Есімше — етістіктің ерекше түрі



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Есімше
2. Есімшенің жасалуы мен түрлері
3. Есімшенің тәуелденуі
4. Есімшенің септелуі
5. Есімшенің жіктелуі
6. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

ІІІ Қорынтынды
Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “-йтын, -йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрскетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Ардақ бағана кетіп қалған (Ғ. Мұст). Сен менің айтқанымды ұгып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің (Ы. А.). Егер үлгіре алсам, Ақтөбеге де барып қайтпақпын (Ы. А.). Абай қажымай, жалықпай ылги ғана ынтыга тыңдайтын (М. Ә.).
Берілген сөйлемдерде кетіп қалған, өсерсің, тыңдайтын деген етістіктер есімше тұлғаларында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған — 3-жақ, өс-ер-сің — 2- жақ, тыңда-йтын — 3-жақ қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұр. Атап айтқанда: Ардақтың кетіп қалуы (Ардақ кетіп қалган)— өткен шақты білдіріп тұр; сенің өсуің (сен өсерсің)— келер шақты білдіріп тұр. Сөйтіп, бұл сөйлемдердегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты (еткен шақ немесе келер шақ) білдіріп, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп тұр. Бұл — есімшенің етістікке тән касиеті.
1. Н.А.Оразаханова, Ж.Т.Исаева, Г.С.Сүлеева. Қазақ тілі. Алматы «Арыс» 2004

2. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы «Ана тілі» 1992

3.М.Серғалиев, А.Айғабылов,О.Күлкенова. Қазіргі қазақ әдеби тілі. Алматы «Ана тілі» 1991

4. «Қазақ тілі» Ш.К.Бектұров, «Атамұра» баспасы, Алматы 2006
5. «Қазіргі қазақ тілі» І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев «Мектеп» баспасы, Алматы 1997

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Есімше
2. Есімшенің жасалуы мен түрлері
3. Есімшенің тәуелденуі
4. Есімшенің септелуі
5. Есімшенің жіктелуі
6. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

ІІІ Қорынтынды

Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол
түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-
қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады:
“жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен
барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады.
Ал “-атын, -етін”, “-йтын, -йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін
білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі
мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі
келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы
да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”,
“келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ
қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-
пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы:
“кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы
мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып
қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік
ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі
қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы
“айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше
анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді.
Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін
білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше
заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт,
келгендерді қарсы ал”, т.б.
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі
мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-
әрскетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы
қызметін атқарады. Мысалы: Ардақ бағана кетіп қалған (Ғ. Мұст). Сен менің
айтқанымды ұгып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің (Ы. А.).
Егер үлгіре алсам, Ақтөбеге де барып қайтпақпын (Ы. А.). Абай қажымай,
жалықпай ылги ғана ынтыга тыңдайтын (М. Ә.).
Берілген сөйлемдерде кетіп қалған, өсерсің, тыңдайтын деген
етістіктер есімше тұлғаларында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған — 3-жақ, өс-ер-
сің — 2- жақ, тыңда-йтын — 3-жақ қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұр. Атап
айтқанда: Ардақтың кетіп қалуы (Ардақ кетіп қалган)— өткен шақты білдіріп
тұр; сенің өсуің (сен өсерсің)— келер шақты білдіріп тұр. Сөйтіп, бұл
сөйлемдердегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты
(еткен шақ немесе келер шақ) білдіріп, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін
атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп тұр. Бұл — есімшенің етістікке тән
касиеті.
Кейде есімше тұлғалы етістік бүтіндей басқа мәнде, басқаша қызметте
қолданылады: етістікке тән болып келетін белгілі бір заттың қимылын емес,
керісінше заттың сындық қасиетін, қатыстық белгісін білдіріп немесе
заттанып, заттық мәнде жұмсалады. Ондайда есімше тұлғалы етістік бір зат
атауын анықтап тұрады немесе септеліп, кептеліп, я тәуелденіп жұмсалады.
Мысалы: Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен (Ы. А.). Баладан
қорыққанына Жұмабай ұялды да, ыза болды (М. Ә.). ...Енді сол тағаға алған
шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің (Ы. А.).
Наразы боларын да, құптарын да білмеді (М. Ә). Өсер елдің жігіті бірін-бірі
батыр дейді (мақал).
Берілген сөйлемдегі әкел-гені, қорық-қан-ына, ал-ған, түс-кен-ін,
(наразы) бол-ар-ын, құп-тар-ын, өс-ер деген есімшелер етістік мәнінде емес
есім сөз таптары мәнінде қолданылған және сөйлемдегі қызметі де өзгеше.
Бірінші сөйлемдегі әкелгені сөзі не? (не қуыршақ екен?) деген сұраққа жауап
беріп, тәуелдік жалғаудын 3-жағында (-і) атау септік тұлғасында тұрып
заттанып, сөйлемнің бастауыш кызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемде
қорыққанына сөзі неге? (неге ұялды?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік
жалғаудың 3-жағында (-ы), барыс септік тұлғасында (-на) тұрып заттанып,
сөйлемнін толықтауыш қызметін атқарып тұр. Үшінші сөйлемде алған деген
есімше қандай? (қандай немесе қай шие?) деген сұраққа жауап беріп, шие
сөзін анықтап тұр және түскенін сөзі нені? (нені аламын деп?) деген сұраққа
жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында (-і), табыс септік тұлғасында (-
н) тұрып заттанып, тура толықтауыш қызметін атқарып тұр. Төртінші сөйлемде
(наразы) боларын, құптарын сөздері нені (нені білмеді?) деген сұракқа жауап
беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында і (-ы), табыс септік тұлғасында (-Н)
тұрып заттанып. тұра толықтауыш қызметін атқарып тұр. Соңғы сөйлемде өсер
сөзі қандай? (қандай елдің?) деген сұракка жауап беріп, елдің деген сөзді
анықтап тұр. Есімше тұлғалы сөздердің бұндай қолданысында етістікке тән
қасиет жок, керісінше сын есім мен заттанып барып зат есімнің орнына
жұмсалған. Сондықтан да есімше етістіктің ерекше түрі деп аталады.

Есімшенің жасалуы мен түрлері

Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және
болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосу арқылы жасалады.
1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше
жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б.
Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған
жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан
буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады.
Өткен шақтық есімше есімдерше түрленң,п сөйлемнің бастауыш,
толықтауыш мүшелері болады, зат есімнің алдында келіп анықтауыш болады: Бұл
форманың есім мағынасына жақындығы сонша, зат есімге, сын есімге
жалғанатын жұрнақтар жалғанып жаңа сөз жасалады:
1) –дық, -дік, -тық, -тік: оқығандық, көргендік, сезгендік;
2) –дай, -дей: жүргендей, көргендей, тұрғандай;
3) –сы, -сі: айтқансы, көргенсі, білгенсі;
4) – ша, -ше: барғанша, кқргенше, білгенше
Бұл форма туркологияда көсемше формалы сөз ретінде аталып жүр.
Ескерту! Алаған, жатаған, сүзеген, береген, қабаған сияқты
сөздердегі -аған, -еген қосымшасы арқылы жасалған сөздерді қазіргі қазақ
тілінде есімше формалы сөзден біржолата сын есімге ауысқан сөздер деп
атайды.
2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы
болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-
ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан
буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа
біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады.
Болжалды есімше- істің орындалу, орындалмауын болжай айтатын етістіктің
формасы. Есімшенің бұл түрі болжалдық мағынаны жіктеліп барып, баяндауыш
қызметін атқарғанда ғана аңғартады. Мысалы:
Мен келермін Біз келерміз
Сен келерсің Сендер келерсіңдер
Сіз келерсіз Сіздер келерсіздер
Ол келер Олар келер.
Ал зат есімнің алдында келіп атрибуттық қызмет атқарғанда болжалды
мағына аңғарылмайды. Мысалы, айтар сөз, келер қонақ. Бұларды айтатын сөз,
келетін қонақ деп айтса да мағына өзгермейді. Ал осы синонимдес екі форма
жіктелгенде мағыналары басқа-басқа болып шығады.
Мысалы, Мен айтатынмын дегенде дағдфлф өткен шақтық мағына берсе, мен
айтармын дегенде болжалды келер шақты білдіріп тұр.
Болжалды келер шақ есімшелер де септеліп, көптеліп, тәуелденіп
қолданады. Бірақ бұл формаларда тұрып, олар баяндауыштан басқа сөйлем
мүшелері қызметін атқарады.Мысалы: Берместің асы бітпес. Келмеске кетті.
3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты
келер шақ есімше (Ниет есімше) жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері
Етістік. Етістіктің категориялары және ерекшеліктері
Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Модификациялық етістіктер
Өткен шақ есімше
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Тіл қарым-қатынас құралы
ҚAЗAҚ ЖӘНЕ AҒЫЛШЫН ЕСІМШЕЛЕРІНІҢ СЕМAНТИКAСЫ, ПРAГМAТИКAСЫ ЖӘНЕ ОЛAРДЫҢ ЖӘЙ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ БAҒЫНЫҢҚЫ СӨЙЛЕМДЕРДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Eciмшe туралы жалпы түсінік
Пәндер