Мәдени орталықтар


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Медеу спорт кешені

Жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691, 2м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. М. с. к. 1972 ж. тұрғызылды. Құрлысқа қатысқан архитекторлар: В. З . Кацевке, А. С. Қайнарбаевқа инженер С. Б. Матвеевке, т. б. (барлығы 10 адам)1995 ж. КСРО. Мемл. Сыйл. Берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы - 10, 5 мың м. Жарыс жолының ені - 5м, айналымы 400 м, айдынның ортаңғы бөлігі - хоккей ойынына және ²әнерлеп сырғанауға арналған. 12, 5 мың орындық, кешенде 2 жүзу бассейіні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орталығы орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биіктігі 2, 3м, 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақ таның үстіне орналасқан. Мұнда ұзындығы 170м-ліе салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырда орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңдығы жазда 3 - 4 см, қыста 10 -15 см - ге дейін жетеді. М. с. к. құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері - медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классикалық көп сайыстан, т. б. спорт түрлерінен әр түрлі халықаралық жарыстар өткізіліп, дүние жүзінде және ұлттық рекордтар жасалды. М. с. к. - тек спорт жарыстары ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан бастап дәстүрлі <<Азия дауысы >> халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Қытай қорғаны . ұлы қытай қорғны(қыт. Ваньли чанчэн - он мың шақырымдық қамал)- қытайдағы ежелгі қорғаныс құрлысы. Қытай қорғанының құрлысы қытай тарихындағы Чуньцю(көктем және күз б. з. б. 770 - 476ж) және Чжаньго (жауласқан патшалықтар б. з. б. 475 - 221ж)заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке дара өмірсүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі Ғұн және Дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін, өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б. з. б. 221ж. тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, бір тұтас қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік - үзік қорғаныс қамалдарын бір - біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000км - ге жетті. Хань империясы заманында қорғаныс қамалдар шығыста Ляодун түбегінен басталса, Линьтауға (қазіргі ганьсу провинциясының жерінде)дейін жеткізді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп қалпына келтіріп отырды. әсіресе мин әулеті солтүстігіндегі көршілері - шүршіттер (маньчжур)мен моңғылдардан қорғану үшін сол заманның ең үздік техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті. Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен, батыста ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 1 км - ге жетті. Қытай қорғанның бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 км ден астам бөлігі сол Мин дәуірінде жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 - 8м, табанының ені 6, 5м, үстіңгі жағының ені 5, 8м. Қорғанның үстінде әр 100 м сайын 2 -3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару - жарақ, оқ - дәрі сақтаған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сырытқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір - біріне белгі беріп отыратынболған. Осы тәсілмен бір сағаттың ішінде 500 км алыс жерге әскери дабыл беріп, қауып - қатерді хабарлай алған. Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар қытай қорғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтің бірі. Ол қытай тархында әскери қорғаныстық және ұлы жібек жолындағы сауда - саттық байланысындағы қауіпсіздік рөлін атқарған. Алайда солтүстіктегі көшпелі жаунгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар, түріктер, қидандар, маңғұлдар мен шүршіттер(маньчжур)қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді, әуелі олар қытай жерінде Вэи(табғаш), Ляо(қидан), Юань(моңғол), Цинь(маньчжур)империяларын құрып, қытайды көптеген ғасыр биледі. 1961ж. ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемілекет қорғауына алды, ал 1987ж. ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО- ның бүкіл әлемдік және табиғи ескерткіштері тізіміне кіргізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халықтарының ассамблеясы
Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар жайлы
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Қазақстандағы этносаралық келісімнің құрылымдары
Күрділердің мәдени орталықтары
Ұлт тағылымы
Әдістемелік қамтудың ұғымы
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz