Патофизиология-2 пәнінен дәріс жинағы


ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-2. «ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ.
Модулдің жалпы мақсаты: негізгі және клиникалық пәндер біріктірілу негізінде студенттерді ересек адамдардың және әр жастағы балалардың тыныс алу жүйесінің қалыпты жағдайда қызметін қамтамасыз ететін физиологиялық үрдістерді және негізгі клиникалық синдромдар түзілуінің патофизиологиялық тетіктерін түсіне отырып, клиникалық тексеру негіздеріне үйрету.
Патофизиология-2 модулдің міндеттері: тыныс алу жүйесінің зақымдануының негізгі әйгіленімдері мен синдромдарының патофизиологиялық даму тетіктерін түсіндіру
I. 3. ДӘРІС ЖИНАҒЫ
№ 1 тақырып. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі. Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылысы.
Мақсаты: Сыртқы тыныс бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру
Дәріс жоспары:
- Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің жалпы этиологиясы мен патогенезі.
- Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылысы. Өкпе ұяшықтық-қылтамырлық мембранасының диффузиялық қабілетінің төмендеу себебі, өкпе ұяшықтық-қылтамырлық бөгет.
ТЖ себептері:
Тыныс реттелуінің Тыныстық Кеуде сарайы Тыныс алу Өкпе тінінің дерттік
бұзылыстары: бұлшықеттерге қозғалыс- жолдарының өзгерістері:
- Мидағы тыныс жүйкелік серпіндер тарының бұ- бұзылыстары: -өкпе тіні кішіреюінен
орталығының (тыныштан тарауының зылыстары: -бөгде зат (пневмонэктомия)
дыратын дәрілік заттар, бұзылыстары немесе -кифосколиоз түскенде -қызмет атқаратын өкпе
есірткілердің әсерінен тежелуі) тыныстық бұлшық-торакопластика -өспе өскенде ұяшықтарының
- Тыныс орталығының еттердің өздерінің -пневмоторакс -бронхоспазм азайып кетуінен(ате-
құрылымдық (мый жарақаты, бүліністері: -гидроторакс -кеңірдекшелер лектаз, пневмония)
мый өспесі) бүліністері -жұлынның қимыл-гемоторакс сыртынан қы-өкпе тінінің көлемдік
- Тыныс орталығына дық нейрондарының -іш шемені сылып қалғанда -созылғыштығы азаюы-
бағытталатын жүйкелік сер- бүліністері (полиомиелит) -іш кебуі нан, мәселен пневмо-
піндер түсуі бұзылыстары. -шеткері түйіспелердің -гепатомегалия склероз, эмфизема
бүліністері (миастения) - тыныстық қауырт
-тыныстық бұлшықеттердің дистресс синдромы
қабынуы (миозит) немесе
дистрофиясы.
Өкпенің диффузиялық қабілеті, ұяшықтық - қылтамырлық мембрананың екі жағындағы газдардың үлестік қысымына байланысты, газдардың өкпе ұяшықтарынан қылтамыр арнасына және кері бағытта тасымалдану жылдамдығын көрчетеді
Бұзылыстар мына жағдайда болуы мүмкін:
- Өкпе қабынуы, ісінуі кезінде ұяшықтық-қылтамырлық тосқауылдың қалыңдауынан,
- Қызмет атқаратын өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың азайып кетуінен немесе тыныс алу беткейінің кішіреюінен (мәселен ателектаз, өкпенің бөлігін отау, өкпе тінінің бүліністері кезінде),
- Өкпе қылтамырларында қан көлемі мен гемоглобин азаюынан,
- Өкпе ұяшықтарындағы ауа мен қанның түйісу уақыты қысқаруынан (өкпе эмфиземасы)
Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылыстарын - ұяшық - қылтамыр аралық бөгет дейді.
Газдардың диффузиясы бұзылыстарынан артериялық қанда рО 2 төмендеп, гипоксемия дамиды. Бірақ қанда рСО 2 төмендеп гиперкапния байқалмайды, өйткені көмір қышқылы газының диффузиялық қасиеті, оттегіге қарағанда, 20, 3 есе жоғары болады.
4. Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық қойылымы
5. Әдебиеттер
Негізгі
- Патофизиология: Ә. Н. Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
- Литвицкий П. Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. - М. : ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 386 -388
- Патологическая физиология: Учебник п/р Н. Н. Зайко и Ю. В. Быця. - 2-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2004. - С. 454-457.
- Патофизиология: Учебник для мед. вузов под/ред В. В. Новицкого и Е. Д. Гольдберга О. И. Уразовой- М. : ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009. - С 257 -260
Қосымша
- Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А. Н. Нурмухамбетова. - Алматы: Кітап, 2004. - С. 169-178.
- Патофизиология: Учебник для мед. вузов под/ред В. В. Новицкого и Е. Д. Гольдберга - М. : Томск., 2006. - С. 513 - 516
- Литвицкий П. Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. - М. : ГЭОТАР-МЕД, 2003. - Т. 2. - С. 229-236.
6. Бақылау сұрақтары
1. Тыныс алу бұзылыстарының негізгі себептерін атаңыз.
2. Өкпенің ұяшық-қылтамырлық мембранасы арқылы газдардың диффузиясының бұзылысына әкелетін себептерді атаңыз.
3. Өкпенің ұяшық-қылтамырлық бөгеті дегеніміз не?
№ 2 тақырып. Өкпе желдетілуінің бұзылысы. Өкпе қан ағымының бұзылысы.
Мақсаты:Гиповентиляцияның рестрикциялық түрінің, бронхообструкциялық синдромның, өкпедегі қан ағымы бұзылысының этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Дәріс жоспары:
- Өкпе желдетілуінің бұзылысы. Обструкциялық гиповентиляцияның этиологиясы, патогенезі, спирометрлік көрсеткіштері.
- Рестрикциялық гиповентиляцияның этиологиясы, патогенезі, спирометрлік көрсеткіштері.
- Өкпеде қанайналымының бұзылысы. Қанайналымының кіші шеңберінің гипертензиясы, түрлері (қылтамыралдылық, қылтамырсоңылық, аралас), себебі, дамуының негізгі тетіктері және теңгерілуі. Қанайналымының кіші шеңберінің гипотензиясы.
- Вентиляциялық - перфузиялық арақатынастың бұзылысы.
Дәріс тезисі
Өкпе желдетілуінің бұзылыстары:
- Гиповентиляция (обструкциялық және рестрикциялық түрі)
- Гипервентиляция
- Біркелкі емес желдетілу
- Обструкциялық гиповентиляциятыныс алу жолдары тарылғанда немесе бітелгенде байқалады
Жоғарғы тыныс алу жолдары өткізгіштігінің бұзылыстары
Себептері:
- кеңірдекке тағам немесе бөгде заттардың түсуі
- тыныс алу жолдарының қою қақырықпен, құсықпен бітелуі, кеңірлекшелер өспесі
- наркоз жағдайында, кома кезінде тілдің тыныс жолын бітеп қалуы
- қабыну кезінде майда кеңірдекшелердің шырышты қабатының қалыңдауы
- көмейдің ісінуі
- тыныс алу жолдары ұлғайған қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің өспесімен, жұтқыншақ арты іріңдікпен қысылып қалуы
Стеноздық тыныс - сирек, терең, демді ішке тарту кезеңі ұзарған
Төменгі тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуы
Себептері:
- бронхо- және бронхиолоспазм
- қабыну кезінде бронхиолалар қабырғаларының ісінуі
- бронхиолалардың дерттік сұйықтықпен (жалқық) бітелуі
- майда кеңірдекшелердің транспульмональдық қысым жоғарылауынан қысылып қалуы (эмфизема кезінде өкпе серпімділігінің төмендеуі)
дем шығару кезеңінің қиындауы
Обстукциялық гиповентиляцияда сыртқы тыныс қызметінің бұзылысы былайша
көрінеді:
- Қарқынды дем шығарудың 1-секөнтіндегі ауа көлемі (FEV1от ағыл -forced expiratory volume in 1 second) азаяды;
- осы көрсеткіш пен өкпенің қарқынды тіршіліктік сыйымдылығының пайыздық арақатынасы FEV1/ FVC (англ. forced vital capacity - өкпенің қарқынды тіршіліктік сыйымдылығы ӨҚТС) төмендейді - Тиффно индексі;
- Қарқынды дем шығарудағы өкпенің қарқынды тіршіліктік сыйымдылығының 25-75% аралығындағы ауа ағымының көлемдік жылдамдығы (FEF25-75- от англ -forced expiratory fIow вetween 25 and 75% of FVC) азаяды;
- Өкпенің қалдық ауа көлемі (ӨҚК, RV-ағыл. тілінен residual volume ) және оның өкпенің жалпы сыйымдылығының ӨЖС арақатынасы (TLC - ағыл. тілінен total Iung capacity) ӨҚК/ӨЖС - RV/TLC жоғарылайды;
- Өкпенің жалпы сыйымдылығы ӨЖС (TLC) және өкпенің функциялық қалдық сыйымдылық (FRC - ағыл. тілінен functionaI residuaI capacity) артады
- Рестрикциялық гиповентиляция өкпенің тынытық беткейінің азаюынан немесе өкпе тіні серпімділігінің төмендеуінен дамиды.
Себептері
- Өкпеішілік: пневмониялар, өкпе ателектазы, өкпе обыры, пневмосклероз, сурфактанттың азаюы, (кеңірдекшелердің обструкциясы, эмфизема)
- Өкпесыртылық
- Қабырғааралық бұлшықеттердің миозиті, миастения - бұлшықеттік әлсіздік, бұлшықеттің қажуы
- Көкеттің зақымдануы (негізгі тыныс алу бұлшықеті (желдетілудің 2/3-ін қамтамасыз етеді) → әдеттен тыс тыныс (тыныс алу кезінде қарынүсті аймағының ішке кіріп кетуі)
- гидро-, пневмо-, гемоторакс, плевриттер
- Омыртқа бағанасы мен қабырғалар пішінінің туа немесе жүре пайда болған пішінінің өзгерістері, қабырға шеміршектерінің сүйектенуі→кеуде қуысы серпімділігінің төмендеуі
- Іш шемені, метеоризм, гепатомегалия
Рестрикциялық және обструкциялық гиповентиляция кезіндегі сыртқы тыныс көрсеткіштерінің салыстырмалы сипаттамасы
Рестрикциялық
бұзылыстар
FVC (ӨҚТС)
FEV 1 (ҚӨШК 1с )
FEV 1 / FVC % Тиффно индексі
FEF 25-75 % ҚӨШ/ӨҚТС 25-75 %
VC - ӨТС
FRC- ӨФҚК
RV - ӨҚК
TLC - ӨЖС
RV/TLC-ӨҚК/ӨЖС
- ↓
- ↓
қалыпты
қалыпты
↓ ↓
↓немесе ↑
↓ немесе↑
- ↓
↓ немесе ↑
қалыпты
↓
↓
↓
қалыпты
қалыпты
қалыпты
қалыпты
↓
- ↓
- ↓
- ↓
↓ ↓
↑
↑
↑
↓↑немесе ↑
3. Өкпе гиповентиляциясының аралас түрі. рестрикциялық және обструкциялық желдетілу бұзылыстары жиі біріккен түрде кездеседі .
Кіші қанайналым шеңберіндегі қанайналымының (перфузияның) бұзылысы
Өкпе қанайналымы мына жағдайларда төмендеуі мүмкін:
- оң қарыншаның жиырылу қызметінің әлсіреуі;
- жүректің сол бөлігінің жеткіліксіздігі және өкпеде қан іркілуі;
- туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақауларында (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, өкпе артериясының тарылуы) ;
- қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі (сілейме, коллапс) ;
- өкпе артерияларында қан қатпасының (тромб) құрылуы немесе эмбол тұрып қалуы.
Шығу тегі бойынша мынадай түрлерін ажыратады
- Алғашқы, идиопатиялық өкпелік гипертензия
- Салдарлық
- гиперкинездік (өкпе ішілік қосылымдық, қос жарғақты қақпақша тесігінің тарылуы)
- бітелулік (өкпенің обструкциялық және рестрикциялық аурулары, өкпелік артериит)
- обструкциялық (өкпе артериясының эмболиясы, тромбозы)
- вазоконстрикциялық (ұяшықтық гипоксия, гиперкапния, ацидоз, қантамыры межеқуатының эндотелий-тәуелді реттелуінің бұзылысы және эндотелин сөлденісінің ↑, нитроксидтің ↓ (NO)
Патогенезі бойынша өкпелік гипертензияны қылтамыралдылық, қылтамырсоңылық және аралас деп бөледі.
1. Қылтамыралдылық гипертензия. Артериолар мен қылтамырларда қан қысымының жоғарылауымен сипатталады (систолалық қысымның 30 мм с. б. б. және диастолалық қысымның 12 мм. с. б. б. жоғарылауы) .
Ең жиі себептері.
- Артериола қабырғасының тарылуы (мәселен, жан - дүниелік күйзеліс, өкпе қантамырларының эмболиясы, феохромоцитомада катехоламиндердің артық шығарылуы, ацидоз, дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының қауырт төмендеуі) . Гипоксия вазоконстрикцияның күшті жайты болып табылады (вазоконстрикцияның негізгі дәнекерлері: катехоламиндер, эндотелин, тромбоксан А2) .
- Өкпенің майда қантамырларының бітелуі (мәселен, микротромбтармен, эмболдармен, гиперплазияланған эндотелиймен) .
- Өкпе ұяшықтарының қысылуы (мысалы, өспемен, ұлғайған лимфалық түйіндермен, жөтелдің жедел ұстамасы кезінде бронхтар мен өкпе ұяшықтарында жоғарылаған ауа қысымынан) .
2. Қылтамырсоңғылық гипертензия. Қантамырларынан қанның сол жүрекшеге ағып кетуі бұзылуымен және артериялық қанның өкпеде жиналуымен сипатталады.
Ең жиі себептері: қос жарғақты қақпақша тесігінің тарылуы (мысалы, эндокардит нәтижесінде), өкпе көктамырларының қысылуы (мысалы, ұлғайған лимфалық түйіндері немесе өспемен), сол қарынша бұлшықетінің жиырылғыштық қызметінің әлсіреуі - сол қарыншалық жеткіліксіздік (мәселен, миокард инфаркты, гипертониялық ауру, миокардиодистрофия) .
3. Өкпе гипертензиясының аралас түрі. Жиі қылтамыралдылық немесе қылтамырсоңғылық гипертензияның асқынуы және үдеуі салдарынан дамиды. Мысалы, өкпе көктамырларынан сол жүрекшеге қанның ағып кетуінің қиындауы (қылтамырсоңғылық гипертензияға тән) рефлекстік түрде өкпе артериолалары саңлауының тарылуына алып келеді (Китаев рефлексі, қылтамыралдылық гипертензияға тән) .
Көріністері: сол қарыншалық немесе/және оң қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінің көріністері (көктамырларда қанның іркілуі, ісіну, іш шемені және т. б. ), ӨТС төмендеуі, гипоксемия және гиперкапния, ацидоз (тыныстық, созылмалы ағымында - аралас) .
Кіші қан айналымы шеңбері гипотензиясы
Өкпелік гипотензия кіші қанайналымы шеңбері қантамырларында тұрақты түрде қан қысымы төмендеуімен сипатталады.
Ең жиі кездесетін себептері:
• Жүрек ақауларында қанның «оңнансолға» қосылуынан. Осы кезде веналық қан артериялық жүйеге “лақтырылады” (мысалы, Фалло тетрадасында өкпе артериясы қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде) .
• Әртүрлі себептерден дамыған гиповолемия (мысалы, ұзақ іш өту кезінде, сілеймелік жағдайларда, созылмалы қан жоғалту нәтижесінде) .
• Жүйелік артериялық гипотензия (мысалы, коллапс немесе кома кезінде) .
Ұяшықтардың желдетілуі (V а ) мен олардың қанмен қамтамасыз етілуінің (Q) немесе вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылуы (V а / Q)
V а / Q қалыпты жағдайда 1, 0-ге жуық болады.
(V а / Q) ↑ болуы қан келмейтін ұяшықтарда немесе қан нашар келетін ұяшықтарда желдетілудің болуын көрсетеді (дәрменсіз желдетілу) . Бұл кезде артериялық гипоксемия байқалмауы мүмкін. Өйткені тыныстық бұлшықеттердің артық жұмыс атқаруынан тыныстық ауа көлемі, тыныс алу жиілігі және тыныстың минуттық көлемі жоғары деңгейде ұсталып тұрады.
(V а / Q) ↓ қан қалыпты келетін ұяшықтардың желдетілмеуін көрсетеді (созылмалы обструкциялық бронхит, ателектаз және т. б. ) . Ол артериялық гипоксемияға әкеледі.
Сау ұяшықтардың теңгерілуінен, олардың желдетілуі жоғарылауы нәтижесінде, гиперкапния дамымайды.
- Көрсетілетін құрал: тақырыптың мультимедиялық қойылымы
- Әдебиеттер
Негізгі
- Патофизиология: Ә. Н. Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
- Литвицкий П. Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. - М. : ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-386
- Патологическая физиология: Учебник п/р Н. Н. Зайко и Ю. В. Быця. - 2-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2004. - С. 447-471.
- Патофизиология: Учебник для мед. вузов под/ред В. В. Новицкого и Е. Д. Гольдберга О. И. Уразовой- М. : ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2009. - С. 248-257, 260-266
- Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А. В. Ефремова М. : ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 127-135
Косымша
- Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А. Н. Нурмухамбетова. - Алматы: Кітап, 2004. - С. 169-178.
- Патологическая физиология п/р А. Д. Адо, М. А. Адо, В. И. Пыцкого, Г. В. Порядина, Ю. А. Владимирова. - М. : Триада-Х, 2002. - С. 427-457
- Патофизиология: Учебник для мед. вузов под/ред В. В. Новицкого и Е. Д. Гольдберга - М. : Томск., 2006. -С. 503-513
- Литвицкий П. Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. - М. : ГЭОТАР-МЕД, 2003. - Т. 2. - С. 215-238.
- В. Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний. - СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003. - С. 77-135.
6. Бақылау сұрақтары
1. Гиповентиляцияның обструкциялық және рестрикциялық түрінде сыртқы тыныстың көрсеткіштері қалай өзгереді?
2. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі тыныс сипаты
3. АВ/МО коэффициенті 1, 0-ден төмен болатын ауру түрін мысалға келтіріңіз.
№ 3 тақырып. Қанның газдық құрамының өзгерістеріне байланысты тыныс жеткіліксіздігінің түрлері (гипоксемиялық, гипоксемия-гиперкапниялық) . Сыртқы тыныс бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері .
Мақсаты: Тыныс жеткіліксіздігінің патогенезін меңгеру
Дәріс жоспары:
- Тыныс жеткіліксіздігінің түрлері.
2. Балалардағы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезіндегі ерекшеліктер.
Дәріс тезисі
«Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі (ТЖ) - деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады». Н. Н. Зайко.
Орналасуы бойынша
- Тыныс жолдарының дерттері кезіндегі ТЖ
- Өкпе зақымдануы кезіндегі - ұлпалық ТЖ
- Кеуделік (кеуде сарайының зақымдануы кезінде) ТЖ
- Жүйкелік-бұлшықеттік ТЖ
- Орталықтық ТЖ
Патогенезі бойынша
- Өкпе ұяшықтары желдетілуінің бұзылыстарынан дамитын ТЖ
- Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарынан дамитын ТЖ
- Өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан дамитын ТЖ
Ағымы бойынша
- Жіті (бірнеше минут, сағат ішінде) ТЖ
- Тыныс алу жолдарына бөгде зат түскенде
- ларингоспазм
- өкпе артериясының тромбэмболиясы
- асфиксия
- Жітілеу (бір тәулік ішінде) ТЖ
- жіті пневмония
- гемоторакс, пневмоторакс
- өкпе ісінуі
- сүлде (бірнеше айлар және жылдар ішінде) ТЖ
- пневмосклероз
- өкпе эмфиземасы
- өкпе туберкулезі
Сыртқы тыныстың созылмалы жеткіліксіздігінің сатылары:
- Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің теңгерілген сатысында өкпе желдетілуі бұзылуының белгілері болғанымен, қанда оттегінің қалыпты деңгейі ұсталынып тұрады.
- Шала теңгерілген (субкомпенсациялық жеткіліксіздік) сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе төмендеген, өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы бұзылады. Қанда оксигемоглобиннің деңгейі 93%-дан аз (НВО2< 93%) .
- Теңгерілмеген сатысында ауыр гипоксемия (НВО2<75 %) және гиперкапния дамиды.
ТЖ түрлері
Гипоксемиялық түрі ТЖ Гиперкапниялық-
(1-түрі) немесе гипоксемиялық түрі
Ұлпалық ТЖ (II түрі) немесе
(артериялық гипоксемия вентиляциялық ТЖ
рО 2 <60 мм с. б. )
себептері: себептері:
өкпе ұлпасының және ұсақ ұяшықтық гиповентиляция
тыныс жолдарының → СО 2 шығарылуының
ауыр аурулары бұзылуы және гиперкапния (рСО 2 >45 мм с. б. ),
даму тетіктері: газдық ацидоз, гипоксемия және
- Дем алатын ауада рО2↓; газдық емес ацидоз.
- Ұяшық-қылтамыр мембранасы арқылы
- газдар диффузиясының бұзылуы ;
- вентиляциялық - перфузиялық
арақатынастың бұзылуы;
- веналық қанның жүректің сол
бөлігіне тікелей түсуі немесе
қосылуы
Балаларда сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің ерекшеліктері олардың өкпе мен тыныс алу жолдарының ерекшеліктерімен анықталады:
- Мұрын тыныс жолдары жіңішке және иректелген.
- Өкпе ұяшықтары тінінің серпімділігі мен өкпе межеқуаты төмен. Бұл өкпе тінінің төзімділігінің төмендеуін көрсетеді.
- Тыныс алу орталығының рефлекстік қозымдылығы төмен, жөтел рефлексінің әлсіз көрінуі.
- Өкпенің қанмен жақсы қамтамасыз етілуі.
Көрсетілген ерекшеліктар эмфизема дамуына септеседі. Қатты айқайлағанның өзінде өкпе ұяшықтары жыртылуы мүмкін. Пневмония жиі пайда болады және өтуі жайылмалы сипат алады. Перинатальды дерттер, аспирациялық синдром, иммундық - тапшылықтық жағдайлар, өкпе мен жүректің даму ақаулары пневмония дамуына септігін тигізеді. Жаңа туылған бала жөтелу рефлексінің әлсіздігіне байланысты тыныс жолдарынан бөліністерді, шырыш, қақырықты шығара алмайды. Бронх тармақтарының дренаждық қызметі бұзылуынан, жұқпаның жайылуына қолайлы жағдай туады.
Жаңатуылғандардың өмірінің алғашқы 2 тәулігінде организмнің аса маңызды қызметтерінің тежелуі әсерінен тыныс жеткіліксіздігі күшеюімен көрінетін ерекше жағдай тыныс алу бұзылыстары синдромы (ТБС) деп аталады. ТБС дамуында пневмопатиялар, туа пайда болған пневмониялар, туылу кезіндегі ОЖЖ жарақаты, жүрек пен өкпенің даму ақауларының маңызы зор.
Пневмопатиялар - жаңатуылғандардың сыртқы орта (ұрықтық дамудан тыс) жағдайына алғашқы бейімделуі бұзылуынан дамитын өкпедегі жұқпалы емес дерттік үрдіс. Оларға өкпенің алғашқы ателектазы, гиалиндік мембраналық ауру, ісінулік-геморрагиялық синдром, өкпеге жайылмалы қанқұйылу, өкпе аспирациясы синдромы.
4. Көрсетілетін материал: тақырыптың мультимедиялық қойылымы
5. Әдебиет
Негізгі
- Патофизиология: Ә. Н. Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
- Литвицкий П. Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. - М. : ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 389-390
- Патологическая физиология: Учебник п/р Н. Н. Зайко и Ю. В. Быця. - 2-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2004. - С. 458-468
- Патофизиология: Учебник для мед. вузов под/ред В. В. Новицкого и Е. Д. Гольдберга О. И. Уразовой- М. : ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2009. - С. 270-284
- Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А. В. Ефремова М. : ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 126-128
Қосымша
- Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А. Н. Нурмухамбетова. - Алматы: Кітап, 2004. - С. 169-178.
- Патологическая физиология п/р А. Д. Адо, М. А. Адо, В. И. Пыцкого, Г. В. Порядина, Ю. А. Владимирова. - М. : Триада-Х, 2002. - С. 427-457
- Патофизиология: Учебник для мед. вузов под/ред В. В. Новицкого и Е. Д. Гольдберга - М. : Томск., 2006. -С. 503-513
- Литвицкий П. Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. - М. : ГЭОТАР-МЕД, 2003. - Т. 2. - С. 215-238.
- В. Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний. - СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003. - С. 77-135.
6. Бақылау сұрақтары
1. тыныс жеткіліксіздігінің патогенезі бойынша түрлері
2. тыныс жеткіліксіздігінің қанның газдық құрамы өзгеруі бойынша түрлері
3. тыныс жеткіліксіздігінің I түрінің себептерін атаңыз
4. тыныс жеткіліксіздігінің IІ түрінің себептерін атаңыз
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 1 тақырып. «Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Өкпе ұяшығының гипо- және гипервентиляциясы» .
Сабақ мақсаты:
- Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық және рестрикциялық түрінің этиологиясы мен патогенезі
Оқыту міндеті:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
- Бронхообструкциялық синдромның патогенезін түсіндіре алу
- Гиповентиляцияның рестрикциялық түрінің, өкпе тінінің тығыздалуы, плевра қуысында сұйықтықтар мен газдар жиналуының патогенезін түсіндіре алу
- Спирометрлік көрсеткіштер арқылы гиповентиляцияның түрін анықтау
- Ситуациялық есептер бойынша қорытынды жасау
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезі, орналасуы, қанның газдық құрамының өзгеруі, ағымы бойынша жіктелуі.
- Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің желдетулік түрі туралы түсінік, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі өкпе көлемі мен сыйымдылығы өзгеруінің патогенезі мен себептері.
- Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік (өкпе тінінің тығыздалу синдромы) және өкпеден тыс себептері (плевра қуысында сұйықтық және газ жиналу синдромы ж. б. ), патогенезі, өкпе көлемі мен сыйымдылығының өзгеруі.
Оқыту және сабақ беру тәсілдері:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс істеу: тапсырманы орындау, пневмограммаларға тұжырым жасау
Машықтық жұмыс
- Егер бастапқы пневмограмма мынадай болса, тәжірибелік жануардың кеңірдегін жасанды жолмен тарылтқанда тыныс алу сипаты, пневмограмма қалай өзгереді?
Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz