Лимфа


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Лимфа құрамы

Тыныштық күйінде кеуде жолы арқылы сағатына 100 мл-ге дейін лимфа өтеді. Күніне қан ағымына 2-3 л лимфа түседі.

Оның меншікті салмағы 1010-1013.

рН 8, 4-9, 2

Осмостық қысымы плазмаға қарағанда жоғарырақ, онкотикалық қысым төмен, себебі лимфада ақуыз 1, 5 есе аз.

Лимфаның химиялық құрамы

Ақуыз мөлшері майда қан тамырларының өткізгіштігіне байланысты алуан:

  • Бауырда -60 г\л;
  • Асқазан-ішек жолында - 30-40г\л.

Ақуыз мөлшері бауырда 100 мл-де 6 г көп болады, ал ішектерде 100 мл-де 4 г жоғары, кеуде жолында консистенциясы 3-5 г болады.

Химиялық құрамы бойынша лимфа плазмасы қан плазмасына ұқсас, бірақ белок аз, орташа 35+1, 7 г\л.

Лимфада альбуминдер көптеу 22, 3+0, 7г\л, себебі кіші молекулалы болғандықтан лимфа капиллярларына тезірек өтеді.

Глобулиндер 12, 7+0, 4г\л. Альбумин-глобулинді коэффициент қан плазмасынан жоғары. Кеуде лимфа жолында фибриноген 2+0, 09г\л және протромбин 30-78% ке дейін, ол қанға қарағанда баяу ұйиды, борпылдақ ұйынды қалыптасып, фибрин жіпшелері мен қан түйіршіктерінен тұрады.

Лимфа сарысуында белок және оның фракцияларының қалыпты деңгейі.

Көрсеткіштер
Орташа өлшем бойынша
Ауытқу шектері
Көрсеткіштер:

Белок, г/л

Альбумин, г/л

Глобулины, г/л

» α 1 , %

» α 2 , %

» β, %

» γ, %

Фибриноген, г/л

Протромбин, % 1

Орташа өлшем бойынша:

35, 0±1, 7

22, 3±0, 7

12, 7±0, 4

4, 6

6, 9

10, 8

13, 9

2, 0±0, 09

55, 0±0, 8

Ауытқу шектері:

25, 0-56, 1

15, 0-40, 0

10, 0-16, 1

2, 9-9, 1

5, 2-11, 0

6, 7-17, 7

10, 0-23, 8

1, 5-4, 6

30, 0-78, 7

1 Шексіз өлшеулер процентпен немесе СИ жүйесі бойынша бірлікпен өлшенеді .

Лимфа негізгі катиондары натрий, калий, кальций және магний, ал аниондары - хлор, фосфор мен лимфаның ортасындағы белокта анион болуы мүмкін.

Орталық лимфадағы су мен электролит құрамы

Көрсеткіштер
Орташа өлшемі
Ауытқу мөлшері
Көрсеткіштер:

Су, г/л

Натрий, моль/л

Хлор »

Калий »

Кальций »

Магний »

Орташа өлшемі:

956, 0±18, 0

125, 9±3, 6

109, 5±0, 8

4, 9±0, 09

2, 4±0, 03

0, 8±0, 001

Ауытқу мөлшері:

922, 0-966, 0

114, 3-137, 5

92, 0-140, 7

3, 6-5, 8

2, 0-3, 1

0, 6-1, 5

Лимфаның химиялық құрамының өзгеруі қан плазмасы құрамының өзгеруімен немесе кейбір мүше тіндерінің зат алмасу процесінің бұзылу нәтижесінде болады.

Әртүрлі заттардың қаннан лимфаға өтуіне байланысты:

  1. Осы заттардың диффуздық қасиетіне қарай;
  2. Қантамырларының қабырғасының ақуыз бен тұздағы өткізгіштік ерекшеліктеріне;
  3. Затардың қанға ену жылдамдығына.

Затты баяу енгізгенде лимфаға ұзақ уақыт өтпейді, жылдам өткізгенде - бірнеше

минуттан кейін лимфада пайда болады. Токсиндер мен улар, әсіресе бактериялар лимфаға тез өтеді.

Орталық лимфаның химиялық құрамы адамдағы қалыпты деңгейі

Көрсеткіштер
Орташа өлшемі
Ауытқу мөлшері
Көрсеткіштер:

Аммиак, мкмоль/л

Қалдық азот, ммоль/л

Мочевина, ммоль/л

Креатинин, ммоль/л

Билирубин, мкмоль/л

Жалпы липид, г/л

Β-липопротеид, г/л

Триглицерид, г/л

Этирефирленбеген май қышқылы, мг/л

Холестерин, ммоль/л

Глюкоза, ммоль/л

Орташа өлшемі:

30, 0±1, 0

11, 1±0, 3

4, 8±0, 004

0, 03±0, 007

17, 0±1, 0

2, 75±0, 003

4, 5±0, 01

1, 0±0, 04

4, 0±0, 02

4, 0±0, 04

6, 5±0, 08

Ауытқу мөлшері:

0-75, 43

7, 0-51, 3

1, 7-26, 4

0, 05-0, 88

0, 5-25, 0

2, 0-6, 0

3, 5-6, 0

0, 4-1, 8

0, 03-6, 01

2, 0-7, 1

3, 2-8, 4

Тәулігіне адам ішегі арқылы 100-150 г, максимум 300 г май сіңіріледі. Сіңірілу қарқынды жүреді. 30 мин кейін ішек эпителийінде май тамшылары анықталады. 2-3 сағ-тан кейін кеуде лимфа жолында лимфа сүтке ұқсас болады, себебі құрамында липидтің жоғарылауы анықталады. Ас қабылдағаннан соң 4-6 сағ кейін ең жоғары дәрежеде болады. Лимфа құрамындағы липид 9 сағ кейін бастапқы қалпына келеді.

Дені сау адамда ас қабылдағаннан соң лимфадағы ақуыз, май және көмірсу концентрациясының өзгерісі

Уақыт, сағ
Ақуыздар, г/л
май, г/л
көмірсу, г/л
Уақыт, сағ:

Ас қабылдағанға дейін

кейін » »

2

4

6

8

Ақуыздар, г/л:

35, 0±1, 7

60, 0 ±7, 0

60, 0±7, 0

52, 0±9, 0

46, 0±9, 0

36, 0±9, 0

май, г/л:

3, 0±0, 7

11, 0±0, 6

11, 0±0, 6

25, 0±6, 0

41, 0±9, 0

17, 0±6, 0

көмірсу, г/л:

0, 9±0, 1

1, 4±0, 1

1, 4±0, 1

1, 5±0, 2

1, 7±0, 1

1, 8±0, 2

Липидтердің сіңіру жылдамдығы үшглициридтердің физико-химиялық қасиетіне байланысты: еру температурасы, қанықпаған май қышқыл дәрежесі, құрылым ерекшеліктері, углерод май қышқыл тізбегінің ұзындығы, майды эмульгирлеу дәрежесіне, липаза тез ыдырауына, ішек эпителийінде липид ресинтезіне.

Лимфаның этерифирленбеген май қышқылы құрамы тағамдағы май әсерінен өзгермейді. Этерифирленбеген май қышқылы құрамының тұрақтылығының үлкен маңызы бар, себебі оны жүрек пен қаңқа бұлшықеттері және басқа мүшелер пайдаланады.

Сау жасушалар ақуызды бос аминқышқылдарынан синтезделуге қабілетті. Соған байланысты бос аминқышқылдары орталық лимфада әртүрлі ағза көрсеткіштеріне байланысты өзгеріп отырады. Бірақ лимфа құрамындғы аминқышқылдарын зерттеулер аз және әртүрлі болып келеді

Адамда орталық лимфадағы аминқышқылдар концентрациясы

Амин қышқылдар
Концентрация, мкмоль/л
Орташа өлшемі
Ауытқу мөлшері
Амин қышқылдар:

Лизин

Аргинин

Аспарагин қышқылы

Треонин

Серин

Глутамин қышқылы

Пролин

Глицин

Аланин

Валин

Метионин

Изолейцин

Тирозин

Фенилаланин

Концентрация, мкмоль/л:

12, 0±1, 0

68, 0±6, 1

75, 0±4, 8

70, 0±6, 2

65, 0±5, 1

58, 0±3, 4

254, 0±17, 0

164, 0±13, 8

236, 0±18, 0

70, 0±3, 0

24, 0±2, 5

45, 0±4, 0

23, 0±2, 1

20, 0±2, 0

5, 0-20, 0

34, 0-200, 0

8, 0-150, 0

30, 0-200, 0

35, 0-130, 0

15, 0-170, 0

80, 0-510, 0

50, 0-430, 0

120, 0-500, 0

37, 0-250, 0

8, 0-51, 0

23, 0-90, 0

15, 0-88, 0

10, 0-140, 0

Орталық лимфада қан плазмасындағыдай бос аминқышқылдары болады, бірақ олардың концентрациясы төмен болады.

Ағзадағы ферменттік жүйе сыртқы орта факторларына немесе ағзалардың патологиялық процестерге сезімтал, сол себепті ферментативтік үрдіс механизмінің және бұзылысының клиникалық практикада маңызы зор.

Сау адам кеуде лимфа жолында фермент құрамы

Фермент
Орташа
Ауытқу мөлшері
Фермент:

Трипсин, мЕД (J. Erlangen, В. А. Шатерников)

Ингибитор трипсина (V. Havenbek, В. А. Шатерников)

Амилаза, мг/(мл*мин) (N. Smith-Roe, А. М. Уголев)

Липаза, мЕД (А. М. Курзанов)

Трансаминаза

АЛТ, ЕД

АСТ, ЕД
ЩФ, ЕД

Орташа:

1, 2±0, 07

250, 0±23, 5

0, 15±0, 009

60, 0±0, 75

12, 0±1, 0

24, 0±1, 2

6, 1±0, 08

Ауытқу мөлшері:

0, 2-5, 0

185, 6-405, 9

0, 03-0, 2

27, 9-98, 3

6, 0-32, 0

4, 0-48, 0

5, 2-21, 3

Лимфа жасушалық құрамы

Лимфа жолы еритін заттардан басқа жасушалық элементтерден құралады, ең маңыздысы агранулоциттер, сонымен қатар гранулоцит пен тромбоциттер.

Дені сау адамда қалыпты жағдайда кеуде лимфа жолында 2-6 г\л лимфоциттер болады. Тәуліктік лимфоциттер санының шамасы 1-ден 22г\л-ге дейін өзгеріп отырады. Лимфоциттердің 3 түрі бар: үлкен (10 мкм жоғары), орташа (7 - 10 мкм) және кіші 7 мкм дейін.

Моноцит - бұл бүршік тәрізді үлкен жасушалар (диаметр 10 - 15 мкм) . Олар үлкен жасуша бөлшектерін немесе бүкіл жасушаны фагоциттеумен ерекшеленеді. Физиологиялық қызметіне байланысты иммуноглобулин өндіреді. Орташа шамамен лимфада 5 % -ін моноциттер құрайды.

Гранулоциттер лимфада өте аз кездеседі (2 - 4%) . Олар амеба тәріздес қозғалып инфекциялық ошаққа барып, фагоциттеу қасиетке ие болады.

Қалыпты жағдайда эритроцит лимфада болмайды. Аздап лимфаға эритроциттер майда қан тамыр қабырғаларынан өткен тіндерден түсуі мүмкін. Каппилярлық өткізгіштік артқанда лимфада эритроциттер (2 х 10 12 /л) пайда болуы мумкін. Ол кезде лимфа түсі қан тәрізді болады.

Тромбоциттер 5 тен 35 х 10 9 /л-ге дейін ауытқуы мүмкін. Оның маңызды биологиялық қызметі лимфа ұюына және лимфа ағуының тоқтатуына қатысады.

Лимфадағы лейкоциттік формула (Б. Н. Ткаченко бойынша) :

(СИ жүйесі бойынша берілген)

- лимфоцит - 90% (0, 9) ;

- моноцит - 5% (0, 05) ;

- сегменттіядролы нейтрофилдер - 1% (0, 01) ;

- эозинофилдер - 2% (0, 02) ;

- басқа жасушалар (көбінесе гистоциттер) - 2% (0, 02) ;

Лимфа ұюы.

Лимфаның ұю қабілеті бар, яғни сұйық күйден желімді түрге айналады. Бұл биологиялық қорғаушы реакциясы, яғни ағзаның лимфалық тамырлардың лимфа жоғалуының алдын алуы. Бұл үрдіс протромбин әсерінен болады, ал кальций ионының және тромбокиназа әсерінен тромбинге айналады. Тромбокиназа көзі тромбоциттер, олар ағзадан тыс жерге шыққанда бұзылып, лимфаға тромбокиназаны бөледі және жарақаттанған тін беті мен лейкоциттердің маңызы зор. Тіндік немесе лимфаплазмалық тромбокиназаның пайда болуы құрамындағы затқа байланысты (тіндік шырыш және қандық пластинка) болады. Пайда болған тромбин фибриногенді фибринге (желім) айналдырады.

Лимфа қанға қарағанда баяу ұйиды, ол фибрин жіпшелерінен құралған. Фибрин торында морфологиялық элемент және лимфоплазма ұсталып қалады, ал араластырғанда немесе центрифугерленгенде оңай босатылады.

Лимфа ұюы өте күрделі процесс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

I кезең - белсенді лимфоплазмалық және тіндік тромбокиназаның түзілуі өте баяу өтеді, өйткені лимфада тромбокиназа аз және жасушалық элемент - лимфоциттердің -тромбокиназалық белсенділігі төмен. Лимфаның ұюы осы фазаға байланысты болады.

II кезең - протромбиннен тромбинге айналу белсенді тромбокиназа, кальций ионы, V, VI, VII факторлардың қатысуымен жүреді.

III кезең фибриногеннің фибринге тромбин әсерінен жүреді. II пластинкалық фактор мен кальций ионының қосымша қатысуынан фибриногеннің полимеризациясы жылдамдайды.

IV кезең - ұйынды ретракциясы мен лимфа сарысуының түзілуі баяу жүреді. Лимфада бұл үрдіс сынама алғаннан кейін 15 мин өткенде басталып, 24 сағатқа созылады. Бұл құбылыс фибрин жіпшелерінің тығыздалуымен лимфа жасушаларының саны мен тромбоциттерге байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Организмдегі лимфа ағыстары
Лимфа жүйесінің физиологиясы
Лимфа жүйесі
Лимфалық құрылым қағидалары, түзілуі, құрамы мен қасиеттері айналымы
Лимфа жуйесінің қызметі
Лимфа жүйесінің онтогенезі
Лимфа туралы
Лимфаның формалық элементтері және химиялық құрамы
Сойыс малдары
Улы гепатит кезіндегі шажырқай лимфа түйінінің жиырылу белсенділігі және оны түзету жолдарын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz