Қоршаған ортаға және тұрақты дамуға қатысты рио-де-жанейро декларациясы



1. Жалпы экология туралы білім беру бағыттары
2. Жоғарғы оқу орындарында экология пәнін оқыту барысы
3. Үздіксіз экологиялық білім беруді ғылыми . әдістемелік материалдармен және мамандармен қамтамасыз ету
4. Университеттерде білім беру
5. Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне экологиялық білім беру
6. Ауылшаруашылығы жоғары оқу орындарында студенттерге экологиялық білім беру
7. Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі
8. Факультативтік сабақтар
9. 5.9 сыпыптарға арналған экологиялық, факультативтік
Қалыптасқан табиғи-тарихи жағдайлар және табиғатты пайдаланудағы жәйсіз күйлері жұртшылықты ойландыруда. Қасиетті жердің ресурстық-шикізаттық қорларын өндіруші кәсіпорындарындағы ала берсем деген ниет, өнеркәсіп аймақтарында қоршаған ортаға немқұрайлы қараушылық, әскери объектілердің экологиялық талаптарды сақтамауы, т.б. жағдайлар табиғатқа және оларда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайын шиеленістіріп отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері-аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып әрі улы қалдықтардың жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлағаны соншалық ауа, су және жер ресурстары ластанып, бұрын-соңды болмаған күйзеліс кешуде. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде біліне бастаған экономикалық дағдарыс одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ушығуына итермелеп отыр. Ал халықтың экологиялық әлеуметтік проблемаларын шешуде экономикалық қиындықтар туып отыр.
Ата заңымызда көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты.

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Қоршаған ортаға және тұрақты дамытуға қатысты
Біріккен Ұлттар Ұйымының Конференциясы
Преамбула

Өткізіле отырып, 1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейрода,
мақсат қыла отырып, мемлекеттер, қоғамның негізгі секторлары мен
адамдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейлеріне шығу жолдары
арқасында жаңа, глобальдық әділетті серіктестікті орнату үшін;
күш сала отырып, барлығының мүдделерін құрмет тұтып және қоршаған орта
мен дамытудың глобальдық біртұтастығын қорғауды қамтамасыз ететін
халықаралық келісімдерге қол жеткізу үшін;
мойындай келіп, ортақ үйіміз Жер сипатының тұтастығы және өзара
байланыстылығын жариялайды:

1-принцип
Адам қамын ойлау орнықты даму үшін қарастырылатын талап-мүдделердің
өзегі болмақ. Олар табиғатпен жарасымдылық тауып салауатты және баянды өмір
сүруге құқықты.
2-принцип
Мемлекеттер БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқық принциптеріне, қоршаған
орта мен дамуға қатысты өздерінің дербес саясаттарына сай ресурстарын
игеруге егеменді құқыққа ие және олардың құзыр немесе бақылау аясында сол
қызмет атқару жауапкершілігі өзгс мемлекеттердің немесе ұлттық юрисдикция
шеңберінен тыс жататын жерлердің қоршаған ортасына зардап әкелуге себепші
болмайды.
3-принцип
Бүгінгі және келешек ұрпақтың даму мен қоршаған ортаға қатысты
қажеттері әділ ескеріле отырып қана дамуға деген құқық жүзеге асырылуы
тиіс.
4-принцип
Даму үздіксіз жүзеге асуы үшін қоршаған ортаны қорғау даму процесінің
тұтас бір бөлігін құрауы тиіс және одан бөлек қарала алмайды.
5-припцип
Өмір деңгейі алшақтығын азайту және дүние жүзі халықтарының басым
көпшілігінің қажеттерін ойдағыдай өтеу жолында, сонымен қатар орнықты
дамудың міндетті шарты болып табылатын жарлықты түбімен жоюға бағытталған
аса манызды мәселелср төңірегінде барлық мемлекеттер мен барлық халықтар
ынтымақтасады.
6-принцип
Дамушы елдердің қажеттері мен айрықша жағдайларына, оның ішінде дамуы
мейлінше кенже қалған және қоршаған ортасы соғүрлым ушыққандарға арнайы
ерекшелік беріледі. Қоршаған орта мен даму саласындағы халықаралық іс-
шаралар барлық елдердің мүдделері және қажетерімен астасып жатқаны жөн.
7-принцип
Жер экожүйесінің тұтастығы мен салауаттылығын сақтау, қорғау және
қалпына келтіру мақсатында мемлекеттер глобальдық серіктестік рухында
ынтымақтасады. Глобальдық қоршаған ортаның бүлінуінс қосқан үлес
салмақтарына қарап, мемлекеттер жалпы ортақ, бірақ түрлі жауапкершілікте
болады. Олардың иелік жасап отырған технология мен қаржы ресурстары ортаға
өз қоғамдарының жасап отырған қысымшылықтарын есепке ала отырып, орнықты
дамуға қол жеткізу жолындағы халықаралық ұмтылыс іс-шаралар аясында дамыған
елдер өз жауапкершіліктерін мойындайды.
2.0 Жалпы экология туралы білім беру бағыттары
Қалыптасқан табиғи-тарихи жағдайлар және табиғатты пайдаланудағы жәйсіз
күйлері жұртшылықты ойландыруда. Қасиетті жердің ресурстық-шикізаттық
қорларын өндіруші кәсіпорындарындағы ала берсем деген ниет, өнеркәсіп
аймақтарында қоршаған ортаға немқұрайлы қараушылық, әскери объектілердің
экологиялық талаптарды сақтамауы, т.б. жағдайлар табиғатқа және оларда
тұратын халықтың әлеуметтік жағдайын шиеленістіріп отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері-аймақтық
техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы,
атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, табиғаттың генетикалық
қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен
өнеркәсіп апаттарының белең алып әрі улы қалдықтардың жинақталуы айналаны
қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлағаны соншалық ауа, су және жер
ресурстары ластанып, бұрын-соңды болмаған күйзеліс кешуде. Еліміздің
қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде біліне бастаған экономикалық
дағдарыс одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ушығуына итермелеп
отыр. Ал халықтың экологиялық әлеуметтік проблемаларын шешуде экономикалық
қиындықтар туып отыр.
Ата заңымызда көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыру жоғары, орта және
арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие
беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
1997 жылдың тамыз айынан бастап Республикамызда табиғат қорғау туралы
жаңа заң қабылданып күшіне енді. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін
айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты
қорғаудың экономикалық практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп
берді. Ол мынандай тармақтардан тұрады:
1. Республикада халыққа білім беру орындары табиғат қорғау жөнінен
халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге
асыру.
2. Жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық тәрбие мен
білім берудің жоғарғы және арнаулы оқу орындарында маман кадрларды кәсіптік
жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттырудың, барлық мүмкіндіктерін
жасау.
3. Құжатта 64-бапта айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде
экологиялық білім берудің қажеттілігі айтылып. ол бойынша азаматтардың
экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті экологиялық білім мазмұнын
ашу үшін, оқу орындарының ұстаған бағдарына қарамастан, барлық жоғары және
арнаулы оқу мекемелерінде экологиялық білім негіздерін міндетті түрде
оқыту.
4. Арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау
және табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнаулы курстар оқыту көзделеді.
Казіргі кездегі білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің
бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды
табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы
мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана
білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім
дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларын да қалыптасып,
келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін
мектептердің тұжырымдамасында:
Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және
әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға
экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру" деп
көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру
жүйесінде, яғни балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты
экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыруды
міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу
орындарының студенттеріне Экология негіздері курсы оқытыла бастады. Адам
мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-
қайшылықты шешу қажеттілігі казіргі кезде бүкіл прогресшіл адамзатты
байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым
мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика
ғылымдары мен мектептердің де басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген
адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайда, үнемдік қатынасын
психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманың
алдын алудың бір жолы - көпшілікке экологиялық білім беру.
Жас ұрпаққа экологиялық білім және тәрбие беруде мектептің алатын орны
өзгеше. Экологиялық білім жалпы және арнаулы білім берудің бір компоненті
ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағыт
алған.
Өмірдің өзі көрсеткендей білім беру жүйесінде Табиғатты қорғау
шаралары біртін-біртін Табиғатты қорғауға байланысты жұмыстармен
сабақтасып, алдымсн білім берудің керектігін, содан кейін табиғат қорғау
тәжірибелерін дамыту істерімен ұштастыруды талап етті.
Ал, 1950-60 жылдар аралықтарында экологиялық білім беру табиғат
қорғауға тәрбиелеу мәселесінің құрамында қарастырылды. 1960 жылдардың
соңында Кеңес мектептерінде жаңа бағдарламалар негізінде оқулықтар жазылып,
Табиғатты қорғау шаралары, Табиғатты қорғау жөніндегі білім беру туралы
ұғымдар енгізілген болатын. Бірақ, жаңа оқулықтар мен бағдарламалар
мазмұндарындағы айтылып отырылған ұғымдар, түсініктер адам және қоғамның
табиғатпен қарым-қатынастары жайлы беретін мағлұматтар байланыссыз, жүйесіз
беріле бастады.
Солай болса да мектеп практикасында экологиялық тәрбиенің қажеттілігі
жайлы Ресей педагогы В.А.Сухомлинский балалардың бойында табиғатқа
сүйіспеншілік сезімін дамытуды еш нәрсеге айырбастауға болмайтындығын
тәрбиенің негізі деп есептеген.
Табиғат қорғау және оның ресурстарын тиімді пайдалану көп аспектілі
(тарихи, саяси, әлеуметгік-экономикалық, медициналық және т.б). Солардың
ішіндегі ең маңыздысы - педагогикалық аспекті. Алғаш рет ғылыми
әдебиеттерде табиғат қорғауды педагогикалық проблсма деп көрсеткен
профессор В.Н.Скалон Гүлденген, бай табиғат-арман емес, бұл шындық, бірақ
оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлімізге
байланысты - деген болатын.
2.1 Жоғарғы оқу орындарында экология пәнін оқыту барысы
ХХ ғасырдың 70 жылдардың басы студенттерге экологиялық білім берудің
жаңа әдістерін ұйымдастырудың кезеңі болды. Осы кезеңге дейін,
Е.С.Салсстинаның көрсетуі бойынша: мұғалімдерді даярлаудағы экологиялық
білім беру жүйесі көп жылдар бойы эмпирикалық сипат алып келді.
Студенттерге экологиялық білім арнайы курстарда, арнайы семинарларда,
факультативтерде оқу процесінде беріледі.
Тек, 1970 ж бұрынғы Кеңес одағының жоғаргы оқу орындарында биология-
химия және жаратылыстану-география факультеттерінде Табиғат қорғау
экологиялық курсы енгізілді. Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы
Еуропаның табиғат қорғау ағарту саласының жұмысшылар конференциясы мынандай
қорытындыға келді: Мұғалімдерді даярлау қоршаған орта туралы ағарту
бағдарламасының негізгі аспектісі екенін мойындаймыз және мынандай
ұсыныстар ұсынамыз, олар:
1. Мұғалімдерді даярлау өзінің бағдарламасына экологиялық негізгі
түсініктерді және мұғалімдерге әлеумет және оның адам экологиясымен
байланысы туралы білімді жеткілікті түрде беруді енгізу;
2. Мұғалімдердің оқушыларға қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін
қалыптастырудың дағдыларын игеруі;
3. Қоршаған ортаны сақтау мұғалімдерді даярлаудың негізгі аспектісі
болып табылады және ЖОО алынған білім одан әрі профессионалдық іс-
әрекеттерінде жалғасын табуы;
4. Барлық болашақ мұғалімдердің педагогикалық әдістерді қолдана және
бағалай білуі болып табылады.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің кешенді зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, оның теориялық негізін талдауда - И.Д.Зверев (1974),
А.Н.Захлебный (1981) табиғат қорғау туралы білім берудің мақсат-міндеттеріи
анықтаса, жалпы орта білім беретін мектептердегі биология, география,
табиғаттану пәндерінің И.С.Матрусов (1976), Л.П.Саллево (1978), И.Т
Суравегина (1980) табиғат қорғаудан білім беру ерекшеліктері мен құрылымын
сараласа, география пәні арқылы экологиялық білім берудің әдісі мен түрін
Н.Н.Родзевич (1994) т.б. қалыпстырды.
Болашақ мұғалімдердің оқушыларға экологиялық тәрбие беру ісінің білімі,
іскерлігі мен дағдыларын меңгеруін талап етті.
Е.С.Салестина болашақ мұғалімдерді оқушыларға экологиялық білім мен
тәрбие беру ісіне даярлауда қоғамдық-саяси, арнайы және психологиялық-
педагогикалық даярлаудың бірлігін анықтады.
Ендігі бір еңбектерде, табиғат қорғауда білім берудің негізгі
принциптері мен формаларын Б.Г.Иоганзен, И.А.Рыков зерттеп келген.
Б.Г.Иоганзен психологияның классикалық жағдайына сүйене отырып, адам іс-
әрекеті мотив, мақсат және амал-тәсілдермен іске асады, және осының
негізінде студенттерді экологиялық даярлауда оқытудың құндылык-себеп
тәсілдің негізін қалады. Оның зерттеуінс сай, мұғалімдердің экологиялық
квалификациясы табиғат қорғау мотивтерін басқару іскерлігімен анықталады.
Олар: гуманистік, эстетикалық, ғылыми-танымдық, экономикалық.
Студенттерге экологиялық және табиғат қорғау туралы білім берудің ең
келісімді жолдары Я.И.Рабаевтің зерттеулерінде ашылады. Ол болашақ
мұғалімдерді табиғат қорғауға даярлаудың маңызды компоненттерін
төмендегідей анықтайды: а) студенттсрдің қоғамдық пәндерді оқу барысында
қоршаған табиғи ортаны қорғаудың идеологиялық аспектілерін меңгеру; б)
жаратылыстану пәндерін оқу барысында табиғат қорғаудың ғылыми негіздері мен
практикалық дағдыларын меңгеру; в) студенттерді табиғат қорғаға даярлауда
оқытылатын арнайы курстардың тереңдетілуі, жүйелілігі және интеграциялау;
г) студенттердің қоғамдық табиғат қорғау қызметтері; д) табиғат қорғау
саласындағы зерттеу жұмыстары және табиғат қорғау туралы білім.

Үздіксіз экологиялық білім беруді ғылыми - әдістемелік материалдармен
және мамандармен қамтамасыз ету
Мақсатына қарай экологиялық білім беру үш сатыда өтеді:
— алғашқы саты - мектепке дейінгі және бастауыш мектеп;
– екінші саты - орта мектеп және колледж;
– жоғары саты - жоғары оқу орындары.
Алғашқы саты мектепке дейінгі және бастауыш мектепті қамтиды. Мұнда
қоршаған ортамен танысу адам мен табиғаттың бірлігі, өз үйінде, аулада,
сыныпта, жануарлар және өсімдіктерге қамқорлық, салауатты өмір салтының
негіздері қалыптасады.
Бұл сатыдағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары — экологиялық
мазмұнға құрылған танымдық негіздегі дамытушы ойындар.
Екінші саты — жалпы және арнайы білім беретін орта мектептерде және
бастапқы экологиялық білім беретін орта мектептерде жүзсгс асады. Мұнда
бастапқы экологиялық білім беріледі, ол стандартты әдістер мен стандартты
мәселелерді шешуге және табиғатқа әсср еу кезінде нақтылы алгоритмі бар
қарапайым модельдерді пайдалану білігіне негіз болады.
Оқыту элементтерін, компьютерлік моделдеуді қолдану арқылы жүзеге
асырылады. Жаңа оқу пәндерін енгізу қолданыстағы оқу жоспарлары мен
бағдарламаларды қайта қарап, қысқартулар жасауды қажет етеді.
Жоғары саты кіріктіру принциптері мен пәнаралық байланыстарға
негізделеді және іргелі ғылыми білімге сүйенеді. Бұл сатыда жекелеп оқыту,
икемді оқу жоспарлары және арнайы бағдарламалары мен оқыту қолданылады.
Экологиялық білім берудіғ жоғары сатысы тұрғысынан жоғары оқу орындары
бес категорияға бөлінеді:
1. Бітірушілерінің қызметі табиғи ортаға тікелей әсер етуімен
байланысты емес жоғары оқу орындары (гуманитарлық саланың мамандары, өнер
қайраткерлері, т.б). Бұларға экологиялық сауаттылық беріледі.
2. Көп салалы мамандар, солардың ішінде мұғалімдер даярлайтын
университеттер. Бұлар оқушыларға табиғат қорғау жөнінде білім беретіндей
әзірлік алады.
3. Бітірушілерінің қызметі табиғи ортаға немесе адам денсаулығына
тікелей әсер ететін жоғары оқу орындары (технологгар, жобалаушылар,
жоспарлаушылар, құрылысшылар, тау-кен инженерлері, агрономдар, орманшылар,
дәрігерлер және, т.б)
4. Ғылыми және практикалық мекемелер үшін экологиядан, табиғат
қорғаудан және табиғатты тиімді пайдаланудан мамандар даярлайтын оқу
орындары.
5. Жоғары білімді адамдардан айналадағы ортаны қорғайтын мамандар
даярлайтын жоғары оқу орындары.
Жоғары мектеп өзінің кәсіби қызметінің әлеуметтік экономикалық, саяси,
адами және есепке алатын мамандар даярлауы қажет. Сонымен бірге жоғары
білімді мамандар алуан түрлі құралдарды пайдаланып, биік адамгершілік,
елжандылық мемлекетаралық экологиялық саясатты жүргізе алатындай болуы
керек.

Университеттерде білім беру
Жасалатын бағдарламалардың төрт басты бөліктері болуы мүмкін:
-іргелі пәндер;
-пәнаралық байланысты қамтамасыз ететін тақырыптарды біріктіру;
-Проблеманың көкейкестілігі;
-практикалық іс-әрекеттер (экологиялық сенбіліктер, т.б.).
Республика деңгейіндегі шараларға ("Орман күні", "Құстар күні"), жеке
проблемалар бойынша экологиялық семинарларға ("Су тазалығы", "Ауа
тазалығы", т.б.) қатысу, бұлардың бәрін патриоттық тәрбие беру тұрғысынан
жүзеге асыру.

Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне экологиялық білім беру
Бұл сұраныстарды өтеу үшін елімізде және оның аймақгарында әр түрлі
мамандықтар даярлайтын техникалық техникумдар және жоғары оқу орындары
ашылған. Оларда шаруашылықтың әр түрлі саласына даярланатын мамандардың
әдіснамалық негізі ғана біркелкі болуы мүмкін. Ол окытылатын пәндердің
максаттары мен міндсттерінде көрініс табады. Техникумдарда және техникалық
жоғары оқу орындарында өтілетін барлық пәндердің мақсаты табиғи ресурстарды
неғұрлым көбірек мөлшерде шығару арқылы адамның және қоғамның қажеттілігін
өтеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес табиғат байлығын игерудің аса кең
көлемді, кейде жыртқыштыққа әкелетін шаралары белгіленеді, олардың
нәтижесінде орын алатын әлеуметтік-экологиялық апаттың салдары
ескерілмейді. Сондықтан экология және табиғат қорғау пәндері болашақ
инженерлерін табиғатқа деген байсалды, аяулы қарым-қатынасын қалыптастырып,
табиғат байлықтарын оңтайлы пайдаланатындай білім мен дағдылар қажет.
Ауылшаруашылығы жоғары оқу орындарында студенттерге экологиялық білім
беру
Аталып өткен жоғары оқу орындары мен университеттерді бітіретін жас
мамандарға қоршаған орта туралы берілетін білім мен практиікалық дағдылар
және жалпы талаптардан басқа ауыл шаруашылығы мамандары үшін арнайы білім
мен дағдылар берілді. Мұндай басты тенденция ауыл шаруашылығының қазіргі
күйімен деңгейі және өркендеу қарқынымен байланысты оның үстіне ауыл жәнс
оның ресурстарына тікелей тәуелді. Адам қазіргі техникалар жәрдемімен
табиғи процестерге әсер етіп, табиғи заңдылықтарды бұзады, орны толмайтын
әлеуметтік-экологиялық өзгерістер тудырып, түптеп келгенде қоғамның
тіршілігін нашарлатады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі
Экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда
оның әртүрлі моделі қолданып келеді. Олар: 1) көп пәнді жүйе (мектепте
окытылатын барлық пәндер өздерінің тақырыптарына сәйкестендіріп экологиялық
білім беру); 2) Бір пәнді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Тұрақты даму
Кәсіпорынның табиғатты қорғаудағы қызметі
Рим клубының іс-әрекеті
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы мақұлданды
оршаған ортаға және тұрақты дамуға қатысты РИО - ДЕ - ЖАНЕЙРО декларациясы
Мұхиттарды қорғау
Био ластану
Организмдер сапа көрсеткіштері ретінде
«Қалаларда қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Пәндер