Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу



Кіріспе
I Бөлім Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Айналамен танысу сабағында балалардың көрнекілік арқылы тілін дамытудың педагогикалық мәселелері
1.2. 5.6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және психологиялық ерекшеліктері
II Бөлім Балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытудың технологиясы
2.1. Айналамен танысу сабағында ересектер тобындағы балалардың көрнекілік арқылы тілін дамыту мазмұны
2.2. Айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы балалардың тілін дамыту әдістері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Ел Президенті «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағында «...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және оқу-тәрбие саласына байланысты басқа да құжаттарда жоғары оқу орындары жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, денсаулығы мықты, шешен тілді, рухани дүниесі бай және имандылық деңгейі жоғары, инновациялық технологияны жете меңгерген мамандарды даярлау қажеттігі көрсетілген [2].
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.
Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты жаңа мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды (5-6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау - уақыт сұранысына айналды.
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауы, Алматы, Білім, 1998. Б 19-66.
2 Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. // «Егемен Қазақстан», 11.06.1999.
3 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
4 «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Юрист, 2003. - 22 б.
5 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқына жолдауы». //«Түркістан» газеті, 26.01.2010.
6 Әл-Фараби Философиялық трактатттары. – Алматы: Ғылым, 1972- 302 б
7 Б.Садыков. Қазақ жеріндегі философиялық және әлеуметтік саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы. – Шымкент, 1995. – 110б
8 А.Қасабеков, Ж.Алтаев. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – Алматы: Ғылым, 1995. 181 б
9 Я.А.Коменский. Великая дидактика. –М: Начальная школа, 1993 -279с
10 И.Г.Пестолоцци. Избранные пед.сочинения. –М: Педагогика, 1981 -267 с.
11 Ш.Уалиханов. Таңдамалы. –Алматы: Мектеп, 1984 -192б
12 Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар. –Алматы: Ғылым, 1994 -285б
13 А.Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. –Алматы, 1961 -460б
14 К.Д.Ушинский. Руководство для преподования по родному слову. Избранные пед.сочинения. – Учпелгиз, 1945 -405с
15 Н.К.Крупская. Педагогическое сочинение. -М: Учпелгиз, 1957 370с
16 С.Көбеев. Үлгілі бала. –Қазан, 1912 -17б
17 Ш.Құдайбердиев. Шығармалары. (өлеңдер, дастандар, қара сөздер) Алматы: Жазушы, 1988 -560б
18 А.Байтұрсынов. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989 -318б
19 М.Дулатов. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1991 -348б
20 Ж.Аймауытов. Тәрбиеге жетекші. –Орынбор, 1924 -183б
21 М.Жұмабаев. Педагогика. –Алматы: Ана тілі, 1992 -160б
22 Құлжанова Н. Мектептен бұрынғы тәрбие. Орынбор, 1923. 36 б.
23 Н.Н.Кондратьева. Формирование системы знаний о живом организме у детей старшего дошкольного возраста. Автореф. канд. дис. –Л. 1985 -17с
24 Ш.К.Алиева. Ознокомление старших дошкольников с зависомостями существующими в природе как средство умственного воспитания. Дис. канд. –М. 1979
25 Н.Ш.Султанова. Формирование нравственных чувств у учащихся шестилеток на уроках ознокомления с окружающим миром и во внеурочной деятельности. Автореф. канд. дис. – Ташкент, 1995 18с
26 Б.Баймұратова. Біздің кітап 5-7 жасқа дейінгі сәбилер үшін. – Алматы: Мектеп, 1971 – 108б
27 Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Алматы: Мектеп, 1989 – 176б
28 А.Меңжанова. Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу. –Алматы: Рауан, 1991 – 208б
29 Қ.Айтмағамбетова. Бастауыш сыныптарды дүниетануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Док. дис. –Алматы, 1998 -302б
30 Ә.Әмірова. Ересек тобында балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Автореф. канд. дис. – Алматы; 1994 19с
31 Т.А.Левченко. Научно-практические основы использования казахского народного декоративно-прикладного искуства в эстетическом воспитании детей старшего дошкольного возраста. Автореф. канд. дис. – Алматы, 1996
32 Ф.Жұмабекова. баланың көркемдік талғамын сәндік-қолданбалы өнер негізінде қалыптастыру. Автореф. канд. дис. – Алматы, 1998 -17с
33 Л.С.Выготский. Мышление и речь. – М. Просвещение,1969 -589с
34 В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. – Алматы: Мектеп, 1978 -222б
35 А.П.Усова. Обучение в дестком саду. -М. Просвещение, 1981 -175с
36 А.В.Запорожец. Избранные психологические труды. – М:Просвещение, 1986 -270с
37 Н.Н.Поддьяков. Умственное воспитание дошкольника. Москва, 1992.
38 С.А.Веретенникова. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. –Алматы: Мектеп, 1983 -248б
39 Н.Ф.Виноградова. Умственное воспитание детей в процессе ознокомления с природой. -М. Просвещение, 1982 -198с
40 Ш.Ахметов, Қ.Шоразов. Мектеп жасына дейінгілерге арналған оқу кітабы.-Алматы: Мектеп, 1959 -156б
41 Құлжанова Н. Ана мен бала тәрбиесі. Қызылорда, 1927, 116 б.
42 Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан болашағымыз – қоғамның идеялық бірлігінде» Астана, 2000
43 Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)
Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламаcы. Астана 2010. Құрастырушы-авторлар: Н.Л. Татаурова, И.А. Тирская, Т.А. Дрыгина, Г.Г. Корчевская, С.И. Шелипова, С.Г Шақабаева., И.И. Митрофанова
44 Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы – Алматы, 1987ж.
45 Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы. 2002
46 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. -445 б
47 Ғылыми әдістемелік педагогтік журнал «Отбасы және балабақша» №2. 2012 ж.
48 «Ересек топтардың тілін дамыту» Бастауыш мектеп журналы / 2002. №3.
49 Отбасында баланы мектепке дайындау. – Алматы 2000ж.
50 «Ересек топтардың тілін дамыту» Бастауыш мектеп / 2003. №2.
51 «Ересек топтардың тілін дамыту» Бастауыш мектеп / 2005. №4.
52 Өзін - өзі тану журналы / 2004. №5.
53 Ұлағат / 2003. №7.
54 Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігі – Алматы 1995ж.
55 Білім – Алматы / 2006. №2.
56 Т.Қазанғапова «Бала тілін көрнекілік арқылы дамыту» Қазақстан мектеп 5\2008
57 «Мектепалды дайындыққа – 5 жыл: түйінді мәселелер және болашағы» Халықаралық конференциясының ұсынымдары. Бастауыш мектеп, №11. 2004 жыл. 8-10 беттер.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3- 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
I Бөлім Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін
дамытудың теориялық негіздері
Айналамен танысу сабағында балалардың көрнекілік арқылы тілін 6-25
дамытудың педагогикалық
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26-35
5-6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және
психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
II Бөлім Балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы
тілін дамытудың технологиясы
2.1. Айналамен танысу сабағында ересектер тобындағы балалардың
көрнекілік арқылы тілін дамыту 36-40
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы балалардың тілін41-50
дамыту 51-52
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 53 -57
... ... ... ... ... ... . 58-85
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ел Президенті Қазақстан-2030 Жолдауындағы ұзақ
мерзімді басымдықтың бірі Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен
салауаты тармағында ...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау
болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды
салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және оқу-тәрбие
саласына байланысты басқа да құжаттарда жоғары оқу орындары жан-жақты
білімді, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, денсаулығы мықты, шешен тілді,
рухани дүниесі бай және имандылық деңгейі жоғары, инновациялық технологияны
жете меңгерген мамандарды даярлау қажеттігі көрсетілген [2].
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту,
қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар
еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын
ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін
жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген
жөн.
Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр.
Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен
технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны,
әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар
тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін
ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші
орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Тіл дамытуда ойынды көрнекі
құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б.
материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама
толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму
стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып
табылады. Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол –
үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы
мен дамуы болып отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты жаңа
мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық
үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен
қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек
жастағы балаларды (5-6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау -
уақыт сұранысына айналды.
Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын,
ішкі сырын білсем деп ғасырлар бойы армандап келеді. Табиғаттың ғажайып
құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас
жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, зейінін,ойын, тілін дамытуға болады.
Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда
жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді
педагог-ғалымдар. Айналамен таныстыру кезінде оқытудың негізгі мазмұны -
бақылау, қызықтау, саяхат,серуен т.б. түрін басшылыққа алу, түсіндіру,
баяндау, әңгімелеу, сурет-картинканы пайдалану, психологиялық жеке жұмыс
жүргізу,  т.б. әдіс тәсілдерді  пайдалану болып табылады.
Балаларға өскен ортасы, отбасындағы адамдардың қарым- қатынасы,
балабақша, мектеп, ондағы адамдардың мамандықтары, республика рәміздері,
оның авторы, Қазақстан жерін мекендейтін басқа ұлт өкілдерімен таныстыру
ұсынылады. Жылдың төрт мезгілі, оның ерекшелігі, ай, апта, күн аттары,
адамдардың машинист, жүргізуші, ұшқыш, шахтер тәрізді мамандықтары, олардың
жыл мезгілінің барлық уақытында да жұмыс істейтіндігін әңгімелеу. Еңбек
түрлерімен таныстыру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу, балалардың
бойында уақытты бағалау, тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Уақытқа
байланысты Жыл мезгілі, Бізде былай, ал сіздерде ше?- дидактикалық
ойындар баланың қиялын қанаттандырып, ойын дамытады. Мәселен: табиғаттағы
маусымдық өзгерістерге байланысты күз мезгілі, күннің қысқарып, жамбырдың
жиі жаууы, ағаш жапырақтарының сарғайып, құстардың жылы жаққа ұшуы, егін
жинау, қысқа дайындық т.б.
Бала өз еркімен, күш-жігерімен жұмыс істеу арқылы бастаған жұмысын
аяқтап шығуға ұмтылады, үлкендер еңбегін бағалай білуге бейімделеді.
Дидактикалық, сюжетті-рольді, қимылды т.б. ойын түрлерін игеру, балалардың
психологиялық мінез-құлқының сипаттарын айқындап, олардың еліктеу, қиялдау,
ойлау, қабылдау қабілеттерін дамытатын болады.
Бұл біз зерттеп отырған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі, әрі
жұмысымызда қарастырылатын ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу
сабағында көрнекілік арқылы тілін дамыту мәселесін жан-жақты ашу қажеттігін
негіздейді.
Зерттеу мақсаты: Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу
сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан
негіздеп, әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Балалардың көрнекілік арқылы тілін дамытудың педагогикалық мәселелерін
айқындау;
- 5-6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және
психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
- Айналамен танысу сабағында ересектер тобындағы балалардың көрнекілік
арқылы тілін дамыту мазмұнын ашу;
- Айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы балалардың тілін дамыту
әдістерін көрсету.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні. Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу
сабағында көрнекілік арқылы тілін дамыту
Зерттеу көздері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық
әдістемелік еңбектер, ҚР тәлім-тәрбие тұжырымдамасы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін шешу үшін таңдап алынған
зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық,
әдебиеттерге, нормативтік құжаттарға теориялық талдау жасау; педагогикалық
басылымдарды зерделеу; салыстырмалы талдау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден,
екі білімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
қосымшалардан тұрады, зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер кірнекті
бейнеленген. Кіріспеде ғылыми аппарат: зерттеудің көкейкестілігі,
объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, дерек көздері, зерттеудің әдістері
баяндалды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың
теориялық негіздері атты бірінші бөлімде айналамен танысу сабағында
балалардың көрнекілік арқылы тілін дамытудың педагогикалық мәселелері мен 5-
6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және
психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.
Балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін
дамытудың технологиясы атты екінші бөлімде айналамен танысу сабағында
ересектер тобындағы балалардың көрнекілік арқылы тілін дамыту мазмұны және
көрнекілік арқылы балалардың тілін дамыту әдістері қарастырылған.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижелері негізінде дайындалған
тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

I. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КӨРНЕКІЛІК АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Айналамен танысу сабағында балалардың көрнекілік арқылы тілін
дамытудың педагогикалық мәселелері

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында
жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық
игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге
көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және
ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани
мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер
еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті
елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді
қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында [2], Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында
[3], Мәдени мұра бағдарламасында басты назарға алынған [4].
Еліміз тәуелсіздік алғалы жаңа мемлекеттік мәртебемізбен қолға алынып
жатқан реформалардың тарихи төркіні мен келешегін терең зерделеуге ерекше
мән берілуде.
Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту мәселесі тәуелсіз
еліміздегі саяси-әлеуметтік даму талаптарынан туындайтындықтан үздіксіз
тәрбие мен білім берудің жүйесін жетілдіру ісі адамзаттық құндылықтарға
негізделіп, жаңа бағыт алуда.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая
бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-
этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу,
тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу
көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
біздің бүгінгі қоғамымыз арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды,
әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей
халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз
ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін
сақтаймыз және дамыта түсеміз деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан
байқауға болады [5].
Дүниетанымдық білімді балалар дене және ақыл-ой күшінің дамуына, білім
дәрежесіне сәйкес бірте-бірте меңгереді. Олай болса, айналамен танысу
сабағында көрнекілік арқылы тілін дамыту барысында, баланың тіл байлағы
дамып, табиғаттан, қоршаған ортадан, көргенін, естігенін, сезгенін
суреттеп, бейнелеп айту дәрежесіне дейін көтермек. Тіл – ойдың жемісі
екенін ескерсек, бала тілінің жоғары деңгейде жетілуі оның жеке басының
интелектуалдық дамуына, дүниетанымының кеңейуінде табиғаттың алар орны зор.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаның затттары мен
құбылыстарын таныстыру арқылы, олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде
түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері
қаланады. Балалардың мұндай балабақша қабырғасында табиғат жайында алған
қарапайым дүниетанымдық ұғымдары биологиялық пәндер бойынша берілетін білім
жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондай-ақ сәби жасынан бастап табиғат
заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы
мен сабақтастығын қамтамасыз етуде, баланың дүниетанымы кеңейіп,
тереңдетіліп, толықтырылады.
Қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын, табиғат – баланың дүниетанымын
дамыту құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген.
Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты
түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби [6], Қашқари [7], Баласағұнидің [8]
философиялық ой-пікірлері. Шет ел классик ағартушылары – Я.А.Коменский [9],
И.Г.Пестолоццидің [10] еңбектері мен Ш.Уалиханов [11], Ы.Алтынсарин [12],
А.Құнанбаевтардың [13] таным туралы ілімдері.
Табиғатты тірбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский [14], Н.К.Крупскаяның
[15] еңбектерінің орны ерекше.
Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде
қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер
білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер
С.Көбеев [16], Ш.Құдайбердиев [17], А.Байтұрсынов [18], М.Дулатов [19],
Ж.Аймауытов [20], М.Жұмабаев [21], Н.Құлжановалардың [22] еңбегі зор.
Осындай ғұлама ойшылдар, ғалымдар айтқан саналы да салиқалы ой
пікірлер бізге жол сілтейді, бірақ нақтылы мектепке дейінгі кезеңде табиғат
жайында ұғым беру мәселесіне арналған ТМД елдарі ғалымдарының жұмыстарын
атай аламыз Н.Н.Кондратьева [23], Ш.К.Алиева [24], Н.Ш.Султанова [25] және
т.б. Республика көлемінде де мектеп жасына дейінгі баланы дамыту ісіне
байланысты ғылыми мәні зор, Б.Баймұратова [26, 27], А.Меңжанова [28],
Қ.Айтмағамбетова [29], Ә.Әмірова [30], Т.А.Левченко [31],
Ф.Жұмабековалардың [32] зерттеу жұмыстары бар.
Бұл ғылыми еңбектің құндылығы сол өте бай мұражай архивтік
материалдары негізінде жазылғандығы және республикадағы мектепке дейінгі
мекемелердің іс-тәжірибесі жетістіктерін талдап, оқу-тәрбие жұмыстарының
мазмұны, әдістерін жаңартуда басшылыққа алатын оқу-әдістемелік құралдары
міндетін атқаруында.
Мектеп жасына дейінгі педагогика ңылымдарының мәселелерімен
шұғылданған ғалымдар жас сәбиге өзін қоршаған орта, табиғат жайында ұғым
беру ісіне ерекше көңіл бөлген.
Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында, баланың
дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып,
осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел мектеп жасына дейінгі
педагогика тарихына көз жіберетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде өмір
сүрген педагогтар болмасын, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі
болатындығын көрсетіп отыр. Тәлімгерлердің қайсысы болмасын өздеріің оқыту-
тәрбиелеу жүйесі жасау барысында, балаға қарапайым табиғат сырын
ұғындырудың қажеттілігін мойындай отырып, оның мазмұны мен көлемін
анықтауға үлес қосқан.
Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған
кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының еңбегіне жүгінуге тура келеді.
Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл
мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының
бағдарламаларын аударып, сондағы талап тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана
орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып
келді.
Оның бастауы 20-30 жылдармен мектеп жасына дейінгі педагогика
ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е.И.Водовозова (1913), Н.К.Крупская
(1917), Е.И.Тихеева (1928), Л.К.Шлегердің (1930), педагогикалық еңбектері
болған.
Ол кездегі педагогика ғылымының бет бұрысы тәрбиелей отырып оқыту
бағытында болғандықтан, барлық білім балаға табиғат жайында ұғым беру ісіне
негізделген. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру, оның қоршаған
ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық
зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру
ісі өзекті мәселеге айналды.
Л.С.Выготский (1935) балабақша бағдарламасының жаңа талап бойынша
қайта қаралып, құрылуына едәуір үлс қосты. Ғылымның тұжырымы бойынша
бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек, себебі
баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым
ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байланысты
болған жағдайда ғана баланың ақыл ойының дамуы нәтижелі болатындығын
көрсеткен [33].
Сондай-ақ аса көрнекті педагог В.А.Сухомлинский де өз тәжірибесінде
баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында
сәбиді жан-жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе,
Балаға жүрек жылуы атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп
табалдырығын тұңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге
дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білу әлеміне ендіріп,
ашық аспан аясында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады
[34].
В.А.Сухомлинский Біз мұғалімдер табиғаттағы ең нәзік, ең жүңішке, ең
сергек нарсемен – бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп
тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми
клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін, баланы табиғат
әлеміне ендіру қажет - дейді [34].
Сол кездегі жүргізілген ғалымдардың педагогикалық-психологиялық
зертеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын, танымдық
өабілеттерін дамыту үшін, қоршаған орта, табиғат жайында жүйелі ұғым беру
қажеттігін атап өтті.
Ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулер А.В.Запорожец,
Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская, В.И.Логинова, Д.В.Эльконин,
Л.Я.Гальперин, М.А.Леушина, В.В.Давыдов, Н.Н. Поддьяков, Л.А.Венгер,
А.П.Леонтьев.
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл-ой тәрбиесі өте күрделі
және жан-жақты құбылыс. Оның негізі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады.
Себебі бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін,
сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні қоршаған орта, табиғат, оның
заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты
қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан
өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы
дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті балалармен жүргізілетін барлық
педагогикалық процесстер, ақыл-ойын, тілін дамытуда пайдаланылатын ойындар,
жұмбақ-мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар
болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті ұарапайым ғылыми білім
негіздерін неғұрлым тереңірек мекгерте отырып, олардың ой-өрісін, білім
дәрежесінің деңгейін кеңейту, сана – сезім, таным, қабылдау әрекетін
дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену
белсенділігін қалыптастыру қажеттілігін баса айтады ғалымдар.
Дегенмен қазіргі кезде балалардың даму деңгейін, білуге, білімге
ынталы екендігін педагогикалық психология саласындағы зерттеулер дәлелдеп
отыр. Сол себепті балалардың теориялық ойлау операцияларын дамыту, олардың
белгілі бір объектінің ішкі сырын ұғынып, оның себеп – салдарын, заңды
байланыстырып таба білуге, қарапайым логикалық ой – қорытындыларын жасауға
үйрету, баланың психо-физиологиялық мүмкіндіктерін барлық жағынан дамыту,
сезім, таным, ерік әрекеттерін жетілдіру мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне
дайындау, тәрбиелей отырып, қарапайым білім негіздерін меңгерту, дамыта
отыру ісіне баса көңіл бөлген.
Ол үшін бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алуы қажет деген
мәселені А.П.Усова [35], А.В.Запорожец [36], Н.Н.Поддъяковтар [37]
өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.
Сондай-ақ бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі
С.А.Веретенникова [38], Н.Ф.Виноградовалар [39] болды.
А.П.Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі категорияға бөліп
қарады, біріншісі – қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнділікті
ойын, еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы жүргізіледі. Екіншісі – балаға
күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана
беріледі және екеуі де бір-бірімен байланысты жүргізілуі керек.
Умственное воспитание детей в процессе ознакомления с природой атты
еңбегінде Н.Ф.Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте
үлкен берген. Ол мектеп жасына дейінгі баланың ойынының тілінің дамуы
қоршаған ортаны табиғатты қабылдауына, бала тілінің детілгендігі ақыл-ойдың
даму нәтижесінен туындайды және тіл мен ой байланысты. Сондықтан да
балабақшада тіл дамыту ісін табиғатпен таныстырумен байланыстырып бақылау,
серуен, экскурсия кездерінде жүзеге асыруды ұсынды [39].
Н.Н.Поддъяковтың психологиялық зерттеуінде баланың логикалық ойының
дамуы заттар мен табиғи құбылыстарды тікелей ұстау, сезіну, көру әрекетіне
байланысты екендігі көрсетілген [37].
Баланың мектепте жүйелі білім алуға жан-жақты әзір болуы үшін психолог
ғалымдардың пікірінше оның сөздік қоры, сөйлем құру мүмкіндігі, сапалы
ойлау қабілеті дамыған, нақтырақ айтқанда логикалық ойлану дағдысы жетіле
бастаған болу керек. Мұндай қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына мүмкіндік
беретін жағдайдың бірі – балаларға өзін қоршаған орта, табиғи заттар мен
құбылыстар туралы ғылыми ұғым беру деп көрсетті: Н.Н.Поддъяков [37].
Атақты психолог Л.С.Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде де
баланы мектепке даярлау мәселесіне ерекше назар аударған. 5-6 жаста балалар
табиғаттағы заттардың қайдан, қалай пайда болатындығына қызықтай қарап,
олардың өсіп, дамуы жөнінде алған білімдері мен өздігінше бақылағандарын
байланыстыра ой қорытындыларын жасауға тырысады. Себебі бұл шақта баланың
көрнекі-бейнелік ойлау қабілеті жетіліп, логикалық ойдың алғашқы
элементтері қалыптаса бастайды. Бала жеке заттарды және табиғат
құбылыстарын біліп қана қоймай, олардың есептерін түсінуге тырысып,
үлкендерге жиі сұрақтар қояды дейді [33].
Енді республикады мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым
беру мәселесінің жайына тоқталайық.
Жоғарыда көрсетілгендей республика көлемінде, мектеп жасына дейінгі
балаларға табиғат жайында жүйелі ұғым беру мәселесі түбегейлі зерттелмеген.
Дегенмен де, педагогика және психология ғылымдары мәселелерімен шұғылданушы
ғалымдардың қандай да зерттеу жұмыстары болмасын, табиғатқа көңіл аудармай
қойған емес. Бірақ, қазақ балабақшаларына арналған тыңғылықты әдістемелік-
оқу құралдары, бағдарлама болған жоқ, болсада оның өзі санаулы 60-70
жылдардан бастап – ақ қолға алынды. Ш.Ахметов пен Қ.Шоразовтың 1959 жылы
жарық көрген Мектеп жасына дейінгілерге арналған оқу кітабы сол кезде
қазақ балабақшалары үшін тиімді құралдардың бірі болды [40].
Онда мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен
таныстыруда қолданылатын үлгі әңгіме, ертегі, санамақ, ойын негіздері
енгізілген. Кітап, Ыбырай Алдтынсарин, Абай Құнанбаев, Спандияр
Көбеев шығармаларымен таныстыру, Дала аңдары мен жануарлары, Жыл
мезгілдері тағыда басқа, балаларды қоршаған дүниемен, табиғатпен
таныстыруға арналған бөлімдерінен тұрады.
Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселеріне
арналған Б.Баймұратова [27], Ә.Әмірова [30], Т.Левченко [31], т.б. ғылыми-
зерттеу жұмыстары бар. Ғалымдардың бұл жұмыстарынан балалардың дүниетанымын
қалыптастырудың көзі табиғат құбылыстары екендігіне ерекше көңіл
бөлгендігін көреміз.
Б.Баймұратованың 70 жылдары қазақ балабақшаларында жаппай қолданылып
келген қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары Біздің кітап деген
атпен шыққан хрестоматиялық құралы болды, біріншісі 1974 жылы, екіншісі
1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы шықты. Біздің кітапқа енген көркем
шығармалардың көлемі шағынғ тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық, оларды
еңбекке баулу, қоғам табиғат құбылысымен, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесімен таныстыру мақсатында берілген.
Жас бала өмірінің біразы табиғат аясында (серуен, ойын, саяхат, еңбек
кезінде) өтеді. Бала табиғатпен ерксіз тілдесіп, оның таңғажайып сырларын
ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы.
А.Меңжанова мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру ісін
жүйелі ұйымдастыру барысында, баланың дүниетанымын қалыптастыруға болады,
сондықтанда баларды табиғатпен таныстырунегізінде көркем әдеби
шығармаларды кеңірек қолдануды ұсынады. Тек түсіндіріп, көрсетіп қою ғана
емес, олардың әсемдігін образды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқылы да
ұғымын, танымын кеңейту іске асырылады. Көркем әдебиет шығармаларының
барлық жанры түгел дерлік пайдаланылады. Баланың тілін ұстартып, ақыл-
ойын, адамгершілік талғамын дамытуда, әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні
ерекше [28].
Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, баланы балабақшада
тєрбиелеу жөніндегі алғашқы еңбекті жазу Нәзипа Құлжановадан (1887-1939жж.)
бастау алады. Оның тарихи кезеңдегі жазған еңбектері бүгінгі күні де
жарамдылығын жоймаған [41].
Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру,
сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер
арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы
міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде
қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік
жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі
суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге
болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек.
Мысалы: Ұлттық заттар тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету
арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып
отырады.
Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс-
жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек
кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.
Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі –
тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.
Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты Дүкен ойынын
ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын сатуға қойып, ойнау.
Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын сұрайды.
Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау
ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.
Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын
жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды
дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем
әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын
шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні,
тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп
айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму
деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет. Балаларға топтардағы суретті
кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге
оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.
Оларға Бесік жыры, Бауырсақ, Торғай, Мақта қыз бен мысық сияқты
шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей
білуге үйретуге болады.
Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің
дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.
Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-
мағынасын түсіндіріп отырған жөн. Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге
жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін
дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-
кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-
мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі
елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі -
ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады.Әрбір
сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек.
Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар
айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып,
сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету. Көркем шығармалармен
балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру
арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру
керек.
Қорыта айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым әдіс-
тәсілдер ізденуде болу керек.
Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми
заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді
əртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары
сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған
байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру
органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта
таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез жəне берік бейнеленіп қалады. Оқу
тəжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске
асырған. Солардың кейбірін еске салайық:
- сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда,
табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл əрі тез есте қалатынын
ескеріп, оларды оқу процесінде пайдалану.
- есте болсын, сəби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен,
түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген
ұғымдар мен сөздерден құралмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты
бейнелерді арқау етеді.
- оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды
пайдалану, дəлірек айтсақ, көз қабылдауына – көретінді, құлақ
қабылдауына – естілетінді, иіс, дəм қабылдауға тиісті мүшелерді;
- бір көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік – мақсат емес, оқушының
ойын дамыту жəне оны оқыту құралы;
- оқыту жəне тəрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен
дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар жəне
бейнелер негізінде жеткізілсе, тез əрі жеңіл қабылданады; олардың мəнін
ашуға əрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану;
- көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны проблемалық
ситуацияларда өз бетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл
оқушылардың тиімді ізденіс жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға
мүмкіндік береді;
- көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте
анық жəне дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жəрдемін беретінін оқу жəне
тəрбие барысында естен шығармау;
- оқушы бақылауларын жүйелестіріп, себеп- салдарлармен сəйкестендіру;
- көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген
бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын жəне екінші дəрежелілерін
өз алдына, содан соң – қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету.
- əртүрлі көрнекілікті пайдалану, бірақ көрнекі құралдар санын шектен
асырмау, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мəн-
мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
Көрнекі құралдарды пайдаланып балалар өздері сөйлейді, жолдастарының
сөйлегенін естіп қабылдайды. Жазу сабақтарында қолданылатын көрнекілікке
қойылатын талап: оқуы жеке сөзі немесе оның бөлшектерін анық көретін болуға
тиіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай,
естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып
дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет.
Ендеше "көрнекілік" деген ұғым сөздері анық айтуды да, мәнерлеп оқуды
да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі
жазуларды да қамтиды. Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге
көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе
тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады яки асты сызылады. Кейде
тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандарда бөліп көрсетіледі. Мұндай
тәсілдер жазылғанды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді,
сондықтанда өте пайдалы. Бірақ көрнекіліктің мақсаты жазылғандарды басқа
түспен беру немесе астын сызу арқылы ерекшелеу ғана емес.
Балаларға жалпы өмірде, күнделікті тұрмыста кездесетін жайларды дұрыс
танытып, ой-өрісін кеңейтіп, ұйымдастырылған оқу әрекетін сапалы игеруге
және түсінгенін айтып беруге үйретуде ұйымдастырылған оқу әрекетінің
тақырыбына лайықты қолданылатын көрнекі құралдардың, дидактикалық
материалдардың маңызы зор.
Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар алдымен сөз, содан кейін
сөйлем ойланып, ойын жүйелі, тұтас айта білуге төселеді. Әр балаға жеке-
жеке үлестіріліп берілетін таратпа қағаздар сөздік жұмысын игертуге, сөйлем
ойлатуға мақсатталған. Көрнекіліктің бұл түрімен жұмыс барысында баланың
тақырыпты қалай меңгергендігін есепке алуға болады. Ұйымдастырылған оқу
әрекеті кезіндегі сергітуге арналған ойындардың кейіпкерлері Дым білмес,
Бауырсақ, Қызыл телпек, тағы басқалары балалардың оқу еңбектерін
жеңілдетіп, күшін жинауға, әрі қарай ой еңбегін жалғастыруға көмектеседі.
Сонымен ұйымдастырылған оқу әрекетінде тақырыпқа байланыстыра пайдаланылған
көрнекіліктен ұтарымыз көп. Балабақшада тіл дамыту деген – балалардың сөз
байлығын молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тіл дамыту жұмысының нәтижесінде
балалардың сөз байлығы молайып, олар тілдің фонетикалық жүйесін меңгереді.
Балалар балабақшадан-ақ сөйлеу мәдениетін игере бастайды. Сөздерді дұрыс
айту, сауатты жаза білу – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Өйткені
шын мәнісінде, сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді.
Балаларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу
дағдысын қалыптастыру – әр тәрбиешінің парызы. Сөздік жұмысы да,
көрнекіліктермен орындалатын тапсырмалар да балаларды байланыстырып
сөйлеуге даярлайды.
Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы
жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Ұйымдастырылған оқу әрекет үстінде
балалардың тілін ұстартуда ұйымдастырылған оқу әрекетті құрғақ сөзбен
түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Кейде
оқулықтың өзіндегі материалды үлкейтіп пайдалануға да болады.
Көрнекі құралдармен өткен ұйымдастырлған оқу әрекетінің тиімділігі 1
суретте берілген.
1 сурет

Мәтінмен байланысты жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарында қолданылатын
көрнекі құралдар:
1. Мәтіннің тақырыбына байланысты түрлі суреттер;
2. Мәтінге байланысты сөздік-плакат.
Көрнекі құралдың бәрін бір ұйымдастырылған оқу әрекетінде үйіп-төгіп
қолдану керек деген ұғым тұрмауы тиіс. Тәрбиеші оларды ұйымдастырылған оқу
әрекетің тақырыбына, бөлменің дайындығына, уақыттың материалды көрнекі
құралға айналдыруға болмайды.
Мәтінге байланысты сөздерді, сөйлемдерді оқулықтан, ал түрлі суреттер
және мысалдарды қосымша материал ретінде басқа еңбектерден алынған жөн.
Сурет бойынша мазмұндама да, сайып келгенде мәтін де дайындалады. Бірақ
мұнда мәтінге қосымша сурет болады. Сурет бойынша мәтін құрастыру
балалардың ойын, тілін дамытумен бірге, оқушыларды суреттің мазмұнын
түсінуге үйретеді. Сурет бойынша әңгіменің де өз ішінде бірнеше түрлі
болады:
а) Дайын сурет бойынша мазмұндау.
Мұнда алдымен дайын сурет беріледі де, сол суреттің мазмұны бойынша
мәтін құрастырылады. Дайын сурет бойынша мазмұндаманы да түрлендіріп
жүргізу керек. Мазмұндаманың бұл түрі балабақшаларда бір сюжетті
бейнелейтін бір сурет арқылы да, бірнеше сурет арқылы да жүргізіледі.
ә) Мәтіннің жүйесін сурет бойынша реттеу.
Балабақшаларда сурет бойынша жүргізілетін әңгіменің мынандай түрлерін
де қолдануға болады:
1) орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету;
2) орны ауыстырылып берілген суреттерді де, мәтінді де оқиғаның болу ретіне
қарай түзету. Мұндай жұмыс үшін бір сюжетке салынған бірнеше сурет алынады.

Сөздік жұмысы да, көрнекілікпен жұмыстары да балаларды байланыстырып
сөйлеуге даярлайды. Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жүйесі бойынша
тапсырмаларға бөліп беру ұтымды.
Баланың тілін шығаруда оның ересектермен, өз ортасымен, заттармен,
ойыншықтармен қарым-қатнасы негізінде бала пайымдауынан тілдік елементтер,
яғни, сөз- сөйлемдер бала тілінде пайда болатынын эксперимент нәтижесінен
көреміз. Осы пайымдау құбылысы бірнеше кезеңдерден өтіп қана бала тілінде
сөз-сөйлем, кейінірек сол сөз-сөйлемнің негізінде өз мағынасымен бала
тілінде сөз шықса оны бала пайымдауының бірнеше кезеңдерінен өтіп шыққан
бала пайымдауының нәтижесі деп түсінуге болады. Бала тілінің бірте-бірте
шыға бастауы оның әрі қарай тілінің белгілі бір шығуы кезінде жалпы тілдің
даму жүйесі қалыптаса бастайды. Осы тілдің даму жүйелігіне түсуі тілдік
элементтердің бала тілінде пайда болуы, олардың қолданылуына, баланың
заттармен, ойыншықтармен, ересек адамдармен қатысына, соның негізінде болып
жататын сөйлеу және тілдік элементтердің генерализация працесіне тәуелді
екендігін, оның имтация процесіне қатысы жоқ екендігін, бала тілі
ересектердің айтқан сөзін қайталау арқылы дамымайтындығын айқындайды. Бала
тілді ересектермен қарым-қатнаста, өз анасының, әкесінің және басқа балаға
жақын адамдардың дұрыс сөйлеуін ести жүре, құлағы сол сөйлеуге үйрене жүре,
өз әрекетіне қажетті сөзді, сөйлемді қолдана бастайды. Мәселе, топтағы
балаларға бір сөзді сөйлемді айтып қайтала дегенде еш қайсы қайтала
алмайды. Егер, тіпті қайталаған күнде де, бал бір рет қана қайталауы
мүмкін, бірақ ол сөзді сөйлемді өз сөйлеуінде қолдана алмайды және есінде
де қалмайды, себебі ол сөзді сөйлем оның өз ортасымен, ересектермен қарым –
қатнасқа түскенінен, оның танымдық деңгейінің дамуына әсері болмағанын
білеміз. Бала тілінің дамуында қәжеттіліктің айқындауы мәселесі туындайды.
Осыдан келіп осы бойынша бірнеше мысалдарды осы сауалдарға жауап ретінде
беруге болады.
Тіл – қоғамдағы адамдардың бір – бірімен пікір алысып, қарым –
қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың,
әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені
мәлім.
Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Ж.Аймауытов ...ана тілі халық
болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін,
мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, А.Байтұрсынов: ...өзіміздің елімізді
сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек... Өз алдына ел болмаққа,
өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға
тиістіміз дейді.
Сүйемін туған тілді, ана тілім
Бесікте жатқанда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің,-
деп С.Торайғыров айтқандай бесік жырымен басталатын әуезді нан тілі – ана
әлдилеуімен нәрестенің рухани жан дүниесін байытып, сырлы сөз маржанына
құлағын үйретіп, құймақұлақ тыңдармандыққа баулитынын ешбір дәлелдеуді
қажет етпесе керек. Ананың алғашқы әлдиімен емірене естіртетін мейірбан
сүйіспеншілігі сәбидің ойына сәуле түсіп сезімін оятады. Ана мен бала
арасында ыстық ықылас қалыптасып, олсәбиімен тілдесу арқылы өрістей береді.
Алайда, ана сүтімен келетін тілдік қуаныш баланың ата – анасы халық тілінің
қыры мен сырына, оның тарихи бай мұрасына қанық болсы ғана табысты болмақ.
Баланы осылайша сөз өнеріне сөйлесе білуге үйрету – күнделікті үй -
ішілік тәлім – тірбие арқыла іске асырылады. Сондықтанда отбасында әрбір
ата – ана баланың ақыл – ойын, ауызша сөйлеуі тілін дамытуға мүмкіндігінше
көңіл бөлуге тиісті.
Ертеде білім беретін мектеп тіпті аз, ал мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелейтін бақшалар болмады. Өмірінің қызығы да, бақыты бала деп қараған
ата – аналар қауымы сол кезде балаларын тәрбиелеуге шама – шарқынша көңіл
бөлгені мәлім. Бұл жөнінде заманымыздың кемеңгер ойшылы, жызушы академик
М.Әуезов Абайдың тіл байлығы жөнінде: Ең алғашқы өлең жайын баяндаған
жырында Абай Шортанбайды, Бұқар жырауды ауызға алса, солардың өзін бала
күнінен естіп, танып, жаттап өскенін сезуге болады. Әрине осындай, ақындық
мұралармен қатар, мақал, аңыз, дастан, айтыс сияқты сан қазынаны әжеден,
анадан, қонақ – жолаушылардан көп естіді...
Абай тілінің аса бір мол, бай тіл екенін тану қиын емес, сол байлық
Абайда бала, жігіт күнінен құралып өсіп келген байлық деген болатын.
Ұлы ағартушы педагог Ы.Алтынсарин: Баланы ауыз екі сөйленетін
практикалық сөзге үйретпейінше, қай – қай тілде болса да, еркін де жүйелі
сөйлеу мүмкін емес,- дейді.
Ана тілін үйретудің тәрбиелік, білімдік жағын қадір тұтып, зор
ілтипатпен бағалайтын академик – жазушы С.Мұханов:
Бар асылын халықтың
Құйған сана ойыңа.
Туған тілім өркенде,
Бола бер күшті, көркем де!
деп жырласа, ақын Қ.Мырзалиев:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,-
дейді. Ана тілінің қоғамдық, әлеуметтік, тәрбиелік мәнін ақын –
жазушыларымыз осындай асқан шабытпен толғана жырлайды.
Баланың мектепке дейінгі кезі – оның жеке қасиеттерінің қалыптасып,
дамитын кезеңі, сондықтанда бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата –
аналарда ерте бастан көңіл бөлгені жөн. Баланың жағымды мінез – құлық
әрекеттері 3-4 жасқа дейін – ақ қалыптасып, тұрақтала бастайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу,
қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыстар мен ересектердің іс
- әрекеті беріп отырулары қажет.
Жалпы сезім мүшелерінің, ақыл – ойдың, сөздің дамуы бір – бірімен
тығыз байланысты екендігін психологтар әлде қашан ділелдеген.
Балаланың сөз қорының молайып жетілуі, оның физиологиялық дамуында
(есту, сөйлеу мүшелерінің) байланысты психологиялық процестеріде (ой
қызметі, сезім, қабылдау, зейін, еліктеу т.б.) жақтарының дамуына әсер
етеді.
1,5-2 жастағы бала таныс адамдармен тіл арқылы қарым – қатынас
жасайды. Естіген – білген сөзді сол күйінде қайталап айтуға талаптанады. Өз
ойын сөзбен білдірудің алғашқы қадамы басталады. Өйткені, күнделікті ойын,
тамақтану, киіну – шешіну, қимыл - әрекеттері кезінде ол да қажетті
жайттарды сөзбен ұғындыруға мәжбүр болады.
Баланың тілін дамыту әдістері: баламен әңгімелесу; күнделікті
өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін
немесе суретін көрсетіп сөйлесуі; көрген білгені туралы әңгімелеп беруге
үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; әңгімелесуден соң балаға соло
оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату; түсінгені бойынша
оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.
Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл
арқылы іске асырылады; 1 затты бақылатып көрсету; 2 балалардың түсінігін
байқау, сұрақ қойып жауап алу; 3 сол бақылаған оқиғалар туралы дербес
жаттығулар орындатып, көрген – білгенін тереңдете тиянақтап отыру.
Осы жастағы балалардың байқалатын ерекшелік – оның сөйлеу тілінің,
заттану процесінің баяу дамитындығы. Әдетте 20 – 30 заттың түр – түсін
танитын бала сол заттың он – он бесін ғана сөзбен айтады. Көпшілік затты
ыммен, түрлі қимыл арқылы көрсетеді.
Кейде бала белгілі заттың атына байланысты сөздің жеке буынын
айтады немесе жақын мағнадағы сөзбен еліктеу дыбыстарымен білдіреді.
Мысалы: Ақмаралға (2 жас 9 ай) бірнеше ойыншық және сурет беріп ойната
отырып, сөйлескенде; Міне төмпик - конфет, мынау тын -шыны, Ол мәу -
мысық, Ол қон, әне дө - ө -ө - дет деген сөздермен жауап береді.
Балаланың бұл ерекшелігі оның сөйлеу, таныған заттың атына
байланысты сөздік ұғымды толық түсініп айтуға төселмегендігінен деуге
болады.
Әйгілі психологтар, әдіскер ғалымдар 3 – 4 жастағы балалардың
сөздігі 1000 – 1200, ал 6 – 7 жастағы балаларда 3000 – 4000 нан астам
сөздік қоры болады дегенді айтады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қорының жетілуіне байланысты бұл жастағы
балалар айналасындағы адамдармен тікелей қарым – қатынасқа түседі.
Бала табиғатына тән осы ерекшеліктер туралы ұлы ақын Абай былай
дейді; Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем,
жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары... Біреуі білсем екен
деп, не көрсе соған талпынып, жалт – жұлт еткен болса, оған қызығып,
аузына салып дәмін татып көріп, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай –
керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де мал
шуласа да тұра жүгіріп, біреу күлсе де, біреу жыласа да тура жүгіріп,
біреу күлсе де, біреу жыласа да тура жүгіріп, ол немене?, бұл немене?
деп, ол неге үйретеді?, бұл неге бүйтеді? деп көзі көрген, құлағы
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем
екен, көрсем екен, үйренсем екен дегендік
Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу,
қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыс пен ересектердің іс -
әрекеті балалардың бақылауынан мүлт кетпейді.
Баланы ауызша сөйлеуге үйрету түрлері 2 суретте берілген

2 сурет

Көп балалы отбасында мектеп жасына толмаған балалар ересек
балалардың оқып бергенін тыңдау, ойнау, серуендеу кезінде сөзге белсенді
араласатын болшады. Мұндайда оның сөздік қоры дамып, дұрыс сөйлеу
дағдыларына үйренеді. Тіпті өз бетімен оқуға да жаттығып кетеді. Мысалы:
Н. деген кісінің 6 баласы бар. Әке – шешесі жұмысшы. Осы отбасындағы 5
бала Әлия 6 жаста. Әріп танитыны, өздігінен оқи білетіні де байқалады. Бұл
мектепте оқитын балалардың әсері екенін аңғару қиын емес.
Баланың ой - өрісінің дамуы, көңілді, сергек болуы оның денінің
саулығына да байланысты.
Ақмарал деген бала 5 жаста. Әкесі – оқытушы,шешесі-орта білімді
дадм.Отбасында үш бала бар.Оларда кітап, ойыншық деген жеткілікті. Соған
қарамай Ақмарал оқшауланып, жеке ойнауға тырысады. Баланы жекелей бақылап,
үй ішіндегі заттар туралы сұрап, әңгімелескенде ұялшақтығы, сөйлеу тілі
жақсы дамымағаны, берілген сұраққа бір сөзбен ғана жауап беретіндігі
анықталады. Екінші бір үйде – 5 бала бар . Үшеуі мектепте оқиды. Ең
кішісіне 3 жас 6 ай. Үлкені біздің сұрағымызға бір сөзбен ғана жауап
береді. Айналадағы заттардың атын, тіпті күнде пайдаланып жүрген жеміс,
көкініс, тағам аттарын да айта алады. Бәріне де жейтін нәрсе деген жауап
алдық. Оқылған әңгіменің мазмұнын айтып бере алады. Керісінше, одан кіші
Әсем ширақ, үй ішіндегі заттардың атын айта біледі.
6 жастағы балалардың көпшілігі сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс айта
алмайтын жағдай да жиі кездеседі. Түрліше жүргізілген зерттеулер кезінде
отбасынан алынған 40 баладан 25 бала с,ш, з, и, ф, б, в дыбыстарын
ауыстырып айтатыны не сөз ішінде мүлдем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сезімдік қабылдауы
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюге және қорғауға үйрету
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Сөйлеу дағдысын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру
Пәндер