ҚР валюта жүйесінің экономикаға әсер етуші факторлары
Жоспар
Кіріспе
1.1. Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы: ... ... ... ... ...
1. Ақшаның металдық теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Ақшаның номиналистiк теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Ақшаның сандық теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
4. Қазақстандағы ақша реформалары .
5. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы . Теңге ... ... ... ...
6. 2004.2006 жылдарға арналған ақша.кредит саясатының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7. Қазақстанның карточка жүйесі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.Негізгі бөлім
1. ҚР Валюта жүйесі
2. ҚР валюта жүйесінің экономикаға әсер етуші факторлары
3. Валюталық . айырбастау, операцияның есебі
4. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
5. Шетел валютасындағы операциялар жөнінде түсінік.
6. Шетел валютасындағы операциялар жөніндегі лицензиялар
7. Шетел валютасындағы операцияның экономиялық негіздері
8. КБ.ның Шетел волютасындағы операцияларды реттеу
9. Шетел валютасындағы операциялар түрлері мен есебі
Қорытынды
Халықаралық банктік есептің формалары

1.1. Ақша териясының дамуы және олардың айналысы.
1) Ақшаның металдық теориясы.
Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер ( Т омас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс, яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистiк исипатта , себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақша ның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.
Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген. Ол кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон – Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi. Қағаз – несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң ( экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т.б. пайда болды.
Сонымен, ақшаның iшкi мазмұны бағалы металдың N мөлшерiне берiлген құжат ретiнде бiртiндеп иелерiнiң эмиссиялық орталыққа, оның iшiнде мемлекетке деген сенiмi ауысады. Үкiметке деген сенiмсiздiк, соғыстар және басқа да форс-мажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуiне әкеледi. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.
Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.
Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.
Монета бет жағы – аверс, келесi жағы – реверс, кесiндiсi – гурт болып ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:
Биметализм – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.
Монометализм – жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесi.
Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.
Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан.

Қолданылған әдебиеттер.
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
4. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
5. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
6. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
7. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
8. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
9. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
10.Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
11. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория . Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.

1. Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы: ... ... ... ... ...
1. Ақшаның металдық теориясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Ақшаның номиналистiк теориясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Ақшаның сандық теориясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
4. Қазақстандағы ақша реформалары .
5. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге ... ... ... ...
6. 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7. Қазақстанның карточка жүйесі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.Негізгі бөлім
1. ҚР Валюта жүйесі
2. ҚР валюта жүйесінің экономикаға әсер етуші факторлары
3. Валюталық – айырбастау, операцияның есебі
4. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
5. Шетел валютасындағы операциялар жөнінде түсінік.
6. Шетел валютасындағы операциялар жөніндегі лицензиялар
7. Шетел валютасындағы операцияның экономиялық негіздері
8. КБ-ның Шетел волютасындағы операцияларды реттеу
9. Шетел валютасындағы операциялар түрлері мен есебі
Қорытынды
Халықаралық банктік есептің формалары
1. Ақша териясының дамуы және олардың айналысы.
1) Ақшаның металдық теориясы.
Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi
меркантелистер ( Т омас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын
ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау
тән болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс,
яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның
металдық теориясы фетишистiк исипатта , себебi бұл теорияның пайымдауынша
ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады,
ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын
ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты
мемлекеттiк қызметкер М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады.
Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек
нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең
мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақша ның қызметтерiн орындауда
металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр
тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту
кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ.
дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша
базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық
жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар
несиеге негiзделдi.
Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-
ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген. Ол
кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М.
Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын
енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон –
Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан.
Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес
кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың
қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы
комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес
деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың
күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi. Қағаз – несиелiк
ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас
формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп
соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан
экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым
аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы
тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң ( экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т.б.
пайда болды.
Сонымен, ақшаның iшкi мазмұны бағалы металдың N мөлшерiне берiлген
құжат ретiнде бiртiндеп иелерiнiң эмиссиялық орталыққа, оның iшiнде
мемлекетке деген сенiмi ауысады. Үкiметке деген сенiмсiздiк, соғыстар және
басқа да форс-мажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта
келуiне әкеледi. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса
да алтын ерекше орында тұрады.
Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның
капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды
қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала
беруiмен сипатталады.
Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте
монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы
монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы
кезеңдi сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен
бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.
Монета бет жағы – аверс, келесi жағы – реверс, кесiндiсi – гурт болып
ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес
келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар
деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:
Биметализм – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп
металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.
Монометализм – жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi
( алтын, күмiс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесi.
Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-
1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша
тұсында енгiзiлдi.
Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс
монетаның түсiне қарап шыққан.
2) Ақшаның номиалистiк теориясы.
Меркантелистердiң металлизмге қарсы iс әрекетiнен ақшаның
номиналистiк теориясы пайда бболды. Тауар өндiрiсi мен айналымының өсуiне
байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс
құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы
металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа шығара отырып,
номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол үшiн олардың
металдық құрамын белгiледi.
Номинализмнiң негiзгi ережесi мынадай:
• Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен
тауарлардың айырбас құны анықталады;
• Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;
Сонымен номиналаистер аұшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып,
оларды техникалық айырбас құралы ретiнде қарастырады. Адам Смиттiң
айтуынша, ақша – бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек,
айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие дп санайды:
• Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;
• Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,
XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк
ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне
қағаз ақшалар жатады.
Номинализмнiң мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная теория
денег” , 1905 ж.) еңбегiнде жақсы берiлген. Оның негiзгi ережелерi
төменгiдей құрылған:
• Ақша – құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;
• Ақша мемлекеттiк хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем
күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;
• Ақшаның негiзгi қызметi – төлем құралы.
1929 – 1933 жж. Кономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрi қарай дами
түстi. Сөйтiп, Дж.М. Кейнс (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын ақшаларды
“жабайылық сарқыншағы” , “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп хабарлайды. Ол
идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп отыратын қағаз
ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды. Кейнс барлық
өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге
асты деп санады.
Ақшаның номиналистiк теориясы жағында американ экономиксi П.
Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланыста
болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгiге айналуда деп сендiредi.
“Тауар ақшалардың дәуiрiн қағаз ақшалар алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның
мәнiн, iшкi табиғатын ашады. Ақша дегенiмiз ол жасанды әлеуметтiк
шарттылық”
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективтi
заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен
сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.
Бiрақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегi
терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы
терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император
меншiгiнде болған.
Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуы Шынғысханның немересi Хубила ханмен
байланыстырылады.
XVII ғ. алдындағы капиталистiк тауарлы өндiрiстiң дамуымен қағаз
ақшаның қолданылуы өрiс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстiк
Американың Британиялық отар елдерiнде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та,
1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 ж. II
Екатерина тұсында пайда болды.
Сырттай қарағанда, қағаз блгiлерi мемлекет тарапынан жасалынған –
толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрiздi әсер етедi деген ой туады.
Шыында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуынан
көбеюi есесiнен пайда болды.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептерi:
1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келедi және капитализмнiң
дамуымен мүмкiн емес, себебi қымбат металдарды өндiру айналыс
құралдарына деген шаруашылықтың қажеттiлiгiнен әлдеқайда төмен;
2. Монеталардың тозуы және бүлiнуi;
3. Мемлекеттiк билiк пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды
бұзуы;
4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшiн шығарады.
Осыған байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: “өзiнiң айналыстағы
делдалы ретiнде алтын әр түрлi өзгерiстерге ұшырады, тiптi жай ғана бiр
жапырақ қағазға дейiн жұқарды.
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан бiртiндеп
бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн белгiсiнiң ақырғы формасы.
Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте
металға айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға ие ақша белгiсi.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны
жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып
тұрған кезде ғана олар өздерiнiң сатып алу қабiлетiн сақтай алады.
Егер “нағыз” ақшалар айналыста өзiнiң меншiктi құнының арқасында
жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесiнде нарықтық құнға ие болады.
Мемлекет сол елдiң көлемiнде ғана оларға ерiксiз өзiндiк құн белгiлейдi.
Осылайша , Қазақстанда 1993 жылы ең iрi капюрда 100 теңге, 1994 жылы 200
және 500 теңгелiк капюрлар шығарылған болатын.
Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда
мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы
бойынша алтынға ауыстырған кездерi болған.
Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да , олар айналыс
саласындағы ақшаның қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы
атқарады.
Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына байланысты олар
өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi.
Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет
тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк емес шығындарды жабуға артық
ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға
дүниежүзiлiк ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi
және тауар массасының қысқаруы, т.б.
Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз
ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес
түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн емес, сондықтан да олармен қатар
несиелiк ақшалар жүредi.
Несиелiк ақшалар – бұл несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның
қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы
қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде
өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”.
Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие
карточкалары жатады.
3) Ақшаның сандық теориясы.
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстiң ашқан ақша айналысының заңымен
реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға
арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс
жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi.
Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебiнiң
ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:
PY = TV+DV1
мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;
Y - өндiрiс көлемi;
T – ақша белгiлерiнiң саны;
D – депозиттер;
V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.
1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн ақшаның сандық теориясы өзiнiң күшiн
жоғалта бастады, себебi кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты
экономиканы басқаруға көп көңiл бөлдi.
Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын,
американ экономистерiн монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды,
себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң
өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны
реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында
пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және
ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.
Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның
жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз
талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен
түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi:
неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн
ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан
алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы
тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы
ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:
Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. А + АР
Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;
Тб.с. – тауар бағасының сомасы;
Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,
Тс – қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтерi;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа саны.
Теңдiкте көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн
себептердiң бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi
болып табылады.
Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға
мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму
факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.
Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес,
несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының масасын беретiн,
өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады. Ақша екi түрлi формада
болады: қолма – қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк
шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi.
Ақшаның бұл екi формасы бiр – бiрiмен тығыз байланыста. Банктiк айналымның
ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.
Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз
формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша
массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.
Ақша массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.
Бiздiң республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына
мән беретiн болсақ, онда ол төмендегiдей:
М0 – айналыстағы қолма – қол ақшалар;
М1 - өзiне – М0 –дi қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есепт
айырысу немесе басқа депозиттiк шоттардағы қаражаттардың қалдықтары, каптал
салымдарын қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы , чектiк және
аккредитивтiк шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды
тұлғалардың талап еткенге дейiнгi салымдары кiредi;
М2 - өзiне М1 –дi қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың
мерзiмдi салымдарын қамтиды;
М3 – М2-ге мемлекеттiк займ облигацияларын қосу.
Ақша массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:
• Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебiнен;
• Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алу жолдарымен;
• Орталық банктiң ел үкiметiне мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабу үшiн
несие беру арқылы;
• Орталық банктiң бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттiк
бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
• Коммерциялық банктердiң салымдарын жұмылдыру негiзiнде чектер эмиссиясын
шығару немесе займдар беру жолымен.
Осыдан ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн ақша – несие
саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасынығ өсуiн
сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi
көрсеткiштердi ескертедi:
• Нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;
• Жоспарлы кезеңдегi ақша айналысының есептелетiн жылдамдығы;
• Жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген денгейi;
Ақша массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық
потенциялының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесiн ескере
отырып есептеледi. Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.
Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнiмдi орналастыру
коэфиценттерiнiң өте төмендiгiн бiлдiредi, ал ақша айналысының жедел
қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары
конъюктураны бiлдiредi. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына керi
пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссия
қажеттiлiктi қысқартуы тиiс. Керiсiнше , ақша айналысының ақырын қозғалысы
шаруашылық субъектiлердiң жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында
ұзақ мерзiмдi салымдардың өсуiн көрсетедi.
.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
4 Қазақстандағы ақша реформалары.
Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің
негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан
кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың
орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол
елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс
құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады.
Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. колма-қол
ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85 жж. эмиссияланған қосынды
сомадан әлдеқайда көп еді.
1991 ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50
және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау
тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы
КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай
1991 ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды
жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж
айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.
1992 ж қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейді Орталық банкі
деп қайта құрып, кеңестік рублъдің (сол кезде жоқ мемлекеттің) басты
эмитенті кызметін атқаруды соған міндеттейді. Ресей мемлекеті бағаны босату
бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі
айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттілігін тудырды.
Республикалар өздерінің, егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық
банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет
атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамыз ететін
жалғыз эмиссиялық орталық — ақша шығаратын станок - біреу, ол Москвада еді.
Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-
несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі
қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды.
Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық
банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992 ж
маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом
шығарды.
1992 ж. шілдесінде Ресей Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей Банкімен
күнбе-күн екі жақты төлем есебін жүргізу туралы талап қойды.
Қолма-қол ақшасыз өзара есеп айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы
мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы
көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан
Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның
қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша кұнсызданып, оның төлем
мүмкіндігі тез құлдырайды.
Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен нарықтық
үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және
өздерінің ақша, несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей
банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті. Бұл біртектес ақша
зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі еді. Келесі іс-
әрекет - өзінің ұлттық валютасын енгізу — болмай қалатын процесс. Ол 1992ж
маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның,
қарашасында Украина мен Беларусияның өз ұлттық валюталарын енгізумен
жалғасты.
1993 ж. мамырында Қырғызстан, тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын
енгізді. Сөйтіп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.
1993ж. 15 мамырында Минскіде рубль зонасында қалған мемлекеттер
рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол
қойды. Онда койылған міндет:
ТМД елдерінің іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындылық болуы. Бұл ең
маңыздысы — рубль зонасынан шығатын мемлекеттер айналымнан
шығарылған КСРО-ның банкнотасын толық көлемінде оларды жою үшін
Ресейдің Орталық банкіне қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.
Бұл міндеттемелерді орындау-айналыстан шығарылған банкноталарды кеңестік
ақшаны пайдаланылатын елдерде қайтадан айналысқа түсіру мүмкіндігін жою
болатын, яғни бір ел екінші елдің жерінде валюталық алыпсатарлықпен
айналысуын алдын ала сақтандыру еді. Бірақ екі келісімді де ешкім, оның
ішінде Ресей де, орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993 ж. Түркменстан,
Әзірбайджан, Армения, Молдова тастап шықты.
Сол кезде аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік зона құру
туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ Ресеймен
белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер жүргізумен
қатар бір уақытта, 1993 ж көктемінде жаңа Ресейлік 1993 ж үлгіде рубль
шығарып, оны өз жерінде Қиыр Шығыстан енгізе бастады.
Сол кезде рубль зонасында үш мемлекет - Ресей, Қазақстан және Өзбекстан
қалған еді.
1993ж. 23 шілдесінде Ресей Банкісі 1961-1991 жж. шығарылған кеңестік
үлгідегі ақша белгілерін және 1992ж шығарылған ресейлік 5000, 10000, 50000
рублъді айналыстан шығаратыны туралы және айырбас бір апта жүретінін
хабарлады. Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемінде белгілеген болатын. Екі
күннен соң Ресей Президенттің Жарлығымен айырбас мерзімі 1993 ж. 1
қыркүйегіне дейін ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге
дейін көбейтіледі.
Сөйтіп, 1992-1993 жж. Егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын
енгізуге орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992
жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды
Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар
бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.
1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті,
үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттін түсініп,
шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін
дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен
келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда Харрисон және
ұлдары атты жеке фирмада қажетті ұлттық валюта — 1, 3, 5, 10, 20, 50,
100 теңге дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы
Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:
• 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық
валюта — теңге енгізді.
• 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан
Республикасында бірден-бір занды төлем кұралы болып тағайындалды.
Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота
және майда тиындар түрінде жүреді. Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы
жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен
айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18
аралығында екі валюта — сом және теңге айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-ден асқан барлық азаматтары 100 мың сом
ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіп, ол туралы
төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі
арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалану құқығы болмады.
Қазақстан Республикасының Ұ лттық банкі теңгенің валюталық курсын
бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды.
Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашкы ұлттық валюта -
теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым
жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар
сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік
жарияланған күннен бастап ҚР-да өндірілген алтын мен күміс енді Москваға
жібермей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резервы қорына айналдырды. Сондай-
ақ резерв қорына экспорттың валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын
да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге
жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға
мораторий енгізді.
Халықаралық валюта қоры ҚР-да ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап,
Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стенбай несиесін және Жапония біздің
елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180млн. доллар
берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993
жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлтық валютаның ішкі және сыртқы
тұрақтылығымен қамтамасыз ету қажет.
Айналымға теңгені инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас
республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей
түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен
кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда
2,5 есе төмендеді. Келесі 4 айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің
арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда
теңгенің курсы долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.
1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына
алғашында қазыналық векселъдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды
және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін
теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізген
1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін
төмендеді, 1995 ж. ҚР-ғы инфляция 58 процент болды.
1997 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың
төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне
тіреп, ҚР-на валюталық түсімдер біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің
одан әрі құлдырауы, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25 процентке
жоғарылату, төлемеудің өрістеуі және бюджет пен әлеуметтік проблемалары
теңгенің бағалығын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық
үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфлюцияны қатаң қадағалау
экономиканы кеселге ұшырататын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары
1998 ж. күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.
1999 ж. сәуірінен ҚР үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу
туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премъер-министр былай деген: Бұдан былай
доллар бағамы валюта рыногында сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына
байланысты анықталады, ал Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын
болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін
айырбас бағамын белгілі бір децгейде ұстап отыру үшін жұмсап келеді. Ендігі
жерде олай болмайды...
ҚР-ның төңірегіндегі елдерде - біздің негізгі сауда әріптесімізде — ұлттық
валюталардың бағамы күрт кұлдырап кетті. Мысалы, Ресей рубльдің бағамы 1998
жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай 4 есе төмендеді. Сол валюталармен
салыстырғанда теңге тез қымбаттады және біздің тауарымыз бәсекеге түсу
қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз туралай бастады, кәсіпорындар
тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. ҚР-ның сыртқы сауда айналымы 9
процентке дерлік, немесе 1 млрд. 300 млн доллар мөлшерінде кеміді, ал
біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 млрд. 250 млн долларға қысқарды.
... Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттың тауарларға салынатын баж
салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін
арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны
елімізден сыртқа қарай ағылтуда...
Міне осы тұрғыдан алғанда, жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар -
теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек .
Сонымен, ҚР теңгесі міне 11 жылдан астам уақыт берік төлем құралы
болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады.
6. Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге.
Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды Харрисон және
ұлдары фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім
ретінде Ұлыбритания королевасынан Алтын белгі алды).
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте
қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар
(бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның
жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір
көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның
өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты есеп айырысу жүргізген
кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар
есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын.
Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара
шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы
айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден
бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану
қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9%,
1996 жылы – 15,4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық
құнсыздануы 5,17%, ал 2002 жылы – 3,25% болды.
Негізінен, теңгенің он жылдық тарихын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы
рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар).
1995 жылдың аяғында – 8,2% болған ЖІӨ өсу қарқыны төиендеуінің
сақталуына қарамастан, осы кезеңнің аяғында инфляцияның деңгейін 60,3%-ға
дейін төмендетуге қол жетті.
1993 жылғы қарашада теңгенің енгізілу кезіне қарай Қазақстанның банк
жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын: екі деңгейлі банк жүйесі
жұмыс істеді, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып
қайта құрылды, ал Ұлттық банке орталық банктің бірқатар функциялары
берілді. Бұл өз валютвмызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын
жүргізуін едәуір жеңілдетті.
Банк секторын едәуір сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу
нәтижесінде 1993-1996 жылдар арлығындағы кезеңде екінші деңгейдегі
банктердің саны 204-тен 101-ге азайды.
2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел
түрде реформалау (1997-1999 жылдар)
Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру процестері екінші деңгейдегі
банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына ықпал етті. Жекелеген банктер
қайта ұйымдастырылды.
1998 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан рыноктық қатынастар негізінде
құрылған және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген үш деңгейлізейнетақы
жүйесіне көшті.
3-кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және
барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан
бастап).
ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның
экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына
мүмкіндік жасады. 2003 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6% болды.
Соңғы 3 жылда инфляцияның орташа жылдық деңгейі 13,2% -дан 5,9%-ға дейін
біртіндеп төмендеді. Инфляция 2003 жылдың 10 айында (2002 жылдың желтоқсаны
– 2003 жылдың қазаны аралығында) 4,2% болды.
Инфляция қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта қаржыландыру ставкасын
Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге - 7%-ға дейін
төмендетуге мүмкіндік берді.
Банк секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып
табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен
рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық
тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі
мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Әсимданкті және Қазақстанның Тұрғын үй
құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып
табылады.
Банк жүйесінің тұрақтылығы нығая түсуде. Оның валюта баламасындағы
жиынтық меншікті капиталы 1,4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері
ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан
жетекші орында (43 млн. АҚШ доллары).
Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5,1 млрд. астам АҚШ долларына
дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) – 2,1
млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.
Банктердің ресуртық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу
қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда
банктердің экономикаға кредиттері 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті
(ЖІӨ-нің 22%-ы). Қазіргі кезде бенк активтерінің 57%-ға жуығы кредиттер
түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.
7. Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары.
Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының
сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен
сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол
жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас
бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының
тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.
Экономикда ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне,
яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит
саясатының құралдарын пайдалана отырып , экономикаға ақшаның түсуін
реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк
портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша
ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама
рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып
алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.
Ақша-кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары –
бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа
мерзімді ноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық
банк векселдері қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді
және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау
үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді
жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші
деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыр
ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқы
мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді.
Банк жүйесінің өтімділікті реттеудің қосымша құралы тікелей және кері
РЕПО операцияларын жүргізу болып табылады. Болашақта бұл операциялар банк
жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға енгізілген 1
қаңтардан бастап күшіне енетін соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлтты банктің
негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондықтан алдағы уақытта Ұлттық банк инфляция бойынша бағдарларды ғана
белгілейтін болды. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша
бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас
бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша
аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға қатыспайды.
Теңгенің айырбас бағамының өзгеру қарқыны төмен және тұрақты болуы
экономикадағы жағдайдың тәуір екендігін көрсетеді. Осы орайда таяу
перспективаға Г.А. Марченконың сөзіне сүйенсек: Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы Заңға енгізілген өзгерісткрге сәйкес Ұлттық банктің
негізгі мақсаты – осы жылдан бастап Қазақстан Республикасында бағалардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.
Ұлттық банк сыртқы рынокта қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі
қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтау
ниетінде, ол ақшаға сұраныс пен ұсыныстарға байланысты бағамның өзгеруіне
негіз болады. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша

аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды.
8. 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары.
Өткен 2003 жыл Қазақстанның қаржы секторы үшін мерейтой жылы болды – 15
қарашада ұлттық валютаның енгізілгеніне 10 жыл толды. 10 жыл ішінде
Қазақстан қаржы секторының барлық сегменттерін дамытуда қомақты
нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның
басқа елдерімен салыстырғанда едәуір дамыған, айқын және мемлекеттің
араласуынан қорғалған болып табылады. 2003 жылы барабар ақша-кредит
саясатын жүргізу қаржы рыногында тұрақтылықты қамтамасыз етті , сонымен
қатар елде жоғары экономикалық өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын
тигізеді.
2003 жылы орташа жылдық инфляция 6,4% ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz