Адам құқықтарының концепциясы: салыстырмалы сараптама


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Егемендік алған күннен бастап, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына деген құрмет көрсетіліп келеді.

Қазақстан халықаралық шарттарды негізге ала отыра адам құқықтарының өзіндік концепциясын мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қалыптастырды. Барлық мемлекеттік органдардың қызметінің бастауы адам құқықтарын қорғауға бағытталды. Адам құқығы концепциясының қағидаларын бекіту қоғамның тұрақты, тиімді өмір сүруінің кепілі болып қала бермек. Осы себепті әрбір мемлекеттік орган осы қағиданы өздерінің заңда белгіленген міндеттеріне, құзыреттілігіне және билік өкілеттіктеріне сәйкес іске асыруға бағдарланған.

Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам құқықтарының концепциясын зерттеу және оған сараптама жасаудың көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандартарға сай орындалуы немесе бұзылуын тілге тиек етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтары деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.

Бұл арада біріктіруші субстанция мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасы - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау болуға тиіс.

Біздің зерттеуіміз адам құқықтарының концепциясы мен ондағы адам құқығын қорғайтын халықаралық стандарттар жүйесіне сараптама жасап, маңызы мен мәнін және елімізге тигізер әсерін анықтау болып отыр.

Бұл мәселе құқықтық әдебиетте адам құқықтары проблемасына көптеген ғалымдардың еңбектерінің арналғандығына қарамастан, адам құқықтарын қорғаудың халықаралық проблемалары және оның мемлекеттік аппарат қызметінің негізгі қағидасы ретінде мағынасында арнайы зерттеулер жүргізген отандық ғалымдар Ж. Д. Бұсырмановты халықаралық атап кету керек және халықаралық мемлекетаралық құқық проблемалына талдау жасаған Ж. О. Құлжабаева өз еңбегінде "арнайы зерттеуді қажет ететін түбегейлі мәселелердің бірі болып, ең алдымен халықаралық құқықтың және халықаралық халықаралық өзара қарым-қатынастың халықаралық жүйедегі алатын орны" - деп халықаралық құқықтық стандарттар жүйесін ерекше атап өткен.

Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматгардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады.

Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктін адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандықтың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» //, - деп жазылған.

Адам құқықтарын бекітуге, оларға кепілдік беру, қамтамасыз ету, қорғау және іске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық кұралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистік бастаулардың, демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты.

Халықаралық стандарттар жүйесі - адам құқықтары жөніндегі халықаралық заңының дамуында және адам құқықтарын қорғау мәселесінің бірте-бірте дүниеи жүзі Қауымдастығы бақылауында болуы үшін үлкен маңызға ие болады

Адам құқықтары жөніндегі кезекті шарттар күшіне енген сайын, адам құқықтарын интернацияландыру процесі одан әрі жүруде және бұл процесс бүгінге дейін жалғасуда.

Халықаралық құқықта адам құқықтарын құрметтеу қағидатының өзіндік стандарттары бар:

  • Барлық мемлекеттер өз аумағындағы адамдардың(тұлғалардың) негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге міндетті;
  • Жыныстық, нәсілдік, тіл және діни белгілері бойынша қандай да бір кемсітушіліктерді мемлекеттер болдырмауы керек;
  • Мемлекеттер жалпы адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге көмектесуге және осы мақсатқа жетуде ынтымақтасуға міндетті.

Біздің өркениетіміздің болашағы адам құқығының барлық жерде бірдей баянды етілуіне байланысты.

Адам құқықтарын қорғайтын халықаралық стандарттар жүйесінің бастауларының бірі, гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқықтары тұңғыш рет Ұлы бостандық хартиясында (1215 ж. ) мазмұндалған болатын, Бұл кейінгі ағылшындардың құқықтар туралы билльмен (1689 ж. ), Егемендік декларациясымен (1776 ж. ), американдықтардың Құқықтар туралы билльмен және адам мен азаматтардың құқықтары декларациясымен дамытылды. Бұл игіліктердің генезисін көре тұра, адамдардың табиғи құқықтарын оқып зерттеуге талпыныс берген ежелгі гректердің философиясын, әлеуметтік әділдік пен теңдіктің жорамалдарын қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды еске түсірмеуге болмайды.

ХХ ғасырдың басындағы стандарттар жүйесі саяси проблемалардың ықпалынан халықаралық жағдайда тек келісім-шарт түрінде жүргізілді, Бұл мемлекетаралық қауіпсіздік мәселесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Ал, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға аса көңіл бөлінбеді.

Адам құқықтарының сақталу тұрғысындағы халықаралық ұйымдардың: АҚЖБД- Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы (1948 ж), АСҚХП- Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт (1966 ж. ), АҚЕК- Адам құқықтары жөніндегі Еуропа Конвенциясы (ресми аталуы-1950ж. Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды қорғау туралы Конвенциясы), ЕҚЫҰ - Еуропадагы қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымы, ДИАҚБ - Демократиялық ішституттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюросы, ЕҚЫК - Еуропадагы қауінсіздік иен ынтымақтастық кеңесулері, БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы, ХЕҰ - Халықаралық Еңбек Ұйымы, ҚМРБ - Қазақстан Мұсылмандарының Рухани Басқармасы, ЮНЕСКО - БҰҰ-ның ағарту, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы, ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ӨДҰ - Өндірістік даму ұйымы (ЮНИДО), ДБ - Дүниежүзілік Банк, ХВК Халықаралық валюта қоры, ХҚА - Хельсинки қорытынды актісінің және т. б. маңызы зор.

Біз қарастырып отырған мәселеге қазіргі уақытта барлық мемлекеттер мүдделі болып отыр, себебі мемлекеттің ішкі қатынастарында адам құқықтары жиі бұзылады, әрі мұны реттеуге мемлекет органдарының да қауқары келмей қалатын кездер кедеседі. Ал, халықаралық стандарттар жүйесін толықтай енгізетін болса, тек ішкі емес, сыртқы яғни халықаралық деңгейде қабылданған заңнамалармен реттеу тәсілін қолдана аламыз.

Бұл мақсатты орындауда Уәкілдің (Омбудсмен) қызметін қолдану арқылы азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруіміз керек.

Зерттеу жұмысының ғылыми негіздері. Қарастырылып отырған проблемаға Ресей және Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Бірінші кезекте бұлардың қатарына РҒА академигі Е. А. Лукашеваның басшылығымен жасалынган іргелі еңбектерді атауға болады. Ол КСРО ыдырауынан кейінгі Ресей мен ТМД елдеріндегі адам құқықтарын қорғау проблемасын бірінші болып ғылыми зерттеу деңгейіне көтерді.

Адам құкықтары проблемасына Т. Б. Бекназар Юзбашев, В. А. Карташкин, И. А. Ледях, Б. Г. Манов, Р. Мюллерсон сияқты Ресей зерттеушілерінің еңбектері арналған.

Қазақстанда бұл проблемаға Т. А. Ағдарбеков, М. Т. Баймаханов, М. С. Башимов, Б. А. Есентемірова, А. Жұмағұлова, Ж. Д. Бусурманов, Г. К Искакова Г. Лупарев, А. К. Мұхтарова, Ғ. С. Сапарғалиев, С. Н. Сәбікенов, А. В. Турлаев, Н. А. Шайкенов сияқты ғалымдардың жұмыстары арналған. Бұл қатарда Еуразия кеңістігінде адам құқықтарын іске асыру теориясы мен практикасына талдау жасалынған Ж. Д. Бусурмановтың диссертациялық зерттеуі ерекше орын алады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Зерттеу барысында қойылған негізгі міндет аталмыш тақырыптың мәні мен негізгі белгілерін қамту мен қатар зерттеудің жүйелігін және қамтылған проблемалардың мағынасын аша білу.

Зерттеудін объектісі - адам құқықтарының концепциясы және оны құрайтын халықаралық стандарттар жүйесіндегі қалыптасқан қағидаларға шолу. Сонымен қатар адам құқықтары концепциясындағы қорғау, оны іске асыру қағидаларына салыстырмалы сараптама жасау арқылы жүйелі талдау.

Дипломдық зерттеудің пәні - адам құқықтарын қорғау, сақтау, кепіл беру және қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандарттар жүйесі және оның жеке органдарының қызмет ерекшеліктері болып табылады.

Дипломдық зерттеудің негізгі міндеті - төмендегі мәселелерді айқындайды:

  • адам құқықтарын қорғайтын халықаралық жүйедегі «адам құқықтарын қоргау» қағидасының орны мен ролін анықтау;
  • халықаралық стандарттар жүйесіндегі адам құқықтары мен бостандықтары институтын талдау;
  • Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғайтын нормативтік негіздердің енуі;
  • адам кұқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін органдар жүйесін анықтау;
  • Халықаралық деңгейдегі Омбудсменнің ролін анықтау;
  • Қазақстандағы адам құқықтарын қорғайтын Уәкіл қызметі;

Зерттеу жұмысының жаңалығы Адам құқығы концепциясының қағидаларын бекіту қоғамның тұрақты, тиімді өмір сүруінің кепілі болып қала бермек. Осы себепті әрбір мемлекеттік орган осы қағиданы өздерінің заңда белгіленген міндеттеріне, құзыреттілігіне және билік өкілеттіктеріне сәйкес іске асыруға бағдарланған.

Дипломдық зерттеу жұмысының құрылымы. 1- бөлімде адам құқықтарын қорғаудағы халықаралық стандарттар жүйесі және халықаралық ұйымдардың атқаратын ролін қамтып: халықаралық стандарттар жүйесінің қалыптасуы; адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар; Европа Кеңесі және адам құқықтарын қорғауды реттеу механизмі қарастырдым. 2-бөлімде адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін - уәкілдің (омбудсмен) атқаратын қызметіне: адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын (Омбудсмен) Уәкіл: түсінігі мен қызметі; Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары қорғайтын Уәкілдік қызметі; 2. 3 Қазақстандағы адам құқықтарын қорғайтын халықаралық стандарттар жүйесін енгізу мәселелерін қарастырдым.

Сонымен қоса дипломдық зерттеу жұмысына кіріспе, қорытынды, және пайдаланған әдебиеттер тізімі, қысқартылған сөздер, кестелер-слайдттар берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде Қазақстан халықаралық шарттарды негізге ала отыра адам құқықтарының өзіндік концепциясын мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қалыптастырды. Барлық мемлекеттік органдардың қызметінің бастауы адам құқықтарын қорғауға бағытталды. Адам құқығы концепциясының қағидаларын бекіту қоғамның тұрақты, тиімді өмір сүруінің кепілі болып қала бермек. Осы себепті әрбір мемлекеттік орган осы қағиданы өздерінің заңда белгіленген міндеттеріне, құзыреттілігіне және билік өкілеттіктеріне сәйкес іске асыруға бағдарланған.

Бірінші тарау Қазіргі таңда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау - халықаралық стандарттар жүйесі ретінде қарастырылады. Дүниежүзіндегі қандай мемлекет болса да адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда осы аталмыш қалыптасқан стандарттар жүйесімен реттеліп отырады. Бұл стандарттардың негізгі қағидасы қандай да бір саяси, экономикалық, әлеуметтік проблемелар көрініс тапқанда - өмірдің басты байлығы адам өмірі мен олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Бүгінгі күні Бұл мәселе қалыптасқан халықаралық мәселелер ретінде ғылыми-зерттеу саласында өз орнын тапқан. Адам құқықтары - құқықтың саласы, негізгі азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығын және жеке құқықтар мен бостандықтардың дұрыс орындалуын көздейтін құқықтық-ұйымдастыру тетіктері болып табылады.

Халықаралық құқықтық стандарттар жүйесінің басқалардан өзгешелігі - дүние жүзі қауымдастығының адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің ішкі жұмысына араласа алуы.

Халықаралық стандарттар жүйесі деп отырғанымыз - әмбебап сипаттағы көпжақты келісімдер, аймақтық келісімдер, екіжақты келісімдер халықаралық әдет-ғұрыптар адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша тікелей немесе жанама мамандандырылған халықаралық ұйымдардың шешімдері халықаралық стандарттар жүйесінің қайнар көзі болып табылады.

Халықаралық іс қағаздарда белгіленген адам құқықтары каталогы ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі демократияның нормасы ретінде қалыптасты. Тұлға мен билік арасындағы қарым-қатынастардың әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болды. Қоғам прогресі мен адамның дамуы, бостандық жолында мемлекеттің түтас билігін тежеу талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік іс-әрекетінен адамдарды сақтау, тұлғаға барынша өз тағдырын өзі шешуге кең түрде мүмкіншілік беру айқын көріне бастады.

Әрбір адам туылғанынан бастап белгілі бір мөлшердегі (материалдық және рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Әрқашан да Бұл игіліктердің мөлшері материалдық өндіріс жүйесінде түлғаның қоғамдағы әлеуметтік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы күрт өзгерістер, өркениет өзгешелігі, формальды теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан-жақтылық белгісін берген жоқ.

Халықаралық стандарттар жүйесіне тарихи шолу жасасақ, Бұл өте ерте кезеңнен бастау алады. Біздің эрамызға дейінгі 5-6-ғасырларда ежелгі полюстерде демократия идеясы мен азаматтық қағидалары алғаш рет дүниеге келген жерде (Афины, Рим) адам құқықтары тұжырымдамасының пайда болуы прогресс пен бостандық жолындағы үлкен қозғалыс болды.

Ежелгі полюсте азаматтық және саяси идеялардың негізгі бағыты:

  • бостандық;
  • мемлекеттік істерді шешуге арналған идеялар,
  • әділеттілікті орнату идеялары болды.

Сонымен қатар, мұндай ежелгі идеялар - өзіндік құқықтық негізде қара жұмыспен айналыспаған (байларды) адамдарды да қамтыды. .

Азаматтықтың ежелгі полюстерде шектеулілігіне қарамастан, мұндай институт тек мәдениеттің жұмыс істеуі мен дамуының бір құралы болып табылды.

Алғашқы кезде заңның құнына, заңдылыққа ерекше көңіл бөлген азаматтық туралы, адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың құқығы мен бостандығына деген қамқорлық теориясы жүзінде пайда бола бастады (Платон, Сократ, Аристотель, Перикл және басқалар) . Келесі қоғамның дамуы адам құқықтары мен заңның үстемдігі бір-бірімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Бұл ежелгі ойшылдардың мемлекеттік, бостандық және ізгілік бағытындағы үдемелі дамуының белгісі болды. Тарихи дамудың баспалдағы адам құқықтарына жаңа қасиет бере отыра, субъектілердің жаңа таптарына таратылды. Бұл таптардың, сословиелердің өз құқықтары үшін, бостандықтары үшін кеңеюі және баюы үшін болған күрестің нәтижесі еді.

Қазіргі халықаралық құқықтық жүйеде адамдар мен азаматтардың жеке құқықтық даму кезеңінің атауы көрсетілмеген. Г. И. Тункин феодалдық мемлекеттердің қалыптасуынан бастап, сословиелік, абсолюттік монархия және XVII-XVIII ғғ. буржуазиялық революцияға дейінгі кезеңдерді қамти отырып, Бұл кезеңді феодалдық қоғамның халықаралық құқығы ретінде қарастырады. И. И. Лукашук орта ғасырлардағы адам құқықтарының тарихын 2 сатыға бөліп қарастырады:

  • орта ғасырдың басын (VI-XVI) халықаралық құқықтың алғы тарихына;
  • орта ғасырдың аяғын (ХVI-ХVIІ) халықаралық құқықтың классикалық сатысына жатқызады.

М. А. Сәрсембаев орта ғасырлардағы адам құқықтарын халықаралық құқығымен біртұтас қарастырады[23, 56 б] .

Дәуірге бөлудің негізі тарихи оқиғалар екенін назарға ала отырып, орта ғасырлардағы халықаралық стандарттар және халықаралық адам құқықтарының ғылыми тарихын 2 кезеңге бөлеміз:

  • бірінші кезең - VI-XVI ғғ. қоғамның тарихи дамуына сәйкес келеді, яғни 1648 ж. Вестфаль бітімін бекіткенге дейін;
  • екінші кезең - XIX ғасырмен аяқталады, яғни Гаага конференциясын жүргізумен қатар дамыды.

Қазіргі жаһандану үдерісі кезінде халықаралық қатынастардағы - халықаралық ұйымдардың ролін, болып жатқан мемлекет аралық шиеленістер мен экономикалық дағдарыс мәселелері көрсетіп отыр. Осыдан, мемлекетаралық қақтығыстар және адам құқықтары мен бостандықтарының қауіпсіздігі мәселесін оңтайлы шешу жолында аталмыш халықаралық ұйымдар ықпал етуде.

Адам құқықтарын қорғауда қызмет атқарып жатқан ұйымдардың ішінде - адам құқықтарын қорғайтын нормалар жиынтығының бастамасы болып табылатын ұйым - Ұлттар Лигасы болып саналады.

Ұлттар Лигасының жарғысы болып табылатын 1920 жылғы келісім Лиганы құрды және оның конституциясы ретінде қызмет етті, бірақ оған адам құқықтары жөніндегі жалпы ережелер кіргенмен болатын, себебі адам құқықтарын халықаралық денгейде қорғау жөніндегі идея әлі ұлттар қауымдастығы тарапынан қабылданған да жоқ еді, оған сол келісімді жасағандар да елеулі мән бермегенді. Дегемен де, шартта адам құқықтары туралы халықаралық заңның дамуына ықпал еткен екі ереже (22 және 23-баптар) болды. Сонымен қатар Лига аз ұлттарды қорғау жөніндегі шарттардыы. орындалуына себін тигізіп, маңызды роль атқарды. Бұл ереже тек бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан мемлекеттердің бұрынғы отарларына қолданылды. Осы ережеге сәйкес, аталған отарлар жеңген державалар басқаратын Лига маңдаттарына жататын аумақ. Ретінде қайта құрылды. Жеңген державалар Лигамен аталмыш аумақтарды жергілікті халықтардын гүлденуі мен дамуын қамтамасыз ету өркениетті мемлекеттердің қасистті борышы болып табылады деген принципке сәйкес басқаруға келісті. Мандат иесі державалар Лигаға өздерінін міндеттемелерін қалай жүзеге асырып жатқаны жөнінде есеп беріп отыруды міндетіне алды.

22-бапқа сәйкес, Ұлттар Лигасының жарғысымен Лига мандаттарының жүйесі құрылды. Бұл ереже тек Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңілген, бұрынғы отар мемлекеттерге ғана қолданылды. Бұл қағидаға сәйкес, отар мемлекеттер Лигаға тәуелді аумақтар болып қайта құрылып, ол мемлекеттердің басқаруын жеңуші державаларға берді, ол өз кезегінде жыл сайын Лигаға олардың міндеттерді қалай орындағаны жөнінде баяндайтын. Лиганың ыдырауымен Бұл мандаттар жүйесі де жойылды.

Ұлттар Лигасы жарғысының 23-бабы әйелдерге, ерлерге және балаларға әділетті және адамгершілікті жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге арналған. Сонымен қатар, Бұл бап айтылған мақсаттарға жету үшін, халықаралық ұйымдарды құруды көздейді. Бұл қызметті Ұлттар Лигасы құрылған уақытта құрылған Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) өзіне алды. ХЕҰ-ның заң шығару міндеті және оның құрған халықаралық еңбек стандарттарын қадағалайтын жүйе еңбек шарттары мен адам құқықтары туралы халықаралық зандардың дамуына үлкен үлес қосты.

Қазіргі жаһандану үдерісі кезінде халықаралық қатынастардағы - халықаралық ұйымдардың ролін, болып жатқан мемлекет аралық шиеленістер мен экономикалық дағдарыс мәселелері көрсетіп отыр. Осыдан, мемлекетаралық қақтығыстар және адам құқықтары мен бостандықтарының қауіпсіздігі мәселесін оңтайлы шешу жолында аталмыш халықаралық ұйымдар ықпал етуде.

Адам құқықтарын қорғауда қызмет атқарып жатқан ұйымдардың ішінде - адам құқықтарын қорғайтын нормалар жиынтығының бастамасы болып табылатын ұйым - Ұлттар Лигасы болып саналады.

Ұлттар Лигасының жарғысы болып табылатын 1920 жылғы келісім Лиганы құрды және оның конституциясы ретінде қызмет етті, бірақ оған адам құқықтары жөніндегі жалпы ережелер кіргенмен болатын, себебі адам құқықтарын халықаралық денгейде қорғау жөніндегі идея әлі ұлттар қауымдастығы тарапынан қабылданған да жоқ еді, оған сол келісімді жасағандар да елеулі мән бермегенді. Дегемен де, шартта адам құқықтары туралы халықаралық заңның дамуына ықпал еткен екі ереже (22 және 23-баптар) болды. Сонымен қатар Лига аз ұлттарды қорғау жөніндегі шарттардыы. орындалуына себін тигізіп, маңызды роль атқарды. Бұл ереже тек бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан мемлекеттердің бұрынғы отарларына қолданылды. Осы ережеге сәйкес, аталған отарлар жеңген державалар басқаратын Лига маңдаттарына жататын аумақ. Ретінде қайта құрылды. Жеңген державалар Лигамен аталмыш аумақтарды жергілікті халықтардын гүлденуі мен дамуын қамтамасыз ету өркениетті мемлекеттердің қасистті борышы болып табылады деген принципке сәйкес басқаруға келісті. Мандат иесі державалар Лигаға өздерінін міндеттемелерін қалай жүзеге асырып жатқаны жөнінде есеп беріп отыруды міндетіне алды.

22-бапқа сәйкес, Ұлттар Лигасының жарғысымен Лига мандаттарының жүйесі құрылды. Бұл ереже тек Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңілген, бұрынғы отар мемлекеттерге ғана қолданылды. Бұл қағидаға сәйкес, отар мемлекеттер Лигаға тәуелді аумақтар болып қайта құрылып, ол мемлекеттердің басқаруын жеңуші державаларға берді, ол өз кезегінде жыл сайын Лигаға олардың міндеттерді қалай орындағаны жөнінде баяндайтын. Лиганың ыдырауымен Бұл мандаттар жүйесі де жойылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Халықаралық тәжірибеде және Қазақстандағы әйелдердің тендік құқығы
Қазақстан экономикасы, әлеуметтік саясат және интеграция
Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы және өзара әрекеттестігі
Дәрілер технологиясының міндеттері
Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
Көші-қон мәселесі
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz