Қазіргі кездегі таэквандо дегеніміз не?


Қазіргі кездегі таэквандо дегеніміз не? және таэквондоның тарихы
Қазіргі уақытта таэквондоны үш түрлі аспектіде қарауға болады
- Таэквондо - дене шынықтыру
- Таэквондо - халықаралық олимпиадалық спорт түрі
- Таэквондо - қарулы бірлік және өзін - өзі жетідіру
Таэквондо дене шынықтыру ретінде көптеген елдерге танымал. Таэквондоның әрбір қимылы адамның денсаулығына өте пайдалы және күш - қайрат, әдемілік береді. Таэквондо спорт ретінде кез - келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін үлкен күш - қуат және уақыт талап етеді. Таэквандомен шұғылдана отырып оның басқа жақтарын да ұмытпаған жөн. Таэквандо негізінен өте қызықты спорт түрі, сонымен қоса оның көптеген қорғануға пайдаланатын түрлері бар. Көптеген қиыншылыққа қарамастан таэквандоның табиғатын (зерттеу) білу әрбір таэквандомен шұғылданатын адамның міндеті. Әртүрлі қарусыз күресу мектептерін ашқан Қытай елін «У-шу»-дың отаны деп санаған. Кореяда бокс және күрес түрі шаолиннің «У-шу» мектебіне дейін пайда болғанын айтады. Олар демалу жаттығуларына көп көңіл бөлген және іштей дайындалған: осыдан кейін барып қолмен, аяқпен, секіру сияқты көптеген әдіс - тәсілдер пайда болған. Қарусыз күресу ол дайындық түрі ретінде қаралды. Қолымен күресу кезеңі Силла мемлекетінде Корей халықтарының тарихында өзінің ұмытылмас ізін қалдырды. Сукмонг және Инджан мемлекетінде қарусыз күресу әдіс - тәсілдерін жақсы білетін адамдарды әскерде өте қадірледі және көптеген жарыстар өтіп тұрды. Сол жарыстарда ақсүйектер және әскери адамдар өздерінің қарусыз күресу әдіс - тәсілдерін көрсетті. Осы әдіс - тәсілдерді жетік меңгерген ақсүйектердің болашағы жарқын болды.
Шеркеу қызметкерлерінің әскери білімінің негізгі жетістігі «У-шу» болса, армия әскери басшыларының ең басты негізі «Тэгек» болды. Күрескер 18 түрлі әдіс - тәсілді білу керек және оның саны 36 дейін жетті. Белгілі білімінің жетіспеушілігін олар соғыс кезінде жетілдірді. Көптеген жетістікке жету үшін біріншіден оның дені сау және шыдамды болу өте маңызды. Кейін келе «Чхарек» әдіс - тәсілі пайда болды. Бұл әдіс - тәсілді меңгеру үшін ол өзінің күнделікті өмірінен бас тарту қажет еді. 1-ден тамақ ішуге, ұйықтауға болмайды, таңертең және кешке қарай ол медитациямен шұғылдану керек. Жаз кезінде шөптің үстінде ұйықтап, қыста қардың үстінде ұйықтауы қажет еді. Осы сынақтардан өткен соң ғана ол адам бәріне дайын деп есептеледі. Ол адамға ет жеуге тыйым салынды, ол тек жабайы жеміс - жидектермен, балмен, шикі күрішпен т. б. заттармен қоректенді. Йогамен айналысу нәтижесінде ол көп күн ұйқысыз, тамақсыз ауамен демалу, нәтижесінде өмір сүрді. Оның есту қабілеті сезімталдығы жан - жануарлардан да жоғары болады және оның сезімталдығы оны көп қауіп - қатерлерден сақтады. Японияда кеңінен тараған «дзю - дзюцу». Әскери қажетілікке арналған. Кореяның солтүстік - батысында «Пакхиги» тәсілі кеңінен таралған. Ол тәсілде бас негізгі роль атқарады, қарсыласының кеудесінен, ішінен немесе бастан ұру тәсілімен бұл қозғалыс іске асты. Егер шашы ұзын болатын болса, шашымен көзін ұрған. ХV ғасырда таэквандоны меңгеру өте бағаланды және областар, мемлекеттер арасындағы шиеленіс тартыстар осы әдіс - тәсілдермен шешілді.
Японяның тоқырауында болған Корей халқы 1945 ж. 15 шілдеде өздерінің таэквондо әдіс - тәсілдерін жандандырмақшы болып, өздерінен кейінгі ұрпақтарға үйретті және 1961 жылдың 16 қыркүйегінде өз мақсаттарына жетіп Корей таэквондо ассоциациясын құрды. 1962 ж. 23 ақпанда 27 - ші спорт түріне еніп, 1963 ж. 9 қазанда өзінің 44 - ші дәрежесін алды. Таэквондо өзін әр қырынан көрсетті және Корей дайындаушылары шет елдерге өз әдіс - тәсілін үйретуге шыға бастады. 1973 ж. 19 мемлекеттің қатысуымен таэквондо Сеул қаласында өткен олимпиада да әлемдік дәрежеге жетті. Қазіргі уақытта 145 мемлекетте таэквондомен шұғылданушылар саны 40 млн - ға жетті, осы жетістіктерден соң таэквондо тез әлемдік дәрежеге жетті.
Жас өспірімдерді тәрбиелеудегі таэквондоның мүмкіндіктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz