Жанұядағы дау-дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы


Жанұядағы дау-дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы.
.
Кіріспе
І. Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты.
- Жанұяға ғылыми психологиялық көзқарастар.
- Жанұя - тұлға қалыптасуындағы негізгі фактор.
ІІ. Жанұялық қарым - қатынас мәдениетінің теориялық негізі.
2. 1. Жанұялық қарым - қатынастардың психологиялық құрылымы.
2. 2. Жанұялық дау - дамайлардың балалар психикасына ықпалы.
Зерттеу - тәжірибелік бөлім.
Қорытынды.
Әдебиеттер.
Қосымша.
Кіріспе
Көкейкестілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалды, рухани қажеттіліктердің тапшылығы, осының бәрі жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің, қалыптасуының негізі - оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі.
Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030-жылғы жолдауындағы», мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз болары сөзсіз. Ұрпақ қамы - ертеңгі ел қамы. ХХІ-ғасырда өмір сүріп, еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап, уақыт талабынан өткен бай қазынасын отбасы тәрбиесінде қолдану - кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз.
Өсіп келе жатқан бала үшін жанұяның тәрбиелік ықпалының қаншалықты екендігін ресейлік М. И. Лисина, И. В. Дубровина, А. Г. Фузская т. б. және де Қ. Т. Шерьиазданова, С. М. Елеусізова, К. Оразбекова сияқты отандық педагог - психологтардың зерттеулерінен көруге болады.
Жанұяда баламен қарым - қатынас орнатуда ата мен әже, әке мен ана өз рөлдерін дұрыс түсіне білулері керек. Бүгінгі күндері әкелер түрлі себептерге байланысты (экономикалық, әлеуметтік) өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Жанұя тәрбиесіндегі ана ең алдымен баласын түсіне білуі керек. Ана бала туралы өз міндетін дұрыс атқармайтын жандарды Л. Никитина «қорқақ» ана, «азап шегуші» ана, «жылауық» ана, «ментор» ана, және «көкек» ана деп топтайды. Үлкендердің зекуі, бұйрықты түрде сөйлеуі өсіп келе жатқан бала мінезіне теріс ықпал етеді. Теріс тәрбие беретін нашар әдеттерді көрсетіп, ата - аналар өзің айнытпай қайталайтын еліктегіш жан барын ұмытады. Осы тұрғыда Ж. Қоянбаев жанұядағы тәрбиенің қиындығы мынада деп түсіндіреді: «әке мен шеше өздерінің кемшіліктерімен күреспейді, қайта оны жуып- шайады, солай бола тұрса да, олар балаларынан тәртіпті болуды талап етеді. Мұндай жағдайлар балаларды дұрыс жолдан тайғызып, оларды «екіжүзділікке » итермелейді»- деп түсіндіреді.
Жанұялық тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көптеген ұлы ғалымдар зерттеп, ол туралы құнды пікірлер айтқан. Біздің қарастыратын мәселеміздің өзектілігі ретінде және тақырыбын жанұядағы дау - дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы деп белгіледік.
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы жанұяда тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім - тәрбиелердің, төл тума этнопсихология мен этнопедагогиканың орны зор. Оның өзекті арқауына ұлтты сана сезім, қадір - ққасиет, ар - ождан, ұлт жандылық, отан сүйгіштік, ізгілік, ізетттілк, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т. б. басқалар жататыны, олардың өмірдегі мән - маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдықпен батырлыққа, сөзбен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудін орны ерекше.
Жанұяда, әсіресе ата- ананың, туған - туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылдап жатқан шешімдерге берген бағаларды жас бала арнайы тындап, мән бергенімен, ойын арасында естігнін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналауы мүмкінү
Зерттеу нысаны: балалар мен ата - аналардың жанұядағы қарым - қатынас әрекеті, дау - дамайлар және баланың жеке басының қалыптасуына ықпалы.
Зерттеу пәні: жанұя мен балалардың қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: жанұя мен балалардың қарым - қатынас мәдениетінің теориялық негіздері, дау - дамайлар және оларды болдырмау жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер қарым - қатынас мәдениеті қалыптасқан жанұя тәрбие үрдісін баланың жеке басының жан- жақты қалыптасуына ғылыми тұрғыдағы негізделген бағытта ұйымдастырса, баланың жеке басының сапалы қалыптасу мүмкіндіктері туындайды.
Зерттеу міндеттері :
- Жанұя мен балалардың қарым - қатынас мәдениеті мен дау - дамай мәселесінің психологиялық негізін анықтау.
- Жанұядағы қарым - қатынас мәдениеті ерекшеліктерін анықтау, олардың қалыптасу жолдарын көрсету.
- Жанұядағы дау - дамайлардың бала жеке басының қалыптасуына ықпалын көрсету.
- Жанұядағы дау - дамайларды болдырмау мен алдын- алудың әдістемелік нұсқауларын әзірлеу.
Жетекші идея: Нарықтық экономика мен ғылыми - техникалық прогресс жағдайында жанұя мен балалардың қарым - қатынас мәдениетін жақсарту негізінде баланың жеке басының парасатты, белсенді, дарынды, креативті, ұшқыр ойлы қасиеттерін қалыптастыруға болады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері мен деректі көздері: жеке тұлға дамуындағы іс - әрекет және өзара қарым - қатынас теориялары, этномәдениет және этнопсихология ғылымдарындағы қарым - қатынас жайлы ілімдері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, білім беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар, «Балалардың құқығы туралы Конвенция» т. б. )
Зерттеу әдістері: психологиялық, философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, мәдени әдебиеттердің теориялық талдауы, бақылау, әңгімелесу, сұрақ - сауалнамалар, эксперимент әдістері. Зерттеу жұмысында қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруға, дау - дамайларды болдырмауға арнайы ұйымдастырылған ойын жаттығулар, ата - аналарға арналған семинарлар арқылы қалыптастыру көрсетіледі
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Жанұядағы «қарым - қатынас мәдениеті», «жеке тұлғаның мәдениеті» ұғымдарының мәні нақтыланып, олардың құрылымы мен қызметтері анықталады.
- Жанұядағы дау - дамайларды болдырмау мен алдын - алу жолдары, әдістемелік нұсқаулары жасалды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайдағы жанұя мен балалар қарым - қатынасының ерекшеліктері теориялық тұрғыда негізделіп, жанұядағы қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулар ұсынылды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мектептің, бала - бақшаның оқу - тәрбие үрдісінде, ата - аналарға пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Семей қаласы «Жас қанат» балалар орталығындағы мектепке даярлық тобында жүргізілді. Зерттеуге 25 бала, 18 ата - ана қатысты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Жанұядағы жағымды қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру баланың жеке басының қалыптасуында алғы шарты болып саналады.
2. «Жанұядағы қарым - қатынас мәдениеті» ұғымының психологиялық сипаттамасы.
3. Жағымды қарым - қатынас мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тәжірибелік - зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
І. Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты.
1. 1. Жанұяға ғылыми психологиялық көзқарастар
Жанұя - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысаны, яғни тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі.
Жанұя қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Жанұяда бастапқы әлеуметтену үрдісі жүзеге асады, балалар азаматтық кәмелетке толғанша тәрбиеленеді. Жанұя сондай-ақ тұрмысты ұйымдастырудың ұйытқысы, ошағы және маңызды тұтынушылық бірлік әрі негізгі әлеуметтік саясат объектілерінің бірі болып табылады. Жанұя негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды. Алайда, жанұя тек еркек пен әйел арасындағы қатынастардан ғана емес, сонымен қатар адамдардың ұрпақтарын байланыстыратын ата-ана мен балалардың қатынастарынан да тұрады. Мұның өзі жанұяға аса маңызды әлеуметтік сипат береді. Жанұяның мәні оның міндеті мен құрылымы мүшелерінің атқаратын рөлі деген ұғымдар арқылы көрініс табады, жанұяның міндеттері, бір жағынан жанұямен қоғамның, екінші жағынан жанұямен жеке адамның өзара іс-қимылын көрсетеді.
Жанұяның аса маңызды міндеттері - артына ұрпақ қалдыру және оны тәрбиелеу мен асырау, жеке меншікті мұраға қалдыру.
Жанұяның құрылымы дегеніміз туыстық қатынастамен қатар, рухани, адамгершілік қатынастар, яғни оның мүшелері арасындағы бүкіл қатынастың жиынтығы.
Дәстүрлі қатынастарғы сәйкес әйел үй шаруасын қамдады, бала туып, тәрбиеледі, ал еркек қожайын болды, көбінесе жер мен мүлік иесі рөлін атқарады, жанұяның экономикалық дербестігін қамтамасыз етті. Келе-келе жанұядағы әйелдерде өндірістік қызметтерге араласып, жанұялық ортақ міндеттерді шешуге тең дәрежеде қатыса бастады. Мұның өзі некелік жанұялық қатынастардың ерекшеліктеріне, бала туу деңгейінің өсуіне әкеліп соқты.
Жанұя аса маңызды әлеуметтік құрылым ретінде көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі болып отыр. Ағылшын этнографы Л. Морган «Көне қоғам» (1884) атты еңбегінде жанұя тарихын дұрыс бағытта талдады. Марксизм жанұяны дара және топтық қатынастардан тұратын тарихи әлеуметтік құбылыс деп қарады.
Жанұяның негізі - еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынас нысаны болып табылатын неке. Өйткені қоғам өмірінде жүріп жататын аса күрделі үдерістердің бір парасы - халықтың өсіп-өнуі мен табиғи тығыздығының артуы, өмірге келіп жатқан жаңа ұрпақтың рухани және материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, балалардың ата-ана тәрбиесінде және қамқорлығында болуы осы қатынастық қалыпты жағдайы мен сипатына, мазмұндылығы мен баяндылығына байланысты. Жанұяның неғұрлым кең тараған тұрпаты - нуклеарлық, ол балалы және баласыз бір жұптық жұбайлардан құралады. Нуклеарлық жанұя толымды және балалы ерлі зайыптылардың біреуінен ғана құралатын толымсыз жанұя да болуы мүмкін. Толымсыз жанұя не ерлі - зайыптылардың ажырасуынан, не ерлі - зайыптылардың бірінің қайтыс болып, жесір қалуынан, не некеге тұрмаған ананың некесіз бала табуынан болады. Қолайсыз экологиялық және психологиялық жағдайлар да, отбасындағы қатыгездік ықтимал әлеуметтік қатерге айналып отыр. Жанұялық тұрмыстың тұрақсыздығы, дағдарысты құбылыстардың белең алуы, өтпелі кезеңде ел басынан кешіріп отырған әлеуметтік - экономикалық қиындықтарға ғана ішінара байланысты болып отырған жоқ, сонымен бірге ең алдымен ажырасушылық санының көбеюінен де көрініс тапқан. Әрбір жанұяның жұпқа шаққанда бала саны ұдайы қысқарып келеді.
Өткен замандарда жастар ата - ананың құда түсіп, қыз айттыруы жолымен некелескен болса, қазіргі заманда жастардың көбі некеге тұру туралы шешімді өздері қабылдап, некелесетін жұбайларды өздері таңдайтын үрдіс қалыптаса бастады. Осыған орай ерлі-зайыптылар арасындағы, әке-шеше мен балалар арасындағы қарым-қатынас та, жанұядағы жетекшілік құрылым да өзгеріске ұшырап келеді. Ал дәстүрлі жанұяда ұсталатын дәстүрлі салт-ғұрыптар мен құндылықтардың мәні төмендеп, жекелеген жанұядағы жеке басылық қарым-қатынас барысында үрдіске айналып келе жатқан әбес мінез-құлық нормалары мен үлгілері етек ала бастады. [4]
Сонымен, жанұяның негізгі атқаратын қызметтерін айтатын болсақ:
- қайта өндіру (репродуктивті) - ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі)
- шаруашылық - экономикалық, (орта шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру) ;
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жек дар ықпал жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптерімен адамгершілік құндылықтарға баулу) ;
- қарым-қатынас құру (коммуникативті - отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру) ;
- қайта қалыпқа келу (рекреативті - бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету) .
Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік - мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты.
Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:
Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері) : үш әлеуметті отбасылар - ата-аналар, балалар, немерелер; екі әлеуметті отбасы - ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т. б. отбасылар; отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты (жарасымды және қисыны кеткен жанұялар) ; отбасылық тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті, либералды) .
Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқозтығын туындатын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екі жүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін қабылдаумен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен елінеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көиектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.
Либералды стилдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының әсіресе сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екі жүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлықпен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті стилді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды. [1]
Бүгінгі таңда ауқымды мәселелердің бірі - жағымсыз жанұяның қоғамға әсері жайында көптеп талқылануда. Жалпы, жағымсыз жанұяның өзін біз бірнеше топқа бөліп қарастырамыз:
- криминогендік жанұя;
- аморальдық жанұя - алкогольдік және жыныстық, тәртіпсіздік сипат алған;
- проблемалық жанұя - үнемі конфликтілі қарым-қатынаста болады;
- толымсыз жанұя .
- тәрбие әдісін дұрыс пайдаланбайтын жалған жағымды жанұя, әке-шешесінің тым қатал болуы, баланы ұрып-соғу, жәбірлеу.
Жағымсыз жанұяны сақтандыру негізіндегі алғашқы мәселе бұл криминогенді және аморальды жанұялардың ерте пайда болуы болып табылады. Әсіресе, бұндай жанұялар өздерінің балаларын тәрбиелеуден бас тартады, яғни өздерінің маңызды конституциялық міндеттерін дұрыс атқармайды.
Балаларды тәрбиелеудегі тиісті міндеттердің бұзылуы, ата-аналар жанұялық - құқықтық жауапкершілікке тартылады. Бұндай жауапкешіліктің шаралары ата-ана құқығынан айырылу, ата-анасынан баланы алып, басқа адамдарға беру. ҚР «Отбасы құқығы» 11-тарау, 67 бап, 68-69 бап.
Жанұялық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі мақсаты - ата-аналарының жағымсыз әсерінен баланы изоляция жолымен зардаптарды тоқтату. Жалпы, жанұяны сақтандырудағы қиындықтардың бірі бұл криминогенді проблемалық және жағымсыз жанұяларда көрінеді. Егер криминогенді және аморальды жанұяларда ата-аналардың балаларға деген жағымсыз әсерінен көрінетін болса, онда проблеманы және жағымсыз жанұяларда бұндай негативті әсерлер жасырын болып келеді. Алғашқыда, бұнда жанұяларға балаларды тәрбиелеуде дұрыс емес әдістерді қолдану тән болған. Сонымен қатар балаларымен қарым-қатынасты орната алмаушылыққа, олардың мінез-құлқын бақылай алмаушылыққа әкеп соқты. Ең соңында бұл балалардың ата-анасынан жатырқаушылық туындады. Сонымен бұндай жанұялар өзінің педагогикалық сауатсыздығымен және ата- ананың жауапсыздығымен ерекшеленеді. Педагогикалық сауатсыздықтың кең тараған формасы - тәрбие тәжірибесіндегі денеге күш салу, жазалау, қорлау, зорлықты қолдану болып табылады. Бұндай жазалаудан кейін балаларда негативті зардаптар байқалады - балалар мейірімсіз, ашуланшақ, қайырымсыз, қорқақ және екі жүзді, көнгіш және қорғалақ болыд табылады. Ата-ананың жауапсыздығы бірнеше формада көрінуі мүмкін.
Әлеуметтік қауіпті формасы ата-ананың балаларын тәрбиелеуде міндеттерді атқармауы. Ата-ана жауапсыздығының екінші формасы - жасырын әлсіздік деп айтуға болады, яғни тәрбиеге әкенің қатыспауы. Бұл әсіресе ұл балаларға қатты әсерін тигізеді.
Ата-аналар жауапсыздығының көп таралған формасына рухани кереңдік жатады. Яғни балалар, әсіресе жасөспірімдер мен ата-аналар арсындағы жатырқаушылық. Бұл феномен ата-аналардың балаларының ішкі өміріне ынтасыз қатынасын және немқұрайлығынан көрінеді. Ата-аналар мен рухани байланыстың болмауы жасөспірімдер үшін ауыр. Олар көп уайымдағаннан тұйық болып, ата-аналарымен өзінің қуанышымен және қайғысы мен бөлісуден бас тартады. Жасөспірімдердің ата-аналарынан жатырқап кетуі - құқықты бұзудың ең маңызды әлеуметтік психологиялық себептерінің бірі болып табылады. Ата-ана жауапсыздығының тағы бір формасы - тәрбие функциясын қоғамдық мекемелерге тапсыру, яғни ата-аналар өз балаларын көптеген секцияларға, музыкалық мектептерге орналастыру деген талпыныстан көрінеді. Олар балаларының тәрбиесін ұйымдастырушыларға, педагогтерге, жаттықтырушыларға толығымен тапсырады.
Ата-ана жауапкершілігін жоғарлатудың негізгі жолдарын қарастырайық. Ең біріншіден бұл - ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыртастыру болып табылады. Педагогикалық білімнің негізгі қайнар көзіне: арнайы педагогикалық әдебиеттер, ұстаздардың, оұытушылардың кеңесі, радио мен теледидардағы бағдарламалар, журналдар мен газеттердегі материалдар болып табылады. Ата-аналарды педагогикалық мәдениетке ынталандыру үшін мектептердегі педагогикалық факультеттерді ұсынуға болады.
Келесі, ата-аналардың жауапкершілігін жоғарлату жолына келсек бұл - жанұядағы тәрбие әдістерін өзгерту. Тәрбиенің авторитарлы әдістерінің орнына ата-аналардың демократиялы әдістерге көшуі қажет, яғни балаға кеңес беріп, онымен шын жүректен сөйлесіп, оны жиі қолдап отыруы тиіс. Бұл ата-анамен балалар арасындағы рухани байланысты орнатуға, жанұядағы психологиялық климаттың қалыпқа келуіне көмектеседі. Сонымен қатар қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейтіп, тығызды эмоционалды байланысты және өзара түсунушілікті орнатады, ата-аналарының өз балаларының рухани өміріне кіруге, олардың қарым-қатынасындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі.
Сонымен ата-ана жауапкершілігі жағымсыз жанұяның ең маңызды ескерту құралы болып табылады. Қазіргі кезде жағымсыз жанұяның ең тиімді ескерту құралы болып, әсіресе проблемалы жанұяларда - жанұялық психотерапия болып табылады. Оның негізгі мақсаты тұлға аралық қарым-қатынасты өзгерту және жанұядағы эмоционалды бұзулыларды жою.
Бүгінгі таңда криминогенді сақтандырудың негізгі қиындығын толымсыз жанұядан көруге болады. Жалпы, толымсыз жанұяның пайда болу себебі ата-аналардың ажырасуы болып табылады. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың көбі толымсыз жанұядан шыққандығы мәлім. Сондықтан да ажырасудың алдында ата-аналар балалары үшін жанұялық ажырасудың жағымсыз зардаптары жайлы ойлануы тиіс.
Қазіргі күні жас жанұяны сақтау аса ауқымды проблема болып отыр. Өйткені бұндай жанұяда ажырасу жиі кездеседі. Сондықтан да жас жанұяны сақтауда жанұяның алдында тұлғаның жауапкершілігін қалыптастыру, оның жанұялық міндеттерін орындауға дайындық қажет.
Міне жағымсыз жанұяны алдын алудың негізгі жолдарын айтатын болсақ: бала мен ата-ана арасындағы жатырқаушылықтың пайда болуын алдын алу және олардың арасындағы тұрақты эмоционалды байланысты орнату, ата-ана жауапкершілігін тәрбиелеу болып табылады. [8]
Сонымен қатар «Бала тәрбиесі - бесіктен» демекші бұндай жағымсыз жанұяларда дүниеге келген баланың алдағы өмірі жақсы болады дегенге ешкім де кепіл бере алмайды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Жағымсыз жанұяларда туындаған конфликтер, қақтығыстар, жоғарыда айтып кеткендей аморальдық, проблемалық және криминогендік жанұялардағы жағымсыз әрекет қылықтар бала санасына психикасына қатты әрі ауыр әсер етеді. Бұны көрген бала ертең әрине бұл әрекеттерді қайталауы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz