Жергілікті бюджеттер
Кіріспе
I.Қазақстан Республикасының жергілікті қаржысының теориялық негіздері
1.1 Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
1.2 Жергілікті бюджеттердің құрылымы
1.3 Шет елдердегі жергілікті бюджеттің ерекшеліктері
II.Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетін талдау
2.1 Қазақстан Республикасының жалпы жергілікті бюджеттерді талдау
2.2 Астана қаласының жергілікті бюджетін талдау
III.Қазақстан Республикасынң жергілікті бюджеттердің аймақтарды дамытудағы рөлі
3.1 Қазақстан Республикасының жергілікті өзін.өзі басқаруы
3.2Қазақстан Республикасының жергілікті қаржының мәселелері және оны шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін , объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да , мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы- нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің , оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың , Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Еліміздің өз егемендігін алғаннан бері нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келеді. Бірақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзін-өзі басқаруы мүмкін емес. Оған белгілі бір дәрежеде мемлекет өзінің саясаттары арқылы әсер етіп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттің ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттік) саясат жатады.
Жергілікті қаржы- мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен , сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құррылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Бұл курстық жұмыста жергілкті қаржының басты буындарының бірі –жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады , ал басқа буындары –жергілікті шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржылары, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде тиісті тарауларда қаралған.

1. Қ.Қ Іллиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» Алматы-2005
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан республикасы Үкіметінің актілер жинағы. 2005 \49
3. «Қазақстан және оның аймақтары»журнал 2004
4. «Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы» журнал 2006 жыл
5. «Қаржы қаражат» 1997
6. «Астана хабары» 2006 \135
7. Жергілікті бюджет және бүгінгі көз қарас «Ақиқат»
8. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы . Статистикалық бюлитен 2005\12
9. Бюджет шығындарын қаржыландырудың кейбір мәселелері «Қаз ЭУ хабаршысы» 2005\4

Мазмұны
Кіріспе
I.Қазақстан Республикасының жергілікті қаржысының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...3
1.1 Жергілікті қаржының мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2 Жергілікті бюджеттердің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Шет елдердегі жергілікті бюджеттің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... 8
II.Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетін талдау ... ... ... ... ... .13
2.1 Қазақстан Республикасының жалпы жергілікті бюджеттерді талдау ... ..13
2.2 Астана қаласының жергілікті бюджетін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... 20
III.Қазақстан Республикасынң жергілікті бюджеттердің аймақтарды дамытудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.1 Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруы ... ... ... ... 25
3.2Қазақстан Республикасының жергілікті қаржының мәселелері және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін , объективті сипаты мен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы
ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық
қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да , мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы- нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың
құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің ,
оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың , Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық
және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Еліміздің өз егемендігін алғаннан бері нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келеді. Бірақ экономикада қанша нарықтық қатынастар
орнағанымен, оның өзін-өзі басқаруы мүмкін емес. Оған белгілі бір дәрежеде
мемлекет өзінің саясаттары арқылы әсер етіп отыруы керек. Мұндай
саясаттарға мемлекеттің ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттік) саясат
жатады.
Жергілікті қаржы- мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен , сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құррылысымен және оның саяси
экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Бұл курстық жұмыста жергілкті қаржының басты буындарының бірі
–жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады , ал басқа буындары
–жергілікті шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржылары, сондай-ақ
бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші
субъектілері мен мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері
мен қасиеттері бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде тиісті
тарауларда қаралған.
Бірінші тарауда жергілікті қаржының мәні , маңызы , құрылымы ерекшелігі
қарастырылған . Екінші тарауда жалпы жергілікті бюджетті талдау туралы . Ал
үшінші тарауда жергілікті қаржының міселелері және оны шешу жолдары
қарастырылған .
I.Қазақстан Республикасының жергілікті қаржысының теориялық негіздері
1.1Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Жергілікті қаржы- ақша нысаныныдағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін
жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау,
бөлу ,пайдалану процесіндегі қажы қатынастарының жүйесі . Жергілікті қаржы
мемлекетің қаржы жүйесіндеггі маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол
жергілікті бюджеттерді , арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың
жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысын кіріктіреді.
Жергілікті қаржы отандық экономиа үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл
жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне
егізілген 1938 жылдан бастап , жергілікті қаржы дербес категория ретінде
өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
Бүгінде, жұртқа мәлім, қоғамда экономикалық қатынастарды
орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономиалық саясатын жүзеге асыруда
аймақтардың дербестігі мен рөлін артырып отыр.
Нарықтық қатынастардың қалыптауы жағдайында жергілікті органдар
қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік , экономиалық , экологиялық
, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәір дербестікке ие бола
бастады.
Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік
бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелінген .
Халыққа қызметкөрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті
қаржы ресустары есебінен жүзеге асырылады . Әлеуметтік –тұрмыстық
инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан
қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бқл , тиесінше жергілікті қаржының
рөлі мен маңызын арттырып отыр . Оның қызметінің тиімділігі бірқатар
жағдайларға –жергілкті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін анық етіп
шешіп алуға , елдің бюджет құрылысының жалпымемлекеттік құрылысқа нақты
сәйкестігіне байланысты болып келеді.
Жергілікті қаржының әлеуметтік – экономикалық мәні жалпымемлекеттік
қаржыға ұқсас.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндкй билік пен
басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен ,
слндай-ақ мемлекеттің әкімшілік –аумақтық құрылысымен және оның саяси-
экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден , елдің жалпы
экономикалық жағдайына , екіншіден , тиімті аумақтардың экономикалық
әлуетіне , үшіншіден , билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы
мен міндеттерінің белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік
заңдардың деңгейіне ,төртіншіден , биліктің жергілікті органдары құзырының
дәрежесіне байланысты болады.
Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы
ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану процесінде едәуір рөл атқарады. Оның
үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс
елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа
ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып
отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп
, олардың жауапкершілігі арта түсуде . Білім беру мен денсаулық сақтау
саласындағы бағдарламаларға , қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және
атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды
қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр
. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және
әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар
өзінің көрінісін тапқан.
Бюджеттік бөлініс салықтар мен алымдардың әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге
түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтқанда корпорациялық табыс
салығы түгелдей ресбубликалық бюджетке , ал акциздер, жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық жергілікті бюджетке қалдырылады.
Бұл әкімдердің жергілікті қазынаны толтыруға , әлеуметтік мәселелерді
шешуге деген ынтасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем, табиғатты қорғау туралы заңдарды
бұзғаны үшін алынатын айыппұлдар республикалық және жергілікті бюджеттер
арасында тепе-тең бөлінетін болды.
Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономиалық реформаларды жүргізу
кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің құзыры мен дербестігін
арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эвллюция ең алдымен республикалық
билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге қтуі
тиістілігінде көрінеді. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық
субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз
аймағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени
мұқтаждықтары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіру тиіс.
1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджеттер болған еді; 1994
жылдың басынан жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты 2500
жергілікті бюджеттер – селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды .
Осының нәтижесінде бюджетжүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырцдың
дәрежесі едәуір бәсеңсіді.
Аймақтардың шаруашылық қызметінің ұлғаюя республикалық және жергілікті
бюджеттердің өзара қатынастарының проблемасына , жергілікті бюджеттердің
мемлекеттік қаржыландырудағы және оны жүзеге асыру нысандарындағы
қажеттіліктерін дұрыс ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап етеді.
Осыған байланысты түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы бюджеттік
құқықтарды айқын шектеу және орталық пен аймақтардың бюджеттік мүдделерін
теңестіру туралы мәселе айрықша мәнділікке ие болып отыр.
Қазақстан Республиксындағы бюджеттер арасындағы жүйесі қалыптасу мен даму
стадиясында тұр, оның оңтайлы механизмі іздестірілуде .
Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік басқару мен
бекітіліп берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет
дербестігі арасында шығыстар бойынша жауаптылықты неғұрлым байыпты бөлуді
қажет етеді.
1.2 Жергілікті бюджеттердің құрылымы
Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы
қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл
беріледі.
Жергілікті бюджет(әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –облыстық
бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың
(облыстық маңызы бар қаланың )бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылған және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың , республикалық маңызы бар қаланың , астананың , оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте
мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры
облыс бюджеті болып табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті
мемлекеттік органдарының , оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
тиісті аудандағы ( облыстық маңызы бар қаладағы ) мемлекеттік саясатты іске
асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар
қала )бюджеті болып табылады.
Жергілікті бюджет-бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге
мүмкіндік жасайтын және билік басқарудың жергілікті органдарының қаржы
базасны жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа
қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы
, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және
өндірістік емес салаларының кәсіпорындары , ұйымдары мен мекекелері
арасындағы ,бюджет жүйесінің буындарй арасындағы , мемлекетпен халық
арасындағы қоғамдақ өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында
көрінеді:
-билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
-бұл қорларды жергілікті деңнейлегі инфрақұрылым салалары мен халықтың
арасында қайта бөлу.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан
қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып , олардың экономикалық
дербестігін нығайтады , шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға
қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтық экономиалық
әлеуетін кеңейтуге , қаржы ресурстарының резерфтерін ашып пайдалануға
мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейде экономикалық және
әлеуметтік мәндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың
қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы
мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға
жұмсалады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
1.3 Шет елдердегі жергілікті қаржының ерекшеліктері
Әлемдегі өркениетті елдердің бюджет жүйесі бұрынғы Кеңес Одағындағы
тәжірибеден өзгеше.
Оларды бюджет жүйесіне орталық әкімшілік , аймақтар, жергілікті билік
орныдарының және әлуеметтік қамтамасыз ету бюджеттрі кіреді . Бюджет
жүйесінің барлық буындары бір-бірінен және орталық әкімшілік(үкімет)
бюджетінен бөлек .
Олардың араларындағы тура иә болмаса кері байланыстар бір бюджеттен
екінші бюджетке аударма (трансферт) арқылы жүргізіледі.
Әр деңгейдегі бюджеттің міндеттері анық белгіленген . Орталық әкімшілік
бюджеті бүкіл мемлекеттік шығындар мен бағдармаларды (қорғаныс , басқару ,
аппрат , күрделі ғылыми зерттеулер , т.б. ) қаржыландырады . Жергілікті
бюджеттер ең алдымен әлеуметтік –экономикалық , тұрғын үй(коммунальды)
шаруашылығы, жергілкті көлік, сол сияқты басқа да ақсаттрады қаржыландыру
үшін жауапты . Әлеуметтік қамту қорлары бюджетінен халыққа зейнет және
басқа жәрдем беріледі.
Әр елдерде олардың мемлекеттік құрылымы , көлемі, әкімшілік –аумақтық
бөлімі, саяси, тарихи, ұлттық мәдени, дәстүрлері мен ерекшеліктеріне
байланысты мемлекеттік басқару және бюджет жүйесі буындары арасындағы
өкілеттік бөлу қағидалары бірінен-бірі өзгеше болуы мүмкін. Тіпті әр
деңгейдегі бюджеттер арасындағы міндеттердің бөлінуі мемлекеттік биліктің
орталықтандыру немесе орталықтандырмау деңгейіне байланысты деуге
болады.Керісінше , елдің бюджет орталықтандырылған немесе
орталықдырылмағанның көрсеткіші ретінде елдің жалпы жинақ бюджетіндегі
орталық үкімет бюджетінің , сонымен қатар жергілікті билік органдары
бюджетіндегі үкімет бюджетінің трансферт үлестері саналады. Бірқатар
мемлекеттерде орталық үкімет бюджетінің үлесі 30-35! шамасында, басқа
сөзбен айтсақ , мемлекеттің қаржы қорының үштен бірі орталықтың қолында
болса, ал көпшілігінде орталық бюджеттің үлесі молырақ жинақ бюджеттің
үлесі молырақ жинақ бюджеттің 50-60!-не дейін жетеді. Әртүрлі елдерде
орталық бюджеттің үлесі мұндай бірінен бірі алшақ болуы әртүрлі
себептерге , соның ішінде мемлекеттік құрылымның формасына да байланысты
болып келеді .
Жергілікті бюджеттердің күнделікті кірістерінің ішіндегі трансферт
үлесіне қарай олардың орталық әкімшілікке қалай тәуелді екенін байқауға
болады. Орталық бюджеттен жергілікті бюджеттерге аударылған трансферттердің
көлемі неғұрлым азырақ болса, жергілікті бюджеттердің қаржылық автономиясы
соғұрлым күштірек болғаны. Мысалы Исландияда , АҚШ , Люксембург , Испания
, Австрия , Швеция және тағы басқа кейбір елдерде жергілікті бюджеттер
автономиясы өте күшті, оның деңгейі 99-70! арасында . Өзін-өзі басқару
органдарының жергілікті бюджеттерінң мұндай өте жоғары деңгейлі
дербестілігі сол органдардың өзіндік табыстарына байланысты . Ол
табыстардың негізі – жергілікті салықтар және бүкіл мемлекеттік салықтарға
қосылған қосымшалар . Ал орталық бюджеттен жергілікті бюджетке келетін
трнасферттерге келсек, олар көбінесе нақтылы мақсаттарға байланысты және
оларды үкімет қатал бақылап отырады .
Жергілікті бюджеттерге орталық бюджеттен трнасферттік қаржылындырудың
үлесі көп елдерде бюдже табыстары орталық әкімшіліктің бюджетіне тура
түсетін барлық негізгі салықтардан құрылады, ал орталық әкімшілік бүкіл
халық табысын аймақтарға қайтадан өзі бөліп отырады . Мұндай бюджет жүйесі
аймақтардың қаржылық дербестігін төмендетеді, сондықтан жергілікті өзін
-өзі басқарудың экономикалық мүмкіндіктері шамалы , орталық билікке тәуелді
. Сонымен қатар іс жүзінде ондай бюджет жүйесі жергілікті биліктердің
өзінің аумағын дамытып , бюджетті толтыру үшін жаңа мүмкіндіктер табуға
даген ынталылығын төмендетеді, айақтарда масылдық пиғыл қалыптастырып , бай
аймақтарды ңқаржы қорларын кедей аймақтарға бөліп беруін әділеттсіз анап,
ішке реніш туғызыды.Өте күшті орталықтандырылған бюджет жүйесінің тек
әлеуметтік- экономикалық қана емес, саяси да ұтылыстары болатыны белгілі .
Мұндай жағдай халықтар арасында орны алған сепараттық көңіл-күйге
экономикалық тұрғыдан дем береді.
Осы арада Орталықтандырылған бюджет жүйесін айақтардың өзіндік
басқаруының экономикалық негізі , олардың өзін-зі қаржыландыру негізі
болатын орталықтандырылмағае бюджет саясатына қалай көшуге болады? -деген
сұрақ туындайды.
50-60-шы жылдары АҚШ-тың эконометрия бағдарына бейімделген ғалым-
экономистері Ш.Тьебу, В. Баумоль, К.Белл, ал 70-80-ші жылдары Д. Фридмен ,
Дж.О Коннор, Дж. Хобермас, Х.Либенетайн, т.б. орталықтандырылмаған бюджет
теориясының принциптерні негіздеуге үлкен үлес қосты. Бұл теорияның мәні-
әлеуметтік шығындарды қардыландыру міндеттерін орталық және жергілікті
бюджеттер арасында бөліп, соңғылардың есебіне жатқызу. Бқл үшін жергілікті
биліктерге жергілкті салықтардың және олрадың мөлшерін көбейту арқылы
жергілкті бюджеттер табыстарының қосымша жолдарын өздері белгілеуге
өкілеттік беріледі. Жергілкті салықтардан құрылған бюджет табыстары
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігі саналып, оны жұмсау да өз
биліктеріне болады. 70-80 –ші жылдарда үкімет жаңа федерализм саясатын
қолданғанының нәтижесінде АҚШ-та қазір жергілікті билік органдарын өте
тиімді қаржылау жүйесі қалыптасты: жергілікті бюджеттердің 90% –ы өзіндік
табыстардан құралады. Оның ішінде 90%-ы –жергілікті салықтар.
Салық-федерализм теориясын қолданып, қлттық табысты орталық бюджет арқылы
бөлудің деңгейін төмендеткен елдің бірі –Италия. 70-ші жылдары бқл елде де
бюджет жүйесі біздің еліміз сияқты өте орталықтандырылған еді: орталық
бюджеттің үлесә 70 % шамасына жеткен, ал жергілікті бюджеттердің өзіндік
табыстары 20% –дан аспайтын, оның ішінде жегілікті бюджеттің үлесі 11%
-ана болатын . Сол жылдары Италияда жергілікті салықтардың 97% жойылып ,
олардың орнына үкімет қазынасына түсетін жалпы мемлекеттік табыс салығы
бекітілген . Осының нәтижесінде жергілікті билік органдары үлкен қаржы
дағдарысына ұшырады. Себебі жауапкерілігі жоқ коммуналдар тиісті саясат
жүргізді . Бұл жағдайдың сазайын тартқан орталық үкімет болды. 80-ші
жылдары жаңадан келген үкімет жергілікті билік органдарынң салық
автономиясын қалпына келтірді . Қазір орталық облыстық , жергілікті билік
органдарының міндеттерні , өкілеттігі мен жауапкершілігі анық –айқын
белгілеп, жергілікті бюджеттер автономиясын кеңейткенің нәтижесінде тек
олардың ғана емес, орталық үкіметтің де бюджет тапшылығы елеулі түрде
қысқарады. Коммуналдар дың дербестігі іс жүзінде кеңіген соң халықты сапалы
тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету жұмысы да жақсарған .
Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылықты дамытудағы ,
әкімшілік – аумақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың санитарлық
жағдайын жақсартудағы , сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы
жергілікті (муниципалды) қаржының маңызын дәлелдеп отыр . Осылай әлдеқашан
болған және бұл тенденциялар жиырасыншы ғасырдың 80-90 жылдары күшейді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті
органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30-дан 60%
қайта бөледі(Англия , АҚШ , Жапония, Германия және т.б.) және айақтық
өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда , нарықтық
инфрақұрылым құрып, кеңейтуде мағызды рөл атқарады:
-олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен
бөлігі өтеді(жегілікті өнеркәсіпті , ауыл шаруашылығын , су шаруашылығын ,
көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);
-жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады,
сөйтіп , қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасалады;
-тұтынудың қоғамдық (әлеуметік) қорларын бөле отырып , жергілікті бюджеттер
жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.
Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет
жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігі айқындайды. Бюджеттің
дербестігі деп аймақтық басқару органы бекітіліп берілген кіріс базасының
негізінде бюджкттің көлемін , баптар бойынша кірістер мен шығыстардың
нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады . Оның
атқарылуы басқарудың аймақтық органдарының бұл саласындағы құқықты
анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ұлттық табысты бюджет арқылы қайта
бөлу фискалдық федерализм теориясы негізінде жүзеге асырылады .
Теорияның мәні мынада . Бүкіл мемлекеттік шаруашылық жалпы (экономиканың
мемлекеттік секторына барлық кәсіпорындар, мекемелер және әкімшілік
құрылмыдар ) көпдеңгейлі жүйе болып келеді, онда басқарудың функцияларын
деңгейлер арасында бөлу және олардың сатылас бойынша заңды бағынышы болады.
Осыған байланысты назар аударылатын мәселелер мыналар:
1.мемлекеттік секторды басқару деңнейлерінің оңтайлы саны;
2.басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді оңтайлы бөлу;
3.әлеуметтік шығыстарды неғұрлым тиімді қаржыландыру деңгейі;
4.биліктің жергілікті органдарын басқаруға және қаржыландыруға орталық
үкіметтің араласу дәрежесі;
5.билік пен басқарудың жергілікті органдарының шығыстарын қаржыландырудағы
меншікті қаражаттардың үлесі;
6.мемлекеттік экономиканың барлық деңгейлеріне қаражаттарды жұмсауға
бақылау жасаудың нысаны.
Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жегілікті органдарының орталыққа
қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған . Бұл жкргілікті бюджеттердің
ғана емес , сонымен бірге жалпы мемлекеттік бюджеттің де тапшылығын
төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік поблемаларды шешудегі нақты
дербестікке апаратын жол. Бұған аймақтардың салықтық автономиясын дамыту ,
жалпымемлекеттік салықтарды (экологиялық , мүлік салықтары , мұраға
салынатын салық, тұтынуға салынатын салық ) белгілеу жөніндегі оларға құқық
беру есебінен жетеді. Бқл орайда жергілікті органдары қаражаттарды тиімді
пайдалануға ынталандырылмайтын , оларды қаржылық дербестігінен айыратын
орталық бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қысқарады.
Басқа елдердегі аумақтық басқаруды дамытудың тәжірибесі басқаруды
орталықсыздандырудың , ведомстволық бағыныштағы аумақтарды дамытудың
әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуде биліктің жергілікті
органдарына кең құқықтар берудің қажеттігін қолдайды. Унитарлық мемлекеттің
жағдайына Қазақстанға сәйкес фискалдық федерализм ұғымының мәні сақталған
кезде фискалдық регионализм ауыстырылуы мүмкін.
II.ҚазақстанРеспубликасының жергілікіті бюджетін талдау
2.1Қазақстан Республикасының жалпы жергілікті бюджетін талдау
Бюджетік реттеу аумақтық деңгейге өздеріне жүктелген функцияларды толық
орындауы үшін меншікті кіріс көздері жетіспеген кезде жалпы мемлекеттік
салықтар мен кірістерден түсетін түсімдердің бір бөлілігн беру жолымен
жүргізіледі. Қазақстанда салықтарды жалпы мемлекеттік және жергілікті
салықтарға бөлудің күші жойылуына байланысты бекітілген және реттеуші
кірістер мен салықтар терминдері пайдалынылмайды Дей тұрсақта субвнциялар ,
бюджеттік алынымдар, есеп айырысу бойынша берілген қаражаттар мен басқа
трансферттер нысанындағы бюджеттік реттеу процесі мияқты іс жүзінде
кірістіреді бекітіп беру сақталынған .
Қазақсатан Республикасында жергілікті бюджеттер коммуналдық заңи
тұлғаларға бекітілген;
-мүлікпен және әкімшілік – аумақтық бөліністің меншігіндегі өзге де
мүлікпен бірге әкімшілік-аумақтық , экокномикалық және қаржылық негізін
құрайды;
-түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасатын,
Конституциямен , заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және
Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті
атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік-
аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.
Нарықтық қатынастар , басқарудың жергілікті органдарын реформалау
жергілікті бюджеттердің кіріс көздерінің қалптасуына әсер етіп отыр .
Жалпы жеке аумақтармен йақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен
құрылымына елдегі экономикалық ситуация : қаржы-бюджет саясаты, өндіріс
дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны , бағаның өсуі
және т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді.
Қазақстан Республикасның бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының
жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының заңына
сәкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің
түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді:
Облыстық бюджетке Республикалық маңызы бар қала,
түсетін түсімдер астана , аудан(облыстық аңызы бар
қала) бюджеттеріне түсетін түсімдер
Салықтар
1.Жеке табыс салығы 1.Жеке табыс салығы
2Әлеуметтік салық 2.Әлеуметтік салық
3.Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер
мен заңи тұлғалардың мүлкіне
салынатын салық.
4Жер салығы
5.Біріңғай жер салығы
6.Жеке және заңи тұлғалардың кқлік
құралдарына салынатын салық
7.Акциздер(республикалық бюджетке
түсетін газ конденсатын қоса
алғанда, шикі ммұнайға акциздерден
басқасы)
Төлемдер , алымдар
1.Облыстық маңызы бар ақылы
мемлекеттік автомобиль жолдары
арқылы жүріп өткені үшін алым және
бұл жолдардың бөлінген белдеуіне
сыртқы (көрнекі) жарнама
орналыстырғаны үшін төлем.
2.Қоршаған ортаны ластағаны үшін
төлем
3.Жер үсті су көздерінің ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлем.
4.Орманды пайдаланғаны үшін төлем.
5.Жергілікті маңызы бар ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшін төлем.
6.Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін
төлем.
7.жеке кәсіпкерлерді және заңи
тұлғаларды мемлекеттік тіркегені
үшін төлем.
8.Қызметтіңжекелеген түрлерімен
айналысу құқығы үшін лицензиялық
алым
9.Аукциондардан алынатын алым және
басқа да төлемдер мен алымдар
1. салықтардың , алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді түсімдері ;
2. салықтық емес түсімдер(комуналдық меншіктен түсетін түсімдер; облыстық
бюджеттен , республикалық маңызы бар қаланың , астананың,
ауданның(облыстық аңызы бар қаланың) бюджеттерінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер)
өткізуінен түсетін түсімдер ; жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік
сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімдері ; осы мемлекеттік
мекемелер салатын айыппұлдар , өсімпұлдар , санкциялар, өндіріп алулар
; жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес басқа да түсімдер);
3. жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер (жегілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген
мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер);
4. жегрілікті бюджеттерге түсетін ресми трансферттердің түсімдері.
Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден , коммуналдық
меншіктегі мемлекетің қаржы активтерін сатудан, жергілікті атқарушы
органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жедел деректеріне сәйкес
2006 жылдың 1қаңтарына табыс көлемі 2098,5 млрд теңгені құрады(2005 жылдың
1 қаңтарына -1305,1 млрд. теңге), шығындар- 1946,1 млрд.теңгені(2005 жылдың
1 қаңтарына 1323,8 млрд. теңге) операциялық сальдо-152,4 млрд. теңгені
құрады. Бюджеттік таза кредит беруге -7,2 млрд. теңгеден , ал қаржы
активтерінің операция бойынша сальдосына -98,5 млрд. теңгеден келді. Бюджет
профиціті 46,7 млрд. теңге деңгейіне анықталды. 2005 жылдың тиісті кезең
көрсеткіштерімен салыстырғанда табыс көлемі бойынша деректер -60,8%-ға , ал
шығындар -47% -ға өсті.
2006 жылдың 1 қаңтарына табыс жылдың нақтылынған бюджетіне қатынасы
бойынша 108,2%, мемлекеттік бюджет шығындары -99% орындалды.
Салық түсімдері құрылымында негізгі үлес корпорациялық табыс салығына
-41,8%(834,3млрд. теңге) және ҚҚС -17,2%(343,9 млрд. теңге) келеді.
Көрсетілген салықтар бойынша 2005 жылдың тиісті кезеңіндегіден тиісінше 2,2
есе және 41,6% асатын түсімдердің ең көп өсімі байқалды.
2006 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджет тапшылығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz