрізді хлоридтердің де табиғаты топтар және периодтар
бойынша алғанда белгілі бір заңдылықпен өзгереді. Мысалы, III периодтың
элементтері түзетін хлоридтерді алайық:
NaCl MgCl2 АІСІз SiCl4 PCI5 (SCU)
Тбалқу 800 714 193 - 70 159
(бірден булану)
табиғаты негіздік амфотерлі
қышқылдық
Бұл қатардағы хлоридтердің химиялық байланысы алғашқыда иондық болса,
соңында коваленттікке айналады. Ионды хлоридтердің бастылары сілтілік,
сілтілік-жер (Li мен Be басқасы) металдары жәуе лантаноидтердің көбісі
түзетін тұздар — қатты кристалдар, өзіндік жоғары балқу температуралары
бар. Қовалентті хлоридтерді бейметалдар береді, олар газдар, сұйықтықтар не
оңай балқитын қатты заттар.
Бұларды табиғи тұздар және жасанды тұздар деп екі топқа бөлуге де
болады.
Табиғи тұздардың бастылары — ac тұзы (галит) NaCl, сильвин KC1,
магний хлориді MgCb, сильвинит NaCl-KСl және карналит KCl-MgCl2*6H 2O
сияқты қос тұздар және т. б. Бұл табиғи тұздар жаратылыста үш түрде:
суларда (бұлақ өзен, кел, теңіз т. б.) еріген күйде, ащы (тұзды) көлдерде
шөгінді әрі сөлінде еріген күйде және жер қабатында қазба қатты түз түрінде
кездеседі. Бұлардың ішінде ең көбі, әрі көп қолданылатыны ас тұзы.
Өте ерте заманда жер шары түзіле бастаған кезде, оны қоршаған заттар
элемент күйінде — газ не бу түрінде ғана болған. Біртінден соның бәрі суи
келе, газ күйіндегі хлор мен натрийдің буы қосылысып натрий хлориді
түзілімі, одан сутек пен оттек қосылысып су түзілген. Ол су жердің бетіне
келіп ондағы ойпаттарды толтырған, сөйтіп алғашқы мұхит пайда болады.
Атмосферадағы және жер бетіндегі суға ерімтал заттар мұхит суына жиылады,
сөйтіп ас тұзы ол магма қатып тау түзілгенде, тау денесінде болды, бірақ
жылдар бойы жауған жаңбыр мен қар суы оны да ерітіп, бұлақ, өзен суы арқылы
мұхитқа жимады. Тұңғыш мұхит ас тұзының алғаш қоры еді, біздің
заманымыздағы жер бетінде, жер қабатында, жер қыртысында кездесетін еріген,
шөккен не тас болып қатқан ас тұзы осыдан тараған.
Қазіргі кездің теңіз, мұхит суларында орта есеппен 3%-ке жуық еріген
ас тұзы бар. Ол қатты түрде болса 20 миллион куб-километр көлем алар еді;
мұның өте көп екендігін байқау үшін ол тұзды жердің құрғақ бетіне (149
миллион км2) жайған болсақ қалыңдығы 100 м артық қабат болар еді. Еріген
тұз бұлақтардың өзен, көлдің суында болады. Кейбір ащы көлдердегі тұз
мөлшері 26% дейін барады, міне, осы көлдер суалғанда тұз түбіне шөгеді.
Бізде ондай ірі келдер Эльтон, Басқұншақ, Жақсы қылыш (Арал теңізінің
маңы), Тобылжан, Каряков (Павлодар облысы), Орқаш (Қостанай облысы).
Осылармен қатар ас тұзы жер қабатында қатты тұз түрінде кездеседі, мұны
қатты тұздар қатарына қосады. Мұндай орында Артемьевск (Донбасс), Елек
(Орынбор түбі), Солотвино (Закарпатьеде), Шөладыр (Алматы маңы) және
Кавказ, Сібір т. б. жерлерде бар. Қазба тұздар ерте уақытта болған
теніздердің, үлкен ащы көлдердің суалғаннан кейінгі қалдығы.
Алу жолдары — теңіз суындағы тұзды алудың әзірге арзан жолы табылған
жоқ. Көлдердегі шөгінді тұз тұз комбайыны не тұз сорғыш (солесос) деген
машина (ІІІ - сурет) жәрдемімен алынады. 1-болаттан жасалған айналмалы
ұсатқыш, 2-пневматикалық труба, 3-ұсатылған тұзды сөлімен араластырып сорып
ілгері айдайтын насос, 4-құбыр, 5-тұз жинайтын резервуар, 6-элеватор —
шығырдағы сияқты айналып тұратын, бірақ асты тесік бақырлар; резервуардағы
тұзды күреп алып бара жатқан жолында, шашырап тұрған су бақырдағы тұзды
жуып тесігінен ағып өтеді; бақырдағы тұзды элеватор тура темір жол вагонына
тиейді.
Бір комбайн 7 мың кісінің жұмысын істейді.
Жер қойнындағы қатты тұзды шахта жасап өндіреді (112-сурет).
Ac тұзының адамның тіршілігіне, шаруасына керектігі сондай, орта
есеппен, бүкіл жер жүзінде, әрбір адамға жылына 8 кг ас тұзы ұсталады екен.
Тұз қышқылының табиғи тұздарының ішінде, тағы бір өте маңыздысы калий
хлориді — K.C1, оны сильвиннен не сильвиниттен, не карналиттен алады. Калий
хлориді көп мөлшерде ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылады.
Тұз қышқылының кейбір тұздары жаратылыста жоқ бірақ шаруашылық
салаларында өте қажет болғандықтан қолдан жасалады; ол үшін хлорды
металменен тікелей қосады, немесе NaCl-дан алмасу реакциясы арқылы алады.
Кальций хлориді СаСЬ-бНгО, тоңазытқыш қоспалар жасау үшін, сусыз
кальций хлориді СаСb лабораториялар жұмысында эфйрді, басқа оргаиикалық
заттарды құрғату үшін қолданады. Сынап дихлориді NgCb не алмас өте күшті у.
Ағаш заттарын, анатомиялық препараттарды консервілеуге, сынаптың
басқа қосылыстарын жасау үшін және медицинада дезинфекциялаушы дәрі ретінде
қолданады.
Қүміс хлориді AgCl, фотография қағазын және пластинкаларын жасау
үшін жұмсалады. Магний хлориді MgCl2-6H2O мұның минерал түрін бишофит
деп атайды. Оны карналиттен де алуға болады. Осы соңғы кезде бұл тұз
еріген түрде, өте көп мөлшерде Жалаулы, Теке, Қызылқақ көлдерінде (Арқада)
табылып отыр. Жақында өндірісі ұйымдастырылмақ.

ХЛОРДЫҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Хлор оттекпен тікелей қосылыспайды, хлордың толып жатқан оттекті
қосылыстары жанама жолдармен алынған. Бұл қосылыстарды тұрақты берік
қосылуы деп есептеуге болмайды, ішіндегі тұрақтырағы оттекті қышқылдардың
тұздары, тұрақсызырағы оксидтері. 45-кестеде хлордың оксидтері, оттекті
қышқылдары және олардың тұздары келтірілді.
45 - кесте
Валенттік Оксидтер Қышқылдар Тұздарының аттары
(тотығу дәреж.)
1 Сl2О дихлороксиді HC1O гипохлориттер
(хлорлылау ангидрид) хлорлылау
2 — — —
3 — CHlO2 хлориттер
хлорлы
4 СІО2 хлор диоксиді — —
5 — НСІОз хлораттар
хлорлау
6 Сl2О6 дихлоргексаоксиді — —
7 СІ2О7 дихлоргептаоксиді HClO4 перхлораттар
хлор

Оксидтері. Дихлор оксиді Сl2О (хлорлылау ангидрид) алу үшін хлорды
құрғақ сынап оксиді арқылы өткізеді:
2HgO + 2Cl2 = HgCl2 + Cl2O.
Қошқыл сары түсті, қолайсыз иісті газ, тыныс жолдарын ауыр
жарақаттайды. Оңай сұйылады. Эндотермиялық қосылыс, қопарылыс беріп
айырылуы оңай (қыздырса, жанғыш заттармен жанасса, суық күйде бір ыдыстан
екінші ыдысқа құйғанда да):
2С12О = 2С12 + О2 Н° = 150 кДжмоль
Сумен оңай реакцияласатын ангидрид:
Cl2O+H2O = 2НСlO
Cl2O молекуласы сызық бойымен тіркескен:

Хлор диоксиді СІО2— алу жолы:
2КС1Оз + Н2С2О4 = К2СО3+ СО2 + Н2О+ 2СlO2
реакцияны 60° температурада өткізеді. СІО2 жасыл - сары түсті, +10°
сұйылатын газ, СО2 ажыратып алу үшін осы қасиетін пайдаланады.
Эндотермиялық тұрақсыз, қопарылғыш қосылыс. Суда жақсы ериді, бірақ нашар
реакцпяласады, ал сілтілермен жақсы реакцияласады:
2C1O2 + 2KOH = KC1O3 + KC1O2+H2O
Бұл реакцияда хлорлау және хлорлы қышқылдардың тұздары түзілгеніне
карағанда СІО2 екі кышкылдың аралас ангидриді болуы керек.
Хлор диоксиді ыдырауға бейімдіктен бос Сl2 мен О2 түзіп, күшті
тотықтырғыш қасиет көрсетеді. Мәселен,
15С1O2+17Р = 5РСІз + ЗР4О10
PbO + 2ClO2 + 2NaOH=PbO2 + 2NaClO2l+H2O

CIO2 молекуласында электрон

саны тақ, әрі ол
парамагнитті, пішіні үш бұрышты молекула, О—С1—О байла-ныстарының
арасындағы, хлор түбіндегі бұрыш 118°. Дихлоргексаоксидін
С12О2 алу жолы:
6СІО2 + 2Оз = ЗСl2О2
бұл қошқыл-қызыл түсті сұйықтық органикалық заттармен қопарылыс береді.
Сумен реакцияласып екі қышқыл түзеді:

С12О2 + Н2О-НС1Оз + НС1О4
демек, бұл да екі қышқылдың аралас ангидриді. Хлор ангидридін СІ2О7 алу
жолы:
2НС1О4 + Р2О5 = 2НРО3 + СІ2О7
түссіз сұйықтық, органикалық заттармен қопарылыс бермейді, сумен
реакцияласады:
Сl2О7 + Н2О = 2НС1О4
Қышқылдары және тұздары. Хлорлылау қышқыл Н—0—С1. Хлордың
сумен реакцияласуы нәтижесінде түзіледі:
С12 + Н2О = НСІО + НСІ
онымен қатар түзілетін тұз қышқылын реакциядан бөліп алу үшін HgO
араластырады, сонда:
2Cl2 + 2HgO + H2O==2HCIO + Hg2OCl2
қалыпты температурада тек ерітінді түрінде ғана болады, төмен температурада
кристаллогидрат НС1О-2Н2О түзеді.
Хлорлылау қышқыл тұрақсыз, еріген күйінде де қосарлана үш реакция
бойынша айырылып жатады, бұл реакцияларды мына теңдіктермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Галоген топшасындағы әлементтер
Нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуы
Аммиак және аммоний тұздары жайлы
Карбон қышқылдары және олардың туындылары жайлы
Карбон қышқылы және оның қасиеттері
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы ақпарат
Фосфор қышқылының (H3PO4) физикалық және химиялық қасиеттері
Көміртегі, кремний
“Белгiсiз затты анализдеу” ғылыми-зерттеу жұмыс бойынша есеп беру
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы мәлімет
Пәндер