Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау шараларының жүзеге асырылуы


Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау шараларының жүзеге асырылуы

Жоспар:

Кіріспе

1. Еңбекті қорғау шараларын жүзеге асырудың түсінігі.

2. Еңбекті қорғау саласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалау.

3. Еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Лекция мақсаты: Студенттерге еңбекті қорғау шараларының жүзеге асырудың түсінігін, еңбекті қорғау саласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалауды, еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні.

1. Еңбекті қорғау шараларын жүзеге асырудың түсінігі. Еңбекті қорғау шараларын жүзеге асыру деп - Еңбек процесі кезінде жұмыс істеп жатқан азаматтардың өмірі мен денсаулығының және құқықтарының қорғалуы болып табылады. Қазіргі таңда Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. 2007 жылы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді. Бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң жобасы жасалынды. Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген онжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған қызметкерлерді оқытуды, жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады, сонымен қатар, еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер қабылданды. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.

2. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрiстiк жарақаттануды азайту және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау мониторингін ұйымдастырады. Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормаларын сақтау үлкен мәнге ие болып отыр, себебі оған қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы мен өмірлерінің сақталуы тікелей байланысты. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау ңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.

Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;

2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ өтініштерге жедел назар аударуды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру. Жоспарлы тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты үш жылда бір реттен жиі болмауға тиіс.

3. Жоспардан тыс тексеруді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың өтініші болған, сондай-ақ құжаттармен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргізіледі.

Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болмайды. Тексерудің ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемі елеулі болғанда мемлекеттік органның басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін күнтізбелік жиырма күнге дейінгі мерзімге және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.

3. Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:

1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды, ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдауға;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;

3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау шараларының жүзеге асырылу жолдары
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы конституциялық құқықтарының іс жүргізу кепілдіктері
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті дамыту
Құқық пен экомомика, саясат
Халықаралық ұйымдардың тұлға құқықтарын қорғаудағы орны
Әлеуметтік саясат - мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі
Салықтық бақылау және оның жетілдіру жолдары
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Экономикалық өсудің құралы - Инвестиция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz