ҚР жергілікті өкілетті органдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі



1 КІРІСПЕ
2 Негізгі бөлім
3 ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы мен мемлекеттік реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа демократиялық қатынастардың даму жолын таңдауы, құқықтық саланы және мемлекеттік органдарды реформалаудың қажеттілігін шарт етіп қойды. Мемлекеттілік қалыптасуының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі саналатын елдің саяси-құқықтық жүйесінің дамуы экономиканың түбегейлі реформалануымен де, оның нарық жолына түсуімен бір мезетте жүзеге асты. Демек, бұл үдерістер өзара тығыз байланысты болып келеді және бір-біріне елеулі ықпалын тигізеді деп айтуға болады.
Өткен уақыт ішінде республикамызда нарықтық өзгерістерді жүргізуге, оны қабылдай отырып елді басқаруға бағытталған бірнеше заң қабылданды, бірқатар құрылымдық реформалар жүзеге асырылды. Бұл мемлекеттік басқарудың тұтқасын құрайтын жергілікті басқару органдарындағы белсенді азаматтардың заманауи жауаптылықта пісіп жетілген елеулі шоғырының қалыптасуына мұрындық болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарындағы құқықтық реформалауға талдау жасау барысында оның басты нәтижесі мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындаған, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізін берік қалаған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жаңа жүйесін құқықтық тұрғыда бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы болып табылады деп айта аламыз.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси экономикалық үдерістерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт Республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық саласын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі және аумақтық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.
Бүгінгі жас мемлекетіміздің алдында тұрған шешімін күтер негізгі мәселелерге баға бере келе, біздің саяси-құқықтық өмірімізде мемлекет пен қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізін қалайтын демократиялық даму негіздерінің мықты орныққаны туралы батыл айта аламыз.
Міне, сондықтан да мемлекетті басқару жүйесін жетілдіріп, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуі үшін жергілікті өкілетті органдар мәртебесін жетілдіру – заман талабы. Себебі Қазақстан Республикасының егемендік алғаннан кейінгі өркендеуін саяси саладағы даму көрсеткіштерінің сапалық белгісіне қарай екі кезең бойынша айқындауға болады. Алғашқы кезеңді республиканың егемен мемлекет ретінде қалыптасу кезеңі деп атайтын болсақ, екінші кезеңді Қазақстан Республикасын тәуелсіз, демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде нығайту кезеңі деп белгілейміз.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
БЕКМАҒАМБЕТОВ ДАРХАН ЖҮСІПҰЛЫ

ҚР жергілікті өкілетті органдардың
конституциялық-құқықтық мәртебесі

060001 – Заңтану

Магистр дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Астана, 2011

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы мен
мемлекеттік реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа демократиялық
қатынастардың даму жолын таңдауы, құқықтық саланы және мемлекеттік
органдарды реформалаудың қажеттілігін шарт етіп қойды. Мемлекеттілік
қалыптасуының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі саналатын елдің саяси-
құқықтық жүйесінің дамуы экономиканың түбегейлі реформалануымен де, оның
нарық жолына түсуімен бір мезетте жүзеге асты. Демек, бұл үдерістер өзара
тығыз байланысты болып келеді және бір-біріне елеулі ықпалын тигізеді деп
айтуға болады.
Өткен уақыт ішінде республикамызда нарықтық өзгерістерді жүргізуге, оны
қабылдай отырып елді басқаруға бағытталған бірнеше заң қабылданды, бірқатар
құрылымдық реформалар жүзеге асырылды. Бұл мемлекеттік басқарудың тұтқасын
құрайтын жергілікті басқару органдарындағы белсенді азаматтардың заманауи
жауаптылықта пісіп жетілген елеулі шоғырының қалыптасуына мұрындық болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарындағы құқықтық
реформалауға талдау жасау барысында оның басты нәтижесі мемлекет дамуының
стратегиялық бағытын айқындаған, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының негізін берік қалаған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың
жаңа жүйесін құқықтық тұрғыда бекіткен Қазақстан Республикасының
Конституциясының қабылдануы болып табылады деп айта аламыз.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси экономикалық үдерістерді
басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері,
нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы
көрсетілген. Бұл жәйт Республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен
өмір тіршілігін басқарудың барлық саласын анықтайды. Атап айтқанда, олар
Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма
байлықтарына, ішкі және аумақтық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар
әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, өндірістік және өндірістік емес
объектілігіне деген төтенше меншігі.
Бүгінгі жас мемлекетіміздің алдында тұрған шешімін күтер негізгі
мәселелерге баға бере келе, біздің саяси-құқықтық өмірімізде мемлекет пен
қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізін қалайтын
демократиялық даму негіздерінің мықты орныққаны туралы батыл айта аламыз.
Міне, сондықтан да мемлекетті басқару жүйесін жетілдіріп, халықтың әл-
ауқатын одан әрі жақсарта түсуі үшін жергілікті өкілетті органдар
мәртебесін жетілдіру – заман талабы. Себебі Қазақстан Республикасының
егемендік алғаннан кейінгі өркендеуін саяси саладағы даму көрсеткіштерінің
сапалық белгісіне қарай екі кезең бойынша айқындауға болады. Алғашқы
кезеңді республиканың егемен мемлекет ретінде қалыптасу кезеңі деп атайтын
болсақ, екінші кезеңді Қазақстан Республикасын тәуелсіз, демократиялы,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде нығайту кезеңі деп
белгілейміз.
Айта кетуіміз керек, өзінің құжаттамалық бастауын 1995 жылғы 30 тамызда
бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямыздан алатын осы екінші
кезең еліміздің тарихында ерекше орын иеленетіні даусыз.
Міне, осы кезең ішінде еліміз кездейсоқ даму жолынан біржола бас
тартып, біртұтас және сабақтас стратегиялық бағдарламалар мен ұзақ мерзімді
басымдықтардың негізінде даму даңғылын таңдап алды. Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың өзі айқындап берген алдымен экономика, содан кейін саясат
қағидасының негізімен жүргізілген еліміздің экономикалық, әлеуметтік,
мәдени және саяси салалардағы ауыз толтырып айтарлық жетістіктеріне жол
ашқан жасампаз реформалар да осы кезеңнің еншісіне тиеді.
Осы кезеңде еліміздегі жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі
басқару жүйесіне де күрделі өзгерістер еніп, әлемнің алдыңғы қатарлы
демократиялық мемлекеттерінің жергілікті басқару жүйелерімен деңгейлес орын
алуға нық қадам жасалды. Ал, бұл еліміздің саяси дамуында елеулі
оқиғалардың бірі болды десек, қателеспейміз. Өйткені, аймақтардағы
экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелердің тиімді шешілуі жергілікті
мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың тиімді ұйымдастырылуымен тікелей
байланысты өрбіді. Мұндай жәйт өз кезегінде әрбір аймақ тұрғындарының хал-
ахуалының жақсаруына жағымды әсерін тигізеді.
Елімізде жергілікті билік жүйесінде маңызды орындардың бірін жергілікті
өкілетті органдар иеленеді. Тиісті аудан немесе облыс тұрғындарының тікелей
қалауымен сайланатын мәслихаттар сол аймақтағы экономикалық, әлеуметтік
мәселелерді шешуге қатысты бірқатар нақты өкілеттіктерге ие болып отыр.
Десек те, тиісті аймақ тұрғындарының еркін білдіретін мәслихаттардың
шын мәнінде ел жанашырына айналуы үшін оның мәртебесін көтеруге қатысты
бірқатар өзгерістердің қажеттілігі айқын сезіледі.
Елбасымыздың бастамашылығымен жүргізіліп келе жатқан саяси реформалар
барысында да жергілікті өкілетті органдардың аймақтардағы саяси маңызы
естен шығарылған жоқ. Осы себепті республика Парламенті қабылдаған 2007
жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Конституциялық Заңда жергілікті өкілетті
органдардың мәртебесіне қатысты да баптар қарастырылған еді. Атап айтар
болсақ, осылардың негізінде мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару
қызметін атқару мүмкіндігіне қол жеткізді. Мәслихаттардың жергілікті өзін-
өзі басқаруға ие болуы демократиялы елдердегі секілді жергілікті
мәселелерді жергілікті жерлерде шешуге талпыныс қана емес, ол
мәслихаттардың тиісті аймақ тұрғындарының көптеген әлеуметтік мәселелерімен
етене шұғылдануына жол ашты.
Өзгерістерге сәйкес бұдан былай қарай облыс әкімдері, республикалық
маңыздағы қала әкімдері және Астана әкімі тиісті облыс, қала және Астана
мәслихаттарының келісімімен тағайындалатын болады. Сондай-ақ өзгерістер
бойынша мәслихаттардың әкімге сенімсіздік білдіру институты енгізілді, яғни
мәслихат депутаттарының кемінде бестен бірінің бастамасымен әкімге
сенімсіздік білдіру мәселесі қойылуы мүмкін, мұндай жағдайда мәслихат
депутаттарының көпшілігінің дауысымен Президент алдына немесе жоғары тұрған
әкімнің алдына тиісті әкімді қызметінен босату мәселесі қойылуы мүмкін.
Сонымен қатар, өзгерістер туралы Конституциялық заңға сәйкес
мәслихаттардың өкілеттігі төрт жылдан бес жылға ұзартылды. Бұл – мәслихат
депутаттарының толыққанды жұмыс істеуіне жасалған жағдай. Себебі, кез
келген жаңадан сайланған депутат қызметтің қыр-сырын білгенінше біраз уақыт
өтетіні белгілі жәйт.
Ендігі кезекте Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы Заңды Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға
сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Осы жұмыстардың барысында
жергілікті өкілетті органдардың қызметін жетілдіруге байланысты бірқатар
шаралар да қарастырылуы қажет деп білеміз. Жергілікті өкілетті органдар
және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті мәселелерді шешуге
қажетті толық заңдық мүмкіндіктер мен құқықтық құралдарға ие болуы керек.
Әсіресе, жергілікті өкілетті органдардың жергілікті атқарушы билікті
бақылауына байланысты, олардың жергілікті өзін-өзі басқару міндеттерін
атқаруына байланысты құзыреттерін нақтылау және олардың орталық билік
органдарымен қарым-қатынасын орнатудың тетігін қарастыру да қажет деп
ойлаймыз.
Бүгінгі таңда мәслихаттардың жергілікті жерлердегі мәселелерін шешуге
байланысты рөлін күшейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда,
Нұр Отан ХДП-ның атқарып отырған қызметі орасан. 2007 жылғы 4 шілдеде
өткен кезектен тыс ХІ съезінде қабылдаған сайлауалды тұғырнамасында партия
Жергілікті мәселелер жергілікті жерде шешілуге тиіс! деген ұстаным
танытқан болатын. Оған қоса Нұр Отан барлық деңгейдегі мәслихаттарда
өзінің фракциясын құра отырып, олардың атқарушы билікпен қарым-қатынасының
нақты тетігін жасауға ұмтылуда.
Ал Парламент Мәжілісіндегі Нұр Отан партиясының фракциясы
Мәслихаттармен және азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөніндегі
кеңес құрды. Кеңес мәслихаттардың қызметін дамыту мәселелері бойынша
ұсыныстар әзірлеумен айналысатын болады. Оның жұмысы еліміздегі жергілікті
өкілетті органдардың қызметін жетілдіруге байланысты пайдалы ұсыныстар алып
келеді деп үміттенеміз.
Сонымен бірге, еліміздегі жергілікті өкілетті органдардың қызметін одан
әрі жетілдіруге байланысты жұмыстарға Қазақстан мәслихаттары
депутаттарының бірлестігі республикалық қоғамдық бірлестігі де атсалысуы
тиіс деп ойлаймыз. Жергілікті өкілетті органдардың депутаттарынан құралған
бұл үкіметтік емес ұйым мәслихаттардың жұмысын тиімді ұйымдастырудың бүге-
шігесіне дейін қамтуға қабілетті екендігіне күмәніміз жоқ.
Біздің ойымызша, Елбасымыз бастаған саяси өзгерістер – еліміздің алға
қарай дамуына кеңінен жол ашатын серпінді, жасампаз реформалардың жалғасы.
Жергілікті өкілетті органдардың қызметін одан әрі жетілдіру ісін халық
игілігі үшін жасалып отырған демократиялық талпыныс деп түсіну қажет.
Сол себепті Қазақстан Республикасынжағы жергілікті өкілетті органдардың
конституциялық-құқықтық мәртебесін талдап, зерттеу өте өзекті мәселе деп
есептейміз.
Магистрлік жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының жергілікті
өкілетті органдардың конституциялық-құқықтық мәртебесін жетілдіру жолдарына
талдау жүргізіп, ғылыми тұжырымдар ұсыну.
Магистрлік жұмыстың міндеттері:
- Жергілікті өкілді органдардың құзырлығы және оларды жетілдіру
проблемаларын шешу;
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды
қалыптастыру проблемаларын талқылау;
- Мәслихаттардың жергілікті өкілді органдармен арасындағы
құзырлықтарының аражігін айқындау;
- Жергілікті өкілетті органдар мәртебесінің тарихи-құқықтық негіздеріне
талдау жасау;
- Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті органдардың даму,
қалыптасу кезеңдеріне баға беру;
- Қазақстан Республикасындағы билікті жергілікті өкілетті органдар және
олардың құрылу мәселелері, қызметінің принциптерін айқындау;
- Жергілікті өкілетті органдардың құзырлығы, оларды жүзеге асыру
нысандары және оларды жетілдіру проблемаларын талқылау;
- Қазақстан Республикасында мәслихаттардың Конституциялық-құқықтық
мәртебесінің ерекшеліктеріне, олардың проблемалары мен перспективаларына
ғылыми баға беру.
Магистрлік жұмыстың нысаны: Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының ҚР мемлекеттік жергілікті басқару туралы заңы.
Магистрлік жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
Негізгі бөлім
Егер де адамдар арасында тең дәрежелі және еркін қарым-қатынас
қамтамасыз етілсе, меншік түрлеріне және көзқарастарға тиым салынып,
қудалауға ұшырамаса, қоғам мемлекеттік басқару жүйесін толық бақылап,
жауапқа шақырып отырса, ол қоғам мемлекеттің идеалы үлгісі деп танылады.
Қазіргі уақытта саясаттану мұндай қоғамды – азаматтық қоғам деп те атайды.
А. Токвил: Ұлттың қауымдық институттарынсыз еркін үкімет қалыптасуы
мүмкін, ал ондай жағдайда еркіндіктің шынайы рухы болмайды, - деп атап
көрсетсе, француз саясаттанушысы Ги Сорман: Орталықтансыздандыру мен
жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту – ұлттың күшті жағы. Мемлекет күші
мықты болған жағдайда, қоғам керісінше әлсіз, - болады деген ой айтады.
Осындай идеялар жергілікті басқару туралы ұсыныстардың қалыптасуына
арқау болғаны рас. Уақыт өте келе қауым еркіндігінің идеясы жергілікті
басқаруды дамытудың қоғамдық теориясына айнала бастады және бұл теорияның
негізгі белгілері төмендегідей болды:
- жергілікті басқару органдарының іс-әрекеттері мемлекеттік емес және
олардың шаруашылық сипаты басым;
- жүргізілетін мәселелердің нақты тізімінің жоқтығы;
- қоғамдық мүдденің мемлекеттікпен сәйкес келмеуі және т.б.
Бұл теориялардың негізін салушы ресейлік ғалымдар Н.М. Коркунов, П.П.
Гронский, Н.И. Лазаревский, М.Д. Загряцков.
Қазақстан Республикасының Жергілікті өзін-өзі басқару заңында мынадай
анықтама берілген: Жергілікті өзін-өзі басқару деп – Қазақстан
Республикасының Коституциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар
мәселеелрді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда
жүзеге асыратын халық билігін жүзеге асырудың нысаны ұғынылады.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің
әрқилылығы көрініс табады, оның қызметінің экономикалық және қаржылық
негіздерін, әрине, жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға
бекітілген мүлік, сондай-ақ заңға сәйкес коммуналдық меншіктеі өзге де
мүлік құрайды. Алайда, мәслихаттар мен әкімияттарға міндеттер, талаптар мен
шектеулер қойылады, олардың негіздеріне жататындар:
1. Жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа қаржы және
инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына
жол бермеу;
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Респибликасының
мүдделерін сақтау;
3. Қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы
мемлекеттік стандарттарды ұстану;
4. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын
қамтамасыз ету;
Аумақты дамытуға байланысты мәслихаттар мен әкімияттар қабылдайтын
жоспарлар еліміздің стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуі тиіс, әрі
оларға бірыңғай еңбек нарығын, капиталды, қаржыны қалыптаутыруға, тауарлар
мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға
тым салынады.
Жергілікті өкілді органдар халықтық өкілдік бірыңғай жүйелерінің
ажырамас бөлігі бола тұрып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген.
Айталық, жоғарыда сөз етілген Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы заңның 1-бабы 8-ші тармақшасында: жерлігікті
өкілдік орган (мәслихат) – бұл облыстың, қаланың, астананың, ауданның халқы
сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының
заңдарын сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және
жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган, - делінген.
Мұның өзі бұл орган халықтың өкілетті органы екендігін және мемлекеттің
өкілді органдарының жүйесіне кірмегендіктен, одан ақшауланып тұрғандығын
аңғартудың қиындығы жоқ сиқты. Солай бола тұрса да бұл органның жалпы
мемлекеттік мүдделерді ескертетініне күмән келтірмеуіміз қажет. Сондықтан
да жергілікті өкілетті органдардың өзіндік ерекшеліктері бар.
Осыған көңіл аударалық:
1. Мәслихат өзінің қызметтік сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұң-
мұқтажына байланысты көптеген мәселелерді шешуге бел байлайтын
халықтық кең тараған өкілді органы, сондықтан да болар бір табан
болса да халыққа жақын тұрады.
Өйткені тиісті мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: 14 облыстық мәслихаттардың,
Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының әрқайсысында 50-ге дейін, әр
қалалық мәслихатта 30-ға дейін, әр аудандық мәслихатта – 25-ке дейін
белгілейді.
Осының өзінен біз, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінен де
оқшауланғандығын көрсетеді.
Мәслихат өз құзыретін сессияда, тұрақты және өзге де комиссиялар
арқылы, сондай-ақ депутаттардың өз өкілеттігін іске асыруы жолымен жүзеге
асырады. Мәслихат қызметінің, негізгі нысаны сессия болып табылады, ол
сонда өз қарауына жатқызылған мәселелерді шешеді.
Мәслихаттар жұмысының басқа да ұйымдық-құқықтық нысандары арасында
сессия басты орын алады. Мәслихаттар жұмысының осы нысанынан олардың өкілді
мемлекеттік өкімет органдары ретіндегі сапасы толық көрінеді. Мәслихаттар –
ұжымдық басшылық органдары. Сондыктан олар өздерінің қарауына жаткызылған
ең маңызды мәселелерді сессияға үнемі жинала отырып қана қарап, шеше алады.
Мәслихаттардың құзыретін іске асыруда олардың тұрақты комиссиялары
маңызды рөл атқарады.
Тұрақты комиссиялардың ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздері
...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңда баянды етілген,
ал арнаулы Қазақ КСР-індегі жергілікті халық депутаттары Кенестерінің
тұрақты комиссиялары туралы 1991 жылғы 17 маусымдағы Заңда неғұрлым егжей-
тегжейлі баяндалған.
Аталған заңдарға сәйкес мәслихаттар тұрақты комиссияларды мәслихаттың
қарауына жаткызылған мәселелерді алдын-ала қарау мен әзірлеу, оның
шешімдерін, Қазақстан Республикасының заң актілерін іске асыруға
жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде бакылау міндеттерін жүзеге асыру үшін
құрады.
Мәслихаттың түрі мен сан кұрамына қарай олар 5-6-дан (аудандық,
қалалық) 8-12-ге дейін құрылады.
Тұрақты комиссиялар мәслихаттардың үздіксіз және тиімді жұмыс істеуін,
депутаттардың шешімдер әзірлеуге, орындауды ұйымдастыру мен бақылауға
тікелей және кеңінен катысуын қамтамасыз етеді.
Олар мынанадай негізгі міндеттерді:
- дайындаушылық-кеңесшілік;
- бақылаушылық;
- ұйымдастырушылық міндеттерді жүзеге асырады.
Бұл міндеттер барлық буындағы мәслихаттардың тұрақты комиссияларына
тән. Аталған міндеттерді орындау комиссияларға қажетті өкілеттіктер беру
арқылы қамтамасыз етіледі.
Комиссиялардың міндеттерін жүзеге асыруының ерекшеліктері мыналар болып
табылады:
- олар дербес мемлекеттік органдар ретінде әрекет жасамаса да, бұл
жағдайда комиссиялар алдында белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының ерекшеліктері оларды қабылдау тәртібі және мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына жан-жақты талдау жасау
Атқарушы биліктің орталық органдары
ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету
Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Заң шығарушы билік органдары
Парламенттік басқару формасы
Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру қызметі
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі
Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі
Пәндер