Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша тарихнама және деректер



1. ХҮІІІ.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемаларының отандық зерттеушілердің еңбегінде зерттелуі.
2. ХҮІІІ.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемалары шетелдік тарихнама беттерінде.
3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы шежіре мен аңыздарда, ақындар мен жыраулар туындыларында, жазба дерек көздерінде.
ХVІІІ- ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық ролін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттілігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлтазаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтынуына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды.
Қазақстанның отарлық кезеңнің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халықтарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасаң қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушлыққа ұшыратылды. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзлік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды.
Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді.
Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқы тарихының (ХVІІІ-ХІХ ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.
ХVІІІ ғасырда Орта Азияның Хиуа және Бұхара хандықтарында, кейбір өзбек руларында өзара шиеленіс күшейді. 1723 жылы Ташкент қалмақтың қоластында болды, бірақ тікелей бағындырған қалмақтың Хун Тайджы ханы мен қазақ ханы Жолбарыс еді. 1728-1740 жылдары Хиуа ханы Жолбарыстың қашып кетуіне байланысты (бухаралықтардан), 1740 жылы Персияның солтүстігінде персиялық шах Нәдір Мерв қаласын басып алып көп кешікпей Хиуа ханын 20 өзбек әскер басыларымен өлтіріп, еш қарсылықсыз Бұхараны бағындырады. Үздіксіз жойқын феодалдық соғыстың әсері Орта Азия шаруашылығына зиян келтірді. Көптеген қалалар құлап, қирап қалды соның ішінде Самарқанд қаласы ХҮІІІ ғасырдың ортасында ең төменгі дәрежедегі бос қалған қала болып қалды. Тек қана Бұхарада бұрынғыдай қызу қала өмірі жүріп жатты. Біраз жылдан кейін өзбек феодалы Мұхаммед Әмин түркмендермен болған соғыста оларды жеңіп, Хиуа хандығын қайта орнатты. Мұхаммед Әмин Бұхара әулиетінің негізін қалаушы болды. ХҮІІІ ғасырдың аяғында оның ұлы Мұратың Бұхара мен Мервті және Балх қаласы мен Әмударияның сол жақ жағалауын қосуға қолы жетіп, Заравшан өзенінің алқабында жер суландыру жұмыстарын жүргізді. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Ферғанада экономикалық жағдай жақсарып, жібек мата өндіру өнеркәсібі көтеріліп, Қытаймен сауда қатынасының жандануының нәтижесінде, Қоқан хандығы құрылды. Ресей және басқа Еуропа елдерімен сауда қатынасының жақсарп, Орта Азияға алтынның шоғырлануы күшейді. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Ферғанада бірінші рет монғол шабуылынан кейін, жергілікті алтын монеттер соғу басталды.
1. Қазақстан тарихы. III т. А., 1998 ж.
2. Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994 ж.
3. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004 ж.
4. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2001 ж.
5. Әбдіәкімұлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997 ж.
6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1-лекция. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша тарихнама және деректер.
Жоспары:
1. ХҮІІІ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемаларының отандық зерттеушілердің еңбегінде зерттелуі.
2. ХҮІІІ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемалары шетелдік тарихнама беттерінде.
3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы шежіре мен аңыздарда, ақындар мен жыраулар туындыларында, жазба дерек көздерінде.
Лекция мақсаты: Жаңа замандағы Қазақстан тарихының өзекті проблемаларының тарихнамасын және сол бағыттағы соңғы зерттеулердің тұжырымдарын қамтып, салыстырмалы түрде беру студенттердің өзіндік іздеулеріне түрткі болады. Курстың басты мақсаты - әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылатын Отан тарихы туралы білімді студенттер санасында терендету, оларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Отарлану кезіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, ағартушылық пен миссионерлік, жаңа мектеп жүйесінің қалыптасуы өзара байланыста қарастыру. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарының дамуын көрсету. Біртіндеп жалпы ресейлік рынокқа енуін, Қазақстанның экономикалық жағынан игерілуін, сауда мен қатынас жолдарын салынуын және орыс мәдениетінің өлкеге таралуын қарастыру.

Лекция мәтіні: Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихының ажырамыс бір бөлігі ретінде келесі тарихи кезеңдер бойынша қарастырылады:
Ежелгі Қазақстан тарихы (2,6 млн. ж.б.- б.э. Vғ.)
Ортағасырлардағы Қазақстан. (552- 1731 ж. дейін.)
Қазақстанның жаңа тарихы. (1731- 1917 ж. дейін)
Қазақстанның қазіргі заман тарихы. (1917 ж. - қазіргі күнге дейін)
ХVІІІ- ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық ролін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттілігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлтазаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтынуына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды.
Қазақстанның отарлық кезеңнің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халықтарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасаң қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушлыққа ұшыратылды. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзлік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды.
Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді.
Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқы тарихының (ХVІІІ-ХІХ ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.
ХVІІІ ғасырда Орта Азияның Хиуа және Бұхара хандықтарында, кейбір өзбек руларында өзара шиеленіс күшейді. 1723 жылы Ташкент қалмақтың қоластында болды, бірақ тікелей бағындырған қалмақтың Хун Тайджы ханы мен қазақ ханы Жолбарыс еді. 1728-1740 жылдары Хиуа ханы Жолбарыстың қашып кетуіне байланысты (бухаралықтардан), 1740 жылы Персияның солтүстігінде персиялық шах Нәдір Мерв қаласын басып алып көп кешікпей Хиуа ханын 20 өзбек әскер басыларымен өлтіріп, еш қарсылықсыз Бұхараны бағындырады. Үздіксіз жойқын феодалдық соғыстың әсері Орта Азия шаруашылығына зиян келтірді. Көптеген қалалар құлап, қирап қалды соның ішінде Самарқанд қаласы ХҮІІІ ғасырдың ортасында ең төменгі дәрежедегі бос қалған қала болып қалды. Тек қана Бұхарада бұрынғыдай қызу қала өмірі жүріп жатты. Біраз жылдан кейін өзбек феодалы Мұхаммед Әмин түркмендермен болған соғыста оларды жеңіп, Хиуа хандығын қайта орнатты. Мұхаммед Әмин Бұхара әулиетінің негізін қалаушы болды. ХҮІІІ ғасырдың аяғында оның ұлы Мұратың Бұхара мен Мервті және Балх қаласы мен Әмударияның сол жақ жағалауын қосуға қолы жетіп, Заравшан өзенінің алқабында жер суландыру жұмыстарын жүргізді. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Ферғанада экономикалық жағдай жақсарып, жібек мата өндіру өнеркәсібі көтеріліп, Қытаймен сауда қатынасының жандануының нәтижесінде, Қоқан хандығы құрылды. Ресей және басқа Еуропа елдерімен сауда қатынасының жақсарп, Орта Азияға алтынның шоғырлануы күшейді. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Ферғанада бірінші рет монғол шабуылынан кейін, жергілікті алтын монеттер соғу басталды.
ХІХ ғасырдың ортасында Орта Азияда үш ірі мемлекет: Қоқанд, Бұхар және Хиуа хандықтары болды. Бұл үш хандық орыс патшалығының жаулап алуға ұмтылуының басты нысанасы болды.
ХІХ ғасырдың 50 жылдары Орта Азияда болған саяхатшы былай деп көрсетті: Өзара қырқыс пен тоқтаусыз соғыс барлық жерде өте күшті қымбатшылық пен аштыққа әкеп соқты. Жерлер өңделмей, тұқым себілмей қалды. Әншейінде 4 теңге (80 коп.) тұратын 1 пұт нан бұл уақытта 20 теңгеге (4 руб.) сатылды. Феодалдық алауыздық күшейген тұста, орыс патшалығы өзінің Орта Азияны жаулап алу жорығын бастады.
ХVІІІ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Қазақ хандықтары әртүрлі сыртқы саяси мән-жайлардың ықпалымен өте қиын халықаралық жағдайға ұшырады. Мұның алдында дүниежүзілік сауда коммуникацияларының құрлық аумағынан Атлантика бассейіне ауысуына және Ресей мемлекетінің - Еуропаның оңтүстік шығысы мен Сібірге және Цин империясының Орталық Азияға әскери саяси өктемдік етуінің жедел өрістеуіне байланысты Ресейдің оңтүстік шығысында және Орта Азия елдерінің ішінде әлеуметтік экономикалық және саяси жағдай шиеленісе түскен еді. Екі империялық мемлекет жүйесінің географиялық кеңістікте және көшпелілердің Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени тарихи тоқайласуындағы бұрынғы басым жағдайынан айырылуы тұрғысында дамыған бір біріне қарс қозғалысының барысында көшпелі халықтар сауда жолдарынан біртіндеп ығыстырылып шығарыла берді. Бұл геосаяси үрдістер жайылымдық жерлер және жақын жатқан аумақтардың сауда орталықтарына еркін бару қиындаған көшпелі халықтар арасындағы өзара жанжалдардың өршуіне әкеп соқты. Сол негізде халықаралық салада әскери тайталастың жаңа түйіні пайда болып, ол ХVІІІ ғасырдың алғашқы үштен бірінде Еділ, Жайық бойының, Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігінің және көршілес Орталық Азия аймақтарының бүкіл кеңістігін қамтыды.
ХVІІІ ғасырдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Қазақстанның қазіргі заман тарихын тарихи деректері мен тарихнамасы
Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Қазақ халқының шежірешілік дәстүрі
Қарлұқтардың тарих сахнасына шығуы
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Деректану және тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері. Дәрістер кешені
Пәндер