Дербес компьютерлер құрылымы


Дербес компьютердің құрылымы

Компьютердің синонимі - есептеуіш машина, электрондық есептеу машинасының (ЭЕМ) бұйымы. Дербес компьютердің негізгі элементгері мен олардың арасындағы байланыс 1-суретте көрсетілген.

Процессор жұмысы программалардың басқаруымен жүзеге асады. Дербес компьютермен алғаш танысқанда процессордың төрт құрылғыдан тұратынын байқаймыз: арифметикалы-логи-калық қурылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы (БҚ), жалпы таға-йындалуының регистрлері (ЖТР) және бүркеме жад (кэш - память) АЛҚ деректеріндегі арифметикалы-логикалық операцияны орындайды. Аралық нәтижелер ЖТР-да сақгалады. Бүркеме-жад (кэш-память) жұмыссыз бос тұрып қалудың уақытын қысқарту жолымен процессордың жылдам әрекет етуін артгыруға қызмет етеді. БҚ кезекті команда адресінің қалыптасуына, яғни програм-мадан тұратын команданың орындалу тэртібіне жауап береді.

ожқ: ожқ
:
тжқ: тжқ
:
сжқ: сжқ

1-сурет. Дербес компьютердің негізгі элементгерінің арасыіідағы байланыс

Жүйелік шинаның негізгі қызметі процессорлар арасында және дербес компьютердің қалған басқа да құрылғыларының арасында информацияны жіберу болып табылады. Жүйелік шинасы үш шинадан тұрады: басқару шинасы, дерек шинасы және адрес шинасы. Шиналар бойынша басқару сигналдарын, деректерді (сан, символдар), жадтьщ ұяшық адресін (адреса ячеек памяти) және енгізу-шығару құрылғысының нөмірін айналдырады.

Есте сақтау (память) өңделген деректер мен команда беруге, жазуға, сақтауға арналған. Жадтың бірнеше әр түрі болады: оперативтік, тұрақты, сыртқы, кэш, CHOS (КМОП), регистрлік.

Есте сақтау түрлерінің тұтас иерархиясының болуын шап-шаңдығы (быстродеиствия), энерготәуелдігі (энергозависимости), тағайындалуы, көлемі мен құны бойынша оның айырма-шылықтарымен түсіндіруге болады. Есте сақтау түрлерінің алуан түрлілігі бір түрдің құны жоғары есте сақтау мен басқа түрдегі шапшаңцығы төмен есте сақтау арасындағы қарама-қайшылықты жоюға көмектеседі.

Регистрлік есте сақтау - жылдам болады (кейде оны аса оперативті (сверхоператшной) деп атайды) . Ол процессор ішінде орналасқан жалпы тағайындаудың бірнеше регистрін (ЖТР) білдіреді. Регистрларды процессорлармен қайта жіберу, қосу (сложение), санау (счет) және т. б. қарапайым операцияларды орындау барысында пайдаланады.

Бүркеме-есте сақтау (кэш-память) регистрлік еске сақтаумен салыстырып қарағанда көлемі үлкен болады, бірақ, шапшаңдығы кем. Дербес компыотерде есте сақтаудың осы түріндегі есте сақтаудың құрылғыларының (запоминающих устройств) саны әр қилы болуы ықтимал. Осы заманғы дербес компьютерде осы түрдің екі-үш есте сақтау құрылғысы болады

Энерготәуелді есте сақтау CHOS (КМОП-есте сақтау) осы компьютердің конфигурациясын есте сақтауда қызмет етеді (ағымдағы уақытты, күндерді, таңдап алынған жүйелілік дискіні (системного диска) және т. б. ) . Есте сақтаудың осы түрі дербес компьютердің аншық тақшасында (материнской плате ПК) тоқтаусыз (үзіліссіз) жұмыс істеуі үшін габариті аз аккумулятор немесе қоректендіруші батарея орнатады.

Оперативті есте сақтайтын құрылғы (ОЕҚ) өзгермелі (азымдазы) информацияны қысқа мерзімде сақтауда пайдаланылады әрі есептеу операцияларын процессормен орындау барысында өзіндегі өзгерістерді мүмкін (ұйғарынды) етеді. Бұл процессордың өңделген деректерден (санау режимінен - режим считывания) немесе команданың ОЕҚ-сынан шыға алатынын білдіреді, содан кейін деректерді арифметикалық немесе логикалық өңдеуден өткізгеннен кейін алынған нәтижені ОЕҚ-ға (жазба режимі - режим зстиси) орналастырады. ОЕҚ-ғa жаңа деректерді бастапқы деректер қойылған жерге (ұяшыққа) ғана орналастыру мүмкін болады. Бұрынғы командасының немесе деректердің өшірілетіні өзінен-өзі түсінікті.

Тұрақты есте сақтайтын құрылғы (ТЕҚ) дербес компьютер жұмыс істеген кезде өзгермейтін информация сақталады. Мұндай информацияны мониторлық-тест программасы (ол компьютердің ажыратылған сәтінде оның жұмысқа қабілетінің бар, жоғын тексереді), драйвер (ЭЕМ-нің жекелеген құрылғысының, мысалы, перненің жұмысын басқаратын < программа) және т. б. жасайды.

Сыртқы есте сақтайтын құрылығы (СЕК) информацияны ұзақ уақытқа сақтауға арналған. СЕҚ-ға магниттік таспаға (магнитная лента) жтиақтаушы (магнитофон, стример), қатқыл дискіге (жесткий диск) жинақтаушы (винчестер), иілгіш дискіге (гибкий диск) жинақтаушы, оптикстың дискіні ойнатқыш (проигрыватели оптических дисков) жатады. ОЕҚ-мен салыстырып қарағанда СЕҚ негізінен еске сақтаудың үлкен көлеміне ие болады, бірақ шапшаңдығы көп төмен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютердің келіп шығу тарихи және түрлері
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
Информатика пәні мен оның мәселелері
Дербес компьютерді модернизациялау
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Желілердің құрылымы
Мәліметтердің негізгі құрылымы
Дербес компьютерлер өндірісі
Электрлі есепту машинасының даму тарихы
Дербес компьютерлер туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz