Европалык державалардың Түркия үшін күресі



1. Серб және грек халқының ұлт.азаттық күресі.
2. Түрік.египет соғысы.
3. Шет ел державаларының Түркінға енуі.
4. Танзимат.
5. Түркияның жартылай отарға айналуы.
Батыс Европаның капиталистік державаларының отарлау саясатының күшеюі Осман империясына да әсерін тигізбей қоймады. Тарихтан белгілі Ресей Түркиямен талай соғысқан болатын. 1768-1774 жылдардағы орыс-Түрік соғысы Ресей үшін сәтті болды. 1770 жылы Ресей әскері Дарданелланы қоршап алды, Грецияға десант түсірді. 1771 жылы орыс армиясы Қырымнан барлық теңіз орталықтарын басып алды. 1773 жылы Суворовтың Дунайдың оңтүстік жағалауындағы мықты Тартукай қамалын алуы және оның 1774 жылы Козлуджа маңында жеңіске жетуі Туркияны келіссөздерге баруға мәжбүр етті. Сейтіп 1774 жылы 10 шілдеде Кучук-Кайнарджи деревнясында келісім жасалынды. Ол бойынша Крым Түркиядан тәуелсіздігін алды (1783 жылы Ресейге қосылды). Ресей Днепр мен Оңтүстік Буг арасын өз қолына алды. Азов пен Қара теңізде сауда кемелерінің кедергісіз жүзуіне құқық берілді.
1809 жылы Ресеймен қарым-қатынас күшейе түсті. 1811 жылы Кутузов түрік әскерлерін талқандап тастады. Франциядан қауіптенген Кутузов Түркиямен тез арада бітім жасауға тырысты. Сөйтіп 1812 жылы мамырда Бухарестте келісім жасалынды. Ол бойынша Бессарабия (Молдавияның шығысында) орыстарға қосылды, Түркия Сербияға тәуелсіздігін беру керек еді. Көп өзамай сұлтан үкіметі Ресейдің Наполеонмен соғысып жатқанын пайдаланып Бухарест келісімін жоюға тырысты. 1833 жылы ол Сербияға жазалаушы топтарды жіберді. 1815 жылы серб халқының азаттық күресі басталынды. Сөйтіп сұлтан серб халқы сайлаған "кнезді" мойындауға тиіс болды. 1821 жылы гректер көтеріліске шықты. Сұлтан Махмұд- ІІ ол көтерілісті басу үшін Египетгің билеушісі Мұхаммед Алиден көмек сұрады. 1824 жылы грек халқының көтерілісін басып-жаншу үшін Египет әскері жіберіледі. Ақырында гректер жеңілді. Гректерге қарсы күресте янычарлар корпусы күшін керсете алмады, Бұл корпустың әлсіздігі байқалды. Сөйтіп дінбасылардың, аксүйектердің рұқсатымен 1826 жылы Махмұд-ІІ жаңа әскер құру үшін заң шығарды. Ол әскерді Египет офицерлері жасақтау керек еді. Бірақ сұтан янычарлар корпусын жоюға ұмтылды. Сөйтіп 1826 жылы янычарлар корпусы жойылды.
1826 жылы Петербургте ағылшын-орыс хаттмасы жасалынды. Ол бойынша олар Осман үкіметінен гректерге қарсы іс-әрекетті тоқтатуды және Грецияға автономияны беруді талап етті, Сонымен бірге орыс үкіметі сұлтанға ультимятум қойды: тез арада Бухарест келісімінің орындалмаған баптарын орындау. Сөйтіп Түркия оны орындауға мәжбүр болды. 1830 жылы Грецияға автоиомия берілді.
1. Губер А.А., Ким Г Ф., Хейфец А.Н. Новая история стран Азии и Африки. М., 1982
2. К.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы. Алматы. 1999
3. Новичев А.Д. История Турции. Л, 1978-т.4-ч.З
4. Фадеева И.Е. Мидхат-паша. Жизнь и деятеяьностъ. М.,1977

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Европалык державалардың Түркия үшін күресі

1. Серб және грек халқының ұлт-азаттық күресі.
2. Түрік-египет соғысы.
3. Шет ел державаларының Түркінға енуі.
4. Танзимат.
5. Түркияның жартылай отарға айналуы.

Әдебиеттер:

1. Губер А.А., Ким Г Ф., Хейфец А.Н. Новая история стран Азии и Африки. М., 1982
2. К.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы. Алматы. 1999
3. Новичев А.Д. История Турции. Л, 1978-т.4-ч.З
4. Фадеева И.Е. Мидхат-паша. Жизнь и деятеяьностъ. М.,1977

Батыс Европаның капиталистік державаларының отарлау саясатының күшеюі Осман империясына да әсерін тигізбей қоймады. Тарихтан белгілі Ресей Түркиямен талай соғысқан болатын. 1768-1774 жылдардағы орыс-Түрік соғысы Ресей үшін сәтті болды. 1770 жылы Ресей әскері Дарданелланы қоршап алды, Грецияға десант түсірді. 1771 жылы орыс армиясы Қырымнан барлық теңіз орталықтарын басып алды. 1773 жылы Суворовтың Дунайдың оңтүстік жағалауындағы мықты Тартукай қамалын алуы және оның 1774 жылы Козлуджа маңында жеңіске жетуі Туркияны келіссөздерге баруға мәжбүр етті. Сейтіп 1774 жылы 10 шілдеде Кучук-Кайнарджи деревнясында келісім жасалынды. Ол бойынша Крым Түркиядан тәуелсіздігін алды (1783 жылы Ресейге қосылды). Ресей Днепр мен Оңтүстік Буг арасын өз қолына алды. Азов пен Қара теңізде сауда кемелерінің кедергісіз жүзуіне құқық берілді.
1809 жылы Ресеймен қарым-қатынас күшейе түсті. 1811 жылы Кутузов түрік әскерлерін талқандап тастады. Франциядан қауіптенген Кутузов Түркиямен тез арада бітім жасауға тырысты. Сөйтіп 1812 жылы мамырда Бухарестте келісім жасалынды. Ол бойынша Бессарабия (Молдавияның шығысында) орыстарға қосылды, Түркия Сербияға тәуелсіздігін беру керек еді. Көп өзамай сұлтан үкіметі Ресейдің Наполеонмен соғысып жатқанын пайдаланып Бухарест келісімін жоюға тырысты. 1833 жылы ол Сербияға жазалаушы топтарды жіберді. 1815 жылы серб халқының азаттық күресі басталынды. Сөйтіп сұлтан серб халқы сайлаған "кнезді" мойындауға тиіс болды. 1821 жылы гректер көтеріліске шықты. Сұлтан Махмұд- ІІ ол көтерілісті басу үшін Египетгің билеушісі Мұхаммед Алиден көмек сұрады. 1824 жылы грек халқының көтерілісін басып-жаншу үшін Египет әскері жіберіледі. Ақырында гректер жеңілді. Гректерге қарсы күресте янычарлар корпусы күшін керсете алмады, Бұл корпустың әлсіздігі байқалды. Сөйтіп дінбасылардың, аксүйектердің рұқсатымен 1826 жылы Махмұд-ІІ жаңа әскер құру үшін заң шығарды. Ол әскерді Египет офицерлері жасақтау керек еді. Бірақ сұтан янычарлар корпусын жоюға ұмтылды. Сөйтіп 1826 жылы янычарлар корпусы жойылды.
1826 жылы Петербургте ағылшын-орыс хаттмасы жасалынды. Ол бойынша олар Осман үкіметінен гректерге қарсы іс-әрекетті тоқтатуды және Грецияға автономияны беруді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осман империясы. III Сәлімнің реформалары
Дүние жүзі тарихы
Осман империясының құрылуы
Бірінші дүние жүзілік соғыс
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді
Әлем «қырғи-қабақ» соғыстан кейін: бір полюстік және көп полюстік
«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы
ХҮІІ ғ. - ХХІ ғ. аралығындағы Азия елдері
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
Пәндер