Нарықтың пайда болуы: шарттары және қызметтері
І. Кіріспе:
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1. Нарықтың пайда болуы, шарттары және қызметтері
2.2. Нарықтың әлеуметтік . экономикалық дамуы
2.3. Нарық және тауар
2.4. Нарықтың мәні, элементтері, типтері
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Нарық, айырбас, айналым категориялары өте тығыз байланысты және күнделікті тұрмыста көп кездеседі. Қоғамдық еңбек бөлінісі қызмет пен еңбек өнімдерінің айырбасталуына мүмкіндік туғызады. Бұған байланысты айырбас барлық экономикалық дәуірге кіретін экономикалық категория болып табылады. Айырбастың ең көп тараған формасы – бартер.
Бартер – бір тауардың екінші тауарға ақшасыз айырбасталуы.(Т – Т). “Айырбас” пен “тауар айналымы” арасында айырмашылық бар. Тауар айналымы – жанама түрде ақша мен тауар айырбасы (Т-А-Т). Олай болса, тауар айналымы ақша айналымымен байланыста болады.
Алайда, көптеген жыл көлемінде тауар айналымы кездейсоқ құбылыс деп ұйғарылды. Тек ол қазіргі жалпылық сипатқа ие болған кезде ғана нарық жүйесінің дәлелін қарастыруға болады. Бұл 6 – 7 мың жыл бұрын болған. Алғашқы кезеңдерде нарық деп – адамдар тауарлар мен қызметтердің айырбасын жүргізетін жерді атаған.
Тауар өндірісі қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңінен дамуына байланысты. Нарық әркелкі, сондықтан оны әр түрлі жақтарынан оқып үйренуге болады. Нарықты сату – сатып алу көзқарасы жағынан қарастырсақ, ол ұсыныс пен сұраныс және өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара арақатынас сферасы деуге болады. Ал, экономиканы ұйымдастыру жағынан қарастырсақ, ол экономиканы қалыптастырудың қоғамдық формасы болып табылады. Нарық қатысушылардың позициясы жағынан оны шаруашылық субьектілері арасындағы қоғамдық байланыс деп айтуға болады.

1. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Жаңа кезең – экономикалық теориясы». Алматы «Дәнекер» 51 – 71 беттер аралығы.
2. Мырзалиев Б.С., Қалтаев С. А., Успанов Ғ. З., Ыдырыс С.С. «экономикалық теория» Түркістан – 2006 ж. 84 -92 беттер аралығы.
3. Мәуленов С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «экономикалық теория» Алматы – 2004 ж.108 – 111 беттер аралығы.
4. Әубәкіров Я.Ә., Байжұманов Б.Б., Жақыпов Ф.Н. Алматы – 1999ж 59 – 66 беттер аралығы.

Нарықтың пайда болуы: шарттары және қызметтері.
Нарық, айырбас, айналым категориялары өте тығыз байланысты және
күнделікті тұрмыста көп кездеседі. Қоғамдық еңбек бөлінісі қызмет пен еңбек
өнімдерінің айырбасталуына мүмкіндік туғызады. Бұған байланысты айырбас
барлық экономикалық дәуірге кіретін экономикалық категория болып табылады.
Айырбастың ең көп тараған формасы – бартер.
Бартер – бір тауардың екінші тауарға ақшасыз айырбасталуы.(Т – Т).
“Айырбас” пен “тауар айналымы” арасында айырмашылық бар. Тауар айналымы –
жанама түрде ақша мен тауар айырбасы (Т-А-Т). Олай болса, тауар айналымы
ақша айналымымен байланыста болады.
Алайда, көптеген жыл көлемінде тауар айналымы кездейсоқ құбылыс деп
ұйғарылды. Тек ол қазіргі жалпылық сипатқа ие болған кезде ғана нарық
жүйесінің дәлелін қарастыруға болады. Бұл 6 – 7 мың жыл бұрын болған.
Алғашқы кезеңдерде нарық деп – адамдар тауарлар мен қызметтердің айырбасын
жүргізетін жерді атаған.
Тауар өндірісі қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңінен дамуына
байланысты. Нарық әркелкі, сондықтан оны әр түрлі жақтарынан оқып үйренуге
болады. Нарықты сату – сатып алу көзқарасы жағынан қарастырсақ, ол ұсыныс
пен сұраныс және өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара арақатынас сферасы
деуге болады. Ал, экономиканы ұйымдастыру жағынан қарастырсақ, ол
экономиканы қалыптастырудың қоғамдық формасы болып табылады. Нарық
қатысушылардың позициясы жағынан оны шаруашылық субьектілері арасындағы
қоғамдық байланыс деп айтуға болады.
Нарық – экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің
барлық салаларында өндіру, тұтыну,бөлу, айырбастау, сату – сатып – алу
арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады:
• Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни “не,
қалай,кім үшін өндіру керек?”мәселері шешіледі;
- 3 -
• Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады.
Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып
алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне
қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді немесе
мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады;
• Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға
болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар
қоғамға қажетті өніді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды.
Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және
өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа
шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар
шығады;
• Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі – бағаны белгілеу. Баға сұраныс
пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір
көлемі сұранысқа жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған
сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға
өндірісті кеңейтеді. Бұл өсулер тепе – тең баға қалыптасқанша жалғаса
береді;
• Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде
шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма
пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып
кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. өндірушілердің
дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, тиімсіздерідің жойылуына
алып келеді.
Нарықтық экономика – бұл пайда табу жолында және аз көлемде
қажеттілік дәрежеде мемлекет тарапынан реттелуге негізделген, өзін - өзі
басқаратын іскерлер, меншік иелері, өндірушілер және тұтынушылар арасындағы
еркін өзін - өзі реттейтін экономикалық қатынастар.
- 4 -
Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері.
Нарықтың сипаттамасы оның құрылымының, әрекет етуші тұлғаларының
және олардың қызығушылық обьектілерінің зерттеуінсіз толық болмайтын еді.
Нарықтың әрекет етуші тұлғалары немесе субьектілері үй шаруашылығы,
фирмалар және мемлекет болып табылады.
Үй шаруашылығы – бұл бір немесе бірнеше тұлғаның құрамындағы
экономикалық бірлік. Ол:
• өз бетінше шешім қабылдайды;
• қандай да бір өндіріс факторының иеленушісі болып табылады және өзінің
мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сата алады немесе жалға бере алады;
Фирма – бұл экономикалық бірлік. Ол:
• сату мақсатымен өнім дайындау үшін өндіріс факторларын пайдаланады;
• пайданы максимизациялауға ұмтылады;
• өз бетінше шешем қабылдайды;
Мемлекет – қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа және шаруашылық
субьектілеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін саяси және заңды билікті
жүзеге асыратын үкіметтік мекемелермен ұсынылған.
Үй шаруашылықтары, фирмалар мемлекет нарық обьектілерін сату және
сатып алу, пайдалану, иелену туралы экономикалық қатынастарға кіреді.
Нарықтық шаруашылықтың обьектілері:тауарлар мен қызметтер, өндіріс
факторлары(еңбек, жер, өндіріс факторлары), ақша, құнды қағаздар
субсидиялар,әлеуметтік төлемдер т.б. болып табылады. Нарықтың нақты
құрылымы бар.
Нарық құрылымы – бұл нарықтың бөлек элементтерінің ішкі құрылысы.
Нарықтың құрылымын әр түрлі критерийлермен жіктейді. Олардың ішіндегі
маңыздылары келесілер болып табылады:
1. экономикалық міндеттеріне байланысты: тауарлар мен қызметтер
2. нарығы, өндіріс құралдары нарығы, еңбек нарығы, инвестициялар,
- 5 -
құнды қағаздар, қаржы нарығы;
3. географиялық орналасуына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық
және әлемдік нарықтар;
4. бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық,
олигополиялық, еркін және аралас нарықтар;
5. саласы бойынша: автомобиль, юидай нарығы;
6. сату түріне байланысты: көтерме, бөлшек сауда нарығы.
Қазіргі нарық инфрақұрылымсыз, яғни көмекші салалар мен ұйымдарсыз
мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы – бұл нарық қатынастарының сәтті жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін коммерциялық және мемлекеттік фирмалар мен
мекемелер жиынтығы. Нарық инфрақұрылымының үш түрін ажырату қабылданған:
тауар, қаржы және еңбек нарығы.
Тауар нарығының инфрақұрылымы биржалық емес сипаттағы делдал
фирмалары,жәрмеңкелерімен, аукциондармен, көтерме және бөлшек сауда
кәсіпорындарымен, тауар биржаларымен ұсынылған.
Қаржы нарығының инфрақұрылымы өзіне валюта және қор биржаларын,
банктерді, сақтандыру компанияларын және қорларды қосады.
Еңбек нарығының инфрақұрылымы өзіне еңбек биржасын еңбекпен қамту
қызметі мен кадрларды даярлау мен жұмыс күшінің миграциясын реттеуді және
т.б. қосады.
Көріп отырғандай, классикалық нарықтық инфрақұрылымның негізгі
элементтері сауда торабы, биржалар және банктер болып табылады.
Бұдан басқа нарықтың сәтті жұмыс істеуі жарнамасыз, ақпараттық және
кеңес беру қызметтерінсіз, тексеру және бақылау мекемелерінсіз мүмкін емес.
Соларға келейік:
Жарнама (лат. – айқайлаймын) – бұл сұранысты көбейту мақсатымен
тауарлар мен қызметтер туралы мәліметтерді тарату. Ол тауар өндірісінің
дамуының алғашқы кезеңінде пайда болды. Ежелгі Грецияда және Римде
коммерциялық сипаттағы хабарландыруларағаш, қола, сүйек тақтайларда
- 6 -
жазылып қала жаршыларымен айқайлап оқылған. ХХ ғасырдың басында жарнама
бәсеке күресінің негізгі құралдарының бірі бола бастады. 70 жылдың
ортасынан бастап жарнамалық бизнестің индустриясыжарнама агенттіктерінің
кең торабымен түсіндіріледі, ал жарнаманың өзі маркетингтің құрамдас бөлігі
ретінде жаңа басқару жүйесінің элементі ретінде қарастырылады.
Ақпарат (лат. – мәлімдеу) – бұл нарық жағдайын болжамдау және талдау
жасауға қолданылатын мәліметтер. Кез – келген фирма сұраныс туралы, ұсыныс
туралы, пайда нормасы туралы, қай жерде қымбатқа сатып және арзанға сатып
алуға болатыны туралы ақпаратты қажет етеді. Алған мәліметтердің негізінде
фирма өзінің жүріс – тұрысының стратегиясын жасайды. Нарық инфрақұрылымының
қазіргі кезеңіне жекелеген ақпараттан мәліметтерді автоматты өңдеудің
информациялық жүйесін құруға өту тән.
Консалтинг – коммерциялық бастамаларда мамандандырылған фирмалармен
жүзеге асырылатын бақылаушылық кеңес беру. Қызметтер нау – хау,
лицензиялар, қызметтер мен тауарлар нарығының болжалдауымен және
зерттеуімен көрсетіледі. Сонымен қатар заң қызметтері көрсетіледі. Жеке
мамандарды ұстаудан осындай кеңестерге төлеу арзанға түсетіндіктен фирмалар
консалтингті кең ауқымды пайдаланады.
Аудит компаниялары (ағылш. ревизор) – бұл фирманың бизнес сферасында
мүмкіндіктерін бағалау мақсатымен фирманың қаржы шаруашылық қызметінің
кешенді ревизиясын жүзеге асыратын ұйымдар. Әдетте, аудит компаниялары
акционерлік компаниялардың қызметін бақылап отыратын мемлекеттік
органдардан арнайы өкілдік алады.
Қорытынды: Нарық инфрақұрылымы нарық қатынастарынан туындайды. Ол
нарық қатынастарының қатысушыларына, олардың қызығушылығының іске асуына
және қызметтерінің өркениетті сипатын қамтамасыз етуді жеңілдетуге
бейімделген.
Нарық және әлеуметтік – экономикалық даму.
Әлеуметтік – экономикалық дамуда, оның жолын салуда деңгейлерін
- 7 -
есептеп шығаруда – жалпы экономикалық талдаудың маңызы зор. Қорытындысын
жасап шығаруда, экономикалық теория – методологиясы ғылыми негіз болып
келеді. Осындай нұсқалары жасалып, ол нұсқалар арналған кезең бойынша –
бүкіл экономикалық, әсіресе макроэкономикалық даму нұсқасы немесе даму
жолдары деңгейі анықталады. Оны жасау үшін экономикалық есептелген, жан –
жақты тұжырымдалған қалыптасқан төрт кезеңнен тұрады. Олардың басты
негіздері:
5 – 10 статистика келешекті даму гепотеза нұсқасының
методологиялық негізін құру – нақтылы алдағы бес жылға нұсқа жасау. Оның
қатарында, бюджеттің жалпы кірісі мен шығынының көлемін есептеп шығарып
белгілеу. Онда бағалы қағаздардың, қаржылардың бағыттары мен қызметтері
белгіленіп, көрсетіліп отырады. Өзінің құрамы жағынан мемлекеттік бюджет,
ең басты маңызды шығын бөлімдерінен тұрады:
1. мемлекетті басқару шығындары;
2. әскери шығындар;
3. мемлекеттік шаруашылыққа байланысты шығындары;
4. сыртқы экономикалық шығындар.
Мемлекет шығынының басты тарланына – экономикалық өндіріс секторының
қызмет жасауын қамтамасыз етуге бірден – бір байланысты шығындар жатады.
Мемлекеттік бюджеттің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар
арқылы ең алдымен, коммуналдық меншік обьектілері: жол, мектеп т.б.
байланысты құрамдарын дамыту және жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан
тұрады. Жергілікті бюджеттің тағы бір басты бөлімі, әкімшілік сот пен
прокуратура пайдаланады.
Жоспарлы экономика – жүйесі қоғамдық немесе мемлекеттік меншікке
негізделіп, экономиканың шаруашылық формасы жоспарлы негізде болады,яғни,
заңдылық негізінде жасалған жоспар, экономиканың дамуында қолданылады. Баға
- әкімшілік жоспарлы негізде қалыптасып, оның деңгейі шектеулі болады.
- 8 -
Қаржы – қаражат - әрбір мемлекеттің қалыптасуымен байланысты.
Сондықтан қаржы – қаражатсыз, бюджетсіз ешқандай мемлекет өзінің дамуын
қамтамасыз ете алмайды. Экономикада қаржыландыру мәселесін тұрақты жүйелі
шешу, экономикалық теорияның негізінде ол – қаржыландыру функциялары болып
келеді. Оның басты бірінші функциясы – қаржыландыруда бақылау жүргізу. Оның
басты принциптері және метологиялық негізі осы заманда қандайда да ел
болмасын өзінің бюджетін қалыптастыруымен қатар, көптеген кооперативтік,
мемлекеттік және жекешеленген қорларын қалыптастырып, жалпы ел көлемінде
қаржы – қаражат пен қамтамасыз етуге тырысады және оның негізінде
әлеуметтік – экономикалық даму өзінің бастауын алады.
Экономикалық теория, бүкіл экономика салаларында ғылыми негізі болып
яғни, әлеуметтік – экономикалық дамуды дәріптеу, экономикалық құбылыстардың
барлық проблема – мәселелерін зерттеп, тұжырымдап, әлеуметтік –
экономикалық даму түп – нұсқасын дәлелдеп, болжам, жоспар негізін салу.
Экономикалық теория негізі үш тұрғыдан қаралады:
1. еңбек(Е)
2. капитал(К)
3. табиғи ресурс(Т Р) яғни, “трио” үш негіз Е:К:ТР
Экономикалық теория осындай зерттеу, тұжырымдау ұсыну жасауда – қаржы
мәселесі бюджет саласында, әлеуметтік – экономикалық салаларды ұйымдастырып
басқару жағы, басқа экономикалық салалардың бар бағытында – ғылыми –
практикалық негіз болады. Негізінен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап,
халықаралық экономикалық қаржы – қаражат және валюталық қатынастар өзінің
дамуында, жаңа сатыға көтеріледі. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты
тенденциясы сауда айырбасын жеделдете дамытып, қаржыландыруды дамытуда,
жаңа валюта рыноктарын құруды, елдер арасындағы валюталық қаржылық
қатынастарды кеңейтуді қамтамасыз етті. Валюталық қатынастар дәстүрлі ақша
қызметінің ауысуына байланысты, соның
- 9 -
негізінде жүзеге асатын экономикалық қатынастың жиынтығы болды. Негізінен
валюта, ақша – ішкі – сыртқы саудамен қызмет көрсетеді. Капиталдар
қозғалысын пайдаланып инвестицияға аударуы немесе қарыз беруі, ғылыми –
техникалық айырбасты, туризмді жүргізу заңды және жеке тұлғалардың ақша
аударуын қамтамасыз етеді. Валюта ұлттық және халықаралық деңгейде, ақша
валюта қатынастары негізінен ішкі – сыртқы саудамен қызмет көрсетеді.
Капиталдар қозғалысымен ұлттық валюта жүйесі қалыптасады. Ұлттық валюта
ақша жүйесі дегеніміз – мемлекет заңдарымен бекітілген, елдің валюталық
қатынастардың ұйымдастыру үлгісі болады. Валюта курсы дегеніміз –
жекеленген елдердің валюта аралық қатынасының немесе басқа елдердің
валютасы арқылы көрсетілген жеке бір валютасыны бағасы.
Егерде аралас экономикалық жүйелерін алсақ, оның қарамағында бәсекелі
саясат, мемлекеттік сектормен оны қаржыландыру және макротеория негізінде
макроэкономикалық талдау жасау – басты қажетті мәселе болып келеді.
Нарықтық экономика және оның балама түрлері.
Нарықтық экономика жүйесі, әлеуметтік елдердің экономикалық
жүйелерінің бірі бола тұра, оның құрамы әр түрлі болып, ерекшеліктерінің
түрлі сипаттамалары болып келуі мүмкін. Оның басты себептері қашанда
болмасын, қандай да ел болмасын нақтылы өмір жүзінде халықтың тұтынуы мен
қажеттілігін, ресурстарының барлығы көлемі жағынан да толық қамтамасыз
етілмейді. Сондықтан әрдайым қайшылықтар болып тұрады. Яғни, саяси
экономикада ресурстардың тапшы болуы, негізгі экономикалық жүйе құрудағы,
басты қайшылықтың бірі болып келеді. Онымен қатар экономикалық теорияда,
қандай да болмасын экономикалық жүйе құрудағы халықаралық тұтынуда халық
мүддесін толық қамту болып табылады. Және әлеуиеттік – экономикалық
мүддені, қойған мақсатты толық іске асыру қамтамасыз етілмейді. Сондықтан,
нарықтан экономика құруда ең басты мәселе ол – айырбас мәселесі болып
келеді. Яғни, экономикада осы мәселе адамның, халықтың тұтынуымен
байланысты және де қоғамдық құрылымдармен
- 10 -
байланысты. Сондықтан, өнім өндіру тұтынумен қоғамдық деңгейде түгелдей
байланысты болумен, айырбас мәселесі нарықты экономикада оны құрудағы
өзгешеліктермен тікелей байланысты. Жалпы алғанда, нарық экономикалық
жүйесін құруда, экономикалық іс жүргізуде, айналым – айырбас мәселесі
жүйесі, өндірілген өнім айналысын, айырбас қызметімен тікелей байланыстыра
құру қажет. Экономика нұсқаларының аса күрделі түрлері – теңдеулер жүйелері
негізінде жасалады. Онда нақтылы экономикалық тиімділік, көптеген
аргументтердің функциясы: y=f(a,b,v...); немесе y=f(Ж,Ө ... .); Ж – жалпы
өнім бағасы; Ө - өзіндік құн т.с.с. Осы негізде оларды құрып және де
нұсқау жасауда басты қойылатын талап – кешенді экономикалық талдау,
экономикалық есептеу, әлемдік экономикалық жағдайды ескере отырып, оның
өзгеру - өзгермеу жағдайын салыстыра отырып, экономикалық басқару нұсқасын,
сонымен қатар, жалпы ел бойынша әлеуметтік – экономикалық даму нұсқасы
құрылып, бүкіл елдің халық шаруашылығы, әлеуметтік – экономикалық нұсқаның
басты қасиеті, саяси экономикада, яғни экономикалық теорияда, гылыми
негізделген теория мен методология, гылыми – практикалық концепция болады.
Теориясыз ешқандай нұсқа жасалынбайды. Қорыта айтсақ, макроэкономикалық
теорияда практика негізі болады. Нұсқа экономикалық нақтылы тіршілік, өмір
жүзінде гылыми тәжірибелік шындық, әлеуметтік – экономикалық дамуды
пайымдайды.
Саясат пен идеология
Экономика мен саясат байланысты болып келіп, әлемде, тарихта, өмірде
бір – біріне тікелей әсер етеді және әрбір ел бойынша әлемде саяси –
экономикалық пікірталас жүйелі түрде жүргізіледі. Ондай пікірталас арасы
өте қозғалмалы макроэкономикалық теория бойынша, саясаттың экономикада
объективтік гылыми негіз болады. Аралас экономика нұсқалары
макроэкономикалық теорияның негізіне айналған. Теориясыз еркін бағалау,
негізсіз нұсқалар болуы ықтимал. Аса ірі маңызды экономикалық мәселелер,
қарапайым
- 11 -
фундаменталдық макроэкономикалық нұсқа, сонымен қатар, нарықты экономикалы
жүйе нұсқасы және де салыстырмалы түрде алғанда жоспарлы және аралас
экономика жүйесінің нұсқасы болып келеді.
Нарық жүйесінің негізгі сипаттамалары.
Нарықтық экономика жүйесі әлеуметтік елдердің экономикалық
жүйелерінің бірі бола тұра, оның құрамы әр түрлі сипаттамаларда болып келуі
мүмкін. Оның басты себептері қашан да болмасын, қандай да ел болмасын
нақтылы өмір жүзінде, халықтың тұтынуы мен қажеттілігін, ресурстарының
барлығы көлемі жағынан да толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан әрдайым
қайшылықтар болып тұрады. Яғни, саяси экономикада ресурстардың тапшы болуы,
негізгі экономикалық жүйе құрудағы басты қайшылықтың бірі болып келеді.
Сондықтан, нарықтық экономика жүйесі құрудағы ең басты мәселе, ол –
айырбас. Айырбас экономикада адамның халықаралық тұтынуымен және
құрылымымен байланысты. Айырбас мәселесі нарықтық экономикада, оны құрудағы
өзгешелігімен тікелей байланысты. Ол ең бірінші – тауар – ақша қатынасы:
Тауар –Ақша ТА Т Т А А: тауар жалпы алғанда нарық экономика
жүйесін құруда, экономикалық іс жүргізуде айналым, айырбас меселесімен
өндіріс жүйесін тікелей байланыстары құру қажет. Осы мәселені аша түссек,
жүйені құратын түрлі ілім, тәжірибе, капитал арасында жүргізу болып келеді.
Атап айтса, ақша айналымын жүргізіп, сол түрде машиналар шығару, фабрика,
зауыт құру арқылы, табиғи ресурстар пайдалану арқылы тағы бір анықтама
туындайды. Ол біріншіден, адамның заманмен, табиғатпен өзара байланысты:
А) қоғам дамуы арқылы адамзат дамуы және адамзатқа әсер етуі;
Ә) табиғаттың жаратылысымен адамзаттың игеру, меңгеруі арқылы
қоғам қалыптасады және даму үстінде болып әрі қарай дамиды;
Б) табиғаттың дамып жетілуі арқылы адам және қоғам дамиды.
Егер де, осы жоғарыда келтірілген қағидалардан экономикалық заңдар
- 12 -
негізі туындаса, экономикалық заңдар адамның еркі мен санасына тәуелді
пайда болады. Адамзат қоғамы дамуының әртүрлі сатыларында: өндіру, бөлу,
айырбас, тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап басқарады. Экономикалық
заңдар өндірістік қатынастарды дамытуға арналған заңдарынан басқа, қоғам
дамуының бүкіл экономикалық сатыларында мемлекет шығындарының заңдарымен
қатарлас болады.
Абсолюттік қосымша құн өндіру әдісі де пайда болады. Осы негізде
салыстырмалы қосымша құн өндіріс заңның бірі болып келеді. Ол басты мазмұны
бойынша, жұмысшының еңбек өнімділігін арттыру , соның негізінде өнім
шығаруға қажетті уақытты азайту және қосымша уақытты көбейту болып келеді.
Осы заңның тағы бір ерекшелігі, өндірілген тауардың құнын қоғамдық тауар
құнынан төмендету – қажетті экономикалық негіз. Осы аталғандардың
заңдылықтар негізінде біріншіден, жұмысшының еңбек өнімділігін арттыру,
құнын төмендету артық қосымша құн өндіру негізге салынады. Олар басты
заңдылық болып табылады.
Экономика жүйелерінің негізгі қасиеттері.
Экономика жүйесінде де көптеген кемшіліктер бар екенін, экономикалық
теория негізінде анықтап отыру қажет, нарықтық экономика жүйесінде ұлттық
қорғанысты қалыптастыруды, әлеуметтік жағдайды шешуде, ғылым – білім,
денсаулық салаларында тағы басқа салаларда көптеген қиындықтар кездеседі.
Оның басты себептері қашан да болмасын, қандай да ел болмасын нақтылы өмір
жүзінде халықтық тұтынуы мен қажеттілігін ресурстарының барлығы көлемі
жағынан да түрлілігі жағынан да толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан
әрдайым қайшылықтар болып тұрады. Яғни, саяси экономикада ресурстардың
тапшы болуы, негізгі экономикалық жүйе құрудағы басты қайшылықтың бірі
болып келеді.
Сонымен қатар, экономикалық теорияда қандай да болмасын экономикалық
жүйе құрудағы халықаралық тұтынуда халық мүддесін толық қамту, қамтамасыз
ету, қойған мақсаттарға жету әрдайым қайшылықта болып
- 13 -
келеді және әлеуметтік – экономикалық мүддені, қойған мақсатты толық іске
асыру қамтамасыз етілмейді. Жалпы алғанда, нақты экономика жүйесін құруда,
экономикалық іс жүргізуде, айналым айырбас жүйесімен тікелей байланыстыра
құру қажет. Осы мәселені айқындай түссек, жүйенің негізгі дәріптесетін
түрлі ілімі арқылы арнаулы және капитал арқылы іс - әрекет, қызмет жүргізуі
немесе өнім шығаруы болып келеді.
Табиғи ресурстерды пайдалану, орман, ағаш, су байлығының мәселелері
тағы басқа жағдайларымен шиеленісіп жатады. Қорыта айтсақ, экономикалық
жүйе құруда негізінен үш басты көрсеткіш, оның ірге тасын қалайды. Яғни,
экономика, қандай да болмасын жүйеде дамуда оның негізі – еңбек, капитал,
табиғи ресурстар. Осы тұрғыдан қарасақ, тұтыну саласы ресурстар. Осы
тұрғыдан қарасақ, тұтыну саласы ресурстар саласымен байланысты болуы керек.
Экономика жүйесін құрудағы орталық айналыммен ресурстар айналым және оның
басты бөліктері: барлық шикізат ресурстары, еңбек ақы, тағы сол сияқты
болып келеді. Оның қортындысы тауар – ақша айналымы, соның негізінде таза
пайда және таза түсім қалыптасады.
Нарық және тауар
Қандай болмасын өнім, жұмыс, қызмет оның қорытындысын: өндіріс, өнім
тауар болып келеді. Тауардың қасиеттері нарық экономикасы жүйесіндегі басты
мәселе және проблема – қоғамдық еңбек тұтыну құны, нақты еңбек құны бірінші
қатарға жатады. Сонымен қатар, жалпы тауар айналымында жеке еңбек құны,
абстрактылы еңбек жалпы бағалау, тұтыну құн айқындалып, экономикалық дамуға
әсер етеді. Егер, мұнда тұтыну құнына жалпы өнім – тауар қызмет құн
мәселесіне келсек, онда тауарға сіңген еңбектің екі жақты екенін ескеру
керек. Біріншіден: жеке еңбек, нақты еңбек, қоғамды еңбек болса, екіншіден:
күрделі еңбек, нақты еңбек болып онда қосымша қалыптасатын еңбек түрлері –
жеке еңбек, жай еңбек, қауіпті еңбек оған қоса күрделі еңбек қатпарлары
пайда болып, олардың бар түрі жалпы тауар құнына әсер етеді. Материалдық
өндіріс қоғам өмірінің негізі болып, оның қатарында өндіріс
- 14 -
еңбек заты, еңбек құралы, еңбек процесі арқылы қоғам негізін құрайды.
Сондықтан, қандай да жүйеде дамуы болмасын, адамның табиғат пен
өзара әрекетін және осы негізде туындайтын еңбек қатынасының жиынтығы
болады. Сонымен қатар, қоғам өмірінде өндіріс құрал – жабдықтарын өндіретін
өндірістер негізі қалыптасып, жалпы әлеуметтік – экономикалық даму негізі
кең өріс алады, өрлейді. Осындай өрлеу жалпы ұлттық табыспен тікелей
байланысты. Ұлттық табыс жалпы мемлекет ел көлемінде белгілі бір уақыт
кезеңі ішінде, қоғамды ақшалай есептелгендегі өндірілген материалдық өнім –
тауар, қызмет – жұмыс сомасы болып қорытындылады. Оған қосымша бүкіл ұлттық
айналым қосындысы және жеке капиталдың өзара ұласқан байланысты жиынтығы.
Топшылай келе, жалпы ұлттық табыс – кіріс қоғамда белгілі уақытта әр жыл
мезгілге шаққандағы, жалпы еңбекпен жасалған құнымен де есептеп, оның
соммасын шығаруға болады. әрбір экономикалық жүйеде, оның дамуы да құнмен
байланысты, жер рентасына әсер етеді. Оның басты қасиеттері:
а) ауыл шаруашылығында жұмысшылар жасаған қосымша құнның бір
бөлігі ретінде қалыптасады;
ә) ең нашар құнарсыз жер мен орташа және жақсы құнарлы жерден
өндірілген өнімнің, өндірістік бағасы арасындағы айырмашылық немесе жер
өнімділігімен байланыстылық;
б) белгілі бір жер бөлшектерінде капиталды дәйекті түрде жұмсау
нәтижесінде пайда болатын қосымша құн немесе жер құндылығымен өнімділігімен
деңгейінің жоғары не төмен болуы;
Жалпы экономикалық өрлеу, әлеуметтік экономикалық даму - әр елдің,
мемлекеттікң экономикалық жүйесін құру, пайдалану балама түрімен байланысты
болатыны анық. Нарық экономика жүйесімен байланысты және өнім тауарлары мен
қызмет – жұмыс пен байланысты, тағы бір ол – үш негізбен байланысты еңбек,
капитал, табиғи ресурстар ең басты өндіргіш күштер болып келеді. өндіргіш
күштер оның тұрақты дамып өрлеуі, қоғамдық әлеуметтік -
- 15 -
экономикалық өркендеп өсуінің ірге тасы, негізгі кепілі. Бірде – бір ел,
мемлекет, қоғам экономикасы, өндіргіш күштерін дамытпай ел экономикасын
дамыту мүмкін емес.
өндіргіш күштері:
а) қоғамда жасалған өндіріс құрал – жабдықтары және адамдар – жалпы
еңбек қоры;
ә) қоғамдағы бүкіл машина – механизмдер, жабдықтар жиынтығы;
б) қоғамдағы барлық мамандық иелері жалпы интелектуалды инженер –
техникалық еңбек қоры және технологиялық ұйымдастыру әдіс – тәсілдері.
Осындай өндірістік күштері және жалпы өндіргіш күштері нарық
экономикасы жүйесінде пайдаланып, өнім шығаруға - өндірістік қатынастар
туады және экономикалық өрлеуді қамтамасыз етеді. Онда қоғамдағы өндіріс
процесінде: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну көпшілік тұтынушылардың
санасы мен тыс пайда болатын, олардың айналасында қалыптасқан экономикалық
қатынастар құрамы, қосындысы пайда болады. Қоғамдағы өндіріс процесінде
өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну адамның санасы мен еркіне байланысты
болатын, оларда өзара реттелген экономикалық қатынастар, кең көлемде
өркенді деңгейде қалыптасады. Нарық экономикасы жүйесінде тауармен тікелей
байланысты қоғамдық капитал болып келеді де, онда:
• белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамда өндірілген материалдық игіліктер –
қоры құрамы, байлық, дүние;
• жеке капиталдың өзара ұласқан байланысты қосындысы;
• қоғамда белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жанды еңбекпен жасалған дүние.
Сонымен қатар осы аралықта пайда болатын:
а) қоғамдық қосынды қорытынды өнім;
ә) белгілі бір уақыт кезеңі бойынша қоғамда өндірілген игіліктер
жиынтығы;
б) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz