Сексеуіл туралы



1. Сексеуіл туралы жалпы түсінік.
2. Қазақстан сексеуілі.
3. Қортынды.
4. Қолданған әдебиеттер.
Табиғи ресурстар арасында орманның халық шаруашылы-ғында және қоршаған ортаны қорғауда алатын орны өте зор. Ол топырақты және оның құнар¬лы қыртысын жел мен су эро¬зиясынан қорғайды, көшкін құм¬дардың жылжуына, желге тос¬қауыл болады, ауаның ылғалды¬ғын арттырып, топырақта ыл¬ғалдың ұзағырақ сақталуына ық¬пал етеді. Егістің өнімін молай¬тады, мал шаруашылығының дамуына, аңдар мен құстардың өсіп өнуіне қолайлы жағдай туғызады.
“Орман — жердің көркі” де¬ген қанатты сөз бекер айтыл-маған. Себебі, жасыл желектер қоршаған ортаға көрік береді, ауадағы зиянды көмір қыш¬қылын өзінің бойына сіңіреді және адамға, тірі организмдерге қажетті оттегіні қалпына келті¬реді, шаң-тозаңдардың, зиянды микробтардың көбеюіне тосқа¬уыл болады. Сонымен бірге, орман – ағаш өндірісінің, аса құнды өсімдік өнімдерінің бірден бір көзі бола отырып, жабайы аң құстардың тұрақты мекені ре¬тінде белгілі. Біздің облыстағы орман қоры жерінің жалпы көлемі 4 млн. 357 мың гектар, оның ішінде орманды жерлер 2 млн. 256 мың гектарды алып жатыр. Облыс ормандары құнды¬лығы жағынан, шөл және шө¬лейт жерлерде, тау аймақтарында өсетін экологиялық маңызы үл¬кен, бірінші топтағы ормандар қатарына жатады.
1. «Экология» Бажанов Қ.Б.
2. « Сексеуіл туралы » Егемен Қазақстан 12.10. 2004 жыл
3. « Сексеуілге қауіп бар» Айқын 2007

Табиғи ресурстар арасында орманның халық шаруашылығында және қоршаған
ортаны қорғауда алатын орны өте зор. Ол топырақты және оның құнарлы
қыртысын жел мен су эрозиясынан қорғайды, көшкін құмдардың жылжуына, желге
тосқауыл болады, ауаның ылғалдығын арттырып, топырақта ылғалдың ұзағырақ
сақталуына ықпал етеді. Егістің өнімін молайтады, мал шаруашылығының
дамуына, аңдар мен құстардың өсіп өнуіне қолайлы жағдай туғызады.
“Орман — жердің көркі” деген қанатты сөз бекер айтылмаған. Себебі, жасыл
желектер қоршаған ортаға көрік береді, ауадағы зиянды көмір қышқылын өзінің
бойына сіңіреді және адамға, тірі организмдерге қажетті оттегіні қалпына
келтіреді, шаң-тозаңдардың, зиянды микробтардың көбеюіне тосқауыл болады.
Сонымен бірге, орман – ағаш өндірісінің, аса құнды өсімдік өнімдерінің
бірден бір көзі бола отырып, жабайы аң құстардың тұрақты мекені ретінде
белгілі. Біздің облыстағы орман қоры жерінің жалпы көлемі 4 млн. 357 мың
гектар, оның ішінде орманды жерлер 2 млн. 256 мың гектарды алып жатыр.
Облыс ормандары құндылығы жағынан, шөл және шөлейт жерлерде, тау
аймақтарында өсетін экологиялық маңызы үлкен, бірінші топтағы ормандар
қатарына жатады.
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
департаментіне қарасты ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемелекеттік мекемелердің алдына қойылған негізгі міндеттер – ормандарды
қорғау, күтіп-баптау, оның қорын молайту және кесілген орман алқаптарын
қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыру болып
табылады. Облыстағы орманмен көмкерілген жерлердің аумағы – 2,25 млн. га,
оның ішінде сексеуіл ормандары – 1,13 млн. га, басқа орман ағаштары мен
әртүрлі бұталар 1,12 млн.га. болады.
Орман қоры өрттің салдарынан, орманды пайдалану және т.б. атқарылған
шаруашылық жұмыстарына байланысты жыл сайын өзгерістерге ұшырап отырады.
Барлық облыста өсетін орман ағаштарының ішіндегі халық шаруашылығына
маңыздысы – сексеуіл ормандары, олар облыс ормандарының 50 пайыздан астамын
құрайды. Сексеуіл ормандары шөл және шөлейт жерлерді көмкеріп, көрік беріп
тұруымен бірге, сол жерлерді мекендеп отырған елдің негізгі отын көзі.
Облыста мал шаруашылығын дамыту орман қоры жерлерінің сақталынуына және
ұқыпты пайдаланылуына тікелей байланысты. Себебі, малдың жаздық жайылымы
таулар, қыстық жайылымы мен бұталы панасы бар құмдар негізінен орман қоры
жерлері.
Құм дегенде ойымызға бірден сексеуіл түседі. Ал анығы Мойынқұмның үлкен
аумағын төбе құмдар алып жатыр. Бұл жерлер жүзген, қоянсүйек сияқты
бұталармен көмкерілген. Сусымалы құмды бекітіп, ұстап тұрған да осы
бұталар. Нағыз мал жайылымы да осы жерлер. Сондықтан облыс экономикасының
негізгі саласының бірі мал шаруашылығы үшін бұл жерлердің орны мен бағасы
бөлек.
Орман шаруашылығы мекемелерінің бірінші міндеті қазіргі кезде осы жерлерді
сақтау болып отыр. Себебі мал аяғымен тапталып тез жұтаңдайтын, өртке жиі
шалынатын да осы жерлер. Биыл 177,9 мың гектар орман қоры жері өртке
оранса, осының 90 пайызы осы төбе құмдар аймағына тиіп отыр. Бұл аймақта
жаздың 50-60 градусқа жететін ыстық аптабында өрт өшіру тұрмақ жай жүріп-
тұрудың өзі қиын. Шыққан өрттің ырыққа көнбей, өшіру бермей кетуінің бір
себебі осында. Ал ең дұрысы, болған өртпен күресу емес, сол өршіген өртті
болдырмау. Яғни, бұл жерлер жіті қорғауда болуы керек. Мұның бірінші шарты
— орманшы-қорықшыларды өз айналымдарына орналыстыру.
Бүгінгі күні 280 орманшы-қорықшылардың осы аймақтарда үйлерінің болмауынан
тек 18 пайызы ғана өз айналымдарында отыр. Қалғандары орман қорына жақын
жердегі елді мекендерде орналасқан. Бұлардың айналымдарын қору
мүмкіндіктері өте төмен, себебі 10 пайызы ғана мініс көлігімен қамтамасыз
етілген. Турасын айтқанда, бүгінгі таңда орманшылардың орманға нәтижелі
қоруды жүргізуге жағдайлары жоқ. Енді өрт бола қалған жағдайда, қалай тез
өшіріп аламыз, оның үлкен алқапқа таралмауын қалай қамтамасыз етеміз, осыны
айқындап алайық.
Өрттің үлкен алқапқа таралып кетпеуіне кедергі болатын, бастапқы орманшылық
шара, орманда жол бойларымен қатарластырып өртке қарсы айдаулар жасау.
Төбе, сусымалы құмдарда айдалған жолақтарды осылай жасау тиімді әрі
пайдалы. Себебі жол, жолақтың енінің артуына мүмкіндік береді. Орман қоры
жерінде кем дегенде 20 мың км. жолақтар жасалуы керек, ал іс жүзінде
орындалып жүргені 6-7 мың км. болады. Бұл өте жеткіліксіз, әрі жолақтан өрт
секіріп өтіп кетпеуі үшін оның ені 8-10 метрден кем болмағаны жөн, ал
біздің жасап жүрген жолақтарымыздың ені 3-4 метрден артпайды. Жолақ — өрт
тірелетін негізгі кедергі, сондықтан оны сапалы әрі көп жасауға қол
жеткізсек, өрттің үлкен алқапты алмайтынына сенімді болуға болады.
Өртті тез өшіру үшін, біріншіден, өрт туралы хабар тез алынуы және өрт
болған жерге тез жетуіміз керек. Демек, орман шаруашылығы әкімшілігінің
орманшы-қорықшылармен, бекеттермен тұрақты әрі сапалы байланысын орнатып,
өрт сөндіру топтарын жүрдек те өткіш автомашиналармен жабдықтаған жөн.
Орман шаруашылықтарында байланыс құралдары 60 дана болса, шын мәнінде
керегі 200 дана. Ал қажетті 33 автомашинаның орнына небары 12 автомашина
ғана жүріп жүр. Орманды қору, өртті болдырмау, тез өшіру орман шаруашылығы
мекемелерінің жауапты міндеті, осымен қатар терең білімді керек ететін
жұмыс, ол алынған, кесілген орманды қалпына келтіру, орман қорын молайту.
Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру
мақсатында облыстық мәслихатта 2005-2007 жылдарға арналған облыстық “Жасыл
– Ел” бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаға сәйкес орман қоры жерінде
2005 жылы – 5645 га, 2006 жылы 6700 га. жаңа орман алқаптары жасалды, ал
2007 жылы күзде 7100 гектар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы жағдайында сексеуіл ормандарын қалпына келтіру жобасы
Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Сексеуіл түрлері
Қара сексеуілді мәдени өсімдікке енгізу
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Үстірттің өсімдік дүниесі
Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орманды қалпына келтіру жұмыстарының көрсеткіші
Алабота тұқымдастар
Орман және орман-парк шаруашылығының дамуын жоспарлаудың рөлі
Құрама пойыздарды өңдеу
Пәндер