Телебағдарламаларды насихаттау үшін баспа сөздің қызметі


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі нарықтың заманында ақпараттар тасқыны толастар емес. Осыған орай елімізде «Ақпаратты дамыту» стратегиясы жолға қойылған. БАҚ -дың ішінде теледидардың ақпарат таратуда өз орны бар ерекше телебағдарламарал мен жаңалықтар аясында барша елге ғылым, білім және қоғам туралы ақпарат беруде. Көзі ашық көкірегі ояу азаматтар телебағдарлама арқылы өзіне керегін алып, тіпті, көбісі-күнделікті жағңалықтарды қойын дәртеріне ия болмаса аудиотаспаларға жазып алатын болған. Яғни телебағдамамалар азаматтардың тұрмыс тіршілігіне орай ыңғайластырып жасалады. Қоғамдағы қозғалысты, өзгерісті не болмаса қажеттілікті қалт жібермеуді тырысады. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, әділет пен алдында күреседі. Теле бағдарламаның туындауына осындай елеулі ереншілікпен маңызды проблемалар себеп болады. Диплом жұмысында өзекті етіп отырған мәселе телебағдарламалардың насихаттаудағы газет қосымшасының рөлі мен маңызы болмақ. Алтыннан қымбат ақбаратты халыққа ұсыну жолында қызмет етіп келе жатқан «Бармысың бауырым» бағдарламасын Республикалық «Айқын » газетіндегі нұсқасы жайлы тілге тиек ете отырып, ыстық алақанмен мейрімділікке зәру жандардың жоғын іздеп, жанына желеу болып, үміт отын жақтырып жүрген үлкен жанашырлығын сөз етеміз. Жалған өмірдің тылсым сырларын жүрекке түйіп жанымен тәні отқа қақталған жандардың жүрек түр сыры мен қатқыл үніне құлақ түретін, қиналғандарға қол үшін беретін қайрымды жандардың барына шүкіршілік.

Елбасының Жолдауына сәйкес жүзеге асырылып жатқан теле жобалар халықтың сұранысынг қанағаттандырады. Жаралы жанына желеу болып өмірге деген сүйіспеншілігі мен кәусәр махаббатын оятатын тележобалар көп -ақ. Мысалы «Бармысың бауырым», «Аялы алақан» т. б. бағдар ламалар нағыз өмірдің айнасына қарағандай сезім беретіні сөзсіз. Аянышты адамзат тағдырының азабы мен ар азабын көруге болады. Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған екі айрылып, іс суытып алған жандарды табыстырып, шексіз алғысқа бөленіп жүр. Бір немесе бірнеше адамдарды ғана емес, бүкіл алыс жақын елдердің халықтарының ризашылығын алған бұл телебағдарламалардың насихатталуы жағынан қай деңгейде? Телебағдарлама қалай және қаншалықты таратылуда? Осында келелді мәселелерді алға тартып отырмыз. Ең басты өзектілігі- телебағдарламалардың насихатталуына газет қосымшасының рөлі. Бұл газет қосымшасы неліктен телебағдарламаларды насихаттап жатыр? Осы сауалға тереңірек тоқталып, жіті зерделеп қарастырамыз. Газет қосымшасында телебағдарламалардың нұсқасының болуының себебінеде екенін айтып өтеміз «Айқын » газеті «Бармысың бауырым» бағдарламасының газет нұсқасына шығарудағы мақсатын ашамын.

Газетпен телевидение арасын жақындататын, байланысын арттыратын осындай игі істер екеі сөзсіз. «Хабар» агенттігі мен «Айқын» газеті берлесе отырып жасаған бұл газет қосымшасының қоғам алдындағы рөлі жайлы әңгіме ұзағынан айтылады. «Айқын» газетінің бұл телевизиялық қосымшаны шығару барысындағы алға қойған мақсаты қақындада сөз етіледі.

Зерттеу нысаны: Осы диплом жұмысында зерттелетін нысан «Айқын» газетінің «Дидар тв » қосымша газеті болып табылады. «Дидар тв » қосымшасының қоғамға тигізер әсерінен пайдалы жақтары дәріптеледі. Осы қосымша арқылы телебағдарламалардың насихатталуын себебін ашамыз яғни, телебағдарламалардың кеңінен насхатталуына газет қосымшасының рөлімен маңызын зерттеу үшін «Айқын» газетінің қоысшасын мысалға ала отырып зерттеуге күш саламыз.

Ең негізгі зерттеу нысаны - «телебағдарламалардың насихаттаудағы газет қосымшасының рөлі болып келеді» . Осы объектіні зерделеп зерттеу үшін жергілікті, облыстық Республикалық газет журналдардың қосымшаларын алып, оларды өзара салыстырамыз. Әр қосымшаның бағытымен принциптері, ерекшеліктері ашылады. Динлом жұмысының зерттеу нысаны осы қосымша арқылы айқындалады. «Айқынның », «Дидар тв » қосымшасының төңірегінде ғана қарастылылып қоймайды. Түрлі қосымшаларды социолгиялық зерттеудер арқылы қарастырып, оларға жеке сызба - нұсқа жасалады.

Зерттеу жұмысының мақсатымен міндеттері. Зерттеп отырған жұмыстың мақсаты мен міндеттері - телебағдарламаларды насихаттау үшін баспа сөздің қызметі. Баспа сөздің оқырмандарына телебағдарламаларды таныстыруға бағытталға бағдарды анықтау. Баспа сөз арқылы оқырман қауымға телебағдарды оқытудың қаншалықты маңызды екендігін, насихаттаудың қандай дәрежеде керектігін түсіндіруге тырысамыз.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеліп жатқан жұмысты социологиялық, әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, телебағдарламаларды насхаттайтын газет қосымшаларына мониторинг жасаймын. Сызба-нұсқаларды кеңнен пайдалана отырып салыстырмалы зертеуді пайдаланамын. БАҚ -дағы ақпарат көздеріне өз көз қарасымды білдіре отырып, зерттеліп жатқан объектіні бейнесі жасалады. «Дидар тв » газат қосымшасының телебағдарламаларды насихаттаудағы рөлін ашу үшін осы газеттің редакторымен атақты қоғам қайраткерлерінің және тележұлдыздармен сұхпат түрінде әңгімелесу пайдаланылады. Яғни осы қосымшаға халық қалаулыларының көз қарасы оның қиығымен қарауға болады. Газет қосымшаларында көтерілген қоғамдық проблемаларға баға бере отырып, оларда жіберілген қателіктермен кемшіл тұстары зерделенеді. Зерттеліп жатқан объектінің өтімді тұстарын ашып, жаңашыл көз қараста қарап игеру әдістемелеріне көз жүгіртеміз. «газет қосымшалары қалай басталады, қалай беттеледі және шығарылады?» Осы жағыда айтылады. Бүгінгі таңға деиін санымен тираж жайлы толық ақпарат беріледі. Осы ақпараттардың көмегімен газет қосымшасына деген халық сұранысын анықтауға болады. Яки экономика тұрғысынана алғанда кіріс-шығыстың көрсеткіші, табыстық пайызы т. б. есептелінеді.

Зерттеудің дерек көздері. Телебағдарламаларды насихаттауда газет қосымшасының рөлін зерттеу жұмысында теледидарға қатысты кітап -оқулықтарда оқи отырып, зерттеуге керекті кітаптар алынды «Көгілдір экран құпиясы» (Қ. Тұрсынов), Барманқұлотың «Телевидение власть и деньги» кітаптары менің диплом жұмысымның идеясын қалыптыруға негіз болды. «Айқын » республикалық газетінің шығу тарихы жайлы деректер, ең алғашқы санынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі саны жинақталған газет тігіндісінен «теледидар, әлемдік аренадағы телетуындылар мен тележобаларға қатысты мақалалар алынды » Әлем телевидинесінің актуалді проблемаларын көтеретін көлемді мақаладан өзімізге керекті фактілерді алдық.

«Айқын» және «Лидер»газеттерімен «Хабар агенттігімен бірлесіп жасаған жобаларының құдатымен таныса отырып, негізгі мақсатын анықтадым. Осы құжатта айтылған талаптардың іс жүзінде атқарылып жапқан миханизм бақыладым. «Айқын» газетінде өндірістік тәжірибеде алынған әсерімді пайдалана білдім. «Айқын» газетіндегі жүзі жарқын, жұлдызы биік журналистерден алған журналистік этика мен мол тәжірибиенің септігі тиді деп ойлаймын. Себебі, мен біріншіден фактінің нақтыәрі шыншыл етіп алуды үйренген болатынмын. Осы өндірістік - тәжірибиеде жинақтаған «Айқын» газетіне қатысты материалдарды мейлінше қолдандым. Диплом жұмысының тақрыбын «Айқын» газетіне байланысты алуыма себеп болған осы өндірістік тәжірибиедегі алған әсерім еді. Диплом жұмысына тек кітап, газет тілігінділері ғана емес, социологиялық зерттеу институттарының берген мәліметтері, әлеуметтік зерттеу орталықтарының мәліменттері, БАҚ -ның ақпарапттары, және интернет сайттарындағы маңызды жаңалықтарда кіріктірілді. Интернеттегі БАҚ-тан жаңалықтарынан алған мәліметтер пайдаланылды.

Жұмыстың теориялық маңызымен практикалық мәні. Зерттеу жұмысы теориялық маңызды жағынана өте күрделі емес, адамға тартымды.

Зерттеудің негізгі тұжырымдары.

  • газет бетінде еліміздің өзекті проблемалары көрініс тапқан.
  • Телевизия саласына қатысты түрлі тақырыптар газет материалдарының өзіндік өткір тілімен айшықты етеп жазылуы.
  • БАҚ -ның ақпараттарату кеңістігінде «Айқын», «Лидер» және «телевизиялық» «Дидар» қосымшасының қосқан үлесі.

Зерттеудің құралымы: Диплом жұмысы - тақырыптан, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының тақырыбы: «Айқын» газетінің телевизиялық«Дидар тв » қосымшасы деп аталады

I тарау

«Айқын» газетіндегі «Дидар » қосымшасының рөлі

Көгілдір экраннан беріліп жатқан көптеген бағдарламалардың газеттік нұсқасы бар. Мысалыға алар болсақ «Хабар» телеарнасының «Бармысың бауырым» бағдарламасының «Айқын» республикалық газетіндегі «Дидар» қосымшасындағы нұсқасы. «Жди меня» бағдарламасының «Литер» газетіндегі нұсқасы т. б.

Қазіргі кезде телебағдарламалар ғана емес, тележарнамалар, телесұхбаттар, теле интервюлер халыққа кеңінен таралу үшін газет бетіне жарияланып жүр. Өзіміздің Түркістан қаласындағы «Тұран-Түркістан» телеарнасындағы жарнамадан бастап сұхбатқа дейін «Тұран жарнама» газетінде жарияланады емес пе?

«Дидар TV» газет қосымшасының редакторы Мақсат Әділханов Телебағдарламалардың нұсқасын жасап, олардың кеңірек насихатталуын мақсат етіп отыр. «Бармысың бауырым» бағдарламасын жақынын жоғалтқан жандар үзбей көретіні шындық. Сондықтан осы бағдарламаның газет нұсқасында халық таласып оқитыны белгілі. «Бармысың бауырым» газеттік нұсқасын құрылымы - тақырыпта, алғы сөзден, мәтіннен, суреттерден тұрады. Соңында P. S. -пен редакцияның мекен-жайы берілген.

«Айқын» газеті мен «Литер» газетінің шығармашылық ұжымы қашанда озық телебағдарламаны насихаттап келеді. Сондықтан болар халық осы ұжымның шығармашылығына тәнті болуда.

Елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауға БАҚ арқылы қосқан үлкен үлесін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі қоғамдық қосымшаның ұсынысы жасалған болатын. Осы комиссияның ұсынғаны бойынша Қазақстан Республикасының сыйлықтарын «Айқын» және «Литер» күнделікті қоғамдық-саяси газеттерінін шығармашылық ұжымына берілді. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде белді орынға ие болған Республикалық күнделікті басылымның жаңа фарматын құрғандарды құр алақан қалдырмады. Шаштайұлы Жұмабайға «Қазақстан» телеарнасының авторы әрі жүргізушісі, қазақ зиялы өкілдерінің тұтастай қатарының өмірі мен қызметі туралы тарихи шындықты жаңғыртуға бағытталған публицистикалық бағдарламалар циклі үшін Қ. Р. Президентінің арнаулы сыйлығы берілді. Сондай-ақ «Казакстанская правда» республикалық газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Добрата Любовь Дмитриевнаға, өңірде жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформалар барысын кеңінен жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының грантына ие болды. Саухат Жұмагүл Берденқызының «Астана» журналының бас редакторы бола отырып, Астананың жағымды бейнесін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Қ. Р. Президентінің гранты берілді. Осы тектес Төлепберген Мейрамбекке «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы, мемлекеттік пен азаматтық қоғам институттарының даму мәселелеріне арналған публицистикалық материалдар циклі үшін. [1] .

«Надежда» өңірлік қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына (Батыс Қазақстан облысы) Жеңістің 60 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктеріне арналған мақалалар циклі үшін, Қ. Р. гранты тағайындалған [2] .

Неліктен Президент сыйлығын «Айқын» және «Литер» газеттері ұжымына бұйырды? Осы сұраққа төмендегідей жауап қайыруды жөн санадық.

Ақпарат алтыннан да бағалы болып келетіні сөзсіз шындық. Нарық заманында әділ де, әбжіл ақпаратты алдымен жеткізген БАҚ-тың абыройы асқақ. Олай болса, «Жаңалықты бірінші біліңіз!» Осындай ұстанымды ұстанған «Айқын» мен «Литер» нарыққа төтеп бермек. Мақсаты - қысқа әрі нұсқа, әділ де, әбжіл ақпарат тарату. Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтің маусымның 29 күнгі өкімімен «Айқын» және «Литер» газеттері «Қазақстан ақпараттық кеңістігінде белді орынға ие күнделікті басылымның жаңа фарматын құрғандары үшін бұқаралық ақпарат құралдары арасында Президент сыйлығына ие болды». [3]

Демек осыған қарап отырып, «Айқын» газетінің ақпарат таратуда жаңа фарматы бар екеніне көз жеткізу қиын емес. «Дидар» газет қосымшасы арқылы атқарылатын фарматты жоғары бағалауының сыры тереңде жатыр. «Дидар» қосымшасы арқылы төңіректегі ғана проблемалар көтеріліп қана қоймайды. Әлем теледидарының актуалдық мәселелерімен маңызды оқиғалар айтылады. «Дидар» деп аталатын қосымшаның жаңа фарматы мен формасы үшін берілуінің өзі «Айқын» мен «Литерді» өзгеге ұқсамайтын өзіндік бет-бейнесімен келіп жаңашыл, тың жобаның тиімділігін іс жүзінде дәлелдей алғандығын айғақтайды. Қазақстан ақпарат кеңістігіндегі жаңа леп ретінде таңылған бұл жоба несімен ерекшеленеді?

Біріншіден, жұртқа ұсынылған ақпарат қызыл сөз, қызба ой, (эмоция), қырқай ақылгөйсуден ада.

Екіншіден, біреудің сойылын сойып, қолшоқпарына айналып, ақиқат пен ақпаратты бұрмалауда және біржақтылықтан аулақ.

Үшіншіден, ел ішінде әлемде бүгін дәл осы сәтте болып жатқан саяси, экономикалық, мәдени т. б. оқиғаларға байланысты сол күні, сол сәтте беделді, дуалы ауыз саясаткерлер мен экономистердің, білікті мамандардың пікірін жинақтап беріп, қоғамдық пікірге қозғау салып отыратын ширақ. Қоғамдық пікірді қалыптастыруға тікелей әсер ете отырып, P. R. -ді құру. Бұл дегеніміз ақпараттар ағымына шабыт бітіріп еркін сөзге бостандық беру.

Төртіншіден, биліктің немесе қожайынның басқан-тұрған ізімен тізбелеп мақала беру «ауыртпалығынан» ада, тәуелсіз әрі аптасына бес рет жиілікпен шығарылатын әбжіл газет болғандықтан, 8-12 көлемде «Айқын» мен «Литер» оқырманды баурап алатын сан түрлі қызық тақырыпты қамтумен ерекшеленеді.

Бесіншіден, және ең бастысы «Айқын» мен «Литер» ұстанымы - Айқын ақпарат тарату оқырманға біреудің немесе өзінің пікірін таңу емес.

Қазақстан ақпарат кеңістігіне өркениет өлшеміне тән өзгешелеп әкелген жаңа жобаның ерекше назарға іліккеніне қуанышымызды білдіреміз.

Ерен еңбекті ел қашан да қадір тұтып, өз бағасын берері сөзсіз. «Айқын» мен «Литердің» шығармашылық бірлесігіне тынымсыз еңбекқорлығына, өткірлігі мен батылдығына ел риза болды. Осы ұжымды мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов жеңісімен құтықтады. Бұл өткен жылдың маусым айының 29 күні болған тарихи оқиғаның бірі еді. Орал Мұхамеджанов БАҚ өкілдерінің мерекелерімен құтықтай отырып, Парламенттің заң шығару қызметін насихаттауға қосқан үлесі үшін бір қатар журналистерді мәжіліс төрағасының Алғыс хаты табыс етілді. Солардың қатарында Парламент жұмысын көтеруде әділ де шынайы әрі өткір пікірлерге құралған мақалалары мен көзге түскен «Айқын» газетінің Астанадағы меншікті тілшісі Айқан Шәріповпен және фототілшісі Советпек Мағзұмов Мәжіліс төрағасының арнайы сыйлығына ие блды. Осындай беделі асқақ, абыройы айбынды газет ұжымының шығар биігі әлі де алда екендігі айқын. [4]

Алматы қаласында «Хабар» агенттігінің бұрынғы директоры, марқұм Жанар Әбділдина еске алуға арналған жас журналистердің арасындағы «Жастар Жанары» байқауы жылдағыдай өз мәресіне жетті. Биыл шығармашылық сайысқа 40 шығарма өткізіліпті. Оларды жеке құрылған комиссия мүшелері іріктеуден өткізеді. Осы қырық шығарманың 19 қазылар алқасының қарауына ұсынылған екен. Нәтижесіне қарағанда үміті үлбіреген, теледидар мен тікелей эфир құдіретін жаны сүйетін, қыл қаламның шебері болуды аңсайтын жастар көп екені белгілі болып шыға келді. Соның ішінде бірінші орынды Алматыда ЖОО-ның студенті Анар Әлімбаева мен Айжан Омар өзара бөлісті.

Жастардың журналистика саласына деген қызығушылығы күн санап артып жатқаны белгілі. Сол себепті жас таланттың шеберлігін шыңдап, талантын ұштау орта буын ағалардың басты міндеті.

«Жастар Жанары» байқауы арқылы елге елеусіз жүрген талантты журналистердің шығармашылығын көпке көтереді. Оған бүкіл республиканың жастары атсалысады. [5]

«HIT-TV» телеарнасы екі жаңа жобаның тұсауын кесті. «Хит-продакшэн студноз» пен «Хит ивэнтс» продюсерлік орталықтары бұдан былай жас орындаушылардың талантын ашуға жағдай туғызбақшы.

Осындай қоғамда болып жатқан оқиғаларды «Айқынның» «Дидар» қосымша газеті бос жібермейді. Мәселен, «Жастар Жанары байқауының» конкурсының талаптары мен міндеттерін, тақырыбы мен мазмұнын жариялады. Яғни жастардың құлағына жетіп, осы байқауға қатысуға шақырады. Қорытынды жаңалығын көлемді мақала ретінде жариялады. Бұл дегеніңіз «Айқынның» жастар арасында шығармашылықтың шарықтауына, жігердің күшейіп, талаптың қанатына шабыт тудыруына үлкен күш салады.

«Дидар» қашанда тілге, дінге, дәстүрге жанашырлық танытып, отанға деген сүйіспеншілік сезімін білдіріп отырады. Осы жайлы көптеген мақалалар мен әңгімелер жариялады. Мысалы, «Алма-TV мемлекеттік тілге қарсы ма?» деген тақырыбында Алма-TV-ді сынға ала отырып, тілді бұрмалаушылығы мен сөйлеу мәдениетінің төмендігін ашып айтады. Жұмысын тоқтатып тастаған телеарнаның экран беліне жазылған ұзын-қысқасы екі сөйлемдегі қатені шығарып, оған үлкен грамматикалық тұрғыдан сын айтып, өзінің көз қарасын бірдіреді. Осындай тағы да «Ресей толқынындағы жалғыз қазақша бағдарламаға демеуші қажет» мақаласында айына екі рет-ақ эфирге шығатын «Туған жер» бағдарламсына қол ұшын созар жанның жоқтығын айтады. ЗаУралье өңіріндегі қазақтар тапжылмай көретін бұл бағдарлама не бәрі 17 минутта алады екен. Демеушілікке шақыратын бұл мақала Гүлмира Тасболатованың авторлығында жазылған. [6]

«Дидар» жаңалықтары мен оқиғаларды жылдам әрі тез тарататын БАҚ болып саналады. Олай дейтініміздің себеді көп. Өзі таратып жатқан ақпаратты зерттеп көру арқылы осы сұраққа жауап іздеу қиын емес. Басқа газет-журналдар секілді ақпаратты кешіктіріп, тіпті олардан соң жарияламайды. Бүгінгі жаңалықты таратады, тіпті келер күнді де болжай біледі. Мұны «Қазақстан - Меккені тамашалайды» деп сүйінші сұрай отырып, жазған мақаласынан-ақ байқауға болады. Сол секілді «Березовский телеарнаны сотқа береді», «Телемаман тіліндегі варваризмдерден қалай құтылады екенбіз?», «Халықаралық журналистика қазақ тілінде сөйлей ме?», «Құс қайтару» деген атпен әдемі бір кеш жасамақпыз, «Анимация тұңғыштары сандық жүйеге көше бастады?», «Ресей қазақтары ана тілінде хабар аңсайды?», «Ерлерге арналған телепрнаны қазақстандықтар көре алды», «Осы жылда не болады?» т. б. көптеген мақалалар жарияланған. Осыған қарап-ақ газеттік тарихқа терең мән беріп, келешекті болжай алатынына көзіміз жетеді. [7]

«Дидардың» қоғамға берер әсері мен ерекшелігі зор. «Дидар» әрі информация, әрі - эмоция. Олай дейтін себебіміз - онда журналистердің көзқарасы мен ішкі сезімі беріледі. Тақырыпты тауып әрі орынды қоя біледі. Шеберлік айқын байқалады. Өзге бақ секілді «бір сүйекті кеміріп» отырудан аулақ. Ауылдағы ағайындардың проблемасынан бастап, әлемдік проблемаларды көтереді.

«Дидар» көтерген проблемалар актуальді, маңызды әрі көлемді. «Тырнақ астынан кір іздеп, түртініктеп кетпейді». Мәселенің шешу жолдарын қарастырады. Өз пікірін халыққа ұсынады. «Дидардың» дизайны қарапайым үлгіде болғанымен түрлі-түсті етіп үйлестіруі өте сәтті шыққан.

Суреттің орналасуы орынды және анық басылып шығарылған. Тақырыбына сай суреттер алынған. Беттің әзілдеріне сай суреттер де бар. Ең ерекшелігі - коорикатураның болуында. Коорикатураға қарап түрлі ой түюге болады. Және сол коорекатура арқылы сол газеттің санындағы идеяны да аңғаруға болады. Жалпы газет коорекатурасы мен ішкі идеясы қаттасып жатады.

Жаңалыққа жаны құмар пенделер адам жанына керекті дүниелерді күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айналдыруда. Солардың бәрінен де дерлік шоқтығы биік әрі «ғасыр жаңалығы» аталған - теледидар.

Теледидар дыбыс пен көріністі алмастыра отырып, коммуникацияның мол мүмкіндігіне ие. Оқиға өтіп жатқан ортадан тікелей хабарлама бере отырып, теледидар газет пен радиоға қарағанда көрермендердің «қатысушылар әсерін»де қалыптастырады. «Жекелік қатынас әсері» телевизиялық коммуникацияны даралық қатынас түріне жақындастырады. Көрермен теледидарды бір мезгілде миллиондаған адамның көретіндігін және телеэкрандағы хабарламаның соларға қаратыла айтылатындығын сезінеді.

Жалпы коммуникация барлығында да жанама түрде болады. Ол хабарды беруші мен оны қабылдаушы арасында белгілі бір кеңістік немесе уақытша аралық бар деген сөз. Кино мен баспасөзде аралық - уақытша кеңістік. Ал, теледидар мен радиода тікелей эфир кезінде ғана аралық кеңістік сақталады. Теледидар өз көрермендерінің көз алдындағы олармен тікелей байланысқа шыға отырып, екі жақты байланыс орнатады. Қабылдаудың осындай түрі телекоммуникацияда диалогтық байланыс, ол өз кезегінде көрерменнің сенім және оған қатысу мүмкіндігін туындатады.

«Өлең бе, драма ма, картина ма, ән бе, симфония ма, бәрібір, - дейді Л. Толстой, - әйтеуір нағыз көркем шығарманың мән-мағынасына зиян келтірмей небір шумағын, небір көрінісін, небір фигурасын небір тактісін өз орнынан алып, басқа жерге қоюға болмайды». [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазір ақпарат ғасыры
Республикалық телеарналар және олардағы авторлық телебағдарламалар әлеуеті
Авторлық телебaғдaрлaмaлaрдың жaсaлу технологиясы
Қазақ радиосына еңбегі сіңген қайраткер
Қазіргі қазақ аулының мәдени өмірі
Жарнама туралы
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қоғамдық пікірдің маңыздылығы жайында пікірлер
Менің түсінігімдегі патриотизм
Саяси манипуляция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz