Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары



1. Оңтүстік.Шығыс Азия территориясы жалпы түсінік.
2.Оңтүстік.Шығыс Азияны мекендеген этникалық бөліктердің тарихи этнографиясы.
3. Үндіқытай халықтарының шаруашылығы.
4.Оңтүстік.Шығыс Азияның халықтарының заттай мәдениеті және тұрмыс жағдайы.
Пайдаланған әдебиеттер
Оңтүстік-Шығы Азиы халықтары Үндіқытай жарты аралын, Индонезия архипелагын және Филиппин аралдарын қамтиды. Жер көлемі 4 млн. шаршы шақырым.Ауа райы тропиктік жылы болып келеді.Үндіқытай жарты аралы табиғаты жағынан батыс, орталық және шығыс болып үш аймаққа бөлінеді. Адамдардың қоныстану шекаралары географиялық аймақтарға дәлме-дәл үйлеспейді. Батыс және орталық аймақты тау жотасы бөліп тұрса, орталық және шығыс аймақтардың шекарасы Меконг, Убон өзендері, Донрек, Кардомома тау жоталары арқылы бөлінеді. Бұл құрлықтың мемлекеттері Вьетнам, Таиланд, Бирма, Камбоджа, Индонезия, Филиппин және Малайзия, Тимора сияқты үлкенді-кішілі елдерді қамтиды. Оңтүстік-Шығыс Азия өз алдына тарихи-этнографиялық аймаққа жатады. Бұл жердің халықтары өздерінің шығуы, мәдениеті және тарихи қалыптасуы жағынан бір-біріне өте жақын.Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарын қытай-тибет, монкхмет және малай-поленезия деп үш тіл семьясына жатқызуға болады. Қытай-тибет тіл семьясында сөй-лейтіндер — тай, лао, шан, бирма, чин кочин, карендт; мон-кхмер тіліне жататындар — кхмет, мал, сеной, се-монглер; малай-поленезия тіл семьясына кіретіндер — Индонезия, малаккилер, филиппиндер.Вьетнам соцалистік республикасының халықтары кинь деп аталады. Олардан басқа мон-кхмер тіл семьясында сөйлейтіндерге: орталық таулы аймақта мекен ететін мондар, кхмерлер, ақ, қара, қызыл таилар жәнс яо, ляо тайпалары саналады. Тайландтың негізгі халқын — сиамдықтар, Лаос халықтарын — лаотийцтер деп атайды. Бүл мемлекеттердің таулы аймақтарында және Камбоджеде мои, кхмер тілінде сөйлеушілер өмір сүреді. Вьетнам, Таиланд, Лаос, Камбоджа жеріне қы-тайлар да көп тараған. Индонезиялықтар өз елінің 96 проценттейі болса, қалғандары көрші халықтардыц өкілдері. Аборигендердін арасында Қытайдан және Үндістаннан келушілер де бар. Олар өз тілінде сөйлейді әрі жергілікті халықтың тілін де жақсы біледі.Оңтүстік-Шығыс Азняның аборигендері антропологиялық жағынан монголоидтық нәсілге жатады. Сонымен, бір қатарда негр-австролоидтық нәсілінің жәнееуроиоидтық нәсілдің өкілдері де кездеседі. Олар Австралия мен Океаниядан және Еуропадан ауып келушілердің нәсілдері. Вьетнамдар ерте заманнан бастап иероглиф жазуын қолданса, бирмалықтар мен индонезиялықтар үнді алфавитін қабылдаған. Бірақ бұл елдің халықтары өздеріне тән ұлттық мәдениетті жасап, оны жоғары дәрежеде дамыта білген. Аборигендер мәдени даму жолында үлттық тілдеріне икем өздерінің жазу-сызуларын жасаған.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Қазақстан тарих кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары.

Қабылдаған:Примкулова Г

Орындаған:Утепбергенова Г

Тобы:ТТА-111

Түркістан-2012

Жоспар:

1. Оңтүстік-Шығыс Азия территориясы жалпы түсінік.
2.Оңтүстік-Шығыс Азияны мекендеген этникалық бөліктердің тарихи
этнографиясы.
3. Үндіқытай халықтарының шаруашылығы.
4.Оңтүстік-Шығыс Азияның халықтарының заттай мәдениеті және тұрмыс
жағдайы.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Оңтүстік-Шығыс Азия аумағымен халқына жалпы түсінік.Оңтүстік-Шығы Азиы
халықтары Үндіқытай жарты аралын, Индонезия архипелагын және Филиппин
аралдарын қамтиды. Жер көлемі 4 млн. шаршы шақырым.Ауа райы тропиктік жылы
болып келеді.Үндіқытай жарты аралы табиғаты жағынан батыс, орталық және
шығыс болып үш аймаққа бөлінеді. Адамдардың қоныстану шекаралары
географиялық аймақтарға дәлме-дәл үйлеспейді. Батыс және орталық аймақты
тау жотасы бөліп тұрса, орталық және шығыс аймақтардың шекарасы Меконг,
Убон өзендері, Донрек, Кардомома тау жоталары арқылы бөлінеді.

Бұл құрлықтың мемлекеттері Вьетнам, Таиланд, Бирма, Камбоджа, Индонезия,
Филиппин және Малайзия, Тимора сияқты үлкенді-кішілі елдерді қамтиды.
Оңтүстік-Шығыс Азия өз алдына тарихи-этнографиялық аймаққа жатады. Бұл
жердің халықтары өздерінің шығуы, мәдениеті және тарихи қалыптасуы жағынан
бір-біріне өте жақын.Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарын қытай-тибет, монкхмет
және малай-поленезия деп үш тіл семьясына жатқызуға болады. Қытай-тибет тіл
семьясында сөй-лейтіндер — тай, лао, шан, бирма, чин кочин, карендт; мон-
кхмер тіліне жататындар — кхмет, мал, сеной, се-монглер; малай-поленезия
тіл семьясына кіретіндер — Индонезия, малаккилер, филиппиндер.Вьетнам
соцалистік республикасының халықтары кинь деп аталады. Олардан басқа мон-
кхмер тіл семьясында сөйлейтіндерге: орталық таулы аймақта мекен ететін
мондар, кхмерлер, ақ, қара, қызыл таилар жәнс яо, ляо тайпалары саналады.
Тайландтың негізгі халқын — сиамдықтар, Лаос халықтарын — лаотийцтер деп
атайды. Бүл мемлекеттердің таулы аймақтарында және Камбоджеде мои, кхмер
тілінде сөйлеушілер өмір сүреді. Вьетнам, Таиланд, Лаос, Камбоджа жеріне қы-
тайлар да көп тараған. Индонезиялықтар өз елінің 96 проценттейі болса,
қалғандары көрші халықтардыц өкілдері. Аборигендердін арасында Қытайдан
және Үндістаннан келушілер де бар. Олар өз тілінде сөйлейді әрі жергілікті
халықтың тілін де жақсы біледі.Оңтүстік-Шығыс Азняның аборигендері
антропологиялық жағынан монголоидтық нәсілге жатады. Сонымен, бір қатарда
негр-австролоидтық нәсілінің жәнееуроиоидтық нәсілдің өкілдері де
кездеседі. Олар Австралия мен Океаниядан және Еуропадан ауып келушілердің
нәсілдері. Вьетнамдар ерте заманнан бастап иероглиф жазуын қолданса,
бирмалықтар мен индонезиялықтар үнді алфавитін қабылдаған. Бірақ бұл елдің
халықтары өздеріне тән ұлттық мәдениетті жасап, оны жоғары дәрежеде дамыта
білген. Аборигендер мәдени даму жолында үлттық тілдеріне икем өздерінің
жазу-сызуларын жасаған.Онтүстік-Шығыс Азия - алғашқы адамның пайда болған
жерлерінің бірі, бұл пікірді дәлелдейтін археологиялық деректер жеткілікті.
Ява аралынан питекантроп адамының сүйегі табылған. Бирмадан, Малокки жарты
аралынан тас дәуірінің (палеолит) төменгі бас-қышына сайкелетін мәдени орын
ашылды. Сол жерлерде жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған
ежелгі құралдарды палеолиттің жоғарғы басқышына жатқызуға болады.
Ява аралындағы Нгандонг қыстағынан табылған он
бірдей адамның бас сүйегі, ірі қаңқалар неандерталь адамдарының сүйектері
болып шықты. Антропологиялық әдебиеттерде бұл адамдарды явантроп әйтпесе
нган-донгтар деп атаған. Алғашқы адам тарихының кейінгі кезендері болған
мезолит, ертеректегі неолитке жататын адамдардың сүйектері Үндіқытай және
Индонезиядан көп мөлшерде табылды. Осы адам сүйегінің маңынан ерте кездегі
аборнгендердің пайдаланған құрал-саймандары да шықты. Құрал-саймандар
олардың аңшылықпен, балықшылыкпен, өсімдіктердің дәндерін жннаумен
айналысқанын көрсетеді.
2.Оңтүстік-Шығыс Азияны мекендеген этникалық бөліктердің тарихи
этнографиясы.Вьетнам.Вьетнамдықтард ың жалпы тарихы ежелгі Қытаймен тығыз
байланыста өткен. Олардың ата-бабалары Оңтүстік Қытайдың Гуандун және
Гуанен жерлерін б. д. д. III мыңыншы жылдарда мекендеп, оларды өздерінің
королі Хон Банг басқарған.III ғасырда вьетнамдықтарды қытайлықтар
Аннам (Жансыз тустік) деп атаған. Вьетнам еңбекшілері Қытай
империясына қарсы өздерінін тәуелсіздігі үшін күресті.Әсіресе, Чуп Чжян
мен Чун Ни бастаған апалы-сіңлі қыздардыңкөтерілісінің тарихтағы орны
ерекше. Одан кейін Ли Бон басшылығымен болған көтерілістің нәтижесінде
жеке дара Ван Сюан (544—602 ж. ж.) мемлекеті ұйымдастырылған.
Кейінірек Май Тхук Лоана (939 ж.) көтерілісінен кейін вьетнамдықтарға
ерік беріліп. XV—XVIII ғасырларда Вьетнам король басқаратын өз алдына
дербес феодалдық мемлекет болып қалыптасқан. 1806 жылы король өзін
император деп жариялады.XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап француздар
Оңтүстік Вьетнамды иеленді. Оны басқаруға жеңіл болу үшін, әрі ел бірлігін
әлсірету үшін Вьетнамы Тонкий, Аннам және Кохинхин деп үшке бөлген.
Отаршылар халықты аяусыз қанап, құнарлы егістік жерлерін тартып алған. 1930
жылы жергілікті әскерлердің арасында көтеріліс шықты. 1941 жылы бірлескен
халық майданы, 1944 жылы халықтық Вьетнам армиясы ұйымдасқан еді. Ол 1945
жылдың тамыз айында Ханой қаласында көтеріліс болып, 2 қыркүйекте Вьетнам
демократиялық республикасы орнады. Оның бірінші басшысы Нгуан Ай Куок, Хо
Ше Миннің бүркеншік есімі еді. Екіге бөлінген Вьетнам халқы бірігіп,
біртұтас Вьетнам социалистік республикасын құрды.Камбожа.Камбоджаның 6
миллионға жуық халкы бар. Олардың басым көпшілігі кхмерлер, өзгелері пор,
шоп, саош секілді өзге тайпалар. Кхмерлер Вьетнамға, Лаосқа және Таиландқа
да тараған. Олар неолит дәуіріндегі осы жерді мекендеген. Ертеде Комбуя —
Комбуя Фунань кейіннен Камбодже деп аталып, бүл ел тек VI ғасырдан бастап
өз алдына дербес мемлекет болған. VII—VIII ғасырлардың басында мон-кхмер
мемлекеті құлап, батыс (сиамбирмалық) және шығыс (Камбоджа) болып екіге
бөлінген. XIII ғасырдан бастап Камбоджа жеріне лаостар, спамдықтар шабуыл
жасады. 1863 жылдан бастап Камбоджа Францияның протектараты болды. Әуелі
осы жерге бекінген француздар, кейіннен Үндіқытайдың басқа жерлерін де
отарлауға кірісті. Жергілікті феодалдарға арқа сүйеген отаршылар
аборигендерді қанап, бұл кұрлықтың экономнкасы мен мәдениетін күрт
құлдыратып жіберген. Камбоджа халқы отаршылармен көп жыл бойы күресіп,
соның нәтижесінде осы ғасырдың 40-жылдарында бостандық алды. Елдің
астанасы-Пномпень қаласының орталық алаңына көк пен қызыл түсті
ұлттық жалауын тігіп, өз алдына дербес мемлекет болып, шаңырақ
көтерді.Камбоджа халқы реакцияшыл Пол Пота- Иенг Сари режимі салдарынан көп
азап шекті. Ел ішіндегі адал ниетті азаматтардың барлығы құғынға
ұшырап, аяусыз дарға асылып, абақтыға жабылды. Осындай қорлыққа
шыдамаған кампучилықтар Пол Пота — Йенг Сари режимін жойып, Камбоджа Халық
Республикасын орнатты.
Лаос Халық Демократиялық Республикасы. Лаос Халық Демократиялық
Республикасының халқы лао деп аталады. Олар негізінен таи тайпасынан
құрылған. Лаостар үш топқа: шығысты мекендеушілер — лао, панглао;
орталықта — лаокланг; солтүстікте — лао понгдам тайпалары болып бөлінеді.
Лаостардың арасында феодалдық қатынас үстемдік етсе де, солтүстік
Лаоста XIX ғасырға дейін құлшылық дәуір қалмай келді. XIV ғасырда Лаосты
біріктіру үшін кхмер тайпасының жәрдемімен Фа Нгуен күрес жүргізген.
1353 жылы ол өз мемлекетін ерікті деп жариялап, оның тәуелсіздігін көрші
елдерден жақсы қорғай білді. Бірақ XVIII ғасырда ішкі феодалдық қарама-
қайшылыктың салдарынан бұл мемлекет құлап, лаостар бірнешс бөлікке бөлініп
кетті. Ел ішіндегі алауыздықтын кесірінен 1893 жылы Франция мемлекеті
Лаосты басып алды. Вьетнам, Камбоджа халықтары француз отаршылдарына қарсы
үздіксіз күрес жүргізіп келді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
жапондарШығыс Үндіқытайдың, оның ішінде Лаосты түгелдей басып алған
болатын. Лаостықтар ұлт-азаттық соғысын Вьетнам, Камбоджа
халықтарымен бірлесе жүргізіп, ақыры, 1954 жылы француз отаршыларын
қуып шығып, өз мемлекетін құрды.
Таиланд.Таиландықтарды өз тілінде
кхон таи, таи ной деп атайды. Бұл елдің негізгі халқының басым
көпшілігі осылардан құралған. Сиамдықтардың халық болып қалыптасуы
XIII—XIV ғасырларға тура келеді. Таиланд жеріне португалдықатар,
ағылшындар, голландыктар, француздар XV ғасырдың аяқ кезінде келген. XIX ға-
сырдың аяғында бұл жердің көпшілігін ағылшындар билеп-төстеп, өзінің
отаршылық саясатын жүргізді. XX ғасырдың басынан бастап бұл елдің ішінде
капиталистік қоғамның көріністері көбірек орын алды. 1932 жылы Таиланд
конституциялық монархиялық елге айналды. Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде де Жапонияның қол астында болып, ол жер Азия мемлекеттеріне шабуыл
жасайтын бекініске айналды. Бирма.Бирма халқы Үндіқытайдың батыс жағын
мекендеген. Әсіресе, Иравади өзенінің екі жағасына көбірек шоғырланған.
Біздің дәуіріміздің I мыңыншы жылдары олардың бабалары Чиндвин, Иравади
өзендерінің атырабын мекен етіпті. Олар дүркін-дүркін дамылсыз қоныс
аударып отырған.Бирма жеріне батыстың отаршылары XVI ғасырдыц аягында XVII
ғасырдың басында келді. Жергілікті халық отаршыларға қарсы XIX ғасырдьң
басында бірнеше рет (1824—1825, 1852—1855 ж. ж.) үлкен күрес жүргізді.
Бұдан қатты корыққан ағылшындар Бирманы өзінің отар елі ретінде Үндістанға
қосты. XX ғасырдың басында Бирмада капиталистік даму жолының күшеюі
нәтижесінде жергілікті халықтардың арасынан жұмысшы табы қалыптасты.
Жұмысшы табының пайда болуы Бирма елініңұлт-азаттық күрестің күшейе
түсуіне алып келді. Осы ғасырдын 30-жылдарында жұмысшылардың күресі
мейлінше күшейіп, ақыры, 1948 жылдыц 4 қаңтарында Бирма Англияның отарынан
азаттық алып, карен, шан, кочин, каз және чин деп аталатын бес ұлттық
автономиялық облыстан құрылған өз алдына Бирма одағын құрды. Осыған
байланысты Бирманың ұлттық жалауында 5 айдыңсүреті
салынған.Индонезия.Индонезия — гректің несос — арал, көп аралдардан
құрылған дүние деген сөзінен шыққан. Оңтүстік-Шығыс Азия мен Австралия
арасындағы аса көп жеке аралдар мен архипелагтарды малайлықтар
мекендегендіктен бұл жерді Малай деп те атайды. Индонезия Республикасының
100 миллионға жуық халқы бар. Олар көбінесе аралдарда тұрады. Бұл елдің
жалпы тұрғындарының 70 проценті Ява аралына орналасқан. Орта есеппен бір
шаршы шақырым жерге 350-дей адам орналасқан. Кейбір аралдарда бір шаршы
шақырым жерде 600—800-ге дейін абориген тұрады. Негізгі халқы —
малайлықтар, 97 процентін кұрайды. Олардан басқа 70 мыңға жақын арабтар, 30
мыңдай үндістер, 100 мыңдай еуропалықтар бар. Аборигендердің 95 проценттейі
полинезиялық тілде сөйлейді. Үнділер келу қарсаңында индонезиялықтар
явалықтарды өз мемлекетіне қосып алып, біртұтас күшті мемлекетке айналды.
XVI ғасырда дін иелері әуелі саудагер болыпкеліп, ислам дінін таратады.
Индонезиялықтардың арасында өзара алауыздық, шығып, ақырында, кішігірім
бірнеше мемлекеттерге бөлінеді. XVI ғасырдың аяғында олардың басын
Матарам сұлтан қайтадан қосқан еді. Осы кездерден бастап Индонезияға
Еуропа отаршылары бірінен кейін бірі келе бастаған. Олар Ост-Индия
серіктігін ұйымдастырды.Ақырында, шетел отаршыларын қуып шығып, 1950 жылы
Индонезия Республикасы дүниеге келді.
3. Үндіқытай халықтарының шаруашылығы.
Вьетнамдықтардың 80 проценттен астамы ауыл шаруашылығымен
айналысады. Оңтүстігіндегі егістік жердің 40 процентіне, солтүстігіндегі
жердін 60 процентіне күріш егіледі. Вьетнамдықтар күрішті екі түрлі жолмен
егеді: егістік көлемі көбірек болған жерге тұқымды себсе, көлемі шағын
егістікке көшетте көгеріп өскен күрішті әр сабағын қолмен отырғызып шығады.
Мұндай тәсілмен, өнімді молалуға болады. Вьетнамда, жалпы, Үндіқытайда
күріш ежелден егіліп келе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Этнология» пәнінен дәрістер
Шетел Азиясының халықтары
Оңтүстік азия халықтары
Оңтүстік – Шығыс Азия туралы ақпарат
Оңтүстік-Шығыс Азия
Таяу Азия халықтары
ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ
АДАМ НӘСІЛДЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Әлем халықтарын классификациялау принциптері
Пәндер