Этнопедагогика материалдары негізінде қиын балаларды тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І- Бөлім

Қиын балаларды қайта тәрбиелеудің ғылыми - педагогикалық негіздері.

  1. Қиын баланы қайта тәрбиелеу - өзекті педагогикалық проблема.
  2. Мектептерде қиын балаларды қайта тәрбиелеу жүйесі.

ІІ - Бөлім

Этнопедагогика материалдары негізінде қиын балаларды қайта тәрбиелеу технологиясы.

2. 1. Қазақ фольклоры арқылы қиын балаларды қайта тәрбиелеу әдістемесі.

2. 2. Тәжірибелік педагогикалық жұмыстарды қорыту, ғылыми-әдістемелдік ұсыныстар берілді.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

ХХІ ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен байланысы күрделене түсті.

Мұны бір жағынан, мәдениеттің ғаламдануы мен кірігуінен, екінші жағынан, рухани жұтаңданудың үдеуінен деп түсінуге болады. Сондықтан қазіргі білім беруде жеке тұлғаны адамгершілік-рухани жағынан қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі ретінде саналады. Бұл міндеттің нәтижелі жүзеге асуының бір жолы «қиын балалар» деп аталатын оқушылар мен жұмыс істеудің тиімді формаларын, педагогикалық көмек беру, оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмау шараларын қолға алу болып табылыды.

Нарықтық қатынас кезінде азаматқа ортақ құндылықтар мен тәрбие теориясына, оза тәжірибиелерге сүйеніп, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып қиын оқушыларды қоғам алдындағы өзіндік дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, ұлттық сана сезімі оянған, биік парасатты, ар-ожданы мол азамат етіп тәрбиелеу өмір талабы бролып отыр.

Адамгершілік тәрбиелеу мәселесі қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарынан тыс қалмағандығы белгілі. Классикалық педагогиканың өкілдері Я:А. Коменский, К. Д. Ушинский, Н. К Крупская, С. Т. Шацкий, А. С Макаренконың еңбектерінің негізгі өзегі адамгершілігі мол саналы азаматты тәрбиелеу болып табылады. Қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, т. б. өздерінің саяси-қоғамдық ғылыми және әдеби еңбектерінде балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлер айтып ғылыми құндылығы жоғары мұралар қалдырған.

Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелері қарастырылған. Н. Д. Хмель, А. Қ Рысбаеваның зерттеулерінде «табысты іс-әрекет» педагогиканың категориясы ретінде дәлелдеген. «Табысты іс-әрекеттің» педагогиканың негізгі «Тәрбиелеу», «білім беру», «оқыту», «педагогикалық процесс» және «әлеуметтендіру» категорияларымен өзара байланысты екендігі айқындалған.
Этнопедагогиканың әдіснамалық -теориялық негіздерін айқындау бойынша көрнекті ғалымдар Г. Н. Волков, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаев, Ж. Ж Наурызбай, К. Ж. Қожақметова, Ш. Т. таубаева, М. Х. Балтабаев, Ш. Б. Құлманова, Қ. Б. Бөлеев, С. Ғаббасов, Қ. Қ. Шалғынбаева, т. б. зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, этнопедагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі ролі, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен олардың пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтық педагогика арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру мәселелері Р. К. Төлеубекова, Ж. Б. Сәдірмекова, А. Е. Дайрабаева, Р. Ә. Сқақова, Ұ. Т. Төлешова, және т. б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, тың нәтижелер алынғандығы белгілі.

Қиын оқушылар мәселесі де педагогикалық проблема ретінде Г. А. Уманов, Ә. Ж. Жұмабаев, В. В. Трифонов, Л. К. Керімов, Ж. Ж. Ысқаков, К. Бегалиев және т. б. ғалымдардың еңбектерінің арқауы бола отырып, әр қырынан зерттелді.

  • қиын оқушылардың пайда болу себептері, оларға тән ерекшеліктер;
  • қиын оқушылар мен жұмыс жүргізу жүйесі;
  • болашақ мұғалімдерді қиын оқушылар мен жұмыс жүргізуге даярлау:
  • қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу.
  • дене тәрбиесі және спорт арқылы қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары және т. б.

Дегенмен, жоғырыда айтылған еңбектерді теориялық тұрғыдан талдау зерттеліп отырған проблеманың ғылыми әдіснамалық тұрғыда әліде болса шешімін таппай отырғандығын дәлелдейді.

Зерттеудің көкей кестілігі: Қиын оқушыларды адамгершіліке тәрбиелеуде ғасырлар бойы жинақталып, бүгінгі күнге жеткен халқымыздың бала тәрбиелеудегі озық тәжірибесі, яғни этнопедагогикалық құралдар ерекше мәнге ие болады. Бұл құралдар арқылы қиын оқушылардың бойында халқымыздың қастер тұтып келген ар -намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу қажеттілігі зерттеу тақырыбының көйкестілігін дәлелдейді. Қиын оқушыларды тәрбие беруде этнопедагогика құралдардың мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие үрдісінде толығы мен пайдананылмауы арасындаға және қиын оқушалардың этнопедагогика құралдары арқылы тәрбиелеудің қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теориямен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалды. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы тәрбиелеуді жүйелеу зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Этнопедагогика материалдары негізінде қиын баларды тәрбиелеу» деп алуға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: э тнопедагогика материалдары арқылы қиын балаларға тәрбие беруді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру.

Зерттеу нысанасы: жалпы орта мектептегі педагогикалық процесс.

Зерттеу пәні: орта мектепте қиын балаларды э тнопедагогика материалдары арқылы адамгершіліке тәрбиелеудің мазмұны, әдістерімен формалары.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер орта мектепте қиын балаларды э тнопедагогика материалдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары ғылыми-практикалық тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда мұғаліммен оқушылардың іс-әрекеті табысты болады, өйткені бұл ретте адамгершілік тәрбиесі ізгілендіру идеяларына негізделген.

Зерттеудің міндеттері:

  • қиын балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтау;
  • этнопедагогика материалдары арқылы қиын балаларды тәрбиелеудің мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау;
  • қиын материалдары арқылы тәрбиелеудің моделін жасау;
  • орта мектепте қиын материалдары арқылы тәрбиелеу мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау және жүйеленген педагогикалық шарттарды іске асырудың тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу мәселесіне қатысты филосовтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім берумен тәрби мәселесіне арналған ресми құжаттар, оқу әдістемелік кешен орта мектеп мұғалімдердің іс-тәжірибесі, сонымен бірге автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері :

  • зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикасық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау;
  • сауалнамалар мен әңгімелесулер;
  • оқушылармен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын бақылау.
  • педагогикалық эксперимент, іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру оларды математикалық тұрғыда өңдеу

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • қиын материалдары арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері:
  • қиын балаларды тәрбиелеуде педагогикалық мүмкіндіктері жоғарыэтнопедагогика материалдарының мазмұны;
  • орта мектепте қиын материалдары арқылы тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын іске асыру әдістемесі мен оның тиімділігін көрсететін тәжірибе нәтижелері. Қиын балаларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі қиын балалар санының жылдан - жылғы өсіп отыруы мен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда қиын оқушыларға көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда орта сынып оқушыларының арасында да осы санатқа жататындар аз емес. Сондықтан қиын балаларды ерте жастан бастап қолға алып, олардың сапалы білімі мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет.

Қиын балаларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрибиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көз қарастарынан сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиесінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор. Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болған мәлім. Олардың құүнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр.

Қазақтың ғұламаларының ішінде Әл-Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершіліке баулу мәселесі кеңінен орын алғандай.

Әл-Фарабидің білуінше, «жақсы мінез - құлық пен ақыл күшті бұлар адамшылық қасеттер болып табылады. Егер осы екуі бірдей болып кесе, біз өз ойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез құлқымыз мақтаулы болады», - деп ескертеді. Ғұламаның бұл пікірімен ұғатымыз - адамның санасы мен

Мізен-құлқы адамгершілік сапаларын қалыптастырудың негізі болатындығы.

Ж. Баласағұни «Құтты білік» дастанында адамгершілік тәрбиесін адамның бойында кісілік, парасаттылық, имандылық, тектілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастыруымен байланыстырады. Оның «Адамшылық жаса адамға адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол» деген ой пікірлері Әл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр.

Осы ой -пікірлер қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу-білім сәулесін таратқан халқымыздың мәшһүр ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин, ұлы ғұлама А. Құнанбаев, көрнекті қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз А. Байтұрсынов, қазақ жерінде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерінің негізін қалаған М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың шығармаларынан да орын тауып кешегіні бүгінгі мен жалғастырып келе жатқан игілігі мол қазына болып отыр.

Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесі ХХ ғасырдың 20-30 жылданынан бастап, күні бүгінге дейін педагогтардың, психологтардың және заңгерлердің зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылыпкеле жатыр. Атап айтсақ:

  • балалармен жасөспірімдерлің мінез-құлқындағы ауытқушылықты болдырмаудың ұйымдастырушылық -педагогикалық және медициналық - алдын алу шарттарын жасауға арналған зерттеулер А. С Макаренко, С. Т Шацкий, Л. С Выготский, В. Н Мясищев, С. М Елеусізова және т. б.
  • қиын балалардың тәртібіндегі ауытқушылықтардың табиғатымен шығу төркінін анықтауға және олардың мінез-құлықтарына түзету енгізу мәселесіне арналған зерттеулер Т. В Драгунова, О. А матвеева, А. Г. Ковалев, А. Е Личко, С:А. Воскобойникова, В. С. Никалаева және т. б.
  • қиын балалардың және жасөспірімдердің өмір сүретін әлеуметтік ортасының жағдайына психологиялық -педагогикалық талдау жасап, оның мінез-құлыққа әсерін анықтауға арналған зерттеулер, Н. Вайзман, Н. И. Дурманов, Э. Ш. Натанзон және т. б,
  • Педагогикалық тәртібі нашар және құқық бұзған балалармен жұмыс істеудің жүйесі, оларды қайта тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздерін жасауға арналған зерттеулер. М. А. Алемаскин, В. Г. Баженов. О. С Богданова, А. Ж. Жұмабаев, Л. К. Керімов, А. Н. Кочетов, Г. А. Уманов Э. И. Шыныбекова және т. б.
  • Қиын оқушыларға адамгершілік және құқықтық -азаматтық тәрбие берудің теориялық негіздерін айқындауға арналған зерттеулер, Л. А. Байсерке, В. Г. Баженов, Ж. Ж. Искаков, В. А. Ким, А. К. Садыкова және т. б.

1. 2 Педагогика ғылымындағы қайта тәрбиелеу мәселесі .

Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру, оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмауды алдын алудың формалары мен әдістері белгіленген. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтар көрсетууі және заң тәртібін бұзуы отбасын, мектеп және жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерден демекпіз.

Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамдық орындарды тәртіп сақтау және заң нормаларын ұстау, оларды оқушылардың күнделікті әдет-дағдыларына сіңіру мемлекеттік міндет ретінде қарастырылып отыр. Бұл істі шаруашылық, әкімшілік орғандары, қоғамдық ұйымдар, мектептер мен отбасылары бірлесе атқаруы қажет.

Социология мен заң ғылымдарында, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар оқушылар, "қиын" балалар сияқты терминдік ұғымдар кездеседі.

Біріншісіне кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзатыңдар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжал шығаратын, арақ-шарап ішіп жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар жатада. Олардың мінез-құлықтарыңда, жүріс-тұрыстарыңда жалқаулық, қатыгездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әртүрлі ұрлықтар жасау т. б. қылықтар кездесіп отырады.

Ал педагогикалық тәртібі нашар балаларға тән айналасымен қарым-қатынастарыңда жоғарыда айтылғаңдай жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, бұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты қалыптаспағандар жатады.

"Киын" балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяуланған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлықында психопатиялық аппатия формалар кездесетін, кейде ашулары "қайнағанда" дәрі-дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап-тілектер қоя білетін педагогтік шеберліктер қажет.

Қиын оқушыларда қайта тәрбиелеу мәселелері жаңадан ғана
қаралып отырған проблема емес, ревалюциядан бурынғы орыс және
шетелдік педагогикалық ойлардың қайраткерлері П. Г. Бельский, А.
Богдановский, А. Я. Герд, Д. А. Дриль, Д. Р. Тальберг, А. А. Фидлер және т. б. еңбектерінде көтерілген. Осыдардың кейбіреулерінің идеялары осы күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мысалы, П. Г. Бельский және Д. А. Дриль құқық бұзушы жасөспірімді зерттеп тану, олардың психологиялық ерекшеліктерін айқындауды талап етеді. П. П. Пусторослав болса, педагогикалық тәртібі нашарланған балалардың заң құқығын бұзу дәрежесіне орай әртүрлі типті оқу-тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн көрген. Е. Альбицкий, А. Ширген, А. Герд тәрбие-еңбек колонияларында оқу процесін жандандыруды қарастырады. Н. Н. Горонович құқық бұзушы жеткіншектерді қайта тәрбиелеу процесін жақсартудағы тәрбиешінің ролін кетеруге кеңес берген.

20-30 жылдары жас құқық бұзушы және баспанасыз қалған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеудің проблемасын қолға алып, зерттеу жұмыстарда социалистік гуманизм негізінде жүргізе бастады.

Бұл мәселелермен еліміздің аса кернекті педагогтері мен психологтері Н. К. Ирупская, А. С Макаренко, - С Т. Шацкий, Л. С. Выготский, П. Н. Блонский, Л. В. Занков, В. Н. Мясищев т. б. шұғылданды. Сонымен, бұл зерттеушілер балалардың тәртіптерінің нашардау себептерін екі мағынада ұғындырады: бірінші топтағы ғалым-педагогтер, қоғамдық жағдайлар мен күнделіктегі өмірдегі тұрмыс жағдайлары негіз болады десе, екінші топтағы педагогтер, баланың психикасыңдағы табиғи ерекшеліктері мен мінез-құлқының жағымсыз факторларға бейімділігінен деп санады.

Айтылып отырған мәселе 30-50 жылдар аралықтарында обьективтік жағдайдарға байлаысты тоқтап қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын балалар мәселелерімен шұғылданұшылардың ғылыми еңбектерінде / В. А. Сухомлинский, Л. С. Славина, Г. П. Медведев, Л. М. Зюбин, Э. Г. Костяшкин, Г. А. Уманов, М. А. Невский, 8. И. Шыныбекова, В. В. Трифонов, Р. Д. Мамбатова, Л. К. Керімев т. б. /жарық көре бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны анықталған.

Біріншіден. отбасын тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себапші болған.

Екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардаң мінез-құлық ерекшеліктерің, ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу мұмкіндік берген.

Үшіншіден, жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни оқушылардың тұратын шағынаудаңдарыңда әртұрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы, бос уақыт-тарын ұтымды ұйымдастырмауы салдары да негіз болған.

Қиын балалардың пайда болу себептері .

Қоғамда кәмілетке жасы толмаған балалардың заң тәртібін бұзуы

және педагогикалық тәртіптерінің төмендеуі көп ретте кейбір обьективтік және субьективтік жағдайларға байланысты. Алайда, қоғамда адамды адам қанау мен жеке меншіктің болмауы жастарының құқықты бұзуға әлеуметтік негізі жоқ екендігін дәлелдейді.

Сонымен, қазіргі психологтері еңбектерінде қоғамда жеке адамды қалыптастыруға екі топ факторлар: макрожағдай мен микрожағдайлар себепші болады деп санайды. Макрожағдай негізінде қоғамдағы экономикалық қарым-қатынас, идеологиялық бағыт - бағдар, қоғамдық сана формалары, тіл және ұлттар қатынастары т. б. / жеке адамның қалыптасуына обьективтік мүмкіндік туғызып, жастардың адамгершілік белгілерді сақтап, құқық тәртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамауы, үлкен-кішіні силамауы сияқты қылықтар коллективте, топта, отбасын ортасында, жора-жолдастарының арасында т. б. микрожағдай ортасында ғана қалыптасады. Өйткені, баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора-жолдастары мен ата-аналарының арасында жасалынады.

Нақтылай келгеңде қиын балаларды зерттеудің қорытындысы дәлелдегендей, олардың пайда болуына бірден-бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасының тәрбиесі. Оның бастылары:

Біріншіден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу.

Екіншіден, тәрбиенің көзі -баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждығын қамтамасыз ету деп санаушылық.

Үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, оқушының жан-дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасын мүшесі болып енуі де себеп болады. Мысалы, педагогикалық тәртібі нашарлаған оқушылардың 64, 2 процентінің ата-аналары моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Ата-аналардың 43 проценті өз араларындағы қарым-қатынастарында ұрыс-талас, дау-жанжал, бірін-бірі жәбірлеу басым болып келсе, 34 проценттейі әке-шешелерінің бірі ішімдікке бейімділігі байқалынды. Отбасындағы үлкендердің 9, 3 проценті мораль нормасына жатпайтын жезөкшелік немесе қыдырымпаздықпен айналысқан. Демек, мұндай отбасындағы балалар жылылықты, сүйіспеншілікті, бірін-бірі сыйлау сияқты қасиеттерді сөзінбейтіндігі аян.

Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленісе түсетіндігі айкын. Себебі, мектепте де баланың жеке басын сыйламай, әкімшілік көрсете беру баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары "ақыл" айтумен, ұрысу, ар-ожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекеттермен сипатталынады, Мысалы, педагогикалық тәртібі нашарлаған оқушылардың, яғни арнаулы мектептерінің 88 пайызы өздері оқыған жалпы орта мектептеріне көңілдері қатты қалғаңдығын байқатады.

Ойымызды нақтылай келгенде, мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым-қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады;

I, Мораль белгілері мен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын-ала айқындай алмау.

Мұғалімдердің кейбіреулері окушының дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбиесі нормасынан ауытқу себептеріне толық көңіл аудармаған. Мектеп басшылары, класс жетекшілері мен басқа да педагогикалық коллективтің мүшелері тәрбие жұмыстарын жоспарлы қадағаламаған. Педагогикалық коллектив мүшелері арасындағы қарым-қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос уақыттарын нәтижелі ұйымдастырмаудан деп санаймыз.

  1. Қиын окушылармен тіл таба алмай, яғни жеке падағогикалық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдерді: ұрсу, әрбір "қылықтарын" талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай бір жөнсіз" "әрекеттер" болсын оны сол балаға жабу, кемсіту т. б. қолданған. Дұрыс қолданылмаған шара жас өспірімнің ыза-кегін туғызып, қарсылық көрсетеді.
  2. Кейбір педагогтердің касіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде методикалық шеберліктер дәрежесі төмен болуы себеп болған. Олар қиын балалардың денсаулық күйлерінен хабардар болмаған. Себебі, көптеген педагогтер жұқпалы аурулардың түрлерін, олардың барысын білмейтіндігі анықталды. Ал, сәл мертігу, жарақаттану жағдайында өздігінен алғашқы жәрдем көрсете алмайтын мұғалімдерде баршылық.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын баланы қайта тәрбиелеу - өзекті педагогикалық проблема
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Этнопедагогика материалдары негізінде мектепалды балаларының шығармашылық әрекетін қалыптастыру
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Педагогикалық қараусыз балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz