Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда халық шаруашылығы мен мәдениеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстан
  2. 1946 жылы 18 наурызда төртінші бесжылдыққа арналған жоспар
  3. Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту
  4. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылды
  5. Республикада төртінші бесжылдықта егіс көлемінің ұлғаюы
  6. 1946 жылы қуаңшылық болып, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті
  7. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары
  8. Бекмахановтың ісі

Әдебиеттер

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда халық шаруашылығы мен мәдениеттің дамуы

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы

Бейбітшілік жағдайда бейімделіп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық-саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. 1945 жылы қазан айында Алматыда Республиканың 25 жылдығына арналған Қазақстан Жоғарғы Кңесінің мерекелік сессиясы болып, оған туысқан Республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың делегациялары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының озаттары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Осы мерекеге орай 5304 адам ордендномен және медальдармен наградталды.

1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастауға үлкен мән берілді.

Республикамызда ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғылардың кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртірші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2, 2 есеге арту көзделді. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2, 3 есе, оның ішінде көмір шығару 2, 5, мұнай-1, 5, газ- 1, 9, электр қуатын өндіру-4, 1 есе артты.

Соғыстан кейінгі кезеңдек ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 миллион сом ақша, 540 мың гетар жер қайтарылды. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірлендіру шаралары іске асырылып, республикада соғыстан дейінгі 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.

Ауыл шаруашылығының материалдық- техникалық базасы нығайтылды. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп щабатын және басқа машиналар істнді. Бұлардың басым көпшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 1 адамға көбейді, 1947 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталықтары элетрленді. Селолық электор станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2, 8 есе өсті.

Республикада төртінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектрдан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылғы астықтын жалпы түсімі 47 654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 пайыз асып түсті.

1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС - тардағы техника ескірген еңбек өнімділігі төмен еді, ауыл шаруашылығының әртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың меншігі талан-таржанға түсті. Колхозшыларғат еңбек күнге өнім бөлінбеді. Олардың еңбекке ынталығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл- әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуге тыйым салды.

Еңбек ақы төлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда астықтың тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды.

Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке шаруащылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді. Ауыл - селодағы мұндай ауыр жағдайды өзгерту мәселесіне 50- жылдардың орта шеніне дейін бөлінген жоқ. Сайып келгенде, өнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге көтеру ауыл - селоны қанау есебінен іске асты.

Халық шаруашылығынын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары щығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты », Ә. Нұрпейісовтың «Курлияндасы» сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік қасиеті жеңіс жолындағы күресте көрсеткен ерлігі баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған С. Мұқановтың «Сырдария» Мұстафиннің «Миллионер» сияқты туындыларында жұмысшылардың, колхозшы шаруашылықтардың өмірі көрсетілді. Осы жылдарда М. Әуэзовтың « АБАЙ ЖОЛЫ » С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановтың » сияқты көптеген тарихи шығармалары жарық көрді.

«Абай» қойылымы үшін Қазақ академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.

Музыка мәдениеті өрлеу жолына шықты. М . Төлебаевтың «БІРЖАН - САРА», А . Жұбанов пен Л . Хамидидің « АБАЙ» опералоры сол жылдарда дүниеге келді. « БІРЖАН - САРА» операсына КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді.

1946 жылы республикасында ғылым академиясы құрылып, оның президентігіне көрнекті ғалым, академик Қ . И . Сәтбаев сайланды. Осы жылдары АҚТӨБЕ, ГУРЬЕВ, ҚАРАҒАНДЫ, ҚОСТАНАЙ, ПЕТРОПАВЛ, ШЫМКЕНТ екі жылдық мұғалімдер институттары жоғары білім беретін педагогикалық институттар болып қайта құрылды.

Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы ЗАҢ одан әрі жүзеге асырылды.

1952 жылдың аяғына Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы оқу орны жұмыс істейді, бұларда 1, 5 миллион адам оқыды. Алайда, мектептердің материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың көпшілігінің ғимараты болмады, сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін жөндеуге, халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлке көмек көрсетілді. Сонымен бірге олар клуб, кітапханаларға да жәрмендесті. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап, радиоқабылдағыш, т. б мәдени құралдары жинап берді.

Алайда бұл кезде Қазақстан мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғасырдың 50-ші жылдардың басында өзінің шырқауына жеткен тотолитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. әсіресе орталық комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы 1946 жылы 14 тамыз қаулысы басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 жылғы наурызда өткен пленумы төменгі партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК б П Орталық Комитетінің идеололгиялық мәселелер жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Тарихшы Е. Бекмахановтың ісі
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 - 1980 жж. )
Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1990ж.)
Ежелгі адамдар, олардың дамуы, археология
Қазақстан — лагерьлер өлкесі
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Қазақ КСР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz