Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мәні мен мазмұны



Кіріспе
І. Жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің мәні мен мазмұны
1.1 Жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің мәні, оның қалыптасуы мен принциптері.
1.2 Жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің түрлері және өзін.өзі бақарудың әртүрлілігі.
1.3 Басқарудың өзін.өзі басқару және ұйымдастырумен өзара байланысты.
ІІ. Жергілікті өзін.өзі басқарудың құрылымы мен негізгі мәселелері
2.1 Жергілікті өзін.өзі басқарудың негізгі мәселелері
2.2 Жергілікті өзін.өзі басқарудың меншіктік.қаржылық көзі.
2.3 Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін.өзі басқарудың құқықтық негізі
ІІІ. Жергілікті өзін.өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Жергілікті өзін.өзі басқарудың шетелдік тәжріибесі
3.2 ЖӨӨБ жүйесіндегі халықтың тікелей басқаруының жолдары
3.3 Басқару жүйесіндегі өзін.өзі басқарудың даму жолдары
Ситуация
Қорытынды
24 мамырда Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы бойынша оқырмандар конференция оздырды. ХҚ және ФІ жөніндагі проректор З.К.Мухлисова «Ертеңгі Қазақстан: озық істері мен жетістіктері» тақырыбымен алғы сөз алды. Бұл жерде тағы бір сұрақ туады. «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды қабылдамай тұрып, аудан әкімін сайлау каншалықты қисынды бола қояр екен?
- Алдымен мына мәселенің басын ашып алайық. Өзін-өзі басқару мен әкімді сайлау екі түрлі мәселе. Аудан немесе селолық округтің әкімі - бұлар мемлекеттік басқару жүйесінің өкілдері. Олардың мемлекеттен бөлінген бюджеті, аппараты бар. Ал өзін-өзі басқару жүйесінің табиғи сипаты да, механизмдері де бөлек. Ауыл тұрғындары өз күшімен ғана салық төлеп, өзін-өзі басқару жүйесінің бюджетін толтыра қояды деу сенімсіз. Күн көріп, егін егіп, бірен-саран ғана малымен отырған адамдардың тіршілігі аса табысты бизнес көзі емес. Ауылдағы бір шаруашылықтың өзі 10-20 адамға жұмыс тауып, жалақы беріп отырса, соның өзіне риза болуымыз керек. Мұндай жағдайда олардан мол салық талап ету орынсыз. Сондықтан алдымен ауылдың бюджет мәселесін түбегейлі шешпейінше, өзін-өзі басқару туралы әңгіме айту ерте деп ойлаймын. Өзін-өзі басқару жүйесінің басты мәселесі сайлауда емес, қаражат және басқа да өзекті ресурстарда. Меніңше, мемлекет өзін-өзі басқару жүйесіне әлеуметтік тапсырыс арқылы қаражат бөлуі мүмкін. Басқа да жолдар іздеуге болады. Қалай болса да бұл тәсілдер заңдық негізде бекітілуі керек.
Тағы бір айта кететін жайт, бәзбіреулер өзін-өзі басқару жүйесін аудандық, тіпті облыстық деңгейде енгізу керек дегенді айтып жүр. Меніңше, бұл қате. Өйткені әр әкім өзіне тартып көрпесіне қарай көсіле беретін болса, онда мемлекеттігімізден түк те қалмайды ғой. Бұл тәжірбиені біз Ресейден де көріп отырмыз. Ондағы сайланған губернаторлар орталықпен кейбір мәселелерде келісімге келе алмай, екі ортада оның зардабын халық тартқан жоқ па? Бұдан ешкім ұтқан жоқ. Ресей билігі бұл жүйенің тиімсіз екендігін кеш те болса түсінді, енді біздің тәжірибемізден үлгі алып отыр. Сондықтан Қазақстанда өзін-өзі басқару жүйесін енгізу оңай мәселе емес. Мұның күрделі мысалын пәтер иелерінің кооперативінің жұмысынан-ақ байқауға болады. Көптеген КСК-ның басшылары өз міндеттерін адал атқармайды. Тұрғындардың алдында есеп беріп жатқан олардың бірі жоқ. Әрине, адал қызмет етіп жүргендері бар шығар, бірақ көпшілігі азаматтардан ақша жинауды ғана біледі. Тіпті кейде көрсетпеген қызметі үшін тұрғындардан сот арқылы ақша талап етеді. Сондықтан КСК-ның ащы тәжірбиесі біз үшін үлкен сабақ болуы қажет. Өзін-өзі басқару жүйесі енгізілгенде, осындай қателіктер қаперге алынғаны дұрыс.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

24 мамырда Н.Назарбаевтың Қазақстан жолы кітабы бойынша оқырмандар
конференция оздырды. ХҚ және ФІ жөніндагі проректор З.К.Мухлисова Ертеңгі
Қазақстан: озық істері мен жетістіктері тақырыбымен алғы сөз алды. Бұл
жерде тағы бір сұрақ туады. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды
қабылдамай тұрып, аудан әкімін сайлау каншалықты қисынды бола қояр екен?
- Алдымен мына мәселенің басын ашып алайық. Өзін-өзі басқару мен әкімді
сайлау екі түрлі мәселе. Аудан немесе селолық округтің әкімі - бұлар
мемлекеттік басқару жүйесінің өкілдері. Олардың мемлекеттен бөлінген
бюджеті, аппараты бар. Ал өзін-өзі басқару жүйесінің табиғи сипаты да,
механизмдері де бөлек. Ауыл тұрғындары өз күшімен ғана салық төлеп, өзін-
өзі басқару жүйесінің бюджетін толтыра қояды деу сенімсіз. Күн көріп, егін
егіп, бірен-саран ғана малымен отырған адамдардың тіршілігі аса табысты
бизнес көзі емес. Ауылдағы бір шаруашылықтың өзі 10-20 адамға жұмыс тауып,
жалақы беріп отырса, соның өзіне риза болуымыз керек. Мұндай жағдайда
олардан мол салық талап ету орынсыз. Сондықтан алдымен ауылдың бюджет
мәселесін түбегейлі шешпейінше, өзін-өзі басқару туралы әңгіме айту ерте
деп ойлаймын. Өзін-өзі басқару жүйесінің басты мәселесі сайлауда емес,
қаражат және басқа да өзекті ресурстарда. Меніңше, мемлекет өзін-өзі
басқару жүйесіне әлеуметтік тапсырыс арқылы қаражат бөлуі мүмкін. Басқа да
жолдар іздеуге болады. Қалай болса да бұл тәсілдер заңдық негізде бекітілуі
керек.
Тағы бір айта кететін жайт, бәзбіреулер өзін-өзі басқару жүйесін
аудандық, тіпті облыстық деңгейде енгізу керек дегенді айтып жүр. Меніңше,
бұл қате. Өйткені әр әкім өзіне тартып көрпесіне қарай көсіле беретін
болса, онда мемлекеттігімізден түк те қалмайды ғой. Бұл тәжірбиені біз
Ресейден де көріп отырмыз. Ондағы сайланған губернаторлар орталықпен кейбір
мәселелерде келісімге келе алмай, екі ортада оның зардабын халық тартқан
жоқ па? Бұдан ешкім ұтқан жоқ. Ресей билігі бұл жүйенің тиімсіз екендігін
кеш те болса түсінді, енді біздің тәжірибемізден үлгі алып отыр. Сондықтан
Қазақстанда өзін-өзі басқару жүйесін енгізу оңай мәселе емес. Мұның күрделі
мысалын пәтер иелерінің кооперативінің жұмысынан-ақ байқауға болады.
Көптеген КСК-ның басшылары өз міндеттерін адал атқармайды. Тұрғындардың
алдында есеп беріп жатқан олардың бірі жоқ. Әрине, адал қызмет етіп
жүргендері бар шығар, бірақ көпшілігі азаматтардан ақша жинауды ғана
біледі. Тіпті кейде көрсетпеген қызметі үшін тұрғындардан сот арқылы ақша
талап етеді. Сондықтан КСК-ның ащы тәжірбиесі біз үшін үлкен сабақ болуы
қажет. Өзін-өзі басқару жүйесі енгізілгенде, осындай қателіктер қаперге
алынғаны дұрыс.
Президент Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз мәслихаттарды
күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз. Уақыт өте келе
аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне
айнала алады", деді.
Елбасымыз мәслихаттар өкілеттігін күшейту жөнінде, расында, бірінші рет
айтып отыр. Алайда, жергілікті өзін-өзі басқарудың проблемаларын шешу
жөнінде Президент 2004-2005 жылдарғы жолдауларында айтан болатын. Бұл жолы
Нұрсұлтан Әбішұлы экономика мен мемлекеттік құрылыс саласында табыстарға
жеткізетін саяси жүйе мен басқаруды жетілдірудегі өзінің көзқарасын
нақтылай түсті.
Еліміз өтпелі кезеңде біиліктің атқарушы тармағын күшейте отырып, өзін-
өзі басқару органдарының сатылық қалылтасуын анықтады. Енді бүгін,
экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде
жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс
таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.
Расында, біз осы уақытқа дейін "көрпеңе қарай көсіл" деген халық
даналығын қағида етіп ұстадық, сеператизмге жол беріп, турашылыққа сызат
түсіріп алудан сақтандық. Қоғамда азаматтық бастауларсыз жасандылыққа жол
беруге әсте болмайтын еді. Шыныны сындыру оңай, ал жинай алмайсың.
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау болып,
ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық өзін-
өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп соғады.
Өзін-өзі басқаруды басқарудың мемлекеттік тетігіне қатысты алғанда ол тұтас
дененің бөлінбес бір мүшесі іспеттес.
Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің
төменгі буынынан яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті
өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің өздерінен жоғары
тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі
басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы
керек. Өзін-өзі басқару туралы заң жобаларын талқылау кезінде көпшілігі
ауылдық буынды "кеңес" немесе басқа деп атаймыз ба депоның атына мән беріп
жүрді.
Егер ауылдық бірлестіктердің өзінің бюджеті болса, оның атауында тұрған
ештеңе жоқ. Әңгіме оның осы бюджетінде, қаржылай негізінде болып отыр.
Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді. Омда мәслихаттар
туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді.
Біздің мемлекеттігіміздің тұрақтылығын, тұрлаулылығын қамтамасыз ету
үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды бірден көзжұмбайлықпен енгізе салуға
болмайды. Оны алдымен экономикасы нығайған жекелеген аудандарда эксперимент
ретінде жүргізіп көрген дұрыс шығар.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеудің
теориялық базасы Еуропа Хартиясы бекіткен муниципалды демократия мен
муниципалды басқарудың әлем мойындаған құндылықтарынан тұратыны белгілі.
Олар мыналар: жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық құрылыс
негіздерінің бірін құрайды; азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқы
тікелей жергілікті жерде жүзеге асырылады; жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына шынайы биліктің үлес беруі; демократиялық жолмен құрылған
жергілікті өзін-өзі басқару органы өзінің құзырына кіретін мәселелерді үй
ішінен үй тіккендей бөліп алуы және оларды жүзеге асырудың тәртібін анықтап
алуы керек және ол үшін қаржысы болуы қажет. Жергілікті жерлерде өзін-өзі
басқаруды енгізу Қазақстанның бірнеше халықаралық саяси институттарға және
үдерістерге қатысуына, бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрінуіне,
ЕҚЫҰ-ны басқару мақсаттарымызға және Президенттің Қазақстан халқына биылғы
Жолдауын жүзеге асыруымызға қызмет етуге тиіс.

І. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мәні мен мазмұны
1.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мәні, оның қалыптасуы мен
принциптері.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, демократиялық қоғам құруға бел
байлаған күннен бастап, жаңа мемлекеттік құрылымның түрлерін енгізу міндеті
күн тәртібінде тұрды. Халықтық биліктің азаматтық қоғамның алғашқы
баспалдағы болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің соңғы
Конституциядан орын алудың өзі осының айғағы.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін
мүлдем жаңа, жат құбылыс деп айтуға болмайды. Атам заманнан бері әр ауыл,
әрбір аймақ өзінің ішкі мәселесін өздері шешкен, оған хан да, сұлтан да
араласпаған. Белгілі бір қауымнын (ата, ру) ішкі жұмысын былай қойғанда,
ауыл арасындағы, ата-ру арасындағы кикілжіңдер, талас-тартыстар ауыл
ақсақалдарынан артылса ара биге жүгінумен, соның билігімен аяқталған.
Орталық, мемлекеттік билік болып табылатын — Хан билігі жергілікті
мәселелерді шешуге ешқашан араласпайтын. Ханның жұмысы — елдің саяси
бағыты, көрші елдермен қарым-қатынас, соғыс пен бітім жасау, мемлекеттік
алым-салық, қысқасы, ұлттық өмірдің негізгі бағытын белгілеу болып
табылады. Ал ұлыстың ісі — сол жердегі өмір сүретін жандардың өздері ғана
шеше алатын жұмыстар. Осы жерде бұрынғы тоталитарлық қоғам негізінен
шығатын, ақылға симайтын, бірақ, өкінішке орай, өмір шындығы болып
табылатын бір "қызықты" айта кеткен дұрыс сияқты. Бір орталыққа қатаң
бағындырылған тоталитарлық құрылым әр ауданның, одан қалды колхоз,
совхоздың қай уақытта егін сеуіп, қашан жинауына дейін өздері шешетін. Егін
пісіп, жерге түсіп, ысырап болып жатса да, егіншілер ауданнан не облыстан
түсетін нұсқауды күтіп отыратын. Бұл, бүгіндері шектен шыққан ақымақтық
сияқты көрінетіні сөзсіз, бірақ халықты құл етіп ұстау мен тырнақтай да
билік бермеудің тамаша әдісі болатын.
Қазақ халқының жергілікті мәселелерін көзі қарақты, көкірегі ояу,
өмірлік тәжірибесі бар сол жердің азаматтары шешетін. Оның жұрттан асқан
бай болуы да немесе жасы тоқсаннан асқан қарт болуы да шарт емес, әңгіме
сол жердегі халықтың, жұртшылықтың сенімінде ғана болатын. Тым күрделі,
тұрғындардың барлығына қатысы бар мәселелер ауылдың сыйлы адамдарының бас
қосуында шешілетін. Керек десеңіз, қазақтар тығыз отырған жерлерде бүгінге
дейін "мәслихат" деген сөз (демек, ұғым) сақталған. Үлкен ас берудің
алдында сол асты ұйымдастырушылар ет жақындарының ішіндегі үлкен адамдардың
бірнешеуін шақырып, бір мал сойып, маслихат өткізелі. Осы отырыстың үстінде
алдағы болатын астың барлық мәселесі сөз болады: жұмыстар бөлініп, жауапты
адамдар тағайындалады, қанша мал сойылып, қандай үйлерге қонақ
түсірілетініне дейін нақты белгіленіп қойылады.
Ұлтымыздың өзін-өзі басқару дәстүрінің тағы бір көрінісі — асар болып
табылады. Жалғыз-жарым жанның қолынан келе бермейтін (жора-жолдастарының
көмегімен де жүзеге асуы екіталай) көптеген адамдардың бір мезгілде, жұмыла
жұмыс жасауын талап ететін кезеңде асар жасалынады. Әсіресе үй салғанда сол
үйдің төбесін жабуға келгенде асарға шақырып, қауымның көмегіне сүйенеді.
Асарға қатысу — абыройлы да қасиетті міндет болып табылады. Асардың тағы
бір тамаша ерекшелігі — сол маңдағы адамдардың басын қоса отырып, еңбек пен
мейрамның біріге атқарылуы. Жас балалар су әкеліп не төбеден берілген бос
шелекті тасып зыр жүгірсе, келін-кепшіктер бауырсақ пісіріп, шәй қамдайды.
Адамдардың жүрегінде "осы бір абыройлы іске араласып, азаматтығымды
көрсетейін" дегеннен басқа ешқандай ой болмайды, Асар әрқашанда қолға алған
негізгі жұмысты аяқтамайынша тоқтамайтын. (Ол — түсінікті де, ертең одан
қалған жұмысты бірлі-жарым адамның бітіре алмайтыны анық).
Асардың түрлі нұсқасын талай елдердің, халықтардың өмірінен байқауға
болады. Қауым болып өмір сүргеннен кейін, өмір қажеттілігінен туатын салт-
дәстүрлер де бір-біріне өте ұқсас болатыны түсінікті де.
Ресей империясының қол астына түскеннен соң да жергілікті басқару
түрінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Жаңа басқару реформасы
нәтижесінде губерния, уезд, болыстықтарға бөлінгенмен мемлекеттік тұрғыда
жергілікті мәселелерді шешуге бағытталған нақты саясат болады. Айта кету
керек, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін сақтау, ұлттың ішкі мәселесіне
қол сұқпау — метрополия болып табылатын елдердің отар елдерге жүргізетін
саясатындағы негізі бағыттың бірі. Қарапайым халық өзінің күнделікті
тіршілігіне басқа жақтың тікелей араласуын көтермейді, ал оған дейін
жоғарыдағылар, ел басындағылардың өздері білер, біздің онда жұмысыңыз
қанша деп жүре береді.
Осы жерде жергілікті, халықтық демократияның сақталғаны туралы айта
кету жөн сияқты. Болыстар мен сұлтандар, керек десеңіз ауыл старшындары
міндетті түрде сайлауға түсетін. Казіргі Қазақстанның билік жүйесінде
жергілікті әкімдерді сайлаудың ауылы әлі де алыс сияқты.
Қазан төңкерісі де жергілікті мәселелерді шешу жөнінде пәлендей жаңалық
енгізе қойған жоқ. Тек қана "Алаш" партиясының бағдарламасында земствоның
сақталу туралы төмендегідей жолдарды көреміз: "...Земстволардың
управоларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық
қалауына салады". Егер земсволардың — жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің
бір түрі екенін ескерсек, Алашорда басшыларының бұл мәселені дұрыс
шешкенінің куәсі боламыз. Енді тарихты бойлап бері қарай жақындайық:
- 1920 жылы "Қырғыз (Қазақ) АССР-і еңбекшілерінің құқығы Декларациясы"
деп алатын құжаттан өзін-өзі басқару туралы мәселені кездестіре алмаймыз.
- 1926 жылы Қырғыз Советтік Социалистік Республикасының
Конституциясында "Кеңестер кұрылмаған жерлерде сайлаушылардың жалпы
жиналысы ең жоғарғы билік болып табылады" делінген. Құрылымы
көрсетілмеген бұл сөздердің астарында жергілікті өзін-өзі
басқарудын негізі жатқаны талассыз.
- 1937 жылы Қазақ ССР-інің Конституциясында (Негізгі Заң) жергілікті
жерлерде мемлекеттік билік — халық депутаттары Кеңесінің қолында деп
көрсеткең, бірақ өзін-өзі басқару туралы бір ауыз сөз жоқ.
Осы жерде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің халық депутаттары
(немесе жергілікті маслихат) жүйесінен мүлдем бөлек құрылым екенін айта
кеткен дұрыс сияқты. Жергілікті маслихат — өкілдік орган, ал халық
депутаттары — халықтың мемлекеттік биліктің жүргізуінің негізі механизімі,
бұл екеуін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесімен шатастырмау керек.
- 1968 жылы "Қазақ ССР-інің халық депутаттары поселкелік, селолық және
ауылдық кеңестері" деген заңда және 1971 жылы қабылданған "Қазақ ССР-інің
халық депутаттары қалалық, аудандық кеңестері" заңында
азаматтардың жергілікті мәселелерді шешуге араласу құқығы айтылған.
- 1978 жылы Қазақ ССР, Конституциясында да жергілікті ерікті қоғамдар
туралы жолдар бар. Бірақ ерікті қоғамның түрі өте көп екенін ескерейік.
Дегенмен осы Конституцияның негізінде жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесінің екі түрлі жолы көрініс алған сияқты. Оның бірі — азаматтардың
жиыны. Бұған түрлі деңгейдегі сайлауларда кандидаттарды ұсыну, мемлекет пен
қоғамдық ұйымдарға ұсыныс жасау немесе біреуді жазаға тарту туралы қауым
болып өтініш беру, талап ету болса, екіншісі — жолдастық сот, халық
жасақтары, ардагерлер кеңесі, көше, квартал комитеттері болып табылады.
Меніңше, осы — екінші жол — өзін-өзі басқару жүйесіне жақын келетін
сияқты. Қазіргі кезеңде де, кейбір жерлерде қауым бірлесе отырып, белгілі
бір мәселені шешуді өз қолдарына алуда. Әсіресе ауылдық жерлердегі кейбір
қылмыстар жергілікті ақсақалдардың кеңесімен, екі жақтын келісімі мен өзара
бітім тауып, сотқа жетпей қалатыны белгілі жағдай.
1991 жылғы Заң бойынша ("Қазақ ССР-і халық депутаттарының жергілікті
кеңесі және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі туралы") жергілікті кеңестар
өзін-өзі басқару жүйесіне кірді, сонымен қатар мемлекеттік биліктің өкілдік
органы болып қала берді. Әрине, бұл жағдай өзін-өзі басқару жүйесін
мемлекет тарапынан қадағалауға әкеліп соғары сөзсіз, дегенмен осы екі түрлі
жүйені араластыра отырып, жергілікті биліктің нақты түрін шығарудың түпкі
мағынасында сындарлы ой да жатыр.
1991 жылғы Заң бойынша екі жүйені қоса отырып, өзін-өзі басқаруды
жергілікті маслихатқа беру айласын жүзеге асыру қажет болды. Оның
нәтижесінде 1993 жылы Конституцияда және сол жылғы қабылданған заң бойынша
("Қазақ Республикасының жергілікті өкілдіктері және атқару органдары")
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мүлдем жойылып кетті.
1985 жылғы ЖӨӨБ туралы Европалық Хартия мен 1997 жылғы ТМД
мемлекеттеріне қатысушы елдердің Парламентаралық Ассамблеясының оныншы
пленарлық отырысында қабылданған "Жергілікті өзін-өзі басқаруды
ұйымдастырудың жалпы прициптері" деп аталатын үлгі заңда Жергілікті өзін-
өзі басқарудың төмендегі принциптері берілген:
Жергілікті өзін-өзі басқару конституциялық және заңдық негізге ие болуы
керек. Сол арқылы ғана:
• жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындау;
• жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті мәселелерді
шешетіндей өкілдік беру;
• қаржылық-экономикалық кепілдікпен қамтамасыз ету жүзеге асады.
ЖӨӨБ органдарының қаражаты оған заң бойынша берілген өкілдіктерін
жүзеге асыратындай болуы қажет;
Жергілікті өзін-өзі басқару құқығына ерікті, жасырын, тең, тікелей
және жалпы дауыс берудің негізінде сайланған мүшелерден тұратын өкілдік
орган ғана ие болады.
Өкілдік органның жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғау және солардың
атынан шешім шығара алатын мүмкіндігі болуы керек. Олар өздеріне есеп беріп
отыратын атқару органын жасақтай алады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:
• кең көлемдегі өкілдіктері болуы шарт;
• өздерінің құзыретіңдегі мәселелерді дербес шешу мүмкіндігі болады;
• мемлекеттік билік органдарына тікелей бағыныштылық болмайды.
ЖӨӨБ органдарының сот арқылы қорғану құқығы бар.
ЖӨӨБ-дың өкілдік органдарының депутаттары, сонымен қатар сайланбалы
органдардың лауазым иелерінің қызметтері тұрғындардың көңілінен шықпаса,
кері шақырылып алынуы мүмкін;
Тұрғындар жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға белсене
араласады.
Мемлекеттік билік жергілікті өзін-өзі басқару органдарға заңдылық пен
конституциялық принциптерді сақтау жөніңде ғана әкімшілік бақылау жүргізе
алады.
Қаржы-экономикалық негіз болмайынша ЖӨӨБ жергілікті мәселелерді тиімді
шеше алмайды.
Экономикалық негіз ғана жергілікті өзін-өзі басқарудың шаруашылық
дербестігін қамтамасыз етеді және өмір сүруіне жағдай тудырады.
ЖӨӨБ-дың экономикалық негізі неден құралады?
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткеңдей, Жергілікті өзін-өзі басқарудың
экономикалық негізі мыналардан тұрады:
• ЖӨӨБ-дың меншігі;
жергілікті финанс;
мемлекетің меншігіне жататын, бірақ ЖӨӨБ органдарының
басқаруына берілген меншік;
басқа да меншіктер.
ЖӨӨБ-дың қаржы-экономикалық негізін жасау дегеніміз — жергілікті
бюджетті және жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігін жасақтау үшін оның
ұзақ мерзімге негізделген кіріс көздерін бекіту.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігіне мыналардың енуі мүмкін:
Жергілікті бюджеттің қаржысы; Мемлекеттік бюджеттен алынған қаражат;
ЖӨӨБ органдарының мүлкі; ЖӨӨБ-дың меншігі болып табылатын:
жер және басқа да табиға қорлар;
мекемелер мен кәсіпорындар;
білім беру, денсаулық, мәдениет пен спорт мекемелері;
тұрғын ұй қоры және басқа ғимараттар;
байланыс, өндірістік, азаматтық, тұрғын үй, әлеуметгік және
мәдени объектілердің ғимараттары мен құрылысы;
басқа да қозғалмалылық және қозғалмайтын дүние-мүліктер.
Материалдық-финанстық қор мен меншікті иемдену мен пайдаланудың нақты
заңдық, негізін жасайтын құқықтық нормалар болмайынша Жергілікті өзін-өзі
басқарудың экономикалық негізін жасақтау да мүмкін емес.
Қазақстан Парламентінің үш шақырылымы да жүзеге асыра алмаған, кем
дегенде бес мәртебе жасалып, соншама кейін қайтарылған, алғашқы оқылымы бір
парламенттің алдынан өтіп, екінші оқылымы екінші парламенттің алдынан өтпей
қалған, үкіметтің өзі дайындап, өздері бірнеше рет қайта шақырып алған,
билік реформасына да, халықтың күнделікті өміріне де тікелей әсер ететін
бір заң жобасы бар. Ол — жергілікті өзік-өзі басқару (ЖӨӨБ) заңы.
Заң жобасы өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдарында да жарияланды.
Өкінішке қарай, байыпты талдау болмады. Бәлкім, бұның бір себебі — барлық
дерлік дүниауи елдерде сан жылдардан бері жұмыс істеп тұрған осы жүйенің
мазмұны мен принциптерін біздің азаматтардың білмеуінде, хабардар
болмауында шығар.
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің түрлері және өзін-өзі бақарудың
әртүрлілігі.

1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық жүйесі (кейде ЖӨӨБ-дың
Америкалық түрі деп те аталады). Мұндай жүйе Америка Құрама Штаттарында,
Канада, Австралия, Жаңа Зеландия сияқты елдерде кең тараған.
Англосаксондық жүйенің басты ерекшелігі — жергілікті сайланбалы органды
бақылап, камқоршы болып отыратын орталық үкімет өкілінің болмауы.
Дегенмен, мемлекеттік басқару жүйесінің ЖӨӨБ-ға ықпал етіп отыратын
механизмі бар. Мысалы, Англиядағы қоршаған ортаны қорғау министрлігі
жергілікті қауымның құзіретіне берілген мәселенің іске асырылуын толық
бақылап отырады. Қысқасы, мемлекет ЖӨӨБ-нің өз өкілеттігі деңгейінде жұмыс
жасауын ғана қадағалайды. Ал қажет деп тапқан жағдайда, түрлі қаржы
механизмдерін пайдалана отырып (субвенция, дотация, т.б.) жергілікті
қауымның бағдарламаларына әсер ете алады.
- Бұл жүйенің екінші бір ерекшелігі — ЖӨӨБ органдары заң бойынша рұқсат
етілген мәселелерді ғана жүзеге асыра алады. Муниципалитет жеке
автономиялық құрылым есебінде парламентгің берген билігін ғана іске
асырады. Муниципалдық басқарманың құқықтық негізін парламент белгілеп
береді.
Орталық үкімет пен муниципалитеттің өзара қарым-қатынасы заңмен
белгіленеді.
2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың еуропалық жүйесі (кейде
континенттік жүйе деп те аталады).
Көптеген батыс елдері англосаксондық жүйеден көрі еуропалық жүйені
таңдап алған. Бұл жүйенің басты ерекшелігі ЖӨӨБ мен мемлекеттік басқарудың
қатар жүргізілуі. Дегеммен, бұл жүйеде орталық үкіметтің жергілікті
орталықтары әкімшілік тұрғысынан бақылауға (камқорлыққа) алуы басым.
Орталық үкіметтің қолында сол бақылауды жүргізетін түрлі бюрократтық әдіс-
тәсілдер де баршылық. Мысалы, жергілікті органдардың шешімін қолдау не
қолдамау, шешімді уақытша тоқтату, кері шақырып алу, жергілікті органды
тарату, т.б. Осылардың бәрі бір ғана мақсатты көздейтіні анық, ол —
жергілікті қауымның қызметін Орталыққа тәуелді ету.
Франциядағы ЖӨӨБ-нің негізін коммуналар құрайды. Әрбір коммуна өз
кеңестерін сайлайды, ал Кеңес өзінің құрамынан мэр сайлап алады. Мэр
жұмысын муниципалдық кеңестің бақылауымен жүзеге асырады. Сонымен бірге,
мэрдің жұмысына департаменттегі мемлекет өкілі болып саналатын республика
комиссары әкімшілік бақылау жасайды. Республика комиссарының міндеті —
жергілікті органның қабылдаған шешімдерінің заңға сәйкес болуын
қадағалайды. Қажет деп тапқан жағдайда комиссар коммунаның шешімін
әкімшілік сотына беріп, тоқтата алады.
3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың Кеңестік түрі:
Бұл нұсқаға жеке тоқталып жатудың қажеті шамалы деп білеміз. Жергілікті
халық өкілдеріне билікті толық бердік деп жар салғанмен сол биліктің
басқарушысы партияның қол астында, соған бағынышты болғаны бәрімізге
белгілі. Коммунистік партияның мемлекеттік жүйемен біте қайнасып кеткені
соншалық, жоғарыдан төменге дейінгі билік пен бақылау солардың қолында
болды. Бұл жағдайда ЖӨӨБ туралы сөз қозғаудың өзі артық сияқты. Егер көп
партиялық жүйе болғанда, мүмкін, бұл жүйе ең бір тамаша құрылым болар ма
еді.
Басқару сияқты, өзін-өзі басқарудың да түрлі-түрлі факторлары бар. Өзін-
өзі басқарудың субъектілері, объектілері және деңгейлері, ұйымдардың
мақсаттары, әдістері және факторлары бойынша айырмашылықтары бар.
Басқару мен өзін-өзі басқарудын арақатынастары ішкі және сыртқы
ықпалдар сияқты, тұтастай жүйеге тән басқару кескінінің ерекшеліктерінің
туындысы. Мысалы, басқаруды дербестеу жағдайында ол дара және топтық өзін-
өзі басқару болып бөлінеді..
Жеке өзін-өзі басқару "өзін-өзі ұстай білу" ұғымына жақын яғни адам
түрлі, оның ішінде экстремальды (лат. — төтенше), жағдайларда өзінің жеке
басының қаблеттілгін нық ұстау. Дара өзін-өзі басқару өзінің сипаты бойынша
немесе орындаушылық (мысалы, қызметкер еңбек процесінде, берілтен
тапсырманы орындау көзінде өзін басқара алады), немесе басқа адамдар үшін
тапсырмалар беруге байланысты болуы мүмкін. Міне, осындай өзін-өзі басқару
қабілеті қызметкерге формалды емес лидер тағы сол сиякты кәсіби басқарушы
болуға мүмкінішлік береді. Өзін билей алмайтын адам басқаларға да билігін
жүргізе алмайды. Бұл мағынада басқаруды дербестеу өзін-өзі басқару,
басқарудан бұрын болып өткен процестер. Ендеше, өзін-өзі басқару "басқаруды
басқарудың" алдындағы сәт екендігінен байқалады.
Топтық басқару топ мүшелерінің өз беттерімен немссе лидердің ықпалымен
қол жеткен ішкі тәртіп, бәтуа және консолидация (лат. —нығайту) негізінде
жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл басқару мақсаттар мен себептер бойынша
жоғарыдан көрсетілетін ықпалдармеи сәйкестелуі және оларға (мақсаттар мен
себептерге) "көмектесуі" мүмкін. Өзін-өзі басқарудың мұндай әр түрлілігі
"кооперативтік өзін-өзі басқару" деп аталады. Егерде кооперативтік өзін-өзі
басқаруға келісімдікке қол жеткізілмесе, онда басқаруға қатысы бар өзін-өзі
басқару конфронтациялық басқаруға айналып, оған қарсы тұрады. Мұндай жағдай
басқару өзін-өзі басқаратын төмендегіні есепке алмай, көзге ілмегенде пайда
болады.
Жоғарыда айтқандай, басқарудың иерархиялық, түріне байланысты әкімшілік
жүзеге асыратын кәсіби өзін-өзі басқару, сондай-ақ демократиялық жағдайда
қоғамдық органдар мен ұйымдар жүзеге асыратын қоғамдық өзін-өзі басқару
пайда болады. Бірінші жағдайда басқару процесінде жүйе сыртқы ықпалды
басынан кешірелі және сонымен қоса әр жүйе өзін өзі басқарады. Осы
тезистерге банланысты Совет Одағында 80-жылдары кәсіпорындарындағы өзін-өзі
басқару, әдетте, "демократиямен" теңестірілді. Атап өткен өзін-өзі
басқарудың екінші түрін "жартылай формалды ұйымдарға" жатқызу ұсынылды.
Формалды, яғни заңды, құқықтық ұйымдар, әдетте, жарғы, ереже нұсқаулар
сияқты кұжаттарға сүйеніп құрылады, бұл ұйымды кейде бюрократиялықпен
теңестірелі. Бұл қате түсінік. Мұндай ұйым бюрократиялыққа тек ұйымдастыру
процесінде елеулі кемістіктер жібергенде ғана айналады.
Қоғамдық өзін өзі басқару жүйесінің түрлі тармақтары: 1. мемлекеттік
кәсіпорындардың, бірлестіктердің "қоғамдық бастамада" басқарылатын еңбек
ұжымдарында; 2. мекен-жайлары бойынша территориялық, жергілікті, калалық
шағын аудандарды өзін-өзі басқару үшін ұйымдасқан ынталы топтар; 3.
қоғамдық ұйымдарда, ассоциацияларда, творчестволық одақтарда, қорларда
пайда болған ынталы топтардың мүшелері мен құрылтайшылар жүзеге асырады.
Тұтастай қоғамда және оның жүйе тармақтарында, салалар мен аймақғарында,
кәсіпорындар мен бірлестіктерде қызмет атқаратын қоғамдық өзін-өзі басқару
жүйесінің әрекет масштабынан тәуелсіз өз иерархиялық деңгейлері бар. Осы
жүйеге кәсіби өзін-өзі басқару тән. Бірақта қоғамдық өзін-өзі басқару
иерархиясынан пайда болған кәсібиліктің және негізгі мамандығы бойынша
бұрын атқарған жұмысынан босату арқылы нығайтылған қоғам кайраткерінің
туынды сипаттары бар, өйткені олардың ресурстарымен шектелген өзін-өзі
басқару жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылады. Советтік кәсіпорындар
тәжірибесінен байқалған қоғамдық ұйымдарда және өзін-өзі басқару
органдарында кездескен айқын иерархия соны дәлелдейді.
Қоғамдық өзін-өзі басқару жүйесінің иерархиялық фактісінен төмендегідей
қорытынды жасауға болады: қоғамдық өзін-өзі басқаруға шақырылатын
қызметкерлер өзінің бұрынғы алған жалпы немесе арнайы білімнің деңгейіне
қарамай-ақ ұсынылған жұмысқа алдын-ала арнайы даярлануға міндетті. Қоғамдық
өзін-өзі басқару қойнауында жүзеге асырылатын кәсіби басқаруды, әдетте,
квази басқару (жалған басқару — сөз алдындағы қосымша квази жалған, өтірік
тәрізді деген сөздердің мағынасында пайдаланылады) деп аталады. Осыған
байланысты кәсіби және жалған кәсіпкерлердің алғашқы алған кәсіби білімінің
оларды қайта даярлау мен мамандықтарын жоғарылату процесінде алған білім
дәрежесінің арақатынастарымен анықталатынын атап өткен жөн. Осыған
байланысты қызметкерлерді қалай таңдау, өзін-өзі басқарудың даму саласын
анықтау, тиісті органдардың біліктілік шегін тиянақтау қажеттілігі пайда
болады.
Мақсаттарына және колданатын әдістерге (мақсаттарды жүзеге асыру
құралдары) байланысты өзін-өзі басқару саяси (саяси ұйымдар мен партиялар)
және экономикалық (коммерциялық ұйымдар, кәсіпорындар), оның ішінде
өндірістік болулары мүмкін. Өз жағынан өндірістік өзін-өзі басқаруды немесе
мүлік иесі, немесе оның жалдап алған, қолына белгілі бір өкілеттік берілген
басқарушылық қызметкерлері жүзеге асырады. Өзін-өзі басқару өндірістік-
шаруашылық әрекеттермен шұғылданатын және басқарушылық жұмысты орындау үшін
жұмысынан босатылмаған кәсіпорын жұмыскерлерінің атынан жүзеге асырылады.
Олар жалдамалы жұмыскер болулары да мүмкін, басқаруға меншік иесі сияқты
қатысады, яғни кәсіпорынды иеленуші (бірлесіп иеленуші) бола алады. Бұл
жағдайда кәсіби басқарушы қызметкердін міндетін орындауға шақырылуы мүмкін.
Екі жағдайда да, яғни қызметкер меншік иесі болғанда және мүлікке иелігі
болмаған жағдайда, өзін-өзі басқару екі түрлі болуы мүмкін: тікелей және
өкілеттілік. Тікелей өзін-өзі басқару жағдайында субъект шешімді дербес,
өзінше қабылдайды, өкілеттік шешімді жеке немесе заңды тұлғалардың мүддесін
қорғаушы, белгілі бір құқық пен жауапкершілік жүктелген субъектілер
қабылдайды.
Өзін-өзі басқаруды, ол етер мүлік иесі немесе оның атынан жүзеге
асыратын өкіл болса, оны приваттық (лат. —ресми емес, жеке адам) өзін-өзі
басқару деп атауға болады. Басқару сияқты өзін-өзі басқаруда басқарылатын
объектілерге катынас теңдестіріліп қана коймайды, сонымен қоса басқарушы
субъектің иерархиялық жүйесіне қатысты теңдестірілді. Өзін-өзі басқару
жүйесі басқаруды кажет ететін объектіде ғана болып қоймайды, сонымен қоса
осы объектіде пайдаланылатын өзінің "меншікті" басқару субъектісі болуының
кажеттілігі айдан анық.
Жоғарыда атап өткендей, өндірістік өзін-өзі басқару тармақтарын
бригада, артель, участке, цех, шеберхана сияқты өндіріс шаруашылық
жүйесінің шеңберіне байланысты анықтау қойылған мақсатқа сәйкес келеді.
Осыған қатысты өзін өзі басқарудың артельдік, участкелік, цехтық,
шеберханалық т.б. осыларға ұқсас тұр тармақтары туралы сөз козғауға болады.
Өндіріс кұралдарына меншік түрін легитимациялау (лат. — заңды деп тану)
және шаруашылық ұйымдардың факторлары көбеюіне байланысты тұр тармақтарды
анықтау ерекше маңызды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне
сәйкес елімізде көп түрлі шаруашылық серіктестіктер пайда болды. Олардың
ішінде кооперативтерді, коммерциялық емес ұйымдарды, көптеген шаруашылық
серіктестіктерді (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, жауапкершілігі шектелмеген, қосымша жауапкершілігі
бар серіктестік), рыноктық жағдайларға тән бұлардан басқа да шаруашылық
жүргізу түрлерін атап өтуге болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару түрі орталық және территориялық (аумақтық)
мемлекеттік басқару органдарының арасындағы қызмет бабын ажырату кажет
болған жағдайда пайда болатын, ел масштабында территориялық басқаруды
ұйымдастырудың нәтижесі деп түсіндіруге болады. Бұл жағдайда кім кімге
("орталық" және "жергілікті жер") өкілеттілігін беру мәселесі екі жактың
ризашылық келісуіне байланысты.
Қазақстанда болып жатқан қайта құруды жүзеге асыру барысында жаңа
қоғамдық қатынастарды анықтайтын саяси, экономикалық, иеологиядық, этикалық
жағдайлар да өзгерді. Коммерциялық және шаруашылық әрекеттермен
шұғылданатын экономикалық тәуелсіз субъектілер пайда болды, жеке меншік
дамуда, кәсіпкершілікпен шұғылданута рұқсат етілді. Кәсіпкер өз әрекетінде
ешкімге бағынышты емес, өз шаруашылығын өзі басқарады. Ол тек салық
мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттің арнайы органдары
алдында есеп берелі. Кәсіпкер өз кәсіпорнын ұйымдастырумен қоса, оның жұмыс
істеу процесінде пайда болатын міндеттерді де шешелі. Міне, осындай өзін-
өзі басқару түрін кәспкерлік өзін-өзі басқару деп атайды.
1.3 Басқарудың өзін-өзі басқару және ұйымдастырумен өзара байланысты.

Кез келген күрделі жүйе өзінің иерархиялық құрамы болғандықтаң, өзін-
өзі басқару жүйесі сыртқы басқарушылық ықпалды бастан кешіріп қана
қоймайды, онымен қоса дербестік немесе тәуелсіздік дәрежесіне байланысты
барлық жүйенің дамуына әсерін тигізетін белгілі бір импульстарды (лат. —
талаптану, ынта) тудырады.
Егерде өзінен жоғары тұратын бірде-бір орган болмаса, жүйе толығымен
өзін-өзі басқара алады. Өте күрделі иерархиялық жүйелегі элементтер мен
жүйе тармақтары объектінің бірін құраса, онда ол жарым-жартылай өзін-өзі
басқара алады. Бұл өзін-өзі басқара алатындық дәреже орталықтандыру,
орталықтандыруды жою шаралары немесе жоғарыда тұрған орган жағынан жүзеге
асырылатын сыртқы басқару мен жүйе субъектісін басқарудан шығатын ішкі
басқару арақатынастарымен анықталды.
Бұл жағдайда төмендегідей заңдылықтар сақталады: осы жүйенің
автономиялығы қанша жоғары болса, бұл жүйенің өзін-өзі басқарушылығы сонша
жоғары; жүйенің басқарушылық мүмкіншілігі қанша жоғары болса, сырттай
әсерін тигізетін басқару шаралары сонша аз мөлшерде кажет етелі. Бұл және
басқа жағдайда әңгіме қоғамдық, сол сиякты кәсіби басқару (өзін өзі
басқару) туралы болуы керек. Кәсіби басқару үшін басқаруды тікелей мүлік
иелері немесе жалдамалы қызметкерлер жүзеге асыра ма, - оның мәні онша
керек емес. Бірақ басқарудың кәсібилік дәрежесі қызметкердің мамандығымен,
сол сияқты олардың іске көзқарасымен тығыз байланысты. Өзін-өзі басқаруды
толық және жарым-жартылай деп ажырату кажет болған жағдайда, екіншісін
біріншісіне немесе керісінше жақындату жолдарын іздеу өте маңызды.
Сонымен, басқару — даяр түрде сырттан жүйеге "келетін" сыртқы ықпал,
өзін-өзі басқару — жүйенің өзінен туған ішкі ықпал. Осыған байланысты
демократияға қарама-қарсы сыртқы ықпалмен анықталатын орталықтандыруды
ыдырату емес, автократия екендігін баса көрсеткен дұрыс. Біз өз уақытында
басқарудың бұл түрін "демократиялық централизм принципі" деп келгенбіз.
Қатаң орталықтандыру жағдайында басқару өзінің демократиялық дәрежесімен
ажыратылуы да мүмкін. Орталықтандыруға қарама-қарсы ұғым - демократия емес,
орталықтандыруды ыдырату. Талдап отырған ұғымдарды салыстыру жағдайында
кәсіби және қоғамдық, формаларды және формалды емес ұйымдардың
диалектикасын еске ұстаған жөн. Олай дейтініміз, мұндай ұйымның жүйелерін
талдау және жобалау үшін маңызы зор.
"Өзін-өзі басқару" ғылыми категория есебінде "ұйым" ұғымымен
байланысты. Ұйымдастырушылық және басқарушылық қатынастардың қиылысу
тәжірибесінде менеджерлердің тәжірибелік әрекетінің нәтижелілікке жетуі
ұйымдағы және басқаруға енгізілетін кез келген жағдайлардың өзара
келісімдігін талап етелі. Өндірісті ұйымдастыру түрлері және ұйымды
басқарушылық түрлері толық сәйкестілікті талап ететін өзара байланысты
объективті категориялар. Бұл сәйкестілікке жүйелік тұрақтылық шеңберінде
жетуте балады, яғни ол бөлімдер пропорционалды және композициялы тұрғыдан
бір-біріне бағынышты. Ұйым жүйе есебінде қаралса, онда басқару — осы
жүйенің ішкі процесі немесе, керісінше, басқару жүйесінде қаралса, онда осы
жүйенің функциясы, кұрылымы, процесі сияқты атрибуттары (лат. - ерекше
белгі). Сондықтан басқарудың бірсыпыра категориялық түсініктері "ұйым"
түсінігінің көмегімен анықталады. Айталық, басқару дегеніміз шаруашылықтағы
ұйымдастырушылық өзегрістер немесе басқаруды ұйымдастырудың процесі деп
анықтамалар беруге болады.
Айтқанымыздай, басқару қашанда ұйыммен байланысты болса, басқарумен
байланысты өзін-өзі басқаруды ұйымнан бөліп алуға болмайды. Ендеше, ұйымсыз
басқару болмайды, басқару жоқ жерде өзін-өзі басқару да жоқ. Егер одан әрі
қарай барсақ, өзін-өзі басқару "басқару" және "ұйым", "өзін-өзі басқару"
түсініктсрінің түпкі негіздерінде жиі кездесетінің байқауға болады. Өзін-
өзі ұйымдастыру басқаруды жеңілдетуге мүмкіншілік береді, өзін-өзі басқару
өзін-өзі ұйымдастырумен үндес, яғни қажет бағытта ұйым жұмысын өзтертуге
қабілетті болса, онда оны басқарудың қанша қажеттігі бар? Өзін-өзі
ұйымдастыру жүйесі өзінің әрекетіне алдын-ала жағдай туғызатын кейбір алдын-
ала ұйымдастыруды талап етелі, ал өзін-өзі басқарудың объективті тежеулері
бар. Соңғыны калай түсінуге болады? Ең алдымен иерархия жүйесінде өзін өзі
басқарудың бөлгілі бір шекарасы белгіленелі, ал содан соң, оны жүзеге
асырудың ең тиімді формалары мен әдістері айқындалады.
Қоғамды демократияландыру оның бөлімдерінің өзін-өзі ұйымдастыру мен
өзін-өзі басқару проблемаларын өзекті етелі. Біз бөлімдерге бул жерде
ұлттық шаруашылықтың кдвдай са-ласыиа қатыстылығына қарамастан,
кәсіпорыидарды да қоса-мыз. Демократия, алдымен, қоғамныд билікті бақыяауы,
ал басқару мен өзін-өзі басқару басқа да функцияларды орын-дайды. Бірақ
кәсіпорындағы өзін-өзі басқару өзінің функция-ларының күрамына ең кем
дегенде әкімшіяіктің әрекеттерін тсксеруді енгізелі, бұл. әрине, өндірістік
демократиянын бас-тамасы. Басқарудын демократиялық тәсілі тоталитарлық
қоғам-дық құрыныс немесе әміршілдік тәсіддерге карағанда өзін-өзі басқару
әдісінің пайда болуына еркіндік т\тыз;іды. Бірақға өзін-өзі басқару мен
демократия кдшанда қатар тұрса да, оларды теңдестіруге болмайды, бірақ
оларды гендестіру тәжірибеле жиі кездеселі. Өмірде кейде өзін-өзі басқару
бар, ал демократия жок немесе. демократияның белгілері көрінІп тұрғанмен,
өзін-өзі басқару болмайтын жағдайлар жиі кездеселі.
Жоғарыңа айтылғандардан басқаруды ұйымдасғарудаш өзтерістер, шаруашылық
жүргізу тұрлерінің ауысуы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруға әсерін тигізбей
коймайды. Кәсіпорындарының толық экономикалық бостандыққа жеткен
дербестігі, яғни мүлікті мемлекеттен ажырату мен жекешелендіру кұқығы, ең
алыдмен, өндірістің негізгі қорларына өзін-өзі басқарудың мәнің күрт
жоғарылатты: кәсіпорын әрекетінің өлшеусіз мол міндеттерін қалай
атқаруларын өзі ойлауға тиіс, өздерін мемлекеттік басқару органдары жағынан
берілген тікелей нұсқауды немесе ауызша бұйрықты нақтылы жағдайға
байланыстыра отырып, басым бағыттарды тандай алады және коммерциялық
ұйымдар мен өндірістік шаруашылық әрекеттері бойынша шешім қабылдай алады.
Бұл нақтылы мағынада кәсіпорынның рыноктық шаруашылық, жүргізу субъектісі
есебінде өзінен "жоғары тұрған басқару органдары" болмайды, етерде осы ұйым
қорпоративтік (орта — лат. — қоғамдық) түріндегі концерндердің кұрамына
кірмесе, ол өзін-өзі басқарушы болып саналады. Бірақ осы өзін-өзі
басқаратын ұйымдар микроденгей субъектісі есебінде мемлекеттік реттеу
проблемасынан тыс қалмайды.
Ескерткен дұрыс, Батыс әдебиеттерінен бізге көшкен "өзін өзі
менеджменттеу" деген ұғым "өзін-өзі басқару" ұғымының синонимі деуге
болады. Бірақ "өзін-өзі менеджменттеу", бір жағдайда, бюрократиялық
басқарудың шаруашылық жүйенің тұрақсыздығын туғызатын әрекетіне қарсы қимыл
деп, ал екіншісінде, ең алдымен, өз басының уақытын, жеке басының жұмыс
техникасын басқаратын "өзін басқару" деп түсіндірілелі. Сондықтан жоғарыда
айтылған терминологиялық ұғымдарды біздің сол қалпында пайдалануымыз онша
қолайлы жол деу қиынырақ.

ІІ. Жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылымы мен негізгі мәселелері
2.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі мәселелері

Тоталитарлық жүйе халықтық қоғамдық өмірден тыс ұстауға күш салады.
Және онын ең тиімді жолын да тапты. Мемлекет — әр адамның өмірінде ата-
ананың рөлін атқарып, нағыз "қамқоршысы" болды. Мемлекеттік шекараны
белгілеуден бастап үйдің жанындығы нан сататын дүкеннің жұмысын жасау
уақытына дейін үкімет белгілеп, бекітіп береді. Қарапайым адамдар партияның
салып берген сара жолымен көздерін жұмып жүре беретін. Осы қамқорлықтын
нәтижесінде бес үйлі ауылдан жүз мыңдаған тұрғыны бар қалаға дейін
өздерінің күнделікті тіршіліктеріне қатысы бар мәселелерді өздері-ақ шешуге
болады-ау деген көзқараспен айырылып қалады. Сенің жұмысыңды біреу жасап
жатса, араласып қажеті не?
Өмірдің барлық саласына бақылау қойып, алақандарында ұстаған үкімет
(демек сол үкіметтің өзін билеп отырған коммунистік партия) жергілікті
жердің билігін де ешкімге бергісі келмейді. Жергілікті өкілді орган —
мәслихат (бұрынгы — Кеңес депутаттары) халық билігінің белгісі ретінде
қалғанмен, шын мәніндегі билік — ауылдарда: совхоз директорларында болса,
аудандарда: аудандық партия комитеттерінің қолында болатын.
Демократиялық қоғамға қадам бастық деп жариялаған Қазақстан үшін нағыз
тоталитарлық жүйесінің белгісі болып табылатын жоғарыдағы құрылымның
келмеске кетуі заңды құбылыс еді. Бірақ жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесінің қоғамдық өмірге енуі де өте күрделі мәселе болып отыр. 1995 жылғы
Конституцияга енген 89-баптың әр жолынын мағынасын ашып көрсететін, оны
жүзеге асыратын тетіктерді анықтап беретін заң әлі де қабылданған жоқ. Айта
кету керек, Конституция қабылданғаннан кейінгі бес жылдың ішінде үш мәртебе
заң жобалары жасалынды, кейбіреулері бірінші оқылымнан да өтті, бірақ
ешкайсысы біздің өмірімізге енген жоқ. (Соңғы заң жобасының, екінші
оқылымға жіберілмей, кейін қайтарылып алынғанына қуанбасам, ренжімеймін.
Себебі, ол заңда жергілікті өзін-өзі басқарудың иісі де жоқ).
Біз енді Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қазіргі проблемаларын
айқындай отырып, осы құрылымның басты принциптерін ашып көрсетейік:
1. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылысы нақты да анық:
а) Жергілікті бір әкімшілік-территориялық жердің тұрғындары заңды
сайлау (тікелей, жасырын, тең) арқылы сол территорияның барлық ішкі
мәселелерін шешуге құқықты өкілдік орган сайлайды. Шартты түрде ол органды
Кеңес деп аталық. (Олар барлық мәселені кеңесе отырып шешеді).
ә) Кеңес өздерінің арасынан бір адамды Атқару органының (кейде
"муниципалитет" деп те аталады) басшысы етіп сайлайды не тағайындайды. Кей
жерлерде Атқару органының басшысы да Кеңес мүшелері сияқты сайлау арқылы
анықталады. Шартты түрде бұл орында отырған адамды — Жетекші деп аталық. Ол
азамат Атқарушы органды басқарып, солардың жұмысына жетекшілік етеді.
б) Жетекші сол жердегі түрлі әлеуметтік, экономикалық, коммуналдық
мәселелерді ұйымдастырып, жүзеге асыратын Атқарушы органды өзі жасақтайды.
Сол жердің қажеттіліктеріне қарай әр түрлі саладағы бөлімдер ашады. Оның
басшыларын тағайындайды, құрамын анықтайды, міндеттерін нақтылайды,
қысқасы, жалпы басшылық, жасайды.
г) Кеңес не оның мүшелері Жетекшінің атқару жұмысына тікелей араласа
алмайды, бірақ түрлі саладағы комиссия құру арқылы олардың қызметтерін
бақылап отырады. Сонымен қатар сол территорияның жалпы даму жоспары,
әлеуметтік, экономикалық бағытын да Кеңес айқындайды. Кеңес мүшелері көп
жерлерде жалақы да алмайды.
2. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың алдындағы жағдай —
түсініксіз де күрделі.
Конституцияға сай нақты жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі қоғамдық
өмірімізге енсе, жергілікті деңгейде қос өкімет пен қос үкіметтің
орнауы ғажап емес. Оның біреуі:
- қазір өмірде бар жергілікті басқару (өкілдік органы —
жергілікті мәслихат, атқарушы органы - әкімшілік) да,
екіншісі — жергілікті өзін-өзі басқару болмақ (өкілдік органы - Кеңес, ал
атқарушы органы - муниципалитет). Өте қызық жағдай... Бүгінгі жергілікті
халық өкілдері болып табылатын мәслихат — мемлекеттік басқарудың түрі болып
саналады да, оның шешімін жүзеге асыратын, оған тәуелді, бағынышты органды
— президенттің өкілі болып табылатын әкім
басқаруда.
Құрылымдық жағынан да, мазмұны тұрғысынан да жергілікті өзін-өзі
басқаруға ең жақыны — өкілдік орган (мәслихат) болып табылады, Халықаралық
тәжірибеде өкілдік органды жергілікті өзін-өзі басқару құрылымына айналдыру
кездеседі. Екі өкілдік органнан көрі жергілікті мәслихатты Кеңеске
айналдыру тиімді де сияқты.
Дегенмен ең күрделі мәселенін бірі — сол өкілдік органға бағынышты
атқару органы болып отыр. Егер әкімшілік (демек жоғарыдан тағайындалған
әкім) органы қаз-қалпында қалса — ешқандай жергілікті өзін-өзі басқару
болмайды. Әр нәрсенің өз атауы бар — мүмкін, әкімдер
жүйесі әлі де өз қажеттіліктерін жоймаған шығар, бірақ оны
жергілікті өзін-өзі басқарумен будандастырып, халық билігінің алғашқы
сатысының басты белгісі етудің ешқандай қажеті жоқ. Шынын айту керек,
Қазақстан Парламенті екі оттың ортасында қалған сияқты: Конституцияда айқын
жазылған баптарды жүзеге асыра отырып, муниципалитеттік
басқару жүйесіне көшетін заң қабылдайын десе — "жергілікті
жердің басшыларының жоғарыдағыларға деген бағыныштылығы келмеске кетеді, ал
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын әкімшілікке бағынышты ететін заң
шығарса — Конституцияның 89-тармағындагы мәселелер далада қалады.
Демек Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі тек бір ғана
заңның аясында жүзеге аса қояды дегенге сену қиын. Бұл жерде жергілікті
әкімдерді сайлау да, өкілдік органдардың статусына өзгерістер енгізу де
қатар жүру керек сияқты. Бір сөзбен айтқанда, жергілікті басқару жүйесіне
толық реформа жүргізу қажет.
1982 жылғы муниципалдық реформаның нәтижесінде Франциядағы жергілікті
мәселелерді шешу толығынан жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті өзін - өзі басқарудың негізгі мәселелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ: БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ
Сайлау құқықтық қатынастары
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылымдық жүйесін талдау
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Компанияның қаржылық стратегиясылар
Мемлекеттік басқару мен басқарушылық шешімдерді заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің орнын көрсету
Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
МУНИЦИПАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері
Пәндер