Қазіргі қазақ тілі



Морфология
Жалаң және күрделі сөздер
Морфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар
Сөз формаларының жасалу тәсілдері
Сөздерді түр.тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру
Морфология (гр. morf— түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.
Жалаң және күрделі сөздер
Қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық тұрғыдан жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер де, күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған, күрделенген (ақ құба, ақ сары) сөздер. Жалаң сөздер құрамы жағынан түбір тұлғалар мен қосымшалардан құралады. Түбірлер сөздің негізгілексикалық мағынасын білдіреді де, қосымшалар түбірге неше түрлі грамматикалық мағыналар үстейді. Мысалы, ұйымдастырушылардың бірі деген сөз тіркескендегі алғашқы сөз ұйым+дас+тыр+у+шы+лар+дың болып 7 бөлшектен тұрады. Мұндағы ұйым — негізгі түбір, -дас — сөзжасам қосымша, -тыр - өзгелік етіс жұрнағы, -у — қимыл есім жұрнағы, -шы— сөзжасам жұрнақ, - лар — кептік жалғауы, -дың — ілік септігі жалғауы. Бұлардың әрқайсысының өзіндік лексикалық және грамматикалық мағыналары бар.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Морфология (гр. morf -- түр, тұлға, logos -- сөз, ілім) -- дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы -- морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.
Жалаң және күрделі сөздер
Қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық тұрғыдан жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер де, күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған, күрделенген (ақ құба, ақ сары) сөздер. Жалаң сөздер құрамы жағынан түбір тұлғалар мен қосымшалардан құралады. Түбірлер сөздің негізгілексикалық мағынасын білдіреді де, қосымшалар түбірге неше түрлі грамматикалық мағыналар үстейді. Мысалы, ұйымдастырушылардың бірі деген сөз тіркескендегі алғашқы сөз ұйым+дас+тыр+у+шы+лар+дың болып 7 бөлшектен тұрады. Мұндағы ұйым -- негізгі түбір, -дас -- сөзжасам қосымша, -тыр - өзгелік етіс жұрнағы, -у -- қимыл есім жұрнағы, -шы -- сөзжасам жұрнақ, - лар -- кептік жалғауы, -дың -- ілік септігі жалғауы. Бұлардың әрқайсысының өзіндік лексикалық және грамматикалық мағыналары бар.
Морфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар
Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі -- сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу.Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов. 40-50- жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми-зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде кептеген көлемді еңбек- тер жарыққа шығады. I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған "Қазақ тілі грамматикасы" мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған "Қазақ тілі" (1948) және жоғары оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақ тілі" (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері", А. Ысқақовтың "Қазақ тіліндегі үстеулер", Ғ. Мұсабаевтың "Сын есімнің шырайлары", Ә. Хасеновтың "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер", Р. Әміровтың "Қазақ тіліндегі шылаулар", Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі одағайлар" т. б. зерттеулерін айтуға болады. 60-жылдары мұндай еңбектер саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер" (1960); Ж. Шакеновтың "Қазақ тіліндегі сын есім категориясы" (1961); Ә. Ибатовтың "Қазақ тіліндегі есімдіктер" (1961); Ә. Төлеуовтың "Қазақ тіліндегі есім категориясы" (1963) атты еңбектері жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әр түрлі сөз таптары өзіндік лексико-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі. Морфология мәселелеріндегі бұрын-соңды жетістіктердің бәрін жинап, оны жүйелі тәртіпке келтіріп, теориялық тұрғыдан ғылыми бір ізге түсіріп баяндаған күрделі еңбек 1967 ж. Қазақ КСР ҒА "Ғылым" баспасынан шыққан "Қазақ тілінің грамматикасы" болды. Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі -- сөз формаларын зерттеу. Сол себептен сөз формалары жайындағы зерттеу сөздердің түрлері жайындағы қандай да болса ережелердің бәрін түгел қамтып, сөздерді морфологиялық категориялардың қандай түріне жатқызу және оларға тән формаларды анықтау сияқты заңдылықтарды да қамтиды.
Сөз формаларының жасалу тәсілдері
Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық , не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады. Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалықта, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді.
Сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру
Сөз формаларына қатысты негізгі мәселердің бірі -- сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру. Сөздерді бұлайша айқындау кеңестік дәуірдегі қазақ тіл білімінде алғашқы күндерден бастап-ақ оқыту ісіне арналған грамматикалар мен оқулықтар жүйесінде дараланып көрсетіле бастаған. Ал оның ғылыми талдау жасалып, тілдік зерттеу негізінде теориялық анықтамаға ие болуы 30- жылдардан бастап айқындалған деп айтуға болады. Сөз тұлғасы (немесе сөздің түрлері) жайында еңбектер сан жағынан көп емес. Бул мәселе жөніндегі арнайы пікірлерді біз Қ. Жұба-нов, А. Ысқақов, Ә. Қайдаровтың еңбектерінен кездестіреміз. Аталған ғалымдардың сөз тұлғалары (түрлері) жайындағы пікір жүйелері негізінде бірдей, бірақ сөз тұлғаларын іштей жіктеу және оларды атау жақтарына келгенде, аздап айырмашылық барлығы аңғарылады. Сөздердің жеке-жеке тұлғалары (түбір сөздер мен күрделі сөздер) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі атты қазақ тілінен ғылыми жоба
Етістіктің жақ категориясы
Жаһандану үдерісінің ықпалы
Жаһанданудың Қазақстанға тигізетін әсерін талдау
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Ескі қыпшақ тілі
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Пәндер